Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1Жалпы карта және саяси карта туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3.Қазіргі саяси картаға тарихи.географиялық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4.Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары ... ... ... ... ... ...
1.5. Дүниежүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер ... ... ... ... ..

ІІ ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСИ КАРТАДА XX.XXІ ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР

2.1.Судан Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Суданның 2.ге бөлінуі.Судан Республикасында өткен (2010.2011ж точносын билмейм) референдумнан кейін одан оның оңтүстік бөлігі жеке мемлекет болып жариялануы.(оның жаңа ресми атауы қалай аталады?, мүмкін ол Дарфур деп аталады, осы 2.ге бөлінген мемлекетердің географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Косово Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Черногория Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5. Оңтүстік Осетия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5.Абхазия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Сербия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7. Палестина Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі. Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ, картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды. Орта ғасырларда, әсіресе, Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде, карталар теңізде жүзушілердің, жер кезген жиһангездердің, байлық іздеген көпестердің қажетті дүниесіне айналды. Теңіз жолдарының ашылып, теңіз арқылы байланыстардың дамуы сол кезең үшін жаңалық болып көрінетін карталарды пайдалану әдістерін өмірде қолданудың толық жүйесіне көшуге ықпал етті.
Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 егемен мемлекеттер мен саяси статусы толық анықталмаған елді-мекендер мен иеліктер жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің аумағы, халықының саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Дүниежүзінің саяси картасында әрбір егемен мемлекеттің әлемдегі саяси және географиялық орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен жер аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүниежүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.
Дүниежүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған тарихи және саяси-географиялық маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1Жалпы карта және саяси карта туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1.3.Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4.Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер
аумақтары ... ... ... ... ... ...
1.5. Дүниежүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді
мәселелер ... ... ... ... ..

ІІ ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСИ КАРТАДА XX-XXІ ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТЕР

2.1.Судан Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Суданның 2-ге бөлінуі.Судан Республикасында өткен (2010-2011ж точносын
билмейм) референдумнан кейін одан оның оңтүстік бөлігі жеке мемлекет болып
жариялануы.(оның жаңа ресми атауы қалай аталады?, мүмкін ол Дарфур деп
аталады, осы 2-ге бөлінген мемлекетердің географиялық орны, жалпы саяси
және экономикалық-географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Косово Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Черногория Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және
экономикалық-географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Оңтүстік Осетия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және
экономикалық-географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5.Абхазия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Сербия Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және экономикалық-
географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7. Палестина Республикасы, географиялық орны, жалпы саяси және
экономикалық-географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ,
картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті
бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну
үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа
да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың
қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың
пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды. Орта ғасырларда,
әсіресе, Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде, карталар теңізде
жүзушілердің, жер кезген жиһангездердің, байлық іздеген көпестердің қажетті
дүниесіне айналды. Теңіз жолдарының ашылып, теңіз арқылы байланыстардың
дамуы сол кезең үшін жаңалық болып көрінетін карталарды пайдалану әдістерін
өмірде қолданудың толық жүйесіне көшуге ықпал етті.
Дүниежүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына
мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 егемен мемлекеттер
мен саяси статусы толық анықталмаған елді-мекендер мен иеліктер жатады.
Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық
деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие
болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің
аумағы, халықының саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай
айырмашылық жасайды.
Дүниежүзінің саяси картасында әрбір егемен мемлекеттің әлемдегі саяси
және географиялық орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар
саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары
мен жер аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс
табады. Дүниежүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді
географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.
Дүниежүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына Екінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған тарихи және саяси-
географиялық маңызды өзгерістер, XX ғасырдың 50 – 60 - жылдарындағы отарлық
жүйенің күйреуі, 80 – 90 жылдарындағы социалистік жүйенің ыдырауына
байланысты оқиғалар айрықша рөл атқарды.
1939 – 1940 жылдары Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып
алу есебінен КСРО аумағы кеңейе түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында
Польша, Югославия, Грекия аумақтары бөліске түсіп, Германия Еуропаның
көптеген елдерін басып алды. Соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның, сондай
– ақ Италияның, Югославияның Польша мен КСРО – ның мемлекеттік шекаралары
өзгеріп, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО),
ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Румыния, Болгария, Венгрия,
Финляндияның соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. Шығыс Еуропада
пайда болған социалистік мемлекеттер біртұтас блокқа бірікті. Еуропада осы
жылдары басталған шекараларды қалпына келтіру жұмысы қазірге дейін жалғасын
табуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - дүниежүзінің саяси картасының
қалыптасуының кезеңдеріне, олардың саяси және тарихи мәселелерге байланысты
өзгеріп тұруының мазмұнын зерттеп, саяси және экономикалық-географиялық
тұрғыдан ашып корсету.
Мақсаттан туындаған міндеттерге мыналар жатады:
- саяси картаның мазмұнын ашу;
- дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдерін қарастыру;
- қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу жасау;
- қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтарын қарастыру;
- дүниежүзілік саяси картада XX-XXІ ғасырлар тоғысында пайда болған
мемлекеттерді қарастыру;
Судан, Косово, Черногория, Оңтүстік Осетия, Абхазия, Сербия
Республикалары мен Палестинаның гографиялық орны, жалпы саяси және
экономикалық-географиялық сипаттамасын жеке-жеке қарастыру болып табылады.

І ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. Саяси картаның мазмұны

Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу
бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің географиялық
қартасының (топографиялық картасының) мазмұнына; жер бедері, суы, өсімдігі,
топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік
және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл
шаруашылық, мәдени объектілері кіреді.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен
жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың
түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің
ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т.б. өлшеуге қажет
графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т.б.қосалқы
анықтауларды көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді
түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.
Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны – жер беті
мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары
тақырыптық деп аталады. Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін
белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты
баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір
жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т.б.) көрсетеді.

ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР

Математикалық негіз
Картографиялық кескіндеулер

Проекция
Масштаб
Геодезиялық негіз
Жер бедері
Гидрография
Климаттық
Өсімдік және топырақ
Елді мекендер
Қатынас жолдары мен байланыс
құралдары
Саяси-әкімшілік бөліну
Экономика мен мәдениет
элементтері

Сурет 1. Жалпы географиялық карталардың құрамдық негіздері
Карталардың негізін картографиялық кескіндеулер, математикалық негіз,
көмекші жабдықтар мен қосымша мәліметтерден тұратын жиынтық құрайды.
Картаның аса маңызды элементтерінің бірі-оның түсіндірме бөлігі болып
табылады.Карта масштабында кескінделуіне сәйкес келетін обьектілер аумақтық
және сызықты шартты белгілер арқылы беріледі. Аудандық белгілермен орман,
шалғын, батпақ, көл т.б. ал сызықты белгілермен өзен, жол, шекара, құбыр
сияқты обьектілер белгіленеді. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физикалық-географиялық карталар;
ә) қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық-
географиялық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи)
карталар.
Тақырыптық карталардан арнаулы карталарды (оқулық, туристік,
навигация, жобалау, т.б.) айыра білу қажет. Арнаулы карталар жалпы
географиялық (туристік) және тақырыптық (оқулық), климаттық, топырақ,
экономикалық т.б. карталарда болуы мүмкін. Бұл карталардың кейбірінің өзіне
тән өзгешелігі болғандықтан, олар тақырыптық карталардың ерекше бір тобы –
техникалық карталар тобын құрайды. Оларға теңіз навигациясына, ұшуға,
жобалауға т.б. арналған карталар жатады. Географиялық карта көбіне аумақтық
белгілері (жер аумағын қамтуы) бойынша ажыратылады. Мысалы, дүниежүзінің,
мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың, олардың ірі бөліктерінің,
мемлекеттердің, облыстардың, аудандардың карталары.

Тақырыптық карталар

Картографиялық негіз Түсіндірме шартты белгілер

Геогрфиялық негіз Тақырыптық мазмұн

Гидрография
Шекаралар
Елді мекендер
Қатынас жолдар
Кестелер
Тақырыптық мазмұн
элементтері

Шартты Мәтіндік
белгілер түсіндірмелер

Сурет 2. Тақырыптық карталардың мазмұндық негіздері мен шартты белгілері
Дүниежүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік
құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық
өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси
мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының
өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүниежүзінің саяси картасындағы
заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын
саласы зерттейді.
Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада,
әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі,
астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүниежүзі елдерінің
мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына,
мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік
шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық
қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр[1.5 ,б].
Саяси картаның негізгі мазмұнын тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы,
саяси мәртебесінің ауысуы, мемлекеттің суверинитетін жоғалту, кейбір
мемлекеттерде кездесетін аумақтық және өзде де өзгерістер болуы,
астаналардың немесе мемлекеттердің атауларының өзгеруі құрайды.
Саяси картада сандық және сапалық өзгерістер болады. Сандық өзгерістер
мемлекетке жаңадан ашылған жерлерді қосу, аумақтық алулар немесе соғыстан
кейінгі жоғалулар, мемлекеттердің бірігуі және ыдырауы жатады.
Сандық өзгерістерге елмен саяси суверенитетті алуы, басқарудың және
мемлекеттік құрылымның жаңа нысандарын енгізу, мемлекетаралық
бірлестіктердің және саяси одақтардың және өзгелердің құралуы жатады.
Халықаралық саясатта әлемдік дамудың негізгі бағыттары әрдайым басты
назарда болатыны белгілі. Егер зер сала қарасақ дүниежүзінің саяси
картасының құрылысы өте күрделі. Ондағы алып жатқан мемлекеттердің
әрқайсысының өзіндік орны бар. Мемлекеттердің көпшілігі бір – бірімен
шекаралас жатыр. Саяси шекараның сипаты іс жүзінде мемлекеттік шекара бола
бермейді. Ол халықаралық келісім бойынша, уақытша жасалатын шарт, яғни
демократиялық шекара. Соңғы кездері территориялық шекаралық мәселелер
дүниежүзінің көптеген аудандарында күрделі, әсіресе, мемлекетаралық және
ұлтаралық шиеленістің етек алуына әкеп соқтыруда.
Дүниежүзінің саяси картасына жиі болып отырған өзгерістер көпке аян,
олардың ең бастысы: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, олардың саяси
статусындағы өзгерістер, мемлекеттердің бір – бірімен қосылуы, бір елдің
екінші елдің құрамына кіруі, мемлекеттің астанасының өзгеруі, мемлекеттік
басқару формасының өзгеруі, т.б. Осы аталған элементтердің барлығы
халықаралық саясаттағы өзгерістердің негізі болып саналады.
Әлемдегі ең бір ықпалды бірлестік Еуропалық Одақ деп аталады.
Еуропаның 27 мемлекеті кіретін мемлекетаралық және ұлтаралық бірлестігінің
саяси органы Еуро парламент деп аталады. Оған төте сайлаумен 5 жылға 518
депутат сайланады. Бұл Еуропа елдерінің саяси интеграцияға ұмтылуының
маңызды қадамы болды. Ең алғашқы төте сайлау 1970 жылы, ал соңғысы 2010
жылы өтті. Еуропарламентке сайланған депутаттар ұлттық белгілері бойынша
емес, партиялық көзқарастары бойынша топтар құрып, өз партияларының
бағдарламасын қорғайды, іске асыруға тырысады. Еуропарламентке Еуропаның
экономикалық, валюталық және саяси интеграцияның жаңа әрі сапалы кезеңіне
өту, біртұтас ішкі рынок құруға ұмтылу сияқты сан алуан мәселелер
ұсынылады.
Еуропарламентке депутаттар сайлау тұрақты өлшеммен жүреді.
Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция сияқты ірі мемлекеттердің әрқайсысы
81 орынға ие болса, Испания – 60, Нидерланды – 25, Бельгия, Греция,
Португалия – 24-тен, Дания – 16, Ирландия – 15 Люксембург – 6 депутаттан
сайлайды. 1989 жылы Еуропарламентке сайлау өткеннен кейін, оның құрамында 9
фракциялық топ пайда болды: социалистер – 182  мандат, христиан –
демократтар – 107, консерваторлар – 48, либералдар – 44, коммунистер – 42,
тәуелсіздер – 37, экологтар – 23, голлистер – 19, оңшылдар – 16 мандатқа ие
болысты. 1984 жылғы сайлаумен салыстырғанда христиан-демокранттардың,
коммунистердің, экологтардың саны артып, сайлаушылар мен олардың 
жақтаушылары көбейген. Керісінше, социалистер мен консерваторлардың саны
азайған.
Өмірдің өзіндей, Еуропарламенттің, өз ішіндегі қайшылықтары да жетіп
жатыр. Қазір онда мынандай екі бағыт байқалады: бірінші интеграцияны одан
әрі дамытуға байланысты консервативтік бағыт. Оның мәні қазіргі ұлттық
рыноктарды біріктіруге ұлтаралық және одан тысқары интеграциялық мәселеге
байланысты институттардың араласуын кеміту, сөйтіп оны еркін бәсекеге
негіздеп құру. Бұл – ірі де күшті корпорацияларға жол ашу. Екіншісі –
жұмысшылардың, шаруалардың, қызметкерлердің еркін кәсіпшілдікке байланысты,
мамандардың әлеуметтік жағдайын қорғауға байланысты арнаулы шаралар жасау.
Бұл бағыт біртұтас экономикалық кеңістік құратын мемлекеттердің мақсатты
экологиялық саясат жүргізуін ұсынады.
1900 жылы жер шарында 55 егемен мемлекет болды. Сонымен бірге әлемде
өте ірі Британ орталық және көлемі жағынан кішілеу – Франция империясы
болды. Отары бар елдерге Жапония, АҚШ, Нидерланд, Бельгия, Португалия,
Италия, Испания жатады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отаршылық
жүйенің күйреуі және ұлт – азаттық қозғалыстың өсуі дүниежүзінің саяси
картасына ірі өзгерістер енгізді. Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында
әлемде 71 егеменді мемлекет, 1947 жылы – 81, 1959 жылы – 92, ал 1990 жылдың
басында олардың саны 171- ге жетті. Бірақ 1990 жылдың мамыр айында екі араб
мемлекеті – Иемен Араб Республикасы және Иемен Демократиялық Республикасы
ұлттық негізге байланысты Иемен Республикасы деген атпен бірікті (жер
көлемі 532 мың шаршы км., халқы 13 миллион). 1990 жылдың қазан айында екі
Германия бірікті.
Пайда болған ГФР-дың астанасы Берлин болды. Сонымен 1991 жылы егеменді
мемелкеттердің саны 168-ге дейін қысқарды. 1991 жылдың қыркүйегінде
өздерінің тәуелсіздігін Литва, Латвия, Эстония жариялады. Жаңадан тағы 2
тәуелсіз республика құрылды – Микронезия Федерациясы және мұхиттық
аралдардағы Маршалл Аралдары Республикасы. Бұрын олар АҚШ – тың
қамқорлығында болатын. Сонымен қазіргі кездегі егеменді елдердің саны 194-
ке жетті. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің саны - 193. Оған Украина, Беларусь
және Қазақстан Республикасы да кіреді. Қазіргі кезде 1960-1970 жылдармен
салыстырғанда отарлардың бостандық алуы біршама нашарлады. 1990 жылдың
наурызында бұрынғы Біріккен Араб Республикасының отары болып келген Намибия
тәуелсіздік алды. Бұл ел БҰҰ-ның мәліметі бойынша ең ірі отарлардың бірі
болып есептелетін. Батыс Сахара 13 жылға созылған соғысты тоқтатып,
Мароккомен келісімге келді. Сянган (Гонконг) және Аомынь (Макао) тағдыры да
шешілді.
Қазіргі кезде халықаралық мәселелер проблемалары жөніндегі мамандар
мен саясаттанушылар жер шары бойынша территориялық шекаралар және басқа да
талас – тартыс тудырып отырған 300 ыстық нүкте бар екенін, оның ішінде
100-ден астамының жағдайы өте күрделі екендігін айтады. Олардың
кейбіреулері бір – біріне жақын, ал енді біреулері өте қашықта орналасқан.
Мысалы, Ұлыбритания мен Аргентинаның арасындағы Фолкленд (Мальвин) аралдары
жөніндегі шиеленіс. Австралиялық ғалымдар М.Данго және В.Экхардтың
зерттеулері бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1990 жылды қоса
есептегенде жер бетінде екі және одан да көп мемлекеттер қатысқан 450-ге
жуық әртүрлі масштабтағы соғыстар болыпты, орта есеппен жылына 10 соғыстан
келеді. Мұның жартысы территория және шекараға байланысты болған. Мысалы, 8
жылға созылған 1980-1988 жылдар арасында Иран – Ирак арасындағы қантөгіс
соғыс бар болғаны 508 шаршы км., Штатт-Эль-Араб өзені арасындағы Тигр мен
Евфратқа құятын жерге  байланысты болды. Осы жерге Ирак мұнайды
экспорттайтын Фао портын салған. Бірақ жер Иранға қарайтын. Осындай
мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың 3 формасы қалыптасып отыр:
республикалық, монархиялық, және достастық.
Дүние жүзінде 127 республика бар. Бұл жалпы мемлекеттер санының 
төрттен үш бөлігі. Басқарудың бұл түрін – прогрессивтік және демократиялық
формасына жатқызады. Бұл форманы XІX ғасырда Латын Америкасы елдерінің көбі
қалап алды, ал XX ғасырдың басында Азиядағы бұрынғы отарлардың бәрі дерлік
республикалық басқару формасын қабылдады. Оның ең ірілері: Үндістан,
Индонезия, Вьетнам, Филиппин және т.б. қазіргі Африканың 52 мемлекетінің –
48-і республика. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италия, Грекия және
мыңдаған жылдар бойына монархиялық формадағы басқаруда болып келген Египет,
Эфиопия, Иран көшті.
Республикалық басқару формасындағы мемлекеттердің жүргізетін
саясатында, әлеуметтік жағдайында, тағы басқа қатынастарында көптеген
айырмашылықтар бар. Мысалы, Швейцария мен Джибутиді, Франция мен Иранды,
Аргентина мен Гаитиді салыстырып анықтауға болады.
Қазіргі монархиялық басқару формасындағы елдердің саны 30: Америкада
монархиялық басқарудағы ел жоқ, Мұхиттық аралдарда(Океанияда) – 2, Африкада
– 3, Азияда – 13, Еуропада – 12. Еуропадағы бір елдің басқару формасы
таласты. Ол Андорра: Франция мен Испанияның аралығында орналасқан небәрі 6
селолық қауымнан тұратын кішкентай ғана мемлекет. Іс жүзінде республика,
формальді түрде конституциялық монархия, князьдік. Халықаралық мамандар
Андорраны монархияға жатқызады. Жапония империясы монархияға жатады. Қалған
көптеген монархиялар – корольдік, бірнеше князьдіктер және сұлтандықтар
бар. Кейбір монархиялық формалардың республикаға ұқсайтын элементтері бар.
Мысалы, Малайзиядағы монархты сұлтандар өз ортасынан 5 жыдық мерзімге
сайлайды. Біріккен Араб Әмірлігінде әмірлердің кеңесінде мемлекет басшысы –
президент 5 жылға сайланады. Көптеген мемлекеттер конституциялық монархия,
бірақ бұрынғысынша абсолюттік монархиялықтар болмайды, монархтың жарлығымен
жұмыс істейді. Еуропада абсолюттік теократтық монархия тек қана Ватиканда,
ал Азияда мұның саны көп: Оңтүстік – Шығыс Азияда – Бруней, Оңтүстік Азияда
– Бутан,  Сауд Аравиясы, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Оңтүстік-
Батыс Азияда – Бахрейн және Кувейт.
Мемлекеттік басқарудың үшінші формасы – достастық. Оған – Канада,
Аустралия жатады. Достастыққа басшылықты алғашқыда Ұлыбритания жүргізген
болатын. Достастыққа мүше елдердің саны 50, олар барлығына ортақ
поблемаларды екі жылда бір рет өтетін конференцияда талқылайды. Оған
премьер-министрлер қаржы министрлері қатысады. Достастықьың бәріне бірдей
ортақ конституциясы, одақтың шарттары, ресми тулары жоқ. Халықаралық
ұйымдардың жұмысына мысалы, БҰҰ т.б. қатыспайды. Достастықьың мүшелері
қалаған уақытта  бірлестіктен  ешқандай кіріссіз шыға алады.  Осы
мүмкіндіктер  Бирма, Ирландия, Пәкістан пайдаланды. Достастыққа кіретін
барлық мемлекеттер өздерінің ішкі сыртқы істерінде толық егемендікте.
Конференцияның шешімдеріне қарсы дауыс берген мемлекеттер қабылданбайды.
Достастыққа мүше елдердің көпшілігінің басқару формасы республика. Мысалы,
Үндістан, Бангладеш, Нигерия, Гана, Замбия, Зимбабе, т.б. келесі бір елдері
монархты. Оларға Ұлыбритания, Малайзия, Бруней, Свазилент, т.б.
Достастықтағы елдер өз еріктерімен мемлекет басшысы деп Ұлыбританияның
корольдігін таниды. Олардың кейбіреу Ұлыбританияның жалауын пайдаланады.
Мысалы, Жаңа Зеландия ағылшынның Құдайым королеваны сақтасын деген
әнұранын, ағылшынның ордендерін қолданады, оны Жаңа Зеландияның үкіметінің
ұсынысымен Ұлыбританияның королевасы наградтайды. Барлық елдерді әртүрлі
дәрежеде Ұлыбританияның саясатына, заңына, тіліне, мәдениетіне, тұрмыстағы
салттарына бағынады. Осындай ерекшеліктеріне қарай мемлекеттің бұл басқару
формасы қазіргі кезде халықаралық саяси жағдайда өзін-өзі ақтаған басқару
формасы деуге болады.
Халықаралық тұрғыды 2011жылға дейін басқарудың 4-формасы тек бір ғана
елде – Ливияда болды. Ол 1977 жылы Ливияда орнатылған мемлекеттік
басқарудың жаңа формасы, араб тілінен аударғанда шартты түрде бұқара
халықтың басқаруындағы мемлекет дегенді білдіреді. Елдің толық аты –
Социалистік Халықтық Ливия Араб Джамахириясы деп аталды. Іс жүзінде бұл
мемлекетті бүкілхалықтық лидер (көшбасшы) Муаммар Каддафи басқарған
болатын. Оны халық арасынан шыққан оппозициялық күштер 2011жылы елді
басқарудан тайдырып, өлтірді. Содан бері басқарудың бұл түрі тоқталды.
Саяси құрылымның маңызды элементі – мемлекеттің әкімшілік – аумақтық
құрылым. Ол тікелей саяси құрлым және үкіметтің режиміне, халықтың ұлттық-
этникалық, кейбір жағдайда сонымен бірге конфессионалдық құрамын елдің
қалыптасуының тарихи-географиялық ерекшеліктерін көрсетеді. Әкімшілік –
аумақтық, әсіресе, елдің саяси - әкімшілік құрылысы, оның саяси – әкімшілік
тұрғыдан бөлінуі елдің ішкі өмірінде маңызды орын алады. Этникалық және
мемлекеттік шекаралары сәйкес келе бермейтін елдер Азия және Африкада бар.
Дүниежүзінің көптеген елдерінің ұлттық құрамы күрделі. Бірақ сонымен
бірге унитарлық мемлекеттер де басым: федеративтік елдер бар болғаны – 22.
Олардың құрылысының негізіне жататындар: ұлттық-этникалық (бұрынғы Кеңес
Одағы, Югославия, ЧСФР, Бельгия, Швейцария, Үндістан, Пәкістан, Брима,
Нигерия) тарихи-географиялық факторлары. Бұл ретте еске алатын факторлар
штаттардың, провинциялардың, жерлердің, территориялардың автономиялық
жағдайы. Айталық, АҚШ, Канада, Мексика, Бразилия, Венесуэла, Аустралия,
Малайзия, БАЭ, ОАР, Комор аралдары, Микронезия Федерациясы.


Дүниежүзінің саяси картасының объектілері

Тәуелсіз мемлекеттер Тәуелді аумақтар
иелікпротектМандаттШалғаАссоц
монархиялар Республикалар тер ораттарық йдағыиация
аумақтадепарлық
р таменқұқық
ттер тағы
мен мемле
аумақкетте
тар р
теокр президепарла
абсалюттік аттықконститнттік ментт
уциялық ік





Мемлекеттік басқарудың түрлері
федерациялық унитарлы

Сурет 3 - Дүниежүзінің саяси картасынындағы егемен мемлекеттер мен елді-
мекендеріндегі қабылданған елді басқарудың түрлері.
1.2.Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері

Дүниежүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде.
Оған әр түрлі факторлар ықпал етеді.
Дүниежүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-
әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған,
мыңдаған жыл тарихы бар үрдіс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи
кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүниежүзінің саяси картасының
қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі
заңдылықтарына сүйене отырып, дүниежүзі саяси картасының қалыптасуын
төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі
заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық қоғамның соңы мен
құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік
құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия,
Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе
күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты.
Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш
қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы
феодализм заманымен тұстас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзінің саяси картасы
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Техника және технология
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Медицина дегеніміз не?
Сүт нарығы
Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін талдау
Географиялық атлас картасы
География
Пәндер