Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ СИПАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары...5
1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Төлем қабілеттілік кәсіпорын тұрақтылығының белгісі ретінде ... ... ... .26

2. «ҚМГ.АСТАНА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ 2003.2006 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.1 «ҚМГ.Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалыптасуы мен қаржылық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.2 «ҚМГ.Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
2003.2006 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ..39
2.3 «ҚМГ.Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ...51
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ..52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған. Бұл мақсатқа жетудегі елеулі рольді «тек экономикалық өрлеуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кіруіне әсер ететін ақпарат атқарады» (1).
Нарықтық жағдайға көшу кәсіпорындардын өндіріс тиімділігін, өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі мен олардың экономикалық жене құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы артуда. Мұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының басқарылуы, бөлінуін жене қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.
Кәсіпорындар қаржылары жалпы қаржылық қатынастардың бөлігі бола отырып, халық шаруашылығының әртүрлі салада жұмыс істейтін кәсіпорындарда табыстың пайда болуы, пайдалануы және бөлінуі процесін бейнелейді және кәсіпкерлікпен тығыз байланыста болады, өйткені кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтің нысаны болып табылады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылатын кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын болжау мен талдау әдістері нарықтық экономикасы дамуынан артта қалып отыр. Бухгалтерлік жыне статистикалық есеп берулерге кейбір өзгерістер кіргізілуіне қарамастан ол жалпы түрде нарықтық жағдайларда кәсіпорынды басқару қажеттіліктеріне сай келмейді, өйткені бізге мәлім кәсіпорынның есеп беруі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалауға арналған бөлек нысан немесе арнайы бөлімді кіріктірмейді. Кәсіпорынның қаржылық талдауы факультативті жүргізіліп және қажетті болып табылмайды.
Сондықтан менің жұмысымның мақсаты - қаржылық-экономикалық тұрақтылықтың негізгі элементтері ретінде нарықтық жағдайындағы қаржылық-экономикалық қызметтің жалпы талдауының құрамдық бөлігі болып табылатын ликвидтілік пен төлемқабілеттілікті талдау.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Әйімбетов С., Тоқсанбаев С. Орысша-қазақша экономикалық атаулар сөздігі. Алматы: «Алатау», 1996.
3. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Экономика және қаржы/жалпы редакциясын басқарған п.ғ.д., профессор А.Қ. Құсайынов – Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000-344 бет.
4. В.И. Стражев, Анализ хозяйственной деятельности в промышленности. Минск: «Вышэйшая школа», 2005-480 бет.
5. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. Алматы «Қаржы-қаражат» 1998.
6. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятия. М., 1998.
7. Абрамова М.С., Грачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия; Оқу-әдістемелік құрал; М.: «Дело и Сервис», 2000.
8. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия – 3-басылым. – М.: Центр экономики и маркетинга, 2004.
9. Финансы. Под ред. Проф. В.М.Родионова. М.: Финансы и статистика, 1996.
10. Финансовый анализ деятельности фирмы. М.: Ист-Сервис, 1997.
11. Савицкая Г.В. Анализ производственно-финансовой деятельности сельско-хозяйственных предприятий. Учебник. М.: ИНФА-М, 2003.
12. Ефимова О.В. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалай талдау (практикалық әдістеме). – «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 1994.
13. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности предприятий. – М.: «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
14. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
15. Палий В.Ф. Новая бухгалтерская отчетность. М.: Журнал «Контроллинг», 1991.
16. Анализ платежеспособности предприятий и организаций. Практическое руководство для государственных, совместных и малых предприятий. – М.: 1991.
17. Голубович А.Д., Ситнин А.Р., Хенкин Б.Л. Финансы и бизнес: Анализ финансовых отчетов зарубежных компаний. – М., 1991.
18. Родионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. – М.: Изд-во «Перспектива», 1995.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы сипатының
экономикалық мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары...5

1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

1.3 Төлем қабілеттілік кәсіпорын тұрақтылығының белгісі
ретінде ... ... ... .26

2. ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайының
сипаты, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігінің 2003-2006 жылдар
аралығына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.1 ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалыптасуы мен
қаржылық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...36
2.2 ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
2003-2006 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын
талдау ... ... ... ... ... ..39

2.3 ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем
қабілеттілігінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .47

3. Қазақстандағы кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық
көрсеткіштерін жақсарту жолдары ... ... ... ...51
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын баланс активтерін талдау арқылы
жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ...52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..58

ҚосымшА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне Қазақстан-2030
Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық
өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз
жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған. Бұл мақсатқа
жетудегі елеулі рольді тек экономикалық өрлеуге ғана емес, сонымен бірге
Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кіруіне әсер ететін ақпарат
атқарады (1).
Нарықтық жағдайға көшу кәсіпорындардын өндіріс тиімділігін, өнімдер
мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Еліміз
нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі мен олардың
экономикалық жене құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық
субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы артуда. Мұның бәрі
кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының басқарылуы, бөлінуін
жене қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.
Кәсіпорындар қаржылары жалпы қаржылық қатынастардың бөлігі бола
отырып, халық шаруашылығының әртүрлі салада жұмыс істейтін кәсіпорындарда
табыстың пайда болуы, пайдалануы және бөлінуі процесін бейнелейді және
кәсіпкерлікпен тығыз байланыста болады, өйткені кәсіпорын кәсіпкерлік
қызметтің нысаны болып табылады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылатын кәсіпорынның қаржылық-
экономикалық жағдайын болжау мен талдау әдістері нарықтық экономикасы
дамуынан артта қалып отыр. Бухгалтерлік жыне статистикалық есеп берулерге
кейбір өзгерістер кіргізілуіне қарамастан ол жалпы түрде нарықтық
жағдайларда кәсіпорынды басқару қажеттіліктеріне сай келмейді, өйткені
бізге мәлім кәсіпорынның есеп беруі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
бағалауға арналған бөлек нысан немесе арнайы бөлімді кіріктірмейді.
Кәсіпорынның қаржылық талдауы факультативті жүргізіліп және қажетті болып
табылмайды.
Сондықтан менің жұмысымның мақсаты - қаржылық-экономикалық
тұрақтылықтың негізгі элементтері ретінде нарықтық жағдайындағы қаржылық-
экономикалық қызметтің жалпы талдауының құрамдық бөлігі болып табылатын
ликвидтілік пен төлемқабілеттілікті талдау.
Зертеу объектісі ҚМГ-Астана ЖШС–гі болып табылады. Талдаудың заты
кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі мен оның тұрақтылығының
қаржылық көрсеткіштері болып табылады.
Қаржылық жағдай кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілетімен
түсіндіріледі. Ол кәсіпорынның тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржылық
ресурстармен қамтамасыз етілуімен, олардың тиімді қолданылуымен, басқа
заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынастармен, төлемқабілеттілік пен
қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылады:
• ҚМГ-Астана ЖШС-ң баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау;
• баланс өтімділігін талдау;
• серіктестіктің төлем қабілеттілігі мен несиеге қабілеттілігін талдау.
Жоғарыда айтылып өткен мәселелерді шешу үшін келесі мәліметтер
қолданылды:
• ҚМГ-Астана ЖШС-ң Жарғысы;
• ҚМГ-Астана ЖШС-нің 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі бухгалтерлік
есебі;
Бұл дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кәсіпорынның
қаржылық жағдайы теориялық негіздері қарастырылған. Қаржылық жағдайдың мәні
мен оны талдаудың мақсаттары, оны талдауды неден бастаған жөн,
төлемқабілеттілік, несие қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық сияқты
түсініктер жайында жазылған.
Жұмыстың екінші бөлімінде ҚМГ-Астана ЖШС-нің негізгі қызмет барысы
сипатталған. Сонымен қатар қаржылық жағдайды сипаттайтын негізгі
көрсеткіштер талданған. Олардың ішінде кәсіпорынның жылдық балансы, пайдасы
мен шығындары, рентабелділігі, қаржылық тұрақтылық коэффиценттері мен
өтімділік көрсеткіштері қарастырылған. Талдау барысында қаржылық
көрсеткіштердің өзгерісі қандай себептерге байланысты екендігі
қарастырылған.
Соңғы бөлімде екінші бөлімде пайда болған негізгі мәселелерді шешу
жолдары ұсынылған. Сонымен қатар бұл бөлімде ұйымның қаржылық тұрақтылығы
мен төлем қабілеттілігін көтеретін шарттар негізіндегі жолдар да ұсынылған.

1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы сипатының
экономикалық мәні мен мазмұны

Берілген тарауда кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем
қабілеттілігінің анықтамалары мен экономикалық мәні мен мазмұны, оларды
талдаудың мақсаттары қарастырылған. Сонымен қатар осы тарауда
төлемқабілеттілік пен тұрақтылық көрсеткіштерін есептеу жолдары және талдау
түрлері көрсетілген.

1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары

Кәсіпорын қаржысы – бұл қаржылық ресурстарды қалыптастыру, орналастыру
және пайдалану процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар жүйесі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды: өткізілген өнім
(тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) бойынша түсетін ақшалай құралдарды, банк
несиелері мен қарыздарды, арнайы қорлардан уақытша тартылған бос құралдарды
қалыптастыру, орналастыру мен пайдаланумен бейнеленеді. Нарықтық жағдайға
көшумен бірге кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын іздеу
туралы мәселелер пайда болды. Бұл сұрақтардың актуальділігі бөлек
кәсіпорындардың және жалпы өндірістің жұмысына жақсы жағдайлар жасау
қажеттілігімен анықталады.
Қаржылық талдау мен қаржылық жағдайды талдау түсініктерін
шатастырмау керек. Қаржылық талдау - әлдеқайда кең түсінік, өйткені ол
қаржылық жағдайды талдаумен қатар табысты, өнімнің өзіндік құнын, өткізуді
қалыптастыру мен бөлуді талдауды және басқа да сұрақтарды кіріктіреді.
Қаржылық жағдайды талдау – бұл қаржылық талдаудың бір бөлігі. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы кәсіпорынның коммерциялық, өндірістік және басқа іс-
әрекеттеріне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, оларды
орналастыру мен пайдаланудың мақсатты бағытталуы мен тиімділігімен,
шаруашылық жүргізудің басқа субъектілерімен қаржылық қатынастарымен,
төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның
уақытында қаржылық төлемдерді жүргізуі оның жағымды қаржылық жағдайы туралы
айтады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және
қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді болады. Жоғары сапалы өнімді
тоқтамай шығару мен өткізу кәсіпорыннның қаржылық жағдайына оң әсер етеді.
Өндірістік процестегі тоқтаулар, өнім сапасының төмендеуі, оны өткізудегі
қиындықтар кәсіпорын шотына түсетін қаржылардың кемуіне әкеледі, соның
нәтижесінде оның төлемқабілеттілігі төмендейді. Кері байланысты да байқауға
болады, өйткені ақшалай құралдардың жоқ болуы материалдық ресурстармен
қамтылуын тежеуі мүмкін, сондай-ақ өндірістік процесте де.
Кәсіпорындар қызметінің практикасында жақсы жұмыс істеп тұрған
кәсіпорын өзінің ресурстарын тиімсіз орналастыру мен пайдалануға байланысты
қаржылық қиындықтарға кезігетін жағдайлар көп. Сондықтан қаржылық іс-әрекет
қаржылық ресурстардың жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануын қамтамасыз
етілуіне, есеп және несиелік тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз
құралдары арасында рациональды қатынасқа қол жеткізуге, кәсіпорынның тиімді
қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа бағытталуы тиіс. Яғни,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы өндірістік-экономикалық факторлардың
сәйкестігі ғана емес, қаржылық қатынастардың басқа да элементтері әсерінің
нәтижесі болып табылады.
Қаржылық жағдай ағымдық және перспективті төлемқабілеттілік,
айналымдылық, меншікті және қарыз құралдарының болуы, оларды пайдаланудағы
тиімділік сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Тұрақты қаржылық жағадйға
жетудегі елеулі рольді талдау атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының
ішкі және сыртқы талдау түрлерін бөлуге болады.
Ішкі талдау кәсіпорынды басқарудың қажеттіліктері үшін жүргізіледі.
Оның нәтижелері қаржылық жағдайды жоспарлау, бақылау және болжау үшін де
қолданылады. Сыртқы талдау жариялы ақпаратты қолданатын барлық талдау
субъектілерімен жүргізіледі. Бұл талдаудың мазмұны қаржылық ресурстардың
иелері мен бақылау органдарының мүдделерімен анықталады.
Ішкі және сыртқы талдаудың негізгі міндеттемелері:
1. қаржылық жағдайды және оның өзгеруін жалпы бағалау;
2. қаржылар мен олардың көздері, оларды орналастыру рационалдығы мен
пайдалану тиімділігі арасында сәкестікті зерттеу;
3. қаржылық, есеп және несиелік тәртіпті сақтау;
4. кәсіпорынның ликвидтілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау;
5. қаржылық жағадйды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжау.
Бұл міндеттерді шешу үшін зерттеледі:
1. кәсіпорын құралдарының бар болуы, құрамы мен құрылымы,; олардың
өзгеру себептері мен салдары; кәсіпорын құралдарының көздерінің бар
болуы; құрамы мен құрылымы; олардың өзгеру себептері мен салдары.
2. ұзақ мерзімді активтердің жағдайы, құрылымы мен өзгеруі;
3. өндіріс пен айналым сферасындағы ағымдық активтердің бар болуы мен
құрылымы, оалрдың өзгеру себептері мен салдары;
4. ликвидтілік пен дебиторлық берешектің сапасы;
5. құралдар көздерінің бар болуы, құрамы мен құрылымы; олардың өзгеру
себептері мен салдары;
6. төлемқабілеттілік пен қаржылық икемділік;
7. активтерді пайдалану тиімділігі және инвестициялардың өзін-өзі
өтеушілігі.
Сонымен қатар, басқа да міндеттер шешіледі. Мысалы, ішкі талдаудың
маңызды міндеті болып сыртқы қаржыландыру мүмкіндігін анықтайтын жағдайды
бағалау табылады. Ол үшін кәсіпорынның қаржылық ресурстарға, соның ішінде
қарыз ресурстарына деген жалпы қажеттілігі, іскерлік тәуекелдің дәрежесі,
капитал иелері арасындағы келісімдердің нәтижелері зерттеледі.
Сыртқы талдау кезінде кәсіпорын менщігінің нақты құны зерттеледі,
болашақ қаржылық түсімдердің, капитал құрылымының, дивидендтер өзгерісінің
дәрежесі мен тенденцияларының болжамы жасалады.
Жұмыс шегінде талдаудың әдістемесін талдамалы ақпараттың барлық
тұтынушылары мақсаттарына сәйкес қарастыру оңай емес. Сондықтан қаржылық
жағадайды талдаудың сыртқы және ішкі талдау субъектілерімен зерттелетін ең
негізгі сұрақтары баяндалған.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық
жағдайының жақсылығын көрсетеді.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы
ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі деп
жазады.
М.Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығы.
Профессор И.Т. Балабанов Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы –
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін біріңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауға
болады:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарды түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады.
Енді біреулер өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлемқабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуыының өзіне тән
айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететеін қаржы ресурсының жағдайы.
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар
кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық
міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың
көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың шешімдерімен келісе
алмаймыз. Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді
қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады - деп жазады В.Т.
Артеменко мен М.В. Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен В.С. Сайфуллин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні– бұл қорлар мен
шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі – деп түсіндіреді.
Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста.
Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі немесе Сауда,
несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда
болатын кәсіпорынны төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге
оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар
да шиеленісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсір
етеді, оларды В.М. Родионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге
жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық
тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.
Және бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің
бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
1) кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
2) шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
3) төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
4) шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
5) қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
6) кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс
және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық
байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, атып алушылар,
акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді.
Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы
қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз
жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивидендтерді ұқыпты төлейтін
қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы
үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық
жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша
мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа ды міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және
оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін
бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың
ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына , ал көп болуы –
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
1) қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
2) активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
3) айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
4) қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
5) кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
6) ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
7) баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
8) кәсіпорын табыстылығын бағалау;
9) кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептен шығару;
10) кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
11) кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қаржылық, өндірісітік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен
тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірісітік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын
төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала
қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге
сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғарыда сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның
қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде
өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің ірікілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірісітік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себерші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік
қаражаттарының көлемін өзгере отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі
көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және
оған мыналар жатады:
1) кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
2) кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
3) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
4) баланс өтімділігін талдау;
5) кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Бухгалтерлік есеп
туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептеп алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап
отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық
және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорындарды басқару бойынша әр
түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден,
баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да
пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс
шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің
сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және
әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек
алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен
өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның
шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін талдауда баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда
қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс
– қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын
мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен
өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық
және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие
қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс
көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы
және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі
мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс
көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының
көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы баолық табыс
сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық
шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол
кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол
капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып
табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы
адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл
кәсіпорын табыс немесе шығын әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен
шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің
көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді.
Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп
қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және шығыс туралы есепке біршама
басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық,
ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебіне бірінші болып
келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс
батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар
сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге
тырысады.

1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол
себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау
жөніндегі әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір
авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді
міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С.
Ефимова (12) төлем қабілеттілігі: кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді
міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттелегін түсіну қабылданған, -
деп жазады. Фирманың қызметін қаржылық талдау (10) кітабының авторлары
осы көзқарасты ұстайды.
Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді
қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды.
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді
міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, Шаруашылық қызметті
талдау оқулығының авторлары Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның
өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу
қабілеттілігі түсіндіріледі деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина
толығырақ баяндайды. Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл
кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары
қарыздарын өтеуге дайындығы. Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы
екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі
болады. Төлем қабілеттілігі – бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер
бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін
жеткілікті қаржының болуы (13).
Профессор В.В. Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның қысқа мерзімді
міндеттемелері бойынша есеп айырысуды уақытында және толығымен жүргізу
қабілеттігін түсінеді (8). Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, -
кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп
айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің
болуы (8). Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың
анықтамасы. Төлем қабілеттілігі – бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді
жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігің
коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті
арқылы бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект
төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті
1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеуі
себептерін анықтау керек (14).
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор
А.Д. Шеремет (6) басқаша ашып көрсетеді. Ол кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен
жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару,
қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу
қабілеттілігі түсіндіріледі деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа
және дәлірек анықтамасын профессор В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше
төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп
айырыса алу мүмкіндігі. Бұл жағдайда міндеттеме – бұл кәсіпорынның банкке
немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа
мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу
мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің
өтуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және
есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа
мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыз,
себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шоьының Бас жоспары
несиелер 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі
субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе,
кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп,оның дер кезінде өзінің барлық
міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп
есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да
шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақша айналуы керек
дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-
материалдық құндалақтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша
қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық
ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер
кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан
артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер
кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл
сол кезінде оның өндірісітік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс
құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын
алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды өтеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы
ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады.
Кәсіпорынның тек қарызды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс
үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттіліг баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар
бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем
құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі)
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел
төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті
арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе
үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді.
Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының
жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар
бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы
қағаздарды жатқызу әлдеқайда тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге
ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар:
банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық
борыштар және басқа пассивтер кіреді. Төлем құралдарының ағымдағы
міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді.
Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын
несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке
төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау
кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе
көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем
қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық
және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін
шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк
көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай
есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында
жүзеге асырылуы мүмкін Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем
қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер
тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады. Ағымдағы жедел төлемқабілеттілікті
анықтау үшін ҚМГ-Астана ЖШС-ң төлеу мерзімі келген төлем құралдары мен
қарыздары жөнінде келесі бастапқы ақпаратты мысал ретінде (2005 ж.)
қарастырайық:

Мың тг.
1. Төлеуге жабдықтаушылардың шоттары
0
2. Мүлікті сақтандыру бойынша берешек
0
3. Есеп шотта қалған қаржылар
58318
4. Сатуға қойылған қысқа мерзімді бағалы қағаздар
0
5. Өтелуге банктың қысқа мерзімді несиесі
0
6. Төлеуге көрсетілген мердігерлік құрылыс мекемесінің шоттары
0
7. Төлеуге жататын сатып алушылардың шоттары
4643
8. Төлеуге жабдықтаушыларға берілген вексельдер
0
9. Өткізілген негізгі қорлар үшін түсуге қаржылар
0
10. Басқа ақша құралдарынаң түсуі
1960
11. Бюджетке салықтар және басқа төлемдер бойынша берешек
1314
12. Еңбекке ақы төлеу бойынша берешекті төлеу мерзімі келді
0
13. Еңбекке ақы төлеу бойынша салықтар мен аударымдар бойынша
берешек
1958
14. Түсуге өткізілген керексіз материалдар үшін қаражат
0
15. Еңбекке ақы төлеу бойынша депонеттік берешек
0
16. Кассада қалған ақшалай құралдар
1850
17. Түсуге дебиторлық берешек
9012
18. Мерзімі өткен шоттар бойынша сатып алушылардан түсімдер
0
*Ақпарат көзі: ҚМГ-Астана ЖШС-ң 2005 жылғы баланс көрсеткіштері.

Осы ақпарат негізінде төлем құралдары мен мерзімді міндеттемелерді
анықтайық (1-кесте).
Берілген ақпарат зерттеліп отырған уақытта серіктестік өз
берешектерінің 100%-н (390390:387341) төлей алатынын көрсетеді.
Берешектердің барлығы төленіп, өз алдына мерзімі өткендердің қатарын
туғызбайды, бұл айыппұл санкцияларын төлеуге және кәсіпорынның шығындалуына
әкелуден сақтайды.
Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден
басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.
Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға
байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру
қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр
түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату,
қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді
білдіреді.

1-кесте Кәсіпорынның төлем құралдары мен мерзімді міндеттемелері

Төлем құралдары Сомасы, Мерзімді міндеттемелер Сомасы,
мың тг. мың тг.
1. Есеп-шоттағы қалған 58318 1. Мүлікті сақтандыру 0
қаржылар бойынша берешек
2. Бағалы қағаздар 0 2. Жабдықтаушылар 4643
шоттарының төленуі
3. Сатып алушылардың 0 3. Банктің ұзақ мерзімді 47142
төлеуге жататын шоттары несиелерінің өтелуі
4. Өткізілген негізгі 0 4. Мердігерлік құрылыс 0
қорлар үшін түскен қаржы мекемелерінің шоттарының
төленуі
5. Басқа ақшалай 1960 5. Басқа қысқа мерзімдік 266029
құралдардың түсуі міндеттемелер
6. Өткізілген материалдар 0 6. Бюджетке берешектің 1314
үшін қаржылардың түсуі төленуі
7. Кассада қалған ақшалай 1850 7. Жұмысшылар мен 1958
құралдар қызметкерлерге ақы төлеу
8. Дебиторлық берешектің 328265 8. Ұзақ мерзімді қаржылық62857
түсуі міндеттемелер
9. Мерзімі өткен 0 9. Басқа міндетті және 3398
дебиторлық берешектің міндетті емес төлемдер
түсуі бойынша міндеттемелер
Барлығы 390390 Барлығы 387341
Төлем құралдарының 3049
мерзімді міндеттемелерден
артып кетуі
Баланс 390390 390390

*Ақпарат көзі: ҚМГ-Астана ЖШС-ң 2005 жылғы баланс көрсеткіштері.

Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты
тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен,
салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және
құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы
факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда
және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды.
Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие желілері (кәсіпорын
белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) –
потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек езде алудың сенімді көздері.
Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері,
облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың
шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі
және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез
бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.
Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны
болашақта қолдану мүмкін емес.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді – бір жылдан аса) төлем
қабілетін бағалау үшін өтімділікиің динамикалық, статистикалық
көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге
қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты
бойынша дебет айналымын, ал бөлоімінде – осы кезеңдегі ағымдағы
міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс
жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын
көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем
қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа
да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу
қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін
анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта
кәсіпорынның негізгіқызметінен тұрақты табыс алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдау
Қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары
ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы
«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Нарықтық қатынас жағдайында кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпарат
Пәндер