Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы



Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.
Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.
Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді.
Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз. Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН – 2030

 
БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨСІП-ӨРКЕНДЕУІ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӘЛ-
АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫ
 

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

 
Жаңағасыр табалдырықтан аттайды, басқа дәуір туып келеді
Верлигий.
Әр дәуірдің өз міндеттері бар

Гейне

 
КІРІСПЕ
 
Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ.
Қазақтың халық мақалы.
 
Қадірлі халайық!
 
Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен
мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен
Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға
жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.
Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп
бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз
өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз
келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.
Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде
тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір
сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді.
Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып
келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін
анық білуге және ұғынуға тиіспіз.
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті
стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен
төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден,
күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден
сақтандырамыз.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда
кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз. Бүгінгі
таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен
үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған
қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша
азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар
алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін
күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар
біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті
бола ма?
Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олай бейбіт-татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола
алар ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар
ма?
Біз оларға қуатты, мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс
көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап
беруге тиіспіз.
Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін
болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен.
Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты
қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға
тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып – біз дұрыс
бағытпен жүріп келеміз бе әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге
оздық па әлде шабандап қалып келеміз бе – ұдайы таразылап отыру үшін
қажет.
Бүгінгі күнді ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан
рет қайталай отырып, проблемалардың ауқымы мен олардың маңызын өзгеше
қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне
отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын және олардың жуықтай
түскенін сезінеміз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-
Венгрия, ал мүлде таяуда – Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген
дәуірде дүниеге келді.
Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны
көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп
те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл
атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара
тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты
болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-
таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз
бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де
бар.
Біз басқа елдердің тәжірибесін зерделей алсақ та әрі солай етуге
тиісті болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді
пайдалана алсақ та, біздің жасымызга жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз
мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске
асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек
біздің өзіміз ғана игере аламыз.
Неліктен нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда осы міндет тұр?
Өйткені кеше біз бұған даяр емес едік, тәжірибеміз бен білігіміз
жетіспеді, жағдай, ересен тұрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкіндік бермеді.
Міндеттің өзі де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнің күллі мәні мынаған:
басталып кеткен аласапыран өтпелі кезеңнің буырқанған жағдайында дербес
мемлекет ретінде таба тіреп қалуга келіп сайды. Көптеген кәріпкелдер біз
сәтсіздікке ұшыраймыз және де мемлекет құрылысының, қоғамдық және
экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған міндеттерін игере алмаймыз
деп сәуегейлік еткенді.
Бірақ алғашқы сынға біздің лайықты төтеп бере алғанымыз — еңсемізді
тік ұстап, иілмегеніміз бүгін-ақ айқын. Барлық қиындықтарға қарамастан біз
бейберекетсіздік пен жөнсіздік шыңырауынан шыға білдік.
Қазір біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды
міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле
зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз
салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзеуге
мүмкіндік береді.
Аса ауыр жағдайларда жинақталган мемлекеттілік құру, саяси және
экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы
білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мен түсінушілігі бізге
қосымша күш-куат пен сенімділік үстейді.
Бұл міндеттерді шешуді ертеңге қалдыруға да болмайды, өйткені біз өз
реформаларымызды толық аяқтағанша күтіп те отыра алмаймыз.
Басқаша айтқанда, кеше әлі ерте болатынды, ал ертең кеш болып қалуы
мүмкін.
Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың
өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды
жинақтайды, тәртіпке жүмылдырады және жөрдемдеседі.
Ол мемлекет назарын басымдықтардың аса қыска тұжырымды тізбесіне
жинақтайды, ол тәртіпке жұмылдырады әрі Үкіметті осы міндеттер мен
стратегияларды күнделікті шешіп отыруға талпындырады. Ақыр аяғында, ол
біздің мақсаттарымыздың іске асуына алып келетін күн сайынғы және жыл
сайынғы шешімдерді қабылдауымызға жәрдемдеседі.
Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Осы нұсқауларды өмірге енгізудің,
жобаланған жоспарларды іске асырудың маңызы мүлде кем емес. Сондықтан әрбір
министрлік пен ведомство өз жұмысын әрбір күн, ай мен жыл біз қадам басқан
сайын қойылған мақсаттарымызға қарай ілгерілейтіндей етіп ұйымдастыратын
жүйені құру аса қажет.
Мемлекеттік қызметшілер күн сайын алдарындағы стратегиялық мақсаттар
мен басымдықтарды кәріп отыруы, екінші кезектегі және күнделікті
міндеттерді шешуге алаңдамастан оларды іске асыруы кажет.
Қабылданатын зандар мен шешімдер біздің стратегиямыздың арнасында,
жұмыс жинақы — жұмылған әрі үйлесімді болуға тиіс.
Келесі жылдан бастап біздің жыл сайынға жоспарларымыз ұзақ мерзімді
басымдықтарымызға сәйкес болуға тиіс. Оның үстіне, мониторинг жүйесі
қойылған мақсаттарымызға қол жеткізуде біз қаншалықты ілгеріледік деген
сұраққа жауап беруге тиіс Сондықтан бізге стратегиялық жоспарлау мен
стратегиялық бақылау, есептілік пен жауапкершілік жүйесі қажет.
Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты — біздін
қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы,
халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған
стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі
топтарының қажеттіктерін дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап,
олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа
айналады. Мұны мемлекеттің халықтың жекелеген топтарымен және жекеше
сектормен ынтымақтастығы негізінде іске асыру қажет.
Осы Жолдау менің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясатымыздың
негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөніндегі
Конституциялық міндеттерімнің шеңберінде әзірленген болатын. Бірақ мен
жоғарыда атап өткендей, біздің мемлекетіміз, тұтас алғанда қоғамымыз үшін
де координаттар жүйесі болып табылатын, соның шеңберінде жыл сайынғы іс-
қимыл жоспарларымызды жасай алатын неғұрлым ауқымды болжам мен стратегияны
қажет етеді. Сол себепті осы мәселелерге ерекше орын беріліп отыр.
Президенттің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары туралы бұдан кейінгі жыл сайынғы Жолдаудағы ұзақ мерзімді
стратегияның іске асырылуына берілетін бағаны қамтиды, сондай ақ алдағы
жылға арналған нақты міндеттерді айқындайтын болады.
 
1. 1.     БІЗ БҮГІН ҚАЙ ЖЕРДЕ ТҰРМЫ3?
 
Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол, егер дұрыс пайдалана,
табысқа жеткізді. Егер оны қолдан шығарып алса, онда одан кейінгі жол
қайраңға малтығып, тайғақ кешумен ұлысады

Шекспир

Ұланғайыр мүмкіндіктер баршаға беріледі, бірақ көп жандар олармен
ұшырасқанын сезбейді де
Даннинг
 
Соңғы алты жыл ішінде біз екі басты стратегиялық мақсатты көздедік.
Біріншіден. Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген адамдар
қазір мұны тиісті нәрсе ретінде қабылдауға әзір, бірақ қазақстандықтар
мұның біздің тарихымызда қаншалықты сирек әрі қиындықпен болғанын ұмытпауға
тиіс.
Екіншіден, біз кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық
реформаларды жүргізе бастадық. Аталған мақсаттарға әлі жете қойғамыз жоқ,
дегенмен, жекелеген бағыттарда көзге түсер нәтижелеріміз де бар.
Енді ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан
талдау және реформаларымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың
калыптасу дәрежесін үздік әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды. Өзіміздің
бекем және босаң тұстарымызды салиқалы тұрғыдан таңдап, тек содан кейін
ғана дербес төл стратегиямызды талдап жасаудың маңызы бұдан бір де кем
емес.
Біздің ішкі бекем тұстарымыз бен Қазақстанның қолындағы сыртқы
мүмкіндіктерді, өзімізге тән босаң тұстарымыз бен сыртқы қатерлерді
талдауда бастайын.
Еліміздің қолында сегіз артықшылық бар.
Біріншісі. Біз өзіміздің тәуелсіз, егемен мемлекетіміздің негізін
қаладық. Барлық қажетті мемлекеттік институттар қазірдің өзінде бар әрі ай
сайын тәжірибесі мен біліктілігін ширата түсуде. Бірақ мемлекетіміздің
құрылысы аяқталатын күн әлі алыс.
Екіншісі. Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және
экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа
мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс
істеуде.
Үшіншісі. Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны
түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық
қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік.
Қысқасы, біз азаттық алдық. Мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл
дербес дүниетаныммен алмасуы біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті.
Әрине, ескі жүйе шақтап болса да неғұрлым сенімді әлеуметтік игіліктер
беріп келді, әрі бірсыпыра салаларда жетістіксіз де болған жоқ. Алайда,
экономикалық тұрғыдан бөсекеге қабілетсіз болғандықтан, ол жүйенің күйреп
тынғанын да ұмытпауға тиіспіз. Ол элеуметтік жағынан да осал болып шықты,
өйткені адамдардың көпшілігінің тұрмыс деңгейі шетелдегі тұрмыс деңгейінен
төмен еді. Ол, сондай-ақ жеке адам хақында да осалдық танытты, өйткені
еркіндік бермеді. Нарықтық экономика мен демократиялык тұрғыда таңдап
алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерін
уақыт өте келе біздің өз тәжірибеміз көрсетуге тиіс. Өтпелі кезең уақытында
біздің азаматтарымыздың көпшілігі қилы істі бастан кешірді әрі көп нәрсені
құрбан етті. Бірақ біз мұны тек сіздер мен біздің игілігіміз үшін ғана
емес, ең алдымен, балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасап отырмыз.
Төртіншісі. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде — халқымыздың
немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және
шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар.
Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің
стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі — біздің халқымыз бен
бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес
капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі
неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз.
Бесіншісі. Біздің табиғи ресурстарымыз — орасан зор байлық. Алайда,
мұның өзі қаншалықты кереғар көрінгенімен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы
бар көптеген елдердің оны дұрыс игере білмегендіктен, ақыры кедейлер
қатарынан шыға алмағанын көрсетеді. Алайда, Шығыс Азияның негұрлым серпінді
дамыған — табиғи ресурстары жоқ елдер. Осының бәрі жетекші фактор — бұл
адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі
екенін тағы да дәлелдей түседі. Бұл — бізге гүлдену мен тәуелсіздік есігін
айқара ашуға мүмкіндік беретін нақ сол алтын кілттің өзі.
Әлемнің келеңсіз тәжірибесін де үйрену қажет. Ол даму стратегиясының
немесе оларды іске асыру қабілетінің болмауы табиғи байлықтар әлеуетінен
басым түсетінін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан, бұдан біз шығаратын басты
қорытынды — ойластырылған стратегия жасап, оны барлық қиындықтарға
қарамастан жүзеге асыру қажеттігі. Жер қойнауының байлығы — барша келер
ұрпақтың игілігі. Бұған қарап босаңсымауымыз керек. Керісінше, Үкіметті
қоса, біздің бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп,
жұмыс істеуге тиіспіз.
Алтыншысы. Біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлеріміз —
орасан зор әлеуметіміз. Көптеген өлшемдер бойынша біз Канада мен
Австралияға ұқсаспыз, бізге тек бір нәрсе — олардың өнімдігі мен экспорттық
әлеуметі жетіспейді. Бұл жерде тағы да, ең бастысы — нақты және тиімді
стратегия, адамдар мен капитал.
Біздің жетінші бекем тұсымыз — қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен
бірлігінде жатыр. Біз қоғам ішінде тікелей тайталасқа жібермей, ахуалды
тұрақтандыра білдік мұны мақтан етеміз, өкінішке қарай, көптеген дамушы
және кешегі коммунистік кейінгі елдердің бұған қолы жеткен жоқ. Алайда,
толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бірліктің ауылы әлі алыс жатыр,
сондықтан біздің баршамыз өзіміздің біртұтас отбасымыз деп сезіну, өз
мақсаттарымызды айқын біліп, оларға қарай келісе ілгерілеу үшін алдағы
уақытта көп жұмыс тыңдыруға тура келеді.
Бұл бір-бірімізбен кедейшілік пен жоқшылық жағынан теңесу,
теңгермешіліктіі жаңа жүйесін орнату да емес. Сондай-ақ кандай да бір
этникалық немесе діни топтарға басқалармен салыстырғанда, басымдықтар беру
жөнінде де әңгіме болуы мүмкін емес. Біздің стратегиялық міндетіміз —
халықтың көптеген топтарының бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіз, ері
салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін
толықтыра түседі.
Байлардың ат төбеліндей шағын тобы жарлы адамдардың үлкен тобынан
едәуір алшақтап кеткен жерде қоғам еш уақытта еңсесін көтеріп, толығып
гүлдене алмайды. Түрлі этникалық және діни топтардың құқыктары әр түрлі
болып келетін, біреулерге мүмкіндіктер беріліп, өзгелерге берілмейтін,
саяси партиялар мен қозғалыстар тікелей қарама-қарсы тараптарға бұра
тартатын, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен жауапкершілігі,
либерализм мен демократияның және мемлекет күшінің арасында орасан зор
сәйкессіздікте бар елдің де болашағы жоқ. Біз шектен тыс шығандап кетудің
бірін бастан кешірдік, екіншісіне түсіп малтық-пасақ игі. Менің ойымша, осы
бір ақылға сыйымды дүниелерді ұғыну қоғамдық санада нық орын тепкен де
тәрізді.
Сегізіншісі. Мен қазақстандықтардың байсалдылығы мен тезімділігін,
олардың кеңпейілділігі мен ақжарқындығын атап айтқым келеді. Мұны
шетелдіктердің баршасы дерлік айтып жүр. Мен өз отандастарымызга өтпелі
кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған төзіп отырғаны үшін ризамын және осы
қасиеттер — біздің табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік
инвестицияларды тартудың және халықаралық қоғамдастықты біздің
проблемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санаймын.
Біздің осындай күшті жақтарымызбен бірге сыртқы сипаттағы бірқатар
мүмкіндіктеріміз бар. Біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз ең алдымен, еліміздің
географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады.
Қазақстанның негізгі үш мүмкіндігін бөліп айтуға тұрарлық.
Бірінші мүмкіндік біздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен
торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік
экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды
түйінділерінің қатарына қосады. Біздің бабаларымыз түркі халықтарының
біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін
тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері
арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгін біз осы
арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдік
қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтіре бастадық. Сөз жоқ, келешекте
Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардың көші-қоны
ұлғая түседі.
Көптеген саяси тұрақтандырушы факторлары туралы айтпағанның өзінде,
мен нақ осы себептен, Еуразия идеясын ұсындым және оны дамыта бермекпін,
әрі оның стратегиялық болашағына да сенімім кәміл.
Бізбен шектес кез келген ел тәрізді Қазақстанның жеке өзі де тиімді
транзиттік әлеуетін іске асыра алмайды. Мұны бірлесе, тығыз әрі өзара
тиімді ынтымақпен жасау қажет.
Осындай тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекараларымыздың өн
бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне
ие болып отырмыз. Таяу жатқан сыйымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың
бірен-сарандары болмаса, қалған кез келгені Қазақстан өнімін, әлбетте, оның
бәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған
жағдайда жұтып қоюға қабілетті. Бұл көршілер —_Ресей, Қытай және ислам мен
Орталық Азия мемлекеттерінің тобы. Таяу және Орта Шығыс елдері — тарихи
тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады. Күллі Еуразия құрлығында
бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-катынастарын орнықтыру
— табысты дамудың қажетті шарты. Соғыстарға, бақталастыққа, бәсекеге және
егеске киліккен елдер өздерін тоқырау мен артта қалушылықка ұрындыра
отырып, өз ресурстарын, уақыты мен күш-қуатын орынсыз шығындайды.
Екіншісі. Мемлекет кұрылысы мен реформаларды жүргізудің ауыр
процестерін шетелдік мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау
бізге қосымша мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыда көптеген елдердің бізге
қарағанда оншалықты жолы болмады. Осы фактор, әсіресе, өтпелі кезеңнің
бастапқы кезеңдерінде өте маңызды, өйткені бізге сырттың қаржы ресурстары
мен білім-білігі қажет.
Үшіншісі. Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс процесі, әсіресе,
жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы біздің
аумақты әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.
Алайда, біздің осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере
алмайды. Демек, осы технологияларды ұғыну, олардың біздің қоғамымызға толық
кіруіне қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды.
Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың
көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра
мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет.
Бірінші. Бұл коммунистік принциптер рухында тәрбиеленген адамдардың
бірнеше ұрпақтары қалыптастырған біздің діліміз. Кейбіреулер жақында болған
өзгерістерді ынтажігерімен пайдаланды бірақ басым бөлігі олай істеген жоқ.
Адамдарға субъективтік және объективтік факторлар ықпал етеді, олар болып
жатқан өзгерістерге баяу бейімделіп, өз проблемаларын шешуде бұрынғысынша
мемлекеттің көмегіне иек артып отыр. Мұндай пәлсапа мен тұрмысқа деген
көзқарас олардың жаңа қиындықтарға төтеп беруіне бөгет болады, күш-қуаты
мен өзінше іс-әрекет жасау талабынан айырады.
Мемлекеттің ендігі жердегі жаңа рөлі адамдар үшін шешімдер қабылдауда
емес екенін көптеген шенеуніктердің өздерінің де әлі түсіне бермейтіні
құпия емес. Керісінше, оның рөлі бәрінен бұрын азаматтар мен жекеше сектор
өздері мен өз отбасылары үшін тиімді шаралар қолдана алатын жағдайларды
қалыптастыруда болып отыр. Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек
бейімделіп кеткен болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып,
бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз.
Адамның ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді.
Бірақ мемлекет өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру
маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де, ең бастысы, өзіндік
молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен
жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған
жылдар қажет болады.
Екінші. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және
Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі
өндіріс көлемдерінің елеулі төмендеуіне әрі осының салдары ретінде —
әлеуметтік ахуалдың объективті түрде төмендеуіне әсер етпей қоймады.
Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететін
өндірістердің ауқымды бөлігі, даярланбаған және шаруашылық жүргізудің жаңа
жағдайларын игере алмаған менеджмент — бәсекеге қабілетсіздікке және
көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын
жоғалтуға, төлемсіздіктер мен өндірістің кұлдырауына алып келген негізгі
факторлар, міне осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы сегіз жылда
өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсімдер одан да
көбірек қысқарды. Мұның өзі көптеген дамушы елдердегі экономикалық өсудін
жоғары қарқынымен бір мезгілде болғандықтан, біздің экономикамыз шартты
түрде алганда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт бізді бұрынғыдан
да жіті, жігерлі қимылдауға мәжбүр етіп отыр.
Үшінші. Біздің экономикалық кұлдырауымыздың салдарынан
азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.
Теңгермешілікті жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын құру байлар мен
жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеліп соқты. Бұл ретте
— мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы —
орташа таптың шогары аз.
Төртінші. Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттық
жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен
жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше
капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрі
тәуелді бола түсті. Экономиканы әрі қарай сауықтыру инвестициялардың зор
көлемде келіп құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық ахуал едәуір
жақсартылса ғана мүмкін болады.
Бесінші. Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен
өту бұган дейін осындай ауқымда бізге беймәлім болған кедейлік пен
жұмыссыздық проблемаларын тұғызды. Бұлар қылмысқа, есірткіқұмарлыққа
құнарлы негіз қалап, қоғамдық түңілушілікті туындатады және қоғамдық
тұрақсыздық мүмкіндігін арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы
төленбеуімен астасқан жоғары жұмыссыздық деңгей негізінде экономикалық
проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегі әлсіз
стратегаялардан туындады. Аграрлық және әлеуметтік секторларды (денсаулық
сақтау, білім беру, ғылым және т.б.) реформалаудың тиімді бағдарламаларының
жоқтығы және өтпелі кезеңнің қысылшаң жағдайларында бюджет қаражатын бөлуді
қысқарту осы бір өмірлік маңызы бар салалардың нашарлауы мен тұралап
қалуына алып келді.
Осы процестер алтыншы осал жағымызды, кез келген тұрғыдан қауіпті —
демографиялық өнімсіздігімізді де сипаттап отыр. 1992 жылдан бастап
соғыстан кейінгі 50 жыл ішінде тұңғыш рет біздің халқымыздың саны қысқара
бастады.
Біздің босаң тұстарымыздың қатарына жетінші осал жағымызды — жете
даярланбаған және нашар ұйымдастырылган мемлекеттік басқаруды жатқызған
жөн. Мұның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей
барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен
кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі таңда көптеген проблемалардың шешімі
осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес. Әзірше
бізде стратегиялық міндеттерді, жоғары кәсіби деңгейде, отансүйгіштікпен
және адал шешуге қабілетті адамдар мүлде аз.
Барлық істерге жөн-жосықсыз араласу әдеті, ақпаратты қоғамнан жасыруға
жетелейтін құпияшылдықтың қажетсіз және зиянды сілемі, ведомствошылдық пен
жершілдік жекжатшылдық пен топшылдық, ұжымдық жауапсыздық, сүреңсіздік пен
бойкүйездік, сәйкессіз және көп сатылы құрылым, сыбайлас жемқорлық — міне
біздің бюрократияның бұрынғы режим тәрбиелеп кеткен әрі соңғы жылдары анық
көрініс берген, жасырын нысаннан ашық күйге ауысқан қадір-қасиеттерінің
әлі де толық емес жиынтығы осы.
Бұл проблеманың екінші бөлігі кәсіп-орындардағы менеджерлер корпусының
мүлде төмен сапасы болып табылады.
Жағдайды оңалту үшін көп іс істелді, соның ішінде кей сәтте оташылық
әдістерін де қолдандық. Бірақ бұл проблеманың басым проблемалар қатарында
тұрғаны айқын.
Мемлекет басшысы ретінде мен бір нәрсені айтуға тиіспін.
Шенеуніктердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін біз бөле алатын уақыт өтіп
кетті. Ендігі жерде өзге адамдардың есебінен жарылқаушы болуға, елдің
дамуына нұқсан келтіруге болмайды. Осы зиянды әдеттердің қаулап өсу
әлеуетіне түбірінен балта шауып, Үкімет аппараты мен мемлекет қызмет
реформаларын жеделдету қажет.
Ақыр соңында, бізге заңдарымыздың жартыкештігіне және тұрлаусыздығына
көңіл бөлу қажет. Үйдің іргетасын қалау жеткіліксіз — оның қабаттары,
қабырғаларі мен шатыры болуы қажет. Мұның өзі инвестициялық ахуалды
жақсартуға, кедейшілікті азайтуға, қылмыс біткенді құртуға және әлеуметтік
саланы дамытуға қатысты маңызды мәселе.
Мен теріс факторларды оң факторлармен қатар ұлттық стратегиямызды іске
асыру үстінде өзіміз ұшырасуға тура келетін міндеттерді белгілеу үшін
санамалап өттім. Мықты тустарымыз бен мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ әлсіз
тұстарымыз бен елімізге келер қатерді бөліп атай отырып, олардың уақыт
кеңістігіндегі серпінділігін әрі диалектикалық тұрғыда өзара
байланыстылығын назарда ұстау қажет. Мүмкіндігіміз қатерге ұласуы да,
керісінше болуы да мүмкін. Бүгінгі мықты тұстарымыз әлсіз тұстарымызға
айналуы және керісінше болуы да мүмкін.
Біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын
аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, тересімізді азайтамыз — бұл біздің
өзімізге, мақсаттар мен басымдықтарды дәл қоя білуімізге, оларды уақтылы
әрі оралымды іске асыруымызға байланысты.
 
2. 2.     ҚАЗАҚСТАН МҰРАТЫ
 
Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла.
Игі мақсатқа тура жүрген жетеді

Фирдоуси

Қай портқа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды

Сенека

 
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей
елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы
мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары
Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия
және Тайланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып
отыр. Үндістан мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас
Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт
артамыз және оған сенімдіміз.
Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан
басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің
бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың
доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және
баска да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20
жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе
арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі
әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол
жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға
қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін
үлгі болады деп сенемін.
Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы
дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.
Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен Барыстың өзіндік
ерекшеліктері де бар.
Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды
білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс
болмақ.
Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей соқтығыстардан
бойын тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен турағына, ұрпағына
қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып
қорғайтын болады.
Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой
алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.
Ол жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз,
бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуға тиіс.
Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.
Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан
қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына,
өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң
бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге
жетелеп, көрегендік танытады.
Ол өзі ішетін тұнық судың ылайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін
табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады.
Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздік
деңгейіне үстелген Батыстың талғампаздығы да, Шығыстың кемеңгерлігі мен
төзімділігі де тән болуға тиіс.
Ол өзінің талпыныс-ұмтылыстарында, жеңістері мен сәтсіздіктерінде бір
ананың сүтін тел емген өзінің бауырлары — Өзбек. Қырғыз және басқа да
Орталық Азия барыстарымен дәйім бірлікте болып, олардың өрлеуі мен
жетістіктерін мақтаныш тұтатан болады.
Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны
біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерікжігеріміз арқылы
тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз
болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске
асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке
ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті
түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге
болмайтыны да белгілі.
Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен
Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік
міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-
ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси
тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді.
Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын
еңсеруте, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой,
зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.
Бұл жұмыста табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты.
Ал мұндай қолдау адамдар істің оңалуға беталысы мен әділеттілікке көзі
жеткен жағдайда ғана көрсетіледі. Нақ сондықтан адамдардың әл-ауқатының
өсуі біздің күллі күнделікті жұмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізілуге тиіс.
Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан
ауытқымас үшін, біз өзіміздің нені қалайтындығымызды білуге тиіспіз.
Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен, мемлекет басшысы
ретінде, біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік
әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз,
гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы
— өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне,
осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің
ізашарымыз болып қалуға тиіс.
Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін?
Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі,
білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының
дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында
жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі,
күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады.
Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер,
банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұгалімдер мен
дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және
спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін
өндіретін әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады.
Көпшілігі халық тұтынатын жоғары технологиялық тауарларды және әлемдік
рынокта өзінің арзан бағасы мен үздік сапасына орай жоғары сураныспен
пайдаланатын өнімнің көптеген басқа да түрлерін өндіруші болады.
Біздің жас ұрпақтың кей өкілдері мемлекеттік қызметке турады. Олар
жоғары ақы теленетін, жақсы оқытып-үйретілген Қазақстан мен Қазақстан
халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола
отырып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.
2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құкықтарын қорғайтынына
және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз
жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік
көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің
қамқорлык жасайтынын білетін болады.
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге
айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз
бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың
балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.
2030 жыли біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың
қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Казақстаны
Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың —
Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен
мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.
Оны барлық ұлттар үшін тең мүмкіндіктер барына сенімді, бірақ бәрінен
бұрын өздерін Қазақстанның азаматтарымыз деп санайтын көптеген ұлттардың
өкілдері мекендейтін болады.
Оны барлық ұлттар үшін тең мүмкіндіктер барына сенімді, бірақ бәрінен
бұрын өздерін Қазақстанның азаматтарымыз деп санайтын көптеген ұлттардың
өкілдері мекендейтін болады.
2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды. Ол әлі әлемдегі
ең бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан
ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел
болады.
Әрине, мұның бәрі — болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ
мұрат арман ғана. Сіздердің көпшілігіңіз бұл мұратты кей кезде ең қарапайым
нәрсенің өзі жетіспей жататын бүгінгі тіршілікпен салыстырып, мұны қиялға
балап, ащы мысқылмен езу тартуларыңыз да мүмкін.
Бірақ олай емес. Мұның бәріне де қол жеткізуге болады, әрі әлемдік
тәжірибе бұл жоспарлардың ақиқаттығын қуаттап отыр. Иә, бүгін бәрімізге
қиын түсіп отыр. Оңай болған кезі бар ма? Біздің аталарымыз бен әкелеріміз
осы жүз жылда кандай жеңіл кезді бастан кешірген екен? Азамат соғысы, аштық
пен жұт, жаппай қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы немесе соғыстан кейінгі
күйзеліс жылдары оларға оңай тиді дейсіз бе? Өткен ғасыр мен оның алдындағы
ғасыр жеңіл болып па? Әрине, бұл — тарих. Тіпті бүгінгі күні де жер бетінде
800 миллион адам жыл сайын асқа жарымай, аштықты бастан кешіруде, талай
жүздеген миллион адамдардың баспанасы жоқ, миллиондар қанды соғыстарда қаза
тауып жатыр.
Ендеше, біз неге аһылап-уһілей береміз, ішкі қуатымызды қысыр сөз бен
күңкілге несіне жұмсаймыз?
Кез келген сыннан бірлігіміздің, күш-жігеріміздің және болашаққа деген
сеніміміздің арқасында абыроймен шыққанымызды ұмытатындай зердеміз сонша
қысқа ма еді? Тәулік бойы тыным таппай жұмыс істеп, аш құрсақ жүрсек те,
аузымыздағыны балаларымызға жырып беріп, олардың ертең жақсы өмір
сүретініне сенген едік қой.
Бүгін және ертең дәл осылай істеуімізге не кедергі? Ендеше неге
уайымға салынып, еңсемізді түсіріп жібердік? Ендеше еліміздің алдында,
әрқайсымыздың алдымызда орасан зор мүмкіндіктер ашылған осындай кезде, ең
бастысы бұрын ешқашан еншімізге тимей келген еркіндікке қолымыз жеткен
кезде мұнымызға не жорық! Барлығы тек өзімізге, сенімімізге,
ерікжігерімізге. бірлігіміз бен еңбегімізге байланысты. Ел мен үшін не
істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей алам деп сұраңыз.
Джон Кеннедидің американ халқына арнаған үндеуіндегі осы бір сөздер
біз үшін бұрынғы қай кездегіден де гөрі көкейімізден шығып тұр.
3. 3.     ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ
 
Бұл әлемде ең бастысы — біздің қай жерде тұрғанымыз емес, қандай
бағытта жылжып барамыз — міне, сонда

Холмз

 
Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай
ұзақ мерзімді жеті басымдықты істе асыру қажет:
1. ҰЛТТЫҚ ҚАУПСІЗДІК. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып,
Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және
алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта
беру.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің
нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық
казақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен
мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялык ортаны жақсарту.
5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды
қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін
табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық
ресурстарын тиімді пайдалану.
6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ. ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС. Осы шешуші секторларды
ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге
жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол
жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік
қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
Осы узақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал
кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-
жігерімізді жұмылдыра отырып біз стратегиямызды талдап жасауға және оны
дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.
Осы үзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздің азаматтарымыздың күш-
жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын
қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
 
1-ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ:
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
 

Сақтықта қорлық жоқ

Халық даналығы
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және
тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының
қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен
тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып,
ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған
ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер.
Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық
негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ,
бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез-келген
ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан
саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек.
Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басым-
дығы болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса,
онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып
қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және
қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін
үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды
геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре
байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық
қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және
мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз
түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдын да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де
бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл
тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның
экономикалық әлеуеметін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның
негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз
күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-
қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз
Ресеймен арадағы сенім мен теңқүқылы қарым-катынасымызды дамытып, нығайта
береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік
қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы,
көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.
Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық
процестерді күшейте береміз.
Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде
нығая береді.
Біздің стратегиямыздың екінші құраласы — Америка Құрама Штаттарын қоса
алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын
күшейту. Бұл елдер тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің
ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.
Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық,
Еуропалық және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен
форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға
халықаралық қауымдастық тарапынан колдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Біздің стратегиямыздың төртінші элементі — еліміздің ұлттық егемендігі
мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи
ресурстарды игеру.
Бесіншіден — біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі
мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет
арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен
мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ.
Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің
ортақтығын түсіну пісіп-жетіліп келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына
орай ол сезімнің нығая беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы
тұрмысының өзі ол тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне
байланысты екені сияқты, бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды
жеделдетеді.
Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің
жеке мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ал қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында
тұрғандағыға қараганда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп
тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Қазақстандағы ауылда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы
Меншік кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау және жекешелендіру
Бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың креативтік іс-әрекеттерін белсендірудің педагогикалық – психологиялық шарттары
Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)
Өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Отбасылықтың құндылықтардың әлсіреуі
Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесі
Пәндер