Жеке кәсіпкерлік - кэсіпкерліктің нысаны ретінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Еліміздің экономикалық жүйесінде мемлекеттік тәуелсіздігімізді алған сәттен басталған түбегейлі өзгерістер әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы құрудың қажеттігін туғызып, мүлдем жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруды талап етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі - экномикалық тұрғыда дамудағы уақыт талабы еді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» деп аталатын Қазақстанның келешекте гүлденіп дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын анықтаған халыққа арнаған жолдауында біздің еліміздің алдына қоятын басты мақсаты: үлттық бірлік, әлеуметтік эділдік, барша қазақстандықтардың экономикалық жоғары деңгейдегі ахуалы тэн тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру болып табылатындығын атап өтеді. Қоғамның бірлігі мен ішкі түрақтылығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде болу қажеттігін де баса көрсетеді.

Кэсіпкерлік, тұтас алғанда, ауылдық жерлерде де жақын арадағы онжылдықта нарықтық құрылымдарға қосымша күш беретін және инфраструктуралар сүрақтары мен әлеуметтік мәселелер айрықша мэнге не салаға айналуы тиіс.

Қазіргі таңдағы қоғамымызда жұмыссыздық кедейлік, зейнетақы мен төлемақылардың төмен мөлшері, тағы басқа толып толып жатқан әлеуметтік мәселелердің өз шешімін тиісінше таппай жүргені жасырын емес. Осындай мәселелерді шешудегі мемлекеттің мақсаты болып азаматтарға, шаруалар мен ауылдық жердің түрғындарына кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қажетті құралдармен қамтамасыз етудің де мәселелері басты назарда болуы қажет.

Жаңа экономикалық қатынастырды қалыптастыру барысында біздің дербес мемлекетіміздің қоғамдық өміріндегі пайда болып жатқан құрылымдарды қаржылық және құқытық қамтамасыз етудің мәселелері өте өткір туындап отырғаны белгілі.

Бүгінгі күні, меншік қатынастарына қатысты реформалар, шаруашылық субъектілерінің ұйымдастыру-құқықтық нысандарының көп түрлілігі, кэсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу эдістерінің елеулі тәжірибеде де, теориялық тұрғыда да құқықтық реттеуде шынайы демократиялық қағидалар басшылыққа алынады, атап айтқанда, кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең мүмкіндіктері қағидасы және кэсіпкерлік еркіндік қағидасы.

Нарықтық экономиканы кэсіпкерлік қызмет еркіндігі қағидасынсыз елестету мүмкін емес. Аталған қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабында баян етілген: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алган кдндай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншікке, онынь ішінде мұрагерлік күкыгына заң мен кепілдік беріледі. Соттыіь шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруга болмайды. Заіьмен көзделген ерекше жагдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның күлы тен, бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Әркімнііь кэсіпкерлік кызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кэсіпкерлік кызмет үшін еркін пайдалануга күкыгы бар. » Сонымен, еліміздің негізгі Заңының азаматқа мүлдай құқық берілетінін жариялауы үлкен мэнге ие, ал бүл құқықтардың жүзеге асырылуы мемлекеттің әлеуметтік түрақтылығын қамтамасыз етудің құралы болатыны сөзсіз.

Қазақстан Республикасыдағы жеке кэсіпкерлік өз дамуын 80-жылдардың соңынан алады. Осы кезең ішінде экономика саласында оның қызметін реттейтін көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Солай бола түрса да, осы саладағы нормативтік базаны жетілдіруге байланысты көптеген мәселелер элі күнге дейін өз шешімін таппай келеді.

Аталмыш саладағы қоғамдық қатынастардың жеткілікті түрде, ауқымды құқықтық реттелгеніне қарамастан, шешімдер талап ететін сүрақтар элі де жетерлік. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1998-жылғы 31-наурыздағы «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» Заңының 1-бабының 3-тармағы

заңды түлға құрмастан шаруа қожалығы нысанының болуын ғана белгілейді. Ал тәжірибеде шаруа қожалықтары заңды тұлға ретінде құрылып эрекет етеді, көп жағдайда Қазақстан Республикасы 1994-жылғы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексіне қайшы келмейтін жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында қүрылады. Бұдан жоғарыда аталған Заң нормасында жоюды талап ететін қайшылықтар туындайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекс жеке кэсіпкерлердің құқыққабілеттігін жеке түлғанікімен бірдей көлемде белгілейді, бірақ жеке кэсіпкерлік құқықтыққабілеттілік пен эрекетқабілеттілікке мемлекеттік тіркеуден өткен сэттен бастап ие болады және құқықтарды жүзеге асыру саласында мүмкіндіктері де аса зор емес. Яғни, жеке кэсіпкердің құқыққабілеттілігі тек уақыт бойынша ғана емес, жеке түлғалармен салыстырғанда өкілеттіктерінің көлемімен де шектеулі. Сонымен, қолданыстағы азаматтық заңнамаларда көрініс таппаған ережелер орнын толтыруды қажет ететін құқықтағы ақтаңдақтық екені даусыз. Мысалы, жеке кэсіпкер мен оның отбасы мүшелері оның мүлкіне мүліктік шара ретінде өндіріп алу іс-жүргізуі қозғалатын болса, олар қорғаусыз қалады, мүның өзі экономиканың басты саласы ретінде мемлекетпен таңдалған және кэсіпкер қызметін жан-жақты қолдау қағидасына қайшы келеді.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде бүл дипломдық жүмыс тақырыбының өзектілігімен толығымен келісуге болады. Бүгін де жеке кэсіпкердің құқықтық жағдайын анағүрым терең зерттеудің қажеттілігі анық туындап отыр. Жеке кәсіпкердің қүықтық жағдайы мәселелері отандық эдебиеттерде де жеткіліксіз зерттелген, бүл кэсіпкерлік құқықтық қарым қатынастырды зерттеу саласындағы жаңа ғылыми еңбектердің жоқтығымен түсіндіріледі.

Ғылыми зерттеудің жалпы эдістемелік және теориялық негізін диалектикалық эдіс, таным теорисы құрайды, жүмыс барысында тарихи, салыстырмалы-құқықтық және өзге де дэстүрлі жалпы ғылыми эдістер қолданылды.

Осы зерттеудің ғылыми-теорилық негізі Ю. Г. Басин, М. Балкен, С. Григоренко, С. У. Жандосов, С. Э. Жилинский, В. Ермаков, С. И. Климкин, Л. А. Кусаинова, В. В. Лаптев, М. К. Сулейменов, В. Е. Хруцкий, өзге де Қазақстан Республикасындағы түлғаның құқықтық мэртебесіне қатысты конституциялық құқық, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, аграрлық, кэсіпкерлік құқық саласындағы танымал заңгер-ғалымдар мен зерттеуші-құқықтанушылардың, сонымен қатар ТМД елдері ғалымдарының да ғылыми еңбектері танылады. Кэсіпкерлік қызметтің өзекті мәселелеріне байланысты жаңа эдебиеттердегі ғылыми зерттеулердің болуына қарамастан, жеке кэсіпкерлік туралы ғылыми көзқарастар мен пікірлер жеткіліксіз деуіміз: ғылыми жұмыстардың кэсіпкерліктің барлық нысандарын тұтастай зерттеумен шектелуіне байланысты екендігін ескерген жөн. Дипломдық жұмысты жазуда Қазақстан Республикасы құқық жүйесінде жеке кэсіпкердің кү-қықтық жағдайы мәселелерін кешенді түрде зерттеуге тырыстық.

Бұл ғылыми жұмыста эсіресе, жеке кэсіпкерліктің үйымдық-құқықтық нысандарының теориялық жағдайларында, олардың кэсіпкерлік қатынастардың өзге субъектілерінен ерекшелендіретін айрықша белгілеріне, және кэсіпкер қызметін қуру мен тоқтатуына тоқталуды жөн көрдік. Сондай-ақ, жеке кэсіпкердің құқықтық жағдайымен байланысты теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелер бойынша ТМД елдері заңнамасына салыстырмалы құқықтық талдау жүргізілді: жеке кэсіпкерліктің бір ретінде бірлескен кэсіпкерлік мүшелерінің тең қүдығы туралы; банкроттық институты; жеке кэсіпкердің құқыққабілеттігі; сонымен қатар заңды түлға болып табылатын шаруа қожалығына қарағанда, заңды түлға құрмастан жүзеге асырылатын жеке кэсіпкер мэртебесінің оң жақтары бар екендігін салыстыру әдісін қолданып көрсету.

Дипломдық жүмысты орындауға жеке кэсіпкердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері мен оның қызметін реттеудегі кездесетін мәселелерді анықтауға, жеке кэсіпкерлікпен байланысты заңнамаларды жетілдіру мақсатында кешенді зерттеуге басты көңіл бөлінді. Осы аталған

зерттеудщ негізгі мақсаттары непзшде келесідеи сұрақтар жөншде мазмұндауды жөн санадық:

  • жеке кэсіпкердің жалпы ерекшеліктерін зерттеу;
  • жай серіктестіктің шаруа қожалығының мүшелерінің құқықтықжағдайын салыстыру мен таңдау;
  • шаруа (фермерлік) қожалығының мүшелерінің ауыл шарушылыққызметінің мэнін зерттеу;
  • заңды тұлға құрмай-ақ шаруа қожалығын құрудың заңды тұлғанысанында құрылған шаруа қожалықтарына толы екендігіне тоқталу;
  • жеке кэсіпкер құқыққабілеттілігін заңдық реттеудің мәселелерінетоқталу;
  • жеке кэсіпкер қызметін тоқтату мен оның банкроттығы мәселелерінтоқталу;
  • жеке кэсіпкердің құқықтық жағдайын реттейтін заңнамалардыжетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

Бұл жұмыстың нормативтык негізгі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы», Қазақстан Республикасы «Банкроттық туралы», Қазақстан Республикасы «Жеке кэсіпкерлік туралы», Қазақстан Республикасы «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы», Қазақстан Республикасы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау туралы» заңдарының нормалары қолданылды.

1 Тарау. Жеке кәсіпкерлік - кэсіпкерліктің нысаны ретінде

1. 1. Жеке кэсіпкерліктің түсінігі мен мэні

"Кэсіпкерлік нысаны (үііымдық құқықтық нысан) " терминның өзі заң шығарушылық және іскерлік айналымда жақында пайда болды. Өзінің пайда болуымен бүл жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастырды. Кеңес дэуріндегі советтік экономикада мемлекеттік сектордың үстемдік еткені белгілі. Мемлекеттік емес сектордың рөлі тым аз мөлшерде еді. Тіпті, "қайта құру" деп аталған уақытта да жаңа экономикалық қатынастырдың пайда болуы мен дамуы ешқандай нэтиже бермеді. Солай бола түрса да, белгілі бір ілгері басушылықты тіптен ескермеу объективсіз болар еді, мысалы, 80-жылдардың ортасымен 90- жылдардың басындағы кезең. 1987 ж. 30 маусымда қабылданған СССР-дің "Мемлекеттік кэсіпорын (бірлестік) туралы" Заңын, 1988 ж. 26 мамырдағы СССР-дің "СССР кооперациялар туралы" Заңын, , өзге де бірлскен кэсіпорындар қызметін реттуге арналған бір 1989 ж. 7 сэуірдегі СССр Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Жалдау қатынастар туралы" Жарлығын қатар актілерді атап өтуге болады. Кэсіпкерліктің дамуында үлкен мэнге ие СССР министірлер Кеңесімен 1990 ж. 8 тамызда бекітілген "Шағын кэсіпорындарды қуру мен дамыту шаралары туралы " Ереженің маңызы зор болды.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуін кэсіпкерлік нысандары жөніндегі үлттық заңнамаларды қалыптастыруға ықпал етті. Біздің жағдайда нысан ретінде "Тип. құрылым белгілі бір мазмүлдағы ішкі сыртқы көрініс" түсіндіріледі. 1 Сонымен, бүл дипломдыі жүмыста Қазақстан Республдикасы және ТМД елдері заңнамасында көзделген кэсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың нақты эдістері - бүл дипломдық жүмыстың зерттеу пэні болып табылады.

Кэсіпкерлік белгілі бір ү_йымдық оның нысанын таңдау көптеген факторларға байланысты: шаруашылық субъектілерінің қаржылық

1 Ожегов С. И. Словарь русского языка (Под. Ред. Шведовой Н. Ю. ), 16 изд. Москва. : изд. Русский язык, 1984 г., стр. 761

мүмкіндігі, қызмет ортасы, қандай да бір нысанның салыстырмалы артықшылықтары. Әрбір елдің кэсіпкерлікті үйымдастыру бойынша өз заңнамасы эрекет етеді. Сонымен бірге, элемдік тәжірибеде типтік кэсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық - құқықтық нысаны бар. Бұған: жеке кэсіпкерлік, жай серіктестік, толық және коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік мекемелер жатады. Бүл негізгі нысандар кэсіпкерлік субъектісіне қарай эр елде өзіндік модификацияға ие болуы мүмкін. 3

Кэсіпкерлік қызметтің түрлері мен нысандарын кэсіпкерлікті құқықтық реттеу жүйесінің элементі ретінде бөліп қарастыру кәсіпкерліктің экономикалық негізінің тәжірибелік және теоретикалық тұрғыда үлкен мэнге ие. Бұл - аталған саланы зерртейтін заңнаманы дүрыс қолдануға және оны нақты орындауға, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтарды анықтауға және заңнамадағы ақтаңдықтықтарды жойып, оны жетілдіруге зор ықпалын тигізеді.

Кэсіпкерлік қызметтің нысандары мен түрлері жөнінде сөз қозғағанда "түр мен нысан" терминдерінің заңнамада, ғылыми терминологияда және тілде жиі ауыстырылып қоданылатынын ескеруіміз қажет. Осы дипломдық жұмыс барысында кәсіпкерліктін түрі ретінде кэсіпкерліктің негізгі бөлімшелерін түсінеміз, бүл негізгі бөлімшелер - түрлер ретінде қарастырылатындықтан да бір-біріне нысан болуы мүмкін емес. Басқаша айтқанда, кэсіпкерліктің бір түрі басқасына нысан болуы мүмкін емес.

Ал кэсіпкерліктің нысанына келетін болсақ, бүл өндірістік құрылымдар. Кэсіпкерліктін түрлері эр түрлі нысанда болуы мүмкін, кэсіпкерліктің бір түрлі нысандарда көрініс табу мүмкін, ал кэсіпкерліктің бірнеше түрі үқсас нысанда кездесуі мүмкін. 4 Осы бөлімнің бірінші тақырыбында заңды түлға

2 Климкин С. И. Учебное пособие Правовые формы предпринимательства в РК, А: Баспа, 1997 стр. 4-5

3 Жилинский С. Э. Предпринимательское право (Правовая основа предпринимательской деятельности.
Учебник. М. : «Норма-Инфра 2002 г. стр. 94»)

4 Сулейменов М. К., Покровский Б. В. . Худяков А. И. Жакенов В. А. Право и предпри нимательство в РК
Учебное пособие А. : «Жетэ жарғы», 1994 г., стр. 36-37

құрмай-ақ жеке түлғалардың кэсіпкерлікті жүзеге асыруының ұйымдық құқықтық нысанына қысқаша сипаттама беріледі.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Кәсіпкерлік қызмет туралы" Заңында (бүдан эрі - Заң) кэсіпкерліктің түрі мен нысаны арасында нақты айырмашылық келтірілмеген. Заңның мэтініндегі кэсіпкерліктің түрі мен нысанын ажырату қиынға соғады, өйткені олардың нақты түсінігі қарастырылмаған. Жағарыда атап өтілгендей түр мен нысагн терминдері көп мағыналы және бір бірімен жиі ауыстырылады. Сәйкесінше, заңнамада да заңдық эдебиетте де олар түрлі мағынада қолданылады, сондай-ақ синоним ретінде де жиі кездеседі. Кэсіпкерлік нысандарын бөлуде оның заңдық мазмүлын білдіретін заңдық нысандары туралы айтылады. Яғни, бір ғана мазмүнның өзі түрлі заңдық нысандырда, ал түрлі мазмүн бірдей нысандарда болуы мүмкін.

Кэсіпкерліктің заңдық нысандарын ең алдымен кэсіпкерлік қызметтің субъетілеріне қарай бөлуге болады. Осы негізде жеке түлғалардың және заңды түлғалардың кэсіпкерлік қызметін бөліп қарастыруға болады. Кэсіпкерлік қызметтің субъектісі бойынша мүндай бөлу Қазақ ССР нің 1990-жылғы 19-желтоқсандағы "Қазақ ССР-дегі кэсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы" Заңының 2-бабына сэйкес келеді.

Жеке түлғалардың кэсіпкерлігі туралы сөз қозғағанда, заңды түлға құрмай-ақ, жеке түлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруын айтамыз. Жеке түлғалардың кэсіпкерлігі тек қана жеке кэсіпкерлік түрінде болуы мүмкін, бүл өз кезегінде, жеке кэсіпкерлікті білдіреді. Кэсіпкерлер ретінде жеке түлға немесе бірнеше жеке түлға болуы мүмкін. Заң шығарушы белгілегендей, бір түлғадан қү_рылса - жеке кэсіпкерлік, бірнеше түлғаларадан құрылса, үйымдастурышылық нысаны - бірлескен кэсіпкерлік болып саналады. Бұнымен қатар, жай серіктестік, отбасылық кэсіпкерлік, шаруашылық (фермерлік) қожалықтар түріндеде кэсіпкерлік қызмет кең таралған.

10

1. 2. Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерліктің нысандары

Жеке кэсіпкерлік немесе заңды тұлға құрмай азаматтардың (жеке тұлға) кэсіпкерлік қызметі кэсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық нысанының бір түрі болып табылады. Жеке кэсіпкерлік нысандарының ерекшелігі: азаматтардың бастамашылық қызметі олардың жеке меншігіне негіделеді және мазмүны жағынан коммерциялық болып табылады. Олар эр қашанда тауарларға (жүмыстар, қызмет көрсетулер) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен пайда табуға бағытталады және нақты жеке тұлғаның атынан оның тәуекелдігі мен мүліктік жауапкершілігіне негізделіп жүзеге асырылады. Жеке кэсіпкерліктің субъектілері тек Қазақстан Республикасынаң азаматтары ғана емес, егер халықаралық шарттар мен заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, сонымен бірге шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар да бола алады.

Жеке кэсіпкерлікке арналған ең бірінші заңдық акт СССР-дің 1987 -жылғы 19-қарашадағы "Жеке еңбектік қызмет туралы" Заңы болып табылады. Аталған заңның қабылдануымен кішігірім өндіріс пен қызмет көрсету саласында шағын бизнес пайда болды: бас киімдер, аяқ-киімдер, киімдер тігу, тү-рмыстық техникамен қамтамасыз ету, бейне-таспа өнімдерін прокатқа беру, гүлдерді өсіру мен сату т. б. Жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуы 19991-1992 жылдардағы кәсіпкерлік жөніндегі заңнамалардың дамуымен тікелей байланысты болды. Ендігі кезектегі кәсіпкерлік заңды түлға құрмай-ақ биржалық және биржадан тыс тауар нарықтарында айтарлықтай ірі делдалдық мэмілелер жасайтын және орындайтын брокерлермен де жүзеге асырыла бастады. 5

Қазақстан Республикасның Азаматтық Кодексіне сэйкес азаматтардың заңды түлға құрмай-ақ кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы шағын кэсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің түсінігі Қазақстан Республикасының 1997- жылғы 19- маусымдағы «Шағын

5 Климкин С. И. Учебное пособие Правовые формы предпринимательства в РК, А: Баспа, 1997 стр. 20-21

11

кэсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 3-бабынаң 1-тармағында былайша анықталған: Заңды түлға қүрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы қүны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды түлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Яғни, шағын кэсіпкерлік субъектілеріне тек заңды түлғалар ғана емес, заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке түлғалар да жатады.

Жоғарыда заңнамамен белгіленгені айтылғандай, дэлірек айтсақ Қазақстан Республикасы 1997 - жылғы 19- маусымдағы "Жеке кэсіпкерлік туралы" Заңымен заңды тұлға қүрмастан жеке тұлғалар кэсіпкерлігінің: жеке және бірлескен екі түрі көрсетілген. Жеке кэсіпкерлік азаматтың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге мүмкіндік беретін өзге де құқықтар арқылы жүзеге асырылады. Жеке кэсіпкерлікті некеде түрған азамат өзінің жүбайын (зайыбын) кэсіпкер ретінде көрсетпей жүзеге асыратын болса, мүлдай жағдайда кэсіпкерлікті жүзеге асыруға зайыбының келісімі талап етілмейді.

Бірлескен кэсіпкерлік ортақ меншік құқығы мен тиесілі мүліктері негізінде, сондай - ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге құқық негізінде азаматтар тобымен жүзеге асырылады. Өз кезегінде бірлескен кэсіпкерлік үш үйымдастырушылық құқықтық нысанға бөлінеді:

а) жүбайлардың ортақ бірлескен меншігіне негізделіп жүзеге
асырылатын жүбайлардың кэсіпкерлігі;

б) шаруашылық фермерлік қожалықтарының немесе жекешелендірілген
түрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде іске асырылатын отбасылық
кэсіпкерлік;

в) кэсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншікке негізделіп жүзеге
асырылатын жай серіктестік.

12

Қолданыстағы заңнамалар нормаларындағы мынадай екі жағдайға мэн бергеніміз жөн:

Біріншіден, жеке кэсіпкерді тіркегенде заңды тұлға қүрылмайды, яғни жеке мүліктің заңдық оқшауланып, іскерлік айналымға қатысуы орын алмайды. Соған байланысты мұндай кэсіпкерге несие берушілер өз талаптарын қойған жағдайда кэсіпкерлік субъектісін барлық мүлкі іс жүргізу заңнамасымен белгілінген тэртіпте өндіріп алуға жатады. Сондықтан да кэсіпкерліктің мүлдай нысаны үлкен тэуекел мен байланысты емес бизнес салаларында ғана кең таралады. Екіншіден, жеке кэсіпкерлерге заңды түлғалар үшін көзделген бизнес жүргізу ережелері таралады. Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 19-маусымдағы «Шағын кэсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында жеке кэсіпкерлердің шағын кэсіпкерлік субъектісі ретінде көрсетілуі, сондай-ақ оларға өндірістік кооперативтер, серіктестіктердің барлық түрлерінің жатқызылуы ерекше мэнге ие. Яғни, жеке кэсіпкерлер тең құқықтарды пайдаланып, заңды түлғалармен бірдей міндеттер атқарады. Кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда жеке кәсіпкерлер шарт жасауда еркін және өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше емес орындаған ретте, айыппүлдық шараларды қоса алғанда өздері жауагіты болып табылады. Оларға кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында міндеттемелерді бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік жөніндегі жалпы ережелер де таралады: егер олар міндеттемені тиісінше орындау бой бермейтін күштердің (форс-мажорлық мэн-жайлар) салдарынан мүмкін болмағандығын дэлелдей алмаса, мүліктік жауапкершілікке тартылады.

Жеке кэсіпкер өз қызметін өзінің атынан жүзеге асырады. Бірлескен мэміле жасаған жағдайда, заңда актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтар мен міндеттер бірлескен кэсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.

Бірлескен шаруашалық қызмет кең мағынасында қандай да бір шаруашылық мәселені шешуде субъектілердің өзара эрекеттесуін білдіреді. Шаруашылық айналымның жекелеген қатысушылары өздерінің мүліктерін

13

біріктіріп, қатысушылардың бэрі үшін қажетті нэтижеге қол жеткізуге талпына алады, жалпы шаруашылық мақсаттың объектілері коммерциялық қызметтегі немесе тұрмыстық деңгейдегідей түрліше болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік нысандары
Отандық шағын бизнестің қалыптасуы мен жетілдіру жолдары
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы мен қазірп жағдайы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Жеке кәсіпкерлік қызмет
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика қалыптастыру
Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды колдау
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz