Банктік несиелеудің принциптері мен әдістері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

18. Банктік несиелеудің принциптері мен әдістері

Ссудалық шоттардың формалары

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік поцесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т. б. анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді: 1-топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің дифференциалдығы.

2-топқа - несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:

  • несиенің мерзімділігі;
  • несиенің қайтарымдылығы;
  • несиенің төлемділігі;
  • несиенің қамтамасыз етілуі.

Несиелеу әдістері - несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері.

Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:

  • айналым бойынша несиелеу әдістері;
  • қалдық бойынша несиелеу әдістері;
  • айналым-қалдықдық.

Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды.

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты.

Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтиежсінде айналым-қалдықпен әдісі түзіледі.


12. Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметі

Банктік инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру, сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары 2 топқа бөлінеді: қор және коммерциялық бағалы қағаздар.

Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг - бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түсіпейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.


10. Қазақстандағы тұтыну несиесі

Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.

Қазақстан тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

  • автомобильдік несие;
  • ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
  • тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
  • кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады: жиһаз, сантехника, аудио-видео және тұрмыстық итехникалар, компьютер және оргтехника.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сырятында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Тұтыну несиесін ҚР-дағы Казкоммерцбанк, Альянс Банк, БТА, Каспийский Банк, Темірбанктер ұсынуда.

Тұтыну несисін алуға қажетті құжаттар:

  1. Қарыз алушының анкетасы.
  2. Жеке куәлігі (көшірмесі) .
  3. СТТН (көшірмесі) .
  4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
  5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
  6. Отбасы құрамы туралы анықтама (№3 форма) .
  7. Неке туралы куәлік, жұбайыңыздың куәлігі.
  8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.


13. Ипотекалық несиелеу: мәні, принциптері, түрлері, ипотекалық келісім шартты рәсімдеу

Ипотека - бұл дамыған капитализм елдерінен келген қазіргі заман сөзі емес. Ипотекалық несиелеудің тарихы өркениет дамуының тамырларынан бой алады. «Ипотека» термині ең алғашқы рет Грекияда б. з. д. VI ғасырдың басында пайда болған.

Ипотека термині (ағылшынның hyrotheke) - кепілдік, кепілзат, кепілге салу деген мағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және тағы басқаларды) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

2002 жылғы 1 қыркүйектегі «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ипотекалық несие дегеніміз - кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы үлесі кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында қалатын кепіл түрі. Жылжымайтын мүлік ретінде жер учаскелері, сондай-ақ үйлер, ғимараттар, жермен берік байланыстағы өзге де мүліктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтірусіз мүмкін болмайтын объектілер. Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады.

Ипотекалық несиенің басқа несие түрлерінен ерекшеліктері келесідей:

  • ипотекалық несие - бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады;
  • ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;
  • ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.

Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялылығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.

Ипотекалық несие алу үшін мынадай қажетті құжаттар тапсыру қажет:

  • үй иесінің сатып алу туралы келісімшарты (түпнұсқа, көшірме) ;
  • пәтердің жоспары (көшірмесі) ;
  • техникалық жоспар;
  • жерге жеке меншік құқығы туралы акт;
  • пәтерде тіркелген азаматтардың жеке құжаттары;
  • үй иесінің жеке төлқұжаты (көшірмесі) ;
  • өз құжаттарыңыз (төлқұжат, СТТН, үй иелерінің меншік иелері кооперативінен алынған 3-форма анықтамасы) ;
  • еңбек кітапшасы немесе жұмысқа алу туралы келісім-шарт;
  • табысыңыз туралы анықтама.

7. Вексель және оның түрлері. Вексельдік айналым.

1930 жылы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды. Ол несиелік ақшаның бір түрі болып табылады. Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу-сату процестеріне тартылғандықтан вексельді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель - қарызгер несиегерге беретін және несиегерге қарызгерден белгіленген мерзімде вексельде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін және заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай-ақ, бұл коммерциялық несиенің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін вексельмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес вексельде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық несие береді дегенді білдіреді.

Вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, ссудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы - ресурстардың айналымын жеделдету.

Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель болып бөлінеді. Жай вексель төлеуші немесе вексель беруші жазады. Аудармалы вексель деп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Вексельді өзге біреуге пайдалануға берген жағдайда «индоссамент» деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яки индоссант жазады, ал индоссаментті алған адам индоссант деп аталады. Вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процесі индоссация деп аталады. Жай вексельді - соловексель, аудармалы вексельді - тратта вексель деп атайды.


5. Акция және оның түрлері

Акция - акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам тартылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акция шығару мына жағдайда болады:

  • меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
  • жарғылық капиталды қосымша ұлғайтқанда.

Акция бірнеше түрге жіктеледі.

1) бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және ұсынушыға арналған.

2) корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша: жай және артықшылықты.

Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорация реестрінде тіркелуі тиіс акция.

Ұсынушыға арналған акция - оны нақтылы иелену оның иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция.

Жай акция - иеленушелерінің корпорация тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарға дауыс беру арқылы корпорацияның жабылып қалған жағдайында несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар акция.

Артықшылықты акция - меншік иелеріне дивидентті қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивиденттер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар акция немесе оны меншік туралы ерекше сертификат деуге болады. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25%-нан аспауы тиіс.

Акциялар еңбек ұжымының, акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың ак циялары ретінаде шығады.


25. Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы көбінесе мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылымымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен ұлттық жинақ ақша облигацияларын шығарады. 1994 жылдың бірінші жартысында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының шығарылымы басталды. Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар.

ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының түрлері

Түрі
Шығару мақсаты
Орналастыру тәсілі
Айналыс мерзімі
Номинал құны
Түрі: Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы
Шығару мақсаты: Айналыстағы ақша массасын реттеу
Орналастыру тәсілі: Аукцион/сату
Айналыс мерзімі:

7 күннен

90 күнге дейін

Номинал құны: 100 теңге
Түрі: Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы
Шығару мақсаты: Еркін өзгермелі валюта бағамына өтуге байланысты жинақ зейнетақы қорлардың активтерін қорғау
Орналастыру тәсілі: Ноталар портфелін жинақ зейнетақы қорларымен айырбастау
Айналыс мерзімі: 35 күн
Номинал құны: 100 АҚШ доллары
Түрі: Арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар (АВМЕКАМ)
Шығару мақсаты: Жинақ зейнетақы қорлардың активтерін қорғау
Орналастыру тәсілі: Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақ зейнетақы қорларымен айырбастау
Айналыс мерзімі: 5 жыл
Номинал құны: 100 АҚШ доллары
Түрі: Мемлекеттің арнайы қызанышылық міндеттемесі (МЕАКАМ)
Шығару мақсаты: Ұлттық банкке Үкіметтің қарызын
Орналастыру тәсілі: Қайта рәсімдеу
Айналыс мерзімі: 10 жыл
Номинал құны: 1000 теңге
Түрі: Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемесі (МЕКАВМ)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3, 6, 9 және 12 ай
Номинал құны: 100 АҚШ доллары
Түрі: Мемлекеттің индексация-ланатын міндеттемесі (МЕИКАМ)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3 ай және одан жоғары
Номинал құны: 1000 теңге
Түрі: Мемлекеттің орта мерзімді қазынашылық міндеттемесі (МЕОКАМ)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 2 және 3 жыл
Номинал құны: 1000 теңге
Түрі: Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемесі (МЕККАМ)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3, 6, 9 және 12 ай
Номинал құны: 100 теңге
Түрі: Мемлекеттік ішкі займдық ұлттық жинақ облигациялар (ҰЖО)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Жазылу жолымен
Айналыс мерзімі: 364 күн
Номинал құны: 1000 теңге

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

- дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:

100 - 75 = 25 теңге немесе

25 теңге : 75 теңге (бастапқы салынған инвестиция) х 100% = 33, 3%.

Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда 1 күндік табыс: 33, 3% : 91 күн = 0, 3659% құрайды. Демек 1 жылдық табыс 0, 3659% x 364 күн = = 133, 19% тең.

- купондық, яғни номиналдық құнына %-бен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.

- аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы 2 көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Банктің инвесторлық операция жүргізетін бағалы қағаздары 2 топқа бөлінеді:

1) мемлекеттік бағалы қағаздар.

2) корпоративті бағалы қағаздар.


17. Ақша қажеттілігі және оның мәні

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы болмайды.

Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасындағы тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды.

Айырбас құны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

1) Құнның жай және кездейсоқ формасы.

2) Толық немесе жалпы формасы.

3) Жалпылама формасы.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатынасуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:

- жалпыға тікелей айырбасталу;

- айырбас құнының дербес формасы;

- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.


22. 1922-2924 ж. ж. ақша реформалары

Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 ж. ж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты.

1917 ж. жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикетк аларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп атады.

Қазан рефолюциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есе құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды.

Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және а қ гвардия «үкіметі» өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.

Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады.

1921 ж. наурызда болған РКП(б) -ның Х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. 1921 ж. қазанда Ресей кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік Банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.

Ақша реформасын жүргізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы жатады.

Ақша реформасының мазмұны. Ақша реформасы 2 кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 22 қазанда КеңХалКом декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. 1 червонец = алтын монетадағы 10 рубль. (7, 74234 г. алтын) .

Червонец ірі ақша болғандықтан да олар көбіне шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері базар, бөлшек сауда айналымында жүрді. Екі валютаның қосарлы айналысы - халық пен елдің экономика жағдайына қатты әсер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерде берілді.

05. 02. 1924ж. ОАК және Халық комиссарлар Кеңесі декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3, және 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды. 10 қазыналық билет = 1 червонец. Валюталық нарыққа алтын мен шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.

1922-1924ж. ж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

(«Ақша. Несие. Банктер». Ғ. С. Сейітқасымов. 54-бет) .


1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметін қамтамысз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне, сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.

1. Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-әрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдімгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде рәсімдейді. Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болады. Бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға жұмсалатын шығындар басымырақ болады.

2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мекемелер сметалар жасайды.

3. Қаржы ресурстарының басқа түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.

Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан гөрі сметаның айырмашылығы: сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әртүрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.

Экономикалық жіктеме бойынша: сметаларда шығындар санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.

Ағымдағы шығыстар санаты мына сыныптарды кіріктіреді:

  1. тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар;
  2. сыйақы төлеу;
  3. субсидиялар.

Күрделі шығыстар санаты:

  • негізгі капиталды сатып алу;
  • негізгі капиталды жасау;
  • күрделі жөндеу;
  • жерді сатып алу;
  • ел ішіндегі күрделі трансферттер.

Кредит беру, үлескерлікпен қатысу санаты:

  • несие беру, акционерлік капиталға үлескерлікпен қатысу;
  • ерекшелігі бар ішкі несиелендіру;
  • халықаралық ұйымдар акцияларын сатып алу.

Қаржыландыру санаты:

  • өзгешелігі бар ішкі борышты өтеу;
  • ішкі нарыққа орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу;
  • сыртқы борышты өтеу.

(Қ. Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев. «Қаржы». 181 бет) .

16. Коммерциялық емес ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері

Қызметтің коммерциялық емес түрлері жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi жайында
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi туралы
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
Ақша саясаты
Қаржылық институттарға берілетін несиелер
Несиелік процесс және несиелеу принциптері
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi
Банктік несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлі туралы ақпарат
Қаржылық емес агенттіктерге берілетін несие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz