Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақстанның климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Биологиялық сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3 Рекрациондық ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Солтүстігінде қоңыржай суық, оңтүстігінде қоңыржай жылы. Республикамыздың климатының континенттілігі темпиратураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатынынан байқалады.
Қазақстанның биологиялық суларына келетін болсақ рельефі мен климатының әр түрлі болуына байланысты жер бетінің ағын сулары да біркелкі бөлінбеген. Шөл далаларда өзен өте аз да, солтүстік бөлігі мен таулы өңірлерде анағұрлым көп. Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзен бар. Өзендердің көпшілігі Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш теңіз, Шалқар, Қарасор көлдерінің ішкі тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері ғана Обь өзені алабына қосылады. Каспий теңізінің алабының ірі өзендері – Жайық пен Жем, Арал теңізінің алабының ірі өзені – Сырдария. Балқаш көліне оңтүстігінен Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері, солтүстігінен Аякөз, Бақанас, Тоқырау өзендері теңіз көліне құяды. Қазақстандағы едәуір үлкен өзендердің бірі – Нұра өзені және кіші-гірім сай – жыралармен уақытша ағатын сулар құяды. Шағын өзендердің – Ырғыз, Торғай, Сарысу, Шу алаптары тұйық ағын су аймағын құрайды. Жазықтағы қар суымен қоректенетін өзендер көп, олар көктемде тасиды, көбі жазғы маусымда құрғап қалады. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында ағысын таудан алатын өзендер көп. Бұл өзендер көктемде және жазда тасиды. Таудан ағатын өзендердің суы мол болады және халық шаруашылығы үшін олардың маңызы өте зор. Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар, олардың жалпы аумағы 45 мың км2. Аумағы жағынан 100 км2 – ден асатын көлдер – 21. Олар: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Құсмұрын тағыда басқа көптеген көлдерден әр түрлі тұз өндіріледі. 30 – дан астам көлдің шипалы сазы және тұзды суы (ропа) бар.
Рекреация – күш жинау, яғни еңбек етіп шаршағаннан кейін адамдардың тынығып, емделу арқылы күшін қалпына келтіруі. Демалыс үйлері, туристік қоймалар, санаторийлер шоғырланған жерлерді рекриациялық аудандар деп атайды.
1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 8 том.
2. Ұ. Есназарова, Қазақстанның физикалық географиясы.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университет

Экономика және минералды ресурстарды басқару кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық
аудандар

Орындаған: Жүнісова Д.
тобы ОҢ – 03 -1к
Тексерген: Маймаков М.Т.

Алматы 2004
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақстанның
климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..4
1.2 Биологиялық
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...4
1.3 Рекрациондық
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 16

Кіріспе

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Солтүстігінде қоңыржай суық,
оңтүстігінде қоңыржай жылы. Республикамыздың климатының континенттілігі
темпиратураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз
жауатынынан байқалады.
Қазақстанның биологиялық суларына келетін болсақ рельефі мен
климатының әр түрлі болуына байланысты жер бетінің ағын сулары да біркелкі
бөлінбеген. Шөл далаларда өзен өте аз да, солтүстік бөлігі мен таулы
өңірлерде анағұрлым көп. Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзен бар.
Өзендердің көпшілігі Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш теңіз, Шалқар,
Қарасор көлдерінің ішкі тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобыл
өзендері ғана Обь өзені алабына қосылады. Каспий теңізінің алабының ірі
өзендері – Жайық пен Жем, Арал теңізінің алабының ірі өзені – Сырдария.
Балқаш көліне оңтүстігінен Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері,
солтүстігінен Аякөз, Бақанас, Тоқырау өзендері теңіз көліне құяды.
Қазақстандағы едәуір үлкен өзендердің бірі – Нұра өзені және кіші-гірім сай
– жыралармен уақытша ағатын сулар құяды. Шағын өзендердің – Ырғыз, Торғай,
Сарысу, Шу алаптары тұйық ағын су аймағын құрайды. Жазықтағы қар суымен
қоректенетін өзендер көп, олар көктемде тасиды, көбі жазғы маусымда құрғап
қалады. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында ағысын таудан алатын өзендер
көп. Бұл өзендер көктемде және жазда тасиды. Таудан ағатын өзендердің суы
мол болады және халық шаруашылығы үшін олардың маңызы өте зор. Қазақстанда
48 мыңнан астам көл бар, олардың жалпы аумағы 45 мың км2. Аумағы жағынан
100 км2 – ден асатын көлдер – 21. Олар: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз,
Құсмұрын тағыда басқа көптеген көлдерден әр түрлі тұз өндіріледі. 30 – дан
астам көлдің шипалы сазы және тұзды суы (ропа) бар.
Рекреация – күш жинау, яғни еңбек етіп шаршағаннан кейін адамдардың
тынығып, емделу арқылы күшін қалпына келтіруі. Демалыс үйлері, туристік
қоймалар, санаторийлер шоғырланған жерлерді рекриациялық аудандар деп
атайды.

1 Қазақстанның климаты

Климаты мұхиттардан шалғай жатқандықтан, территориясының орасан
үлкендігінен және орографиясының ерекшелігінен тым континенттік болып
келеді және зоналарға ажыратылады. Оңтүстікте орналасуы мен бұлттың
аздығынан күн радияциясы мол болады. Күн сәулесі түсетін уақыттың ұзақтығы
солтүстігіндегі 2 000 сағаттан оңтүстігінде 3 000 сағатқа дейін жетеді.
Жиынтық радиация солтүстігінен оңтүстігіне қарай 100 ккалсм2 –ден 140
ккалсм2 – ге дейін артады. Солтүстігінде қыс суық әрі ұзақ болады, орталық
бөлігінде қоңыржай суық, оңтүстігінде негізінен қысы қысқа әрі қоңыржай, ал
қиыр оңтүстігінде қыс жұмсақ болып келеді. Қаңтардың орташа температурасы
солтүстігінде - 18° С, ал жазық бөлігінің қиыр оңтүстігінде - 3° С. Қыста
солтүстік пен солтүстік – батыстан континенттік арктикалық суық ауа
массаларының келуіне байланысты Қазақстанның солтүстік және орталық
аудандарында 45° С – қа дейін жететін аяздар болады, оңтүстік бөлігінде
кейде аяз - 35° С – қа дейін барады.
Жазық өңірлерде жаз ұзақ әрі құрғақ. Жазғы маусым солтүстігінде жылы,
орталық бөлігінде өте жылы, ал оңтүстігінде өте ыстық болады. Шілде айының
орташа температурасы солтүстікте – 19° С –тан оңтүстігінде – 28 – 30° С –
қа дейін артады. Тауларда жаз қысқа, қоңыржай, қыс біршама жылырақ болады.
Жауын – шашын аз. Жауын – шашынның орташа жылдық орташа мөлшері орманды
алқапта 300 – 400 мм, далалық аймақта 250 мм – ге дейін кемиді. Сарыарқада
300 – 400 мм-ге дейін қайта артады, ал шөл және шөлейт аймақтарда 200 – 100
мм-ге дейін азайып кетеді. Әсіресе, Балқаш маңында, Арал маңы Қызылқұмның
оңтүстік – батысында, Үстірттің оңтүстігінде жауын – шашын өте аз болады
(жылына 100 мм-ге жетпейді). Тау бөктері мен тауларда жылына 400 мм-ден
1600 мм-ге дейін жауын – шашын түседі. Жауын – шашынның мол түсетін кезі
солтүстік пен орталық бөлігінде жаз айлары, оңтүстігінде ерте көктем.
Қазақстанның барлық территориясында дерлік күшті жел соғады. Қыста
солтүстігінде оңтүстік – батыс желдері, оңтүстігінде солтүстік – шығыс
желдері, ал жазда барлық жерлерде солтүстік желдері басым. Өсімдіктің өсіп
- өнетін мерзімінің ұзақтығы солтүстігінде 190 – 200 күн, оңтүстігінде 230
– 290 күн.

1.2 Қазақстанның биологиялық сулары

Қазақстан өзендері

1. Өзендердің маңызы. Республикамыздың ішкі суларына оның аумағындағы
сулардың барлық түрлері, яғни көлдер, өзендер, жер асты сулары мен
мұздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларанаң әртүрлі болуынан
еліміздің өзендері әртүрлі орналасқан. Климаты құрғақ шөл және шөлейт
зонада өзен, көл аз, ал жауын – шашын біршама мол жауатын орманды дала
зонасы мен ьиік таулы аймақтар ағын суға бай. Өзен сулары адамдардың
тұрмысына қажетті судың – шаруашылық пен су көлігі үшін арзан энергия көзі
болып табылады.
2. Өзендердің жүйелері мен алаптары. Қазақстанның барлық өзендері
негізінен екі алапқа: Солтүстік Мұзды мұхит алабы және ішкі тұйық көлдер
алабына жатады.
Солтүсті Мұзды мұхит алабы. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын
өзендер Сауыр – Тарбағатай және Алтай тауларынан, Сарыарқадан және Оңтүстік
Орал тауының оңтүстік – шығысынан басталады.
Ертіс – Солтүстік Мұзды мұхит алабының өенң, ол Қытай жеріндегі
Моңғол Алтай тауының батыс беткейінен Қара Ертіс деген атпен ағып шығып,
Зайсан көліне құяды. Дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы
4248 шақырым, ал Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 шақырым. Зайсан көлі мен
Бұқтырма бөгенінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тар тау
аралығымен өтіп, Өскемен қаласына жеткенше тар шатқал арқылы ағады. Ертіс
өзеніне көптеген салалар келіп құяды. Ертіс өзені Семей қаласы тұсында
жазықтыққа шығып, нағыз жазықтықтағы өзенге айналады. Ертіс – аралас
қоректенетін өзен. Салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен
мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты сулары мен жауын – шашыннан
қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады. Ертіс Ресей жеріне
жылына 28 млрд. текше м. Су алып барады. Сарыарқа өлкесін тұщы сумен
қамтамасыз ету үшін Ертіс – Қарағанды каналы салынған. Оның ұзындығы 490
шақырым. Қазақстан жерінде Ертістің басынан сағасына дейін кеме жүруге
қолайлы. Ертіс суы арзан электроэнергиясын өндіруге пайдаланылады. Ертісте
бірнеше су электр станциялары салынған. Өскемен және Бұқтырма СЭС – інен
өндірілетін энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары пайдалануда.
Ертіс балықтың кәсіпиік маңызы бай түрлеріне бай. Онда шоқыр, бекіре,
лақа, аққайран, шортан, сылан, қара балық, алабұға т.б. түрлері ауланады.
Ертіске Республика шегінен шыққаннан кейін екі өзен келіп құяды. Олар –
Есіл мен Тобыл өзендері. Есілдің ұзындығы 2450 шақырым, ал Тобылдың
ұзындығы 1591 шақырым, көктемде тасып, жазда суы азаяды. Жылдық орташа су
шығыны: Есілдікі – 61 текше мсек, Тобылдыкі – 18 текше мсек.
Су шығыны дегеніміз – белгілі уақыт ішінде өзеннің көлденең қимасынан
ағып өткен су мөлшері. Су шығыны өзеннің көлденең қимасының ауданы мен ағыс
жылдамдығының көбейтіндісіне тең. Өзендердің су шығыны жыл бойы шұғыл
өзгеріп отырады. Ең көп шығын су тасу немесе тасқын кезінде болады. Жыл
бойындағы өзеннің су шығынын жылдық ағын деп атайды. Ертістің жылдық ағыны
Обьқа құяр жерінде 28 млрд. текше м.
Есіл мен Тобыл өзендері – Қазақстанның солтүстік аймақтарынан басып
өтіп, Ертіске құяды.
Есіл өзені Қазақтың үсақ шоқысының солтүстік – шығыс бөлігінен
басталады. Оның бірнеше салалары бар, олар жазда құрғап қалады. Есңл Ақмола
маңынан өткенде тайызданып, тіпті кей жерлерде ағысы тоқтап қалады. Есіл
өзені Көкшетау маңында бірнеше салаларды қосып алып, әдәуір суы мрл өзенге
айналады. Батыс Сібір жазығына барғаннан кейін Петропавл қаласы маңынан кең
арналы жазықтағы өзенге айналады. Су деңгейінің ең төмен кезі қыс айларында
болады.
Өзен кіші гірім кемелердің жүзуіне қолайлы. Шағын катерлер өзен
бойымен Петропавлдан 270 шақырымға жоғары көтеріле алады. Дегенмен жазда
судың тайыздығынан кемелер үнемі жүзе бермейді. Есілде кемелер жүзуге
қолайлы болу үшін және сол аймақты суландыру үшін Сергеевка, Вяземка
бөгендері салынды. Онда көктемдегі еріген су жиналады. Бұл Есіл өзенінің
ағынын бір қалыпқа салады.
Қазақстан жерінде Тобыл өзенінің тек бас жағы ғана ағады. Ол Оңтүстік
Оралдың шығыс беткейінен басталады да, жолында Торғайдың төрткүл өлкесінен
сала қосып алады. Тобыл өзені қоректену жағынан Есілге ұқсас. Тобылда да
судың молаятын кезі, Есілдегі сияқты – көктем, ал судың аз кезі – қыс.
Тобылдың суы халықтың тұрмыс қажетіне және шаруашылықта пайдаланылады.
Тобылда Қызылжар, Амангелді бөгендері салынған.
Бұқтырма өзені – Ертістің оң жақ саласы. Бұл Оңтүстік Алтайдың
мұздықтары мен қорынан басталады. Бұқтырма – жағасы жартасты, арнасы
шоңғалды, ағыны қатты нағыз тау өзені. Бұл Ертістің ең суы мол саласы. Өзен
суының тасуы мамырдың аяғынан шілдеге дейін созылады. Су деңгейінің ең
жоғарғы кезі – маусым айы да, ең аз кезі – қыста. Өзен ағаш ағызуға қолайлы
және электр энергиясын өндірудің көзі болып есептеледі.
Бұқтырма өзені өте әдемі жерлерден ағады. Оның аңғары тау аралап
өтеді. Өзеннің әрбір бұрылысы табиғаттың көркем көрінісін бейнелейді.
Өзеннің жағалауларында биіктігі 100 – 200 метрге жететін жартасты, тік
құлама беткейлі таулар бар. Ағаштар мен бұталар тау етегіне дейін өсіп,
өзенге келіп тіреледі де, өзен ағысының баяу жерінде оның мөлдір әдемі
сәулелері түсіп тұрады.
Үлбі және Оба өзендері де ағаш ағызуға әрі электр энергиясын өндіруге
пайдаланылады.

Каспий теңізі алабы

Бұл алапта өзен тарауы сирек және маусымды, уақытша ағатын өзендер.
Суы тұзды келеді. Ең ірі өзені – Жайық. Жайық өзені Орал тауынан басталып,
Батыс Қазақстанды кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы
2428 шақырым, оның 1107 шақырымы қазақ жері арқылы ағады. Өзеннің төменгі
бойы Каспий маңы ойпаты арқылы өтетіндіктен, ағысы жай, кең арналы жазықтық
өзен. Суы сәуірдің екінші жартысында тасып, мамыр бойы мол сулы болады.
Тасыған кезде арнасынан шығып, кең жайылып кетеді. Бұл өзенде бағалы бекіре
уылдырық шашады. Жем өзені Мұғалжар тауынан басталып, Каспий теңізіне
құяды. Өзен аңғары жақсы қалыптасқан, суын мұнай кәсіпорындары мен егін
суаруға пайдаланады. Көктемде тасиды да, кей жылдары Каспийге жетпей сорға
сіңіп кетеді.

Арал теңізінің алабы

Арал теңізінің алабы өзен торы сирек шөл зонасында орналасқан.
Қазақстан аумағы арқылы тек Сырдария ағып өтеді. Сырдария өзені Қазақстан
жерінен тыс Орталық Тянь – Шань тауларынан басталады. Жоғарғы ағысында
бірнеше сала келіп құяды, ал республика жерінде Арыс және Келес өзендері
құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2210 шақырым, оның 1400 шақырымы республика
жерінде құмды аңғармен ағып өтеді. Арналары иректелген, айнала қоршалған
ортадан көтеріңкі, тез жайылатын лесті – саздақты жыныстарды шайып әкетеді.
Ағын судың тау жыныстарын шайып, ағызып әкету процессін өзен эрозиясы деп
атайды. Бастауы еңіс келетін тау өзендерінде ағыс жылдам болып, өзеннің
арнасы тереңдейді, орта және төменгі ағыстарында су ағызып әкелген малта
тас, құм, тұнба шөге бастайды. Бұл тасқындарды аллювий деп атайды. Ұзақ
уақыт бойы өзен суы арнасын тереңдетіп, бірте – бірте өзен деңгейі тасыған
кезде бұрынғы ескі арнасына көтерілмей қалады. Өзеннің суы көтерлмеген ескі
арнасын терраса деп атайды. Өзенмен тасымалданатын қатты заттың бәрін қатты
ағын деп атайды. Сырдария өзенінде қатты ағын жылына 100 млн. т. шамасында.
Өзендердің қатты ағынын зерттеудің іс жүзінде зор маңызы бар. Өзен
тасқындары суару каналдарын бітеп, су құбырларының жұмысын қиындатады.
Соңғы жылдары Сырдарияның суларын түгелдей шаруашылықтың салаларына
пайдалануға байланысты өзеннің суы Арал теңізіне жетпей тартылып қалады.
Сырдария өзенінде Қазақстан жерінде Шардара су қоймасы, Қызылорда богеті
салынған. Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кішірек көлдерге құйып,
кей жылдары арналары кеуіп қалады.

Балқаш – Алакөл алабы

Балқаш көліне құятын өзендер Тянь – Шань тауы мен Жоңғар Аалатауынан
басталады. Жоғарғы ағысында қатты тау өзені – Іле Балқашқа құятын
өзендердің ішіндегі ең ірісі. Қапшағай су қоймасынан кейін Іле жазықтық
өзенге айналады. Жоғарғы және орта ағысында оған бірнеше сала құяды. Олар –
Шарын, Шелек, Қаскелең өзендері. Қаскелең өзенінің салалары Үлкен Алматы
мен Кіші Алматы өзендері бойында Алматы қаласы орналасқан.
Іле – аралас су жинайтын, ұзындығы жөнінен Қазақстандағы үшінші өзен.
Жалпы ұзындығы 1439 шақырым, қазақ жеріндегі ұзындығы 815 шақырым. Суын
егін суаруға, Қапшағай СЭС-і арзан электр энергиясын өндіруге пайдаланады.
Іле аралас су жинайтын өзендер қатарына жатады. Онда су тасу ұзаққа –
сәуірдің аяғынан тамызға дейін созылады. Таудағы қар мен мұздықтардың
еруінен жазда өзен суы мол болады. Күзде биік тауларда салқын түскен соң,
өзеннің су деңгейі төмендейді. Іле алабындағы тау өзендерінде тасты – лайлы
тасқындар (селдер) жиі болып тұрады. Тасқындар жолында тау беткейлерін
бұзады, өзен арнасын өзгертіп, көпірлер мен құрылыстарды қопарып, халық
шаруашылығына зиян келтіреді. 1963 жылғы шілденің 7 – сінде орасан зор сел
әдемі Есік көлінің табиғи бөгетін бұзып, көлді жойып жіберді. Соңғы кезде
су эррозиясымн күрес жүргізіліп, түрлі шаралар қолдануда. Масыла, тау
беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғыып, сімдіктер өсіріледі,
бөгеттер салынады.
Медеуде, Кіші Алматы өзенінде қуатты жарылыстың көмегімен үлкен бөгет
(биіктігі 100 м-ге, табанының ені 600 м-ге жуық) салынады. Ол Алматы
қаласын 1973 жылғы шілдеде болған селден сақтап қалды.
Іле өзені Қытай шекарасына дейін және ағысының біраз жоғары жеріне
кеме қатынасы қолалы. Іле салаларының суы егін суаруға пайдаланылады, оның
үстінде мұнда электр станциялары салынған.
Іле өзенінде де ірі СЭС салынды, Қапшағай шатқалы маңында салынған
бөгет үлкен су бөгенін жасады.
Қаратал өзені – Балқаш көлі алабындағы екінші ірі өзен. Қаратал
Жоңғар Алатауы жоталарынан басталады. Ол – жоғарғы ағысы мен салалары терең
және аңғарлары тар, ағысы қатты тау өзені. Таудан шыққан соң, төменгі
ағысында өзен құмды жазықпен ағады. Өзеннің аңғары кеңейеді де, беткейлері
көлбеуленеді. Іле сияқты Қаратал да Балқашқа кең атырау жасап, бірнеше
тарамдарға бөлініп барып құяды. Ол – аралас су жинайтын өзен. Өзен таудағы
мұздықтар мен қардың еруінен, сондай-ақ көктемдегі жаңбырсуынан кейін
тасиды. Тасуы сәуірдің аяғынан шілдеге дейін созылады. Өзен суының деңгейі
ең көп көтерілетін кезі маусым айы, ең төмен түсетін кезі – қыс. Қаратал
егін суаруға пайдаланылады.
Аякөз өзені. Сарыарқадан басталып, Балқашқа қарай ағатын көптеген
шағын өзендердің ішінен тек Аякөз өзені ғана Балқашқа жетеді. Аякөз
өзенінің суы Тарбағатай, Қалба және Шыңғыстау жоталарының түйіскен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау өңіріндегі экожүйелер компоненттерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын экологиялық сараптау
Қазақстанның жер қорлары. Табиғи-мелиоративтік мониторинг
Алматы облысының физикалық - географиялық сипаттамасы географиялық орны
Жамбыл облысының топырағы әралуан
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Топырақтың ластануы Топырақты қорғау Топырақ рекультивациясы Топырақ ремидиациясы
ҚР-дағы жасанды және табиғи экожүйе
Сахара шөлі
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Көкшетау қаласының жалпы физико-географиялық сипаттамасы
Пәндер