ҚазҰТУ-дың шаңырақ көтеруі – 1934-1960 жж. Қазақтың тау-кен металлургиялық институты (қазткми)



ҚазҰТУ – тау-кен, металлургия, мұнай-газ, химия-технология, полиграфия кешендері, экономика және басқару, ақпарат және басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің инженерлік және ғылыми кадрларын дайындау бойынша Қазақстан Республикасының басты техникалық жоғары оқу орны болып табылады.
Қазақтың тау-кен металлургиялық институты, Қазақтың политехникалық институты, Қазақтың ұлттық техникалық университетті осы атаулардың бәрі еліміздің инженерлік қауымы үшін Қазақстанның алғашқы техникалық жоғары оқу орны деген ұғымды білдіреді.
Біздің еліміз үшін ҚазҰТУ ғылымда білім беру саласында, өнеркәсіпте және мемлекеттік қызмет орындарында табысты еңбек етіп жүрген 70 мыңнан астам инженерлеге, жүздеген ғылым докторлары мен кандидаттарына өмірге жолдама берген және жоғары білікті инженерлер мен ғылыми кадрларды дайндауда көш бастап, алға шыққан білім беру және ғылыми орталығы болып табылады.
Егемен Қазақстан қалыптасуының күрделі жағдайында университет маңызды әлеуметтік тапсырма – жас ұрпақты тәрбиелеу мен кәсіби дайындау жұмыстарынын табысты атқаруда.
Қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетті 54 мамандық бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде инженер мамандарын дайындайтын және магистратура, аспирантура, докторантура бөлімдері бар ерекше оқұ-ғылыми кешені. ҚазҰТУ дегеніміз – үлкен ұжымды ғалымдар, оқытушылар мен студенттердің әркүнгі мақсатқа лайық жұмысы. Университет қызметі салаларының көптүрлігі студенттерге жан-жақты даму мен жоғары деңгейлі кәсіби дайындық алуға кең мүмкіндік береді, сонымен қатар Қазақстан және оның шетелдік іскер әріптестері үшін өзара тиімді қарым-қатынастар орнатуға қолайлы жағдайлар туғызады.
Қазақ ұлттық техникалық университетінің жаңа мыңжылдық алдындағы стратегиялық бағдары үздік кәсіби мамандарды, техникалық және ғылыми озық ойлы адамдарды, көпжылдық нақты тәжірибені өз бойына біріктіретін XXI-ғасыр Университетінің негізін құру болып табылады. Осы жағдайға байланысты құрамында ҚазҰТУ бар ең үздік ұлььық техникалық университеттер негізінде алыс шетел мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жоғары оқу орындарының мемелекетаралық қауымдастығын – Евразия технологиялық университетін құру жайлы сұрақ өз шешімін табуда. Университеттердің осындай көп ұлтты қауымдастығы ғылым және білім беру саласының аса маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігіне ие және әлемдік практикада баламасы жоқ білім беру мекемесінің жаңа үлгісі болып табылады.
- «Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті»;
ҚазҰТУ - журналы
Алматы, 2004 ж..

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

ҚазҰТУ – тау-кен, металлургия, мұнай-газ, химия-технология, полиграфия
кешендері, экономика және басқару, ақпарат және басқарудың
автоматтандырылған жүйелерінің инженерлік және ғылыми кадрларын дайындау
бойынша Қазақстан Республикасының басты техникалық жоғары оқу орны болып
табылады.
Қазақтың тау-кен металлургиялық институты, Қазақтың политехникалық
институты, Қазақтың ұлттық техникалық университетті осы атаулардың бәрі
еліміздің инженерлік қауымы үшін Қазақстанның алғашқы техникалық жоғары оқу
орны деген ұғымды білдіреді.
Біздің еліміз үшін ҚазҰТУ ғылымда білім беру саласында, өнеркәсіпте
және мемлекеттік қызмет орындарында табысты еңбек етіп жүрген 70 мыңнан
астам инженерлеге, жүздеген ғылым докторлары мен кандидаттарына өмірге
жолдама берген және жоғары білікті инженерлер мен ғылыми кадрларды
дайндауда көш бастап, алға шыққан білім беру және ғылыми орталығы болып
табылады.
Егемен Қазақстан қалыптасуының күрделі жағдайында университет
маңызды әлеуметтік тапсырма – жас ұрпақты тәрбиелеу мен кәсіби дайындау
жұмыстарынын табысты атқаруда.
Қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетті 54 мамандық бойынша
мемлекеттік және орыс тілдерінде инженер мамандарын дайындайтын және
магистратура, аспирантура, докторантура бөлімдері бар ерекше оқұ-ғылыми
кешені. ҚазҰТУ дегеніміз – үлкен ұжымды ғалымдар, оқытушылар мен
студенттердің әркүнгі мақсатқа лайық жұмысы. Университет қызметі
салаларының көптүрлігі студенттерге жан-жақты даму мен жоғары деңгейлі
кәсіби дайындық алуға кең мүмкіндік береді, сонымен қатар Қазақстан және
оның шетелдік іскер әріптестері үшін өзара тиімді қарым-қатынастар орнатуға
қолайлы жағдайлар туғызады.
Қазақ ұлттық техникалық университетінің жаңа мыңжылдық алдындағы
стратегиялық бағдары үздік кәсіби мамандарды, техникалық және ғылыми озық
ойлы адамдарды, көпжылдық нақты тәжірибені өз бойына біріктіретін XXI-ғасыр
Университетінің негізін құру болып табылады. Осы жағдайға байланысты
құрамында ҚазҰТУ бар ең үздік ұлььық техникалық университеттер негізінде
алыс шетел мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жоғары оқу
орындарының мемелекетаралық қауымдастығын – Евразия технологиялық
университетін құру жайлы сұрақ өз шешімін табуда. Университеттердің осындай
көп ұлтты қауымдастығы ғылым және білім беру саласының аса маңызды
проблемаларын шешу мүмкіндігіне ие және әлемдік практикада баламасы жоқ
білім беру мекемесінің жаңа үлгісі болып табылады.

Ректор ҚР ҰҒА академигі Е. М. Шайқұтдінов

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

ҚазҰТУ-дың ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУІ – 1934-1960 жж. ҚАЗАҚТЫҢ
ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ (ҚазТКМИ)

Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарихы 1934 жылдан бастау
алады. Осы жылы қазақ тау-кен металлургиялық институтының жалғыз
геологиялық барлау факультетінде инженер кадрларын дайындау басталды.
ҚазТКМИ 1934-1960 жылдар аралағында 6 факультетте 15 мамандық бойынша
инженерлер, педагогтар және ғылыми қызметкелер дайындайтын еліміздің жоғары
оқу орындарының біріне айналды. Институттың ғылыми-зерттеу және педагогтық
қызметтерін 30 кафедрада жұмыс істейтін 160 профессор мен оқытушылар жүзеге
асырды. Олардың ішінде 15 ғылым докторлары, профессорлар, ҚазССР Ғылым
Академиясының 2 толық және 6 корреспондент мүшелері болды.
Осы кезең ішінде ҚазТКМИ әр түрлі мамандық бойынша 4 мыңнан астам
инженерлер дайындап шығарды. Институт қызметкелерінің ғылыми-зерттеулері
Қазақстан өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты. Ғылыми-зерттеулер
нәтижелерін тәжірибеде кеңінен қолдану, мамандарды дайындау сапасын заман
талабына сай деңгейге көтеруге көмегін тигізіді.

ҚазТКМИ түлектерінің ішінде ҚазССР ҒА академиктері А. К. Қаюпов, Ө. А.
Байқоныров, Ж. С. Ержанов, Г. Н. Щерба, Ш. Е. Есенов, Ж. С. Сыдықов,
Социалистік Еңбек Ерлері Н. Т. Төкенов, В. И. Штифанов, В. А. Гребенюк, С.
С. Покровский, Т. О. Омаров, И. Воронин, Халық қаһарманы А. С. Куленов
және тағы басқалары бар.

ҚАЗАҚТЫҢ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ (ҚазПТИ) – 1960-1993 ЖЫЛДАРДАҒЫІЗДЕНІСТЕР
МЕН ТАБЫСТАР

ССРО Үкіметінің Қаулысы бойынша Қазақтың тау-кен металлургиялық
институты Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылды. Бұл уақытқа
дейін мамандарды дайындау инженерлік құрылыс, энергетикалық, автомат және
есептеу техникасы факультеттерінде ашылған болатын. Бұдан кейін институт
ішінде мұнай, инженерлік-экономикалық, геофизикалық және сәулет
факультеттері ашылды. Осы кезең аралығында институттың күшті дамуы мамандар
дайындаудың республика өндірісі өсіунен артта қалуын жоюда және
өнеркәсіптің әр түрлі сала мамандарына деген сұранысын елеулі дәрежеде
қанағаттандыруда маңызды роль атқарды. ҚазПТИ-дің дамып-жетілген
материалдық-техникалық базасының арқасында әрбір факультет өзіндік оқу
бөлімшесі ретінде көріне бастады.
Кейбір факультеттер мен филиалдар жаңа институттардың құрылуына
мұрындық болды. Осы факультеттер негізінде ашылған институттар:
энергетикалық (қазір Алматы энергетика және байланыс институты), сәулет-
құрылыс (қазір Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы) және Рудный
индустриалдық институты.
ҚазПТИ түлектерінің ішінде қазіргі министрлер Қ. Е. Көшербаев, М. Т.
Есенбаев, А. А. Мұсаев, С. Ж. Дәукеев; вице-министр Н. С. Бектұрғанов;
Өскемен титан-магний комбинаты акционерлік қоғамының президенті Б. М.
Шаяхметов; Қазцинк ашық акционерлік қоғамының басшысы Г. Я. Зильберберг;
Қазақойл корпорациясының президенті Н. У. Балғымбаев, сондай-ақ бірқатар
облыс және қала әкімдері де бар.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ – БҮГІНГІ ТАҢДА

Бүгінгі ҚазҰТУ – еліміздегі жоғары техникалық білім берудін алдыңғы
қатарында келе жатқан ғылым және білім берудің басты орталығы, элитарлы
жоғары техникалық оқу орындарының жарқын көрінісі.

Бүгінгі ҚазҰТУ:

- мамандарды дайындау 54 мамандық бойынша 10 факультетте мемлекеттік
және орыс тілдерінде жүргізіледі;
- студенттердің жалпы саны – 8000;
- магистратура, аспирантура және докторантура;
- профессорлық-оқытушылық құрғам – 755 адам, оның ішінде 98 ғылым
докторлары мен профессорлары, 326 ғылым кандидаттары мен доценттер
жұмыс істейді. Университет ПОҚ-ы ішінде 8 адам ҚР ҒА-ның академиктері
мен корреспондент мүшелері, 27 адам басқа ғылым академияларының
мүшелері;
- Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Балқаш, Зыряновск, Павлодар, Ақтау
қаларындағы филиалдар мен УКП;
- прибор жасау, автоматика, электронды және есептеу техникасы; геология
мұнай және газ; металлургия; машина жасау және машина тану
мамандықтары бойынша 4 оқу әдістемелік бірлестігі бар. Бұл
бірлестіктер республикамыздың 20 жоғары оқу орындарында 49 мамандық
бойынша мамандар дайындауды өз жетекшілігіне алып отыр;
- өнеркәсіп қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының техникалық пәндер
оқытушыларын жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің көп салалы
жүйесімен қайта дайындау және біліктілігін арттыру бойынша
Республикалық орталық;
- 20 ғылыми мамандықтар негізінде докторлық диссертацияларды қорғау
бойынша 12 диссертациялық қеңес;
- өзекті және ізденіс зерттемелерінің 15 ғылыми-техникалық
бағдарламалары бойынша ғылыми-зерттеулерді іске асыру; ғылым, ұлттық
және салалық орталықтар қорлары;
- жақын және алыс шетелдермен үлкен жолға қойылған нақты байланыстар;
халықаралық ғылым және білім беру бағдарламаларына қатысып отыру;
- ҚазҰТУ хабаршысы ғылыми журналы;
- 1,5 млн. том әдебиет қоры бар іргелі ғылыми-техникалық кітапхана.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақстан есепсіз минералдық байлықтардың қоймасы. Республикамыздың жер
қойнауынан Д. И. Менделеев кестесінің барлық элементтерін табуға болады.
Пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстарын университеттің ең көне, 1934 жылы
ашылған геологиялық барлау факультетті дайындаған
инженер-геологтар жүргізеді.
Мамандықтар:
1801 – Геологиялық суретке түсіру, іздеу және барлау;
1802 – Іздеу және барлаудың геологиялық әдістері;
1804 – Гидрогеология және инженерлік геология;
1905 – Мұнай және газ геологиясы.
Оқу үрдісі қажетті жабдықтар мен компьютерлік техникамен қамтамасыз
етілген 20-шақты мамандандырылған лабороториялар мен кабинеттерде
жүргізіледі. Факультет жанында SCHLUMBERGER компаниясының оқу орталығы
жұмыс істейді. Бұл орталықта студентттер геология-геофизикалық мәлеметтерді
жаңа технологиялар бойынша өңдеуге оқып-үйренуде. Кафедралар мен оқу
лабороториялары республикамыздың басқа жоғары оқу орындарында жоқ
минералдардың бірегей үлгілері мен картографиялық материалдармен
жабдықталған. Факультеттің геологиялық мұражайы әлемнің ең жақсы
мұражайлары қатарынан орын алады. Факультет жанында енгізу мен шығарудың
барлық перифериялық құрылғалары бар Compad компьютерлік класы жұмыс
істеуде.
Факультет қабырғасында алған теориялық білімдерін студенттер Қордай
тау сілемі мен Қапщағай су қоймасында оналасқан геологиялық және
геофизикалық оқу полигондарында тәжірибе түрінде бекітеді.
Факультет кафедраларының Қазақстан Республикасының геология
саласындағы барлық ғылыми-зерттеу институттарымен, өндірістік және жобалау
ұйымдарымен, жақын шетелдің ірі-ірі ғылыми және оқу мекемелерімен жақсы
жолға қойылған өзара байланысты қарымқатынастары бар. Ғылыми-техникалық
ақпаратпен өзара алмасу іске асырылады, қызметкерлер ТМД және әлем
елдерінде өткізілетін ғылыми-техникалық және теориялық конференцияларға,
семинарларға, симпозиумдарға үзбей қатысып отырады. Техас штаты, Оклахома
(АҚШ), Фрайбург (Германия), Шимани (Жапония) қалаларының университеттерімен
және Шлюммберже, Тексако, Мобил, Амоко, Шеврон және т.б. ірі шетелдік
компаниялармен студенттер, аспиранттар және оқытушылар алмастыру жөніндегі
байланыстар жақсы жолға қойылған.
Факультетте ірі мамндар мен ғалым геологтар қызмет етеді: ҚР ҰҒА
корреспондент мүшелері М. М. Бәкенов және С. М. Мұхамеджанов, геология-
минерология ғылымдарының докторлары, профессорлар О. Б. Бейсеев, Л. Б.
Байбатша, Д. Әлмұхамбетов, Б. М. Оразаев, С. Ж. Жапарханов, Г. Ж. Жолтаев,
Д. Ш. Садықов, Л. З. Злавдинов, А. Т. Бекботаев, Б. Ф. Абланов, К. М.
Каримов.
Факультеттің даңқы мен мақтанышы – оның түлектері. Факультеттің 65
жылғы тарихында 10 мыңнан астам геолог дайындалы шығарылды. Факультет
түлектері арасында ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлықтарының 4 иегері,
ғылым және техниканың еңбек сіңірген 7 қызметкері, 12 еңбек сіңірген геолог-
барлаушылар, ҚР ҰҒА 3 академигі мен 6 корреспондент мүшесі, 100-ден астам
кен орнын алғаш ашушылар бар.
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

ТАУ-КЕН ФАКУЛЬТЕТІ

Университеттің көне факультетінің бірі – тау-кен факультеті 1935 жылы
ашылды. Факультет пайдалы қазба кен орындарын өндірудің барлық циклі
бойынша тау-кен ісі саласындағы мамандарды дайындайды.
Мамандықтар:
1501 – Тау-кен металлургиялық кешенінің ақпарат жүйелері;
1901 – Маркшейдер ісі;
1902 – Пайдалы қазбаларды жер астында өндіру;
1903 – Пайдалы қазбаларды ашық өндіру;
1904 – Шахта және жерасты құрылысы;
1905– Тау-кен машиналары мен жабдықтары;
1906 – Тау-кен өндірісінің физикалық үрдістері;
3203 – Аэрофотогеодезия;
3204 – Картография.
Тау-кен инженерлерін оқытудың дәстүрлі бағдарламасы менеджмент және
маркетинг, экология және ресурс сақтау, кәсіби қызметтің әлеуметтік-
құқықтың аспектілері, компьютерлік дайындық пәндерін оқыту есебінен
көбейді.
Факультет ғылыми-зерттеулер жағынан әрқашан алдыңғы қатарда: пайдалы
қазбаларды қазып алудың жерасты және ашық әдістері, маркшейдер ісі,
бұрғылау-қопару жұмыстары, автоматтандырылған жобалау жүйелері мен тау-кен
жұмыстарын басқару, тау-кен өндірісіне арналған машиналар мен жабдықтар
салаларында қол жеткізген табыстары мол.
Факультет тарихында 10 мыңнан астам тау-кен инженері дайындалып
шығарылды. Тау-кен факультетінің түлектері техникалық ой-өрісінің
кеңдігімен, сапалы инженерлік дайындықпен, жақсы ұйымдастырушылық
қасиеттерімен көзге түсуе.
Факультетте мамандар дайындау жұмыстарын атақты ғалымдар: ҚР ҰҒА
академигі Ш. А. Алтаев, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Б. Р. Рақышев, техника
ғылымдарының докторлары, профессорлар Л. М. Бейсебаев, М. И. Жаркенов, А.
К. Кенжебаев, Л. А. Крупник, М. Б. Нұрпейісова, Б. У. Раскелдинов, А. Т.
Филимонов, А. Ф. Цеховой, С. В. Цой, Г. И. Тамбиев, Ю. Н. Бабин, Ш. Ә.
Әбдіраман, Н. Х. Баязит жүргізеді.
Тау-кен факультетінің көптеген түлектері ірі ғалымдар, өндірістің
көрнекті жетекшілері, мемлекеттік қайраткерлер атанды. Олардың ішінде Ө. А.
Байқоныров, В. А. Гребенюк, С. С. Покровский, Ж. С. Сүлейменов, О. О.
Омаров, А. Ж. Машанов және т.б. бар.
Осы факультеттің түлегі І. Есенберлин – қазақтың атақты жазушысы,
Қазақстан тарихын зерттеуші ретінде де танымал болды.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

1935 жылы құрылған металлургиялық факультет пайдалы қазбаларды байыту,
металлургия, түсті сирек және асыл металдар тану, композициялық және ұнтақ
материалдар салаларындағы инженерлер және ғылыми-зерттеу ұйымдары мен завод
лабороторияндағы жұмыстарға арналған инженер-зерттеушілер дайындау
жұмыстарын жүргізіп келеді.
Мамандықтар:
2402 – Түсті металдар металлургиясы;
2403 – Металлургиялық үрдістері физика-химиялық зерттеулер;
2404 – пайдалы қазбаларды;
2405 – Металлургия және пісіру өндірісінің үрдістері;
2406 – Металл тану, металдарды термиялық өндеудің жабдықтары мен
технологиясы;
2407 – Композициялық және ұнтақ материалдар, жабындылар;
2408 – Металлургиялық машиналар мен жабдықтар.
Жоғары кәсіби сапалар, ғылыми жетілген технологиялар жайлы терең
білім және жақсы компьютерлік дайындық факультет түлектеріне әр түрлі
саладағы металлургиялық кәсіпорындарда жұмыс істеуге және қазіргі нарық
заманында мамандағы бойынша өз орнын табуға мүмкіндіктер береді. Факультет
ашылғаннан бері 12 мыңнан астам инженер дайындалды. Факультет түлектері
арасында 2 Советтер Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері, Халық
Қаһарманы, 20-дан астам Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері,
10-нан астам ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент мүшелері бар.
Факультетте металлургия саласының мынандай ірі ғалымдары жұмыс істейді: ҚР
ҰҒА корреспондент мүшесі А. К. Омаров, техника ғылымдарының докторлары,
профессорлар А. К. Көпжасов, Ғ. Н. Нысанбай, Х. Х. Уәлиев, Н. Х.
Дәбілбеков, В. А. Луганов, Л. Т. Романов, Ю. П. Романтеев, И. Д. Райвич, В.
И. Авдюков, К. Т. Көшербаев, Ж. У. Досымов.
Факультет өз түлектерін мақтаныш тұтады: Халық қаһарманы атағының
иегері А. С. Куленов; ҚР ҰҒА-ның ғалым, академиктері Е. Букетов, Л. П. Ни;
ҚР ҰҒА корреспонден мүшелері И. А. Онаев, А. А. Әшімов, Р. А. Исакова, Н.
С. Бектұрғанов, Б. Б. Бейсембаев, ірі өндірістік кәсіп-орындар жетекшілері
А. И. Воронин, Т. М. Әлжанов, Л. В. Козлов, М. К. Байбеков, Б. М.
Шаяхметов.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ФАКУЛЬТЕТІ

Қазақстан Республикасының басты байлықтарының бірі – оның көмірсутекті
шикізат қоры. Дамып келе жатқан мұнай-газ кешені үшін мамандарды мұнай және
газ факультеті дайындайды. Бұл сала еліміздің болашағы және осы
факультеттің түлектері өнеркәсіптік өндірісте әрқашан өз орындарында
табысты еңбек ете алады.
Мамандықтар:
1806 – Пайдалы қазбалы кен орындарын барлаудың технологиясы мен техникасы;
2001 – Мұнай және газ кен орындарын өндіру және пайдалану;
2002 – Газ-мұнай құбырлары және газ сақтау орындарын жобалау, салу және
пайдалану;
2003 – Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау;
2004 – Теңіз мұнай-газ құрылыстары;
2005 – Мұнай және газ ұңғылары машиналары және жабдықтары;
2006 – Мұнай, газ өндірісінің физикалық үрдістері.
Мұнай және газ факультеті – мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау, мұнай
және газ кен орындарын өндіру мен пайдалану, мұнай және газ
кәсіпкершілігінің машиналары мен жабдықтары, мұнай-газ құбырлары мен мұнай-
газ сақтау орындарын жобалау, салу және пайдалану мамандықтары бойынша
мұнай және газ өнеркәсібіне инженер кадрларын дайындайтын басты оқу және
ғылыми орталық болып табылады. Дайындағы тек қана ҚазҰТУ-да жүргізіліп
жатқан жаңа мамандықтар жұрт назарын өздеріне аударуда. Олар: Каспий теңізі
мұнайын игеру мақсатында теңіз мұнай-газ құрылыстарын салу және мұнай-газ
өндірісінің физикалық үрдістері мамандықтары. Факультетте мынындай ірі
ғалым-оқытушылар, профессорлар мен ғылым докторлары жұмыс істейді: А. М.
Мұсанов, М. У. Омаров, К. М. Досалиев, М. Ж. Мұзапаров, А. С. Аманқұл, Т.
Т. Таңатаров, С. З. Қабдолов.
Факультет тарихында Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені
кәсіпорынындағы басты орындарда еңбек етіп жатқан 6 мыңнан астам мамандар
осында дайындалып шығарылды. Олардың ішінде: Маңғыстау облысының әкімі,
техника ғылымының докторы А. Қ. Киынов; Қазақойл Эмба АҚ президенті М. Д.
Батырбаев; Маңғыстаумұнайгаз АҚ президенті С. Е. Қырымқұлов;
Өзенмұнайгаз АҚ президенті М. К. Құрманбаев; Құмкөл-Лукойл АҚ
президенті А. С. Айдарбаев; Интергаз АҚ президенті И. М. Құлдасбаев;
Қазтүркмұнай мұнай және газ бұрғылау департаментінің директоры, техника
ғылымдарының кандидаты Б. Смағұлов; Ақтөбе мұнайгаз АҚ вице-призиденті Ж.
С. Сеймағамбетов; СНС Лавалин Интернэшнл өкілеттілігінің директоры Н. У.
Балғымбаев; ҚР парламентінің сенаторы Е. А. Бегалиева; Қазбуройл АҚ
президенті А. Тілегенов; фонтанға және өртке қарсы әскериленген аймақтың
бастығы К. Бейсенқұлов; Қазақойл корпорациясының президенті Н. Балғымбаев.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

МАШИНА ЖАСАУ ФАКУЛЬТЕТІ

Машина жасау - өндірістің барлық салаларын қамтамасыз ететін өнеркәсіптік
өндірістің әмбебап саласы. Бұл саласыз технологиялық үрдістің қалапты
жұмысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Машиналар мен механизмдерді
конструкциялау және жасап шығару творчестволық әдіс-тәсіл, кеңінен ойлау
және білімдерін үздіксіз жаңартып, толықтырып отыруды қажет ететін қызықты
жұмыс.

Мамандықтар:
1301 – Машина жасаудағы материал тану;
2501 – Машина жасау технологиясы;
2502 – Металл кескіш станоктар мен құралдар;
2504 – Металдарды қысымнен өндеудің машиналары мен технологиясы;
2803 – Көтеру-транспорттық, құрылыс-жол машиналары мен жабдықтар.
Конструкторлық бюрода жаңа бір құрылымның сызуларын жүргізіп жатқан
инженер басқа адамдарды да ұйымдастырып, еңбекке жетелейді. Машина жасаушы
инженер әр түрлі станоктар мен агрегаттардың қызметі мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және машиналар мен механизмдерді құрастыру, жөндеу, іске
қосу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын іске асырады.
Инженер-машина жасаушы кәсібін табысты игеру үшін физика, химия,
математика, ақпарат, металдар технологиясы пәндерінен терең білім алу және
дербес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық техникалық университет
Қазақ елінің тарихы
Қ. И. Caтпaев aтындaғы ҚaзҰТЗУ-дың Бac оқу ғимapaтынa қapacты оқу aудитоpиялapы мен бөлмелеpдегі электpомaгниттік деңгейді еcептеу
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Мүмкін жер cілкініcі кезінде Қ. И. Cәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың мұнай кoрпуcынан cтуденттерді эвакуациялау тренингін жүргізу
Инженер-техникалық интелегенцияның қоғамның әлеуметтік құрылымдағы орны мен рөлі
Қазақ КСР
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Инженер –өндірісті ұйымдастырушы
Пәндер