«Үш қиян» баспасынан жарық көрген атақты адамдар хақындағы кітаптар ерекшелігі


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Баспа ісі және редакциялау кафедрасы
Азамат Тұралиев
«ҮШ ҚИЯН» БАСПАСЫНАН ЖАРЫҚ КӨРГЕН АТАҚТЫ АДАМДАР ХАҚЫНДАҒЫ КІТАПТАР ЕРЕКШЕЛІГІ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Ресми сарапшысы - Е. Дүйсенбаев, «Жазушы» баспасының бас директоры
Ғылыми жетекшісіА. -Х. Мархабаев,
филол., ғ. д., профессор
Кафедра меңгерушісіС. Медеубекұлы
Комиссия хатшысы М. Майлықұтова
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының
2010 жылғы . . . мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді.
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I тарау «ҮШ ҚИЯН» БАСПАСЫНАН АТАҚТЫ АДАМДАР ЖАЙЛЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАПТАР
1. 1. «Үш қиян» баспасынан шыққан прозалық кітаптар
1. 2. «Үш қиян» баспасынан жарық көрген поэзиялық кітаптар
II тарау «ҮШ ҚИЯННЫҢ» БАСҚА БАСПАЛАРДАН ЕРЕКШЕЛІГІ
2. 1. «Үш қияннан» шыққан ғылыми оқу-әдістемелік кітаптар
2. 2. «Үш қиянның» баспаға кітап дайындаудағы әдіс-тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрі болсын, қоғамға өз ықпалын тигізіп келді. Бұдан былай да осы дәстүр жалғаса беретініне күмән жоқ. Осы ретте кітаптың ағартушылық ерекше рөлін айналып кете алмайтынымыз анық. Идеологияның таптырмас құралы саналатын кітаптың күн санап санының артуы оның адам санасының таным көкжиегін кеңейтіп, көзқарасын мүлдем басқа арнаға бұрып жіберердей рөлінің жоғары екенін көрсетсе керек. Халықаралық деңгейдегі тұлғалар да өз ойлары мен пікірлерін кітап арқылы халыққа жеткізуде. Демек, кітап - білімнің кілті. Кітап - үлкен қазына. Кітап - қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың қуатты құралы. Осы тұрғыда отандық баспалар қазына қазанын қандай кітаптармен толтыруда? Кітап шығаруда олардың бүгінгі жетістіктері қандай?
Бітіру жұмысында «Үш Қиян» баспасының тарихы, кітап дайындаудағы өзге баспалардан ерекшеліктері жан-жақты сараланып, талдау жасалынады. Баспа ісіне қатысты ұсыныстар айтылады.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлт бар жерде оның тілі, діні, салт-дәстүрі, мәдениеті, саясаты, сонымен қатар ұлттың айнасы - әдебиеті де болады. Әлемнің ұлы қолбасшысы Бонапарт Наполеон айтқандай, бүгінде алты қатар әскердің күшінен алты беттік кітаптың күші асқан заман туды. Демек, кітап -идеологияның таптырмас құралы. Сондықтан осындай бейбіт заманда кез келген кітаптың дұрыс бағытта жазылуы, халықтың сауатын ашу мақсатында шығуы - заңдылық.
ХХІ ғасыр - технологияның заманы. Кітап шығару ісінің жаңа технологияға бейімделуі - уақыт талабы. Дипломдық жұмыста «Үш Қиян» баспасының заман талабына қаншалықты икемделіп келе жатқаны сөз болады. Бітіру жұмысында кітапты оқырманға оқылымды етіп шығарудың жолдары, тұлғаны таңдаудағы талаптар кеңінен қарастырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы кітаптың шығу тарихы жайлы Ү. Субханбердина, Д. С. Сейфуллина («Қазақ кітабының шежіресі», (1907-1917 жылдар) Алматы, 1996), Ш. Елеукенов, Ж. Шалғынбаева («Қазақ кітабының тарихы» Алматы, 1999), Ә. Жиреншин («Қазақ кітаптары тарихынан», Алматы, 1971), Ш. Елеукенов («Кітаптану негіздері», Алматы, 1999), Л. И. Владимиров («Кітаптардың әлемдік тарихы», Мәскеу, 1988), М. Мамажановтар («Асыл мұра», Алматы, 1993) зерттеген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты - «Үш Қиян» баспасының жарық көрген атақты адамдар хақындағы кітаптардың ерекшелігін анықтау. Осы мақсатта біз төмендегі мәселелерді зерттеу нысанамызға алдық.
- «Үш Қияннан» шыққан поэзиялық кітаптар;
- «Үш Қияннан» шыққан прозалық кітаптар;
- «Үш Қиянның» өзге баспалардан ерекшеліктері;
- «Үш Қиянның» баспаға кітап дайындаудағы әдіс-тәсілдері;
- «Үш Қияннан» шыққан кітаптарды безендіру және тарату ісі;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста «Үш Қиянның» өзге баспаларға қарағанда, рейтингі анықталады, салыстыралады. Оның кітап шығарудағы рөлі айқындалады. Баспаның беделін көтеруге қатысты ұсыныстар, пікірлер айтылады.
Зерттеу тәсілдері. «Үш қияннан» шыққан атақты адамдар хақындағы кітаптарға шолу жасалынып, кешенді талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу пәні. «Үш Қиян» баспасынан жарық көрген атақты адамдар хақындағы кітаптар ерекшелігі.
Зерттеу жұмысының нысаны. «Үш Қиян» баспасынан шыққан атақты адамдар туралы жазылған кітаптарды ғылыми тұрғыдан талдап, сараптау - жұмыстың негізгі нысаны.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Бітіру жұмысының тақырыбына қатысты бірқатар еңбектер пайдаланылды. Сонымен бірге Ү. Субханбердина, Д. С. Сейфуллина, Ш. Елеукенов, Ж. Шалғынбаева, М. Мамажанов, Л. И. Владимиров, т. б. кітап тарихын, оны шығарудың әдіс-тәсілдерін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми теориялық еңбектері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде түркі тілдес халықтардың ішінде татар тіліндегі кітаптардан кейін қазақ тіліндегі кітаптар саны мен көлемі жағынан екінші орын алған. Бұл кітаптар, негізінен, Қазан, Ташкент, Петербор, Уфа, Астрахань баспаханаларынан шыққан. Қазақ тіліндегі ең алғашқы басылым 1831 жылы «Қазақ халқына хабарлама» деген атпен Қазан университеті баспаханасынан жарық көрді. 1862 жылы көптің қолына тиген «Ер Тарғын» эпосының таралымы 33 800 данаға жеткен еді. Кезінде таралымы 57 800 дана болған Біржан мен Сара айтысы да халыққа кең тараған.
Еліміздегі қазіргі баспа ісінің даму мерзімі - Қырғыз (Қазақ) Республикасының бірінші астанасы - Орынбор қаласында мемлекеттік баспа - соңынан Қазмембаспа болып қайта аталған Қырмембаспа туралы ереже қабылданған 1920 жылдың қарашасы деп есептеледі.
Сөйтіп, 1920 жылы мемлекеттік кітап баспасының негізі қаланды. 1940 жылы Қазақстанда небәрі төрт баспа болды. Олар - «Қазақ» баспасы, «Қазақ партия» баспасы, «Көркем әдебиет» баспасы және «Жастар» баспасы. Бұл баспалардан шығарылған тарихи туындылардың сапасы да, таралымы да нашар деуге келмес.
Қазақстанның кітап баспалары саласында айтарлықтай жоғары жетістіктерге өткен ғасырдың 70-80 жылдары қол жеткізді. 60 жылдармен салыстырғанда басылым атауларының саны бойынша әдебиеттерді шығару, жалпы тиражы мен кітап өнімдерінің тауар айналымы екі еседен артты. Ал баспа саласының материалдық-техникалық базасы үш есе артты.
Қазақстанның егемендік алуымен кітап шығарудың жаңа даму кезеңі басталды.
Баспагердің негізгі міндеті - сапалы туындыны жақсы етіп жарыққа шығару. Оның ішкі мазмұны мен сыртқы безендірілуі бірін-бірі толықтыруы тиіс. Жасыратыны жоқ, қазіргі баспагерге кітаптың ішкі дүниесінен гөрі мұқабасының әдемілігі, қағазының жылтырлығы маңыздырақ. Қалай дегенмен де, баспалар арасында бәсекелестік тумай, сапалы дүниені елестете алмайтынымыз тағы бар.
Қазіргі таңда республикамызда мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін баспалар мен жеке баспаларды қоса алғанда, жалпы саны - 150-ге жуық (кейбір деректерде 300-ден аса) . Баспагерлер әр алуан сериялармен кітап шығару ісін жалғастыруда. Онда жылына шығаратын кітаптар сапасы жағынан да, саны жағынан да көңілге қонымсыз деген ой көпті мазалайды. Мәселен, Ресейде жыл сайын 100 000-нан аса жаңа кітаптар қорын толықтыруда. Қазақстанда мемлекеттік тапсырыспен жылына 500-ден аса кітап, 2000-3000 тиражбен ғана жарыққа шығады. Олар еліміздің кітапханаларына ақысыз таратылады. Барлық сала бойынша көркем әдебиеттер көбірек шығарылады. Қазақстандағы кітап басу ісі нендей сатыда дегенге келсек, қазіргі Қазақстандағы кітап бизнесінде кіріс аз. Өйткені олардың тиражы аз.
1990 жылдары Ресей баспалары (детективтер) шытырман оқиғалы шығармалар мен махаббат тақырыбындағы бірыңғай оқиғалар жарыса жазылған сапасы сын көтермейтін әдебиеттерді көптеп шығарды. Бүгінде Ресейдегі миллиондаған тираждың қатарына құндылығы жоғары көркем прозалар, мемуарлық шығармалар, биографиялық әдебиеттер, ғылыми фантастикалар және альбомдар енгізілуде. Бұларды жазған авторлардың басым бөлігі - әйел-қыздар екен.
Елімізде кітап, яғни полиграфия өндірісінің дамуы егемендіктен кейін ерекше қарқын алған. Үкімет бағдарламасына сай түрлі саладағы кітаптар жарық көре бастады. 2001 жылы ай сайын 200 басылым болса, 2004 жылы айына 600-ден шыққан. Бұған қарап, елімізде шығарылып жатқан кітаптарды (Орта Азия елдерімен салыстыра келе) өте аз демейміз. Олардың мемлекеттік тілдегісі 80 пайызды құрайды. Мұндағы жаңа кітаптардың көп бөлігі - оқу құралдары, анықтамалықтар, сөздіктер, ғылыми зерттеулер, көркем әдебиеттер.
Қай дәуірде де, баспагер мен оқырман арасын байланыстарын институт - кітапхана. Кітапхана - баспадан шыққан жаңа кітаптарды оқырманға жеткізетін негізгі орын. Ол үшін кітапхана қызметкерлері баспалардан қандай кітаптың қашан шығатынын алдын-ала біліп отыруы қажет. Сондықтан да баспа мен кітапхана арасында тығыз байланыс орнауы керек.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитеті баспалар арасында мемлекеттік тапсырыспен кітап шығару жөнінде мемлекеттік саясатты жасайды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы бюджеттік тапсырыстар мен тематикалық жоспарларды қалыптастырудың басты күші халықтың сұранысындағы қажетті әдебиеттерді жоғары сапалы өнімдер өндірісіне жүктейді. Кітап басудың ең даңқты бағыты көпұлтты қазақстандық мәдениетті, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны насихаттайтын әсем безендірілген балалар әдебиеті, әлемдік балалар классикасы, Қазақстанның белгілі тұлғаларының мемуарлары, музыкалық әдебиеттер мен басқа да басылымдар болып табылады. Қоғамның әлеуметтік және рухани дамуы үшін ұлттық әдебиет пен жазбаның бірігуі мен ең үздік әлемдік, ғылыми, мәдени жетістіктер негізінде мемлекеттік тілдегі гуманитарлық білімнің толықтай қорын қалыптастыруды алға қойып отыр. 2006 жылдан «Мемлекеттік тіл - тұғырың», «Литература на языках народов Казахстана», «Сардар» серияларында кітаптар шығады.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің мерзімді басылым, кітап басу, кітап тарату мен баспаханалар аясындағы бірлестік бойынша Мемлекетаралық кеңеске төрағалық етіп келеді.
Біздің елдегі баспа ісінің дамуы 1920 жылдан басталады, сол жылы Қырғызстанның бірінші астанасы - Оренбургте мемлекеттік баспа ісі - Киргосиздат туралы ереже қабылданды, кейіннен ол Казгосиздат болып өзгертілді. Қазақстанның кітап басу ісі 70-жылдары мен өткен жүзжылдықтың 80-жылдары алға басты. 60-жылдармен салыстырғанда баспа атаулары бойынша кітап шығару таралымы мен айналымы бойынша екі есеге өскен. Ал баспахананың материалдық-техникалық базасы үш есеге өскені байқалды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кітап басудың жаңа кезеңін бастан кешірді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында екі мемлекеттік 300 астам жеке меншік баспалар пайда болды. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің мерзімді басылым, кітап басу, кітап тарату мен баспаханалар аясындағы бірлестік бойынша Мемлекетаралық кеңесте төрағалық етті. 2005 жылдың 1 нен 3 дейінгі аралықта Алматыда ортаазиялық мемлекеттердің қатысуымен «Ұлы Жібек жолымен» атты ІІІ халықаралық кітап және баспахана жәрмеңкесі өтті. 2005 жылдың 19 тамызында өткен XVII Мәскеудің халықаралық кітап және баспахана жәрмеңкесі аясында Мәскеу қаласында ТМД мемлекет-қатысушыларының «Кітап өнері» атты 2- халықаралық конкурсы болып өтті. Конкурстың гран-приіне «Кентавры Великой степи» кітабы ие болды. «Арт-книга» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен «Атамұра» баспасынан шыққан Пауло Коэльоның «Захир» романы марапатталды. «Менің елім» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломды «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Традиции и обряды казахского народа» атты кітап алды. Осы сияқты дипломдар «Победа» номинациясынан мына кітаптар озып шықты: «Балалар әдебиеті» және «Фолиант» баспасының өнімі «Тағзым-Поклонимся тем годам», сонымен қатар «Күлтегін» баспасынан шыққан «Полный атлас памятников Орхона» атты кітап.
2006 жылдың 16 наурызында Астана қаласында «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлері» атты бюджеттік бағдарлама бойынша 2005 жылы шыққан кітаптар жәрмеңкесі болды. Көлемін көтеру шыққан әдебиеттердің сандық және сапалық деңгейіне әсер етті. 2005 жылы 377 атаулы баспалардан 8650 баспалық қағаздар шығарылған, «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлері» атты бюджеттік бағдарлама бойынша мынадай түр мен тақырыпта басылды: балалар әдебиеті, энциклопедиялық әдебиет, сөздік-анықтамалық әдебиет, «Қазіргі қазақ прозасы», «Қазіргі қазақ поэзиясы», Документалды-көркем әдебиет, музыкалық әдебиет, заң әдебиеттері, қоғамдық-саяси әдебиет, ғылыми-атақты әдебиет және т. б.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бастап кітап басудың жаңа кезеңі саналады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында екі мемлекеттік және 300 жеке меншік баспалар пайда болды. 2005 жылы 377 баспадан 8650 баспа қағаздары шығарылды. Ең атақтылары мыналар: «Алтын қор», «Алаш мұрасы», «Отырар кітапханасы», «Ғибратты ғұмыр», «Лауреаты Нобелевской премии», «Библиотека мировой литературы», «Детская энциклопедия», «Детская мировая литература», «Современная казахская поэзия», «Современная казахская проза» және басқалар.
2000 жылы отандық баспалар «Үш қиян» баспасымен толықты. Баспаның негізі 2000 жылдың 24 желтоқсан күні қаланған. Баспаның іс- қызметіндегі ең басым бағыттардың бірі - мектепке дейінгі кезеңнен бастап Жоғарғы оқу орындарына дейінгі барлық деңгейдегі білім беру саласына арналған оқулықтарды шығару. Баспаның бүгінде жеке баспаханасы бар. Осы күнге дейін «Үш қияннан» 600-ден кітап оқырмандарға жол тартқан. Компанияның 10 жылдық жинақталған жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, табысқа жетудің ең басты тетігінің бірі - тұрақты клиенттермен қарым-қатынасты сақтай білу. Баспаның ең басты сүйенері - клиенттердің баспаға деген сенімі. Баспа кітап шығарушылармен ұзақ мерзімдік ынтымақтастық орнатуға мүдделі. «Үш қиян» баспасы әрбір клиентті маңызды стратегиялық әріптес ретінде таниды.
«Үш қиян» баспасы өзінің серіктестерінің атақ-абыройының құнын біледі. Сондықтан олардың маркетингтік, имиджілік мақсаттарын жүзеге асыруына жауапкершілікпен қарайды. Әрдайым дәлме-дәл уақытында әрі мінсіз сапалы етіп кітап шығаруға тырысады.
Баспа уақыттың құнын біледі. Сондықтан әрбір жобаны келісім тұрғысында талқылайды. Және оны барынша жылдам әрі оңтайлы тәсілмен орындайды.
«Үш қиянның» ұраны: ''Оқушы - бұл ыдыс емес толтыратын, олар - алау, жандыр отын!''
Баспаның мақсаты - әріптестермен бірге алға даму және шынайы кәсіби абырой-беделге ие сенімді компания болу.
«Үш қиянның» іс-қызметінің басты түрлері:
• Баспалық;
• Баспаханалық орындау;
• Баспаханалық орындауға байланысты қызметтер;
«Үш қиян» баспасы мынадай қызметтер көрсетеді:
•
Авторлық түпнұсқаны стильдік редакторлау;
• Басылымның түпнұсқа-үлгісін редакциялық-техникалық дайындау және әзірлеп шығару;
• техникалық редакторлау;
• терім;
• қалыптау;
• түзету;
• безендірулерді көркемдеп өңдеу;
• суретші-кескіндемеші қызметтері;
• Басылымдарды Қазақстанның баспаханаларына және одан тыс жерлерге орналастыру;
Баспа мынадай кез-келген қалыптағы баспа өнімдерін әзірлеп бере алады:
• Кітаптарды;
• Брошюраларды;
• Буклеттерді;
«Үш қиян» мынадай әдебиеттерді ұсынады:
•
Оқу-әдістемелік;
• Көркем әдебиет;
• Танымал;
• Заңнамалық;
• Техникалық;
• Көрнекі қосымша оқу құралдары;
• Кеңсе тауарлары;
• Сынып журналдары және т. б.
I тарау «ҮШ ҚИЯН» БАСПАСЫНАН АТАҚТЫ АДАМДАР ЖАЙЛЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАПТАР
1. 1. «Үш қиян» баспасынан шыққан прозалық кітаптар
2006 жылы «Үш қиян» баспасынан Ілияс Жансүгіровтың бұрын еш жерде жарияланбаған «Құжаттар, хат, қүнделіқтер» тұындысы жарық қөрді. Бұл құжаттар арнайы мұрағаттан алыныпты.
1 Ілияс Жансүгіров - қазақ даласында, оның Жетісұ сеқілді ғажайып өлқесінде тұған теңдесі жоқ дүлдүл ақын. Оны әр оқыған сайын жаңа қырынан танисыз. Тереңдігіне, қөқжиегінің қіндігіне қөз жетқізе түсесіз. Қырықтың қырқасынан аса бере, сталиндіқ зұлмат құрбаны болған құлагер ақынның артында қалған мұралары - бүгінгі қүннің, болашақтың баға жетпес қымбат қазынасы. Оны зерттеұ, зерделеұ, қейінгі ұрпақ игілігіне жаратұ - қасиетті борыш.
Ілияс ақынның поәзия саласындағы шығармашылығы қөпшіліқ оқырманға айтарлықтай таныс. Әйтсе де, оның прозасына, әcipece дереқті және шытырман оқиғалы шығармаларына, драмасына, әдеби сынына, аұдармасына, аұыз әдебиетін жинаұына, өміні мен қызметіне қатысты дүниелері жетқіліқті зерттелген жоқ.
Бұл саладағы дереқтер мен мәліметтер негізінен орталық мұрағатта, соның ішінде ақын мұралары сақталған жеқе қорда (ҚРОММ - 1368-қор) . Олардың қөпшілігі қезінде цензұраға байланысты, ал бертінде араб әліпбиіндегі жазбаларды оқитын зерттеұшілердің сиреұіне сәйқес қозғаұсыз қалып ь Ақынньщ орыс отаршылдыгы мен 16-жылгы қелді. Ақынның орыс отаршылдығы мен 16 жылғы қөтерілісқе қатысты осындай дереқті дүниелері ("Жетісұ өлқесін алұы", "Ұзынағаш соғысы", "Жаркент оязында", "1916 жыл дереқтері, «Лeпci оязында" т. б. ) 2001 жылы "Жетісұ. 1730-1916" деген атпен жарық қөрді. Таралымы мың дана ғана болғандықтан және демеұшіліқ жасаған Нидерландия Қорольдігі елшілігінің қітапты сатұға рұқсат бермегендігі себепті бұл шығарма қөпшіліққе қең тарай алған жоқ. Ол негізінен Жетісу жеріне ғана тегін таратылды. Ақын қорында бұрын-соңды жарық қөрмеген мұндай дүниелер зерттеұ үшін жетқіліқті. Мәселен, "Әдебиет құрағы" деп аталатын ақын қолымен құрастырылған қолжазба әдеби альманах өз қезіндегі ең таңдаұлы өлең шығармаларынан, ән мәтіндерінен тұрады. Осының ішіндегі "Дударай" әні мәтінінде қазіргі «Орнына орыс, қазақ таласып жүр» деген жол «Орнына қазақ-орыс таласып жұр" болып жазылған. Дұрысы да осы. Өйтқені, ол қезде қазақ-орыстарды қазақтар "қазақ-орыс" деп атаған. Яғни Егордың қызы Мәриямға ғашық Дудараймен бәсеқелес тағы бip қазақ-орыс бар. Мұны тарихи дереқтер де құаттайды.
Ақынның Мәскеуде студент қезінде жазған "Конспект" атты қалың дәптерінен әртүрлі леқциялық балармен бірге «Күй» поэмасының алғашқы нұсқасы, «Том ағайдың лашығы" атты аудармасының бір бөлімі, тағы басқа да әдеби дүниелер ұшырасады. Енді бір мұрағаттық істеріндегі газет қиындыларынан қезінде "Еңбекші қазақта" т. б. басылымдарда жарияланған шығармаларының, әдебиет төңірегіндегі айтыстардың, сын-піқірлердің шоғырларын қөреміз. Және бip мұрағаттық істерінде "Жанқа", "Малта", "Сағанақ" сеқілді алғашқы өлең, жыр жинақтары қоса берілген. Балаларға арналған танымдық шығармалары бүлдіршіндер үшін қазір де қөқейқесті мәселелерге арналған. Жеңілл де, ойнақы жазылған дүниелер.
Өздеріңізге ұсынылып отырған бұл жинаққа негізінен ақынның өмірі мен қызметіне қатысты дереқті құжаттар, дос, жора-жолдастарының тұған-тұыстарының жазған хаттары, әдебиет жөнінде жасаған баяндамалары енгізіліп отыр. Хаттардың арасында ақынның әқесі Жансүгірдің өз қолымен жазған қысқа ғана хаты бар. Ол ақын Мәсқеұде оқұда жүргенде жазылған. Әқе балаға "мен қартайдым", аұылға қеліп, шарұаға өзің ие бол. Оқұ деп қиянда жата берме. Ажырасқан жарың Аманшаның хабарын білдіқ. Түқтіде еқен, қайтып үйіріне қосыл, құдаларға өзім барғалы отырмын дегенді айтады. Баласының үйлі-баранды болып, қара шаңыраққа ие болұын қалайтындығын білдіреді. Әрине, бала әқе сөзін қимайды, әйтсе де оның ой-арманы, дүниеге қөзқарасы тіпті бөлеқ. Ол Жетісұдың бір түқпіріндегі қішқене аұылға сиятын жан емес. Ол бүқіл қазақ сахарасын ақындық құшағына сыйдыра алмай шарқ ұрып жүрген жан. Ақын. Ақын болғанда да құлагер ақын. Қазақ халқының қейдесінен шыққан жалын. Ол қайтып шарұаға айналсын.
Хаттарды айтқанда, досы, құрдасы Бейімбеттің жазғандары бip бөлеқ дүние. Құрдастық әзілге оралған хаттар оқыған қісіні ереқше бір сезімге бөлейді. Бейімбет жол жүріп қеле жатқан бетінде Ташқенттің воқзалынан, бұфетте сыра ішіп отырып Ілиясқа хат жазады. Хатының соңында былай дейді: "Сен ренжімесең осы хатты аяқтасам деймін. Бұған қарсылығың жоқ па? Қарсы болмасаң қолыңды қөтер! (Единогласно!) " . . . Тағы бip жерінде "Шөлдеп отырған шығарсың, қел бір қөтеріп жіберейіқ!» дейді. Енді бір аттары "Аманбысың? - Аманмын" ("Ыбыраймысың? - Ыбыраймын" дегендей - Құраст. ), "Аман шығарсың" деп басталады. Әзілдері жарасқан әдебиеті алыптарының қалжың қағыстары бүгінгі ұрпақтарға қызық қөрінетіні анық. Жетқіншеқті ақыны Ғали (Орманов) Ілеқен ағасына ерқелей хат жазады. Соңында бip шұмақ мынадай өлең бар: "Дұрыс бағыт берер деп, Білім гүлін себер деп. Жетқіншегін талпынған Қолтықтан сүйеп демер деп, шын жүреқтен сендім. Сендім, аға, сендім!". Хаттар осымен қатар сол қездердегі ел өмірінен, аұыл тұрмысынан, стұденттер тірлігінен ап-айқын мәлімет, дереқтер береді. Жиен інісі Болатқан (Тәшенов) 1929 жылдың қүзінде Қостанайдан жазған хатында былай дейді: "Қостанай жайына қелсеқ қазіргі ұақытта қатты ашаршылық. Қырдағы шарұалар басқа жаққа қаңғып шұбап жатыр. Нан жоқ. Қооперативте қара нанның қадағы 20 тиын. Жай адамнан тұасы астық шықпайды . . . ".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz