Сәбилік кезеңнің психологиясына сипаттама


СӘБИЛІК КЕЗЕҢНІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫНА СИПАТТАМА
Нәрестелік шақтан ерте сәбилік шаққа ауысу заттар дүниесіне жаңаша көзқарастың дамуына байланысты болады - олар бала үшін тек іс-әрекет жасауға ыңғайлы объект қана емес, сонымен бірге белгілі бір міндеті бар және пайдаланудың бел-гілі әдісі бар, яғни қоғамдық тәжірибеде оған бекітілген функ-циясы бар ұйымдар ретінде көріне бастайды. Баланың негізгі ынтасы затқа жаңа іс-әрекет жасауға уйренуге ауады, енді үл-кендер осы істе ұстаз, көмекші, қызметші ролін атқарады. Ерте сәбилік шаққа бүкіл кезең бойына жетекші іс-әрекет болып табылатын заттық іс-әрекетке көшуі.
Заттық іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі мынада, мұнда бала алдында заттың қызметі алғаш рет ашылады. Нәрсенің қызметі, міндеті олардың жасырын қасиеті болып табылады. Ол жай іс-әрекетпен ашылмайды. Мысалы, бала шкафтың есігін шексіз ашып-жауып, қасықпен үзақ уақыт бойы еденді ұрғылауы мүмкін, бірақ бұл арқылы заттың қызметін, қасиетін білуде ешқандай да ілгері баспайды. Шкафтың немесе қасықтың не үшін керек екенін ажыратуға тек үлкендер ғана қабілетті.
Баланың заттардың қасиеті мен міндетін ажыратуы, мыса-лы маймылдың олардан бақыланатын еліктеу формасынан түбірімен өзгеше. Маймыл бақырашпен су ішіп үйренуі мүмкін, бірақ ол үшін бақыраш әрқашан сұйық нәрсе ішетін ыдыс ретінде қабылданбайды. Егер шөлдеп бақыраштан су көрсе, оны ішеді. Мал, егер дәл керек кезінде алдынан табылса суды ше-лектен де, немесе жердегі шалшықтан да іше береді. Дәл осы сияқты, маймыл бақырашты, су ішкісі келмеген уақытта басқа бір іс-әрекет үшін пайдаланады: оны лақтырады, онымен әрнені соққылайды т. б. Бала заттың қоғам бекіткен, сол сәттегі қажеттілікке қарай езгермейтін тұрақты қасиетін үйрене бас-тайды. Әрине, бүдан бала заттың қасиетін үйренгеннен кейін, оны тек қана сол мақсатқа пайдаланады деген ұғым шықпайды. Мысалы, ол қарындашпен қағаз сызғылауды үйрене түра, со-нымен бірге қарындашты домалатуы да, одан қүдық жасауы да мүмкін. Бүл жердегі ең маңыздысы сол - бала заттың шын мағынасындағы не үшін керек екендігін біледі. Екі жасар ерке тотай бәтіңкесін басына киген кезде, өзіне-өзі күледі, себебі бәтінкенің қызметі басқа кию емес екенін түсінеді.
Заттық іс-әрекет дамуының бастапқы кезінде қимыл мен зат өзара қатаң байланысты болады: бала өзі үйренген қимылды тек қана осыған арналған нәрсемен орындай алады. Егер оған шыбықпен шашыңды тара немесе кубикпен су іш десе, ол мүны орындай алмайды да, іс-әрекеті босқа кетеді. Тек бірте-бірте ғана қимылды заттан бөліп қарау жүзеге асады. Соның нәти-жесінде сәбилік шақтағы балалар нәрсені өзінің негізгі қызме-тінен басқа мақсатқа пайдалануды немесе қазіргі іс-әрекетіне ыңғайланбаған нәрсемен қимыл жасауды үйренеді.
Сонымен, іс-әрекеттің затпен байланысы дамудың үш фаза-сынан өтеді. Оның біріншісінде бала затпен өзіне таныс іе-әре-кеттің кез келгенін жасай алады. Екінші фазада зат тек өз қызметіне ғана пайдаланылады. Ақырында, үшінші фазада ескі іс-әрекетті қайталау жүзеге асады. Мүнда зат еркін, бірақ мей-лінше басқа дәрежеде пайдаланылады, бала заттың негізгі қызметін біледі.
Үстап-түтатын затты пайдалану жөніндегі іс-әрекетті үй-ренген бала сонымен бірге осы нәрсеге байланысты қоғамдағы мінез-қүлық тәртібіне де жаттығуының мәні зор. Мысалы, үл-кендерге ашуланған бала шыны аяқты еденге лақтырып жіберуі мүмкін. Әйтседе, сол бойда оның жүзінде үрей мен өкініш белгісі пайда болады: ол затты пайдалану тәртібін бұзғанын, ал ол тәртіпті орындау жұрттың бәріне міндетті екенін түсінеді.
Заттық қимылды игеруге байланысты баланың ол үшін жа-ңа жағдайдағы жаңа заттармен кездескенде бағдарлау мінезі өзгереді. Егер бала қолына таныс емес затты алып, онымен" өзіне бұрыннан белгілі тәсілдерді қолданып, іс-әрекет жасаса, . кейін оның назары жаңағы заттың неге керек екенін, оны қалай пайдалануға болатынын анықтауға ауады. «Бұл не?»-деген бағдар «мүнымен не істеуге болады?» - дегенге ауысады.
Осы кезеңде игерген қимылдың бәрі бір типтес емес және баланын, психикалық дамуы үшін оның бәрінің маңызы бірдей емес. Іс-әрекеттердін, ерекшелігі, алдымен, заттың ерекшелігіне байланысты. Кейбір заттар анық белгілі бір пайдалану әдісіне ие. Олар - киім, ыдыс, мебель. Оларды пайдалану тәсілін бұр-малау мінез-қүлық ережесін бүзғанмен бірдей бағаланады. Басқа заттармен әлдекайда еркін айналысуға болады. Оған ойыншықтар жатады. Сонын, өзінде олардың арасындағы айыр-машылық та ете үлкен. Кейбір ойыншықтар әдейі арнаулы әре-кет жасауға бейімделіп жасалған (пирамидалар, матрёшкалар,, шаробростар), сондай-ақ түрліше жағдайда қолдануға бола беретін ойыншықтар да бар (кубиктер, доптар) . Баланың пси-хикалық дамуы үшін пайдалануы біртекті заттармен іс-әрекет жасап үйрену неғұрлым маңызды.
Екінші жағынан алғанда, әр затты пайдалану әдісі де түр-ліше болады. Кейбір жағдайда затты пайдалану үшін жай қи-мыл жасаудын. (мысалы, шкафтың есігін ашу үшін қүлақшасы-нан тарту) езі жеткілікті. Ал, екіншіден неғұрлым күрделі, зат-тың қасиетін, оның басқа заттармен байланысын есепке алуды: қажет ететін (мысалы, қүмнан орды қалақшамен қазу) қимыл керек. Психикаға кебірек талап қоятын іс-әрекет психикалық дамуға көп жағдай жасайды.
Баланың ерте шақта сәбилік кезеңде игеретін ңимыл-әреке-тінің ішінен оның психикалық дамуына зсер ететіні өзара байла-нысты зрі қурал-сайманмен атқарылатын іс-әрекет болып табы-лады. Өзара байланысты іс-әрекет дегеніміз екі немесе бірнеше затты (немесе олардың бөлшектерін) белгілі бір кеңістікте өза-ра қатынасқа келтіру. Мысалы, шығыршықтан шағын пирами-далар түрғызу, әр түрлі құрастырмалы-жиырылмалы ойын-шықтарды пайдалану, қорапшалардың қақпағын жабу.
Сәбилік шақта-ақ балалар екі түрлі нәрсемен іс-әрекет жа-сай бастайды - біріне-бірін өткізеді, текшелейді, жабады т. б. Бұл іс-әрекеттердің ерекшелігі сол, мұнда балалар заттың қа-сиеттерін ескермейді - заттарды олардың формасы мен көлемі-не қарап іріктемейді, оларды әлдебір ретімен алмайды. Ал, ерте балалық шақта игерілетін езара байланысты іс-әрекет осылар-ды есепке алуды талап етеді. Мысалы, пирамиданы дұрыс салу үшін шығыршыктардың келемін ескеру керек: әуелі ең үлкен шығыршықты кигізіп, содан соң рет-ретімен кішіректерін кигізе беру қажет. Матрёшканы жинағанда бір тектес жартыларды іріктеп, алдымен ең кішкенесін құрастырып, сонан соң оны үл-кенінің ішіне салады т. б. Басқа да қүрастырмалы-жиырылма-лы ойыншықтармен іс-әрекет жасағанда заттардың қасиеттерін ескеру, бірдей немесе бір-біріне сай келетін элементтерді ірік-теу, оларды белгілі тәртіппен орналастыру қажет.
Бүл іс-әрекеттер алынатын нәтижемен (әзір пирамида, мат-рёшка) реттелуі керек. Бірақ бала өздігінен мүндай нәтижеге жете алмайды, тіпті алғашқыда оған. үмтылмайды да. Пирами-далар тұрғызған кезде ол шығыршықтарды тік таяқшаға калай болса солай өткізіп, қалпағын кигізгеніне мәз болады. Оған кемекке үлкен адам келеді. Ол балаға қалай, қандай тәртіппен жасау керектігін түсіндіреді. Жіберген қателігіне назар аудара-ды, дүрыс нәтижеге қол жеткізуді үйренеді. Ақырында бала іс-әрекетті үйренеді. Бірақ ол әр түрлі жолмен орындалуы мүмкін. Бірде бала пирамиданы талдай отырып, әр шығыршықты кайда қойғанын есіне сақтай отырып, қайтадан жинаған кез-де дәл бүрынғы турған орнына өткізуге тырысады. Екіншіде ол байқап қарау әдісін қолданады - өзі жіберген қатесін езі түзеп ■отырады. Үшінішде қандай шығыршықты қашан, қай жерге қою керек екенін көзбен мөлшерлеп алады да, сол ретімен өткізеді.
... жалғасыБалаларда қалыптасатын байланысты іс-әрекеттерді орын-дау тәсілдері үйрету ерекшеліктеріне байланысты болады. Егер үлкендер пирамиданы баланың көз алдында қайта-қайта күрас-тырып, ажыратыгі тек қана орындау үлгісін көрсетсе, ол кө-біне-көп әр шығыршықтың тұратын орнын жаттап алады. Егер үлкендер баланың назарын оның жіберген қателерін көрсетуге және оны түзетудің жолдарына аударса, онда бала байқап қа-рау жолымен іс-әрекет жасайтын болады. Ақырында, шығыр-шықты алдын ала өлшеп алуға, алдымен олардың ішінен ең үл-кенін іріктеуге жаттықтыру арқылы, оларды көзбен мәлшерлеу-ге үйретеді. Осы соңғы әдіс қана мақсатқа сай келеді, әрекетті әр түрлі жағдайда (алдьңғы екі әдіске үйретілген балалар әдет-тегі бес шығыршықтың орнына он - он екі шығыршық берілсе, пирамиданы құрастырып шыға алмайды) орындай алады.
Құрал-сайманмен іс-әрекет жасау дегеніміз бір заттық, қү-ралдың екінші бір затқа әсер ету үшін қолданылуы. Машина-ларды айтпағанның өзінде, жай қолмен істеу қүралдарын қол-дану адамның табиғи күшін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге оған күр қолмен атқарылуы мүмкін емес әр түрлі іс-әре-кеттерді орындауға жағдай жасайды. Қүрал адамның езі мен табнғат арасына қоятын жасанды мүшесі іспеттес. Ең болма-ғанда балта, қасық, ара, балға, қысқаш, сүргіні алып қарай-ықшы . . .
Әрине, бала ең қарапайым бірнеше қүралдың -қасық, шы-ны аяқ, қалақша, күрек, қарындаштың - пайдалану жолымен танысады. Бірақ осының езінің-ақ психикалык даму үшін . ма-ңызы зор, өйткені осы қүралдарда барлық басқа қүрал-жаб-дықтарға тән қасиеттер бар. Оларды пайдаланудың қоғам қа-лыптастырған әдістері бұлардың құрылымында белгіленген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz