Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру



Жоспар

Кіріспе

І . тарау. Тарихты оқытуда оқушылардың таным, ойлау қабілетін
дамыту әдістерінің қолдануы жайы.
1.1 Тарихты оқыту барысында оқыту әдістеріне қойылатын талаптар.
1.2 Тарихты оқыту барысында оқыту әдістерін іріктеп, саралау.

ІІ . тарау. Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру.
2.1 Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерді қолдану.
2.2 Тарихи құжаттарды пайдалану.тарихты оқытудың
маңызды әдісі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:
Тарихты оқыту барысында оқыту әдістерін дұрыс әрі оқушыларға қызықты қылып өткізу.
Оқыту әдісіне қойылатын талаптардың дұрыс болуы. Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістердің сонымен қатар тарихты оқыту барысында тарихи құжаттарды дұрыс пайдалану, тарих сабағын қызықты қылып өткізу жұмыстың негізгі өзектілігі болып табылады.
Тақырыптың құрылымы:
Жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды, негізгі бөлім екі тарауға бөлінеді.
Бірінші тарау:
«Тарихты оқытуда оқушылардың таным, ойлау қызметін дамыту әдістерінің қолданылуы жайы» деп аталады.
Бірінші тараудың бірінші мәселесі:
«Тарихты оқыту барысында оқыту әдістерін іріктеп, саралау» жайында жазылған.
Екінші тарау:
«Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру.
Екінші тараудың бірінші мәселесі «сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерді» қолдану.
Екінші тараудың екінші мәселесі «Тарихи құжаттарды пайдалану – тарихты оқытудың маңызды әдісі» жайында жазылған.
Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Жалпы бұл тақырыпта зерттеу жүргізген Тұрлығұл Т.Т, Тұрсын Хазіретәлі, Төлеубаева К.Т, Баженова И.Н. сынды ғалым педагогтар зерттеу жүргізген. Курстық жұмыс жоғарыда келтірілген авторлар еңбегінен жазылды.

Тақырыптың құрылымы:
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі мәселелер қаралған екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі
Алматы «Ғылым» 2003 ж - 256 б 131-141 б
2. Сманқұлова Ж. 9-10 сыныптарда тарих сабағын өтуде әдістердің мәселесі,
// Жалпы тарих және құқықтану мектепте. № 3 2007 ж 19-20 б
3. Бахытұлы Б. Сабақ шығармашылық үрдіс // Қазақстан тарихы №1 2003 ж 11 б
4. Исаев Б. Тарихты оқытудың тиімді әдістері // Қазақстан тарихы. № 7 2005 ж. 17 б
5. Тұрсын Хазретұлы Мектепте тарихты оқыту әдістемесі Алматы «Дарын»
2004ж 156 б. 36-38 б
6. Тұрлығұлов Т.Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары Алматы 1984 . 280 б. 49-51 б
7. Тарих бойынша орта мектеп бағдарламалары 5-11 сыныптар Алматы
«Ғылым» 1992 ж 7-8 б
8. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студенттерінің оқу тәрбиелік
практикасын өткізу және ұйымдастыру әдістемелік талқылама
Алматы 1997 315 б. 97-98 б
9. Тұрлығұл., Б.Адырбек, А. Көпекбай.Ежелгі Қазақстан тарихы. Методикалық
көмекші құрал. Т 5 сынып мұғалімдеріне арналған. - Алматы, 2001.
185 6. 5-6 б.
10. Тілеубаева К.М. 10-11 сыныптар үшін тәрбие сағаттарын өткізу. Алматы «Ғылым»
1998 ж 170 6. 17-18 6
11. Педагогикалық ізденіс Баженова И.Н. Алматы «Мектеп» 2000 ж 177 б—111 б












1. Т.Т.Тұрлығұл. “Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі” А., 2003. 131-141 б.
2. Тұрсын Хазретәлі. “Мектепте тарихты оқыту әдістемесі” А, 2004. 36-38 б.
3. “Қазақстан тарихы әдістемелік “ журналы . №1. 2003. 11-16 б.
4. “Қазақстан тарихы” журналы №7 2005. 17-18 б.
5. “Жалпы тарих және құқықтану мектепте” журналы №3. 2007 19-20 б.
6. Тұрлығұлов Т. “Тарих сабағын жетілдіру жолдары” А., 1984. 49-51 б.
7. Тарих бойынша орта мектеп бағдарламалары 5-11 сыныптар А, 1992 жыл. 7-8 б.
8. Тұрлығұлов Т.Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары Алматы 1984 жыл. 19-23 б.
9. Тұрғанбаев Б. А. Дамыта оқыту технологиялары - Алматы 2000 жыл. 11-12 б.
10. Тарих бойынша орта мектеп бағдарламалары 5-11 сыныптар.
Алматы 1992 жыл. 35-36 б.
11. «Педагогикалық ізденіс» Құрастырушы И.Н. Баженова Алматы М 2000 г.
12. Тілеубаева К.М. 10-11 сыныптар үшін тәрбие сағаттарын өткізу «Қазақ тарихы» Алматы 1998 жыл. 18-19 б.
13. “Қазақстан тарихы әдістемелік” журналы. 04.03.2006 ж. № 45. 13-14 б.
Төлеубаев К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студенттерінің оқу тәрбиелік практикасын

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І – тарау. Тарихты оқытуда оқушылардың таным, ойлау қабілетін
дамыту әдістерінің қолдануы жайы.
1.1 Тарихты оқыту барысында оқыту әдістеріне қойылатын талаптар.
1.2 Тарихты оқыту барысында оқыту әдістерін іріктеп, саралау.
ІІ – тарау. Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру.
2.1 Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерді қолдану.
2.2 Тарихи құжаттарды пайдалану-тарихты оқытудың
маңызды әдісі.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:
Тарихты оқыту барысында оқыту әдістерін дұрыс әрі оқушыларға
қызықты қылып өткізу.
Оқыту әдісіне қойылатын талаптардың дұрыс болуы. Сөздік, көрнекілік
және практикалық әдістердің сонымен қатар тарихты оқыту барысында тарихи
құжаттарды дұрыс пайдалану, тарих сабағын қызықты қылып өткізу
жұмыстың негізгі өзектілігі болып табылады.
Тақырыптың құрылымы:
Жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды,
негізгі бөлім екі тарауға бөлінеді.
Бірінші тарау:
Тарихты оқытуда оқушылардың таным, ойлау қызметін дамыту
әдістерінің қолданылуы жайы деп аталады.
Бірінші тараудың бірінші мәселесі:
Тарихты оқыту барысында оқыту әдістерін іріктеп, саралау жайында
жазылған.
Екінші тарау:
Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру.
Екінші тараудың бірінші мәселесі сөздік, көрнекілік және практикалық
әдістерді қолдану.
Екінші тараудың екінші мәселесі Тарихи құжаттарды пайдалану –
тарихты оқытудың маңызды әдісі жайында жазылған.
Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Жалпы бұл тақырыпта зерттеу жүргізген Тұрлығұл Т.Т, Тұрсын
Хазіретәлі, Төлеубаева К.Т, Баженова И.Н. сынды ғалым педагогтар зерттеу
жүргізген. Курстық жұмыс жоғарыда келтірілген авторлар еңбегінен жазылды.

Тақырыптың құрылымы:
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі мәселелер қаралған екі
тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І – тарау. Тарихты оқытуда оқушылардың таным, ойлау қабілетін
дамыту әдістерінің қолдануы жайы.
1.1 Тарихты оқыту барысында оқыту әдістеріне қойылатын талаптар.
Қазірге дейін дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістері толық
жіктеліп-сарапталып болған жоқ. Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы
белгілі еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегінше жіктеліп-
сарапталады: 1.Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері: бұған мұғалімнің
ауызша баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектеп лекциясы, оқушылармен
әңгімелесуі жатқызылды; 2.Тарихты көрнекі құралдар көмегімен оқыту
әдістері: бұған бояулы суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу
әдістері және портретті, карикатураны, картаны, экрандық және басқа да
техникалық құралдарды пайдалану жатқызылды; 3. Тарихты оқытқанда түрлі
мәтіндермен жұмыс істеу әдістері: бұған оқулықпен, тарихи құжаттармен,
көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері қосылды.
Оқыту әдістерін бұлайша жіктеу - сараптауда мұғалім мен оқушының
сабақ үстінде атқарған жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған
құрал (тарихи құжат, көрнекі не техникалық құрал, оқулық т.б.) шешуші рол
атқарды.
Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңестік педагогика ғылымы, соның
ішінде дидактика едәуір дамыды. Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі —
жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушыларын қатыстыру және осы
қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы
керек. Оқушылардың меңгерген білімі олардың өздерінің ойлау қызметінің іс-
әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. Сонда ғана алған білім берік болады.
Сөйтіп, сабақта оқушылардың таным, ойлау қызметін, іс-әрекетін дамыту
бірінші кезекке шықты, басты міндет етіп қойылды.
Осыған сәйкес оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар
ғалымдар барлық пәндерге ортақ деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеп-
саралады:
Иллюстрациялап түсіндіру әдісі - бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және
әңгімелеп тұрып, пайдаланылатын басқа құралдарды (оқулықпен, техникалық,
көрнекі т.б. құралдар, көркем әдебиет т.б.) қамтиды. Бұл әдісті қолдану
барысында мұғалім де, оқушылар да қызмет етеді.
Репродуктивті әдіс - оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды
көздейді. Өйткені, оқушылар иллюстрациялап түсіндіру кезінде меңгерген
білімін қолдануға қажетті біліктерді меңгере алмайды. Олар осы екінші
әдісті қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар
мұғалімнің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет
және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады.
Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен
салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал
бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше баға береді, теориялық
қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар
келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады т.б.
Проблемалық оқыту әдісі — мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяндар
алдында, немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге кіріскенде
оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми болжам
жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады. Оқушылар
мұғалімнің әңгімесін зер сала тыңдай отырып, проблеманы шешу логикасын
қадағалайды, алдын ала жасалған ғылыми болжамдардың, шығарылған
қорытындылардың қайсысының қаншалықты дұрыстығын, дәлелділігін аңғарады.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс — оқушыларды бірте-бірте
белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді
көздейді, осыған қажетгті біліктерді біртіндеп қалыптастырады. Мәселен,
бояулы суретке, құжатқа, түсінген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып,
проблеманы шешуге үйретеді; естіген фактілері бойынша қорытынды жасауды,
немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады т.б.
Зерттеу әдісі — шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілін және білім мен
біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Бұл әдіс Кеңес мектебі
тәжірибесінде ұзақ уақыт және кеңінен қолданылды, сонымен бірге өзінің
тиімді екенін де көрсетті. Зерттеу әдісі — ғылыми тұрғыда танып білудің
тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс істеудің бүған
дейінгі айтылып өткен белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын
жүргізуге қызығатын оқушылардың ынтасын ұштай түседі; оқушылар білімді
толық әрі саналы түрде меңгереді және оны ұтымды орынды қолдана алуға
үйренеді.
Сөйтіп оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға,
бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі, демек
белгілі бір сатыларға бөлінеді. Алғашқы әдіс — бірінші саты, екінші-
төртінші әдістер — екінші саты, соңғы әдіс — үшінші саты.
Белгілі дидактик-ғалым И.Я.Лерне, өз еңбегінде жоғарыдағы оқыту
әдістері туралы өзінің ғылыми тұжырымдарын одан әрі жетілдіріп, ол
әдістерді тарих пәні мысалы арқылы былай деп көрсетеді (автордың алғашқы,
негізгі мамандығы — "тарих пәнінің мұғалімі" — Т.Тұрлығұл).
"Тарихи материалды оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген
төсілдер мен құралдар қолданылады, алайда олардың бәрі біз келтіріп отырған
төмендегі оқыту әдістерінде қамтылады.
Информациялы-рецептивті (дайын рецеппен) (I) — әдіс әңгіме, лекция,
экскурсия түрінде, оқулықтың, натуралды немесе жазбаша тарихи құжаттың,
тарихи объектінің көшірмесі не суретінің көмегімен жүзеге асырылады. Түрлі
жұмыс формалары мен құралдар: оқулық, құжат, сурет, әңгіме, лекция,
экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады. Білімді хабарлау негізінен
оқулық бойынша жүргізіледі.
Репродуктивті (қайта еске түсіру) (2) — әдіс тарихты оқыту барысында
мұғалім берген тапсырма бойынша оқушылардың белгілі бір мәтінімен ауызша,
жазбаша жаттығуларды, басқа да оқу қызметтерін өздігінше орындауы арқылы
жүзеге асады. Бұл әдіс репродуктивті әңгімелесу — қайта еске түсіру арқылы
да орындалады. Қолданылатын құралдар бірінші әдісте көрсетілгендер.
Проблемалық баяндауда (ІІІ) — информациялық-рецептивті әдісте
қолданылған жұмыс түрлері мен құралдар пайдаланылады, бірақ айтылатын
хабардың мазмұны басқаша болады.
Эвристикалық (тапқырлық) әдіс (IV) - эвристикалық әңгімелесуді,
ізденуді талап ететін тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындауды (қиындық
келтірген жағдайда), оқушылардың іс-әрекетіне дұрыс бағыт беру үшін
мұғалімнің толықтырушы жағдайлар туғызуын көздейді. Мұнда да бұрынғы
құралдар пайдаланылады.
Зерттеу (V) — әдісі де сол құралдардың көмегімен жүзеге асады. Ол
зерттеу сипаты бар тапсырмалар беру арқылы орындалады.
Оқу пәнін, бұл жерде тарихты, оқытуға арналған әдістер барлық кезде
де нақты тәсілдер арқылы іске асырылады, ал оларды біріктіріп тұтас және
бір-бірімен ұштастыра қарасақ, оның бәрі жиылып оқыту әдістемесін
құрастырады".
Жоғарыда келтірілген оқыту әдістері жүйесін толық басшылыққа алып,
оларды түгелдей пайдаланып жүрген мұғалімдер әлі аз.
Ал, қазақ мектептері тарихшыларының тәжірибесінде көбіне
иллюстрациялап-түсіндіру немесе информациялы-рецевтивті және эвристикалық
әдіс қолданылады, қалған әдістер көпшіліктін тәжірибесінде кездесе
бермейді. Өйткені оларды қолдауға белгілі бір жағдай керек, ең алдымен
мұғалімнің де оқушылардың да қажетті дайындығы болуы тиіс.
Мәселен, тарихтан жаңа сабақты оқытып үйреткенде проблемалық баяндау
әдісін қолдану үшін төмендегілерді ескеру қажет.
Алдымен проблеманы дұрыс таңдай білу керек. Оқушылардың алдына
қойылатын проблема осы сыныптың шамасына лайық, яғни оқушылар оны дұрыс
түсінетіндей және оларды қызықтыратындай болғаны дұрыс.
Екіншіден, берілген проблеманы шешуге оқушылар белсене қатысуы үшін
немесе шешілу жолдарын толық аңғаруы үшін төмендегідей білім негіздерімен
қамтамасыз етілуі тиіс. Олар: а) проблеманы шешуге қажетті фактілер мен
білімдер; ә) проблеманы шешуге қатысы бар жалпы қағидалар; б) проблеманы
шешетін тәсілдерді меңгерту немесе оқушылардың сол тәсілдерді өздігінше
табуына жағдай жасау; үшіншіден, проблеманың шешілуін тексеруге, оның
негізділігін, логикалық дұрыстығын анықтауға, немесе оның дұрыс
шешілгендігін талдап дәлелдеуге, қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге
оқушыларды белсене қатыстыру.
Е.Е.Вяземский мен О.Ю.Стрелова өз еңбектерінде проблемалық оқытуды
ұйымдастыру, проблемалық ситуациялар туғызу және оларды шешу жолдарына
кеңірек тоқталады. 1.
Енді қазақ мектептерінде әлі де берік орын алып отырған, тарихты
оқытудың дәстүрлі әдіс, тәсілдері деп аталатындарына тоқталайық.
Тарихи материалдарды сәтті іріктеп оны оқыту барысында тиімді
пайдалану. Тарихи оқиғаларды салыстыру, қазіргі кезеңдермен жергілікті
өлкен тарихымен байланыстыру.
Тарихи құжаттар мен хронологияларды меңгеру тарихи тұлғаларға
мінездеме бере отырып, олардың қызметіне баға беру.
Картамен, көрнекіліктермен, техникалық құралдармен, қосымша
әдебиеттен жұмыс.
Сыныппен, топпен, жеке оқушылармен жұмыс.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пән бойынша дағдылар мен
шеберлікті қалыптастыру. 2.

1.2 Тарихты оқыту барысында оқыту әдістерін іріктеп, саралау.
Оқыту әдіс, тәсілдерін іріктеу. Тарихты оқытудың көптен қалыптасқан
дәстүрлі әдістерінің ұзын саны жиырмадан асады. Ал уақыттың өзгеріп, қоғам
дамуындағы болып жатқан жаңалықтарға байланысты мектептегі оқу-тәрбие
жұмысының алдына да жаңа міндеттер қойылып отырғаны белгілі. Бұл тарих
пәніне тікелей қатысты. Мәселен, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап
Кеңес мектептерінде оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту алға шыққанда
тарихты оқыту әдістері логикалық тапсырмалармен жұмыс істеу, проблемалық
оқыту, ішінара іздену әдісі, зерттеу әдісі сияқтылармен толықты. Ал одан
сәл кейінірек сабақтың дәстүрлі емес түрлерінің пайда болуына байланысты
пікірлесу, баға беру, қорытынды жасау, интерактивті т.б. әдістер пайда
болды, олардың бір қатарын осының алдындағы мәселеде атап өттік. Ал,
біздің курстың жоғарғы сыныптардағы сабақтарында мүғалімнің арында ауызша
баяндау әдістері, тарихи құжаттарды, көркем әдебиетті, мерзімді баспасөзді,
оқулық пен хрестоматияны пайдалану және оқытуды қоршаған ортамен, қазіргі
кезеңмен байланыстыру әдістері жетекші рөл атқарады. Бұл әдістердің бәрі
оқушылардың белсене атқаратын өздік жұмыстарын орындауы арқылы жүзеге
асады. 3.
Сабақ мазмұнының ерекшелігіне қарай ауызша баяндаудың әңгіме,
әңгімелесу, талдап түсіндіру, сипаттама беру сияқты әдіс, тәсілдері, ал ұлт-
азаттық қозғалыстың басшыларын, оның жеңістерін ұйымдастырушылардың халық
алдындағы қызметін көрсеткенде тарихи жырлар мен романдардың үзінділерін
пайдаланған тиімді. Сондай-ақ, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі
алғашқы жылдардағы елдегі әлеуметтік-экономикалық қиындықтардың бәрінің
себептерін талдап түсіндіріп, оларды ашуға, баға беруге оқушылардың өзін
тікелей қатыстыру тиімді. Оқушылардан, әсіресе, жоғарғы сынып оқушыларынан
ештеңені жасыруға болмайды.
Мұғалімнің алдын ала берген тапсырмасы бойынша оқушылар ұлт-азаттық
қозғалыстардың басшылары, жеке батырлардың ерліктері, Қазақстанда социализм
орнатудың жолдары туралы және қайраткерлердің т.б. ұсыныстары, пікірлері,
алыс-жақын шетелдермен түрлі салада жасап отырған қатынастары мен
байланыстары жайлы шағын баяндамалар, рефераттар, хабарлар дайындайды.
Оларды тиісті сабақтарда тыңдап талқылаған пайдалы. 4.
ІІ – тарау. Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру.
2.1 Сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерді қолдану.
Оқыту әдістері дегеніміз — оқу процесіндегі оқушы мен мұғалімнің
өзара байланысты әрекеті мен оқу материалын игеруді ұйымдастырудың
тәсілдері. Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс
дегеніміз — мұғалімнің оқушыны білмеуден білуге, ебедейсіздіктен ептілікке
жетелейтін жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы. Әдістер қалай оқыту керек
деген сұраққа жауап береді. Кез-келген оқыту әдісі мақсаттан, әрекет-
жүйесінен, оқыту құралынан, күткен нәтижеден тұрады. Оқыту әдістемесінің
субъектісі де, объектісі де оқушының өзі.
Кез-келген әдісті таза күйінде қолдану өте сирек кездеседі. Әдетте
мұғалім бір сабақтың өзінде бірнеше оқыту әдістерін қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқыту әдістемесі
Теориялық оқу материалын оқып-үйренудің әдістері
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Мектепте тарихты оқыту әдiстемесi. ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДIСТЕРI, ТӘСIЛДЕРI МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Тарих пәнін мектептерде оқыту
Оқушыларға жаңа материалдарды оқыту арқылы оқу белсенділіктерін дамыту
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Пәндер