Қаржылық ресурстар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Елдің ұзақ мерзімді стратегиясы Қазақстанның әлемдік экономикадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған. Бұл үшін қажетті нақты ұйғарымдар бар: Қазақстан табиғи ресурстардың мол қоры мен ғылыми - техникалық жетістіктерге ие.

Жуық дамудағы республиканың экономикалық - әлеуметтік дамуының басты мәселесі болып ғылым жетістіктері мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану негізінде экономиканың барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету /1, 11б. /.

Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет болып қалыптасуы және дамуы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің болуы ел экономикасының негізі болып табылатын салалардың дамуымен байланысты. Бұларға алдымен мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші салалар жатады.

«Қазақстан - 2030» даму стратегиясында басты назар өнеркәсіптің мұнай- газ саласына аударылды. Жанар-жағар май энергетика ресурстарын тиімді пайдалану тұрақты экономика өсіміне және халық өмірін жақсартуға себеп болуы оның ұзақ мерзімді мүмкіндіктерін анықтайды /1, 27б. /.

Қазақстан экономикасының қайта қалыптасуы, оның жоғарылуына және тұрақты дамуына жағдайлар жасау ірі корпорациялар қызметіне байланысты. Корпоративтік бірігулер Қазақстанның өнеркәсіп саясатының негізгі бастауышылары және экономиканың стратегиялық бағыттарына жетуіне әсер етуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында келесідей маңызды мәселелерді атап өтті:

«Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті. Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл - рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар» /1/.

Жолдауда көрсетілгендей, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия салаларын дамыту ең алдымен сол нарыққа қатысушылардың басты міндеттері болып табылады. Кәсіпорынның қызметін тиімді жүргізіп, аталған бағыттарда жетістіктерге қол жеткізуі шаруашылық және қаржылық қызметінің жоғары деңгейде жүргізілуінде. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды тиімді пайдалану, ұйымның алға қойған мақсаттары мен бәсекелестік нарықта үлкен жетістіктерге жетуінің бірден бір себебі. Дипломдық жұмыс тақырыбы осындай мәселелерді шешуге бағытталған.

Дипломдық жұмыс тақырыбы - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптасу көздерін анықтауға, олардың бөліну механизмі мен пайдаланылуын қарастыруға, талдау барысында анықталған мәселелерді шешу бойынша тиімді қолдануды жетілдіру жолдарын ұсынуға негізделген.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелер мен кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындар жүргізуге арналған сыртқы түсімдер мен кірістер түріндегі ақша қаражаттарының бір бөлігі. Қаржы ресурстарының қалыптасуы мен қолданылуы екі деңгейде жүргізіледі: бүкіл ел масштабында және әрбір кәсіпорында. Ел масштабындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздерінің құрылымы мен көлемі халық шаруашылығы өндірісінің кеңейтілген мүмкіндіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, мемлекет бюджеті кірістерінің өсімін анықтайды. Қаржылық ресурстар көлемін ұлғайту аймақтық және жергілікті басқарушы органдары қаржылық саясатының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде қалыптасатын қаржылық ресурстар көлемімен қажетті капиталдық салымдар жүргізу, айналым құралдарын ұлғайту, барлық қаржылық міндеттемелерді орындау ұйым ұжымының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері анықталады. Қаржы ресурстары көлемінің төмендеуі бүкіл мемлекет дамуына жағымсыз әсер етеді, тұтыну қорының төмендеуіне, инвестициялардың азаюына әкеледі /3, 44б. /.

Дипломдық жұмыс мақсаты - «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ қызметіне жүргізілген кешенді және жүйелік талдау негізінде қаржылық ресуртардың қалыптасуы мен тиімді қолдануы бойынша ғылыми - тәжірибелік ұсыныстар жасақтау. Сонымен қатар, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ қаржылық жағдайын талдай келе, қаржылық қызметтің кемшіліктері мен оларды жақсарту жолдарын анықтап, ұсыныстар енгізу.

Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  • қаржылық ресурстардың мәні мен құрылымын, олардың қолданылуын анықтау;
  • нақты кәсіпорын мысалында қаржылық ресурстардың қозғалысы мен айналымдылық деңгейін көрсету;
  • Қазақстан нарығында қызмет атқарушы компания негізінде қаржылық талдау жүргізу;
  • қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі әдістерін анықтау.

Зерттеу объектісі - «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ қаржы ресурстарының пайдаланылуы мен қозғалу бағыттары.

Дипломдық жұмыс өзіне үш негізгі бөлімді, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшаларды қосады.

Бірінші бөлімде, қаржылық ресурстардың теориялық негіздері, яғни олардың мәні мен қалыптасу көзері, құрамы мен құрылымы және оларды пайдалану негіздері қарастырылған.

Екінші бөлімде, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ қаржылық жағдайына талдау жүргізу арқылы кәсіпорынның өтімділігін, тұрақтылығын және төлемқабілеттілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер анықталды. Сонымен қатар «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ баланс активіне талдау жүргізілді.

Үшінші бөлімде, анықталған мәселелер мен кемшіліктерді жою және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ, қаржылық жағдайды жақсартудың бір бағыты ретінде «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ даму стратегиясы қарастырылды.

Дипломдық жұмыс көптеген отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттері мен басылымдарына, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық есептілігі мен кәсіпорын сайтындағы мәліметтерге сүйене отырып жазылды.

  1. ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бұл бөлімде қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру көздері, құрамы мен құрылымы және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын пайдалану негіздері қарастырылған.

  1. Қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру көздері

«Қаржылық ресурстар» термині теория және тәжірибеде кең қолданылады, ол өзіне банк және өзге шоттардағы ақша қаражаттарының көлемінен бастап кәсіпорын балансының өзге көрсеткіштеріне дейінгі түрлі түсініктерді қосады.

Экономика ғылымындағы қаржы ресурстары термині түрліше түсіндіріледі. Қаржы несие сөздігінде қаржы ресурстары, мемлекеттің, кәсіпорынның шығындарын жабуға және түрлі қорлар мен резервтер құруға арналған ақша қаражаттары.

Ал, экономика энциклопедиясы қаржылық ресурстарға келесідей түсінік береді: бұл - ақша несие және бюджет жүйесі қаражаттары болып табылатын экономикалық ресурстардың негізгі бөлігі.

Қаржы ресурстары ұғымы тек шаруашылық субъект, яғни кәсіпорын деңгейінде түсіндіріледі. Осыған орай, қаржы ресурстары түсінігі астарында шаруашылық субъектінің басқаруында болатын ақшалай кірістер мен түсімдер және қаржылық міндеттемелерді орындауға арналған ақша қаражаттары түсіндіріледі.

Қаржы менеджменті қаржы жүйесінің барлық бөлімдерін қамтиды және нарық жағдайындағы басқару құрылымының басты құрылымы болып табылады. Қаржы менеджментінің негізі болып қаржы саясаты қызмет атқарады, ол қаржылық қызметтің бағытын және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталады /4, 122 бет/.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары шаруашылық субьектінің басқаруындағы және қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған ақшалай кірістер мен түсімдер болып табылады.

Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсімінің басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды - бұлар шаруашылық органдарынының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

1. Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, несие ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған тәжірбиелік тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурсатарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.

2. Егер жиынтық өнімнің (с+v+m) материалдық - заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді /5, 33б. /.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары - бұл меншікті ақшалай кірістердің және кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған тартылған қаражаттар, ағымдық қаржыландыру шығындары және өндірісті кеңейтумен байланысты шығындар жиынтығы.

Капитал - өніріске салынған, айналымнан соң кіріс әкелетін қаржылық ресуртардың бөлігі.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары шығуы бойынша меншікті (ішкі) және әр түрлі жағдайларда тартылған (сыртқы) болып бөлінеді.

  1. Меншікті қаржылық ресурстар өзіне:
  • пайда;
  • амортизациялық аударымдар;
  • өнімді өткізуден түскен табыс;
  • тұрақты пассивтер;
  • құрылысқа салынған мобильді ішкі ресурстарды қосады;

Ескере кететін болсақ, кәсіпорынның барлық пайдасы өз меншігінде, оның бөлігі салық және өзге де салықтық төлемдер түрінде бюджетке түседі. Кәсіпорынның меншігінде қалатын пайда жинақтау және тұтыну мақсатында бөлінеді. Жинақтауға жұмсалған пайда кәсіпорынның мүлкінің өсуі үшін және өндірісті дамытуға қолданылатын болса, ал тұтынуға арналған пайда әлеуметтік мәселелерді шешуге қолданылады. Кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру саясатын жасақтаудың негізгі кезеңдерін А қосымшасынан көруге болады.

Амортизациялық аударымдар - бұл материалдық емес активтер және негізгі өндірістік қорлардың тозу құнының ақшалай көрінісі.

  1. Қаржылық ресурстарды қаржыландырудың тартылған немесе сыртқы көздеріне келесілерді жатқызуға болады:
  • меншікті;
  • қарыздық;
  • бюджеттік ассигнациялау.

Осы жоғарыда көрсетілген бөлімдерді капитал салу формасы ретінде қарастыруға болады. Егер сыртқы инвесторлар ақша қаражаттарын кәсіпкерлік капитал ретінде салса, мұндай салымның нәтижесі болып тартылған меншікті қарыздық ресурстардың қалыптасуы табылады [Қосымша Ә] .

Профессор В. Н. Радионованың айтуы бойынша кәсіпорын қаржылық ресурстарының қалыптасу көздері болып келесілер табылады:

  • меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар (сондай-ақ пайда түрлері, амортизация, өнімді өткізуден түскен табыс, тұрақты пассивтер) ;
  • қаржылық нарықта қызмет атқаратын құралдар (акция, облигация, өзге де бағалы қағаздар, несиелік инвестициялардың сатылымы) ;
  • аударым нәтижесінде келіп түсетін ақша қаражаттары (сақтандыруды жабу, концерндерден, ассоциациялардан, құрылымдық бөлімшелерден түсетін түсімдер, пайлық жарналар, дивидендтер және пайыздар, бюджеттік субсидиялар) /5, 48бет/.

Қаржылық ресурстар кәсіпорынмен өндірістік және инвестициялық қарекет барысында қолданылады. Олар барлық уақытта қозғалыста болады және ақшалай формада тек қана кәсіпорынның кассасында және банктің есеп шоттарында ақша қаражаттарының қалдығы түрінде болады.

Кәсіпорынның өзінің қаржылық тұрақтылығын және нарықтық шаруашылықтағы тұрақты орнын ескере отырып, қаржылық ресурстарын қызмет түрлері және уақыт бойынша бөледі. Қаржылық ғылым қаржыны экономикалық санат ретінде қарастырып қана қоймай, оның ақша қаражаттарының бағытталған қорлары түріндегі материалдық айналысын атап көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастың сыртқы ұстанушылары ретінде қатысады. Олардың қалыптасу көздерін және сәйкесінше ұлттық шаруашылықтың қаржылық ресурстарын ұсынады /6, 74б. /.

Осыған байланысты, қаржылық ресурстар болып мемлекетпен, кәсіпорынмен, ұйыдармен, бірлестіктермен қалыптасқан ақшалай жинақтар және жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық кірісті бөлу - қайта бөлуде құрылатын қаржылық қорлар табылады.

Қаржылық ресурстарда маңызды орынды таза кіріс (пайда, қосымша құн салығы, акциздер, кедендік төлемдер, әлеуметтік қажеттілікке аударымдар түрінде) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржылық ресурстардың қаржылық қорлардан ерешеліктері:

Біріншіден, қаржылық ресурстар ақшалай қаражаттардың көздері ретінде түсіндіріледі.

Екіншіден, қаржылық ресурстар - бұл тиесілі құралдар, яғни мақсатты бағытталған ақша қаражаттары, сондай-ақ, мақсатты бағытталмаған қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігі бастапқыда қорлық сипатқа ие емес - бұл айыппұлдар, өсімақы, шаруашылық субъектілер мен олардың серіктестері арасындағы келісімнің және шаруашылық шарттардың бұзылуынан пайда болған тұрақсыздықтары.

«Қаржылық ресурстар» түсінігін екі жақты қарастырған жөн:

  • шаруашылық тәжірибесінде қаржылық ресурстар түсінігі астарында кәсіпорынның, мемлекеттің басқаруында болып табылатын жинақталған барлық ақша қаражаттарының және кірістерінің жиынтығы табылады, яғни ақшалай қорлар, несиелік ресурстар, ақша қаражаттарының резервтері. Бұл тәжірибелік түсінік. Кәсіпорынның банктік шотындағы белгіленген мерзімі көрсетілген ақша қаражаттары меншікті немесе тартылғандығына қарамастан кәсіпорынның қаржылық ресурстары болып табылады;
  • жалпы қоғамдық өнімнің (C+V+M) бағалық және материалдық заттай құрылымы тарапынан қарастыратын болсақ, қаржылық ресурстарды өзгеше түсінеміз. Қаржылық ресурстар түсінігі мемлекетте және кәсіпорында өзіне жүктелген функцияларды атқаратын жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық кірістің бір бөлігі болып табылады.

Қаржы ресурстарының қозғалысы еркін қаржылық баланста көрінеді (қаржылық ресурстар және мемлкеттік шығындар балансы) . Сондай-ақ баланста несие ресурстарының бөлігі де көрінеді.

Қаржылық ресурстар көздері болып жиынтық қоғамдық өнімнің барлық үш элементі табылады «C», «V», «M» [Қосымша Б] .

«С» элементінен: кәсіпорынның минерелды - шикізат базасын қайта жандандыруға кеткен амортизациялық аударымдары, суға төлем, өнімнің өзіндік құнына кіретін минералды шығындарға төлемдер.

«V» элементі - халықтан жиналатын мемлекеттік салық, әлеуметтік сақтандыруға және мемлекеттік қорларға аударымдар тәрізді қаржылық ресурстар көзі болып табылады.

«М» элементі өзіне пайданы, жанама салықтарды, сыртқы экономикалық қызметтен түскен түсімдер мен кірістерді қосады.

Қаржылық ресурстардың бір бөлігі қоғамдық элементтердің бірнешеуін біріктіре отыра құрылады. Осылайша кәсіпорынның өндіріске кеткен және өнімді өткізуге кеткен шығындары деңгейіндегі С және V элементтері біріктіріле отырып, салық, арнайы бюджеттен тыс қорларға аударымдар мен жинақтар түрінде ресурстар қалыптасады.

Төлемдер, жер қойнауын пайдаланушыларға рояльти, өндіріс бонустары, көлік құралдарына салық, мемлекеттік баж салығы, көлік жолдарын пайдаланушылардың аударымдары, ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемдер және т. б.

Ал, жекешелендіруден түскен түсімдер ұлттық байлық көзі болып табылады яғни, жиынтық ұлттық табыс (V+М) /7, 83б. /.

Сондай-ақ мемлекеттің қаржылық ресурстар көздері болып мемлекеттік несиелеу жолымен тартылған қаражаттар да жатады.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстар құрылымындағы басты орынды пайда алады (жалпы көлемнің 40 %), келесі орындарды қосымша құн салығы, амортизациялық аударымдар, несиелер бойынша жинақталған қаражаттар (жалпы көлемнің 5 %), жол қорына аударымдар (5 %), сыртқы экономикалық әрекеттен алынған кірістер мен түсімдер (4%), акциздер (1%) . /8, 14бет/

Қаржылық ресурстар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіпте құрылады.

Орталықтандырылған тәртіпте мемлекеттік бюджет, зейнетақы қоры және әлеуметтік сақтандыру қоры, өзге де бюджеттен тыс қорлардың ресурстары қалыптасады.

Орталықтандырылмаған әдіспен кәсіпорынның тұтыну қоры және материалдық өндіріс аясының ұйымдары, амортизациялық аударымдар қорлары, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, өзге де қаржылық қорлардың қаржылық резервтері және валюта қорлары қалыптасады.

Шаруашылық нарық принциптеріне өту қаржылық ресурстардың көлемінде, құрылымында және оларды пайдалану бағытында жағымды әсер етеді, ақша қаражаттарының ізденісімен айналысатын қаржылық қызмет басшыларына мол мүмкіндік ашады:

Біріншіден, пайданы жоғарылату арқылы меншікті қаржылық ресурстарының резервтерін кеңейтуге мүмкіндік береді, ал екіншіден, шаруашылықтың төменгі сатысындағы өндірісті қайта жандандыруға қажетті қосымша ақша қаражаттарын алу жолдарын түпкілікті өзгерту.

Кәсіпорын өндірісті инвестициялау мақсаты бағытын бюджеттен ақша бөлумен айналысқаннан гөрі қажетті қаражатты қаржы нарығынан таба алады.

Кез-келген шаруашылық субъект өзіндік экономикалық қаржылық шарттарында кеңейтілген өндірістің көзерін, өз ресурстары тарапынан қалыптастыра алады.

Дер кезінде сақтандыру компанияларымен жасалған келісім шарттар кәсіпкерлік қызметтің тәуекелділігін азайтуға және кәсіпорынмен келтірілген зиянның орнын толтыруға кепілдікті қалыптастырады. Жан - жақты көздерден келіп түскен қаржылық ресурстар кәсіпкерге қаражаттарды жаңа өндіріс көздеріне өз уақытында инвестициялауға, қызмет атқаратын кәсіпорынды кеңейтуге, ғылыми техникалық жұмыстарды қаржыландыруға және оларды енгізуге, экологиялық таза технологиялар бойынша шығындарды жабуға мүмкіндік береді.

Қажетті көлемдегі ресурстардың бар болуы және оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартып, қаржылық тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін қамтамасыз етеді.

Жоғарыдағы жағдайларды қалыптастыру үшін керекті ресурстардың қажетті көлемі қаржылық жоспарлау бөлімінде анықталады.

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы

Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста несие ресурстарының бір бөлігі де көрсетіледі.

Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:

  • мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістер салықтар, қарыздар мен лоторея, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
  • бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттарыдың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасының жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстары - бұл шаруашылық субъектілердің және қаржылық міндеттемелерді орындауға арналған ақшалай кірістер мен түсімдер болып табылады. Қаржылық ресурстар меншікті және оларға теңестірілген қаржылық - банктік жүйедегі ақша қаражаттарының келіп түсуінің оларды қайта бөлу есебінен қалыптасады. Кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастырудың саясатын жасақтау кезеңдері Б қосымшасында көрсетілген.

Кәсіпорынның алғашқы қаржылық ресурсы оның құрылған уақытынан бастап, яғни қаржылық капиталдың пайда болу кезінде қалыптасады.

Қаржылық ресурстардың көздері болып, олардың қызмет етуінің ұйымдық - құқықтық нысанына байланысты акционерлік капитал, кәсіпорын мүшелерінің пайлық салымдары, бөлімшелердің қаржылық ресурстары, ұзақ мерзімді несиелер, бюджет қаражаттары табылады. Жарғылық қор көлемі өндіріс қызметіне инвестицияланған негізгі және айналыстағы ақша қаражаттарының мөлшерін көрсетеді.

Кәсіпорынмен қаржы ресурстарының пайдалануы көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Олардың бастылары болып келесілер табылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық ресурстар жайлы түсінік
Қаржы менеджментінің базалық көрсеткіштері және атқаратын қызметтері
Коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының жіктелуі
Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Банктің меншікті капиталын басқару
Менеджменттің стратегиясы мен талқыласы
Ұйымдағы қаржылық ресурстардың теориялық негіздері
Банктің қаржы ресурстары және капиталын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz