Корпоративті табыс салығы


Корпоративті табыс салығы
ҚР -да корпоративті табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпоративті табыс салығы бюджет түсімдерінің 27, 2 % құрайды. Салық кодексі қабылданған кезеңге дейін салықтың бұл түрі заңды тұлғалардың табыстарынан алынатын табыс салығы деп аталды. Кейіннен атауы өзгеріп, халықаралық стандартқа сәйкес «корпоративті табыс салығы» деп аталынды. Корпоративті табыс салығын салық салу объектілері бар заңды тұлғалар төлейді.
Заңда тұлғалар екі топқа бөлінеді:
- Коммерциялық ұйымдар;
- Коммерциялық емес ұйымдар.
Коммерциялық ұйымдар дегеніміз -белгілі бір табыс көзі бар заңды тұлғалар.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп аталады.
Корпоративті табыс салығын төлеушілер:
- ҚР -ң резидент заңды тұлғалары(ҚР Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) ;
- ҚР -да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР -дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар.
Корпоративті табыс салығы бойынша салық салу объектілеріне:
- Салық салынатын табыс;
- Төлем көзінен салық салынатын табыс;
- ҚР -да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады.
Салық салынатын табыс
Корпоративті табыс салығының бірінші салық салу объектісі -ол салық салынатын табыс. Корпоративті табыс салығын төлеуші заңды тұлғалар ең алдымен салық салынатын табысын есептеп алуы қажет. Ал, салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыспен және түзетулер ескерілген, шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады, яғни:
Салық салынатын табыс = Жылдық жиынтық табыс - Шегерімдер (түзетулер)
ССТ = ЖЖТ -Штүзету
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңі ішінде ҚР және одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан құралады.
Жылдық жиынтық табыс мыналардан құралады:
- тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс;
- үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай -ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
- міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
- күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
- мүлікті жалға беруден түсетін табыс;
- кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;
- ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
- дивиденттер;
- сыйақылар;
- ұтыстар.
Салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегеріледі және бұл шегерім деп аталады. Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді.
Шегерімге жататындар:
- қызмет бабындағы іссапарлар кезіндегі және өкілдік шығыстар бойынша өтемдер сомаларын шегеру;
- сыйақы бойынша шегерімдер;
- ғылыми -зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибн -конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер;
- сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру;
- әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру;
- табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерімдері.
Төлем көзінен ұсталатын салық
Корпоративті табыс салығы бойынша екінші салық салу объектісі -төлем көзінен ұсталатын салық.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға жататындар:
- дивиденттер;
- депозиттер бойынша сыйақы;
- ұтыстар;
- резидент емес тұлғалардың ҚР -дағы көздерден алған, осындай резидент еместердің тұрақты мекемесімен байланысы жоқ табыстары;
ҚР -да қызметін тұрақты мекеме жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы
Корпоративті табыс салығы бойынша үшінші салық салу объектісі -ҚР -да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы болып табылады. ҚР -да қызметын тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративті табыс салығы бойынша салық салу объектілері болып табылады және корпоративті табыс салығының үстіне 15 % ставка бойынша салық төлейді.
Салық төлеуші заңды тұдғалардың кейбір санаттарына салық салу тәртібі
Сақтандыру ұйымдарына салық салу.
Сақтандыру мен қайта сақтанушылардан салық кезеңі ішінде сақтандыру шарттары бойынша алуға жатқызылған сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы түріндегі табысы сақтандыру ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпоративті табыс салығын салу объектісі болып табылады. Сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын табыстарынан 30 % ставка бойынша корпоративті табыс салығы салынуға тиіс. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру сыйақылары түріндегі табыстар бойынша салық органдарына есепті айдан кейінгі айлың 15 -нен кешіктірмей бір ай ішінде есептелген корпоративті табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп -қисапты табыс етеді. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша сақтандыру ұйымдары барлық табыстар жөнінде декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктермей табыс етіледі.
Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу.
Акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтерінен басқа, ҚР -ң азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар, өз қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетін:
- осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;
- алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп аталады.
Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру немесе мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымадар мен қайырымдылық түрінде алған табыстарына жоғарыда аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салынбайды.
Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.
Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде 90 %, қызметтің мынадай түрлерінен:
- косметологиялық қызметтері қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;
- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі, орта, қосымша білім беру; бастауыш, орта, жоғары және оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру; қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және біліктілік арттыру саласында қызмет көрсетуден;
- ғылым, спорт, мәдениет саласында қызмет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай -ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді қорғау және оларды әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;
- кітапхана қызметін көрсетуден алынуға тиіс кіріс құрайтын ұымдар жатады.
Мұнай -химия өнеркәсібіндегі қызметті жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салу.
Мұнай -химия өнеркәсібіндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
- 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықтағы кезеңде мемлекеттік тіркеуден өткен;
- өндірістік мақсаттағы объектілерін мемлекеттік қабылдау комиссиялары жоғарыда көрсетілген кезеңде пайдалануға қабылданған;
- жылдық жиынтық табысының кемінде 90 % ҚР Үкіметі айқындайтын қызмет түрлері бойынша мұнай және газ өнімдерін өңдеуге негізделген жеке өндірісінің тауарларын өткізуден алынуға тиіс табыстар құрайтын;
- өндірістік мақсаттағы объектілеріне инвестициялардың ең төменгі көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бес миллион АЕК құрайтын ұйымдар жатады.
Осы аталғандар қолданылмайтын ұйымдарға:
- жер қойнауын пайдаланушылар;
- акцизделетін тауарлар өндіретін ұйымдар;
- арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар жатады.
Корпоративті табыс салығын есептеп шығару тәртібі және оны төлеу тәртібі
Салық төлеушілер белгіленген тәртіппен аванстық төлемдерді енгізу жолымен салық кезеңі ішінде корпоративті табыс салығын төлейді. Салық төлеуші корпоративті табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін жасап, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін салық төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына табыс етеді. Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративті табыс салығы бойынша түпкілікті есеп айырысуды декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бүгінгі таңдағы корпоративті табыс салығының ставкалары :
- салық төлеушілер жүргізілген түзетулерді ескере отырып және белгіленген тәртіппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысынан 30 %;
- негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушілер жүргізілген түзетулер ескерілген белгіленген тәртіппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысынан 10 %;
- резидент еместердің ҚР -дағы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 %;
- ҚР -да тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративті табыс салығының үстіне 15 % ставка бойынша салық салынады.
Корпоративті табыс салығы үшін күнтізбелік жыл -салық кезеңі болып табылады. Корпоративті табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Салық төлеушілер корпоративті табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.
Тауарға баға белгілеу
Баға белгілеу ісі қиын және көпсатылы процесс болып табылады. Оны қысқаша былай сипаттауға болады:
- бағаны жасау мақсатын анықтау
- сұранысты анықтау
- шығындарды анықтау
- ұсынысты, бәсекелестердің бағаларын және тауарларын талдау
- баға құру әдісін таңдау
- түпкілікті бағаны белгілеу
1 кезең -ең алдымен фирма нақты тауар арқылы қандай нәтижеге жетуді көздейтінін білуі қажет. Фирма өзінің түпкі мақсатын белгілеуі керек. Қаншалықты бұл мәселе анығырақ болса, соғұрлым баға қою ісі жеңілдейді.
2 кезең -фирма белгілеген баға деңгейі тауарға деген сұраныстың өзгерісінен көрінеді. Баға мен сұраныс көлемінің байланысы сұраныс қисығы арқылы анықталады.
3 кезең -фирманың шығындары екі түрлі -тұрақты және өзгермелі шығындар болып бөлінеді. Тұрақты шығындар дегеніміз -олар өндірілген өнімнің көлемі өзгерсе де өзгермейтін шығындар (мысалы, ғимарат шығындары, жалдау ақыға, станоктарға т. б. жұмсалған шығындар) . өзгермелі шығындар -өндіріс деңгейіне тікелей байланысты (мысалы, отынға, шикізатқа, еңбек ақыға, жанар-жағар майға, суға т. б. жұмсалған шығындар)
4 кезең -орташа баға мөлшеріне бәсекелестер және олардың нарықтағы стратегиялары әсер етеді. Сондықтан бәсекелестердің тауарының өтімін, олардың сапасын және бағасын біліп отыру қажет. Ол үшін фирма өкілдері бәсекелестердің тауарымен танысу үшін оларды сатып алып талдайды, фирма бәсекелестері қолданатын өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алып, оларды талдап деңгейін білуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz