«Темірбанк» АҚ


Мазмұны
Кіріспе
I. «Темірбанк» АҚ - ның құрылу тарихы мен қалыптасу процесі .
1. 1 «Темірбанк» АҚ - ның даму тарихы және негізгі оқиғалары.
1. 2 «Темірбанк» АҚ - ның ұйымдастырушылық құрылымы.
2 «Темір Банк» АҚ - ның балансын талдау
2. 1 «Темір Банк» АҚ - ның үш жылдық балансы
2. 2 «Темір Банк» АҚ- ның банктің табыстар мен шығындар туралы есеп беруі
2. 3 «Темір Банк» АҚ қызметінің экономикалық талдауы
2. 4 «Темір Банк» АҚ маркетингтік қызметін талдау
III. «Темірбанк» АҚ - ның даму мәселелері мен жолдары.
3. 1 Несиелеу процедурасы
3. 2 Депозиттік операциялары.
3. 3 Тәуекелді басқару саясаты.
3. 4 Банктік технология және автоматизация.
3. 5 Банктің даму бағдарламалары және болашаққа жоспарлар.
Қорытынды
Кіріспе
Бұл күнде коммерциялық банк өзінің клиенттеріне 200-ден астам әртүрлі қызметтерін ұсына алады. Мұндай кең ауқымдағы қызмет түрлері банкке өз клиенттерін сақтап қалуға және қандай да бір жағымсыз конъюнктурада өз пайдасын ұстап қалуға үлкен септігін тигізеді. Клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау және жаңа нарықтар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процессі болып табылады.
"Темiрбанк" АҚ 1992 жылғы 26 наурызда негізі қаланды. Банктің бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Импорт, көтерме сауда-саттық жəне ауылшаруашылығы саласында қызмет атқаратын шағын жəне орта кəсіпорындар Темірбанктің негізгі клиенттері болып табылады. Шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін банк Еуропа, Азия, Халықаралық қайта құрылымдау жəне даму банктерінің өткізетін бағдарламаларына белсенді қатысады.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
Банк қызметінің мақсаты банк қызметін тиімді атқарып, жаңа банк технологияларын енгізіп, дамытып, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту, банк операцияларын жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен екінші деңгейлі банктерге тыйым салынбаған басқа да мəмілелерді жасау арқылы кіріс алу болып табылады Және әрбір клиенттің өтінішін Қазақстанның барлық аумағында сапалы және сенімді түрде орындау болып табылады.
«Темiрбанк»Акционерлік Қоғамының негізгі төрт ұстанымы:
- Темірбанк - бұл салымшы мен қарыз алушы үшін сенімді банк.
- Темірбанк - бұл корпоративтік клиенттердің демеушісі.
- Темірбанк - бұл мемлекеттің көмекшісі және сүйеніші.
- Темірбанк - бұл салымшының сенімді серіктесі.
І. «Темірбанк» АҚ-ның құрылу тарихы мен қалыптасу процесі.
- «Темірбанк» АҚ - ның даму тарихы.
Жарғыға сəйкес Банк қызметінің мақсаты банк қызметін тиімді атқарып, жаңа банк технологияларын енгізіп, дамытып, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту, банк операцияларын жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен екінші деңгейлі банктерге тыйым салынбаған басқа да мəмілелерді жасау арқылы кіріс алу болып табылады.
"Темiрбанк" АҚ 1992 жылғы 26 наурызда негізі қаланды. Банктің бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Импорт, көтерме сауда-саттық жəне ауылшаруашылығы саласында қызмет атқаратын шағын жəне орта кəсіпорындар Темірбанктің негізгі клиенттері болып табылады. Шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін банк Еуропа, Азия, Халықаралық қайта құрылымдау жəне даму банктерінің өткізетін бағдарламаларына белсенді қатысады.
Құрылуы жəне қызмет тарихы
2004 ж. 23 желтоқсанда Темiрбанк пен Nederlandse Financierings-Maatschappij voor Ontwikkelingslanden N. V. (Netherlands Development Finance Company - FMO) голландиялық компания арасында 5 млн. АҚШ доллары мөлшерінде кредиттік линияны белгілеу туралы келісімге қол қойылды.
Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Темiрбанкке В1 ұзақ мерзімді депозиттік рейтингіні, NP қысқа мерзімді депозиттік рейтингіні жəне Е+ қаржы тұрақтылығы рейтингін берді. Барлық рейтингтер бойынша болжам - тұрақты.
«Темiрбанк» АҚ Алматыда Валют-Транзит Банкіне 5 миллион АҚШ доллары мөлшерінде 6 айға 9% жылдық ставкамен ұзарту мүмкіндігімен синдикатталған заем беру туралы келісімге қол қойды.
2004 жылғы 1 қазандаАлматы 5 банк конференциясы шегінде «Темiрбанк» (Қазақстан), «Trasta komercbanka» (Латвия) арасында 5 жылға 2 миллион АҚШ доллары мөлшерінде латвия банкіне реттелген заем беру туралы келісімге, сондай-ақ 5 млн. АҚШ долларын «Инэксимбанк» қырғыз
банкіне 6 айға ұзарту опционымен синдикатталған кредит беру туралы келісімге қол қойылды.
Заем мақсаты - Инэксимбанк клиенттерінің сауда келісім-шарттарын қаржыландыру.
Темiрбанктің Алматы филиалы Қазақстанда "Peugeot" маркалы автомобольдің жалғыз импортеры болып табылатын "Арыстан-Авто" компаниясымен шарт жасады.
Темiрбанк өз филиалдарында жинақтық, карталық немесе ағымдағы шоттары бар жеке тұлға-клиенттеріне кредиттің жаңа түрін-кепілдік қамтамасыз етусіз тұтынушы экспресс-кредиттерді ұсынады.
Темiрбанк "Интеллект" кеңес-білім агенттігімен (КБА) əріптестік келісімге қол қойды. Осы келісімге сəйкес Банкіміздің барлық клиенттеріне агенттік білім беру қызметтеріне кепілдікпен жеңілдіктер ұсынады.
FITCH агенттігі ТЕМIРБАНК үшін «Тұрақтыға» болжамын өзгертеді жəне рейтингтерді растайды.
2003 ж 2003 жылғы қазан айында Fitch Ratings Ltd. Халықаралық рейтингтік агенттігі банктің рейтингтік болжамдарын терістен тұрақтыға арттырып, 2001 жылы келесідей рейтингтерді белгіледі: ұзақ
мерзімді - "В", қысқа мерзімді - "В", жеке - "D", қолдау - "5".
2003 жылғы қыркүйекте Темiрбанк Global Refund компаниясымен келісімге қол қойды, осыған сəйкес Банк tax-free чектерін өтеу жөніндегі осы компанияның Қазақстандағы u1078 жалғыз агентіне айналды.
2003 жылғы қыркүйекте Темiрбанк төрт: Қазақстанның, Қырғызстанның, Латвияның, Ресейдің коммерциялық банктері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жаңа банк аралық альянстың қатысушылары: "Диалог-Оптим" Банкі (Ресей), Инэксимбанк
(Қырғызстан), Темiрбанк (Қазақстан) жəне Траста Комерцбанка (Латвия) .
Жаңа одақтың мақсаттары:
• Достастықтың əрбір мүшесінің жеке бағдарламаларын, сондай-ақ бріккен жобаларды жүзеге асыру кезінде өзара қолайлы режім құру;
• халықаралық қаржы нарықтары мен ТМД нарықтарындағы стратегиялық əріптестік;
• өзара қызметтер көрсету географиясын кеңейту;
• жаңа банк технологияларын өзара енгізу;
• банк тəуекелдерін азайту механизмдерін жасау.
Сондай-ақ Банк-қатысушылар бір-бірінің капиталына қатысу құрылымын құрып, альянс мүшелерінің нарығында өзара əрекет етуінен заң негізіне əкелетін екі тарапты құжаттардың бірнешеуіне қол қойып қойды, əлі де қол қоюды жоспарлауда.
Сондай-ақ осы жылдың маусым айында Банк Қазақтандағы Коммеск-Өмір сақтандыру компаниясымен ынтымақтастықта салымшыларына пайыздық сыйақымен қоса ақысыз медициналық сақтандыру бере бастады. Осылайша, Банк Қазақстанда өз клиенттеріне осындай қызметтер көрсететін бірінші банкке айналды.
2003 жылғы маусым айында Темiрбанк Акцияларды сатып алу-сату шартына қол қойды, осының нəтижесінде ол қосымша эмиссияның 46% акциясын иеленіп, Қырғыстандағы Инэксимбанктің ірі акционеріне айналды. Темiрбанктің Қызғыстанға келу себебі - республикамызда шағын жəне
орта бизнес кəсіпорындарының қомақты өсімі байқалады, Темiрбанк осы шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарымен жұмыс істеуге жəне екі ел арасындағы сауда операцияларының көлемін ұлғайтуда мамандануда.
Мамыр айында банк US$20 млн. сомаға үшнші синдикатталған кредитін алды. Алдыңғы заемдерді толық жəне уақтылы өтеу Банкке тиімдірек талаптарда (ұзақ мерзім, үлкен сома, пайыздық ставкасы аз) жаңа кредит алуға мүмкіндік берді. Банк тартылған қаражаттарды өзінің
корпоративті клиенттерінің келісім-шарттарын қаржыландыру үшін пайдаланды.
2003 жылғы 1 наурызда Темірбанк US$ 1 млн. жабу лимитімен өз банк тəуекелдерін сақтандырды. Банктің алған сақтандыру полисі (жалпы қабылданған атауы -"Bankers' Blanket Bond", немесе жай ғана ВВВ) сенімділіктің, қауіпсіздіктің əрі банктің іскерлік абыройының бөлінбес бір рəмізі болып табылады. Қаржы сақтандыруы Marsh сақтандыру брокерлері арқылы (insurance brokers) AIG халықарлық сақтандыру компаниясынан алынды.
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудиторлық компаниясы банктегі корпоративті басқару мен тəуекелдерді басқару жүйесінің халықаралық стандарттарға сəйкестігіне шолу жүргізді. Шолу нəтижесінде аудиторлық компания қорытынды жасады, оған
сəйкес банктегі негізгі тəуекелдерді басқару, сондай-ақ ішкі бақылау жəне ішкі аудит жүйесі жалпы қабылданған тəжірибеге сəйкес болып табылады.
2002ж. 2002 жылғы желтоқсанда Темiрбанк 9, 2 млн. АҚШ долларына баламалы сомаға өзінің жарғылық капиталын ұлғайтты. Капиталды ұлғайту екі сатыда жүргізілді: бірніші сатыда Қазақстан Республикасының ішкі қор нарығында зейнетақы қорлары мен активтерді басқару жөніндегі
компаниялардың арасында банктің жай дауыс беруші акциялары орнықтырылды, екіншісінде - Еуропа қор нарықтарында ауқымды депозиттік қолхаттар орнықтырылды. Осылайша Темірбанк өз депозиттік қолхаттарын халықаралық қор нарықтарында орнықтырған Казкоммерцбанк пен
ТұранƏлем Банкінен кейінгі Қазақстандағы үшінші банк болды.
Акцияларын орнықтыру нəтижесінде "Темiрбанк" АҚ төленген жарғылық капиталы екі есе 2 млрд. 825 млн. теңгеге ұлғайды. Бұл банкке өз қаржы көрсеткіштерін жақсартып қана қоймай, Қазақстан мен халықаралық қаржы нарықтарында салымшылар мен əріптестерінің арасында рейтингісіне оң əсерін тигізді.
2002 жылғы қыркүйек айында Банктің 100% еншілес компаниясы - "Темiрлизинг" АҚ құрылды.
Темiрлизинг өтетін жабдықтарды, арнайы техниканы, көлік құралдарын, ауылшаруашылығы тезхникасын лизингке ұсынады. Компания географиялық орналасуына қарамастан, Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын жобаларды қарастырады. 2002 жылы Банк менеджменті бөлшектік қызметтер нарығына жылдам шығу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты 2002 жылғы мамыр айында банк VISA International халықаралық төлем жүйесінде ассоциацияланған мүшелікке ие болып, өз карталарының шығарылуына
қатысты, сондай-ақ AMERICAN EXPRESS компаниясымен шарт жасап, өз клиенттерінің арасында осы компанияның карталары мен төлем чектерін тарта бастады. Сондай-ақ бөлшектік жəне ипотекалық кредит беру бағдарламасы жасалып, іске қосылды.
2002 жылғы мамыр айында US$15 млн. сомаға екінші синдикаттталған заем алынды. Тартылған қаражаттарды банк корпоративті клиенттерінің келісім-шарттарын қайта қаржыландыру үшін пайдаланды. Темірбанк командасы бұдан кейін де синдикатталған заемдер нарығында жұмысын жалғастыру туралы ойлауда.
2001ж. 2001 жылғы тамыз айында ресей банкі үшін (МБ "Астана") синдикатталған кредиттің Қазақстандағы бірінші ұйымдастырушы болды, ал үш айдан кейін, қараша айында US$10 млн. сомаға өзінің алғашқы синдикатталған кредитін алды.
2001 жылғы сəуір айында акционерлер жиналысының шешімімен банктің алдыңғы Басқармасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Олег Кононенконың басшылығындағы жаңа сайланған Басқарма ірі қазақстандық жəне шетелдік қаржы институттарында ("Казкоммерцбанк" ААҚ, ING Bank, ABN Amro Bank Kazakhstan) көп жылғы тəжірибеге ие. Əйтсе де бір жыл ішінде жаңа команда капитал мен баланс валютасын екі есе ұлғайта алды. Тəуелдерді басқару бойынша таразыланған саясатының арқасында кредиттік
портфельдің сапасы жақсарып, депозиттік база, клиенттердің ағымдағы шоттарында қалдықтар өсті. Бас офис пен филиал желісі қайта құрылымданды, Темірбанк қызметін халықаралық стандарттарға сəйкес жүргізді.
2000ж. 2000 жылы Fitch IBCA халықаралық рейтингтік агенттігі Темiрбанкке "В" қысқа мерзімді кредиттік рейтингіні жəне "В" ұзақ мерзімді рейтингіні берді.
2000 ж. 16 ақпанда Темiрбанк "Қазақстанның жеке тұлғалар салымдарына кепілдік беру
(сақтандыру) қорының " (куəлік № 6) қатысушысына айналды, бұл Темірбанктің мерзімдік салымдарына ақша аудару сенімділігі туралы куəландырады.
2000 жылғы маусымда Темірбанк KBC Bank бельгия банкімен 3, 6 млн. еуро сомасына ұзақ мерзімді кредиттік келісімге қол қойды. Осы келісімнің мақсаты - экономиканың шынайы секторы жобаларын қаржыландыру.
1999ж. 1999 жылы Темiрбанк ашық халықтық қоғам мəртебесіне ие болды. Ашық халықтық қоғамдардың қызметі мен қаржы есебі үнемі басылымда жарияланып отырады. Сол жылы Темiрбанк басқа үш қазақстандық банктің ішінде мемлекеттік импортауыстыру бағдарламасының операторына айналды, осы бағдарламаның шегінде банк бірнеше ұзақ мерзімді
инвестиялық жобаларды сəтті қаржыландырды. Сондай-ақ өткен жылы банк Еуропа қайта құрылымдау жəне дамыту банкінің шағын жəне орта бизнесті қаржыландыру жөніндгі бағдарламасы бойынша жұмыс бастады.
1999 жылы 400 млн. теңге сомаға Темірбанк акцияларының 10-эмиссиясы шығарылды.
Осылайша банктің жарғылық капиталы 1, 4 млрд. теңгеге жетті. Жарғылық капитал мөлшері жағынан Темiрбанк Қазақстандағы бірінші он банктің қатарына кірді.
1998ж. 1998 жылы Темірбанк акциялары Қазақстан қор биржасының "А" ресми листингіне кірді.
1998 жылғы желтоқсанда Thomson BankWatch рейтинг агенттігі Темiрбанкке келесідей кредиттік рейтингтер берді: "LC-3" жергілікті валютадағы қысқа мерзімді рейтинг, ұзақ мерзімді - "В", яғни Қазақстан Республикасының егемен рейтингі деңгейінде. Темірбанк халықаралық кредиттік
рейтингке ие болған төртінші қазақстандық банкке айналды. 1999 жылы осы рейтинг агенттігі екі рет растады.
1997ж. 1997 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Темiрбанк" АҚ халықаралық стандарттарға өткен алғашқы банктер қатарына жатқызды, бұл банк қызметі мен қаржы
жағдайының жоғары бағасы болды. 1997 жылы акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды ұлғайту туралы екі реет шешім қабылдады, осының нəтижесінде 1998 жылғы ақпанда төрт есе өсіп, 1 млрд. теңгеге жетті.
1995ж. Нарықтың жиі өзгергіш жағдайларында банк жұмысының тұрақтылығына клиенттер өз бағасын берді, олардың банкке, оның басшылығына деген сенімі бұрынғыдан да өсті. 1995 жылдың басында банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін 18% құрады. 1995 жылғы нурызда үкімет банк акцияларының мемлекеттік пакетін тарату туралы қаулы қабылдады, осының нəтижесінде банк толығымен жеке меншік банкке айналды.
1992ж. "Темiрбанк" АҚ Қазақстан Республикасының қаржы нарығында 1992 жылғы 26 наурыздан бері
жұмыс істеп келеді. Темірбанк арнайы теміржол банкі ретінде құрылып, алғашқы қызмет жылдары солай дамыды да. Темірбанктің кейіннен жасалған жаңа стратегиясы оны клиенттерге экономиканың əртүрлі саласында қызмет көрсететін əмбебап қаржы инститына айналдырды.
Клиенттердің əрқайсысына бөлек қарау, көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы Темірбанкке өзінің клиенттік базасын қомақты түрде кеңейтуге мүмкіндік берді.
Эмитентке жəне (немесе) ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық жəне (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мəліметтер.
2004 жылғы 02 Желтоқсанда Moody’s Investors Service рейтинг агенттігі Темірбанкке В1 ұзақ мерзімді депозиттік u1088 рейтинг, NP қысқа мерзімді депозиттік рейтинг жəне Е+ қаржы тұрақтылығы рейтингін берді. Бралық рейтингтер бойынша болжам - тұрақты. 2005 жылғы 25 ақпанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстандағы
Темірбанктің рейтингтерін растады: ұзақ мерзімді - «B» деңгейінде, қысқа мерзімді - «B», жеке - «D», қолдау рейтингі - «5». Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» ретінде расталды.
1. 2 «Темірбанк» АҚ - ның ұйымдастырушылық құрылымы
Эмитенттің басқару органдарының құрылымы
Эмитенттің басқару органдары:
1. Жоғарғы орган - Акционерлердің Жалпы жиналысы;
2. Басқарушы орган - Директорлар кеңесі;
3. Атқарушы орган - Басқарма.
Эмитенттің басқару органдарының құзыреті:
Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне мына мəселелер жатады:
1) Банк Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа
редакцияда бекіту;
2) Банкті ерікті түрде қайта құру жəне тарату;
3) Банктің жарияланған акцияларының санын өзгерту туралы шешім қабылдау;
4) Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын жəне өкілетті мерзімін анықтау,
оның мүшелерін сайлау жəне олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен
қатар Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу көлемі мен шарттарын анықтау;
5) Банктің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды белгілеу;
6) жылдық қаржылық есептемені бекіту;
7) есептік қаржы жылындағы Банктің таза табысын бөлу тəртібін бекіту, жай
акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау жəне жыл қорытындысы бойынша Банктің жай бір акциясына шаққандағы дивидендтерінің мөлшерін бекіту;
8) ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайлар туындаған кезде Банктің жай жəне артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
9) Банкке тиесілі активтердің барлығының 25% жəне одан да артық пайызын
құрайтын сомада активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру арқылы басқа заңды тұлғаларды құруға немесе қызметіне қатысуға Банктің қатысуы туралы шешім қабылдау;
10) Банктің ірі мəмілелер жасауы жəне орындалуына Банк тарапынан
қызығушылық танылып отырған мəмілілерді жасауы туралы шешімдерін бекіту;
11) меншікті капиталының жиырма бес жəне одан да артық пайызын құрайтын сомаға, Банктің міндеттмелерін ұлғайту туралы шешім қабылдау;
12) акционерлердің жалпы жиналыстарын шақырту туралы Банктің акционерлерді хабардар ету нысанын анықтау жəне осындай ақпараттарды баспа басылымдарында орналастыру туралы шешім қабылдау;
13) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сəйкес Банктің акцияларды сатып алуы кезіндегі олардың құнын анықтау əдістемелерін бекіту;
14) акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тəртібін бекіту;
15) санақ комиссиясының сандық құрамын жəне өкілетті мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау жəне олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
16) "алтын акция" енгізу жəне оны жою;
17) акционерлердің мүддесіне қатысты ақпаратты, сондай-ақ ҚР заңнамасына сəйкес жариялануға тиісті басқа да ақпаратты жариялау үшін арналған басылымды белгілеу;
18) шешім қабылдаулары бойынша, заң актілерімен, осы Жарғымен
акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыреттеріне жатқызылғаннан өзге мəселелер.
Банктің Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне мына мəселелер жатады:
1) Банк қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
2) акционерлердің жылдық жəне кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақырту туралы шешімдер қабылдау;
3) Банктің акцияларды орналастыру туралы жəне оларды жарияланған акциялар санының шегінде орналастыру бағасы туралы шешім қабылдау;
4) Банктің орналастырылған акцияларды немесе өзге де бағалы қағаздарды сатып алуы туралы шешім қабылдау;
5) Банктің жылдық қаржылық есептемесін алдын-ала бекіту;
6) жай акциялар бойынша дивиденд төлеу жəне есеп берілетін қаржылық жылы төленетін
дивидендтерді есепке алмағанда, жай бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
7) Банктің облигацияларын жəне туынды бағалы қағаздарын шығару шарттарын белгілеу;
8) Атқарушы органның сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, басшысы мен
мүшелерін сайлау жəне олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
9) Атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің лауазымдық жалақы мөлшерлерін,
еңбекақы төлеу шарттарын жəне сыйақы төлеу шарттарын белгілеу;
10) бағалаушы мен аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін белгілеу;
11) Банктің сақтық капиталының пайдаланылу тəртібін белгілеу;
12) Банктің ішкі қызметін үйлестіретін құжаттарды u1073 бекіту (атқарушы органның Банк қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылдайтын құжаттарын есепке алмағанда) ;
13) Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру жəне жабу туралы шешімдер қабылдау жəне олар туралы ережелерді бекіту;
14) Банктің басқа ұйымдарды құруы жəне қызметіне қатысуы жайлы шешімдерді қабылдау;
15) Қоғамның міндеттемелерін оның меншік капиталының мөлшерін он жəне одан да артық пайызды құрайтын шамаға дейін ұлғайту;
16) бұрынғы тіркеушімен шарт бұзылған жағдайда, Банк тіркеушісін сайлау;
17) Банк немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мəліметтерді белгілеу;
18) ірі мəмілілер жəне Банк тарапынан жасауға қызығушылық танытылып отырған мəмілелерді жасау туралы шешімдер қабылдау;
19) ішкі аудит қызметінің жұмыс тəртібін, ішкі аудит қызметі жұмыскерлеріне еңбекақы жəне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын белгілеу;
20) осы Жарғымен қарастырылған, акционерлердің жалпы жиналысының
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz