Жақ бет күйіктері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жақ бет аймағының күйіктері.

  1. Жақ бет күйіктерінің
  2. Классификациясы
  3. Бас, бет және мойын күйіктерінің ереншеліктері
  4. Электр күйіктері
  5. Химиялық күйіктер
  6. Үсік

Бет күйіктері

Белгілі жетістіктерге қарамастан, соңғы екі он жылдықта күйген ауыс науқастардың емі клиникалық медицинада күрделі бөлімнің бірі болып саналады.

Теримиялық жарақаттар патогенезі күрделі және толық зерттелмеген.

Терең және аумақты күйіктер кезінде барлық негізі ағзалардың және жүйелердің морфолггиялық қызметтердің терең аутқылары байқалады. Осы себептен өзара байланысты бұзылыстар клеткалық және субклеткалық деңгейде табылады да ондағы жүріп жатқан патологиялық процестерді анықтауын қиындатады.

Соңғы екі онжалдақта күйіктердің жіілгі ұздіксіз көтерілді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйімінің мәліметтері бойынша термиялық зақымданулар басқа жарақаттар арасында үшінші орын алады. Бүл қазаіргі кезде өндірісте, транспортта жоғаргы кернеулі токтарды, агрессивті химиялық сүйықтарды және отқа қауыпты газдарды қолданғанмен түсіндіріледі.

Әскери медициналық тәжирибде термиялық зақымданулардың сипатталуы соғыс әдістеріне байланысты. Шетел баспа мәліметтері бойынша ядролы қару қолданбаған соңғы шайқастарында барлық жарақаттардың ішінде күйіктер 10-30% жағдайда кездеседі. Белеснді соғыс әрекеттерін ескермесе, көбінесе әскери қызметкерлер күйіктерді бензин және басқа жеңіл жанатын заттарды дұрыс қолданбағаннан алады. Әсіресе денені киіммен қорғанбаған жерлері (беті, қолдары) зақымданады.

1945 жылы Жапониядағы Херосима, Нагасаки қалаларында бірінші атом бомбасы жарылған кезде барлық жарақаттар ішінде термиялық зақымданулар 80-85% кездесті, соңынан зардабынан өлген адамдардың ішінде 50% термиялық жарақаттан өлген.

Соғыста қолданатын өртегіш заттарға напалм, пирогель, термит және ақ фосфор жатады.

Өртегіштерді - мұнай өнімінен дайындайды. Олар 800-1100 о С температурада 5-10 мин қызыл жалынмен жанып улы заттар аралас қара қою түтін бөліп шығарады.

Пирогельдер - мұнай өнімінен негізінде жасалған темір аралас өртегіш сұйық заттар. Жану температурасы 1400-1200 о С жетеді. Олар ашық жарық жалынмен, құрамында улы өнімдері көп ақ қою түтін бөліп 1-2 минут жанады.

Термиттер 2-3 минут алаулап түтінсіз жанып температурасы 2800-3000оС дейін қызу бөліп жанады

Фосфор аралас жанатын заттар өздігінен ауада көгілдір жалынмен жанып температурасы 800-1200о қызу бөліп шығарады. Фосфордың термохимиялық күйіктерге әкелумен қатар жалпы уландыру әсіресе бар.

Ыстық факторлар әсерінен пайда болған барлық күйіктерді 4 дәрежеге бөледі.

І. Эпидермис жарақаттанады, тері ісінен әрі қызарып, аздап ауыру сезім байқалады. 2-3 күннен кейін осы белгілер қайтады. Жарақаттанған эпидермис қабыршықтанып күйіктің беті өздігінен эпителиймен жабылады. Біраз уақыт күйген жерде дақ сақталады, кейін ол ізсіз жоғалады. сурет 58.

ІІ. Эпидермиспен бірге дерманың беткей қабаты жарақаттанады. қызарған теріде сары мөлдір сұұықтық толған көпіршіктер пайда болады. Оның астында ашық-қызыл түсті ылғалды тін көрінеді. Жара 1-2 апта ішінде тыртықсыз өздігінен эпителиймен жабылады.

ІІІ-а. Эпидермиспен қоса дерманыңторлы және емізікті қабаты бұзылады тек тер бездері және түк қапшықтары жарақаттанбайды. Олар сарғыштау түсті сұйыққа толған. Күйікті жараның түбі ашық қызыл түсті және ылғалды болады. 59 сурет. Ауру сезімі толығымен сақталған немесе төмендеген. Күйіктің айналасы ашық сарғылт және қоңырқай түсті болып келеді. Оның беті жұмсақ, ауру сезімі төмендеген, сезгіштігі сақталған. 4-6 аптаның ішінде жұмсақ тыртықтар пайда бола отырып өздігінен күйіктің бетінде эпителий болуы мүмкін. Кейде келоидты тыртықтар пайда болады, олар функционалды өзгерістерге алып келеді.

ІІІ б. Эпидемис және дерманың түк қапшықтары терлеу бездерімен бірге толығымен зақымданады. Жанында жатқан тіндер жарақаттануы мүмкін. Күйіктің беті сарғыштау, сұр немесе қоңырлау түсті, ІІІ а дәрежесіне қарағанда қаралау болады. Пайда болған көпіршіктер қанды суға толған. Жараның түбі құрғақ жәнеанық емес ақ дақтар көрінеді. Ауру сезімі бірден төмендеген немесе толық жойылған. Гранулденген жара нәзік тыртықтанып жазылады. Жазылу мерзімі жараның көлеміне және орналасуына байланысты. ІІІ а және ІІІ б дәрежелі күйіктерді өзара клиникалық белгілері бойынша ажырату қиын.

ІҮ. Эпидермиспен және дермамен бірге теріасты майлы клетчаткасы, фасциясы, бұлшықеттері, кейде сүектер жарақаттанады. 60 сурет. Күйіктің беті көңыр немесе қара түсті әртүрлі қабаттағы тығыз өлеттенген қабықпен жабылған. Ауру сезімі байқалмайды. Күйіктің ІҮ дәрежесінде баяу жазылатын тіндердің, мүшелердің қалыптасқан ақаулары болуы мүмкін. Ересек адам күйіктерінің аймағын анықтау үшін «тоғыздық ережесімен» «алақан ережесін» қолданған тиімді.

Біріншісі әрбір анатомиялық аймақ проценттік қатынаста 9- ға тең: бас пен мойын 9, кеуденің алдыңғы және артқы беті - 18, әрбір қол - 9, әрбір аяқ - 18, жыныс мүшелері және аралық - 1. Бет аймағы 3 құрайды. Алақанның көлемі - 1-1, 1. Күйіктің бетіне қойылатын алақанның саны зақымдану аймағын анықтайды. балаларда күйік алаңын анықтау үшін арнайы кесте қолданады, оның аурлығын Франк индексі арқылы бағалайды, бірақ анықтау үшін терең күйіктің көлемін білу керек. Проценттік қатынаста есептегенде І терең күйікті 3 беткей күйікке теңестіру керек. Франк индексі проценттік қатынастағы беткей күйіктің көлемі мен терең күйік көлемінің үш еселенген аумағының қосындысына сәйкес келеді. Мысалы күйік жарақатының жалпы аумағы дененің бетінде 50% болса, онда 20% терең жарақатына келеді. Бұл жағдайда Франк индексі беткей күйік аймағы мен үш еселенген терең күйік аймағына тең болады. (20х3=60), 30+60=90%. Егер де күйік 30%-тен аз болса оның болжамы жақсы, 30-60% болса салыстырмалы жақсы, ал 61-90% болса күмәнді, 91% жоғары болса нашар болады. Күйік ауруы аумақты термиялық жарақаттанған кезде дамиды: Терең күйіктер ересек адамдарда дене беткейінде - 15%, балалар мен қарт адамдарда - 10% орын алады. Беткей және аумағы бойынша шектелген терең күйіктерден күйік аурулары дамымайды Бастың, бет пен мойынның жекеленген күйіктерінде, күйік ауруы өте сирек дамиды, Күйік ауруының 4-кезеңін ажыратады.

І. Күйіктік шок. 2. Жедел күйіктік токсемия. 3. Күйіктік септикотоксемия. 4. Реконвалесенция.

Күйіктік шок

Этиологиясы мен патологиясы. Термиялық жарақат әсеріне болатын организмнің біріншілік реаукциясы күйік шогы деп аталады. Ол денебеткейінің 15% алатын кең және терең күйіктерінде пайда болады. Күйік шогы күйіктен кейін немесе бірнеше уақыттан соң шеткі қан тамырлардың жиырылу нәтижесінде 4-6 сағат тұсында дамиды. Сондықтан оның клиникалық белгілері болмайды. Клиникалық көрінісі қосымша жарақаттанғанда, әсіресе тексерулер күйік шоғының патогенезінің күрделілігін көрсетеді. Оның механизмі толық ашылмаған. Диагнозды негізгі зерттеулерге, патофизиологиялық және биохимиялық мәліметтеріне сүйеніп қояды. Күйіктің ауырлығы оның көлемі мен аумағына байланысты және тыныс алу жолдарының жағдайына назар аудару керек. Бұл аймақтың күйігі ауырлығы бойынша дене бетінің 10% терең күйігіне тең болады. Күйік шоғының клиникалық көрінісі 20% және 15 % терең күйікте байқалады. Мұндай науқастарда ОНЖ-нің бұзылуына байланысты қозу байқалып, тәбеті бұзылады. Науқастар төсекте дөңбекшиді, айқайлайды, 1-2 сағаттан соң ауру сезімі басылып қозу тежелуге ауысып апатияға әкеледі. Кейде жарақаттан кейін селқостық байқалады, тоңып дірілдейді. Дене температурасы қалыпты немесе төмендеген. Терісі суық, ылғалды, көгерген, науқастар шөлдиді, бірақ су шсе жүрегі айнып құсады. Тыныс алуы біркелкі емес. Пульс минутына 110-120-ға дейін жиелейді. Артериялық қысым көтеріліп немесе түсуі мүмкін. Гемодинамиканың маңызды көрсеткіші қан айналымындағы қан көлемі (ҚАҚК) болып табылады. Ол қалыпты жағдайда еркектерде 75 мл/кг, ал әйелдерде 65 мл/кг.

Күйік шоғын емдеу.

1. Афференті импульсациясымен күрес жүргізу /психоэмоционалдық тыныштықты қамтамасыз ету, нейролептиктер енгізу, аналгетикалық наркоз/. 2. Оксигенотерапия. 3. Айналымдағы қан көлемін қалыпта сақтау. 4. Су-тұз алмасуының юбұзылуының және бүйректің зәр бөліп шығару қызметінің бұзылуын емдеу және алдын алу. 5. Метоболикалық ацидозбен күрес жүргізу. 6. Энергшиялық алмасуды реттеу. 7. Фармокологиялық заттарды қолдану - ауру сезімін босатып, жүрек, ОНЖ қызметін реттейтін заттар, спазмалитиктер, витаминдер, гормондар, антибиотиктер.

Бас, бет және мойын күйіктерінің ерекшеліктері.

Жалпы дене аумағын 3, 12%-ін беттің беткейі құрайды. Беттің жақсы иннервациясы мен васкулизациясы, аурудың психикалық жағдайының нашарлығы, беттің ұсқынсыздануы, ІІ-ІҮ дәрежедегі беттің оқшауланған күйігінде де науқастың жағдайын нашарлатады. Бет әлпеті тегіс емес, терісі жұқа және әртүрлі аймақтарда қалындығы бірдей емес. Сондықтан бетте бір-біріне жақын аймақтардың өзінде күйіктің тереңдігі әртүрлі болуы мүмкін: беткей күйіктен терең күйікке дейін. Терең күйіктер беттің шығыңқы аймақтарында қас үстіндегі доғада, құлақта, мұрында, бетсүйек аймағында, ерінде, иекте кездеседі. Кұлақ қалқаны күйігі терең күйсе шеміршек мүлдем зақымданады, сөйтіп хондрит дамып ісінеді, қатты ауырады. Іріндеген аймақта жалқықтың жиналуынан флюктуация пайда болады. Шеміршектің өліп жансызданған аймақтары түскендіктен құлақ қалқанының ақаулары мен деформациясы пайда болады. Құлақ қалқанының түгелдей зақымдануында сипағанда қатты ауырмайды, ақ немесе қара түсті келеді. Мұрынның анатомиясы күрделі, қырының терісі жұқа. Оның астында теріасты май клетчаткасы болмайды, тек аздаған борпылдақ дәнекер тін қабаты болады. мұрын қанашалары аймағында жіңішке шеміршектер орналасқан. Күйік кезінде мұрын ұшы және мұрын қанатшалары зақымданады. Кейде ұшбұрышты және қанатшалы шеміршектер зақымданады. Ол хондриттін дамуына әкеліп, одан әрі некрозға ұшыратады. мұрын тіндерінің ақауын тудырып, деформацияға әкеледі. Бет сүйегі аймағының тіндері мен ұрт күйген кезде құлақ маңындағы фасция зақымданып, құлақ маңы сілекей бездері ашылып қалуы мүмкін.

Бұл аймақтар тіндерінің тыртықтануы төменгі қабаттың айналып, ауыз бұрышының сыртқа қисаюына әкеледі. Бет сүйектері некрозға ұшырауы мүмкін.

Ерін-беттің қозғалмалы бөлігі. Олар тамақ қабылдаудв үлкен рөл атқарады. Еріннің қызыл жиегінде тер және кілегейлі бездер түкті талшықтар болмайды. Жабынды эпителий жұқа және мөлдір. Ерін күйген кезде қызыл жиегі өліп жансызданады және қалпына келмейді. Түзілген қабықтар жарақаттанады, қан кетеді. Пайда болған ерін жарылулары тамақ қабылдаған кезде ауырады. Ісіну салдарынан айналып, «балық ауыз» түзеледі. Еріннің күюі микростоманың пайда болуына алып келеді. Төменгі ерінмен бірге иек те зақымданады. Ер адамдарда күйік жарақаты беттегі түктерімен шаш бірігіп біркелкі емес тыртықтың пайда болуына әкеледі. Маңдайдың терең күйігінде маңдай сүйегі зақымданып өлеттенеді, фронтит дамиды. Одан рі ми қабатына қабыну процесі таралуы мүмкін. қадақ аз зақымданады, себебі термиялық әсер еткен кезде бұлшықет рефректорлы жиырылады, қабақпен бірге көздің склерасы мен мүйізді қабағы зақымдалады. Көз аймағының ісінуі 5-6 күндерге қарай басылады. Кірпіктері өлеттеніп ірінді қабықпен жабылады. Кератит дамуы мүмкін. Кабақтың тыртықтануы шеміршекті пластинканың деформациясымен жалғасады. Қабақ күйген кезде көз тіндері жарақаттанса науқасты емдеуге окулист қатысуы керек. Мойын күйігі беттің төменгі бөлігімен, кокрек клеткасымен бірге жүреді. Мойынның алдыңғы беті жиі, бүйір беті сирек күйеді. Ал артқы беті мен оның айнала күюі сирек кездеседі. Тереңдегі әр-түрлі болып терең тыртықтардың дамуымен жалғасып деформацияға ұшырайды. 61 сурет. Бұл мойынның тері асты бұлшықеттерінің жарақаттануына байланысты. Ауыр жағдайларда иек көкірек клеткасымен бірігіп күюі мүмкін. Ол басты қозғалтпай тастайды. Төменгі ерін төмен тартылып, айналып, ауыз жабылмайды, сілекей ағып тұрады. Бет күйіктерінің ерекшеліктеріне тіндердің ісінуін, қатты ауыруын жатқызады. Күйіктің дәрежесі дененің басқа аймақтарынан үлкен болады. Бет күйігі жоғарғы тыныс алу жолдарының күйігімен бірігеді. Ауыз қуысының шырышты қабығы мұрын, жұтқыншақ, сирек көмекей өрт лебінің әсерінен күйеді. Олар әрқашанда беткейлі. Клиникада мұрын тесігіндегі түктердің күйіп, қызарып, шырышты қабықтың ісінуімен көрінеді. Күлгін ақ түсті дақтар анықталуы мүмкін. Дауыс бұзылады. Көмекейден, ауыздың, кеңірдектің және бронхтың шырышты температурада қалып қою нәтижесінде дамиды және ыстық тамаққа кептеліп қалса да дамуы мүмкін. Мұндай науқастарда қақырықты жөтел пайда болады.

Емдеу. Стационарлы емдеудің көрсеткіштері: 1. Дене бетінің 10% 1-2 дәрежелі және терең күйіктері. 2. Тыныс алу мүшелерінің бетпен мойын аймағының күйіктері. 3. Маңызды қызмет атқаратын және косметикалық аймақтар. 4. Басқа жарақат түрлерімен араласқан күйіктер және жүрек қан тамыр жүйесінің өкпе, бауыр, бүйрек және т. б.

Біріншілік медициналық көмек оқиға болған жерде қорсетіледі. Термиялық агенттің әсерін тоқтату керек (су, қар, құм, брезентпен, көрпемен жабу) . Жарақаттанушыны тұрған күйінде ұстауға болмайды. Оны бүйірімен жатқызу керек. Киім өртенгенде қашуға болмайды. Себебі ауа жалынды күшейтеді. Жарақат алған кезде күйген жерге суық су, мұз, сулы орамал басу керек. Уақытында суық басылса 20 секундтан кейін 1 см. тереңдікте қалыпты температура болады. Егер суықты қолдануға мүмкіндік болмаса ашық салқын ауада қалдыру керек. Тасымалдаған кезде жараны асептикалық таңғышпен жапқан жөн. Көрсеткіштеріне қарай өкпе-жүрек реанимациясын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі көмек: орта медициналық қызметкер наркотикалық емес немесе наркотикалық аналгетиктерді жүрек-қан тамыр препараттарын, сіреспеге қарсы сарысу немесе анатоксин енгізеді. Науқасқа 0, 5-2 литр су береді /5, 5 гр. ас тұзы және 4 гр. ас содасы қосылған) . Тасымалдау қажет болса асептикалық таңғыш салу керек Беткей күйген теріге вазелин жағады. Біріншілік және дәрігерге дейінгі көмек көрсеткен кезде жақпа май, ашытатын заттар, метилен бриллиант жасылын қолддануға болмайды. Бұл күйік жарақатын өңдеудің және күйіқтің тереңдігін анықтауға қиындық туғызады. Венаға полиглюкинді (400-800 мл), 15% манитол ерітіндісін (200-400 мл), 5% гидрокарбонатын (150-200 мл) енгізеді. Күйген науқастарды емдеу комплексті болу керек. Асфикция белгісі болмаса трахеостома салынбайды. Консервативті ем жүргізеді (жүрек дәрілерін бронхолитиктер, кортикостериодты гармондар) . Ауыз қуысын антисептикалық ерітіндімен шайқайды. Антибиотиктер тағайындалады. Күйік жарақатын мұқият өңдейді. Сау теріні бензинмен, 96о этил спирті немесе 0, 5% мүсәтір спиртімен өңдейді. Теріні сабынды сумен жууға болады. Күлдіреуқтерді фурациллин ерітіндісімен өңдейді. Түлеген эпидермисті алып тастайды. Күлдіреуіктегі сұйықтық шығарылады. Босап қалған эпидермис биологиялық таңғыш рөлін атқарып, жараның жазылуын тездетеді. Күлдіреуітке ірің болған жағдайда ғана теседі. Беттің күйігін ашық, кейде жабық әджіспен емдейді. Жергілікті емдеуге арналған препараттың бактериостатикалық қасиеті болуы қажет. Тіндерді тітіктендырмеу керек. Ең басты талап: жараның эпителизациясын тоқтатпау керек. Бірінші дәрежелі күйікте лопалин, шабдалы майы, тазартылған су, 2% борлы вазелин, преднизалон қолданылады. Мырыш тотығын, талькті глицеринды қолдануға болады. Беттегі жарақат ашық әдіспен емделсе, күніне 3-4 рет 10% синтомицин, 1% гентамицин, 0, 5% фурацилин, 10% анестезин немесе 10 % сульфамипол майларын жағады. Біздің клиникада облипихамен аэрозольдар қолданады. 3-4 дәрежелі күйіктерді емдегенде негізі мақсат қабықты қүрғатып оның түсуын жеделдету. Бүл жараның жетілуіне жағдай дасайды., яғни аутодермопластиканы жетілдіреді. Бүл мақсатқа тез жетуге болады. Қабық түскеннен кейін эпителей түзілуі үшін майлы бальзамды таңғыш қойылып, УФО жүргізіледі. Бет терең күйгенде ерте некроэктомия жасалмайды, ол тек әбден өлетінгенде ғана жасалады. Бетте нервтер және қан кету қауыпты болғандықтан оны жасау қиын Сондықиан консервативті ем жүргізуге отырып пластикалық жабуға дайындайды. Қайшымен қабықты мүқият сау тіндерді жарақаттамай қиып алады. Беттегі гранулденген жараны аутодермопластикаға дайындайды. Ол үшін іріңді қабыну белгілері болмау қажет. Тері трансплантанттың қалыңдығы 0, 3-0, 4 мм болуы мүмкін. Бет күйігінде дененің кез келген қолайлы аймағынан дерматоммен алынған жалпақ тері қиындылары қолданылады. Қиындыға тесік жасалынбайды., себебі косметиканы нашарлатады. Қабақпен мүйізді қабықтың 1-2 дәрежелі куйіктеріне жарақаттанған аймақты 1% новокаин ерітіндісімен жуалды, көзге 3-4 сағат сайын альбуцидтың 30 % ерітіндісін 2 рет тамызады. Бүдан басқа коньюктава қапшығына 2 рет гидрокортизон, тетрациклин, левомицитин, көз майларын жағады. Ауырғанда 0, 25% дикаин ерітіндісін тамызады. Мүйізді қабыққа арныйы антибактериалды ауыртпайтын қасиеті бар көз пленкасын салады. Қүлақ қалқаны күйген кезде шприцтің және иненің көмегімен операция жасап жедел хондриттың дамуын болдырмауға болады. Егер іріңдеген жағдай болса дереу іріңді кесіп ашып түтікше салады. Қүлақ қалқанынан айқын деформациясы нәтижесинде әсту төмендеуы мүмкін. Еріннің, иектің үрттың терең күйіктерінде алдын ала пластикалық материал дайындап қою қажет. Тыртықты қүрылымдары болдырмау үшін функционалдық емдеу әдістері үлкен роль атқарады. 4 даределі күйіктердің, әсіресе бет суйектерінің зақымдануы қиын жағдайға алып келеді. Оларды жою үшін көп кезенді реконструктивті оперативті әдістер қолданылады. 1-2 дәрежелі күйіктер ғана болық жазылады. Әлем қауыпты күйіктің көлеміне, тереңдігіне және жасына байланысты. Күйіктің ауырлығын жүздік /100/ ереже арқылы анықтайды. Науқастың жасына күйіктің жалпы аймағын қосады, егер барлығы 101 тең немесе көп болса болжам нашар, 81-100 күмәнді, 61-80 салыстырмалы жақсы, 60 жақсы болады. Бұл ереже тек ересектерде қолданылады.

Электркүйіктер.

Электркүйіктер электр тоғының тіндермен жанасқан жерінде пайда болады. Мұнда электр энергиясы жылуға айналып 3000-4000 С о дейін жылу түзеді де әртүрлі мөлшердің бірінші кезекте қан-тамыр тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзады. Элктр тоғы қысқа уақыт қана әсер еткеннің өзінде тыныс алу, тоқтап, жүрек бұлшықеттерінің фибрилляциясы жүреді. І-ІІ дәрежеде есін жоғалту немесе жоғалтпауы мүмкін. ІІІ дәрежеде жүрек жүрек бұлшықеті қызметі бұзылып естен тану, ал ІҮ дәрежеде клиникалық өлімге әкеледі.

Электртоғымен жарақантанғанда күйік пайда болса, жарақаттың ауырлық дәрежесі анық болмайды, өйткені көмірге айналған тін изолятор болады.

Атмосфералық электр (найзағай) күші мен кернеуі үлкен әрі өте ауыр зақымдануға әкеледі.

Беттің электркүйігі күйік жарақаттарының 1, 3% құрайды. олар кәдімгі термиялық күйіктен өзгеше және терімен жанасу алаңына байланысты нүктелі (нысана және «тоқ белгісі» түрінде) немесе үлкен көлемді болады. «Тоқ белгісі» түрі құрғақ жылтыр, терінің ауырмайтын аймағы ақшыл сары немесе сұрғылт түсті. Олар терінің сау бөлігінен анық көтеріліп тұрады. . Кейін тығыз қабыршыққа айналады. Найзағай түскенде «тоқ белгісі» қызыл жолақты бұтақ пішіндес болады. Электркүйіктер терең болады, сондықтан теріасты май клетчаткасы ғана емес, бұлшықеттер мен бет сүйек қаңқасының бөліктері де күйеді. 60 сурет. Бұлардың ерекшеліктері, тері жарақаты локальды, ал бұған жататын тіндерде көлемі жағынан кеңірек таралған болуы мүмкін. Бұл әртүрлі тіндердің электр өткізгіштігінің бірдей емес тігіне және қан айналымының бұзылуларына байланысты.

Бет терісінің аздаған электрге қарсы тұру қабілеті бары белгілі. Жарақатта процесс, термиялық күйіктердегі сияқты дамиды, бірақ мұнда тіндердің бұзылуына анық интоксикация белгілері болады. егер ерінді инфекция қосылса терең іріндіктер (абсцесс, флегмона) дамуы мүмкін. Электржарақат алғаннан кейін 2-4 аптадан соң ірі тамырлардан эрозивті қан кетуі мүмкін. Жанасқан электр тоғының әсерімен түзілген беттің күйік беткейі ауырмайды кейде аздап ауырады. Күйік маңында тіндердің ісінуі мен терінің гипермиясы болмайды. Жарақат іріңді микрофлораға тұрақты Трофикалық бұзылулар айқын. тіндердің регенерациясы баяу.

Біріншілік көмек зақымданушыдағы электр тоғының әсерін тоқтатуға бағытталады. Өздігінен тыныс алу мен жүрек жиырылуы болмаса, жүрек-өкпе реанимациясын, жүрекке жабық массаж, қолдан тыныс алдыру (ауыздан ауызға немесе ауыздан мұрынға) керек.

Зақымданушыны стационарға жатқызылған күйінде жеткізіп электржарақаттың дәрежесіне қарамай, реанимациялық бөлімге жіберу қажет.

Химиялық күйіктер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күйік ауруларында мейіргерлік күтімнің маңызы
Күйік туралы түсінік
Үсік - температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдром
Медициналық интроскопия (экг,хм,эхокг)
Күйіктер, алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Күйік төртінші дәрежесі - терінің ғана емес, тері асты клетчаткасының және жатқан құрылымның тереңдеуі
Травматикалық күйік
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
БЕТ КҮЙІКТЕРІ. Термиялық жарақаттар патогенезі
Электр мен сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz