Жыр алабы - Жамбыл


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

І. АҚЫНДЫҚ ӨМІР

І. І. Ж. Жабаевтың өмірі мен өнер жолы

1. 2 Ж. Жабаевтың ақындық өнерге келуі

ІІ. ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ

ІІ. І Жамбылдың айтыстары

2. 2 Жамбыл Жабаев дастандарындағы ұлтжандылық

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

«ХХ ғасырдың Гомері» атанған әйгілі суырыпсалма ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы да әр кез әр алуан зерттеу обьектілерінің нысаны болып келе жатыр.

Е. Ысмайылов өзінің саналы ғұмырында ақындар шығармашылығын өте көп зерттеген ғалым, соның ішінде халық ақындары, әнші - ақындар, ең бастысы, біздің өзіміздің зерттеу нысаны етіп отырған Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын өте көп зерттеді деп айтуға әбден болады. Сондай мол, сүбелі зерттеулердің нәтижесінде «Ақындар», «Жамбыл және халық ақындары», «Ақындық өмір» атты зерттеу кітаптары дүниеге келді. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болса да кезінде зор бағаға ие болған, халық ілтипатына ерекше бөленген бағалы еңбектер, ақынға атақ - абырой, ғылыми дәреже алып берген бұл кітаптардың дені әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ деп айтуға әбден болады және жамбылтанудың бастау бұлағы, қайнар көзі деп те санауға болады. Жамбыл Жабаев шығармашылығын бір ғана Е. Ысмайылов зерттеді десек қателесеміз. Жамбыл шығармашылығы жөнінде М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Қаратаев, М. Жолдасбеков, С. Негимов, С. Садырбаев, т. б. зерттеулері жамбылтану ғылымына қосылған мол үлестер деп санаймыз. Әсіресе соңғы уақыттарға дейін осы салада жемісті еңбектеніп келе жатқан С. Садырбаев зерттеулерінің алар орны ерекше деп ойлаймыз. Сол еңбектерінің ішінде «Фольклор және Жамбыл» деп аталатын монографиясының ғылыми мәні зор, жамбылтанудың жаңа бір белесі деп атауға болады. Сондай-ақ Н. Төреқұловтың «Жамбыл және Кенен» (1978), «Жүз жасаған бәйтерек» (1982), «Алатау асқарынан жыр асырған» (1996) деп аталатын кітаптары бар. Белгілі қоғам қайраткері, танымал әдебиетші М. Жолдасбеков қаламынан туған «Жамбыл және оның ақындық мектебі», «Жүз жасаған жүрек», «Асыл сөздің атасы» деп аталатын кітаптарының қай-қайсысы болса да құнды, мәнді, ғылыми және әдеби тұрғыдан тағылымы өте мол еңбектер екені сөзсіз.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ әдебиеттану ғылымының сан-саналы өрісін қамтитын, зерттейтін обьектілері жыл өткен сайын әр қырынан дамып, жетіліп келеді. Соның ішінде жеке тұлғалар жайындағы зерттеулер аясы да кеңейіп келеді, атап айтқанда абайтану, мағжантану, мұхтартану, сұлтанмахмұттану, бауыржантану, яссауитану т. б. Осы ғылымдардың ішінде ерекше орын алатын саланың бірі жамбылтану деп ойлаймыз. Әрине бұл салада жүргізілген және жүргізіліп келе жатқан істер аз емес, алайда бұл ғылымды да үнемі өркендетіп, ілгері жылжытып, дамытып отыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі, себебі жаңа ғасыр көкжиегіне шығып, кешегі айтылған көптеген мәселелерге жаңа көзқарастар қалыптасып келе жатқан кезеңде өткеннің бәрін екшейлей түсіп, електен өткізіп, тәуелсіздік рухы аясында қарастыру мәселелері де жамбылтанудың жаңа қырларын ашуға бағыттайды.

Қазіргі таңда жамбылтану ғылымы кемеліне келіп, өркендеген, дамып жетілген ғылым десе де болғандай. Өмірімен де, өнерімен де көп жасаған Жамбыл шығармашылығын зерттеуде, танытуда Е. Ысмайылов, т. б. ғалымдар өлшеусіз еңбек етті. Осының бәрін таныту, тағылым алу - біздің жұмысымыздың өзектілігін арттыра түседі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жүз жасаған жүрек, дүлдүл ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы зерттеулердің әдебиеттану ғылымынан алар орны ерекше. Жамбыл жайында әр алуан зерттеулерді саралай, салыстыра отырып жамбылтанудың өзіндік қырларын танытуды алдымызға мақсат етіп қойдық. Осындай үлкен мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі бір міндеттерді жүзеге асыруды көздедік.

Курстық жұмыстың міндеті: жамбылтану ғылымының тарихын, қалыптасу кезеңін айқындау жолында іздену; Ж. Жабаевтың дастандарының тарихи мәні маңызын, қазақ поэзиясынан алатын ролін айқындай түсу; сонымен қатар қазіргі күнгі жамбылтану ғылымының өркендеуі, дамуы, өріс алу жайында пікір сабақтау; жалпы әдебиеттану ғылымындағы ақындық өнер мәселесінің зерттелуіне көңіл бөлу, зерттей түсу.

Курстық жұмыстың нысаны: ретінде қазіргі қазақ поэзиясының көш басында тұрған Ж. Жабаев дастандарын оқытудың практикалық мәні ерекше.

Бұл айтылған тұжырымдардың дені біздің зерттеу обьектіміздің практикалық мән-маңызын одан әрі айқындап, бекіте түседі. Ж. Жабаевтың жалпы әдеби шығармашылығын жаңа көзқараспен оқытудың практикалық маңызы зор екеніне осы іздену барысында анық көз жеткіздік деп айтуға болады.

Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

І. АҚЫНДЫҚ ӨМІР

І. І. Ж. Жабаевтың өмірі мен өнер жолы

«Жүз жасаған бәйтерек» Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық өнері ғибратты. Есмағамбет Ысмайыловтың жиырма бес жылдан аса уақыт үздiксiз зерттеген тақырыбы XX ғасырдағы халық ақындарының шығармашылығы едi. Ол әсiресе, жыр алыбы Жамбылдың поэзиясына айрықша назар аударды. «Халық ақындарының традициясын сақтаған ақын» («Социалистік Қазақстан 1938ж. 20 мамыр»), «Халық жүрегi» («Лениншiл жас» 1938ж. №5), «Ортақ ақын» («Қазақ әдебиетi» 1938ж. 10 сәуiр), атты мақалалары бiр жылдың iшiнде жарық көрдi. Одан бергi жылдары да ғалым Жамбыл шығармашылығын зерттеуден қол үзген жоқ. Ұлы ақынның өмiрi мен шығармаларын жан-жақты талдаған екi монографиясын «Ақындар»(1950), «Ақындық өмiрi»(1965) жарыққа шығарды. Е. Ысмайылов бұл еңбектерiнде Жамбылдың өмiрi, ақындық ортасы, өнер салты туралы мәселелерге кеңiрек тоқталды.

Жамбыл Жабав 1846 жылы ақпан айында қазiргi Жамбыл облысы Шу-Көктерек ауданының жерiнде Жамбыл тауының бауырында туған. Ұлы жүз Шапырашты iшiндегi Екей руынан делiнген. Әдебиетшi М. Жолдасбеков, С. Садырбаев, Н. Төреқұловтар да өз еңбектерiнде осылай келтiредi.

Жамбыл Жабаев туған кезде Жетiсу елi Орта Азияда қатал үкiмiн жүргiзiп тұрған Қоқан хандығының қол астына қарайтынын көрсетедi. Ол кезде Орта Азиядағы Қоқан-Бұхар хандықтарына таяу үстемдiк етушi ағылшын отаршылдарының ықпалы бар екендiгiн, сондай-ақ Қоқан хандығының қазақ халқына айрықша қатал үкiм жүргiзуiнiң екi түрлi себебiн айтады. Оның бiрi - қазақтың негiзгi рулары кiшi жүз бен орта жүз XVIII ғасырдан берi ерiктi, ерiксiз түрде Ресей қол астына қарап, онымен шаруашылық сауда-саттық қарым-қатынасын күшейтiп, ол экономикалық әсер XIX ғасырдың орта кезiнде оңтүстiктегi қазақтар арасында да жайыла бастады. Ресейден келген капитализмнiң күштi әсерi оңтүстiктегi қазақ арасына жайылуына Қоқан хандығының бөгет жасағысы келдi. Екiншiден, XIX ғасырдың 30-40 жылдарында Ресейдiң саяси шаруашылық ықпалы қазақ даласына, Орта Азияға күштi жайылып жатқан кезде Қоқан хандығы Ресей әскерiнiң алдынан өзiне тiректi қорғану орындарын сайлап алмақ болды. Осы жағдайда Жетiсудағы қазақ руларының, соның iшiнде Жамбылдың руы Шапыраштының XIX ғасырдың 40-50 жылдарындағы тiршiлiгi өте ауыр едi, -дей келе ғалым Е. Ысмайылов Жамбыл туған жылы қыс iшiнде, боранды күнде, елдiң үркiп, үдере көшуiнiң себебiн түсiндiреді.

Көшiп келе жатқан бiр бөлек ауыл Екейдiң Жапа сияқты жалшы кедейлерiмен қатар Әшекей деген Дулаттың белгiлi байынiкi едi. Жапа соның әрi қоңсысы, әрi жалшысы. Артынан қуып келе жатқан жаудың бетiнде, ұйтқып соққан боран астына да, көш жөнекей түйе үстiнде Жамбылдың шешесi Ұлдан толғатып, ықтырма күркеде босанады, көш ертеңiнде тағы жүрiп кетедi деп, - Ысмайылов Жамбылдың дүниеге келген сәтiн баяндайды. Әдебиетшi Нысанбай Төреқұлов «Жүз жасаған бәйтерек» атты еңбегiнiң «Боранды күнi туған бала» тарауында бұл сәттi кеңiрек жазады. Бұл Жамбылдың әке-шешесiнiң де, өзiнiң өмiрiндегi де аса бiр ауыр кезең едi. Жамбылдың өзiнiң туған кезi туралы айтқан өлеңi оны дәлелдей түседi:

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей-көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.

Ел үркiп жүрген кезде күнi-түнi,

Қар қауып, мұз түскен Жамбыл екем,

Жұтынып суық ауа шыққан үнi.

Сары аяз көш жөнекей боран күнi,

Мен емес, суық демдi ел де алыпты,

Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.

Қара күн хан билеген қанды жорық,

Дегендей ел аузында сөз қалыпты…» [6, 28б] .

Жамбыл Жабаев туған кезде орыс әскерiнiң алды, шолғыншылары Қаратал бойына, 1848-49 жылдары lле өзенi бойларына жетiп, 1852-53 жылдары орыс әскерлерi Алматы, Талғар, Қаскелеңге келедi. Әрi қарай Жетiсу елiне жақындайды. Қоқан хандығының қанаушылық озбырлығынан ығыр болған еңбекшi халық - орыстың қол астына қараса аз да болсын бұрынғы көрген қорлығымыз жеңiлденер деген үмiтте болды. Осы мақсат, үмiтте Жетiсу елiнiң Сұраншы, Сарыбай сияқты басты батырлары орыс әскерi қатарында қызмет еттi.

Жетiсудің еңбекшiл халқы Ресейдің қол астына қарағанда қоқан хандығының қатал үстемдiгiнен құтылғанмен, жалпы қоғамдың таптық езушiлiктен құтыла алған жоқ. Керiсiнше кедейлердiң тұрмысы күн санап ауырлай бередi. Бiр жағынан қазақ еңбекшiлерi өзiнiң iшiнде бай, феодал сұлтандардың қанауын көрсе, екiншi жағынан, отаршыл патша әкiмдерiнiң зорлығын, әкiмшiлiк-саяси, рухани қысымын көредi.

Е. Ысмайылов «Елiнiң Қоқан талауына, Қоқан шапқыншылығына ұшырағанын естiп, шет жағасын көзi көрген. Сондай-ақ патша әкiмшiлiгi мен феодал, сұлтандардың халықты қалай қанағанын бiлген Жамбылдың ой-пiкiрi еңбекшi халық өмiрiне байланысты болған», [3, 48б] - деп көрсетедi.

Жамбылдың балалық шағы қатал мiнездi әкеден гөрi ақындыққа бейiм шешесi Ұлданның тәрбиесiнде көбiрек өтедi. Ұлданның өзi ақын болмағанмен өлең-жырды, ескi күйлердi аса жақсы көрiп, құмартып тыңдайды екен. Ұлданның нағашысы Қанадан атақты қобызшы болыпты. М. Жолдасбеков “Жүз жасаған жүрек” атты зерттеуiнде Қанаданның шығу тегiне толық тоқталып өткен. Ал Н. Төреқұлов «Жүз жасаған бәйтерек” еңбегiнде «Қара қобызды Қанадан», -деп Қанадан жайында сөз етедi. Жамбылдың домбыра тартып, ақындық жолға түсе бастаған кезiнде Ұлдан үнемi - «Балама ғана нағашысының өнерi қонған», - деп отырады екен.

Жамбыл Жабаевты әкесi жас кезiнде молдаға оқуға бередi, бiрақ ол қанша оқыса да араб, парсы тiлi араласқан ескi пәнiн оқуынан ешнәрсе өндiре алмайды. Есiл-дертi молдадан, әкесiнен жасырып домбыра тартып, өлең айтуға талпыну болады. Сондықтан, ақын өзi туралы:

Он жаста ойнап жүрдiм бала болып,

Өлеңге бөлдiм көңiл алаң болып - дейдi.

Әке тәрбиесiнен өзiнше бiр ұстап қалғаны жылқы малын бағып, қағуға, асауды үйретiп мiнуге икемдiлiгi, қайраттылығы. “Жамбыл жас кезiнен домбыра мен өлеңге қандай үйiр болса, мықты, асау ат, құнандарды үйретiп, жаратып мiнуге, жылқыны бағуға да аса құмар болады», [3, 56 б] - деп Е. Ысмайыловтың көрсеткенiндей, сол сияқты С. Мұқановтың еңбегiнде жазылған: «Жакең 97 жасына дейiн атына салт мiнiп жүрдi. 1942 жылға дейiн салт атпен Алатаудың биiгiндегi Құлансаз деген жайлауға да шықты. Машинаға мiнiп жүрмiз ғой, -дедi Жәкең 1938 жылдың жазында, үйiне сәлем бере барып отырған үкiмет адамдарына, - бiрақ оның тас жолға, құрғақ жолға, жазық жолға жүйрiк екен. Мен өзiм таудың биiгiн жайлап өскен кiсiмін. Оған шықпай көңiлiм көншiмейдi. Машина бергендерiңе тәңiрi жарылқасын. Ендi маған бiр жақсы ат тауып берiңдер, өзi жорға, өзi жуас ат болсын. - Сол жылы өкiмет сатып әперген күрең жорғаны Жәкең 1944 жылға дейiн мiнiп жүрдi» [8, 97б] деуi дәлелдей түседi.

1. 2 Ж. Жабаевтың ақындық өнерге келуі

Ақын болудың жолы оңай емес, құмарлық, әуестiкпен екiнiң бiрi ақын бола бермейдi, ол жолға түсу үшiн - әке-шешеден, туысқаннан рұқсат, қамқорлық, жәрдем керек. Ел аузындағы жақсы ақындық сөздердi үйренiп жаттап, үлгi алу керек, елге өнерiмен танылған атақты ақынның алдын көрiп, қасына ерiп жүрiп, оның ақындық салтына салыну керек, ең ақырында өзiнiң ақындық өнерiн айтыс арқылы ұлы жиын топ алдында зор сынға салуы керек, - деп Е. Ысмайылов ақынға тән ерекшелiктерге тоқталады. Жамбыл 13-14 жасынан өлең, домбыраға үйiр болып, ауыл арасындағы салт өлеңдердi жаттап, ақындыққа бейiмделiп жүргенде әкесi Жападан:

Өлең мен сөздi дос қылып,

Құрамын ақын санатын!

Батаңды маған бер, әке,

Тiлiме менiң ер әке.

Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы iстептi дер, әке!-

деп рұқсат, бата сұрайды. Бiрақ әкесi Жапа «ақын мен бақсының түбi қайыршылық пен жын қуып, бақсы болып, ел кезгенше қайратты ердiң жолын қуып, мал бақ» деп, ақын болуына рұқсат бермейдi. Н. Төреқұлов еңбегiнде Жабай:

Екейде елу бақсы, сексен ақын,

Жаратып мiнедi екен ерттеп атын

Қобызы, домбырасы үнiн қосып,

Гулейдi жын қаққандай кешке жақын, -

деген Шыбыл шалының мазағы Екейге аз ба?

Ендi сен сексен бiрiншi ақын болмай-ақ қой, -деп қарсылық бiлдiргенiн осылай баяндайды [10, 48б] деп жазды. Сонан кейiн Жамбыл Сарыбайға келiп бата сұрайды:

Сареке, салдым бiр сөз сыныңызға,

Сiздiң сын таразы ғой сырымызға,

Қолыма домбыра алып талап қылдым,

Бересiз қандай баға ұлыңызға?…

Көңiлi бiреулердiң бұлтта жүр,

Бiреулер қара сөздi қамшы қылып,

Қуды мiнiп, құланды құрықтап жүр

Қайсысын маған соның еп көресiз?

Әкетсем өзiм таңдап өкпелерсiз…

Сүйегiмнiң сүйгенiн ойласаңыз

Өлең болсын серiгiң деп бересiз!

Сарыбай Жамбылдың өлеңiн ұнатып, - баланың бетiн қайырма, - деп Жапаға айтып, рұқсат батасын бередi. Бұл ақындық жолға түсудiң алғашқы адымы едi.

М. Жолдасбековтың еңбегiнде Жамбылдың Сарыбайға келiп бата сұрауы:

Жаманның көңiлi көкте, жерде басы,

Алыс қой аңғарағанға екi арасы,

Жақсының өз кейiк, бойы биiк,

Бiрдей ме екеуiнiң мәртебесi.

Бiреулер малымен бәрiн бөктерiп жүр,

Айтқанда ақыл нұсқа жек көрiп жүр.

Көтерiп дүниенiң көң-қоқырын,

Апарып қай щұқырға төккелi жүр?-

деген өлең жолдарымен толықтырылған. Жамбыл 14-20 жастарында өз жанынан өлең шығарып айтудан гөрi басқа ақындардың сөзiн, ел аузындағы өлең-жырды жаттап айтатын. Сонымен қатар қара өлең, күлдiргiлер болатын.

Жамбылдың ақындық жолдағы ең үлкен мектебi Сүйiнбай және оның ақындық, өнерпаздық үлгiсi.

Жамбыл Жабаев бала кезiнде сырттан атағына қанық болып, сөздерiн жаттап жүрсе де, қасына барып өнер үйренуге бiрден бата алмаған. Сөйтiп жүргенде «рамазан» айы туады. Ораза кезiнде «жарапазанды» сылтауратып Жамбыл Сүйiнбайдың ауылына аттанады. Сүйiнбайдың ауылына келiп аттың үстiнде, үйдiң сыртында тұрып өлең айтып қоя бердi. Жамбыл кәрi ақынның назарын аудару үшiн ескi әдет жырларын айтумен қатар өзiнiң тың өлеңдерiн, жаңа ойдың, жаңа мазмұнның сарыны бар өлеңiн айтады. Үйден Сүйiнбайдың әйелi шығып, үйге кiргiзедi. Атақты ақын Сүйiнбай Жамбылды жылы шыраймен, жақсы сөздермен қарсы алып, оның үстiне өзiнiң иығындағы шапанын жабады да:

«Жолың болсын, бақытың ашылсын, балам. Өз өлеңiңдi шығар, бiрақ, оның жұрт жаттап алатын, ешкiм ұмытпайтын өлең болсын, сенiң өлеңiң жеке адамның көңiлiн көтерiп, солардың сүйсiнiп отыратын өлеңi болсын, бүкiл халықтың сүйсiнiп тыңдайтын өлеңі болсын. Көмекейiң емес, жүрегiң сүйетiн болсын. Шындықты айт, әдiлдiктi жырла, көне тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегiңде не болып жатыр, соны аңғар, соны бiл. Сенiң көңiлiң патшаның қазынасынан да байырақ болсын» - дейдi [9, 136б] .

Жамбыл Жабаев Сүйiнбайдың жапқан шапанын өзiне қайырып берiп, маған батаңызды берсеңiз ең үлкен олжа сол дейдi. Сүйiнбай жас ақынның бұл мiнезiне де риза болып, ықыласты ақылын айтып, батасын бердi, -деп Ысмайылов көрсетсе, Н. Төреқұлов еңбегiнде Жамбыл бiр күнi кешқұрым жайлаудағы Сүйiнбай үйiнiң тұсына барды.

Ей-й өлеңiм келдi жол шегiп,

Осынау елге алыстан.

Түн болды, үйге ен дейтiн

Табылмай тұрып таныс жан, -

деп термелей жөнеледi, өзінiң жаңа талап жыршысы екенiн, ел кезiп, жарапазан айтып жүргенiн өлеңдетедi. Ендi бiрде:

Күннiң көзiн жасырар,

Аспанды бұлт торласа.

Елдiң бағы ашылар,

Әдiлеттiк орнаса.

Аяқтан бiреу шалмаса, -

деп Сүйiнбайдың өз сөзiн айтады, - деп Жамбылдың Сүйiнбайдан бата алған жерiн көрсетедi.

Жамбылдың Сүйiнбайдан басқа үнемi кездесiп ақындық өнер жарыстырып, бiрде аға деп сыйлап, үйренiп үлгi алған талай ақындары болды. Бұл ақындар - бiр шетi Найман, Жалайырдан шыққан Түбек, Жанақ, Бақтыбай, Досмағамбет ақындар. Арқадан келген Шөже, Шашубай, Балуан Шолақ ақындар, екiншi шетi Түркiстаннан келген Майкөт, Майлықожа ақындар. Мұндай жүйрiк ақындардан Жамбыл ылғи үйренiп үлгi алғанын жасырмайды.

Сiз бе едi ақын аға Майкөт деген,

Бiр сөзi бiр сөзiнен қайта өтпеген.

Сақылдап сарайыңнан өлең шықса,

Именiп өзге ақындар бәйпектеген, -

деп алғаш көрген Майкөттi құрметпен қарсы алады. Бақтыбаймен кездескенде де:

Қаздай қалпын ерiнбей,

Өлең тердiм жасымнан.

Майкөт ақын Құлмамбет,

Пiрiм едi бас ұрған.

Айтқандары нұсқа едi,

Сөз жаралған асылдан!-

деп, ақын өзiнiң iрi ақындар қатарынан орын алып, үлгi, өнеге көргенiн, жастайынан өлең терiп, асыл сөздiң жолын қуғанын айтады.

Жамбыл Жабаев ақындардың айтысына араласқан кезде қазақ ақындарының айтыс традициясы кең дамып, белгiлi бiр мектепке айналған едi. Осы айтыс дәстүрiнен үлгi алған Жамбылдың өз айтыстарында бiр жаңа ағындық өнер жолына ұмтылудың бетi бар едi.

Жамбыл Жабаев айтыстарының iшiнде аяқталған шығарма - Құлмамбетпен, Сарыбаспен, Досмағамбетпен айтыстары, - деп көрсетедi. Мәселен: Жамбыл Құлмамбетпен айтысында Албан, Дулаттың байлығын, салтанатын айтып мақтанып, Шапырашты - кедей, Сұраншы, Саурық дегендерiң ажалынан жаудан өлген. Өзiң кескiнсiз екенсiң деген сөзiне Жамбыл оған қарсы Шапырашты елiнiң байлығын, Алматының салтанатын мақтай келiп, Сұраншы, Саурықтың өлiмi ерлiк өлiм екенiн, ол ерлердiң жорық тарихын зор мақтан етiп жырлап, байлыққа батырлыққа қарсы қояды. Шапыраштының адамдары елдi жаудан қорғап өлетiн болса, сенiң ағаң Мақсұт ағайынымен ұрысып, аяқ - асты даудан өлдi, сен мақтаған байлардың көк есектей ақырып, елге тигiзетiн түк пайдасы жоқ, айналасын жалмап жеумен келе жатқандар екенiн, олардың бiрде - бiрiн Сұраншы, Саурықтың ширегiне алмаймын, менi қара күңнiң баласы деп кемiтсең, сен өзiң қашып келген ақтабан ұрысың, басында бiр тал қыл жоқ, деп өткiр кемiте жырлайды. Жамбылдың дәлелi басым болып, тоғыз ақынды бiрдей жеңген Құлмамбет жеңiледi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл - жүз жыл өмір сүрген ақьн
ЖАМБЫЛ ЖАБАЙҰЛЫ
Жабаев Жамбыл (1846-1945) — қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы
Жамбыл Жабайұлы - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Жабаев Жамбыл (1846-1945)
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат
Қырғыз бенен қазақтар
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы жайлы
Жамбыл Жабаев қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz