Ресей - Грузия қатынасы


- ТАРАУ РЕСЕЙ-ГРУЗИЯ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ШИЕЛЕНІСУІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫКСРО ыдырағаннан кейінгі Ресей-Грузия қарым-қатынастары
1. 2 Ресей-Грузия қарым -қатынастарына этникалық қақтығыстар мәселесінің ықпалы
- XXI ғасырдың басындағы Грузияның Ресейге қатынастарының жалпы сипаты
- ТАРАУ ЕКІ ЖАҚТЫ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ШИЕЛЕНІСУІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫРесей-Грузия қатынасындағы Абхазия мен Оңтүстік Осетия мәселесінң шиеленісуі 2002-20062008 жылғы тамыздағы Ресей-Грузия дағдарысы: қақтығыстың орын алуы және оның салдарыРесей-Грузия қақтығысына халықаралық көзқарас
1 ТАРАУ РЕСЕЙ-ГРУЗИЯ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ШИЕЛЕНІСУІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- КСРО ыдырағаннан кейінгі Ресей-Грузия қарым-қатынастары
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Кавказдағы жағдайға батыстағы ресей-грузин қарым-қатынастарының маңызды шиеленісті мәселелері, оңтүстіктегі түрік факторы, шығыстағы каспийлік мұнай үшін шекаралас мемлекеттердің бәсекелестігі сияқты аймақтық маңызды мәселелер өз ықпалын тигізді. Тіптен бұл аймақ көршілес елдердің ғана емес, сонымен қатар АҚШ және Еуропаның жетекші елдерінің де мүдделері тоғысқан геосаяси орталықтардың бірі болып есептеледі. Алайда, Ресейдің бұл аймақтағы ұстанымдары оның Грузиямен, Украинамен, Әзірбайжанмен Армения арасындағы қарым-қатынасына тікелей баланысты. Посткеңестік кеңістікте Мәскеудің КСРО құрамынан шыққан жаңа тәуелсіз мемлекеттермен байланыс енді орнап келе жатқанда, Закавказьеде жүргізген сыртқы саясаты дәйексіз болған секілді. Себебі, Ресей ең алдымен өзінің сыртқы саяси бағытын анықтау мақсатында түпкілікті стратегиялық мақсаттар қойып, болашаққа арнайы бағдарлама құру үстінде еді. Аталған аймақтағы Ресейдің басымды әріптестерінің бірі - Грузия Республикасы болып табылғандықтан, екі ел арасындағы қарым-қатынастағы Ельцин мен Козыревский арасындағы саяси бағыт аса маңызды, шешуші рөлге ие. Бұл саяси бағыт кеңестік эрадан кейінгі қайта құрылған жас мемлекет қайраткерлерінің бағыты еді. Бірақ мұндағы Мәскеудің жүргізген саясаты өзге мемлекеттермен, айталық Украинамен немесе ТМД өзге елдерімен салыстырғанда сондай сәтті болды деуге болмайды. 1990 жылдардың басындағы Ресейдің абхаздар мен сепаратистерге көрсеткен қолдауының арқасында Грузиядағы азаматтық соғыс нәтижесінде Грузия толық жойылу мен ұлттық мемлекеттің дезинтеграциясына ұшырауға жақын қалды. Сол кезеңдегі Грузия президенті Эдуард Шеварнадзе Грузияның ТМД кіру идеясын қолдауға мәжбүр болып, Ресей президентіне елдегі қалыптасқан шиеленісті реттеу үшін ресейлік әскер енгізуін сұраған болатын. Бұл өз кезегінде Грузияның ішкі саяси қиыншылықтарын шешуге, Шеварнадзенің ел ішіндегі басты қарсыласы Звиад Гамсахурдияның қимылына жауап қайтарып, оны жеңуге, ал абхаздық майданда статус-квоға қол жеткізуге өз септігін тигізді. 1990 жылдарда КСРО аумағында орталық биліктің әлсіреуі мен ұлтшылдықтың күрт белең алуы ықпал еткен центробежные үрдістер басталып кетті, әсіресе Прибалтика, Молдавия, Солтүстік Кавказ, Орталық Азияның ұлттық аумағында. Кеңестік республикалар арасында бұл жағдай кеңес одағы тұсында әскери қақтығыстарға алып келген болатын. Жағдай КСРО ыдырағаннан кейін, бұрынғы кеңестік республикалар басшылығының қолына кеңестік қару қорлары түскеннен кейін ушыға түсті. Грузия аумағында 1991 жылғы Грузия президенті Звиада Гамсахурдия (зваиадистар) мен «біріккен оппозиция» билігін басып алғандар арасындағы Азаматтық соғыс тұсында әскери фазасы этносаяси қақтығыстар орталығы Абхазия мен Оңтүстік Осетия болып табылады.
Жалпы Ресей Федрациясы мен Грузия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 2 шілдеде орнады. Грузия Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық транспорттық байланыс жолдарынң ортасында орналасқандықтан, Реседің Закавказьедегі ұлттық мемлекеттік мүдделерінің жүйесінде маңызды орын алады. Екі ел арасындағы тығыз дипломатиялық байланыстың қалыптасуына алғашқы түрткілердің бірі болып 1994 жылдың ақпан айындағы РФ ел басы Борис Ельциннің Тбилисиге жасаған ресми сапары болып саналады. Сапар барысында екі жақ «Достық, тату-тәтті көршілік және әріптестік жөніндегі келісімге» қол жеткізді.
1992 жылдың қазан айында Грузия Республикасымен өткізілген келіссөзде РФ арнайы ресми делегациясы анықталған болатын. Ал 1994 жылға қысқаша шолу жасайтын болсақ, қаңтар айында Ресей мен Грузия арасындағы келісім бойынша Ресей тарапы Грузияда болып жатқан шиеленістерге қатысушы өзінің екі дивизиясына үш әскери базасын жіберу (бұрында оға Грузия келіспеген болатын) мүмкіндігін алды және грузиндік ұлттық әскерді дайындап, қаруландыруды, сонымен қатар мемлекеттік шекараны қамтамасыз етуді өз мойнына алды. Алайда Ресей көрсетіп отырған мұндай көмегінің орнына абхазия мен Оңтүстік Осетияға ерекше ережелі автономия мәртебесін беруді талап етті. Өкінішке орай, бұл келісімді ресейлік парламент ратификациялаған жоқ. Оның басты себебі, депутаттардың көпшілігі Грузия президентінің Горбачев кезіндегі «жаңа саяси ой» бағытындағы рөлі екендігін негізге ала отырып, грузиндік елбасына деген ерекше жақтыртпаушылық болғаны анық. Осы жағдайдан кейін Ресей ұлтшылдары мен консерванттары оны КСРО тарапынан батысқа деген біржақты жолберушілік нәтижесі ретінде талқылауда. Мәскеудің Грузиға қатысты жүргізген саясатының негізінде халықтың көпшілігі мен саяси элита арасында, сонымен бірге грузиндік парламентте антиресейлік ой қалыптасып, үдей түскенінен кейін Грузия ақырындап Ресейден диспоироваться те бастады. Ал Грузия өзінің саяси бағытын күрт өзгертіп, Түркия мен Әзербайжанмен жақындасып, НАТО құрамына кіру жөнінде көп ойлана бастады.
Ресей-грузин қатынастарының 1990 жылдардың екінші жартысындағы сипатына келетін болсақ, ол қатып-қалған сипатқа ие. Бұл кезеңдегі өзара күдік екі жақты қарым-қатынаста үшінші мемлекеттер мүдделерін қамтитын аса ыңғайсыз жағдай туғызды. Тбилисидің Ресейге қатысты өз аумағы арқылы Каспий мұнайын (қазақстандық және түрікмендік) тасымалдау үшін мұнайқұбырларын салу АҚШ пен Түркия тарапынан қолдау тапқан болатын. 1995 жылдың шілде айында РФ Федералды Жиналысының Федераттар Кеңесінің өкілі Грузияға ресми сапарының нәтижесінде парламентаралық әріптестік келісіміне қол қойылды. Екі жақты байланысты дамыту мақсатындағы келесі кезең 1995 жылдың 15 қыркүйегіндегі Ресей Үкіметінің өкілі В. Черномырдинананың Тбилисиге жасаған сапары болып есептеледі. Азаматтардың жағдайы ең бірінші орынға қойылатындығы баршамызға белгілі, сондықтан бұл кездесу барысында Грузиядағы Ресейдің әскери базалары және Ресей сен Грузия аумағында тұрып жатқан ресейлік және грузиндік азаматтардың құқықтық статустары жөніндегі келісімге қол қоюды екі жақ та жөн санады. Шиеленісті кезеңде бұл келісім жергілікті халықтар үшін аса маңызды болғаны сөзсіз. Ресей-грузин қатынастарының ары қарайғы жалғасын 1996 жылы 18-19 наурыздағы Грузия президенті Э. Шеварнадзенің Ресейге келген ресми сапарында тапты деуге болады. Екі ел басыларының кездесуінде ортақ Декларация қабылданып, 1996-1997 жылдарға арналған екі жақты сауда-экономикалық әріптестік, құрғақтағы сауданың даму жөніндегі келісім шарттар мен өзге дипломатиялық маңыздылығы бар құжаттарға қол қойылды. 1996 жылдың 27-28 қарашасында Тбилисиде өткен РФ мемлекеттік делегациясының оныншы отырысында грузин тарапы «Достық, тату-тәтті көршілік және әріптестік жөніндегі келісім» мен сотталғандардың өз мерзімін өздері қай елдің азаматтары болса, сол елдің мемлекеттік мекемелерінде өтеу үшін алмасу келісім шарты ратификациялау шараларын тездету үрдісі туралы өтінішпен ресейлік делегацияға жүгінгені белгілі.
Ресей делегациясының депортацияланған халықтардың құқықтарын қайта қалпына келтірумен байланысты келісімге келуді тездету жөніндегі мәселеге грузин тарапы Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан қашқан босқындар мәселесінің шешілмей тұрғандығына сүйене кері жауап қайтарған болатын.
Қол жеткізілген келісімдердің іс жүзінде орындалуы - бүгінгі күні екі ел арасында 800 жуық келісім-шарттар мен келісімдерге қол қойылған екен - аса маңызды қиыншылықтарға тап болып отыр. Ол бір жағынан КСРО ыдырағаннан кейін дәстүрлі және шаруашылық байланыстардың үзілуімен, ал екінші жағынан Грузия аумағындағы этникааралық қақтығыстардың реттелмегендігінен екендігі белгілі. Соңғы кездері Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынаста көрнекті алға ұмтылыс байқалуда. Яғни, ол жаңа деңгейге өтуі - страткгиялық әріптестердің өзара тиімді байланыстардың даму кезеңі. Бұл жолдағы маңызды қадамдардың бірі - 1997 жылы Ресей делегациясының Грузияға экономикалық әріптестік жөніндегі ресей-грузин комиссиясының баруы болып табылады. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Протокол және өзге де құжаттарға қол жеткізілді. Комиссияның қабылдаған шешімдерінің дамыту мақсатында 1997 жылы 17 қаңтарда Мәскеу қаласында Ресей үкіметі мен Грузия үкіметі арасында Ресей Федерациясы беріп отырған мемлекеттік несие бойынша Грузияның қарыздарын ресструктизациялау жөнінегі Келісімге қол жеткізілген болатын. Сонымен қатар, екі мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің СІМ бағыты бойынша кеңес берулері ұйымдастырылып тұратыны мәлім. 1990 жылдардың екінші жартысыда Грузия басшылығы Э. Шеварнадзе бастамасымен Ресеймен әріптес болудың басымды маңыздылығы жөнінде айта отырып, РФ президентінің Грузиямен тек қана достық емес, сонымен бірге одақтастық қарым-қатынаста болуына дайын екендігін, әрине олардың ұлттық және мемлекеттік мүдделерінің өзара есепке ала отырып, Ресейдің Грузия аумағында, жалпы Закавказьеда стратегиялық және геосаяси мүдделерінің бар екендігін айтып өткен болатын. Сонымен қатар, ол батыспен аса тығыз қарым-қатынасын орнату үшін жасап жатқан белсенді әрекет етіп, Грузияның еуропалық және натолық жүйелерге интеграциялық үрдіске түсуіне жаңа импульс беруге тырысып жатыр.
1996 жылдың басынан бастап, Грузияның Ресеймен қарым-қатынасының әскери-саяси аспектілеріне жақындасудың амалы аса қиындай түскен еді. Грузияның ресми тұлғаларынан, тағы да Грузия парламентінде ресей-грузия қатынастарының жағымсыз жақтарына, сонымен бірге ресейлік бітімгершілік орнатушылардың грузин-абхаз қақтығысты аймағындағы қызметі жөнінде әңгіме жүре бастады. 1996 жылы 2 қазанда РФ Парламентімен қабылданған абхаз мәселесі жөніндегі шешімі бірнеше қолайсыз бөлімшелерден тұрады. Ресейдің Грузия аумағындағы әскери базалары жөніндегі Келісімнің ратификациялануы тікелей Абхазиядағы қақтығысты жағдайы мен Ресей тарапымен «Грузияның бүкіл өзінің аумағының тұтастығын қалпына келтіру» мәселесінің реттелуіне байланысты етіп қойған. Басқаша болған жағдайда ресейлік әскерлердің Грузия аумағынан шығарылып тасталуы мүмкіндігі де қарастырылған екен. Осыған қарағанда бұл кезеңдегі негізгі мәселелер қатарына ресейлік бітімгершілік орнатушылардың қақтығыс аймағында келу мәселесі мен Ресейдің делдалдық миссиясының жалғастыра алатындығы жайында болып тұрғаны анық. Ресей президентіне екіжақты қатынастың ревизиясын жасау үшін «төтенше мемлекеттік делегация» құру қажеттігі туындаған болатын. Расында да аталған делегация қысқа мерзім ішінде аса ықпалды тұлғалардан құрылып үлгерді. Тағы бір айта кететін жай, Ресейге және оның бітімгершілік күштеріне қақтығысты шешу үрдісін тым ұзаққа созуы, абхаз сепаратистеріне көрсеткен қолдауы мемлекеттер арасындағы әдеттегі дұрыс қарым-қатынасқа сай емес екендігіне қатысты еш негізсіз жала жабулар көбейіп кетті. Ал Тбилиси жағы 1994 жылғы 3 ақпандағы Ресей Федерациясы мен Грузия Республикасының арасындағы Ресей Федерациясының Грузия аумағында орналасқан Шекара әскерінің қызметінің шарттары және оның мәртебесі жөніндегі келісім-шартты ратификациялауды тым көп уақытқа созып отырғандығы белгілі. Рсейдің Шекаралас қызметінің директоры А. Николаев Тбилисиге жасаған жұмыс сапары барысында оны грузин тарапының талабына сай етіп, Грузияның заңнамаларына сәйкестігін анықтау мақсатында қайта қарастырылу ұйғарған болатын. Ресейлік әскерлер мен шекарашылардың Грузияға келуінің еш халықаралық құқықтық негізі жоқтығына байланысты ол бірнеше елдердің, ең алдымен Түркияның орын алған жағдайдың қаншалықты құқыққа сай екендігі жөнінде мазаланатын көрінеді.
Тбилисидің Ресей-Грузия қарым-қатынастарындағы ұстанымы Грузияға аса қызығушылық танытып отырған, экономикалық ықпал ету амалдар арқылы, әсіресе, каспийлік мұнайды тасымалдау мақсатына Грузия аумағы арқылы мұнайқұбырларының салынуына мүдделі болған, жалпы АҚШ пен Түкияның қарамағында болған ұстанымын енді өзгере бастағандай. Алайда Ресей Грузиямен экономикалық, саяси, әскери, мәдени және басқа да салаларда қарым-қатынасын дамыту, қол жеткізіліп қойған келісімдердің түпкілікті мазмұнға ие болуы, оның әлеуметтік-экономикалық дағдарысты жеңудегі қосымша, шығынсыз көмек көрсету жолдарын іздеу, ТМД шеңберіндегі секілді халықаралық аренада да аса тығыз байланысты орнату мақсатында қимылын жалғастыруға ниетті болғанымен, бүгінгі күнгі екі мемлекет арасында орын алған шиеленісті жағдай болашақта аталғандардың жоққа шығарылуына әкеліп соқтықтыратндығын кім білген?
Ресей тарапының мұндай бағыты 1996 жылы Грузияның парламент өкілі З. Жваниидің (12-14 қарашада), Грузияның сыртқы істер министрі И. Менагаришвилидің (5-6 қарашада) Ресейге жасаған, ал Ресейдің Мемлекетік Думасының өкілі Г. Селезневаның (25-26 қарашада) жасаған жұмыс сапарларында қалыптасқан болатын. Нәтижесінде екі жақты қарым-қатынастың кейбір өзекті мәселелердің қиыншылықтарын шешуге, сонымен қатар, шекараны бақылау саласындағы әріптестік мәселесіндегі, жалпы шиеленісті жағдайларды шешудегі қиыншылықтарды реттеу мүмкіндігі пайда болды. Ресей мен Грузия арасындағы стратегиялық, одақтастық байланыстарының дамуының бағыты қабылданып, екіжақты ынтымақтастыққа кедергі болатын барлық кедергілерді алудағы ұмтылыс байқалған болатын.
1998 жылдың сәуір айында грузиндік басшылық Ресейдің шекара әскерін біртіндеп грузин-түрік шекарасынан шығару мен Грузия аумағындағы екі ірі ресейлік әскери дивизияның шығарылуы жөніндегі келесімге қол қоюына жеткен болатын. [94] Грузия ГУАМ құрудың негізгі бастамашыларының бірі бролып табылады және 1999 жылы Грузия өзінің ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Ташкент келісімінен шығып кетті. [95] Ресейдің Грузиямен қарым-қатынасын нашарлап кетуі - оның Кавказдағы ұлттық мүдделеріне көп-көрім нұқсан келтіргені анық, себебі Грузия - бұл Шешенстанмен шекаралас жатқан тек жалғыз ғана мемлекет болып табылады. Сондықтан географиялық фактор да сыртқы саяси басымдылықтарға өз септігін тигізетіні сөзсіз. Батыстық қауымдастық 1990 жылдарды Ресейдің төмен қарап қалған кезеңі деп қарастырмағандығы анық. Алайда, батыстық саяси элита Ресейдің тез арада талпынысты түрде сыртқы саясатындағы жетістіктерге жетіп, кеңестік кезеңнен қалған стереотиптерден шыға алып, әлемдік қауымдастықта толыққанды рөлге ие екендігін дәлелдей алды. Ал батыс енді Ресейді бәсекелестікке дайын ұлы державалардың бірі ретінде тани бастады. Бұл Ресейдің Грузияға қатысты жүргізіп отырған саясатында да байқалатыны анық. Ресейдің Грузиядағы «отарлық» түсінігіндегі белсенділігі дәстүрлі сипатқа ие болып отыр, бұл ең алдымен Грузия аумағында тұратын азаматтарға ресей төлқұжаттарын беруде, кейін Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау кезінде байқала бастады. РФ мұндай іс-қимылдары оның көршілес мемлекеттерге өзінің мүдделерін жүзеге асырып, өз бақылауында ұстауға ұмтылып отыр деп түсінген батыс елдерін аса қауіптендірді. Сонымен қатар, Еуропаға энерготасымалдау мәселесініндегі белсенді дипломатия, президент Д. Медведевтің 2008 жылдың 31 тамызында таяу шетелдегі «привилегированных интересах» жайындағы мәліметі мен Оңтүстік Осетияның бастапқыда 29 тамыздағы Ресей құрамына енуге білдірген ниеті - мұның барлығы Ресейдің қоржынындағы айыптар қатарына қосылғаны белгілі. Сонымен батыс елдерінің алдында Ресейдің бейнесі сонау Кеңес Одағының кезінен қалған мұра деген түсінік қалыптасқаны анық. Басқаша айтқанда, бұрынғы агрессивті Ресей империясының тәжірибесі бүгінгі күнгі Ресей Федерациясының жүргізіп отырған сыртқы саясатында көріне бастағаны белгілі. Бұл түсінікті жайт, себебі Ресейдің сыртқы саяси бағыты негізінен суық кезеңінің саясаткерлері жүргізген бағыт шеңберінде атқарылатыны анық.
Заманауи әлемдегі Ресейдің саяси стратегияларына келетін болсақ, XX ғасырдың соңғы онжылдығынан бері Ресей өзінің әлемдік экономикаға енуі, дүниежүзіндегі барлық елдермен саяси, әскери, мәдени және басқа да салалардағы байланысын арттырып, қарым-қатынасын нығайту бағытын жүргізіп келеді. Алайда бұл үрдіс баяулығымен, тым көп қарама-қайшылықтарымен ерекшеленіп келеді. Оған брнеше себеп өз септігін тигізуде.
Біріншіден, қазіргі әлемдік қауымдастық қабылданып жатқан мыңдаған реформалар тұсында идеалды емес екендігін байқауға болады. Халықаралық қатынастардағы қақтығыстардың барлығы суық соғыспен, коммунистік идеология мен саясатқа байланысты болмағанын түсінеміз. Дамушы, сонымен қатар дамыған елдер де халықаралық қатынастар жүйесіне бірнеше шиеленісті жағдайлар туғызып, қауіп төндіретіні анық. Бұл Ресей мен Грузияға да қатысты дүние.
Екіншіден, Ресейдің біраз үзілістен кейінгі тәуелсіз сыртқы саяси бағытын жүргізудегі ұмтылысы ғаламдық масштабта өзінің көшбасшылығын иеленген Вашингтон тарапынан қарама-қайшылық тудырып отырғандығы белгілі. Мәскеудің қайта құрған сыртқы саяси басымдылықтары Батыс қауымдастығының кзінде үрей туғызып отыр, әсіресе, ресейлік империялық саясат ТМД, Шығыс елдері тарапынан да күдік тудырып отырғаны айқын.
Үшіншіден, Ресейге деген күдікті көзқарастың тарихи белгісі - ол бүгінгі күнгі қауымның жағдайы деуге болады. Дәлірек, криминализация, ұйымдасқан қылмыстың көбейіп кетуі, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, этникалық қақтығыстар, терроризм мен сепартизм Ресейге сыртқы саяси әріптестерін шеттететін сияқты. Ал РФ Кавказда болған оқиғаны реттеудегі күш қолдануы да мұнда көзқарастың қалыптасуына әсерін тигізген болар.
Төртіншіден, ресейлік сыртқы саясаттың ресурстық негізі белгілі көлемде қысқарған: экономикалық, әскери, ақпараттық-мәдени салаларда, сондывқтан Ресей үшін халықаралық қауымдастықта өз мүдделерін жүзеге асыру біраз қиындықтар туғызып отыр. Алайда, Ресейдің қоғамды демократизациялау мен нарықтық экономиканы дамытудағы бағытының көмегімен түбінде сыртқы саясатында белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндігі зор. Мәскеу Батыспен конфронтациясыз қарым-қатынасын сақтауда, ол «үлкен сегіздік» құрамына кіргендігі белгілі, сол сияқты заманауи халықаралық қатынастардың басты экономикалық және қаржылық институттарына, Ресей халықаралық ұйымдар жағынан көмекке ие бола отыра, оның елдермен дұшпандық сипаттағы қатынас жоқ екендігіне сенімді. Сонымен қатар, өткен жүзжылдықтың аяқталысымен Реседің ұлттық қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіптер саны арта түскені белгілі. Аталған қауіптер қатарына:
- этноұлттық немесе конфессионалдық негізде сепаратистік күштер арқылы Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына төніп тұрған қауіп;
- халықаралық қауіпсіздік саласында Ресейдің негізгі институттарындағы ұстанымының әлсіреуі;
- «гуманитарлы араласу» доктринасының Ресейдің егемендігін елемеген жағдайда жүзеге асырылуы;
- ТМД-ғы интеграциялық үрдістерге қайшылық ету мен аумағында ресейлік мүддеге сай ұстаным ұстайтын мемлекеттер одағын құру болып табылады. Алайда, ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған мұндай қауіптерге қарамастан, РФ Еуразия континентіндегі ң ірі державалардың бірі екеніне күмәніміз жоқ. Белгілі саясаткерлер арасындағы түрлі көзқарастарға қарамастан, Ресей халықаралық қатынастар жүйесінде аса ықпалды рөлге ие. Сондықтан, Ресейге қатысты Грузиндік көзқарас өзгеше, айталық Грузия үшін Ресеймен достық қарым-қатынаста болу не үшін қажет деген сұраққа жауап беріп көрейік. Алдымен дүниежүзіндегі барлық елдер күшті ядролық және энергетикалық ұлы державамен шиеленісті жағдайға түспеуге тырысады. Әсіресе, Ресейдің грузиндік аумағының бөлігіне оның еркіне салмай, күш қолдану арқылы енгеннен соң енді бұл жерлерді оңайлықпен босата алмайтындығы белгілі. []
Сонымен қатар, Ресейге Грузиямен тату болудың қандай қажеттігі бар екендігі жөніндегі мәселе өз алдына түсінікті. Ең басты себеп-ол Грузия Кавказ аймағындағы Ресей мен Арменнияны біріктіріп жатқан мемлекет, сондықтан Ресей Федерациясы үшін Грузиямен тату-тәтті қарым-қатынаста болу өзінің стратегиялық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында қажет болып табылады. Өкінішке орай, өткен жылдың тамыз айындағы қайғылы оқиға, жалпы бүгінгі күнгі екі жақты қатынаста орын алған жағдай бұл басымдылықтар мен мүдделер жайында ұмытып, жаңа саяси бағыт қолдануды талап етіп отырғандығы сөзсіз. Ендігі өзекті мәселелердің бірі осы шиеленісті қақтығыстың Ресей мен Грузияның дипломатялық қарым-қатынастарына тигізген ықпалы жайында болмақ.
1. 2 Ресей-Грузия қарым-қатынастарына этникалық қақтығыстар мәселесінің ықпалы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz