Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны



Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.
2.1. Валюталық нарық және валюта жүйелері.
2.2. Валюталық операциялар.
2.3. Валюталық операцияларды реттеу нысандары
2.4. Валюталық бақылаудың тиімділігі

3. Қорытынды
Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат.
Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесін (тауардың, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбасталу істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстардың интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ақша, несие, банктер, валюталық қатынастар. Көшенова, “Экономика”, 2002 ж.
2. “Егемен Қазақстан” – 2001 ж., 6 ақпан
3. “Ресми газет” – 2003 ж., 8 ақпан – 10-14 бет.
4. Internet

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

“Маркетинг
және коммерция” кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: “Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны”

Жоспар:

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
1. Валюталық нарық және валюта жүйелері.
2. Валюталық операциялар.
3. Валюталық операцияларды реттеу нысандары
4. Валюталық бақылаудың тиімділігі
2. Қорытынды

Валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша
бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның ішінде
қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,
бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда)
түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары,
сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу
бірліктеріндегі қаражат.

Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс
күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда
туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне
осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті.
Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы,
тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті
деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір
бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын
туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы
қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың
нәтижесін (тауардың, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта
қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде)
вексель және айырбасталу істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының
туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде,
өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер етеді. Валюта
қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда
болды. Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық
байланыстардың интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол
белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық
түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихта үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас
бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға
және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта
ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта
жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша
бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес
формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық
орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің элементтері
төмендегілер:
- ұлттық валюта;
- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы:
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта (АҚШ доллар,
евро, жапон иенасы, ағылшын фунт стерлинг)
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта (ресейлік рубль, т.б.)
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
- валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген
ондағы алтын паритеті алынып тасталды.

Дүниежүзілік валюта жүесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін камтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм)
әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол
өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүние жүзілік валюта жүйесінің негізгі
элементтері қалыптасты. Олар:
- әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық
валюталық өлшем);
- валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
- валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
- валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
- халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;
- халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
- әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
- мемлекетаралық реттеу институтының статусы – 1944 жылдан Халықаралық
Валюта Қоры бекітілді.

Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) – дүние жүзілік валюта жүйесінің
шеңберінде Батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін
ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған “Жалпы нарық” одағындағы
мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау
алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО)
құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің
элементтері дүние жүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне,
әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне
сәйкестік деңгейімен байланысты өзгереді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар биржалары: мәні және даму жолдары
Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы
Қор биржасының айналымындағы бағалы қағаздардың түрлері
Тауар биржасының мүшелері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы мен дамуы
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Пәндер