Тұтыну несиесі туралы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І ТАРАУ. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қоғамның әлеуметтік даму түсінігіне сипаттама

1. 2. Әлеуметтік қоғам белгілері және көрсеткіштері

1. 3. Әлеуметтік қоғам дамуындағы тұтыну факторы

ІІ Тарау. Тұтыну несиесінің экономикалық мазмұны, Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиелеуді жетілдірүінің жолдары

2. 1. Тұтыну несиесінің ұғымы және оның экономикадағы маңызы, формалары

2. 2. Шетелдік банк тәжірбиесіндегі тұтыну несиесі

2. 3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері және тұтынушылық несиелеуді дамытудың болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Әлеуметтік қоғамдағы несиелеу - қайтарым жағдайында ақша ұсыну (қарыз, зайымдар, несие) . Банктер белгілі қаржы қорларын осы құралдарды қажет ететін заем алушыларға беру мақсатында шоғырландырады. Мұндай операциялар экономикалық жағынан несиелік операциялар, ал заң жағынан - заемды, ссудалық болып табылады. Несие (латыншадан «creditum» - ссуда, қарыз) - дегеніміз экономикалық қатынасты білдіретін, бір тараптармен, ұйым және мемлекеттермен екінші тарапқа қайтарым негізінде және әдетте пайыз төлемімен уақытша пайдалануға құндылықты берген кезде пайда болатын экономикалық түсінік. 1

Несие тауар-ақша қатынасының, қоғамдық еңбек бөлінісі және тауар ауысудың кеңеюінің, ол ақша шығуымен тауар-ақша формасының дамуы негізінде адам дамуының ерте кезінде пайда болды. Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде несиелеуді және банктік несие формасын жүзеге асыратын банктер пайда бола бастайды. Қазіргі жағдайда бұл несие ссудалық капитал қозғалысын және несие беруші мен қарыз алушы арасындағы қатынасты білдіреді. Бұл қатынастарға банктерде қосылады. Кейбір авторлардың ойы бойынша банк несиесі негізгі несие формасы болып табылады және қарыз алушыларға ақша уақытша пайдалануға банктер тарапынан беріледі.

Жеке тұлғаларға ссудалар тұтыну несиесі және жеке ссудалар формасында беріледі. Яғни бұл тұтыну мақсатындағы ссудалар және меншіктік ссудалар болуы мүмкін.

Тұтыну ссудалары ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарларды алуға беріледі және олар қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болуы мүмкін. Тұтыну ссудалары сонымен қатар азаматтарға әр түрлі қызмет түрлерін көрсетудегі шығындарын жабуға беріледі. Қарыз алушыға ссуда алу үшін міндетті жағдай болып оның несие қабілеттілігі болуы шарт. Тұтыну ссудасы жеке түлғаларға тікелей және әртүрлі дилерлер арқылы беріледі. Банктер дилерлер шартты кепілімен несиелеумен айналысса, өздерінде дилерлі резерв ашады. Ол сатушыны қорғаумен қатар банкті де тәуекелден сақтайды. Мұндай қорлар, негізінде сатушы қаржылық шартты банктен алғаны үшін төлеген сомамен қарыз алушы сатушыға ссуданы алғаны үшін төлеген соманың айырмашылығы есебінен құралады.

Тақырыптың өзектілігі. Тақырып өзектілігі екі фактормен анықталады. Біріншіден, қазіргі уақытта тұтыну несиесін беру нарығы Қазақстанда жаңадан дамып келе жатыр. Екіншіден, Қазақстандағы екінші деңгейлік банктердің қызметі енді ғана дамып келеді. Қазақстандағы екінші деңгейлік банктер қызметін халықаралық стандарттарға келтіру несие беруді халықаралық үрдіс есебімен ұйымдастыруды қажет етеді. Сондықтан шетел тұтыну несиесін беру тәжірібиесін есепке алудың маңызы зор.

Мақсат және міндеттер . Диплом жұмысының мақсаты шетел және Қазақстандағы тұтыну несиесінің түсінігін, түрлерін және несие беру тәжірбиесін қарастыру.

Зерттеу міндетіне келесі сүрақтар түсіндірмесі кіреді:

  • тұтыну ссудасының шетел тәжірбиесіндегі түсінігі
  • Қазақстан тұтыну несие беру нарығына шолу
  • ҚР Халық банкінің материалдарымен тұтыну несие беру, процесін зерттеу
  • Қазақстан Республикасы жағдайындағы тұтыну несие берудегі кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары.

Жұмыс құрылымы. Диплом жұмысы, кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, 7 таблица және 3 диаграммадан тұрады.

Бірінші бөлімде әлеуметтік қоғам дамуындағы тұтыну факторы және әлеуметтік фактор туралы жазылған. Екінші бөлімде тұтыну несие беру тәртібі және ҚР Халық банкінің материалдары бойынша тұтыну тәуекелінің анализі мен факторлары орын алған.

Диплом жумысы 74 беттен тұрады.

І ТАРАУ. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Қоғамның әлеуметтік дамуы түсінігіне сипаттама

Қоғам дегеніміз әлеуметтік құбылыстардың біртұтас жиынтығы екенін білеміз. Ал әлеуметтік құбылыстар дегеніміз не? Әлеуметтік құбылыстар деп адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттері табиғат пен қоғамда туындайтын өзгеріс, қозғалыстарды айтады. Мұндай әлеуметтік құбылыстардың түрлері толып жатыр: әлеуметтік қатынастар мен қоғамдық оқиғалар, түрліше қоғамдық құрылымдар мен әлеуметтік топтар және т. б. .

Қоғамдық қатынастар: тепе-теңдік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі) және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тең еместігі) болып бөлінеді. Мысалы, таптық-антагонистік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар, теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік және т. б. болады.

Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғамда адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, негізгісі - адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен, қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланыстарын, өзара тәуелділіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.

Бірақ, сонымен қатар, біртұтас қоғамдық қатынастарды құрайтын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық құбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, олардың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.

Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымын өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтардың арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен айналысады.

«Структура» термині латын тілінен алынған - ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастығын білдіретін термин.

Қоғамның әлеуметтік структурасы (құрылымы) жайлы ұғым қазіргі замандағы батыс социологиясында түрліше түсіндірілгенімен, бірақ олардың бәріне ортақ жалпы белгі бар: батыстың социологиялық теорияларыны әрқайсысы өздігінше қоғамдық құблыстарды екі салаға: экономикалық құбылыстар саласына және экономикалық емес құбылыстар саласына бөлу критериін немесе айырмашылық белгісін табуға тырысады. Содан кейін экономикалық емес құбылыстар саласы басқа белгілер бойынша одан кіші салаларға жіктеледі. Бұл құбылыстардың бәрі өз ара тәуелділікте болады, бірақ қоғамдық құбылыстардың жеке салаларының жекеше заңдары да, жекеше тіршілігі де болады деп дәлелдейді.

Қоғамның құрылымы жайлы маркстік пікірді түсіну үшін оның «Саяси экономия сынына» деген еңбегінің Кіріспесіндегі мына үзіңдінің маңызы зор: «Өз өмірінің қоғамдық өндірісінде адамдар олардың еркінен тәуелсіз белгілі бір қажетті қатынастарға - өндірістік қатынастарға араласады бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштерінің белгілі бір даму дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл өндірістік қатынастарының жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, реалды базисін құрады, бұл базиске саяси және юридикалық қондырма орнайды, оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сәйкес келеді. Материалдық өндіріс тәсілі жалпы алғанда әлеуметтік, саяси және рухани өмір процестерін айқындап береді. Адамдардың болмысын олардың санасы билемейді, қайта, керісінше, олардың қоғамдық болмысы санасын билейді» (К. Маркс, Ф. Энгельс. 13 т, 67 б. ) 2 .

Бұл үзіндіден көріп отырғандай, маркстік социология қоғам өмірін екі негізгі салаға бөледі: қоғамдық базиске (экономикалық құрылымға) және қоғамдық қондырмаға.

Қоғамдық қондырма саяси және юридикалық қондырмаларға, қоғамдық сананың формаларына жіктеледі.

Қоғамның экономикалық базисін шын мәніне келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің - өндірігіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.

Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек өнімдері . Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағытталған адамның саналы қызметі. Еңбек өнімдері деп адамның өндіріс (еңбек) құралының көмегімен өңделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз - еңбек өнімдерін өңдеу үшін қолданатын құрал-саймаңдар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек өнімдері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады.

Бірақ еңбек өнімдері мен құралдарын адамның іс-әрекетінсіз «өлі зат» деуге болады. Оларды қимылға келтіріп, өндіріс процесін жаңдандыратын - адамның «тірі» еңбегі, іс-әрекеті. Сондықтан өндіріс процесінде адам шешуші фактор болып табылады - ол басты өндіргіш күш болып саналады.

Қондырманың құрамына енетін қоғамдық құбылыстардың материалдық игіліктер өндірісіне тікелей қатысы болмайды. Қондырманың құрамын екі салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананың формаларына бөлуге болады.

Әлеуметтік-саяси қондырмаға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру, тайпа, ұлт, мемлекет т. б. және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада көрінеді: саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсерін тигізеді, ал базистің қоңдырмаға тигізетін әсері сайып келгенде шешуші рөл атқарады.

Өндірістік қатынастардың сипатына қарай қондырма таптық немесе тапсыз болуы мүмкін.

Саяси және экономикалық жағынан үстем тап мәдени өмір саласында да үстем болады, өйткені тек материалдық өндіріс құралдары ғана емес, рухани өндіріс құралдары да соның қолында болады.

Ақыр соңында, қоғамдық құбылыстарды базис пен қондырмаға бөлуді қатып-семіп қалған механистік тұрғыдан ғана түсінуге болмайды; олардың арасынан қатаң шекара жүргізу дұрыс емес, өйткені базиске де, қондырмаға да қатысты қоғамдық құбылыстар бар.

Адамның өмірі біртұтас қоғам көлемінде ғана емес, сондай-ақ айтарлықтай кіші әлеуметтік топтардың ішіндегі қоғамдық қатынастарда да жүріп жатады. Сондықтан социологтар «әлеуметтік топ» деген ұғымды анықтап, оның классификациясын жасауға, ол топтардың қоғам құрылысындағы орнын анықтауға тырысады.

Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т. б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.

Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді. Олай болса, қоғам үшін маңызды қызметтерді атқарушылардың еңбек ақысы жоғарылау болатыны да табиғи дейді ол.

Маркстік социология теориясы бойынша әлеуметтік теңсіздіктің негізгі себебі меншіктік қатынастар, меншіктің формасы мен сипатында болады.

Кейбір социологтар стратификация проблемасын әлдеқайда кеңірек қарастырады. Мәселен, М. Вебер экономиалық себептермен (меншіктік қатынастармен, табыс мөлшерімен) қатар әлеуметтік мәртебе (атадан мұра болып қалған немесе өзі жеткен әлеуметтік жағдайы) және белгілі бір саяси топтарға (партияға) қатыстығы сияқты критерийлерді де негізге алады.

П. Сорокин үш стратификациялық құрылысты (экономикалық, кәсіптік және саяси) басшылыққа алады. Пікірлердің әртүрлілігіне қарамай, әлеуметтік стратификацияға мынадай жалпы анықтама беруге болады:

Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттары) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси орындар берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді (құлдық, түрліше касталар, сословиелер және таптар) .

«Теңсіздік» және «әділетсіздік» деген ұғымдарды бір-бірімен шатастырмау керек. «Теңсіздік» - әлеуметтік себебі бар қажеттілік, ал «әділетсіздік» - эгоистік мүдделердің салдарынан туатын құбылыс. Бұл бүкіл қоғам үшін де, жеке адам немесе әлеуметтік топтар үшін де зиянды құбылыс, сондықтан әділетсіздіктің қай-қайсысымен болмасын күресу керек.

Қоғамның әлеуметтік жіктелуін қалай нақты айыра білеміз?

Бұл үшін бір өлшемді және көп өлшемді стратификацияларды айыра білу қажет.

бір өлшемді стратификацияда адамдардың қоғамдық топтары мен қауымдастықтары бір әлеуметтік белгісі бойынша ғана ажыратылады, ал көп өлшемді стратификация жасау үшін бірнеше жалпы белгілері алынады.

П. Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бірөлшемді және көп өлшемді стратификациялау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дүниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:

І. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде:

А. Биоәлеуметтік топтар: 1) нәсілдік, 2) жыныстық, 3) жасына қарай;

Ә. Мәдени-әлеуметтік топтар: 4) рулық, 5) территориялық, көршілестік, 6) тіл, этностық және ұлттық топтар, 7) мемлекеттік, 8) кәсіптік, 9) экономикалық, 10) діни, 11) саяси, 12) «идеологиялық» топтар (ғылыми, философиялық, эстетикалық, білімдік, этикалық, демалыс және көңіл көтеру топтары), 13) таңдаулылар тобы (көсемдер, даналар мен тарихи тұлғалар) .

ІІ. Аса маңызды көп жақты топтар (екі немесе одан да көп өлшемдер негізіндегі бірлестіктер) : 1) отбасы, 2) рулық топ, 3) тайпалық, 4) ұлттық, 5) әлеуметтік сословие (ортағасырлық аристократия; дін иелері; буржуазия, жұмысшы және шаруалар сияқты үшінші сословие), 6) әлеуметтік топ.

Сорокиннің бұл схемасына қарсы социологтар жоқтың қасы, сондықтан оны стратификацияның дүниежүзілік картасының теориялық моделі ретінде алуға болады.

Белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жатуын қатыпсеміп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды; ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Бұл өзгеріс, қозғалысты социологияда «әлеуметтік мобильдік» деп атайды. «Әлеуметтік мобильдік» категориясын да социологияға тұңғыш енгізген П. Сорокин болды.

Әлеуметтік мобильдік дегеніміз адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуінің кез келген түрі. Ол төменнен жоғары көтерілу әлде жоғарыдан төмен құлдырау не болмаса бір деңгейдегі бір топтан екіші топқа өту болуы мүмкін. Мысалы, ерінің немесе әйелінің ажырасып, басқа отбасы құруы, бір қызметтен дәл сондай екінші қызметке ауысу т. б. горизонталь бойынша болатын өзгеріс (қозғалыс) .

Вертикаль бойымен жүретін әлеуметтік өзгеріске деңгейі түрліше бір әлеуметтік топтан екіншісіне өту (мәселен, қызметінің көтерілуі, атағының, өсуі, идеяның үстем идеяға айналуы т. б. жатады) .

Әлеуметтік мобильдік жекеше (жеке адамдікі) немесе коллективтік болуы мүмкін.

Мінез-құлық нормаларының қағазға жазылмаған (моральдық) және қағазға жазылып бекітілген (құқықтық) ережелерінен ауытқып кететін теріс мінез-құлық көріністері орын алатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай мінез-құлық көріністері «девиациялық» (ауытқушы) мінез-құлық деп аталады. Ол оң және теріс сипатты болуы мүмкін. Ерлік, жанқиярлық, көзсіз батырлық, т. б. құптарлық сипаттағы (оң) мінез-құлық көріністері болса, ал автобуста билетсіз жүру, ұрлық, кісі өлтіру т. б. теріс мінез-құлықтарға жатады.

Ғалымдар ауытқымалы мінез-құлық көріністерінің себептерін ашып көрсетуге, түсіндіруге тырысады. Мұндай бірнеше түсіндірмелер бар.

Біреулер (Ч. Ламброзо), адамдардың түрліше мінез-құлық білдіруінің себебі олардың биологиялық еркешелігінде десе, басқа біреулер (Х. Шелдон) ауытқымалы мінез-құлықтың себебі дене құрылысының ерекшелігінде дейді, үшінші біреулер жыныстық хромосомдардың бұзылуынан (Праис) іздейді.

Ауытқымалы мінез-құлық қоғам мүшелерінің көпшілік топтарына тарап, қоғамның негізін шайқалтуы мүмкін жағдайлар да кездеседі. Мұндай қоғамның күйі әлеуметтік аномия, яғни қоғамның деформациялануы, тәртпсізденуі деп аталады. Мұндай жағдайлар көбінесе әлеуметтік дағдарыстар, терең реформалар, соғыстар мен революциялық төңкерістер, басқа да ірі әлеуметтік дүмпулер кезінде болады.

Қоғамды мұндай әлеуметтік ауытқудан құтқарудың екі жолы бар. Бірі - ешқандай ымырасыз батыл қимылдап, жағдайды тез реттеу жолы, екіншісі - асығыстық жасамай, қоғам өмірін қалыпқа келтірудің дұрыс стратегиялық әдіс-тәсілдерін іздеп тауып, қоғам мүшелерінің талап-тілегін, мүддесін ескере отырып, ақыл-парасатпен шешу жолы. Қазақстан Республикасы осы екінші жолды қалап алды. Қоғам өмірін реттеудің қай жолы қолданылмасын, оны әлеуметтік ұйымдар мен қоғамдық бақылау органдары іске асырады.

«Әлеуметтік ұйым» көп мазмұнды кең ұғым. Ең кен маңынада алғанда, бұл ұғым жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары мен институттардың әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамасыз ететін, өмірде орын алып отыратын конфликттер мен проблемаларды шешіп отыру жүйесін білдіреді.

Әлеуметтік ұйымның қызметі екі тәсілмен іске асады: формальды және формальды емес тәсілмен. Формальды әлеуметтік ұйымның жұмысы тиісті қоғамдық мекемелер тағайындаған ережелерді, құқықтық тәртіпті сақтау жолымен реттеледі. Формальды емес ұйымдар күнделікті өзара әрекеттесу барысында туып, қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ауытқымалы мінез-құлық нормаларын орындаудан көрінеді. Бұл екі ұйым әлеуметтік топта және қоғамда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Қоғамда орнатылған тәртіп бұзылмау үшін, ауытқымалы мінез-құлықтарды болдырмау үшін әлеуметтік бақылау жасалады, яғни тағайындалған мінез-құлық нормалары мен ережелер жиынтығын орындату ұйымдары әрекет етеді. Бұл үшін үгіттеу, сендіру әдістерімен қатар зорлау әдістері де қолданылады.

Әлеуметтік бақылаудың жұмысы бірнеше негізде жүргізіледі: тиісті топқа қатысты ортақ, жалпы мінез-құлық мәдениетін, мінез-құлық нормаларын тәрбиелеу жолымен қалыптастыру; адамның жеке басының ерекшеліктерін ескеру, формальды және формальды емес әлеуметтік мекемелер жүйесі негізінде.

Әрбір қоғам сондай-ақ адамдардың теріс мінез-құлықтары мен әрекеттерін байқаудың формальды және формальды емес әдіс-тәсілдерінен тұратын белгілі бір бақылау системасын жасайды

1. 2. Әлеуметтік қоғам белгілері және көрсеткіштері

Әлеуметтік теңдіктің (теңсіздіктің) деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты келеді. Соңғысы адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне қажетті материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы-қаражат сомасы, табыстар заңды түрде - экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар қалыптасу көзіне қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп бөледі. Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі бір негізгі табыс түріне ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл еңбекақы, ал кәсіпкерлер үшін - таза пайда 3 .

Қосымша табыстарға негізгі табыстан тыс түсетін ақшалай немесе материалдық кіріс түрлері жатады. Нарықтық экономика дамыған сайын қосымша табыс табу мүмкіншіліктері кеңейе түседі. Осы табыс түріне құнды қағаздардан, салық төлемдерінің төмендеуінен, мұрагерліктен т. б. түсетін табыстар жатады. Қосымша табыс табуға адамдар екі себептен ұмтылады. Біріншіден , табыс көзін көп тарапты ету (диверсификациялау) негізгі табыстың төмендеуінен сақтандырады. Екіншіден , қажеттіліктің негізгі табыс түрінің өсуінен тұрақты түрде озып отыруына байланысты. Осы екінші жағдай өтпелі экономика үшін маңызды. Мысалы, мамандардың бағалауынша Қазақстанда жұмыскерлердің 50%, зейнеткерлердің 30% осы күндері қосымша табыс табу мақсатында қосымша еңбектенуге мәжбүр екен.

Табыстар формасына қарай ақшалай және материалдық болып та бөлінеді. Ақшалай табыстар еңбекақы, жалақы, сыйлық, зейнетақы, жәрдемақы, материалдық қаражат (субсидия) түрлерінде болады, ал материалдық табыстар - материалдық игіліктер (автокөлік, саяжай, пәтер, жићаз т. б. ) түрінде болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
Қысқа мерзімді несие
Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Тұтыну несиесі және қасиеті
Тұтыну несиесі жайлы
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен теориялық негізіне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, несиелеудің бұл түрінің “Еуразиялық банк” ақ-ның қызметіндегі жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастыру
Несиелік тәуекелді анықтау
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Банктік тұтыну несиелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz