Кәсіпкерлік пен оның әлеуметтік экономикалық мәні


Кіріспе.
1. Кәсіпкерлік пен оның әлеуметтік экономикалық мәні.
- Кәсіпкерліктің мәні мен қажеттілігі
1. 2 Шағын бизнес - экономикалық дамудың негізі
1. 3. Шағын кәсіпкерлік құқықтық негізде
2. Кіші бизнестің нарықтық қатынасты дамытудағы мәні
2. 1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
- Шет елдерде шағын бизнестің дамуы
3. Отандық шағын бизнестің қалыптасуы мен жетілдіру жолдары.
3. 1. Шағын бизнесті дамытуда, кездесетін проблемалар.
3. 2. Елдегі жеке кәсіпкерлікті тиімді дамыту жолдары.
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі . Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік нарықтық экономиканың басты элементі болып табылады, онсыз мемлекет бірқалыпты дами алмайды. Шағын кәсіпкерлік - бұл өркениетті нарықтық шаруашылықтың құрамдас бөлігі, оған тән бәсекелестік механизмнің ажырамас бөлігі. Бұл кәсіпкерлік түрі нарықтық экономикаға қажетті икемділік бере отырып, халықтың ірі қаржылық және өндірістік ресурстарын жинақтайды, өзінде қуатты монополияға қарсы потенциалды қалыптастыра отырып, ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттары бойынша алға жылжуды қамтамасыз етеді және құрылымдық қайта құрудың басты факторы болады, көп жағдайда нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешеді. Сондықтан шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық саясатты қалыптастырудың стратегиялық міндеті болып табылады.
Мемлекеттік және басқа да қолдауға қатысты шағын бизнеске аз көңіл бөлінуімен шағын кәсіпкерліктің мәселелерін зерттеу мәні жоғарылайды. Шағын кәсіпкерлікті дұрыс бағаламау нәтижесінен оның экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерін ескермеу ірі стратегиялық мақсаттардың іске аспауына тікелей әсерін тигізеді.
Мемлекеттің қолдауынсыз және өзіндік ішкі топтағы өзара әрекетсіз шағын бизнес ірі капиталдық бәсекелестік күреске төтеп бере алмайды, өзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік қызығушылықтарын қорғай алмайды.
Жаңа кәсіпорындардың нарыққа шығуына және олардың қызметтерінің дамуына әкімшілік және экономикалық кедергілер бар. Көптеген шағын кәсіпорындар Қазақстандық заңдылықтардың жетілмегендігіне байланысты «көлеңкеде қалып отырды». Бірқатар эксперттердің бағалаулары бойынша шағын кәсіпорындардың 90 пайызы көлеңкелі экономикада қалып отырды. Қалыптасқан жағдай жемқорлыққа шексіз мүмкіндік әкеле отырып, нәтижесінде шағын кәсіпкерлік өкілі жергілікті деңгейде бұқаралық құрбанға айналады. Мемлекет шағын кәсіпкерлік секторында нарықтық өзгерістер процесінің белсенді және қозғалмалы қатысушысы ретінде, минималды меншіктік ресурстар көмегімен капитал салымдарының жоғары айналымын қамтамасыз ететін экономикалық қарым-қатынастардың тең құқылы субъектісін көргісі келмейді. Шағын меншік иесінің несие-қаржылық және салықтық жүйеде кедендік қорғауда ешқандай артықшылықтары жоқ, бизнесті дамытуда айтарлықтай кедергілерді бастан кешіреді, өмір сүруге қиын жағдайда жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерліктің өкілі үшін өндірістік сферада бұл кәсіпкерліктің түрі тиімсіз, сондықтан сауда және делдалдық салада қызмет істеуді жөн көреді, ал қазіргі қазақстандық экономика үшін капиталдың айналыс саласынан өндіріс саласына құю өте қажет. Сол себепті бүгінгі күні шағын бизнесті мемлекет тарапынан қолдау жасау қажет.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Шағын бизнес мәселесін зерттеумен көптеген шет ел және отандық зерттеушілер айналысуда. Олардың ең негізгілерін атап айтатын болсақ, К. Б. Бердалиев, Байжолова Р. А., Мамыров Н. С., Орлов А., Цыганов А., Митрофанов Н., Архипов А. және тағы басқалары.
Жұмыстың мақсаты. Аймақтағы шағын бизнес проблемаларын айқындап, оларды шешу жолдарын ұсыну.
Жұмыстың міндеті. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
-шағын бизнестің мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
- шағын бизнесті несиелеу жағдайын қарастыру;
-шағын бизнестің дамуына кедергі жасайтын мәселелерді шешу жолдарын ұсыну;
-мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру
1. Кәсіпкерлік пен оның әлеуметтік экономикалық мәні.
- Кәсіпкерліктің мәні мен қажеттілігі
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше сапасы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер
( 1883 - 1950 жж) мән берген. Оның айтуынша «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайында француз экономисті Жан Батист Сэй (1767 - 1832 жж ) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
«Кәсіпкерлік» терминін алѓаш рет ағылшын экономисті Ричард Копженович (1650 - 1734 жж) енгізген. Бұл ұғымѓа ол нарық тәуекелділік жағдайда табым алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен базис ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі.
Базис пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір - бірімен баламалап теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін қызметтің кез - келген түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - наваторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтан айналысатын адам (осы көзқарас тұрғысынан) ешқашан кәсіпкер бола алмайды.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара - пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады. Неміс ғалымы әрі экономисті И. А. Шумпетердің ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа бір игілікті бастауѓа негізделген. сондай ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға, өндірістік талапқа сай басқаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойдаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың діңгекті нәрсесі мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Олар НЭ - да бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай - ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисті Альфред Мариан айтқандай, НЭ басты қасиеті - «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Марианның айтуынша, кәсіпкер - экономикалық процесті жеделдете түсті.
Шағын кәсіпкерлік капитал тезірек айналатын салаларда пайда болды. Ондай салаларға - сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласы жатады.
Кәсіпкерліктің теориясының негізін XVIII - XIX ғғ . Ф. Кенэ, Л. Смидт ,
қалаған болса, ол одан әрі қарай И. Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чайнов және басқалары дамытты.
Кәсіпкерлік феномені әрқашан да экономикалық ғылымның зерттеуінің маңызды этикеті болған, себебі кәсіпкер нарықтық шаруашылықтың басты бағыттаушысы болған.
Рим құқығында «кәсіпкер» іс, қызмет, әсіресе комерциялық қызмет ретінде қарастырылған.
Орта ғасырда «кәсіпкер» түсінігі бірнеше мәнде қолданылады. Көбіне оған сыртқы саудамен айналысатын тұлғаларды жатқызған. Осындай кәсіпкерліктің бір мысалын саяхатшы, Еуропа мен Қытай арасындағы қатынастардың негізін қалаған Марко Поло берген. Саяхатқа бара жатқан саудагер (неміс кәсіпкер) көпеспен (банкпен) тауарды сату туралы келісім - шарт жасаған. Сапардан оралғаннан соң ол табыстың 75%-ін көпеске(банкке) беріп отырған. Кәсіпкерлерге сонымен қатар шерулер, көріністер, сайқы мазақтарды ұйымдастырушыларды да жатқызѓан. Оған қоса кәсіпкер түсінігін күндегі өндірістік, құрылыстық жобалардың жетекшілеріне қолданған. Мұндай жоба жетекшісі ешқандай тәуекелдікке бармаған, ол тек берілген қаржының, материалдық, сауда ресурстарын қолдана отырып ұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасаған.
Экономикалық әдебиеттерде «кәсіпкер» түсінігі алғаш рет 1723 жылы Парижде басылып шыққан жалпы сөздікте пайда болған, онда «өз мойнына өндіріс және құрылыстың міндеттемелерін» алатын адам деп түсіндірілген.
Франзцуз К. Бодо Каптильоннан ары қарай барды. Ол кәсіпкер сонымен қатар интелект иесі болуы керек, яғни ол әр түрлі оқығаны мен білімі (знание) болуы керек деген.
Француздың басқа экономисті Тюро кәсіпкер тек қана белгілі бір ақпаратпен ғана емес оған қоса капиталмен қамтамасыз етілуі керек деп санаған. Тюро капитал экономиканың негізі, табыс - кәсіпкердің мақсаты, өндірістің дамуының негізі екенін көрсеткен.
Л. Мариал көбінесе кәсіпкердің ұйымдастырушылық қызметіне көңіл бөлді және кез келген адам кәсіпкер бола бермейді деп санаған.
Кәсіпкер мен «кәсіпкерліктің» дамуы1. 1 кестеде көрсетілген
Кесте 1. 1
1. 2 Шағын бизнес - экономикалық дамудың негізі
Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық шаруашылығын монополиясыздандыру бағдарламаларын өнімнің әрбір түрін өндіруді басқа кәсіпорындарға беру жолымен жүзеге саыруды көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда өз өнімін барынша тез игеретін және жаңартатын бизнес ретінде шағын бизнесті барынша кең пайдалану белгіленіп отыр.
Монополизмге қарсы күрестің ең тиімді жолдарының бірі ірі, орташа және шағын кәсіпорындардың тиімді ұштастырылуына қол жеткізу. Бұл жағдайда шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:
- Тауар өндіру мен қызмет көрсетуде кәсіпкерлік пен бәсенді дамыту;
- Тұтыну сұранымының өзгеруін тез сезіну;
- Өнім мен қызмет сапасын арттыру;
- Баға белгілеудің табиғи тетігін пайдалану;
- Монополизмді жою;
- Өндірістің ғылыми- техникалық дамуын жеделдету;
-Тиімді басқару құрылымдарын қалыптастыру мен пайдалану;
- Кадрларды ұтымды пайдалану;
-Орталықтандырылған күрделі қаржыны пайдаланбастан коммерциялық негізде жаңа өндірістік қуаттарды тез арада жасау.
Осы себепті дамыған елдердің экономикасында соңғы кезде шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық өзгерістер болды. АҚШ-та шағын кәсіпорындар санының ерекше шұғыл көбеюі 70-ші жылдарда елде жыл сайын 600 мыңға дейін, немесе 50-70-ші жылдардағыдан 7 есе көп және 70-ші жылдардың орта тұсындағыдан 2 есе көп кәсіпорындар пайда болды.
1987 жылы барлық меншік түрлеріндегі американ фирмаларының (ауылшаруашылық фирмаларынан басқасының) жалпы саны 18, 1 миллионға дейін өсті. Олардың 97 проценті ресми американ статистикасы 500-ге дейін адам жұмыс істейтін заң жүзіндегі дербес кәсіпорындарды ұсақ фирмалар қатарына жатқызатын санатта болды. Негізгілері- аса ұсақ кәсіпорындар; фирмалардың 90 процентінде 15-тен аз, 80 процентінде - 10-нан аспайтын адам жұмыс істейді. Жалпы ұлттық өнімнің 38 проценті ұсақ бизнес үлесіне келеді. Онда жалпы жұмыс күшінің 47 проценті шоғырланған.
Ұсақ фирмалар «табиғи іріктеу» жағдайларында жұмыс істейді: біреулері пайда болады, басқалары із-түз жоғалады. «Экономист» журналының деректері бойынша, 80-ші жылдардың орта тұсынан бастсп шағын фирмалардың 40 проценті рынокта төрт жылдан астам кідірген емес. Басқа бағалаулар бойынша, дербес бизнесте өмір сүрген 5 жылдан кейін фирмалардың 23 проценті ғана орнығып қалады. Бірақ экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл процесс жемісті. Аман қалған фирмаларға ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану тән.
100-ден аз адам жұмыс істейтін компанияларда қызмет көрсетуде, қаржыда, сақтандыруда, көтерме саудада (шағын бизнес әдетте күшті позицияларда болған салаларда) ғана емес, сондай-ақ көлікте және тіпті өңдеу және өндіру өнеркәсібінде активтерді долларға сату ірі компаниялардағыдан жоғарылау. Бұл ерекше жағдайды ең алдымен шағын компаниялардағы капитал айналымының неғұрлым жоғары қарқынымен түсіндіруге болады.
Олардың позициялары қызмет көрсету саласында ерекше күшті, дамыған капиталистік елдердің экономикасында оның рөлі барған сайын артып келеді. Ол бүгінде жаңа жұмыс орындарын ашудың басты, ал кейде бірден-бір көзі болып отыр.
Қызмет саласында «ауқым әсері», әдетте, өте шектеулі немесе мүлдем жоқ. Бірнеше жүз (немесе тіпті ондаған) жұмысшы бар фирма көпшілік жағдайда өндіріске аз шығын жұмсай отырып, клиенттерге оңтайлы, икемді және сапалы қызмет көрсетілуін қамтамассыз етеді. Үнемі арта түсіп келе жатқан бөлшектелу, тұтыну сұранымының дербестенуі, қызмет рыноктарының оқшаулануы бұл жерде шоғырландыруды экономикалық тұрғыдан мәнсіз етеді.
Өндірілетін бұйымдар номенклатурасының үнемі ұлғаюы Батыстың ірі корпорацияларын шағын және орташа фирмалармен бірлесе жұмыс істеу қажеттігіне жаңаша қарауға мәжбүр етті. Жаңа рыноктарды толық монополизациялау, барлық «рыноктық қуыстарды» толтыру, тіпті, ірі монополиялар үшін қиынға соға бастсды. Пайданы көбейту мақсатында олар негізгі өнімдердің ең тиімді түрлерінің өндірісін монополияландыру жолына түсті. Екінші дәрежелі өндіоістік операциялар, комплектілеуші бұйымдар беру және орташа фирмаларға берілді. Олар, бір бағытта мамандану есебінен, өз қызметінде елеулі табыстарға, тиімділіктің жоғары нәтижелеріне жетті және өз жұмыс салаларында мықты беделге ие болды.
Қазақстан Республикасының рынокқа көшуінің басталуы кәсіпкерліктің шағын нысандарының өндірістік-техникалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық функцияларына қайта баға беруді қажет етті. Бірқатар елдердің тәжірибесі экономикалық реформаларды жүзеге асыруда және дағдарысты жағдайдан шығу кезінде шағын кәсіпкерліктің үлкен рөл атқаратынын көрсетті. Алайда шағын кәсіпкерлік өз жолында көптеген қиыншылықтарға тап болуда, оларды жоюға ең алдымен оны дамытудың мемлекеттік концепциясының жоқтығы бөгет болып отыр. Осы категорияның методологиялық мәні де жеткіліксіз негізделген күйінде қалып отыр.
Кәсіпкерлік Орта ұғымының зор маңызы бар. Қазақстанда ол іс жүзінде енді ғана қалыптасуда. Кәсіпкерлік Орта- қоғамдық институттар мен жағдайлардың, құқықтық нормалардың, мемлекеттік қолдау жүйелерінің жиынтығы. Ол сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік ахуал, қауіпсіздік шарттары, қәсіпкерлік үшін арнайы инфрақұрылым, яғни, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен одан әрі дамуын қамтамассыз ететін нәрселердің бәрі.
Кәсіпкерліктің құрамдас бөліктерінің бірі ретіндегі шағын кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен кәсіпорын көлемінің өлшемдеріне байланысты. Осыны негізге ала отырып, кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлікке пайда мен түсім көлеміне, айналым көлеміне берілетін баға, жұмыс істейтіндердің саны бойынша жатқызуға болады. Жоғары инфляция және шаруашылық есептің кемеліне жетпеуі жағдайларында жұмыс істейтіндердің саны ең дұрыс өлшем болып табылады.
Статистика органдары меншік нысандары бойынша шағын кәсіпорындардың төрт түрін бөліп көрсетеді: жеке меншік, мемлекеттік меншік, қоғамдық меншік, аралас меншік. Шағын кәсіпкерлік бойынша статистикалық деректер өте алуан түрлі. Статистикалық есеп нысандарын кәсіпкерлер көбінесе ресми статистиканың есеп жүргізілетін объектілерді толық қамтымауы салдарынан толтырмайды. Статистикалық материалдарда, мысалы, сыртқы экономикалық қызметпен шұғылданатын бірлескен кәсіпорындар шағын кәсіпорындар ретінде ескерілмейді.
Шағын кәсіпкерліктің статистикалық негізіне талдау жасай отырып, «шағын кәсіпорын» мен «шағын кәсіпкерлік» ұғымдарының ара жігін ажырату қажет. Шағын кәсіпорындардың бәрін бірдей шағын кәсіпкерлікке жатқызуға болмайды. Олардың белгілі бір бөлігі мунипицалдық кәсіпорындар деген қатаң мемлекеттік мәртебені сақтаған, олардың қызметінде шағын кәсіпкерлікке тән белгілер жоқ.
Шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын көптеген факторлармен, ең алдымен, шағын кәсіпкерлікке соңғы уақытқа дейін мемлекет тарапынан қолдау болмауымен, экономикалық стимулдардың әлсіздігімен, сондай-ақ экономиканың жалпы зәрулігімен түсіндіруге болады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерліктің ұлттық экономикада аса маңызды функциялар орындайтынын: сұраныс пен ұсынысты теңдестіру арқылы нарықтық қатынастарды үндетудің ерекше механизмін қамтамасыз ететінін, жалпыұлттық өнімнің тең жартысынан астамын өндіретінін, жаңа жұмыс орындарының 70 процентке жуығын ашатынын, адам ресурстарының жандандырылуына және инновациялық потенциалға елеулі ықпал жасайтынын дәлелдейді.
Елде шағын кәсіпкерлікті кең көлемде дамыту нарықтық қатынастар қалыптасуының көптеген проблемаларын неғұрлым тиімді шешуге: реформалардың әлеуметтік базасын ұлғайтуға, лоардың тиянақтылығының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, бәсекелестікті дамытуға, өндірістің ұйымдық құрылымын кеңейтіп, тиімді етуге, адам ресурстары мен ұйымдық-технологиялық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Ресей Федерациясында шағын бизнесті дамыту тәжірибесін зерттеу біздің еліміз үшін пайдалы болады, онда шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің 1996-1997 жылдарға арналған федералдық бағдарламасы бар. Сол бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпорындардың санын көбейтуге, кәсіпкерлік қызметке жалпы қолайлы жағдайлар жасау арқылы шағын кәсіпкерлік инновациялық және өндірістік саласының алға жылжу бағытында сапалы құрылымдық өзгерістерге жетуге, шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің кәсіпкерлер үшін қолайлы жүйесін дамытуға, экономиканың бұл секторына инвестициялар тартуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру көзделіп отыр.
Федералдық бағдарламада шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің мынадай аса маңызды бағыттары бөліп көрсетілген:
-шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласында мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқықтық негізін жетілдіру;
-шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік саясатын ұйымдық және ғылыми-методикалық тұрғыдан қамтамассыз ету;
-шағын кәсіпорындар қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы мен қауіпсіздігі;
-шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жайлы қоғамдық пікір қалыптастыру;
-аймақтарда шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту;
-кадрлар даярлау;
-ақпаратпен қамтамассыз ету;
-шағын кәсіпорындардың өндірістік және инновациялық қызметі;
-салық саясатын жетілдіру; -шағын кәсіпкерлікте жеке меншік және басқа инвестициялар үшін жеңілдіктер жүйесін жасау;
-мемлекттік федералдық және аймақтық инвестициялық бағдарламалар.
Федералдық бағдарлама шағын кәсіпкерлікті басым дамыту- жалаң мақсат емес, ал Ресейдің экономикалық және әлеуметтік түлеуінің негізгі шарты екнін, шағын кәсіпкерлікті кең ауқымды дамыту саяси тұрақтылыққа, Ресейдің түбегейлі мүдделеріне бағдарланған шынайы демократияның жүзеге асырылуына кепілдік беретінін негізге алып отыр. Азаматтардың экономикалық инициативасының творчестволық көрінісі ретінде шағын бизнес қызметкерлер мен олардың отбасыларының тәуелсіздігі мен әл-ауқатының іргетасы болып табылады. Жаппай құбылыс ретінде шағын бизнес қоғамға қажетті тауарлар өндіру мен қызмет көрсету тұрғысынан алғанда да, сондай-ақ алуан түрлі өнім тұтыну тұрғысынан да экономикалық өмірдің катализаторы болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz