Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері


Жоспар
Кіріспе . . . 4
І. Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
- Құрылыс мердігерлік шартының анықтамасы және қоғамдағы алатын орны . . … . . . 8
- Құрылыс мердігерлік шарттың тараптары және нысаны . . 21
- Құрылыс мердігерлік шартының жасасу тәртібі және мерзімі ……24
II. Құрылыс мердігерлік шартының мазмұны және орындалуы туралы жалпы ережелер
- Құрылыс мердігерлік шартының мазмұны және орындалуы ………30
- Құрылыс мердігерлік шартындағы тапсырысшының құқықтары мен міндеттері . . . 40
- Құрылыс мердігерлік шартындағы мердігер және қосалқы мердігердің құқықтары мен міндеттері . . ……. . 44
IIІ. Құрылыс мердігерлік шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі
- Құрылыс мердігерлік шартындағы мердігердің өз міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілігі . . . 47
- Құрылыс мердігерлік шартындағы тапсырысшының өз міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіл . . . 50
Қорытынды . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 55
Кіріспе
Жалпы адамзат пайда болғаннан бастап, әр адам құрылыс жүргізіп келеді. Тарихқа көз тастайтын болсақ, сонау қүлиеленушілік қоғамдағы адамдар да құрылыс жүргізген. Міне құрылыстағы қатынастар сол кезден бастап дамып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда және одан әрі дамуда. Сонымен бірге менің жұмысыма қатысты, мердігерлік қатынастар да дамып келеді. Құрылыстағы адамдардың арасындағы қатынастары және мердігерлік қатынастардың дамуымен бірге ол қатынастарды құқықтық реттеу механизмдері де дамуда.
Еске түсіретін болсақ, кеңестік дәуірде осы құрылыс мердігерлігін реттеу сол кезге сай нормаларымен, мысалы: 1994жылы 3 наурызда ҚР құрылыс министрлігімен қабылданған «Капиталдық құрылыс жөніндегі мердігерлік шарттар туралы» ережемен реттеліп отырды. Ал содан кейін, біз тәуелсіздік алдық, біздің азаматтық қоғамымыз қоғамдық қатынастарды реттеу үшін өзгеше нормалардың пайда болуын қажет етті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында алғашқы тәуелсіздік жылдары құқықтық реформа жүріп, бұрынғы заңдар біздің экономикамыздың деңгейіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты сәйкесінше өзгерді. Өстіп құрылыстағы мердігерлікті құқықтық реттеудің өзіне тән ерекше, жаңа нормалар пайда болды. Бұл нормалардың болуы құрылыс мердігерлік қатынастарын реттеуді және онда туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Сонымен құрылыс мердігерлік қатынастарын реттеуге Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 32 тарауының 3 параграфы арналған.
Менің осы жұмысым құрылыс саласындағы мердігерлік қатынастарын реттеуіне бағытталған заңдарға және құрылыс мердігерлік шартына арналады. Сөйтіп, осы жұмысымда құрылыс мердігерлік шартының сонау рим құқығында пайда бола бастағаннан қазіргі кездегі құрылыс мердігерлік шартының өзіне тән ерекшеліктеріне дейінгі мәселелер қарастырылады.
Жалпы құрылыс мердігерлік шартының қазіргі кездегі қалыптасуына, тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің жоспарлы экономикалық жүйеден нарықтық экономикаға көшуі бірденбір себеп болып табылады. Сол кезде жекешелендіру процесс жүріп өтті де, ірі құрылыс ұйымдары ыдырап жеке тұлғалардың қолдарына тиді. Міне сол жеке ұйымдарға инвестициялық салымдар салынып қайта жаңартылып, қалпына келіп қайта құрылыс өндірісіне келгенше және біртіндеп дамығанша біраз уақыт өтті. Сонымен, 2000 жылдары құрылыс мердігерлік қызметі жаңа қарқынмен дами отырып белсенділігін көрсетті. Көптеген жеке құрылыс ұйымдар, фирмалар барлық қарқынмен құрылыс жүргізді. Бұл фактімен Астана қаласының салынуы да байланысты. 2000 жылы республикамызда 2967 мердігерлік ұйымдар тіркелген. Олардың құрылыс мердігерлік шарты бойынша атқарған жұмыстары 142 млрд теңгені құрады және бұл көрсеткіш 1999 жылға қарағанда 1. 8 есе көп. Орта есеппен орындалған құрылыс жұмыстары мен қызмет көрсету бойынша әр құрылыс ұйымына шаққанда 47. 8 млн. теңгеден келеді екен. Ал 1999 жылы 27. 3 млн, 1998 жылы 18. 3 теңге болған.
Құрылысты инвестициялауға келсек, мысалы, Астана қаласының статистикалық басқармасының статистикалық мәліметтері бойынша 2001 ж тек Астана қаласына салынған инвестиция көлемі 1 млрд 395 млн теңгені құрады. Аталған инвестицияның 78. 8%-і күрделі құрылысқа берілген. Осыдан біз, құрылыс жұмыстарының көбейіп, сонымен қатар құрылыс мердігерлік шарттары да жиі жасалынып жатыр деген ойдамыз.
Қазіргі танда жалпы қызмет көрсету, оның ішінде құрылыс мердігерлік қызметін зерттеуге көптеген ғалымдар көңіл бөлуде.
Мысалы, жалпы мердігерлік шарттарға және соның ішінде құрылыс мердігерлік шарты жайлы Брагинский М. И «Договор подряда и подобные ему договоры» атты еңбегінде толық ашып, осы қатынастардың құқықтық табигатын ашқан. Сонымен бірге осы саланы зерттеуге Басин Ю. Г., Гришаев С. П., Жайлин ГА., Иоффе О. С., Калпин А. Г., Лаптев В. В., Мейер Д. И., Масляев А. И., Сүлейменов М. К., Сергеев А. П., Толстой Ю. К. және т. б. ғалымдар үлес қосқан. Ол ғалымдардың осы қатынасты зерттеуінің нәтижесі, бұл қатынастың дамуына да түрткі болды.
Бұл бітіру жұмысын жазудың не мақсаты бар? деген сұрақ туындауы мүмкін. Оған жауап: азаматтық заңнамадағы құрылыс қатынастарын реттейтін құқықтық базасына соңғы жылдарда енгізілген жаңалықтарға сәйкес құрылыс мердігерлік шартының өзіне тән ерекшеліктерін түгел қарастырып, оларды көрсету, сонымен қатар осы саладағы қатынастардың заң түрғысынан реттелуін, сол нормаларды қолданудың салдарын атап көрсету болып табылады.
Зерттеудің пәні тараптардың құрылыс саласындағы қатынастарының жүзеге асуы барысында, әсіресе құрылыс мердігерлік шартының орындалу кезіндегі туындайтын тараптардың құқықтары ең міндеттерінің пайда болуы және оның іске асу ерекшеліктерін көрсету.
Бұл жұмысты жазу барысында бұрын заңды күшке ие болған және қазір заңды күшке ие нормативтік актілер, тәжірибелі мәліметтер, оқулықтар пайдаланылып, жүйеленіп осы жұмыс тақырыбының толық ашылуының құралы болды. Сонымен қатар, жүмыстың тақырыбының ашылуына ықпал ететін қолданылатын өдістер. Әдістерге келсек, жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерге анализ, синтез, жүйелеу әдістерін және ең маңызды әдіс; - ол салыстыру әдісін қолдана отырып жұмысты зерттеу. Өйткені әр нәрсе, салыстыру арқылы танытады деген қағида, нақыл сөз бар.
Бұл диплом жұмысымды келесідей жүйелеп жазғанды дұрыс көрдім. Ең бірінші, кіріспе, одан кейін негізгі бөлім және жұмыс бойынша қорытынды. Негізгі бөлімнің ішінде құрылыс мердігерлік шартының ұғымы мен элементтеріне, шарттың мазмұны мен орындалуы туралы ережелерге, және үшінші тарауды тараптардың жауапкершілігіне арнадым.
І. Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
1. 1. Құрылыс мердігерлік шартының анықтамасы және қоғамдағы алатын орны
Жұмысымның тақырыбы «Құрылыс мердігерлік шарты» болғандығымен де, жалпы мердігерлікке сипаттама бергенім дұрыс болар.
ҚР АК 616 бабының 1 тармағына сәйкес «Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуте (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді».
Мердігерлік шарттан туындайтын қатынастар жұмысты атқару жөніндегі міндеттемслерге жатады және олардың көмегімен белгілі бір тұлғаның істеген жұмысының нәтижссі белгілі ақша сомасына ауыстырылады. Сөйтіп, бұл міндеттеме экономикалық қатынастарды реттейді деп айтуға болады. Басқаша айтқанда, мердігерлік борышкердің белгілі бір затты беруі емес, белгілі бір жұмысты атқару міндеттемесіне жатады.
Ең алғаш мердігерлік қатынастар туралы мәліметтер рим құқығьнда көрініс тапқан. Ол кезде еске сала кетейік, феодалдардың билік етуі басым болған, сондықтан, жұмыстың көп бөлігі құлдардың еңбек етуімен асты. Яғни, осыдан келе, сол кездерде адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін құлдарды жұмыс істету арқылы жүзеге асты. Сонымен, осыдан туындайтын нәрсе, сгер жұмысты құлдар атқарса, онда затты жалдау шарты жасалатын болған, ал егер жұмысты атқарушы римнің еркін азаматы болса, онда мердігерлік немесе қызмет көрсету шарты жасалатын болған. Жалдау шарты мен мердігерлік шартының бөлініп кетуі міне осыдан басталады. Осы екі шарттың ең негізгі айырмашылығы, ол мердігерлік шартының нәтижесі белгілі бір экономикалық жетістіктерге әкеледі, ал қызмет көрсетуді жалдау шартында жоғарыдағыдай жетістіктер жоқ. 1
Сонымен, мердігердің жұмысты атқаруы белгілі бір жетістіктерге жетуге, мысалы, белгілі бір затты жасап шығаруға, оңы жөндеуге, оның қажетті қасиеттерін жақсартуға немесе қасиетін ерекшелендіретін басқа бір жетістіктерге жетуге бағытталған және ақырында мердігер өзі жасаған жұмыстың нәтижесін тапсырысшыға өткізу керек. Ал жасаған жұмыстың нәтижесі, яғни белгілі бір зат немесе құрылғы тапсырысшыға өткізілмей тұрып, мердігердің жеке меншігі болып табылады.
Сонымен қатар тағы бір тоқталып кететін жағдай, ол авторлардың көбісі мердігерлікке арналған баптарда жұмыспен қызмет көрсетудің мазмұнын ажыратып қарамаған. Бұл туралы, яғни мердігерлік жайлы Д. И. Мейердің көз қарасы келесідей: "Мердігерлік" деп, бір тұлға белгілі ақы үшін, белгілі уақыт аралығында басқа тұлғаға белглі бір қызмет көрсету, яғни ғимарат салу, ауыр затты тасымалдауы т. с. с. туралы шарт. Бірақ мердігер, бұл жұмысты өзі орындамайды, ол жұмысты басқа тұлғалар немесе жұмысшылар атқарады. Сөйтіп, мердігер қызметі мердігерлікте айтылған жұмыс емес, ол тек тапсырысшы мен жұмысты атқарушы жұмысшылар арасында делдалдық қызметпен айналысады. Сөйтіп, ғимарат салуға мердігерлік шарты жасалады да, мердігер еш құрылыс жұмыстарын атқармайды, ол тек құрылысшыларды жинап, олардың үстінен қадағалау жүргізіп, осы операцняны басқарады. Сонымен мердігерлік жеке жолдауға жақын келеді екен. 2
Осы жоғарыдағы айтылғанға қарап мердігерлік тәжірибеде көп көрініс таппағанын көруге болады. Бұл туралы Мейер: "шынымен де мердігерлік шарты тәжірибеде аз кездеседі, өйткені жұмысты қажет еткен тұлға, мердігерлік шарт жасаспайақ жеке жалдау немесе сол сияқты шарт жасасып, сондай қажетті нәтижеге жетеді. Сөйтіп, үй салуды бастаған тұлға мердігерлік шарт жасаспайақ, тас қалаушымен, ағаш шеберімен немесе сылақ жүргізетін тұлғамен жеке жалдау шартын жасайды". 3
Бұл жөнінде менің ойымша біз тәжірибеде кез келген шарт жасасқанда нотариалдық куәландыру, оны тіркеу т. б. шартты жасасу бойынша әрекеттерді орындағанда мұның бәрі тегін болмайды, яғни белгілі сомада ақша шығынымыз кетеді. Бұдан айтқым келгені, жоғарыда айтылғандай бір тұлға үй салу үшін жазбаша жеке жалдау шартын жасаспайақ үй сала алады. Мұндай жағдайда бір жағынан үй салушы мен екінші жағынан құрылысшы, тас қалаушы т. б. тұлғалар арасында өзара сенім қатынастары болу керек. Бірақ мұндай ауызша жеке жалдау шарты, екі жақтың арасында қайшы жағдай туындаған кезде көп, қиыншылық тудыруы мүмкін. Тағы да айта кетейін, тәжірибеде әсіресе кішігірім қалаларда, ауылды аймақтарда мұндай ауызша жеке жалдау шартын жасасу өте көп кездеседі және Осыдан нәтиже, ауызша шарт жасасу тиімсіз болып табылады.
Сонымен мердігерлік шартпен анықталатын, міндеттемелердің негізгі белгілері келесідей болады:
Мердігер жұмысты, тапсырысшының тапсырмасы бойынша оның қажеттіліктерін және талаптарын қанағаттандыру мақсатында атқарады.
I. Мердігер, жұмыстың нәтижесі, белгілі бір затты жасап шығару, немесе бар затты қайта жаңғырту, жақсарту, өзгерту болып табылатын жұмысты атқаруға міндеттенеді.
3. Мердігерлік шарт бойынша жасалынып шыққан зат, тапсырысшының затты қабылдап алған сәтіне дейін, мердігердің жеке меншігі болып табылады. Мердігер шарт бойынша көзделген нәтижеге жету тәсілін, әдісін таңдауда тәуелсіз.
Мердігер жұмысты атқару барысында тәуекелді өз мойнына алуға міндеттенеді. Яғни мердігер жұмыс үшін алатын ақыны « шартта көзделген нәтижеге жеткен кезде ғана ала алады.
6. Мердігер жұмысты белгілі бір ақы үшін атқарады және заңда немесе шартта көзделген жағдайлардан басқа, мердігерде ақы алу құқығы, жұмысты атқарып, тапсырысшыға өткізгеннен кейін ғана пайда болады.
Жоғарыда аталған белгілер арқылы біз мердігерлік шартыпың консенсуалды, ақылы, екі жақты екенін көреміз. Мердігерлік шартының басқа консенсуалды шарттардан айырмашылығы ол жасалғаннан кейін бірден орындала алмайды, өйткені шарт бойынша жұмысты орындау үшін белгілі бір уақыт қажет. Бұл жөнінде О. С. Иоффе өз кезінде көңіл аударып былай деген:"Сатып алу сату шартын жасай салып орындалатын болса, бұл ереже мердігерлік шартты реттей алмайды, өйткені мердігерлік шарты бойынша, шартты жасасу мен ол бойынша жұмысты орындау уақыттары әртүрлі, өйткені оған белгілі бір уақыт кетеді".
Бұл шарт, менің ойымша тек мердігерге ғана қатысты емес, тапсырысшыға да қатысты. Өйткені, ол жұмыс белгілі бір мерзімде аяқталғаннан кейін ғана оны қабылдап мердігерге ақысын төлейді. Бірақ, кейбір шарттар жасалғаннан кейін бірден орындалады немесе жұмысты тапсырысшының көзінше орындайды. Бұған мысал бола алатын әрекет ол : фотосуретті бірден шығаратын суретке түсіру, бізге ол ретінде белгілі. 4
Мердігерлік қатынастарды бөлек түрлерге белуге болады, ол мердігердің атқарып жатқан жұмыс түрі мен нәтижесіне байланысты. Мысалы: Мердігердің жұмыс нәтижесіне қарап, мердігерлік қатынастарды, жаңа затты жасап шығару бойынша міндеттемелері деп болуге болады. Осыған байланысты затты жасап шығаруға бағытталған шарттарды мердігерлік шарты деп, ал заттың тұтыну қасиеттерін өзгертуге бағытталған шарттарды жұмысты орындау шарты деп атауға болады.
Осы азаматтық құқықтық қатынастар бұрынғы заңдарға сәйкес күрделі құрылысқа мердігерлік шарттардан қарастырылған және олардың шаруашылық шарттардың жүйесінде ерекше рөлі болды. Көрсетілген шарттардың жасау тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, міндеттемелері жөніндегі тараптардың жауапкершілігі, осының бәрі күрделі императивтік құрылыс нормаларымен жеке жеке қарастырылатын болған. Бұл шарттарда әрине негізгі маңызды мәселелер ол: жобалау алғы шарттарына көп көңіл бөлінген және ол шарттармен тығыз байланысты болған.
Бастан өткен әлеуметтік экономикалық саладағы өзгерістердің нәтижссінде тапсырысшымен мердігердің ара қатынасына елеулі өзгерістер әкелді. Бюджет есебінен жүргізілетін құрылыс көлемі азайды, әсіресе тұрғын үй салуда жұмыстар көп мәрте азайды, ал кейбір аумақтарда мүлдем жоқ болды. Күрделі құрылыс саласындағы инвестициялық салымдар көбінесе мемлекеттік емес сипатқа не. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаппай жекешелендіру процесі өтті, сол кезде мемлекет қарамағынан көптеген құрылыс индустриялары, завод-фабрикалар жеке кәсіпкерлер қолына өтті. Сөйтіп, 90-шы жылдардың ортасында жеке меншіктік қатынастар басым болды, осыған байланысты оларды құқықтық реттеу үшін, жаңа құқықтық база керек болды. Өйткені, оларға қатысты бұрын қолданылған нормалар сол кездегі, яғни 1990-шы жылдардың ортасында мүлдем сәйкес келмеді. Ал ҚР АК-тің Ерекше бөлімінің шығуына байланысты күрделі құрылыс саласында да көптеген қайшылықтар, түсініксіз жағдайлар орнына келіп шешілді және келесі бұрын қабылданған нормалар күшін жойды:
1. 1994 жылы 3 наурызда ҚР құрылыс Министрлігімен қабылданған ҚРғы капиталдық құрылыс жөніндегі мердігерлік шарттар туралы уақытша ереженің күші жойылды.
2. 1994 жылы 39 маусымда ҚР құрылыс Министрлігімен қабылданған № 75 "Мердігерлер ұйымымен қосалқы мердігерлік арасындағы қатынастар туралы" нұсқауы күшін жойды. 5 Бұдан басқа, тағы да бірнеше мемлекеттік органдармен қабылданған құжаттар күшін жойды.
Сонымен қазір күші бар заңның негізгі түріне келсек, ол 2001 жылы 16 шілдеде қабылданған № 24211 "ҚР-ғы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚРң Заңы. Бұл заңда осы қатынастардың субъектілері жайлы, олардың осы қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктері жайлы, сонымен қатар осы саладағы мемлекеттік басқару туралы мәселелер қарастырылған. Осы заңның 3ші бөлімі "Құрылыс" деп аталады. Осы бөлімде 65ші баптан бастап, құрылыс кезінде пайда болатын қатынастарды АК-тен басқа реттеуге арналған нормалар бар. 65ші бапта, тапсырысшы мен мердігердің сол мердігерлік қатынастың ең басты қатысушылары болып табылатындығы айтылған.
Заңның 66 бабына сәйкес мердігерді таңдау 3 жолмен жүргізіледі:
1 Егер бұл жоба бойынша заңдармен өзгеше көзделмесе мердігерді таңдау конкурссыз негізде жүргізіледі.
2. Жабық немесс ашық конкурс негізінде жүргізіледі.
3. Қатысушылардың алдын ала квалификациясы бойынша, немесе онсыз.
Тағыда осы заңда құрылыс процессіне қойылатын негізгі талаптар туралы, пайдалануға берудің сапа кепілдігі жайлы мерзім 69 бапта көрсетілген, бірақ бұл бапта ҚР АҚ 665 бабының 1 бөлігіне сілтеме жасалған, яғни онда шартта өзгеше көзделмесе ол мерзім 10 жыл делінген. Сонымен бірге құрылыстың жалпы сапасы туралы норма. Бұлардан басқа құрылыс объектілерін пайдалануға беруді қабылдау туралы, қабылдайтын комиссия туралы айтылған. Ең соңғы бап объектілерді пайдалануға беруді тапсыру мен қабылдау бойынша қатысушылардың жауапкершілігі жайлы жазылған.
Осы заң негізінде 2002 жылдың 26 қаңтарында № 126 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы шыққан.
ҚР азаматтық заңнамасымен мердігерлік қатынастардың келесі түрлері қарастырылған: 1. Тұрмыстық мердігерлік. 2. Құрылыс мердігерлік. 3. Жобалау әне іздестіру жұмыстарына мердігерлік. 4. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Менің қарастырайын деп отырған мердігерлік қатынас түрі, ол қүрылыс мердігерлік қатынастары және құрылыс мердігерлік шарты. Қаралып отырған қатынас, оның құқықтық реттелуі жағынан өз кезегінде көптеген өзгерістерге үшыраған. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы кездерінде құрылыс мердігерлік шарты, жалпы мердігерлік шартымен қаралатын болған. Әсіресе 1923 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген РСФСРң АКң 220 235 баптарында, сонымен қатар РСФСРң АКң 523 бабына № 5 Қосымша ретінде «Мемлекеттік мердігерлік және жеткізу туралы» ережесінде мердігерлік жұмыстардың кезкелген түрлерін іске асыру бойынша жалпы нормалар болған. Жоғарыда айтылған ереже, шарттың кезкелген жұмысқа байланысты жасалуына Қарамастан мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асқан Кездегі мердігерлік шарттың ерекшеліктері реттелген. 6
Қазіргі таңда мердігерлік қатынастарды реттейтін негізгі норма АК 32 тарауында көзделген. Ал мен қарастырып отырған мердігерлік қатынас түрі, яғни құрылыс мердігерлігі туралы параграфте қамтылған.
Тәжірибедегі өндіріс процессін жобалауының күшейуіне байланысты өндірісте жалпы мердігерлік шарт ішінен құрылыс мердігерлік шарты ерекшеленіп, бөліне бастады. 1961 жылдан бастап барлық жүйелі азаматтық құқықтық актілер құрылыс мердігерлік шартын жалпы мердігерлік шарттың бір түрі деп қарамай, оны азаматтық құқықтық шарттың жеке түрі деп қарады. 7
Енді қазір құрылыс мердігерлік шартының құқықтық реттелуі экономика саласындағы заңдармен үйлесімді болып келеді. Бірақ онда кеңестік азаматтық құқықтың дамуынан қалған кемшіліктер бар. Осының бәрі құрылыс мердігерлік шартының ерекшеліктерінің көрініс табуына түрткі болды. Осы ерекшеліктер құрылыс мердігерлік жұмыстары кезінде басқа құқықтық қатынастардың пайда болуымен байланысты, жер учаскелеріне заттық құқықты иемденумен, салынып жатқан объектілерді энергиямен қамтамасыз ету шарттарын жасасумен, кейбір мемлекет органдарымен жалпы Құқықтық қатынастар орнатумен байланысты.
Сонымен құрылыс мердігерлік шарты туралы ҚР АК-ң 651 бабына сәйкес құрылыс мердігерлік шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға, не өзге құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.
Міне, күрделі құрылыс жөнінде жалпы заң нормалары туралы сипаттаманы аяқтай келе айтатын жай, ол құрылыс заңнамасы әртүрлі құқық саласының нормаларын иемденген, әсіресе әкімшілік қаржылық және азаматтық нормаларды иемденген.
Бұның негізгі ерекшелігі болып заңдармен қабылданатын нормативтік техникалық құжаттардың жүйесінің бар болуы, яғни қолданылатын құрылыс материалдарға, құрылғыға, бұйымдарға қойылатын талаптары бар техникалық жобалау процессін және құрылыс монтаждау жұмыстарын реттейтін ережелер болып табылады.
Көрсетілген нормалар әртүрлі мемлекеттік өкілетті органдармен қабылданған ұйғарымдар мен ережелерде, құрылыс нормаларында қарастырылады. Осы нормалардың көбісі қазір жаңартылу жолында, өйткені өз кезінде жоғарыда көрсеткендей одақтық кездерде қабылданғандары да бар. Олардың жаңартылуына түрткі болған ғылыми-техникалық прогресс, сонымен қатар жұмыстың сапсымен құрылыс объектісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz