Ата дәстүрі – асыл қазына


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «АТА ДӘСТҮРІ - АСЫЛ ҚАЗЫНА»
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
- Қазақ салт-дәстүрлері.
- Қазақ ұлттық ойындары.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Әр елдің өзіне тән әдет-ғұрпы, салт дәстүрі бар. Олары екі ауыз сөзбен халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі деуге болады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ата-бабалардың ұзақ ғасырлық ұзың-ұзың көш керуені арқылы ұрпақ алмасқан сайын үзілмей жалғасып, кешеден бүгінге асыл аманаттай ардақ қалпына ұласып, ұлттық болмысты басқармадан айрықшалап, даралап тұратын ішкі бір рухани айна іспетті. Онсыз халық болмайды.
Кешегiсiз бүгiн де, ертең де тұл. Тiптi бар ғой, дәстүрдi адамның қай ұлтқа жататындығының бiр басты белгiсi ретiнде қарастырған жөн. Себебi, Ғабит Мүсiрепов жазғандай, «мал баласын баурында өсiредi, ағаш жапырағын ығына қарай төгедi, адам баласы қоғамның шылауында өседi». Осы мысалды Халық-ана тағдырына қабыстыра айтсақ, ата-дәстүр де ұл-қыздарының бойында ұлттық иiстi бiлдiрiп тұрмақ!
Тоталитарлық қызыл империя қирығынан қазақ халқы қатты зардап шеккені баршаға мәлім. Тілімізден, дінімізден көз жазып қалдық. Әсіресі әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз бәрі ескелікке телінді. Барлық жақсы дәстүрлер салтанат құрған күнімізге еліміз тәуелсіздік алуы арқасында жетіп отырмыз. Ұлттық жол-жоралғыларымыз бірте-бірте өз жарасы - мын табуда. Бұл тұрғында қазақ халқының екі жүзге жуық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, сенім-ырымы, ұлттық , тәрбиелік мәні зор.
Енді сол ата-мұрамызға тоқталық.
Азан шақырып ат қою. Азан араб тілінде шақыру, жариялау дегенді береді. Діни ұғымда таңертен азан шақыру - таңғы намаз оқуды хабарлау деп жүсіндіріледі. Ат қою осы діни ұғыммен сабақтас: нәрістені қырқынан шығарып, ауыл ақсақалдарын жинап, азан шақырып ат қойғызады.
Айт - мұсылмандық діни мейрамы. Ол мынандай түрге бөлінеді:
- Ораза айты: ораза аяқталған кейін үш күн бойы өтеді.
- Құрбан айты: құдайға құлшілік ретінде құрбан шалады. Аталған мейрамдардың қай-қайсысында да мұсылман қауым құдайға құлшілік ету үшін, пітір, зекет, садақа беру үшін мешітке барады, тілек тілесіп, бата сұрасып, қонаққа шақырысады.
Айтыс - қ азақ елiнде ертеден қалыптасқан жыр жарысының түрi айтыс деп аталады. Айтысқа табан астында суырып салып айта алатын нағыз ақындар, көркем сөз шеберлерi қатысады.
Жалпы қазақ фольклорында айтыс салт айтыстары және ақындар айтыстары болып екiге бөлiнедi. Ақындар айтысына қыз бен жiгiт айтысы, ақындар айтысы, жұмбақ айтыс, мысал айтыстары жатады.
Айтыс мазмұнына байланысты түре айтыс және сүре айтыс болып екiге жiктеледi. Түре айтыс бойынша ақындар бiрiн бiрi сөзбен түре қуалап, қысқа-қысқа қарымдасады. Ал сүре айтыста кеңiнен көсiлiп, еркiн сiлтейдi. Айтыста көбiне өткiр әлеуметтiк, қоғамдық мәселелер көтерiледi. Ел басшылығындағы азаматтардың мiнi, өмiрдегi келеңсiз құбылыстар, жетiстiк-кемшiлiктер ашық айтылады.
Қазiргi өткiзiлiп жүрген айтыстардың аясы анғұрлым кеңейдi. Бүгiнде ақындар ел өмiрiндегi елеулi өзгерiстердi, жаңалықтарды, халықтың әлеуметтiк тыныс-тiршiлiгiн заман лебiне сай жыр жолдарына арқау етедi. Дәстүрлi өнер бәсекесiне айналған жыр жарысына шетел қазақтары да белсене қатысуда.
Аластау - шамандық наным-сенiм кезiнен қалған ырым. Оның мақсаты - көз, тiл тигендi қайтару, ауру-сырқау, iндет-кесел сияқты жамандықтарды, үйдi бәле-бетерден аластау арқылы тазалау. Мәселен, үй iшiнен сондайларды аластауға ертеде ата-бабаларымыз негiзiнен адыраспан шөбi мен арша ағашын пайдаланыпты. Онда да бүгiнгi қолдан өсiрген жасанды емес, тастың бетiнде жатып өсетiн түрiн ғана қолданған. Әдетте, мұндай аршаны үйдiң кез келген бұрышына iлiп қояды екен. Егерде үйде көз, тiл тиiп ауырған бала-шаға болса, аршаны табаға салып тұтатып, түтiнмен бүкiл үйдi аластап шығып, есiктерiн жауып қоятын болыпты.
Бүгiнде кей жерлерде жаңа үйге кiргенде оны әуелi адыраспанмен не арашамен аластап алу дәстүрi қалыптасып келедi.
Асар - қазақ халқының өмiрiндегi еңбек үрдiсiне байланысты туған бұл iзгiлiктi дәстүр бойынша, белгiлi бiр шаруаны үлкен-кiшi демей, барлық ауыл адамдары болып бiрiгiп тындырады екен. Көптiң күшiмен атқарылатын мұндай iс-қаракеттi асар деп атаған. Сiрә, «Жұмыла көтерген жүк жеңiл» деген сөз содан шықса керек. Айталық, ауылды жерлерде жас шаңырақ иелерiне үй салу да көбiне жақын-жуық, көршi-көлем қолқабысымен жүзеге асырылған. Яғни, арнайы заттай шығынсыз-ақ баспана тұрғызылған. Бар болғаны үй иесi тамақ жағын ғана өзi көтерiп алған. «Торқалы той, топырақты өлiм» аталған шақтарда да ағайындардың бiрлесiп кететiн дәстүрi бар. Асарға шақырылған адамдар мiндеттi түрде келетiн болған. Егерде бiр рет Асар жасағанда шаруа бiтпей қалса, екi рет өткiзген. Осынау бiр iзгiлiктi, қайырымы мол дәстүр ел iшiнде әлi де кездеседi. Мұндай жақсы салтқа жан-жақты қолдау жасау бүгiнгi нарық заманында аса қажет-ақ.
Ауыз тию - ауыз тию, дәм ауыз тигiзу - қазақтың ежелден келе жатқан ғұрыптарының бiрi. Үйiне кiм келсе де, қазақ дәм ауыз тигiзбей аттандырмаған. Тiптi, тамақтанатын уақыт емес, беймезгiл шақта да келген кiсiге қазақтың келiндерi, қыздары: «Нан ауыз тиiңiз», - деп, дастарханға нан қояды.
Қазақта «ертеңгi асты тастама, кешкi асқа қарама» деген нақыл сөз бар. Яғни, дәстүр бойынша, үйiне бас сұққан адам таңертеңгi астың үстiнен түссе, мiндеттi түрде дастархан басына тiзе бүгуге тиiстi. Ал ертеңгi асқа қарамайтындай жағдай бола қалса, қазақ әйелдерге - «күйеуiң тастап кетедi», еркектерге - «қатының қашып кетедi» деген ырымды әзiл тұрғысында айтады.
Ұзақ сапарға, жолаушылауға шығарда, кiм де болса, өз ауылының үлкен үйiнен, яғни қарашаңырақтан дәм татып аттануы керек. Балаларын әскерге аттандырар алдында да солай жасайтын дәстүр ел iшiнде әлi күнге дейiн iзгi жалғасын тауып келедi. Бұл адамды қарашаңырақтың киесi қолдап жүредi деген халықтың сенiмнен туындаған.
Қалай дегенде де, дәм ауыз тигiзу қонаққа, жолаушыға, асқа деген ерекше ықыласты танытатын iзгi дәстүр екенiн көремiз.
Әменгерлік - халқымызда көнеден келе жатқан салттың бірі. Бұрын қазақтар «Ерден кетсе де, елден кетпек жоқ», «Аға өлсе ініге мұра» деген қағидамен, жесір әйелді өз тандауы бойынша қайныларының, не қайнағаларының біріне қосқан. Құран бойынша жесір әйел күйеуін жүз күн азаласа, борышын ақтағаны деп саналады. әйел күйеуінің ағасы немесе күйуіне тұрмысқа шығуы тіис, не болмаса туыстары арасынан өзі таңдауы тіис.
Бәсіре . Қазақ шаңырағында дүниегі ұл бала келгенде, онымен қатар мал төлдесе, сол жаңа туған құлында немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты бар. Жұртшылық ұғымы бойынша, дүниеге шыр етіп келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сойылмайды, өзге біреуге сатпайды. өсе келе баланың малға деген мейірімі, пейілі түзу болады.
Бауырына салу - біреудің нәрестесін бауырына салу.
Яғни бала асырап алу - қазақтың ежелден келе жатқан ғұрпы. Бала асырап алу, негізімен, өз кіндігінен ұрпақ болмаған жағдайда жүзеге асырылған.
Бес парыз - мұсылманның бес парызы төмендегілерден тұрады:
- Алланың барлығына, бірлігене кәміл сену.
- Діннің негізгі тірегі - күнде бес уақыт намаз оқу.
- Жылына бір рет зекет беру.
- Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
- Бір рет қажылыққа бару.
Ислам діні алдындағы осындай бес парыздын орындаған адал ғана нағыз Алланың пендесі - мұсылман бола алады.
Байғазы - б алалар, жасөспірімдер мен бозбалалар әлдеқандай бір жаңа нәрсеге ие болған кезде жақын, сыйлас адамдарынан байғазы сұрайды. Байғазы сұраушыға, көңілі қайтарылмай, ақшалай не заттай сыйлық беріледі.
Бұл дәстүр ел ішінде бүгінге дейін сақталып келеді. Кей ауылдарда жеңіл машина мінген не болмаса үлкен дүние иеленген иесіне қомақты байғазы беру нағашылардың парызы іспетті саналады.
Байғазы да - көрімдік сұрау, сүйінш сұрау сияқты жарасымды дәстүрлерінің бірі. Ол тек жансыз заттарға ғана сұралады.
Бастаңғы - Қазақ ауылдарының ойынсыз, тойсыз болмайтыны белгілі. Ауылдың үлкендері ерулік-қарулық сияқты той-томалақтарға немесе жолаушылап кеткенде, жастар, қыз-келіншектер бас қосып, бір үйге жиналады да, оңаша отырыспақ, яғни бастаңғы жасайды. «Қызға - қырық үйден тыйым» деген берік қағиданы ұстанып, ұяң өсетін қазақ қыздары әдетте мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастархан жаяды. Тамақты да өздері жасайды. Бұдан байқайтынымыз, бастаңғы жасау арқылы қыз балалар ертеңгі үлкен өмірге дайындалады, қонақ күте білуді, табақ тартуды үйренуге қам жасайды.
Басқосу барысында ұлттық ойындар ойналады, ойында жеңілгендер ән орындап, тақпақ, өлең айтады, жұмбақтар шешеді, әртүрлі өнерлерін көрсетеді. Бастаңғы - қазақ жастарының ежелден келе жатқан дәстүрлі сауықтарының бірі.
Беташар. Қалыңдық күйеудің босағасын аттағаннан кейін, ақын жігіт өлеңмен жас келіннің бетін ашады. Беташар мазмұны - жас келіннің қайын ата, қайын ене, қайын аға жалпы үлкендер алдында инабаттылық, әдептілік міндеттерін сипаттап, ақыл айту. Ақын әрбір өлеңнің шұмағында келінге тізе бүктіріп сәлем жасатып отырады. Беташар жырының мазмұны тұрмыс салт жырларының тобына жатады. Беташар жырын айтатын адам шаңыраққа жаңа түскен келінге кімнің кім екенің таныстырады. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасамастан бұрын ешкім көре алмайды. Осынау тамаша дәстүріміз әлі күнге дейін өз жалғасып тауып келеді.
Ерулік - Ауылға басқа жақтан бір отбасы көшіп келгенде, көршілері ол үйді қонаққа шақырып, дәм-тұз татыру арқылы ықылас-пейіл көрсетеді. Бұл салт халқымызда «ерулік беру» деп аталады. Ерулік беру арқылы ауыл жаңа тұрғындарды, жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсіретпеуді көздейді.
Жеті шелпек - «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп білетін қазақ аруақтар түске кіргенде жұма күндері жеті шелпек пісіріп, Құран оқытады. Көптеген өңірлерде аруақтарға арнап пісірілген жеті шелпек (жеті нан деп те аталады) көрші-қолаңдарға таратылады. Қазақ ұғымында әр аптаның жұма күндері аруақтар үйді-үйден иіс дәм етеді деген сенім бар. Аруақтар түске кіргенде, нан пісіруге жағдай болмаған күнде, отқа май тамызып, иіс шығару арқылы дұға қайыру да осындай сеніммен болса керек.
Жар-жар. Ұзатылған қыздың және онымен қоштасатынсағынышты сезімге тұнған сазды ән дәстүрі. Жар-жар көбінесе жеке дауыспен айтылады. Бір жағы - күйеу, екінші жағы - қалындық тобы. Келін түсіру жағы қуанышты, коніл күйі көтеріңкі келсе, қыздар тобы көбіне мұңды, сағынышты өлеңдер айтады.
Зекет . Ғарып ғасерге тарату үшін арнайы жиналатын салық. Мұсылманның бес парызы деп аталады. Садақаны әрбір адам өзінің әл-ауқатына байланысты береді.
Қажылық. Меккеге қажыға бару - исламның негізгі парызының бірі. Дәулеті жеткек мұсылман ең болмағанда бір рет қажыға баруға міндетті. Қажыға Мұхаммед пайғамбар пайдаланған күн тізбесі бойынша зу-л-хиджа айында барады. Тауап етушілер 7 хиджа күні Меккеге келеді. Арулы жарасынан өтеді. Құтпа намазын өткізеді. Мұздалиф мешітінде кешкі және ақшам намазы оқылады. Таңғы намаздан кейін Мұздалиф тауынан 7 тас алып, оларды Мина алқабындағы Мұхаммедтің жолын бөгегісі
Қалыңмал - қалындық малы (т. б. сый құрметі) .
Кеңес үкіметі тұсында айыпталып, бұл дәстүр 1920 жылы ресми түрде жойылды. Кейбір зерттеушілердің деректері бойынша қалыңмал қыз берген үйдің, қызға жұмсалатын шығынын өтеу болып саналады.
Қалыңмал ертеде былай бөлінген:
- Бас жақсы - ең құнды тұрмысқа керекті төрт зат
ә) түзу мылтық;
а) сауып;
б) жүйрік ат;
в) бір түйе
2. Қара мал - ірі қара 25 ке дейін берілген
3. Ұлу - Мөлшері 30-80 жылқыға барады
4. Тоймал - қыздың ұзатылу тойына жұмсалатың мал.
5. Сүтақы - жігіт тарапынан берілетін төлем
Келін келді. Ұзатылған қыз ел - жртымен қоштасып , қайын жұртына жеткенде, қызыдың алдынан ауылдың жастары болып қаумалап: «Келін келді» - деп қарсы алады. Содан, үйге кірмей тұрып, есіктің алдында қайын енесі: «Келген қадамың құтты болсын!» - деп, қыздың басынан асыра құрт-ірімшік және тиын араластарына шашу шашады. Бұл енеснің берген батасы сияқты. «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген халық даналығы, жұбайлық өмірініндегі болатын жақсылықты да, жамандықты да осы келіннің келуімен байланыстарған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz