Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
  2. «Тарих-и Рашиди» - Хайдар Дулатидің ең басты шығармасы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Мұхаммед Хайдар Дулати

(1499-1551)

«Тарих-и Рашиди»

Мұхаммед Хайдар Дулати- қазақтың есімі әлемге мәшһүр тұңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф.

Ұлы ғалымның әкесі Мұхаммед Хусейн кезінде Моғолстан мемлекетінің билеушісі болған Сұлтан Махмұд ханның туған қарындасы Хуб Нигар ханымға үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидің анасы Хуб Нигар ханым- Моғолстанның әміршісі Жүніс ханның кенже қызы Ал Жүніс ханның тұңғыш қызы Михр Нигар ханым - аты әлемге әйгілі Захириддин Мұхаммед Бабырдың анасы.

Сонымен, Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд өзінің күйеу баласы Мұхаммед Хусейнге Ташкент маңайындағы Оратөбе өңірін сыйға тартады. Міне соңда Ташкент шаһарында 1499жылы ( хикра жыл санауы бойынша- 905 жылы)

Хайдар Дулати - өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған дәріс берген ұлы Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырдың аса көрнекті ғұламалары еді.

Хайдар Дулатидің әкесі Мұхаммед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. Әкесі қайтыс болған соң, 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп тұрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты «Бабыр-наме» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидің ақындық талантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған.

Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде, дәлірек айтсақ, 1514жылы ХайдарДулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады. Сондай-ақ ол ханның мұрагері Әбу ар-Рашидтің ұстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады.

Кезінде Хайдар Дулати есімі аса дарынды қолбасшы ретінде мәшһүр болған.

1533 жылы Сұлтан Саид хан қайтыс болады да, оның тағына баласы Әбу ар-Рашид отырады. Жас мұрагер дулат тайпасын жек көріп, қуғынға ұшыратады. Бұған ренжіген Хайдар Дулати алдымен Бадах-шанға, сосын үнді елінің әміршісі Бабырдың баласы Камранға барып, 1539-1540 жылдары Аграда тұратын Бабырдың үлкен ұлы Құмайынмен бірге болады.

Хайдар Дулати 1541 жылы Бабыр ұрпақтарының көмегімен Кашмир елінжаулап алып, сонда дербес мемлекетке өзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы Хайдар Дулати сондағы тағы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады.

«Тарих-и Рашиди». «Тарих-и Рашиди» - Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVІ ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазады. Сондай-ақ Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орыналған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғаларда қамтылған. Ғалым, қаламгер сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазыпқал-дырған. Бұл еңбектің ең құнарлылығы - Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндайды.

«Тарих-и Рашиди» - қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің ХV-ХVІ ғасырлардағы тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер көзі болып табылады.

Бұл еңбекте бір кезде ауылы аралас, қойы қоралас болып жатқан күллі халықтарының қоғамдық-әлеуметтік ғұмыры баяндалады. Алайда Хайдар Дулатидің бұл кітабын қазақ халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Қазақ тарихы, Хайдар Дулатидің айтуы бойынша, Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстан - шығысында Ертіспен, солтүстігінде Балқаш көлімен, батысында - Түркістан және Таш-кент шаһарларымен, оңтүстігінде Қашғариямен шектесіп жатқан ұлан-ғайыр мемлекет еді. Сонау ХІV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанның алғашқы хандары Тоғлұқ-Темір мен Ілияс-қожа Мауераннахрды өзіне қарату үшін бірқатар соғыстар жүргізді. Бертін келе осы мемлекетке қарасты, Жетісу жерінің билігі әмір Камараддинге көшті. Бұл кезде Орта Азияның билеушісі Әмір Темір Моғолстан жеріне қайта-қайта шабуыл жасаумен болды. Моғолстанның билеушілері әмір Камараддин дулат, Еңке төре, Қызыр қожа хан және Ақ Орда билеушісі Тоқтамыс хан бас қосып, Әмір Темірге қарсы шықты.

Он бесінші ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің ішкі қайшылықтары күшейіп, қазақтың көптеген ру-тайпалары Дешті Қыпшақты тастап кетті. Олар Жетісуға қоныс аударған еді. Бұларды Шу өңіріне қазақтың алғашқы хандары саналатын Жәнібек пен Керей бастап барып еді. Моғолстан ханы Есенбұға көшіп келген қазақтарға негізінен Шу өзені, Қаратау маңайынан қоныс берді. Ал Жәнібек пен Керей бұл кезде Жетісуда қазақ хандығын құрды.

Сөйтіп, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы -Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы - Қасым хан, т. б. туралы құнды деректер бар.

Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тай-палар жайында егжей-тегжейлі жаза келіп, тайпалық тартыстардың тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі ала-уыздықты сыртқы жаулар алай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде әңгімелейді.

Хайдар Дулати тарихшы ғалым ғана емес, ол сонымен бірге аса дарынды жазушы, ақын. Сол себепті ол «Тарих-и Рашидиді» көркем сөз зергері ретінде жазып шыққан. Қаламгер өз көзімен көрген оқиғаларды аса дарынды суреткерге ғана тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді.

Міне, соның нәтижесінде «Тарих-и Рашиди» ресми тарихтан гөрі, көркем шежіре дәстүрімен жазылған шығармаға көбірек ұқсайды. Жалпы Хайдар Дулати өмір сүрген дәуірде оқыған зиялылар арасында шежіре жазу салты кең тараған еді. Әйтсе де Хайдар Дулати жазған шежіре ғылыми жағынан да, көркем сөз өнері тұрғысынан да өзгелерден шоқтығы биік туынды болатын.

Қазақта шежіре айту мен жазудың қалыптасқан мақамы, стилі, тәсілі бар. Хайдар Дулати қазақ қауымның тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын бейнелеитін тұстарда осы дәстүрді сақтайтын сияқты. Мәселен, «Тарих-и Рашидиде» қазақ даласының билеушісі Қасым ханның алыстан қонақ болып келген Сұлтан Саид ханды қалай қарсы алғанын бейнелейтін көрініс бар. Мұнда Қасым хан өзінің құрметті қонағына қарата айтатын монолог берілген. Бұл монолог-сөз ішкі логикалық ұйқасқа құрылған ақ өлең түрінде болып келеді. Қасым хан сөзінің тындаушысына тигізетін эмоциялық әсері күшті екенін аңғару қиын емес. Қасымхан сонда сөйледі: «Біз дала халқымыз, бұл жерде қымбат бұйымдар мен тағамдар жоқ. Ең қымбат байлығымыз - жылқы және ең дәмді тамағымыз - оның еті әрі ең сүйкімді сусынымыз - оның қымызы мен одан дайындалатын тағамдар.

Біздің өлкемізде бау-бақша мен зәулім үйлер жоқ. Серуендейтін жеріміз- малдың жайлауы, сонда барып бәріміз бірге бой жазып, сайран салып, жылқыларды қызыктаймыз», - деді. Хан мына екі сәйгүліктей екі жылқыны ешқашан көрмегенін талай рет әңгімеледі.

Бірде Қасым хан: «Ел - жылқының күш-қуатына қарай тіршілік етеді. Менде осы екі арғымақтан басқа өзіме лайық сенімді ат жоқ. Сондықтан екеуін бірдей сізге тарту ете алмаймын. Енді сіз қадірлі қонағым болгандықтан, екеуінің бірін тандап, қабыл алыңыз», -деді. Ол әрқайсысын жеке-жеке сипаттап шықты. [Саид] хан біреуін алды. Ол арғымақтыңаты - Оғылан Түрік еді. Шынында да, ондай арғымақ бұдан кейін туған жоқ. Қасым хан тағы бірнеше атты сол үйірден таңдап, алдына тартты (80, 309) .

Хайдар Дулатидің бірқатар елдерге жасаған саяхаттары да осы еңбекте тартымды түрде баяндалған. «Тарих-и Рашиди» - қызықты оқиғаларға, ғажайып көріністерге аса бай еңбек. Мәселен, қаламгер Тибет елінің табиғатын сүйсіне суреттеп, сондағы алтын өндіру кендері туралы қызықты хикаялар айтады.

Осы Тибет сапарында ол жол-жөнекей көптеген қиындықтарға душар болып, қыры гүл жайнаған Бадахшанға зорға жетеді. Бұл сапарда ол жанындағы жеті жүз адамынан айрылады. Жан төзгісіз жол азабынан соң Бадахшан оған жұмақтай көрінеді. Сонда Хайдар Дулатидің жазған мынадай бір өлеңі бар екен:

Бір сәтке де жаным сенсіз жай таппас,

Маған деген мейріміңде шек болмас.

Әр тал шашым сөйлеп кетсе тіл бітіп,

Алғысымның мыңнан бірін айта алмас.

Хайдар Дулати өз дәуірінің белгілі ақыны болған. Жыр қадірін жетік білетін атақты Бабыр патша кезінде Хайдар Дулатидің ақындық дарынын аса жоғары бағаланған. Жиын-тойларда Дулатидің лирикалық өлеңдерін әуенге салып айтады екен.

Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы- адамгершілік, сүйіспеншілік , достыққа адалдық болып келеді.

Ол өз өмірінде әлемнің көп жерлерін аралап, талай-талай тарихи оқиғаларға куә болған. Тағдыр тауқыметін көп көрген ақын кезінде ел аралаған кезбе-саяхатшы да, Кашмир тағында отырған хан да болған. Сол себепті ол мына жалған дүниенің өткінші екенін, адам өмірінің құбылмалы болатынын, қашанда жақсылық пен жамандық өзара шайқасып жататынын өзгелерден гөрі тереңірек пайымдаған.

Ақынның философиялық ой-толғамдарын төмендегі жырларынан аңғару қиын емес:

Бүкіл әлем бірден ғайып болады,

Бар тіршілік күзгі гүлдей солады.

Мәңгі ғұмыр - тек Аллаға жарасқан,

Пенделері топырақ болып қалады.

Немесе:

Бізден бұрын ғайып болып кеткендер,

О дүниеге бізден бұрын жеткендер,

Бір сәт қана бізден бұрын мас еді,

Шарап болып қайта орадды, төкпеңдер!

Хайдар Дулати Кашмир елін жаулап алып, хан тағында отырған кезіндегі көрген-білгендерін зор шеберлікпен жазады. Мәселен, «Тарих-и Рашидиде» бейнеленген мынандай көріністер бар: «Кашми рауасының (температурасы) жаз айында өте қоңыр салқын, сондықтан ешқандай желпуіштің қажеті жоқ. Ұдайы қоңыр салқын самал есіп тұрады. Оның хош иісті лебі адам жанын жадыратып жібереді. Үнемі Исаның деміндей жандандырып жіберер қасиетке ие таңғы самалдан райхан жапырақтары төгіліп жатады. Сайраған бұлбұлдар мына халді баян еткендей: «Шіріп кеткен сүйектерді кім тірілте алады?»

Бәйіт:

Жаны жарқын адамның жылы ұшырар ауласы,

Соны сезген адамның қай кезде де сау басы.

Қыста ауаның қоңыр салқындығы сондай, қардың қалың түскеніне қарамастан, тон киюді қажет етпейді. Оның суықтығы сол табиғи жылуды толық күйде еске түсіріп тұрады. Әлемді сәулесімен нұрландырар күн шапағын шашпаған кезде, табиғат оттың жылуынан бас тартпайды. Мына өленде айтылғандай.

Бәйіт:

Мазасыздау көңілім, ұшқан тозаң - көк мұңы,

Бүгінгі күн, білгенге, шарап, шатыр от күні.

Мұндай күн Кашмирде кей-кейде болып тұрады. Оның көктемгі ауа райы (Құраның сүресінің) : . . . жан бітірген кезде « мән-мағынасын айқын беинелегендей, оның даласының көк майсасы жәннат шалғынының даңқын ұрлағандай, ал онын, бақтарының гүлдері мен ағаштарының алдында жұмақ бағының еңі солғын тартады. Гүлдендірілген бақтарынан ағып жатқан өзендері Құранның аятында айтылғандай: « . . . төменді бұлақтар ағып жататын жәннатқа кіргізетінінен» еске салады. Оның отты қызғалдақтары Халелдің отына кінә артқандай еді.

Бәйіт:

Жұмақ жаққа бұрылған шықсаң жолдың шетіне,

Отын жаққан Халелдің қызғалдақтар бетіне». (80, 467)

Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді. «Тарих-и Рашиди» екі дәптерден (кітап) тұрады. Бірінші дәптерде Моғолстанды және Қашқар елін билеген Шағатай ұрпақтарының әулеті тарихы баяндалады. Мұнда автор Тоғлық Темір билік жүргізген кезден (1347-1348 жылдар) бастап хан тағына Әбу ар-Рашид отырған кезеңге (1533 жыл) дейінгі тарихи мерзімді қамтыған.

Ал екінші дәптердің көлемі біріншісіне қарағанда төрт еседей көп. Қаламгер оны 1542 жылы жазып бітірген. Бұл дәптер көбінесе дерлік ақынның өз көзімен көрген оқиғалар бойынша жазылған. Екінші дәптерді ғұмырнамалық шығарма деуге болады.

Шынында да, «Тарих-и Рашиди» - құнарлы, бейнелі тілмен қазақтың шежіре айту дәстүрінде шебер жазылған көркем туынды. Ол дарынды қаламгер ретінде тарихи тұлғалардың жанды бейнелерін жасаған. Оқырман көне дәуірдің қым-қиғаш оқиғаларын өз көзімен көргендей әсер алады. «Тарих-и Рашиди» қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерге, сан қилы әдеби теңеулерге мейлінше бай. Ең бастысы -бұл мемуарлық еңбектің шынайы көркем туындыға тән сюжеттік желісі бар, композициялық құрылысы ширақ жасалған әрі метафора, эпитет, теңеу іспеттес көріктеу құралдары қатар пайдаланылады.

Тағы бір назар аударатын жәйт - автор белгілі бір тарихи деректерді тізбектеумен шектеліп қоймайды. Дәл сол деректер жайында өзінің ой-толғаныстарын дидактикалық, философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді. Ғалымның бұл философиялық пікірлері арнайы зерттеуді қажет етеді.

ХайдарДулати «Тарих-и Рашидиді»жазу үстінде өзін дарынды ақын ретінде де таныта білген. Проза тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол арагідік поэзия тілімен, яғни жырмен жеткізеді. Хайдар Дулатидің ақыңдық дарынын кезінде «Тарих-и Рашидиді» өзге тілдерге тәржіма жасаған Батыс пен Шығыстың көптеген ғұламалары ерекше атап көрсеткен.

Хайдар Дулати бұл неңбегінде өзінен көп бұрын өмір сүрген және өзімен замандас Шығыс шайырларының поэзиясына теориялық талдау жасап, олардың өлендерінен мысалдар келтіріп отырады. Олар -Науаи, Жәми, Бинаи, Сухайли, Хилали, т. б. ақындар. Сондай-ақ мұнда сурет өнерінің тарихы да сөз болады. Әсіресе суретші Бекзада және оның шәкірттері салған көркем бейнелерге зор білгірлікпен жан-жақты талдау жасаған. Дулатидің музыкаөнері, музыкалық аспаптар, оларды жетілдіре түсу жолдары жайындағы ғылыми ой-пікірлері де ерекше назар аударады.

Жанрлық тұрғыдан келгенде, «Тарих-и Рашиди» - ғылыми еңбек әрі түркі тілдес халықтардың шынайы шежіресі, сондай-ақ тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деуге де болады.

Біріншіден, «Тарих-и Рашиди»-көне түркі, шағатай, араб, парсы, латын, ежелгі грек, үңді тілдеріңде жазылған, есімдері әлемге мәшһүр Шығыс пен Батыс ғұламаларының тарихи зерттеулеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми еңбек.

Екіншіден, Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ауызша айтылып келген тарихи деректерді, аңыз-әфсаналарды, хандар мен сұлтандардың генеалогиясын (ата-тегін) өз ішіне қамтыған шынайы шежіре кітап деуге болады.

Үшіншіден, қазақ зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде таныған. Тіпті алғашқы ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре мәтінін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға айналдырып жіберетін болған.

Міне, Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегін жазу барысыңда осы жәйттерді мықтап ескере отырып, оны жоғарыда айтылған үш талапқа да жауап беретіңдей етіп жазған.

Еңді осы «Тарих-и Рашңци» кітабын зерттеу, басқа тілдерге тәржіма жасау жайында бірер сөз айта кетейік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар- әйгілі тарихшы
М.Х.Дулати
Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы
Әлкей Марғұлан өмірбаяны
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Бұрындық хан мен Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы
Мырза Хайдар Дулати
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
Қасым хан өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz