Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының экономикалық-географиялық сипттамасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Экономикалық және әлеуметтік география кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПТТАМАСЫ

Орындаған: Керімбекова М. И

4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

ғ. к., аға оқытушы Ақашева Ә. С.

Норма бақылаушы:

аға оқытушы Ғабдолла О. Ж.

Қорғауға жіберілді

“ ” 2007

Кафедра меңгерушісі

г. ғ. д., профессор Надыров Ш. М.

Реферат

Бітіру жұмысында: 16 кесте, 1 сурет, 3 карта-сұлба бейнеленген. Пайдаланған әдебиеттер саны 22, барлығы 61 бет.

Жұмыста қосымша келесі түйінді сөздер: вегетация, трихограмма, дотация, акция, вакцина, инновация кездеседі.

Қысқартылған сөздер: ТМД, АҚ, ӨҚ, АҚШ, МТС, ЖШС, РЭС, ҚР.

Бітіру жұмысы Мақтаарал ауданының экономикасын сипаттауға арналған.

Ауданның экономикасының басты мақсаты - аудандағы мақта шаруашылығының бүгінгі күнде дамуы, ондағы өнімдердің шығарылуы, сол арқылы экономиканың дамуына ықпал ету.

Бітіру жұмысымның мақсаты: ауданның шаруашылықтарының әр саласын қарастырып, бүгінгі таңдағы экономикада алатын орнын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді қарсатыру көзделген:

  • Ауданның қалыптасу тарихына тоқталу;
  • Ауданның шаруашылықтарының әр саласын жете талдау;
  • Мақта шаруашылығының бүгінгі таңда экономикада алар орнын талдау;

Бітіру жұмысы 3 бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ші бөлімде Ауданның физикалық-географиялық жағдайы қарастырылады

2-ші бөлімде Ауданның экономикасы қарастырылады.

Кіріспе

Мақтаарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстігінде орналасқан. Жерінің аумағы 176, 9 мың км. тұрғындарының саны - 263, 5 мың адам (2005) . Әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы. Аудан 24 әкімшілік аумақтық бірліктен тұрады. Олар 1 қала, 3 поселке, және 20 ауыл округтерінен құралады.

Бакалаврлық бітіру жұмысы 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әкімшілік ауданның қалыптасу тарихы, орналасқан жері, оның экономикалық географиялық және физикалық географиялық жағдайы айтылады. Бөлімнің келесі тақырыптарында ауданның жер бедері физикалық географиялық тұрғыдан сипатталып, оның шаруашылығының әр қилы салаларын дамытудағы ролі айтылған. Қандай да болмасын ауданның (аймақтың) дамуына ондағы климатты, жер беті суларының, сонымен бірге топырақ және өсімдік жамылғысының маңызы зор екені белгілі. Сондықтанда Мақтаарал ауданының өзен-көлдері, суғару суландыру жүйелері сипатталады.

Жұмыстың екінші бөлімінде аудан аумақтарында тұратын халық саны, ірі елді мекендері баяндалады. Одан кейін аудан экономикасының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына, орта және шағын кәсіпкерліктерге толық тоқталып, оларды талдау үшін әртүрлі кестелер пайдаланылады. Сонымен бірге, ауданның әлеуметтік салаларына, оның ішінде мәдениет, денсаулық сақтау білім беру, көлік шаруашылығы, аудан экологиясы баяндалады. Соңында диплом жұмысына қорытынды жасалып, пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

Мазмұны

1 Мақтаарал ауданының физикалық географиялық жағдайы . . . 5

  1. Жер бедері және географиялық орналасуы . . . 5
  2. Мақтаарал ауданының тарихи географиялық сипаттамасы . . . 7

1. 3 Ауданның климаттық жағдайы жағдайы . . . 10

1. 4 Су ресурстары . . . 11 1. 5 Ауданның флорасы мен фаунасы . . . 13

2 Мақтаарал ауданының экономикалық географиялық сипаттамасы . . . 16

2. 1 Ауданның әкімшілік бөлінуі және әлеуметтік жағдайы . . . 19

2. 2 Ауданның демографиялық жағдайы . . . 22

2. 3 Білім беру және мәдениет саласы . . . 22

2. 4 Халыққа әлеуметтік көмек көрсету және денсаулық сақтау саласы . . . 25

2. 5 Ауыл шаруашылығы, оның құрамы . . . 31

2. 6 Өсімдік шаруашылығы секторының дамуы . . . 33

2. 7 Мал шаруашылығы . . . 39

2. 8 Өнеркәсіп салалары . . . 41

2. 9 Бюджет . . . 44

2. 10 Шағын кәсіпкерлік және инвестиция саласы құрылыс . . . 46

2. 11 Көлік және байланыс . . . 52

2. 12 Ауданның экологиялық жағдайлары . . . 55

Қорытынды . . . 60

Пайдаланған әдебиеттер . . . 61

1. МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Мақтарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүтігінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында абсалюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықтықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстан мемлекетімен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған [10] .

1. 1. Жер бедері және географилық орналасуы

Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 метр болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

Мақтараал ауданы ол Сырдария өзенінің сол жақ қанатында кең жайылып, он мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан ұлан-ғайыр құмды жазық, шөл дала болып табылады. Шығысында және Солтүстік шығысында Сыр арнасымен Фархад жартастарының маңайында түйіседі, ол Шардара іс жүзінде Мырзашөлдің солтүстік шегін түйіндейді, яғни Қызылқұмға жалғасады. Оның батыс қанатындағы шекарасы Шардара мен Жызақ арасындағы белдікпен айқындалады, оңтүсігінде Нұрата таулары мен Түркістан жотасының сілемдеріне тіреліп тоқтайды. Мырзаның шөлі қазірде Өзбекстанның Жызақ және Сырдария облыстары, оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал, Шардара сияқты үлкен өңірлерінің мекен тұрағына айналған [12] .

Мақтаарал ауданы оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан. Ауданның оңтүстік, шығыс, батысы Өзбекстан мемлекетімен, солтүстігінде Шардара бөгені және Сарыағаш ауданымен шектеседі. Жер бедері негізінен жазықты болып келеді. Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер :ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы: каналдар мен суару аймақтары, авто жолдар.

Ауданның жер көлемі - 176, 9 мың шаршы шақырым. Жалпы егістік көлемі - 135, 7 мың шаршы шақырымды құрайды.

Карта физикалық - 1

1. 2. Мақтаарал ауданының тарихи географиялық сипаттамасы.

Мырзашөл жазықтығы Сырдария өзенінен Оңтүстіктіктегі Түркістан сілемдеріне дейін бір миллионға жуық гектар жерді алып жатыр. Осы жердің өзіне сай тарихы бар, әсіресе ең қызығы осы шөлейтті қуаң даланы суландыру, жаңа жерлерді адамзат игілігіне игеру.

«Сулы жер - нулы жер» деп дана халқымыз айтқандай, осы жерлер екі туысқан, көршілес Қазақстан, Өзбекстан республикаларының үш облысының екі миллионнан астам халқының табыс көзіне, тұрақты мекен-жайына айналып кеткен. Бұл жерлерде жүздеген шақырым бас каналдар, мыңдаған шақырым кішігірім арықтар қазылып, ертелі-кеш көпеген елді мекендер, кенттер, қалалар, зауыт және басқа өндіріс кәсіпорындары ашылып, үлкен өндіріс күштеріне еге аймаққа айналды.

Мырзашөлді игерудің әр уақыттағы кезеңдері тарихта белгілі: Патшалық Ресейдің билігінің кезеңі, Қазан төңкерісінен кейінгі уақыт, одан соң 20-шы ғасырдың екінші жартысындағы кезеңдері. Қай кезеңде болмасын шөлді игеруге адам қаракеттенген, алғашқы кезеңдерде күрек, кетпен, білек күшімен, кейінгі кезеңде қуатты техника күшін, ғылым және тәжірибені кеңінен пайдаланған, оларды тиімді басқарған.

Жер туралы тереңірек ойлансақ, жер - ана табиғаттың түрлі құбылыстарына тәуелді: топан су, жалынды от, найзағайлы нөсер, бұрқасынды дауыл, құйынды жел болсын. Сол сияқты жайма шуақ көктемнің күні, көк майса даласы, аңызақты ыстық шілде, алтын күз, жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар. Барлығына қуанатын және көнетін, шыдап тіршілік жасайтын Жер мен Адам.

Мырзашөл ерте дәуірден-ақ тоқсан жолдың торабы болған. Бірақ бұл жерде елде мекендер сирек жайғасқан. Оған себеп - судың жоқтығы, шөлдегі аптап ыстық, қыстың қатал суығы, бұрқасынды бораны болса керек.

Қытай жылнамашыларының деректеріне сүйенсек, біздің жаңа дәуірімізге дейін 140-127 жылдары Сыр бойын ел мекендегенін, олар егіншілікпен де, мал шаруашылығымен де айналысқандығын білеміз [5] .

Хорезм ханы, әрі жылнамашы-шежіреші Әбілғазы Бахадүрдің деректері бойынша Сыр бойындағы ел ауыл шаруашылығын өркендете білген. Ал 1219 жылғы Шыңғысхан тұсындағы жаугершілікте елді де, су шаруашылығын да жойып жіберген.

Белгілі шығыстанушы академик В. В. Бортольд Мырзашөлде ерте заманда қалың ел жасаған деген жылнамашы Сюань Цзинаның (Қытай) деректеріне күман келтіреді. Сол сияқты тұжырымдар Чань-Чунь (1221жыл) саяхат күнделігінен де кездестіргенін жазады.

Ал «Абдулланамедағы» Әмір Темірдің жорығында Шахрухиядан (Шахристаннан) басталған шөл далада бірнеше ащы сулы құдықтар кездеседі делінген.

«Бабырнамада» келтірілген жолдарға қарасақ, Ходженттен Нұрата тауларына дейінгі кең жазықтықта ескі Усурушан аймағы жайғасқан екен [3] .

Мырзашөлді топографиялық зерттеулермен айналысқан бірегей ғалым Г. А. Әминов 1869 жылы мынадай деректер жазып кеткен: Мырзашөл деп аталған атына қарама-қарсы қуаң, елсіз шөлді зерттеп көргенімде, адам қызығарлық ештеңе таба алмадым. Ал енді тереңірек қарап, жан-жақты зерттегенімде, бұл аңырап жатқан қу далада, ерте кезде адам тіршілік жасаған, отырықшыл ел болған сияқты. Ол елдің жұрнақтары осы шөл далада кездеседі. Оның белгілері- ескі бұзылған дуалдардың орны, егін салған жер және арық- атыздардың іздері. Ал Мырза -тоғай жылғасында «Мырза-Рабат» керуен сарайының құрылысының қалдықтары бар.

Шөл даланы көлденеңінен кесіп өтетін Шыназ бен Жызақтың арасын қосып жатқан үлкен қара жолдың бойында жатақ тамдар құдықтар кездеседі. Шыбынтай, Аққұм, Жантақсай, Ақша, Ағашты, Үш-төбе деп ертеден аталып келе жатқан «Патша жолының » бойында бекеттер, елді мекендер болған.

Құдық үстінен, яки жанынан Үнді әдісімен лайдан құрылған, төбесі күмбез іспетті, биіктігі 12-15 метр су сақтағыш кепелер бар. Оның негізгі тіршілікке қажеттілігі - қыста қар жинап сақтап қою және оның буланып, еріп кетпеуі үшін жасалған. Бұл құрылыстың аты «Сардоба». Ол парсы тілінде «су сақтағыш» деген мағананы береді. Нақ осындай «Сардоба» Сырдария облысындағы Ш. Рашидов ауданының осы аттас шаруашылығындағы «Самарқан құдық» құдығының жанында қазірге дейін сақталған. Сол сияқты Жызақ облысының Мырзашөл ауданындағы «Өзбекстан» шаруашылығының «Түйе дала» құдығының жанында орны белгілі болып тұр [11] .

12-15 ғасырларда Сырдариядан су шығару үшін канал қазылып, өзеннің жағалауындағы ойпатты жерлерді суландыру әрекеттері жасалған. Солардың алғашқысы «Орынбай арық» басы дарияның Иіржар тұсынан басталады, ұзындығы 70 шақырым. Осы арықпен суландырылып, игерілген жер көлемі 7, 0 мың гектарға жақын.

«Иіржар» деген атау ескіден келе жатыр, оның ұзындығы -90 шақырым. Сырдың иір жарлық жағалауына ұқсатып, алғашқыда бейнелеп айтылған. Алғашқы рет «Иіржар» атауы «Николай» каналдың ең алғашқы басына берілген, ұзындығы 9 шақырым. Бұл қолмен қазылған каналға су шығару үшін өзеннің иір жерінен су айналып өткен аралдардың арасын бөгет жасап, су деңгейін көтерген.

Мырзашөл даласында мың тарих қана емес, мың жылдық тарих бар. Мұны бүгінгі ғылым, археологиялық қазба деректері, көне заманның ғұлама тарихшылары мен жиһанкездерінің жазбалары дәлелдеп отыр. Шаш-Ташкент шаһарынан таяқ тастам жерде жатқан, айналасын ғылым-мәдениет ордасы болған Отырар, Сайрам, Сығанақ, Сауран, Созақ, Иассы-Түркістан, Самарқан, Үргеніш сияқты қалалар қоршаған, үстінен қоңыраулатып дүниенің шар тарабына керуендер өткен, Жібек жолының бойындағы дүбірлі күйді кәрі құлағы ғасырлар бойы тыңдаған Мырзашөлде тарих болмауы мүмкін емес қой. Мырзашөл төсін Ескендір Зұлқарнайын мен Тұмар ханым, Шыңғысхан мен Ақсақ Темір, Тәуекел баһадүр-хан мен еңсегей бойлы Ер Есімхан қосындарының тұлпар тұяқтары дүбірлеткен, Қазақ ұлтын оның арғы ата-бабаларын бесігіне бөлеп тербетіп, ақ сүтін беріп емізіп өсірген Сырдария ананың сол қанатында жалпақ жайылып, жазылып жатқан құшағы кең Мырзашөлдегі адамның тіршілігі мен іс-әрекеті есте жоқ ескі заман- дарда басталыпты.

Ескендір Зұлқайнарынның осы шөл далаға су тартып, гүлдендірмекші болғаны туралы халық арасындағы аңыздар қазіргі кезге дейін ұмытылмай сақталған. Ол аңыз ұмытылмайды да. Себебі, әлдеқашан құрғап қалған ежелгі үлкен канал жүлделерінің бірі Ескендір-арық деп аталды. Біздің дәуірімізге дейінгі 329-327 жылдары парсыларды бағындырғаннан кейін Ескендір Зұлқарнайынның Соғдианаға жорық жасағаны тарихи дәлелденген. Әміршінің еркімен осыдан екі мың үш жүз жылдан астам уақыт бұрын аймақта арықтар қазылып, суландыру жұмыстары жүргізілді, шаруалар дәнді дақылдар өсіріп, егіншілікпен шұғылдана бастаған.

Халық тасемшек боп қатып жатқан шөл құла дүздің болашағына, зор үміт артып, уақыты келгенде жібіп, нәрленіп кететініне сенген. Сондықтан, «қарға баласын аппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді» дегендей шөл даланы еркелете аялап «Мырза» атауын берген. Сүйікті де қымбатты туған жерлерін осылай атағанда халық еш қателеспеген. Мырзашөл атауының мағанасы жомарт дала, жомарт шөл, қазыналы, бай өлке, құйқалы, құнарлы топырақ, қасиетті жер деген ұғымдарды білдіреді. Иә, шөл даланың Мырзашөл деп аталуында осындай толып жатқан астарлы, жұмбақ әңгімелер бар, «Мырза» деп атауының басты себебі - осы шөл далаға, елсіз жапанға су жіберсе, ол гүлденген нулы аймаққа, нағыз жердегі жұмаққа айналады.

1924 жылы маусымда Орталық Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу туралы арнайы қаулы қабылданды. Сонда бұрынғы Иіржар болысы Ташқазақ уезіне кірді. 1928 жылы 17 қаңтарда уезден болыстар таратылып, Иіржар болысы негізінде Иіржар ауданы құрылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару комитеті сол жылғы 3 қыркүйекте бекітті, яғни жаңа, біздің ауданның туған күні осылайша заңды күшіне енді. Ал, 1990 жылғы 23 шілдеде Бүкілодақтық Атқару комитетінің қаулысы бойынша сол жылғы 17 желтоқсаннан бастап «Мақтаарал» ауданы болып аталды. Сөйтіп, ұйқы құшағында жатқан алып дала дүр сілкініп ояна бастады, қойнына басып жатқан құт-берекесін бере түсті.

Мақтаарал ауданы Қазақстанның қиыр оңтүстігінде Мырзашөл даласында орналасқан. Аудан Өзбекстан Республикасының Ташкент, Сырдария және Жызақ облыстарымен шектеседі. Жер көлемі - 176, 9 мың шақырым. Жалпы егістік көлемі - 135, 7 мың шаршы шақырым [4] .

1. 3. Ауданның климаттық жағдайы

Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына ) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық айы қаңтар айы. Жазы ыстық: ең ыстық кезең шілде айы. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 см, аралығында, жазықта екі айға, тауларда бес айға дейін жатады. Қар қарашының соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15-20 күнге дейін азайды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1, 9-3, 9 метр секунд. Желдің қатты тұратын аймағы-Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5, 1 метр секундқа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.

Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына тағы басқа метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі жауын-шашынның негізгі мөлшері (62-67 пайыз) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 245-260 тәулік. Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа - 90 күндей. Жазы ұзақ - 160-170 күнге дейін созылады [2] .

Мақтаарал ауданның климаты тым континенттік, жылдың жауын-шашын мөлшері 240 мм. Сұр топырақты келеді. Көктемде эфемер өсімдіктер қалың шығады, бірақ жаз айларында жусан тұқымдас шөптерден басқалары түгел қурап кетеді. Орта Азия мақта шаруашылығы және мақта өнеркәсібі жөніндегі ғылыми-зерттеу институның 1932 жылы Мәскеу - Ташкентте жарық көрген жинағында аймақ табиғатының өзіндік ерекшеліктері былай сипатталады: 25 жылда жылдық орташа температурасы 13, 8 градус жылы, ең жоғарғы мөлшері 42, 6 градус жылы, ең төменгі нүктесі 32, 7 градус суық. Ең жоғарғы тәуліктік орташа температура шілденің соңы мен тамыз айының басына тұспа-тұс келеді. Дәл осы кезден ауа райы біртіндеп суыта бастайды. Ақпанның екінші жартысынан бастап желтоқсанның соңғы күндеріне дейін орташа тәуліктік температура нольден жоғары болады. Аязсыз кезең жиырма бес жылдық орташа мөлшерге шаққанда 194 күнге созылады. Көктемдегі соңғы қатқақ суық көкек айының аяғында, ал күздегі алғашқысы қазан айының екінші жартысына тоқайласады. Алайда, аязсыз уақыттың ұзақтығында орташа деңгейден айтарлықтай айырмашылық-алшақтықтар, елеулі ауытқулар ұшырап отырады. Мысалы, 1908 жылы аязсыз кезең 223 күн бойы, ал 1928 жылы ол 133 күнге теңеледі. Кешеуілдеген көктемгі және әсіресе ерте соққан күзгі суықтар мақта шаруашылығына үлкен зиянын тигізіп, өнімділігін кемітеді.

1. 4. Су ресурстары

Облыстың су қорларынан ірілі ұсақты 127 өзен ( жалпы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл ( көлемі 110 милион текше метр), 30 бөген ( көлемі 6 милиад текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 мллиард текше метрге жуық су келіп, осынша мөлшерде су кетіп отырады.

Облыстың ең ірі және ұзын өзені - Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат (60 км), тағы басқа көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.

Облыстағы ең үлкен суқойма - Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген, су сыйымдылығы 5, 2 миллиард текше метр. Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км), каналдары арқылы 71, 5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген су қоймасының сыйымдылығы 37 миллион текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.

Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары, 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.

Обылыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8, 6 миллион метр куб) балық ауланады, Қызылкөл суының (5, 9 метр куб) ем үшін пайдасы зор.

Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай, Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан алабының су қоры 260 миллион текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылдарында арнай рұқсатпен пайдалануға берілген.

Өзендері. Облыс аумағындағы гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырдария және Шу өзен алаптарына жатады.

Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы - Арыс өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталады. 1961 жылы Арыс - Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52, 8-ден 31 метр куб секундқа азайды.

Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі, Бесарық, Ермексу, Қарашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.

Облыстың қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысында қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Мақтааралдың мақтанышы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Дара жеке шаруашылығы орналасқан облысының топырақ картасы
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Жер ресурстары туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz