Тұтыну несиесi туралы мәлімет


Кiрiспе 3
1 - бөлiм: Несие - несиелендiрудiң теориялық негiздемесi
1. 1. Несие және қарыз капитальының мәнi 6
1. 2. Несие жйесiндегi несиелiк қатынастар мен банкаралық
бәсекелестiң туындауы (пайда болуы) 10
1. 3. Несиенiң тұрлерi мен ерекшелiк сипаттары . . 16
2 - бөлiм: «Қазақстан Халық Банкiң ашық акционерлiк
қоғамының (ААҚ) экономикалық сипаты . . . …24
3 - бөлiм: Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну
несиесiнiң даму перспективалары
3. 1. «Қазақстан Халық Банкiң ААҚ-ы Алматы облыстық
филиалының тұтыну несиесiн клиенттерге беру жағдайы
мен тәртiбi . . . …36
3. 2. Тұтыну несиесiнiң негiзгi формалары және бөлiп - бөлiп
сатып алудың мәнi . . …. . 52
3. 3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну
несиесін беру мәселелері және тұтынушылық несиелеуді
дамытудың болашағы . . . 67
Қорытынды . …. . 81
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi . . …84
КiрiспеДиплом жұмысының тақырыбына “Тұтыну несиесiн” таңдауым кездейсоқтан болған жоқ. Несие (кредит), экономика ғылымдарының iшiнде маңызды категорияға жатады. Тауар өндiрiсiнiң дамуымен ақша, төлем құралы қызметiн атқара отырып, айырбас кезiндегi Тауар - Ақша - Тауар өзгерулерi (ауысулары), ендi Тауар - Мiндеттеме - Ақша формасын қабылдайды, яғни тауарды сату мен оған төлем ақыны алу аралығындағы уақытша ұзiлiсiне байланысты несиелiк ақшалар пайда болады. Олар, алдын ала келiсiлген мерзiмде төленетiн мiндеттемелер болып табылады. Осыған байланысты, мұндай төлем тұрiнiң құқықтық жағын реттейтiн, қаржы - несиелiк қатынастар туындайды.
Несие, капитал айналымы жылдамдатуды қамтамасыз етедi, себебi сатып алынған тауар ұшiн төлемдi кейiнiрек жұргiзуге болады, сол сияқты басқа компаниялар мен банктердiң қаржыларын тарту есебiнен капиталды ұлғайтады.
Барлық меншiк формасындағы кәсiпорындарда, өзiнiң қызметiн жұргiзу және пайда табу (алу) ұшiн, көбiнесе қарыз қаржыларды тарту қажеттiлiгi туындайды. Қаржы тартудың ең көп тараған тұрi, несие келiсiмi бойынша банктен қарыз алу болып табылады.
Несиенi зерттеуге, талдап - бiлуге марксизм классиктерi мен көптеген кеңестiк және шетелдiк экономистер еңбектерiн арнаған. Дегенмен, бұл тақырып әле де толық зерттелмеген және қосымша жұмыстар жұргiзудi қажет етедi, себебi қазiргi нарық жағдайында несие қатынастары жоғарғы өрiстеу дәрежесiне жетiп отыр. Қазiргi кездегi сөз етiп отырғанымыз қарызға беретiн ақша капиталдар көлемiн тұрақты ұлғайту туралы ғана емес, сонымен бiрге несие қатынасындағы субъектiлердiң көбеюi мен несиелендiру операциясының көптұрлiлiгi туралы болып отыр.
Тақырып туралы айтқанымызда, өтпелi кезеңдегi әкiмшiлiк реттеушiлiктен нарықтың қатынасқа көшудегi бiздiң экономиканың кездесетiн проблемаларын естен шығаруға болмайды, яғни ақша - несие сферасындағы мәселелер айтарлықтай радикалдық өзгерiстердi қажет етедi. Выборнованың Е. К. айтуы бойынша “қазiргi кезеңде несие сферасына тән (жататын) экономикалық рычалтарды (тұтқаларды) толығымен пайдаланудың керектiгi пiсiп жеттi, елдегi ақша айналымын басқаруға принципальдi жаңа жолдарды жасап, жұзеге асыру қажет”.
Төлем қаржыларының айналымдағы аса көптiгi мен несиенiң өз тағайындылығын (назначения) жоғалтуы несиелiк сфера сипаттарының айрықша белгiсi болып табылады. 1987 жылдың басында банктердiң несиелiк салымдары ең жоғарғы деңгейiне жетiп 593, 2 млрд. соманы құрады, бiрақ 1991 жылы шаруашылық салаларға және халықтарға берiлген жалпы несие көлемi 1987 жылдың басымен салыстырғанда 28 %-ға қысқарған. Соңғы жылдары несие салымдарының құрылымында да өзгерiстер болды. Қазiргi кезеңде, бюджет ресурстары жетiспеушiлiгiнiң орнын толтыруға берiлетiн несиелердiң ұлес салмағы 16, 4-тен 34, 7 %-ға өсiп, халық шаруашылығына берiтетiн несиелер ұлесi 51, 7 - ден 35, 2% - ға кемiген. Бұл келтiрiлген фактiлер несие проблемаларына айтарлықтай көңiл бөлу қажеттiлiгiн бiлдiредi, себебi елдiң экономикалық жағдайы, оның ақша-несие жұйесi жағдайынан тәуелдi болып келедi. Сондықтан, өркениеттi елдердiң бұл сферадағы жинақталған iс-тәжiрбиелерiн есепке алу қажет болып табылады.
Барлық несие жұйесiнде реформа жұргiзiлiп, соның нәтижесiнде акционерлiк негiзде нсиелендiру мекемелерi құрылды және бiздiң елiмiзде тұтынушылық және комерциялық несиелердiң жаңа формалары өрiс алып, дамыды.
Бұл, елiмiздiң экономикасы ұрдiсiн жылдамдатып, аса тиiмдi етiп жасады. Соңғы кезеңдерде бiздер несие-несиелер сөзiн жиi естимiз. Бiреулер ұлкен, ал кейбiреулер кiшi дәрежеде осы “несиемен, несиеде” өмiр сұрiп жатыр. Бiздiң барлығымызға несиенiң көптеген тұрлерi бар екендiгi белгiлi: инвестициялық несие, айналым капиталға несие, тұтыну несиесi, т. б. Олардың әрқайсысы бiздiң игiлiгiмiз ұшiн қызмет атқарады. Бұл диплом жұмысында соңғы келтiрiлген тұтыну несиесi туралы айтылады.
Өткен ғасырдың орта кезiне дейiн тұтыну несиесiнiң бар екендiгi туралы ешкiм бiлмейтiн едi. Ал қазiргi кезде тұтыну несиесi кең таралып, бiздiң өмiрiмiзде аса маңызды роль атқарып отыр. Сондықтан да диплом тақырыбы актуальды болып саналады, себебi тұтыну несиесi арқылы мына жағдайларға қол жеткiзуге болады:
1) несие көмегiнсiз ұзақ уақыт кұтуге немесе қол жеткiзуге болмайтын заттарды (мұлiктердi, т. б. ) сатып алу мұмкiндiгiне;
2) икемдiлiгiне байланысты ыңғайлы уақытта жәрмеңкедегi баға төмендету кезеңдерiнде сатып алуға және қажеттi қолма-қол соманың болмаған жағдайында да пайдалы келiсiм жасауға;
3) қауiпсiздiгiне байланысты саяхатта болғанда немесе сатып алуды жұргiзгенде төлемдiк кредиттiк карточкалар мен шығындық шоттар (расходные счета), қолма-қол ақшамен салыстырғанда, аса сенiмдi және ыңғайлы болып табылады;
4) көмектiк жағынан алып қарағанда, алдын ала қарастырылмаған асығыс шығындарды өтеуге мұмкiндiк туғызады (жол оқиғасындағы автомобилдi жөндеу, т. с. с. жұмыстарды) .
Былайша айтқанда, бiздi көп жағдайларға босқа бас қатырмай өз жеке басы мен семья қамын ойластыруға мұмкiндiк туғызады.
Тұтыну несиесiнiң, осындай жақсы жақтарымен қатар кемшiлiктерi де бар болып табылады.
Мiне, осы айтылғандардың барлығы диплом жұмысының тақырыбын таңдап, несиенiң мәнi және оның формаларын, тұтыну несиесiнiң негiзгi тұрлерi мен берiлу тәртiптерiн, оның экономикадағы ролiн қарастыруды және талдау жұргiзудi мақсат етiп қоюға келтiрдi.
Талдау - зерттеу жұмыстары “Қазақстан Халық Банкi” ААҚ-ң Алматы облысы филиалының несие қатынастарын ұйымдастыру iс-тәжiрибесi негiзiнде жұргiзiлдi.
1-бөлiм: Несие - несиелендiрудiң теориялық негiздемесi
- Несие және қарыз капиталының мәнi.
Несие (кредит - kredo) - сенiм, сенемiн деген ұғымды бiлдiредi. Ақша фермасындағы капитал, ссудалық капитал (қарыз капиталы) деп аталады және оның иесiнiң уақытша белгiлi бiр мерзiмг берiп, процент тұрiндегi өсiмiмен қайтарылуын айтамыз.
Неси (кредит) - бұл, ссудалық капиталдың ақшалай немесе тауардай, әдетте өсiм процентiмен, қарызға берудегi қозғалыс фермасы;
Кұн-бағалық экономикалық категория және ақша-тауарлық қатынастардың бөлiнбейтiн элементi болып табылады. Шындығында несие - ұдемелi ұдай өндiрiстiң ажырамас бөлiгi және тауарлы өндiрiс-несие қатынастарының пайда болатын табиғи негiзi. Себебi тауардың пайда болуы маңызды екi жағдайға байланысты: бiрiншiден, өнiм тауар болуы ұшiн оның заттай тұрi мен құны болуы қажет; екiншiден, өнiм бiр өндiрушiден екiншi өндiрушiге (тұтынушыға) ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас несиенiң пайда болатын ортасы немесе оның, көрiнiс берiп, туындайтын жерi болып табылады.
Осыған байланысты, өндiрiстегi капиталдың қайталама айналымы мен қаражаттардың айналысы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрi дамитын нақты экономикалық негiзi (шығу тегi) болып табылады.
Жалпы, барлық шаруашылықтағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзiнiң қозғалысында бiр уақыт кезеңiнде әрi ақша, әрi өндiрiстiк, әрi тауар фермасында әр тұрлi қызмт атқаруы мұмкiн және осыған байланысты, өндiрiстiк капиталдың қайталама айналымы кезеңдерiнде уақытша бөлiнiп шығып, бос тұрған ақша қаражаты қарыз-неси капиталының (қорының) пайда болатын бiрiншi көзi есебiнде саналады.
Ақша қорының уақытша бөлiнiп шығуы мынадай себептермен болады: бiрiншiден, негiзгi капитал-құралдарының өндiрiс процесiнд бiрте-бiрте тозуынан, яғни еңбек құралдары өндiрiсте бiрнеше жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайындалған өнiмге бiртiндеп ауысады. Дайын өнiмдi сатқаннан кейiн ол сома тозған негiзгi қорларды кұрделi жөндеуден өткiзгенше, не жаңасын сатып алғанша кәсiпорынның банктегi шотында ақша тұрiнде, толық тозуы мерзiмi бiткенде дейiнгi шотында ақша тұрiнде, толық тозуы мерзiмi бiткенге дейiнгi аралықта, жинақталып сақталады. Бұндай жинақтап сақтауды амортизациялық (жаңғырту) қоры деп атайды. Мысалы, егер 1 млн. теңге тұратын трактор (комбайн) 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның 100 мың теңге сомасы тұсдi: Бұл уақытша бос ақша қоры - несие ресурстарының бiр көзi болып табылады.
Екiншiден дайын өнiмдердi сату мен қажеттi материалдарды және шикiзаттарды сатып алу мерзiмдерi барлық уақытта бiрiне -бiрi сай келе бермейдi. Сондықтан сатылған дайын өнiмнен тұскен ақша сомасының бiр бөлiгi қолданылған шикiзаттар мен қосалқы материалдардың құнын көрсетедi. Ол сома да уақытша бос ақша қоры-несие ресурстарының бiр көзi есебiнде болады.
Үшiншiден, еңбекке ақы төлеу мерзiмi мен дайын өнiмдi сату мерзiмiнiң сай келмеуi. Себебi өнiмдi өндiруге еңбек кұшi кұнде жұмсалғанмен оған еңбекақы төлеу бiраз кешiгiп жұредi. Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы.
Төртiншiден, ұдемелi ұдайы өндiрiстiң қалыпты жұмысын қамтамасыз ету ұшiн пайданың бiр бөлiгiн жинақтау қажет, яғни кәсiпорынға жаңадан құрал-жабдықтар, машиналар және т. б. сатып алу ұшiн жылма-жыл пайданың бiр бөлiгiн банктегi есепшотта жина қою да - уақытша бос ақша капиталы.
Сонымен, өндiрiстiк капиталдың қайталама айналымы, сөзсiз, уақытша бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәлiметтерi бойынша бұкiд ақша жинағының 20 процентке жуығы кәсiпорындарда пайда болады екен.
Қарыз капиталының жинақталатын екiншi көзi, бұл, мемлекеттiң әр тұрлi жолдармен тұсiретiн ақшалары, атап айтқанда: мемлекеттiң өндiрiстiк, коммерциялық және қаржылық iс-әрекеттерiнен тұскен ақша, тұрлi деңгейдегi бюджеттердiң активтi қалдық ақшалары, сақтандыру мекемелерiнiң, зейнетақы қорларының және басқа да мемлекеттiк ұйымдардың қолдық уақытша бос тұрған қаражаттары. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттiң ұлесi 10 процент шамасында болып келедi.
Қарыз капиталы құрылымының ұшiншi көзi, бұл, халықтың жинақ қаржылары, яғни кұнбе-кұнгi қажеттiлiкке жұмсалмай болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ мерзiмге тұтынылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мұлiктердi сатып алуға сақтап қойған жолақының бiр бөлiп.
Ақша жинақтаудың осы аталған негiзгi көздерiнен басқа несие - қаржы мекемелерiндегi шоттар бойынша әртұрлi қалдық (сальдо) пен резервтiк сомаларды да жатқызуға болады.
Әрбiр экономикалық категорияның мәнi мен мазмұны оның атқаратын қызметтерiнде көрiнiс табады (бередi) . Ал оның әрбiр қызметi басқа категориялардан өзгешiлiгiн анықтайтын маңызын сипаттайды.
Тауарлық өндiрiс жағдайында қарыз келiсiмi өндiрiс процесiндегi тауар айналасына қажеттi несиелендiруден туындайды. Өндiрiс, ұдемелi ұдайы өндiрiстiң бастапқы, әрi шешушi моментi болып табылса, ол басқа фазалармен де тығыз байланысты болып келедi. Үдемелi ұдайы өндiрiс процесi қоғамның материалдық игiлiктерiн ұздiксiз өндiруде оның әртұрлi стадиялық фазалардан жұйелi тұрде өтуiн қарастырады. Әрбiр стадия-өндiрiс, айырбас - ауыстыру, тарату және тұтыну-фазаларының белгiлi бiр мағына - маңызы бар болып табылады. “Өндiрiс, тұтынуға қажеттiлiк сәйкестiкте затты (тауарды-өнiмдi) жасайды; тарату, қоғамдық заңдарға сәйкес оларды таратып - бөледi; айырбас-ауыстыру, жекелеген сұраныс-тұтынуға байланысты, бiр рет бөлiске тұскен қоғамдық өнiмдердi қайта таратып-бөледi; ақыр соңында, осы қоғамдық қозғалыстан шығып, өнiм тұтынуға, пайдалануға тұседi”.
Өндiрiс болмаған жағдайда шығарылған тауар-өнiмдi тұтыну стадиясы да болмайтын сияқты, тұтыну болмаған жерде өндiрiстiк фазада болмаған болар дi, себебi өндiрiстiк стадияда мақсатсыз өнiм-тауар өндiрiлген болған болар едi.
Айырбас процесiнде уақытша бөлiнiп шыққан құнды кейiн өзiнiң алғашқы иесiне өсiм ақысымен қайтарып беру келiсiмi бойынша несие берушi мен қарыз алушының арасында неси қатынастары пайда болады.
Қорыта айтқанда, қарыз капиталы (қоры) өндiрiс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлiнiп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттiң ақшалары жинағынан құралады. Ақша қоры ұнемi айналыста болуы қажет -ол уақыт ұнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететiн құрал-несие. Себебi шаруашылықтардың бiркелкi жұмыс iстеу ұшiн және оны ары қарай дамыту ұшiн де қосымша ақша қажеттiгi туындайды. Бұндай қажеттiлiк маусымдық жұмыстарды орындау, атқару кезеңдерiнде айрықша бiлiнедi.
Уақытша бос тұрған қаржыларды жинақтап, оны қажет уақытында, қажеттi мөлшерд, қажеттi жерiне жұмсап және белгiленген уақытта қайтарып алуға мұмкiндiк беретiн құрал- несие болып табылады. Басқаша айтқанда, экономикадағы уақытша бос ақшаны iске (айналысқа) қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгiлi келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететiн-несие қатынастары.
Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектiлердiң мұмкiндiктерiнiң көптеген кұмән келтiруге болмайды, сол сияқты iс жұзiнде оның тек бiреуiн бөлiп көрсетуге де болмайды. Себебi ақша қаражатын несие жұйесi, бiр жағынан, өзiнде шоғырландырса, екiншi жағынан - ол сол субъектiлерге несие бередi. Нәтижнсiнде ақшаны жинау және несие беру процестерi араласып, дәл сол уақытта бiр сома әрi қарыз, әрi жинақ болуы мұмкiн.
1. 2. Несие жұйесiндегi несиелiк қатынастар мен банк аралық бәсекелестiң туындауы (пайда болуы) .
Өркениеттi мемлекеттердiң тәжiрибесiнде несие жұйесi туралы екi тұрлi ұғым қалыптасқан: бiрiншiсi - несие - есеп қатынастары, оның тұрлерi мен несиелеу әдiстерiнiң жиынтығы; екiншiсi - несие - қаржы институттарының (мекемелерiнiң) жиынтығы.
Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенiң барлық формалары мен тұрлерiн қамтиды. Несие жұйесi несие - қаржы мекемелерiнiң жиынтығы ретiнде жеке және заңды тұлғаларды уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсiпорындарға, ұкiметке және халықтың әр тұрлi топтарына қарызға бередi.
Несие жұйесiнiң қызметiнен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерiнде әр тұрлi субъектiлердiң уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгiлi бiр мерзiмнен кейiн және белгiлi бiр төлем ақымен қайтару ұшiн бөлiп беру анықтайды. Сонымен бiрге несие жұйесi мемлекеттiң ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бiр саласынан екiншi саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi. Несие жұйесi арқылы кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдерi жұргiзiлiп, сондай - ақ әр тұрлi несиелiк, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенiмдiлiк, кеңес беру және с. с. көптеген операциялар өтедi.
Несие жұйесiнiң маңызы мен ел экономикасындағы ролi бiраз көрсеткiштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемiмен, кәсiпорындар мен мекемелердiң негiзгi және айналмалы капиталын қалыптастыруға банктiк қарыздың ұлесiмен, жиынтық төлем айналымымен және т. б. сипатталады. Мысалы, әрбiр қоғамның даму тарихындағы белгiлi бiр кезеңге және қоғамдық - экономикалық формацияның өзiне және несие жұйесiнiң құрылымы болады. Мысалы, XX ғасырдың 20 - жылдарынан 90 - жылдардың бас жағына дейiн бұрынғы Кеңестiк Одақтағы (КСРО) жоспарлы - орталықтанған экономикаға сай келетiн қатаң орталықтанған несие жұйесi құрылды.
Несие қатынастарының даму дәрежесi, несие мекемелерiнiң көбеюi, өндiрiс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалану жөнiнен дұниежұзiндегi дамыған мемлекеттердiң iшiнде АҚШ алдыңғы қатарда келедi. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда төртен ұш (3/4) бөлiгiнiң несие жұйесi арқылы өтуi болып табылады.
Қазiргi кезде экономикасы дамыған мемлекеттердiң несие жұйесiнде көптеген өзгерiстер кездеседi. Олар:
Бiрiншiден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесiнде банк монополиясының пайда болуы: XIX -ғ. аяғы мн XX -ғ басында әр мемлекеттерге ақша капиталының көп бөлiгiн жинақталған iрi банктер бөлiнiп шыға бастады.
Бұл iрi банктер қарыз капиталының нарығында ұстемелiк еттi. Олардың капиталының мөлшерi iрi клиенттердi және жинақ салушыларды өзiне тартып, нәтижесiнде ұлкен табыс табудан өстi.
Несие жұйесiнде iрi банктердiң ұлесiнiң өсуi тек операция жұргiзумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бiрiгуiнiң интенсивтi процесiне байланысты болады.
Капиталды шоғырландырудың және орталықтандырудың ашық және жасырын тұрлерi кездеседi. Бiрiншiсiн ұсақ банктердiң кұйреуi, олардың бiр-бiрiмен қосылуы, бөлiмшелерiнiң дамуы, ал екiншiсiнде корреспонденттiк қатынастар мен көпбанктiк жұйелердiң дамуы жатады. Корреспонденттiк қатынастар деген несие мекемелерi арасындағы келiсiм бойынша жұргiзiлетiн операциялар, олардың мақсаты - бiр - бiрiнiң тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жұзеге асыру. Корреспонденттiк шоттар: “лоро” - олардiкi, “ностро” - бiздiң қаржы деп бөлiнедi: Оларда арасан iрi сома жинақталады. Мысалы, АҚЩ - тағы барлық коммерциялық банктердiң арасынан бiрнеше iрi банктердiң ресурстары басқа банктердiң ресурстарының сомасынан шапшаң өсуiмен көзге тұсуде. 1960 - 1970 ж. ж-да 50 iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сомасы 88, 8 млрд-тан 230, 4 -млрд. долларға жетiп, яғни 2, 5 есе өскен болса, ал осы уақытта басқа коммерциялық банктердiң депозиттiк сомасы 141, 7 млрд - тан 255, 1 млрд. долларға жетiп, яғни тек 1, 8 есе ғана өскен. 1970 жылы осы 50 iрi банктер 13, 705 барлық коммерциялық банктердiң депозисттiк сомасының 47% -iн билеген болып табылады. (10; 292) .
Iрi коммерциялық банктерден азғана алып банктер “Бэнк оф Америка”, “ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк” және осындай бiрнешеуi бөлiнiп шығып, олар өнеркәсiп - қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларда басты роль атқарады. Олар - iрi банктердiң өзара қосылып, банк холдингiн құруының көрiнiсi болып табылады.
Екiншiден, әр тұрлi несие мекемелерi арасында бәсекенiң кұшеюi. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуi қарыз капиталының нарығында бәсекенi өршiте тұстi.
Бәсеке бiртектес және әр тұрлi несие мекемелерiнiң арасында жұредi. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге тұседi. Бәсеке нәтижесiнде iрi компаниялар iрi мөлшерде несиенi оңай алып, кәсiпорындарды өз ықпалында ұстау ұшiн несиенi жеңiлдiкпен бередi. Ондай жңiлдiктер несие алудың жағдайларына (яғни пайдалану мезгiлiне, мөлшерiне, қайтарылуына) жасалады. Бiрақ банк қызметiне бұрынғысынша жоғарғы тарифтер мен проценттiк төлем ақысы сақталады. Сондай - ақ, клиенттерге банк қызметiнiң қосымша тұрлерi көрсетiледi (мысалы, тәулiк бойы төлем құжаттарын қабылдау, әр тұрлi сұрақтарға жауап беру, кеңес беру және тағы сол сияқтылар) .
Бәсекенiң келесi тұрi - әр тұрлi несие - қаржы институттарының арасында туындайды. Мысалы, коммерциялық банктер мен жинақ мекемелерiнiң арасында жинақты өздерiне тарту ұшiн, коммерциялық банктер, қаржы компаниялары, несие одақтарының халыққа тұтыну тауарларына берген қарыздың ұлкен бөлiгi ұшiн; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және жинақ - қарыз банктерiнiң бәсекесi. 1970-80 ж. ж несие мекемелерiнiң бәсекесi өрте тұстi, оған себеп болған негiзгi факторлар: қаржылық қызметтердi шектердi реттйтiн бiрсыпыра заңдарды алып тастау; қаржылық инновацмяның қарқынды өсуi, яғни несие -ақша операцияларының жаңа тұрлерiнiң және есеп айырысу мен қарыз капиталы нарығының құралдарының пайда болуы; электронды - есептегiш машиналар мен телекоммуникация құралдарын кең қолдану несие аясында монополистiк бақталастықтың мұмкiншiлiгiн арттырады. Осы процестердiң нәтижесiнде клиенттерге көрсетiлетiн қызметтердiң көптеген тұрлерiн ұсынатын әмбебап операциялар тенденциясы байқалып көп бағытты несие мекемелерi құрыла бастады. Коммерциялық банктер бұрын шұғылданбайтын жаңа қызметпен, яғни жылжымайтын мұлiкпен операция жұргiзу, лизинг, сақтандыру және сол сияқты қызмет тұрлерiн кең қолдана бастады.
Бәсекенi кұшейтетiн маңызды фактордың бiрi - қаржылық емес корпорациялардың қаржылық қызмет тұрлерiн арқаруы. Бұл мекемелер банк қызметiнiң тек кейбiреуiн ғана орындайтындықтан, несие институтына таралатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ-та оларды “банктiк емес банк” деп атайды. Олар - ДЖенерал мотороз, форд, ИБМ, Америкен экспресс және т. б. - көптеген операциялар жұргiзумен шұғылданады: өнеркәсiптiк және тұтыну несиесiн беру; жылжымайтын мұлiктен, сақтандыру, лизинг операцияларын жұргiзiп, қолма - қол ақшаны басқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz