Сұлу сөздің сардары – Сәбит Мұқанов


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 Сұлу сөздің сардары - Сәбит Мұқанов
1. 1 С. Мұқановтың шығармашылық өмірбаяны
1. 2 Еңбекқор қаламгер келбеті
ІІ. С. МҰҚАНОВ ПОЭМАЛАРЫ МЕН ТӨРТТАҒАНДАРЫ
2. 1 С. Мұқанов поэмаларындағы идеялық және эстетикалық мұрат мәселелері . . . 16
2. 2 С. Мұқанов төрттағандарының ерекшелігі . . . 30
Қорытынды . . . 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34
КІРІСПЕ
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің барлық жанрында өнімді еңбек етіп, мол мұра қалдырған қаламгердің бірі - Сәбит Мұқанұлы. Жазушының шығармашылық мұрасы туралы зерттеген ғалым Т. Нұртазин : «Творчестволық жолы кең, дарыны күшті С. Мұқанов қазақ совет әдебиетінің дамуына, марқайып баюына зор үлес қосты. Ол - әрі ақын (жүздеген өлеңдері бар), оннан астам роман, повестер жариялаған және көптеген әңгімелері, очерктері жарық көрген үлкен прозашы; қазақтың драматургиясы мен сахна өнерінің дамуына елеулі сыбаға енгізген драмашы; сын мен әдебиеттану салаларына да күрделі еңбегі бар; екі жүзден астам мақалалары мен бірнеше кітаптар шығарған ғалым».
Даңқы қаламгердің он алты томнан тұратын «Таңдамалы шығармалар» жинағында: «80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, отыз шамалы әңгіме, очерк, повесть, роман, оннан астам пьеса, оқулықтар, монография, зерттеулер» т. т. енуін ескерсек, бұлардың жиынтығынан» тұтас кітапхана жасауға болар еді».
Әдебиет айдынында С. Сейфуллин, Б. Ізтөлинмен бірге шыққан С. Мұқанұлы ұлттық сөз өнерінің кеңестік дәуірде кең қанат жайып, арналы дамуына үлкен үлес қосты. Жазушы сонымен бірге әдебиет кадрларын дайындау мен оларға жүрек жылуын арнағанын «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» атты естеліктер кітабындағы замандастар мен қаламдастар лебізі арқылы көз жеткізсек, С. Бегалин, Х. Бекхожин, А. Тоқмағамбетов, Ә. Нұрпейісов, С. Шаймерденов, Қ. Ергөбек, С. Мақпыров, Р. Тұрысбек т. б. «сүйікті жазушым» деп танып, үлгіұстаз тұтты. Бауырлас ел жазушылары Б. Кербабаев, С. Құдаш, Л. Леонов, Ғ. Ғұлам, С. Маршак, Ш. Айтматов, Р. Ғамзатов, Э. Межелайтес, С. Регимсов, В. Собко, И. Шимкус, Н. Фазылов, т. б. С. Мұқанұлының қалам қуаты мен талантын, достық қарымқатыныстарын жоғары бағалаған [1, 338-348] .
Ақиқатын айту керек, көрнекті қаламгер халық сүйіспеншілігіне опоңай айнала қойған жоқ. Пікір орайында, қаламгердің өмірі мен еңбек жолын еске алсақ, даңқты сөз зергері деңгейіне кедергісіз көтерілмегені көрінер еді.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, С. Мұқанұлы кеңшарында, «Дос» көлі, «Жаман шұбар» жайлауында өмір есігін ашады. Басынан зейнет арылмаған батырақтың отбасында жарық дүниеге келген болашақ қаламгер алты жасында әкеден, жеті жасында шешеден айрылып, кедейліктің қамытын мойынға мықтап іледі. Ауылдағы азулы байлардың малын бағып, есігін күзетеді. Жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан қара таниды. Көңілі сергек, жалы мықты, талапты жас қиссадастандарды жаттап, өлең сөзге жақын болып өседі. «Ақын бала атанып, ойынсауықтарға, айтыстарға қатысады. Жаңашыл мұғалімдер - Ш. Тілегенов, Х. Махметов, т. б. алдын көреді, 19181919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында оқиды. 1919 жылдан партия қызметінде, түрлі салада, атап айтқанда - ауыл мұғалімі (19191920), Ақмола губерниялық партия комитетінде нұсқаушы (19211922), Орынбор раффагінде студент (19221926), Қазақстан мемлекеттік баспасында редактор (19271928), Ленинград университеті мен Москвадағы қызыл профессура институтында студент (19281935), Қазақстан жазушылар ұжымының төрағасы (19361937және 19341952) болды, 19371941 жылдары Абай атындағы педагогикалық институтында (қазіргі университет) профессор міндетін атқарып, көп жылдар бойы республикалық баспасөздерде еңбек етті. 1954 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланады.
Бірінші рет Қазақстан Республикасы Кеңесінің депутаты болды. 1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алып, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.
С. Мұқанұлының өмірі мен шығармашылығы көптеген ізденіс, зерттеу еңбектеріне негіз болды. Олар: «Т. Бейісовтің «С. Мұқанов шығармаларындағы Горький дәстүрі» (1982), А. Нұрқатовтың «Сәбит Мұқановтың шығармашылық жолы» (1956), М. Хасеновтың «Жазушы және өмір» (1960), Б. Манасбаевтың «Сәбит Мұқанов поэзиясының тілі» (1960), С. Мақпыровтың «Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының шығармашылық тарихы» (1975), І. Есхожиннің «Сәбит Мұқановпублицист» (1978), Қ. Ергөбектің «Жан жылуы» (1981), «Сәбит Мұқанов» (1989), Р. Тұрысбектің «Дүниетаным және шығармашылық» (1993), т. т. Даңқты қаламгердің әдеби мұрасы хақында М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, М. Қаратаев, Б. Кенжебаев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, З. Ахметов, Ә. Нұршайықов, С. Досанов, Ә. Кекілбаев, С. Шаймерденов, Ж. Ысмағұлов, т. б. жазушы, ғалымдар маңызды ойпікірлерін айтты.
Академикжазушы С. Мұқанұлы өмірінің соңғы жеті жылын өткізген М. Төлебаев көшесіндегі 125үй бұл күнде мемориалдық мұражай кешеніне айналған. Осында өткізілген «Сәбит Мұқанұлы сабағы» рухани өмір мен дәстүр сабақтастығының көрінісі. Өмір мен өнер заңдылығының ақиқатқа айналған, рухани тіршіліктің ту тіккен тұсы осы. С. Мұқанұлы бұл биікке талант қуатымен, адал еңбекізденістерімен жеткен, нәтижесінде - «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған». Суреткер сыры, талант пен талғамның тұтастық сипаты кешеден бүгінге, болашаққа бет түзеді.
Рухани мұра мәңгілігінің табиғи көрінісі осы.
Курстық жұмыстың мақсаты:
С. Мұқановтың поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін көрсету, поэмаларына талдау жасау. Жазушының төрттағандарының ерекшеліктерін көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
С. Мұқанов поэзиясындағы тақырыптардың жырлануын қарастыру;
С. Мұқанов поэмаларындағы идеялық және эстетикалық мұрат мәселелерін
көрсету;
С. Мұқанов төрттағандарының ерекшелігіне талдау жасау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сұлу сөздің сардары - Сәбит Мұқанов
1. 1. Сәбит Мұқановтың шығармашылық өмірбаяны
Ақын, жазушы, драматург қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, С. Мұқанұлы кеңшарында, «Дос» көлі, «Жаман шұбар» жайлауында 1890 жылы сәуір айының 22інде өмір есігін ашады. Басынан бейнет арылмаған батырақтың отбасында жарық дүниеге келген болашақ қаламгер алты жасында әкеден, жеті жасында шешеден айрылып, кедейліктің қамытын мойынға мықтап іледі. Ауылдағы азулы байлардың малын бағып, есігін күзетеді. Жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан қара таниды. Өзінің неге Сәбит атанғаны туралы ол былай деп жазды: «Мақмет пысықтау боп өскен. Атқамінер Ботпай оны қасына ертіп жүрген. Сондықтан да Мақмет әйелі Динаны біздің елден екі жүз шақырым жерде, Обаған өзенінің бойында тұратын Арғын руынан алған. Динадан Хамит, Сәбит, Ғабит, Баязит, Әшім - бес ұл туды. Менің әкемде қыз боп, ұл болмаған ғой. Көп қыздың артынан мен туғаннан кейін, ескі ауылдың әдетімен: «Мүсіреп - өскен тұқым, баламызға Мақметтің бір баласының атын қояйық», деп ырым ғып, менің атымды Сәбит қояды». Бұл әңгімедегі Мақмет пен Дина қазақтың атақты жазушысы Ғабит Мүсіреповтің әкешешесі [8, 38б] .
Сәбит атаанасынан жастай жетім қалып, ауыл байларының қолында жалшылықта болды. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған болашақ жазушы ел аузындағы жыртолғау, қиссадастандарды жаттап, мақамдап айтуды үйренеді. 1415 жасынан өзі өлең шығара бастайды. Осы бір кездер туралы жазушы «Өмір мектебі» атты естелік кітабында: «Елдің жігіттеріне еліктеп көкпаршы болғым келгенмен, ебім жетпейді, сондықтан ойынтойда менің араласатыным - жігіттердің күресу мен үйде болатын сауықта өлең айту. Осының екеуінде де «кеуде жігіт» аталып жүрдім. Осындай әнге, өлеңге кедей ауылдарға менімен еріп барған тың әндер бағасы, әрине, жоғары болды. Мен «өлеңші жігіт» атандым», деп жазады. Көңілі сергек, жалы мықты, талапты жас қиссадастандарды жаттап, өлең сөзге жақын болып өседі. «Ақын бала атанып, ойынсауықтарға, айтыстарға қатысады. Жаңашыл мұғалімдер - Ш. Тілегенов, Х. Махметов, т. б. алдын көреді.
1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында оқып білімін жалғастырып, оны бітірген соң оқытушы болады. 1919-1922 жылдары әртүрлі қызметте болып: ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді, кулактардың бүліншілігін басу үшін құрылған коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері, Ақмола ГПУнің Көкшетау облысындағы оперативті уәкілі болады. Сәбит Мұқанов бұл жылдар туралы кейін былай деп жазды: «Көкшетау облысының байлары менің қаталдығыма қарап, атымды «Қарабөрік» қойды, олай дейтіні елге мен алғаш қара сеңсеңнен тігілген папаха киіп келгем». 1919 жылдан партия қызметінде, түрлі салада, атап айтқанда - ауыл мұғалімі (19191920), Ақмола губерниялық партия комитетінде нұсқаушы (19211922), Орынбор раффагінде студент (19221926), Қазақстан мемлекеттік баспасында редактор (19271928), Ленинград университеті мен Москвадағы қызыл профессура институтында студент (19281935), Қазақстан жазушылар ұжымының төрағасы (19361937және 19341952) болды, 19371941 жылдары Абай атындағы педагогикалық институтында (қазіргі университет) профессор міндетін атқарып, көп жылдар бойы республикалық баспасөздерде еңбек етті. 1954 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланады.
Бірінші рет Қазақстан Республикасы Кеңесінің депутаты болды. 1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алып, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет елгісі» ордендерімен марапатталады.
С. Мұқанұлының өмірі мен шығармашылығы көптеген ізденіс, зерттеу еңбектеріне негіз болды. Олар: «Т. Бейісовтің «С. Мұқанов шығармаларындағы Горький дәстүрі» (1982), А. Нұрқатовтың «Сәбит Мұқановтың шығармашылық жолы» (1956), М. Хасеновтың «Жазушы және өмір» (1960), Б. Манасбаевтың «Сәбит Мұқанов поэзиясының тілі» (1960), С. Мақпыровтың «Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының шығармашылық тарихы» (1975), І. Есхожиннің «Сәбит Мұқановпублицист» (1978), Қ. Ергөбектің «Жан жылуы» (1981), «Сәбит Мұқанов» (1989), Р. Тұрысбектің «Дүниетаным және шығармашылық» (1993), т. т. Даңқты қаламгердің әдеби мұрасы хақында М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. тәжібаев, М. Қаратаев, Б. Кенжебаев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, З. Ахметов, Ә. Нұршайықов, С. Досанов, Ә. Кекілбаев, С. Шаймерденов, Ж. Ысмағұлов, т. б. жазушы, ғалымдар маңызды ойпікірлерін айтты.
Академикжазушы С. Мұқанұлы өмірінің соңғы жеті жылын өткізген М. Төлебаев көшесіндегі 125үй бұл күнде мемориалдық мұражай кешеніне айналған. Осында өткізілген «Сәбит Мұқанұлы сабағы» рухани өмір мен дәстүр сабақтастығының көрінісі. Өмір мен өнер заңдылығының ақиқатқа айналған, рухани тіршіліктің ту тіккен тұсы осы. С. Мұқанұлы бұл биікке талант қуатымен, адал еңбекізденістерімен жеткен, нәтижесінде - «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған». Суреткер сыры, талант пен талғамның тұтастық сипаты кешеден бүгінге, болашаққа бет түзеді. [4, 23б]
Жазушының алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері 1922 жылдан жариялана бастайды.
Сәбит Мұқановтың түп нағашысы Жабайдың әкесі Байғұлы деген кісі ауқатты, бірақ есеп білмейтін кісі болыпты. Неше қойы болса, дорбаға сонша қойдың кепкен құмалағын салады екен. Қанша қойы өлсе не қаншасын сойса да сөйтеді. Қой қоздаса қатыны бала тапқандай қуанып сонша құмалақты үстеп салып, қойы жоғалса, бірнеше күн қабағы түсіп, үй ішін бір шыбықпен айдайтын жан болыпты.
Сәбит Мұқанов Омбыдан оқудан келе жатып осы нағашысының үйіне түседі. Сол кісі Сәбиттен аталарын сұрайды. Жиені білгенін айта бастайды: әкем Мұқан, оның әкесі Шүкей, оның әкесі Бектемір, оның әкесі Байбарақ, оның әкесі Сырымбет, оның әкесі Отарбай, оның әкесі Қосай, оның әкесі Сибан, оның әкесі Танаш . . .
- Біледі екенсің. Ар жағын айтпайақ қой, дейді Жабай сөзін бөліп.
Кездесу барысында нағашысы Сырымбет тауы туралы қызық әңгіме айтып береді: «Атай Сырымбеттің әкесі Қосай батыр болған екен. Кіші жүз бен Орта жүз жайлауға таласып соғысқанда, кіші жүздің ханы Әбілқайырды найзаға шаншып өлтіретін сол Қосай екен. Орта жүздің ханы Абылай Қосайдың бұл ісіне риза болады да: «Сен осы тауды мекенде», деп Өркешті аталатын тауды береді. Сол жылы Қосайдан екі ұл туады. Оның нағашысы ұлы жүз Дулат руында, Сырымбет аталатын елде екен. Қосай баласына сол Сырымбет атынқояды да, орныққан тауын да баласының атымен Сырымбет атайды».
Ол жерге Абылайдың орнына келген баласы Уәли қызығып, Сәбит
Мұқановтың аталарын күшпен қуады. Сырымбеттен қуылған соң жазушының аталары Мәуліт деген жерге қоныстанған. Бірақ, ол жерден де кетуге мәжбүр болады. Бұған себеп, қара тұқымынан шыққан төрт аға сұлтанның бірі - Зілғара Қаратокин. Ол патшаға өте жағымды болып, түрлі шен, грамоталар, дворян атағын алған. Қазақтан бірініші болып меншікті жер кесіріп алған да сол. Патшаға сүйенгендіктен, момын халыққа істемеген қиянаты жоқ кісі болған.
Сәбит Мұқановтың үшінші атасы Бектемірдің Бекқара, Тоққара деген
інілері болады. Бекқара балуан болған екен. Әкелері Байбарақ ертерек қайтыс болады да, балалары жетім қалады. Сол кезде Зілғара Қаракотин Баянауыл дуанындағы бір байға қарындасын ұзатпақ болады. Ол заманның байлары мен шонжарлары ұзатқан қызына берілетін бай жасау мен көп көлікке қоса құлдық пен күңдікке жетім ұлдар мен қыздарды беретін. Сонадай жетімдердің біріне Зілғара Бектемірден кіші інісі Тоққараны сұрайды. Бектемір бермейді. Күші жетіп тұрған бай бермеуіне қарасын ба, тартып алады да, қызының жасауына қосып, беріп жібереді.
Бектемір момын кісі екен, ал оның інісі намысқой және балуан Бекқара кішкене інісін тартып ала алмай, әрі қалып қоюға шыдамай, ұзатылған қыздың көшіне ілесіп еріп кете барады.
Қызды алған жақ ұланасыр той жасайды да, балуан күреспен жүйріктің бәйгесіне тіккен «қасқа тоғыздың» ішіне қызбен барған жетімдерді қосады. Сол тойда бас балуанның бәйгесі ретінде Тоққара тігіледі. Белдесуге Бекқара түседі де, абырой болғанда қарса балуанды жығып кетіп, інісін өзі бәйгеге ұтып алады.
Сәбит Мұқановтың атасы Бектемірдің бес баласына байланысты «Бес алма» деген ән де шыққан:
Бір ағашта бес алма,
Мен де алмаймын, сен де алма.
Ауылың шалғай кеткенде,
Түстің сәулем, не халге?
Әннің шығу тарихы мынадай. Бектемірдің бес баласының шаруасы шағын демесе, ешкіммен ат та, ас та сұрамаған, өздерінікі өздеріне мол жеткен әулет болған. Үлкені мен кішісінің арасы көп болса он жас болған, тетелес өскен ағайындылар. Бесеуі де бойшаң көрікті болған. Үлкені Омар мал бақса, кейінгі Оспан аздап орысша оқыған, өткір, заңшылт кісі, Мүжән - қазанбұзар тентек, тік мінез, басынан сөз асырмайтын, төртіншісі Сәбит Мұқановтың атасы Шұкей болса, ойынсауықтан басқа жұмысы жоқ, атты жақса мінетін, киімді жақсы киетін, көмей біткеннің әншісі, саусақ біткеннің домбырашысы, өлеңді жанынан суырып салып айта беретін ақын, кенжесі - Смайыл тоқал баласы, тілі сәл кештеу болыпты. Одан Қасым дейтін жалғыз бала қалған.
Інілері Омарды әкелеріндей сыйлаған. Тек қана Омар келіншегін қалың беріп алған екен. Оспан мен Мүжән қызды алып қашып заң білетін Оспан орысты паналап төркініне теңдік бермеген.
Омар келіп Жабайдың апасы Қағазды Шүкейге айттырады. Шүкей Қағазды алғаннан соң да жігітшілігі доғармай, салдық құрып, ел кезіп кетеді. Үйіне келсе қызбозбаланы жинап, жасайтыны сауық. Сонда Қағаз әйшәй деп үн қатпайды. Шүкейдің бұнысына Қағаздың бауырлары малшы Бабай да, ынжық тәте де ештеңе демеген.
Қағаз ағасы, Байғұлының балаларының ішіндегі ең байы Бабай кескіні мен тұлғасы әкесінен аумаған ахметке өскен соң Балтакерей Бәйтілеудің Балсары деген қызын әпереді. Төртбес ұлдың артынан сүт кенже болып туғаннан соң атын Балсары қойған. Он алты жасында келін болып түскен Балсары Ахметтен бірнеше құрсақ көтерсе де, бәрі қыз болып, екуі өліп жалғыз қыз қалады. Бабай баласыз болды да, Азметтен ұл туса, асырап алмақ болып дәмеленіп қыздың атын Дәмелі қояды. Бірақ, Ахмет 25 жасында жөтел пайда болып, 27 жасында қайтыс болды. Өлгеннен кейін қазақтың әмеңгерлік ғұрпымен Балсарыны Мұқанға қосқан. Мұқан биік бойлы, балуан денелі, ашаң өңді, қараторы кісі болатын.
Сәбит Мұқанов әкесі мен анасына бірдей ұқсаған. Нағашысы Жабай: «Анаң орта бойлы, жалпақтау дөңгелек кескінді, кішкене мұрынды, көзі де кішілеу еді, сен шешеңе тартқанға ұқсайсың. Бірақ сенің түрің қоңырлау екен, шешең ақсары кісі еді», деп отырады екен.
Сәбит ағамыз бен Мәриям апамыздың Арыстан, Марат, Ботажан атты ұлдары, Жанна, Баян есімді қыздары бар. Барлығы да жоғары білім алып, қоғамның белді бір мүшесіне айналған азаматтар. Әсіресе, Марат Сәбитұлын көпшілік тарих ғылымдарының докторы, «Қазақ киіз үйі» атты ғылыми еңбектің авторы ретінде жақсы таниды [10, 45б] .
1. 2 Еңбекқор қаламгер келбеті
С. Мұқанұлы өзімен тұстас, қанаттас, сапарлас болған қаламгерлер секілді әдебиет әлемінде ақын ретінде белгілі болды. Қазан төңкерісіне дейінгі он жеті жыл өмірін «қозышы, қойшы, жалшы, арқаға талай тиген улы қамышы» кейпінде өткізген жас Сәбит халықтық жыршежірені, хиссаны жаттап өсті. «Өмір мектебі» арқылы таныс - «Сұлушаш» эпосын жатқа білді. Айтыстарға қатысып, ойынсауықтарда бозбалаларға арнап өлең жазды. Өлеңөнермен өмірін өрнектеуге талап жасады. Бұл талап, ізденіс ақын шығармаларының өн бойында кең өріс алып, өзіндік арна алды. «Сәбит Мұқанов, деп жазды Б. Кенжебаев, құлашы үлкен, қармауы мол, тынысы кең ақын: өлеңдерінің тақырыбы сан алуан, күрделі, маңызды. Қазақ халқының Октябрь революциясынан бергі қоғамдық өмірінің Сәбит назары түспеген, Сәбит сөз қылмаған жайы, жырламаған маңызды көкейкесті мәселелері жоқ».
Айталық, көпшілік алдында оқыған тұңғыш өлеңінде:
Біреу шат, неге біреу қайғызарда,
Неге байлық бір емес барлық жанға.
Өткізіп бастан қайғы барлық жанның,
Нашарды жетілдірер күні бар ма!
- деп өмір сырын, кедейкемтарлар мен байдәулеттілердің ара қатынасына
өздігінше жауап іздейді.
Ақынның алғашқы өлеңдерінің бірі - «Көңілімде» (1917) ел өміріндегі ауыр хал, нашар тұрмыс суреттеледі. Адам ойы, көңілі арқылы берілген өлең жолдарынан кедейлік қамыт пен қысқа қолдылықтың терең тамырлары, әуелгі негіз арналары айқын аңғарылады. Ол туралы:
Мақсатыңа іздеген,
Таба алдамадың, жетпедің.
Қылышын алап кезенген,
Нашарлықтан өтпедің,
- десе, сағымөмір, тұманкөңілді серпілту үшін:
Қой, сен бүйтіп қамықпа,
Ілгері ұмтыл талап ет.
Шығаруға айдай жарыққа,
Қайраттанып бол өжет!
- дейді.
Өлеңінде өнерге айналған өмір, сол арқылы адам мен оның ісәрекетіне,
келешек көріністеріне үн қату, көзқарас білдіру бар.
С. Мұқанұлының алғашқы өлеңдерінде еңбекшілер тұрмысы, байфеодалдардың, қожамолдалардың кескінкейіптері кеңінен суреттеледі. Жаңа заман, еркіндікті жырлау алғашқы кезекте көрінеді. «Бостандық» атты өлеңінде (1919) «Ақысыз, пұлсыз бір аяқ асқа жұмыс қып» жүрген қазақ кедейкемтарларының жайкүйін:
Көріп ылғи ауыр тұрмыс қиынын,
Көк желке боп, салбырап екі иығың,
Өмір бойы жүрсең дағы құлдықта,
Шығып көрген жоқты сенің бүйірің.
Өзің адам, тұрмысыңда мал едің.
Тырнағына жуандардың ілігіп,
Азаттыққа өмірінше зар едің,
- десе, енді бірде «Еңбек етсең білім, өнер сенікі» деп, «Өміркүреске»
шақырады. «Ауыр халге амалсыздан көнген» жалшылардың азаттықты аңсауы, еркіндік жолындағы күреске шығуы нанымды әсер етеді. Ол туралы:
Бұл бостандық көктен бізге келмеді,
Ешкім және сыйлап бізге бермеді.
Мұнда қазір ортағы жоқ өзгенің,
Бұл бостандық - жұмыскердің жеңгені,
- дейді.
Өмірдің сансалалы қыры мен сыры, бай баласы мен кедей баласының
артықкем тұстары қалың бұқараның танымбөлігі арқылы жеткізіледі:
Пәленше жан, түгенше жан - барлығы,
Бәрі әулие сондағысы бай ұлы.
Менақ жаман, сонда менің айыбым
Кедей қылып жараттымыс «тәңірі».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz