“Фашизм”



I. КІРІСПЕ 3
а) Фашизмнің пайда болуының теориялық мәселелері 3
б) Фашизм негіздері 5
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 7
а) Германия өкіметіне нсдап келуі 7
б) Фашизм мен медицина 9
• Өлім лагерлері 10
• Сұрыптау 12
• Өлім комбинаты 12
• Циклон.Б 12
• Тәжірибелер 13
в) Фашизм жеңілу себептері 15
III. ҚОРЫТЫНДЫ 19
а) Фашизмнің жаңа формасы . глобализм. 19
б) Американдық фашизм 22
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 26
а) Фашизмнің пайда болуының теориялық мәселелері
Барлық қазіргі сөздіктер – лингвистикалық болсын, түсіндірме болсын, энциклопедиялық не философиялық сөздік бір ғана анықтама береді.
Ғылым Академиясы фашизм деп “идеология мен саяси қозғалысты” айтады, оларға “тұлғаға табынушылық, саяси басқару, шектен асқан ұлтшылдық пен шовинизм, ұлттық теңдікке қол сұғу” тән, сонымен қатар “даулы мәселелерді соғыс арқылы шешуді үгіттеу” тән деп көрсетеді. Бұл анықтаманы көптеген тарихи оқиғаларымен байланыстыруға болады. Мысалға, ол тоталитарлық комуннистік уақытқа да келеді ,әсіресе, 1920 ж.ж., немесе 1993 жылы парламентті атқылап тастау (Ресейде), үңіліп қарайтын болсақ, онда фашизмге гитлерлік режим ғана емес, сонымен қатар ол түріктердің армян геноцидін, Израилдің палестиналықтарға қарсы бағытталған саясатын да (ол 1975 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен расизм формасына жатқызылды), АҚШ “Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы” ресми құжатын да жатқызуға болады. Бұл құжатта американдықар бүкіл дүние жүзінен өзінің қаруланудан үстемдігін жариялайды. Яғни,осы берілген анықтамаға сай одан да көп мысалдар келтіруге болады, алайда фашизм, ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, одан да нақтыланған құбылыс, ол тарихи шекарамен де, географиялықпен де шектелген. Олай болса, “фашизм” дегеніміз не деген сұраққа жауап беруге тырысайын.
Қазіргі уақытта фашизмге бұрын берілген анықтамалар жеткіліксіз және толық емес. Бұл ұғым көбінесе не тым кең (“жамандықтың ” синонимі ретінде), не тым тар (1919-1945ж.ж. Италия локалді саяси-идеологиялық феномен ретінде) тұрғыдан түсіндіріледі. Солшыл зерттеушілері фашизм феноменін оңға бұрмалайды(“фашизм- буржуазиялық империализмнің көрсеткіші” деп көрсетеді сталиндік анықтама), консерваторлар болса, керісінше, оның революциялық, әлеуметтік аспектісін көрсетеді. Ал бұл идеалогияның мұрагерлері – олардың саны қазіргі уақытта аз - фашизмді тұтас, не оң, не теріс деп түсінеді. Бұл тұрғыдан фашизмді дәл мен объективті классификациялау әрекеттері, саяси жағымдылық пен жағымсыздықтан бос құжаттау анализі, әрине ерекшелік болып табылады. Оларға неміс таришысы Армин Мелердің зерттеу жұмыстарын де жатқызуға болады. Ол “фашистік ‘стиль’ ” брошюрасында өзінің объективті шеттетілген фашизм моделін берген. Қазіргі күні бұл модель Европа академияларының көбінде қабылданған. Армин Мелердің зерттеу жұмысының ең маңызды аспектісіне келейін.
1. Армин Мелер “Консервативная Революция в Германии 1918-1932” Минск 1997
2. Назаров М. “Миссия русской эмиграции” Москва 1994
3. Назаров М. “Тайна России” Москва 1999
4. Ильин “Наши задачи” Москва 1997
5. Бердяев Н. “О социальном персонализме” Москва 1998
6. Булгаков С. “Христианство и еврейский вопрс” Париж 1991
7. Газета “Версия”, 14 тамыз 2000 жыл
8. Муссолини Б. “Доктрина фашизма” сайт www. resist. gothic. ru
9. Гитлер А. “Моя борьба” сайт www. an –press. virualave.net
10. Правин Д. “Нацизм и фашизм с христианской точки зрения”
11. сайт www.koi.aha.ru
12. С. Брухвельд, П.Л. Левин “Передайте об этом детям вашим...”
13. А. Кан “Загововор против мира”
14. М.И. Галкин “Германский фашизм”
15. М.И. Мельников “Империя страха”
16. Ф Грюнберг “Адольф Гитлер”

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым мен білім беру министірлігі
АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚАЗАҚ Халықаралық Қатынастар мен Әлем Тілдер
Университетеі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: “ФАШИЗМ”

Орындаған: 108 гр. студенті Шырынбекова М.Б.

Қабылдаған: Жанпеисова Қ. Д.

Жоспар:

I. КІРІСПЕ 3
а) Фашизмнің пайда болуының теориялық мәселелері 3
б) Фашизм негіздері 5
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 7
а) Германия өкіметіне нсдап келуі 7
б) Фашизм мен медицина 9
• Өлім лагерлері 10
• Сұрыптау 12
• Өлім комбинаты 12
• Циклон-Б 12
• Тәжірибелер 13
в) Фашизм жеңілу себептері 15
III. ҚОРЫТЫНДЫ 19
а) Фашизмнің жаңа формасы - глобализм. 19
б) Американдық фашизм 22
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 26

КІРІСПЕ

1 Фашизмнің пайда болуының теориялық мәселелері

Барлық қазіргі сөздіктер – лингвистикалық болсын, түсіндірме болсын,
энциклопедиялық не философиялық сөздік бір ғана анықтама береді.

Ғылым Академиясы фашизм деп “идеология мен саяси қозғалысты” айтады, оларға
“тұлғаға табынушылық, саяси басқару, шектен асқан ұлтшылдық пен шовинизм,
ұлттық теңдікке қол сұғу” тән, сонымен қатар “даулы мәселелерді соғыс
арқылы шешуді үгіттеу” тән деп көрсетеді. Бұл анықтаманы көптеген тарихи
оқиғаларымен байланыстыруға болады. Мысалға, ол тоталитарлық комуннистік
уақытқа да келеді ,әсіресе, 1920 ж.ж., немесе 1993 жылы парламентті атқылап
тастау (Ресейде), үңіліп қарайтын болсақ, онда фашизмге гитлерлік режим
ғана емес, сонымен қатар ол түріктердің армян геноцидін, Израилдің
палестиналықтарға қарсы бағытталған саясатын да (ол 1975 жылы Біріккен
Ұлттар Ұйымымен расизм формасына жатқызылды), АҚШ “Ұлттық қауіпсіздік
стратегиясы” ресми құжатын да жатқызуға болады. Бұл құжатта американдықар
бүкіл дүние жүзінен өзінің қаруланудан үстемдігін жариялайды. Яғни,осы
берілген анықтамаға сай одан да көп мысалдар келтіруге болады, алайда
фашизм, ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, одан да нақтыланған құбылыс, ол тарихи
шекарамен де, географиялықпен де шектелген. Олай болса, “фашизм” дегеніміз
не деген сұраққа жауап беруге тырысайын.

Қазіргі уақытта фашизмге бұрын берілген анықтамалар жеткіліксіз және толық
емес. Бұл ұғым көбінесе не тым кең (“жамандықтың ” синонимі ретінде), не
тым тар (1919-1945ж.ж. Италия локалді саяси-идеологиялық феномен ретінде)
тұрғыдан түсіндіріледі. Солшыл зерттеушілері фашизм феноменін оңға
бұрмалайды(“фашизм- буржуазиялық империализмнің көрсеткіші” деп көрсетеді
сталиндік анықтама), консерваторлар болса, керісінше, оның революциялық,
әлеуметтік аспектісін көрсетеді. Ал бұл идеалогияның мұрагерлері – олардың
саны қазіргі уақытта аз - фашизмді тұтас, не оң, не теріс деп түсінеді. Бұл
тұрғыдан фашизмді дәл мен объективті классификациялау әрекеттері, саяси
жағымдылық пен жағымсыздықтан бос құжаттау анализі, әрине ерекшелік болып
табылады. Оларға неміс таришысы Армин Мелердің зерттеу жұмыстарын де
жатқызуға болады. Ол “фашистік ‘стиль’ ” брошюрасында өзінің объективті
шеттетілген фашизм моделін берген. Қазіргі күні бұл модель Европа
академияларының көбінде қабылданған. Армин Мелердің зерттеу жұмысының ең
маңызды аспектісіне келейін.

Біріншіден, фашизмді таза күйіндегі тоталитаризмнен айыру керек, өйткені
осындай фашизмге индивиуализм, персонализм ғана тән, ал белгілі бір
тұлғаның еркін бағындыратын бюрократтық институттар диктатурасына тән емес.
Фашизм классикалық тоталитаризмге қарағанда тұлғалықты (персона-листичен).

Екіншіден, фашизм национал-социализмге идеалогия ретінде қатысты емес.
Национал-социолизм ұлтқа, халыққа, расаға немесе қоғамға, яғни кол-лективті
субъектіге назар аударады. Бұл ең басты айырмашылық (тоталита-ризмге әкелуі
де, әкелмеуі де мүмкін). Национал-социализм қатаң коллективті дисциплинада
интенсивті және жоспарлы құрылысты білдіреді. Ал фашизм,керісінше,
авангардты мен тез шешімдерге, индивидуалді героизмге мен еш нәрсемен
шектетілмеген іздеуге құштар.Эстетика тұрғысынан қарайтын болсақ, национал-
социализм романтизм мен класси-цизм байланысына ұмтылады, ал фашизм болса
авангард пен модернизмге.

Үшіншіден, фашизм мен классикалық консерватизм арасында айырма-шылық өте
үлкен, өйткені фашизм үйреншікті нормаларды революциялық жоюдан тұрады.
Фашисттер өз қозғалыстарың коммунизмге параллель қарастырған, яғни ескі
қоғамдық-саяси мен әлеуметтік формаларға, “ре-акцияларға” қарсы бағытталған
революциялық, жаңартушы, өзгертушы қоз-ғалыс ретінде.

Төртіншіден, фашизм СССР-дегі социализммен еш ұқсастығы жоқ.Себебі фашизм
үшін жаппай басып тастау индустриясы, халық көшіру, өндіріс құралдарын
ұлттандыру саясаты тән емес. “Сталиндік моделден” гөрі фа-шизм корпоратвті,
синдикалистік мәнді сақтайды, және де қоғамдастыру бел-гіленген маманданған
қоғаммен – артелдер, кәсіпорындар мен салалармен шектелген.

Бесіншіден,этникалық саясат сферасында фашизмге расизм тән емес.Ха-лықты
интеграциялаушы факторлар ішінде мемлекетті, профсоюзді, артелді, әскери
бөлімшелерді және т.б. белгілейді, ал этникалық немесе расалық факторға не
маңызды емес, не тіпті роль атқармайды.

Алтыншыдан, фашизм “буржуазиялық идеалогияға” қарсы идеалогиялық полюсті
жүзеге асырады. Фашист үшін “капитализм рухынан”, “протест-танттық рухынан”
басқа еш жексұрын нәрсе жоқ. Фашисттік идея пролитар-лық немесе
аристократтық полюсте бола алады, бірақ бұл полюстер “капита-лизмге” қарсы
болуы шарт.

2 Фашизм негіздері

Фашизм 1919 жылы Италияда Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі нәтижелер
барысында пайда болған. Сол уақытта Евпропада демократиялық космополиттік
күштер консервативтік, монархиялық күштерді жеңді,бірақ демократияның
жеңілісі күткен игіліктерді әкелген жоқ, керісінше үлкен дағдарыс басталды:
хаос, инфляция, жалпылама жұмыссыздық. Осындай демократияға қарсы реакция
басталды. 1930 ж.ж. қарай европалық пар- ламенттердің жартысы өз
жұмысттарын тоқтатты, барлық жерде диктатура пайда болды – бұл құбылыс сол
жылдар үшін тән.

Фашизм “фашина” деген сөзден шыққан, бір буда, бір буда шыбықты – Ежелгі
Рим мемлекеінің символын білдіреді, оны Муссолини “Жаңа Рим” ұғымы ретінде
пайдаланылған,осылай ол өз мемлекетін атады. Жалпылама, фашизмның, шолып
өтсек, жақсы жақтары көп болды.Фашизм буда ретінде ұлт бірлігін кластар
күресі туралы марксистік тезиске қарсы, либерал-демократиялық партиялық
принципке қарсы жариялады. Ол корпоративті мемлекет жариялады, бірақ
партиялық принцип бойынша қүрылған емес(сайлауға партиялардың қатысуы),
корпорация негізінде құрылған – адамдардың өндірістік, кәсіби бірігу
нәтижесінде төменнен жоғары өсетін табиғи демократия негізінде құрылған.
Мысалға, металлургиялық өндіріс жұмысшылары, медицина, ауыл шаруашылық
корпорациялары да болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Жапония осындай
қатынастарға, бірақ фирмалық, негізделген – фирма қоғам ұясы ретінде
құралады; оны Муссоли-ни “кәсіби демократия” деп атаған сол сияқты қоғам
құрғысы келген.

Несімен фашизм адамдарды өзіне тартты? Неге осыншама көп адам фашизм
ықпалына түскен – “жаңа” құру арқылы сол кездегі хаоста бүкіл Европаны
жандарғысы келгендері ме? Муссолинидің “Фашизм доктинасынан”мысал : “Фашизм-
... ол күшін жойған XIX ғасырдың материалистік позитивизмге қарсы біздің
ғасырымыздың жалпы қозғалысынан пайда болған рухани позиция ... Ол адамды
жоғары заңмен, рухани қоғамның саналы мүше етіп жасайтын, жеке тұлғадан
діни көзқарас...Халық – раса да, географиялық об- лысы да емес”...

Әуелде фашизмде гитлерлік режимдегі расизм болған жоқ; итальяндықтар өз
халқын басқалардан жоғары және әлемді иеленуші жоғары ұлт деп санаған жоқ.

“...Халық – раса да, георафиялық облыс та емес, тарихи дамуында үзіліссіз
сақталатын адамдар бірлігі, ... тұлға, рухани құбылыс” . Фашизмнің адамға
қойған талаптары : “Фашизм адамы эгоистік ықалас инстинктін басып, орнына
кеңістік пен уақытпен шектелмеген ұлттың жоғары өмірін негіздейді. Бұл өмір
жеке тұлғаның өз мүддесін құрбандыққа шалу арқылы, өз өмірін өлімге кесу
арқылы оның адами намысы жүзеге асатын рухани болмысқа негізделеді ... Еш
әрекет моралді бағалаудан кете алмайды. Сондықтан да фашист түсінетін өмір
– діни, байсалды, қатаң. Ол өзін лайықты өмір құралы етіп жасайды ...”.

Дәл осы тәртіпті, жинақтаушы негіз көпшілікті өзіне қаратты. Католиктік
шіркеу де фашисттік реформаларды, фашисттік қозғалысты қолдады, өйт-кені
бұл қозғалыс социалистік католиктік ілімге сәйкес болып келеді және фашизм
негізінде қоғамды корпоративті ұйымдастыруға болады.

Алғашқы фашизмді біз қылмыстық құбылысқа жатқыза алмаймыз. Барлық европалық
мемлекеттерде фашистік деп атай алатынымыздай партиялар құрыла бастады,
демократиялық мемлекеттердің өзінде де, мысалға Францияда, Англияда пайда
болды. Ал корпоративтік мемлекет принциптері Италияда, Австрияда
(христиандық негізде, бұл Дольфус канцлері уақы-тында). Сонымен қатар
Испания мен Португлияда (Франко мен Салазар уақытында) пайда болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Германия өкіметіне нсдап келуі

1929 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыс Германия үшін ауыр тиді.
Дағдарыс барлық экономикалық сфераларды қамтыды. Өнеркәсіп өндірісі екі есе
азайды. Жұмыссыздар саны 7.5 млн. адамға жетті. Жұмысшы-лар класының
жағдайы ғана емес, орта қала тап жағдайы күрт төмендеді. Мыңдаған ұсақ
буржуазия кедейленді. Өндіріс дағдарысы аграрлықпен қатар жүрді. Дағдарыс
мемлекет ішіндегі кластық күресті күшейтті. 1931 жылдың қаңтарында Рур
кеншілерінің стачкасы болып өтті. Онда 350 мыңға жуық жұмысшы қатысты.
Экономикалық дағдарыс пен кластық күрестің күшею жағдайында Германияның
үстем класттары буржуазиялы-демократтық басқару әдістері жарамсыз деген
ойға келді. Олар партия құру туралы шешім қабылдады, іс жүзінде ол
Германияның Ұлттық Социалистік Жұмысшылар Партиясы деп аталды. Бұл партия
1919 жылы құрылды. Көп ұзамай партия басына реакционер Адольф Гитлер келді.
Ол Австрияда дүниеге келді, бірақ 1914 жылдың өзінде Германияға көшіп
келді. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде өз еркімен кайзер армиясына
кірді. Соғыстан кейін біраз уақыт әскери қарсы барлау мәлімдеуші
функцияларын атқарды. Гитлерліктер немістерді “жоғары раса” деп жариялады,
және де өз “өмір кеңістігін” “төменгі расалар” арқылы кеңейту керек деді.
ҰСДАП-сы буржуазиялы-демократиялық еркіндікті жоюды, диктатураны орнатуды
талап етті. Гитлерлік партияның саяси программасы монополиялар мүддесін
қолдады, бірақ капитализмнің уақытша тұрақтану жылдарында олар фашистік
қозғалысты қосымша шешім ретінде қарастырды. Германияда экономикалық
активтілігінің күрт төмендеу кезеңінде ҰСДАП үшін дауыс беру
көрсетткіштері: 1928 ж. 800 000 , 1930 ж. күзінде 6 400 000, 1932 ж.
жазында 13 000 000 және 1933 ж. қаңтарында 17 000 000. Егердің санауы
бойынша (“Гитлер” – “Ротер Ауфбау”, 1930, қазан) 1930 ж. национал-
социалистер алған 6 400 000 дауыстың ішінде 3 000 000 жұмысшылармен
берілген.

Гитлерліктер мемлекет пен халықтың мүддесін қорғауға уәде берді. Көп-
шіліктің Версаль келісіміне наразы болғандықтан олар “Версаль кісенің жою”
ұраның тастады. Жұмысшылардың қиын жағдайын ескеріп, гитлерлік-тер оларға
жалақы көлемін көтереміз және жұмыссыздықты жоямыз деп уәде берді.
Шаруаларға олар помещиктердің жерлерін бөліп береміз, ұсақ бур-жуазияға
универсальді дүкендерді бәсекелестер ретінде жою, сауданы ұлғай-ту мен
молшылықты және офицерлерге мансапқа жете алатындай әскер құру-ға уәде
берді. Осылайша, еңбеккерлердің ауыр жағдайын пайдаланып, шовинистік көз-
қарасты жандырып, гитлерліктер әлеуметттік база құра алды. Гитлерлік
партияның штурм отрядтарының жұмысы жанданды, олар кү-зетші отрядтарымен
бірге зорлық пен басқаша ойлайтындарды жою аппа-раты болып есептелінді.
Барлық жерде “Гитлерюгенд” деген фашистік жас-тар ұйымының ұяшықтары пайда
бола бастады. 1932 жылдың жазында рейх-стагқа сайлауы кезінде гитлерліктер
сайлаушылардың 13.8 млн. дауыстарын жинады. Гитлерліктердің билікті өз
қолына алу күннен күнге ақиқатқа айнал-ды.

Веймар республикасында дағдарыс пен кластық күрестің күрт шиелені- су
жағдайында неміс монополиялары мен генералитеттің басым бөлігі Гитлер
жағына көше бастады. ҰСДАП-на билікті беруді жылдамдату үшін 1933 жылдың 30
қаңтарында президент Гинденбург Гитлерді рейхсканцлер етіп сайлады. Бұл
Германяда финанс капиталының ең реякцияшыл, шовинистік пен агрессивтік
элементерінің ашық террористік диктатураның орнатуын білдірді.

Гитлерлік басшылары террорды ақтау үшін және 5 науырызға қойыл- ған
сайлауда ГКП -ның табысқа жетпеуі үшін арандатуды қолдануға дейін барды.
Олардың тікелей бұйрығымен фашистер группасы рейхстагқа кіріп, өрттеді.
Әрине, бұл әрекет үшін ГКП- н коммунистік көтерілісті дайындады деген айып
тағылды. Осы өтірік сылтау арқылы тұлғаның, сөздің, баспа мен жиналыстарға
еркіндік беретін Веймар конституциясының барлық пунктте-рін жойды.

1933 жылдың науырыздың басында Гитлерліктер Э. Тельманды тұтқын-ға алды.
Оларға сол уақытта Германияда эмиграцияда болған болгар комун-нисттерінің
лидерін Георгий Димитровты да алды. ГКП-сы заңнаң тыс деп
жарияланды.Мыңдаған коммунистер сотсыз және тергеусіз өлтіріліп,оң мың-дай
адам түрмелерге мен концентрационды лагерлерге жабылды.

Науырызда үкіметке төтенше өкілдік беру туралы заң қабылданды. Ол Рейхстаг
пен Веймар конституциясын жойғанына тең болды. Гитлерліктер фашистік емес
кәсіподақтарды және басқа да жұмысшылар Ұйымдарын талқылады. Маусымда ГСДП-
сына тыйым салынды, социал-де-мократтардың көбі концлагерлерде өз
ажалдарына жетті.

Көп ұзамай буржуазиялық партиялардың барлығы “өзін өзі тарату” тура-лы
жариялады, ал осыдан кейін мемлекеттік ұйым деп жарияланған Ұлттық-
социалистік партия ғана өмір сүре алатын еді. 1934 жылы Гинденбург қайтыс
болғаннан кейін Гитлер өз қолына бүкіл билікті жинап алып, президент пен
рейхсканцлердің қызметін біріктірді. Осы барлық шаралар арқылы гитлер-
ліктер біржолата буржуазиялық еркіндіктерді жеңді.

Жаппай көпшілікті террор прогрессивті интеллигенцияны қуалаумен қа-тар
жүрді. Оның ең күшті өкілдері мемлекеттен кетуге мәжбүр болды. Кімде-кім
оны істеуге үлгермесе, онда Гестапоға қамауға алынатын еді. Германия
қалалары ұлы жазушылар мен ғалымдардың кітаптартарының өртімен ла-пылдап
жанды. Гитлерлік диктатураның аюаңдығы мен варвар қылмыстары дүние жүзін
дүр сілкіндірді.

2 Фашизм мен медицина

Германияда Адольф Гитлердің және оның неонацистік партияның үкімет басына
келуі фашизмнің негізі болды.

Гитлердің “Майн Кампф” атты кітабында расалық жек көрушілік наси-хаттау
жүргізілді. Барлық ұлттар мен расалар пирамида бойынша тұрғызыл-ды, 1
суретте көрсетілгендей : арийлік раса, оларға немістердің өздері және
австриялықтар жатты, бұл пирамидада жоғарғы орын алды, яғни ең басты болды.
Ал басқа ұлтар, еврейлер мен цығандар кірмеген, олардың бұйрықтарын
атқарулары міндетті деп санады. Ал еврейлер мен цығандар олар үшін изгойлар
болды, оларды тек өлтіру керек деп айтқан.

Гитлер “арий расасының тазалығы” үшін күрескен. Немістерге басқа ұлт
өкілдерімен неке құруға тыйым салынды. Гомосексуалисттерді қуалау бас-
талды, өйткені нацисттердің ойынша қоғамда бұл топтың бар болуы туу көр-
сеткіштерін азайтады және физикалық пен ментальдық “ұлт денсаулығына’’зиян
келтіреді. Сонымен қатар еңбекке қабілетсіз инвалидтер мен ақыл-ойы
жетіспейтін адамдар “жарамсыздарға” жатқызылып, оларды құғынға ұшыратты.
Олар үшін “Өмір тұрмайтын өмір” идеясы шығарылды және де олар “герман
ұлттының” ішкі қаупі деп саналды. Нацистік басшылығы “асоциалдік” деп
көрсеткендер де құғынға ұшырады. Халықтың бұл категориясын мәжбүрлеп,
ұрықсыздандыру мен кестіру (кастрация) жасалды.

Адамдарды жою негізгі орны боп концентрациондық лагерлер болды. Олар
Германияның өзінде, сонымен қатар жаулап алынған территорияларда :
Австрияда, Польша мен Украинада орналастырылған.

1 Өлім лагерлері

Лагерлерде дін басшылары және түрлі дін адамдары, түрлі әлеуметтік класс
пен маман адамдары өлімге дұшар болды. Өз ажалдарын денсаулық-тары
жақсылары де, денсаулығы жоқтары де, қарттар да, балалар да, ер адам-дар
да. әйелдер де тапты. Оларды қалалар мен деревнялардан, басқа конц-
лагелерден, әскери тұтқындар лагерлерінен әкелген.

Гитлерліктер адамдарды орналасқан жерлерінен қоныс аудару саясатын
жүргізді. Ол, әсіресе, герман колониялар зонасына кірген территориялар үшін
қатысты болды. Адамдарға оларды басқа жерлерге қоныстандырамыз деп айтып,
іс жүзінде, гетто мен концлагерлерге апарған.

Негізінен осындай “қоныс аудару” Германия, Франция, Голландия, Венг-рия мен
басқа мемлекеттердегі еврей халқына қатысты болды. Мысалға, Гре-цияны
оккупациялағанда грек еврейлеріне грек пен неміс тілінде жазылған
билеттерді берді.

СС қауіпсіздік басқармасының бастығы Гейдрихтің еврейлердің қоныс аудару
туралы бұйрығы, 1939ж. 27 қыркүйек Еврейлерді келесі депортациялау мен
басқару үшін тиісті шаралармен қамтамасыз ету үшін оларды геттоға қоныс
аудару керек. Қысқа мерзім ішінде (3-4 ай ішінде) ауылдық жерлерде тұратын
және жұмыс істейтін саудагерлер-еврейлерді қамауға алуымыз керек. Олардың
орналасулары мен қозғалу тәртібін әскерлерді жабдықтау кезінде
қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатымен верхматпен келістіру керек.
Әрекеттер жоспары :

Еврейлерді қалаларға дереу қоныс аудару керек.

1. Еврейлерді Рейхтан Польшаға депортациялау.

2. Қалған цығандарды Польшаға депортациялау.

3. Германия территориясынан сауда поездары арқылы еврейлерді жүйелі түрде
депортациялау...

Мыңдаған адамдар Силезиядан, Познан мекемесінен, Замойск пен
Живецкрайондарынан шығарылды.

Саар мен эльзас полиция басқармасына инструкция

1. Тек қана таза еврейлер депортацияланады. Қаны аралас, аралас неке
жұбайылары – жау мемлекет азаматтары болып табылмайтын шетел адамдары
депортацияға ұшырамайды. Азаматтығы жоқ еврейлерді принципті түрде
қамауға алу керек. Барлық жарамды еврейлерді жөнелту керек, жарамсыз
деп тек төсектен тура алмайтындар болып табылады.

2. Еврейлік жиналу пункттері Людвигсхафенда, Кайзерслаутерда мен
ландауда. Қамауға алынғандар автобустармен аталған жерлерге апа-рылу
қажет...

3. Жиналу пунктінде транспорт үшін жауаптыға керекті документация
беріледі. Онда автобустар, шығарып салу әскери қызметшілері және
қамауға алынатын адамдардың тізімдері мен адрестері жазылған.

4. Бұл мәліметтерді алғаннан кейін сәйкес ресми қызмет адамдары олар-дың
үйлеріне барып, оларды департациялау мақсатында қамауға алы- натынын
айтулары керек. Жиналу уақыты 2 сағаттан аспауы керек.

5. Қамалатындар, мүмкіндігінше, мына нәрселерді алулары керек :

• Бір чемодан немесе өзі тұтынатын заттары бар бір сөмке;рұқсат
етілген норма : үлкендер үшін – 50 кг, балалар үшін – 30 кг.

• Киім комплектісі

• әр еврей үшін бір көрпе

• бірнеше күнге тамақ

• ыдыс-аяқ пен қасық

• бір адамға 100 рейхсмарка

• қапталмаған паспорт, идентификациялық карточка немесе күә-лігі
болуы керек

6. Қамалғандарға жинақ кітапша, зергерлік бұйымдар мен 100 рейсмар-кадан
көп валюта ұстауға болмайды.

7. Үйрелерінен шығарғанға дейін қамалғандар міндетті :

• Үй жануарларын (мысықтарды, иттерді, құстарды) тапсыру керек.

• Тез бұзылатын тамақты ҰӘҚ-қа(ұлттық-әлеуметтік қайырымды-лыққа)
тапсыру керек.

• Бір бау кілтке үй иесін, қала көше атын және үй нөмірін биркаға
жазып, тапсыру керек.

• Жеке тексеруден өту керек.

8. Еврейлердің ұсталуы әдепті түрде жүргізулуі қажет.

2 Сұрыптау

Адамдарды лагерлерге тауар вагондарында жеткізді. Пойыздарды лагер-лерге
жеткізген кейін, ішіндегі адамдар еңбекке қабілетті және қабілетсіз деп
бөлінді. Еңбекке қабілеттілерге физикалық қатты ер адамдарды мен әйелдер-ді
жатқызып, оларды ауыр жұмыс істеткізді. Ал еңбекке жарамсыздар - қарт-
тарды, мүгедектерді, балалар мен кішкентай балалы әйелдерді қырып
салғаннемесе медициналық тәжірибелерді жүргізді.

Вагондар бірінен соң бірі “жүк” түсірілді. Киімдерді бүктеп, олар СС
дәрігері қарап, қабілеттілігін белгілеген. Жұмысқа жарамдыларды кішігірім
топтармен лагерлерге апарды. 20-30 % ғана жұмысқа жарамды болды. Бірақ әр
эшелондарда бұл көрсеткіш әртүрлі болды. Мысалға, грек еврейлерде 15% қана
болды.

Күәгерлердің бірі, СС дәрігері өз күнделігінде былай деп жазды :“... Мен
бірінші рет сағат үште “арнайы операцияға” қатыстым. Онымен салыстырғанда
Данте уы мен үшін комедия болып көрінді. Аушвицті жою лагері деп текке
айтпаған... ”

3 Өлім комбинаты

Освенцим лагері 1940 жылы саяси тұтқындар үшін құрылған. Кейін ол темір
жолға жақын орналасқандықтан қырық объектілері бар ірі комплекске айналды.
Объектілердің ең белгілі болғандары : Освенцим I (Штаммлагерь),Освенцим II
(Биркенау) мен Освенцим III ( Моновиц). Жалпы териториясы 40 км2 -ге тең
болды.

1942 жылы Освенцим I-де газбен массалық жойылу басталды. №11 кор-пус қызыл
түспен белгіленген(картада адамдарды өлтіру орындары қызыл-мен
белгіленген). Оның подвалдарында “Циклон-Б” газын сынады. Бұл корпуста
20000 тұтқын болды. Адамдарды №1 крематорийдің моргысында да өлтірді.
Биркенауда да екі ауыл үйді қайта жабдықтап, 1942 жылдың көктемі-нен бастап
тәжірибелер жүргізіле басталды. Тағы төртеуі 1943 жылы дайын болды.
Биркенауға 1944 жылдың көктемі мен жазында венгір еврейлерін жет-кізгеннен
кейін өлтірушілік өзінің жоғары шегіне жетті. Бұл уақытта Освен-цимге
күніне үш-төрт пойыз келетін болды (3-3.5 мың адам).

Негізінен өліктерді крематорийларда өрттеді, бірақ олардың көптігінен
денелерін жалпы молаларға көміп немесе үлкен отқа салып, өрттеген.

Освинцимда еврейлердің миллионындай, поляктардың 75 мыңдай, цы-ғандардың 21
мыңдай, кеңес әскери тұтқындардың 15 мыңдай өз ажалдарына жетті.

4 Циклон-Б

Лагерь қоймаларында “Циклон-Б” деген газ табылды. Бұл газ кішігірім
кристалл түрінде кездеседі, ол өте қатты және тез жүретін улардың бірі.
Оның гранулдары көгіртетін қышқыл буларын бөліп, демді тез тоқтатып
жібереді. Өлім қорқыныш сезімімен, бас айналумен, құсумен қабаттас жүреді.

“Циклон-Б” инсектициді киім мен ғимараттарды биттерден тазарту үшін
қолданылады.

5 Тәжірибелер

Освенцимда, басқа лагерлердегідей, СС дәрігерлері тұтқындарды түрлі
тәжіриберлерден өткізді. Медициналық эксперименттер Гиммлердің келісуі-мен
ғана жасалды. 1943 жылдан бастап, тәжірибелерді Небе басқаруымен өткізілді.
Ол РСХА-ның бір бөлімінің бастығы болды.

Концлагерлердегі барлық медицина қызметкерлері, яғни мыңдаған адамдар өте
ауыр қылмыс жасауға қатысты деген сөз.

Тәжірибелерді жасау үшін басқалардан алыстатылған барактар салынды. Оларға
кіруге тыйым салынды, бірақ болып жатқанның барлығы басқа тұт-қындар үшін
белгігі болды.

Бухенвальд жерінде, негізінен, сүзекке қарсы вакцина жасаумен айна-лысты –
сау адамдарды сүзекпен жұқтырды. Егер де сүзекке қарсы қан сар-суы әсерін
тигізсе де, адамдарға бацилллалардың үлкен дозасын ектіріп, олар бәрібір де
өлді. Тұтқындарды әрдайым сүзекпен жұқтырды. Ал тірі қал-ғандар мүгедек
болып қалды – оларды семдірді не есінен ауып қалды. Бұл“тәжірибе
жасалатындар” жүзпроценттік өлімшілер деп санауға болатын еді.

Бәрібәр аяғында барлық тәжірибелер крематотиймен аяқталды. өйткені эсэ-
совтер үшін тірі күәгерлерді қалдырмауға мүдделі болды. Бұл тәжірибелер
1941 жылдың күзінен бастап қырық алтыншы блокта жасалды. Тәжірибелер-дің
жүргізілуіне Берлиндегі СС әскерінің гигиена институты жуапты болды.

Сонымен қатар Бухенвальдта басқа да тәжірибелер жасалды – ұстамалы сары
безгек (желтая лихорадка), шешек (оспа), паратит, дифтерит ауруларын жұқ-
тырды.

Дахау концлагерлерінде малярия ауруымен айналысты. 1942 жылдың қаңтарынан
бастап 20 мен 45 жас аралығындағы “ең сау деген адамдарды” таңдап, оларды
маляриямен жұқтырды. әр апта сайын 20 адамдай ауруға шалдықтырылды.
Маляриямен жұқтырып, дәрігерлер ауру барысын бақыла-ды.

1943-1945 ж.ж. аралығында Дахауда флегмона тұдыратын екпе еккен.
“Тәжірибелер жүргізілетін қояндар” ролін католиктік дін қызметшілері, не-
гізінен Польшадан, атқарды.

Дахауда “лагерлік көшеде” “вагон” қойды – арнайы аппаратурамен жаб-
дықталған үлкен камера. Тәжірибе жүргізілуші (испытуемый) “үстіге көте-
рілгенде” немесе “түскенде” – камерада сәйкестелініп қысым өзгертілген кез-
де, оған кардиограмма түсірді. Өлімнен кейін өлікті сою жүргізілді. “Ғылы-
ми” қорытындыны былай деп жазды : “21 метр биікте қан қайнайды” немесе “сою
жасағаннан кейін жүрек әлі соғылды”. Осыдан кейін клиникалық өлім-нен соң
жүрек қанша жұмыс істейтінің білу үшін дәрігер Рашер тірі адамдар-дың бәрін
союға бастады.

1942 жылдан бастап “жылықандыларға салқындаудың әсері” деп атала-тын
“салқындау” тәжірибесін жүргізу басталды. Оны профессор Хоьцленер жасады.

1942 жыдың қарашасынан 1943 жылдың мамырына дейін 200-240-қа дейін адамға
жүргізілді.

3 Фашизм жеңілу себептері

Фашизмдегі ең белгілі принцип – консерватизм. Ол кластық немесе партиялық
принцип бойынша бөлмейтін, керісінше, түрлі кластарды әлеуметтік-еңбек
принципімен біріктіретін принцип болып табылады.

Корпорация (латын тілінен аударғанда: corpus, corporatio – дене, сословие,
бірігу) адамдардың жері мен қызметі бойынша бірігуді білдіреді. Корпорация
жұмысшылардың мамандығына байланыссыз шаруашылықтың түрлі салаларынан бола
алады. Корпорацияның түр-түрі қоғамда дене мүше-сіндей маңызды функциялар
атқарады. Европалық теоретиктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фашизм мен медицина
Италиядағы фашизм
Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
Фашизм және оның саяси идеологиясы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы
Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
Фашистік Италияның сыртқы саясаты
Феминизм
Пәндер