Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың банкроттығы және Қазақстанда сақтандыру ісінің тиімділігіне олардың әсері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. Сақтандыру компанияларын ұйымдастырудың негіздері ... ... ... .
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Сақтандыру компанияларын қайта құру және банкроттығы ... ... ... ...
1.3 Сақтандыру компанияларын қайта құрудың шетелдік тәжірибесі ... .

II. Қазақстан Республикасының сақтандыру компанияларының жағдайы және үрдістерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жай . күйін талдау..
2.2 «Алтын полис» Сақтандыру компаниясының банкротқа ұшырауы...
2.3
III. Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың сақтандыру ісіне тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыруды қайта жетілдіру..
3.2 Сақтандыру компаниясының банкроттығы және олардың сақтандыру ісіне тиімділігінің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Сақтандыру компаниясының даму мәселелері мен оны шешу жолдары

IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Біздің қоғамның даму процесі кезінде сақтандыру барынша, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Жалпы алғанда сақтандыру тәуекелділікпен тікелей байланысты. Тәуекелділік дегеніміз, мүмкін болатын қауіптермен байланысты. Мысалы: (кәсіпорынның ресурсының белгілі бір бөлігінен айырылу, табысының кіріске толық түспеуі және сол сияқты тағы басқа салалардағы қауіптер). Себебі нарықтық экономикада тәуекелдік факторы кәсіпорынның іс барысына, жалпы экономикаға әсер ететіндіктен, кейінгі кезде Қазақстанда сақтандыру нарығына баса назар аударыла бастады, сөйтіп оның экономикалық өмірде маңызы біршама артып отыр. Және де бұл сала қаржы ұйымдарының аса бір қызығушылығын танытып отыр. Алайда сақтандыру нарығының оң және позитивті өзгерістеріне БАҚ-ның тарапынан көңіл бөлінбеуінің салдарынан, қоғам ішінде сақтандыру ісіне байланысты немғұрайлық байқалады. Сөйткен күннің өзінде, жоғарыда айтқанымдай бұл салаға Қазақстанның қаржы ұйымдары үлкен бет-бұрыс жасады, себебі сақтандыру дамыған елдерде дұрыс жолға қойылған және де бұл нарық үлкен табыстың көзі.
Қазақстанның сақтандыру рыногы қалыптасу стадиясында тұр: экономикалық Және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, Бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін бизнестің шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, нарықтық әкономикада тұрақты жайғасымдарда алып отыр.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтандыру қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтандыру компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыноғын қалыптастыру болып табылады.
1. Н.Назарбаев Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, 1 наурыз 2006 жыл.
2. Рейтман Л.И. Страховое дело. Москва,1992.
3. В.В. Шахов, «Введение в страхование». Москва, 1992 ж.
4. Қазақстан Республикасының Заңы "Сақтандыру қызметі туралы" 18.02.2000.Ж.
5. Г.И.Маянлаева Теория и практика страхового дела (в схемах, таблицах). Алматы, 2005.
6. Маянлаева Г.И. Организация страхового дела в Республике Казахстан. Алматы: 2000 ж.
7. 2002 -2004 жылдарга арналган Қазақстан Республикасының сақтандыру рыноғын дамыту бағдарламмасы. 27.11.2000 ж., №491
8. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы. 28.07.2003 ж., №753.
9. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сақтандыру рыноғын дамыту Багдарламасы. 01.07.2004 ж., №729
10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша KJP агентігі басқармасының қаулысы. 27.11.2004 ж., №335.
11. Бойе Р. Әкономическая теория. Москва, 1997 ж.
12. Макконнелл. Әкономикс. Таллин, 1993.
13. Самуәьсон П. Әкономика. Москва, 1992.
14. Черкасов «Әкономическая теория». Москва, 1999 ж.
15. Шихов «Страхование». Москва, 2000 ж.
16. Гомелля В.Б. Основы страхового дела. Москва, 1998.
17. Словарь страховых терминов. Под ред. Коломина Е.В., Шахов В.В. Москва, 1994 ж.
18. Зубец А.Н., Зернов А.А. «Управление деятельностью страховой компании». Москва, 1999 ж.
19. Гостенко Л.Н. Страхование, учебное пособие. Алматы: 2003 ж.
20. Лукинов «Функционирование единого страхового рынка ЕС». Журнал «Страховое ревю», №6, 2004 ж.
21. Савинский, Богатенков «Особенности страхования в КНР». Журнал «Страховое дело». №7, 2004 ж.
22. Сухаруков «Современное состояние и развитие страхового дела в России». Журнал «Финансы». №3, 2004 ж.
23. Силласте «Формирование единого страхового пространства в странах СНГ». Журнал «Страховое дело». №9, 2003 ж.
24. Темирханова А.Ә. Развитие страхового рынка в РК // Известия, МОН РК. Серия общественных наук. - 2005. - №3.
25. Шарипбаев Н.Ж. Некоторые вопросы развития страхового рынка РК //Аналитик, 2002. №1.
26. Жуйриков К.К. Бизнес и страхование. - Алматы, 2005 ж.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың банкроттығы және
Қазақстанда сақтандыру ісінің тиімділігіне олардың әсері тақырыбына

Дипломдық жұмыс

Қаржы және есеп факультеті
Қаржы кафедрасы
050509 – Қаржы мамандығы

Дипломдық жұмысты орындауға

Тапсырма
Студент ___________________________________ _____________________
Дипломдық жұмыс тақырыбы Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және
олардың банкроттығы және Қазақстанда сақтандыру ісінің тиімділігіне
олардың әсері
20__ жылғы __ қарашадағы № _________ЖОО бұйрағымен бекітілді.
Аяқталған дипломдық жұмысты өткізу уақыты ________________________
Алғашқы материалдар мен мәліметтер
стпаттамасы___________________________________ ______________________________
___________________________________ ______________________
Дипломдық жұмысты дайындауға жататын сұрақтар тізбесі:
1)___________________________________ _____________________________
2)___________________________________ _____________________________
3)___________________________________ _____________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _____________________
Графиктік материалдардың (кестелердің, диаграммалардың, сызбалардың)
тізбесі
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _____________________
Тапсырма беру күні ____ __________ 20__ж.
Ғылыми жетекшісі: ________________ ______
Тапсырманы орындауға қабылданған студент: ____________ ______

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
I. Сақтандыру компанияларын ұйымдастырудың негіздері ... ... ... .
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Сақтандыру компанияларын қайта құру және банкроттығы ... ... ... ...
1.3 Сақтандыру компанияларын қайта құрудың шетелдік тәжірибесі ... .

II. Қазақстан Республикасының сақтандыру компанияларының жағдайы және
үрдістерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жай – күйін талдау..
2. Алтын полис Сақтандыру компаниясының банкротқа ұшырауы...
3.
III. Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың сақтандыру
ісіне
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1. Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыруды қайта жетілдіру..
2. Сақтандыру компаниясының банкроттығы және олардың сақтандыру ісіне
тиімділігінің
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..
3.3 Сақтандыру компаниясының даму мәселелері мен оны шешу жолдары

IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
V. Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

I. Кіріспе
Біздің қоғамның даму процесі кезінде сақтандыру барынша, айтарлықтай
өзгерістерге ұшырады. Жалпы алғанда сақтандыру тәуекелділікпен тікелей
байланысты. Тәуекелділік дегеніміз, мүмкін болатын қауіптермен байланысты.
Мысалы: (кәсіпорынның ресурсының белгілі бір бөлігінен айырылу, табысының
кіріске толық түспеуі және сол сияқты тағы басқа салалардағы қауіптер).
Себебі нарықтық экономикада тәуекелдік факторы кәсіпорынның іс барысына,
жалпы экономикаға әсер ететіндіктен, кейінгі кезде Қазақстанда сақтандыру
нарығына баса назар аударыла бастады, сөйтіп оның экономикалық өмірде
маңызы біршама артып отыр. Және де бұл сала қаржы ұйымдарының аса бір
қызығушылығын танытып отыр. Алайда сақтандыру нарығының оң және позитивті
өзгерістеріне БАҚ-ның тарапынан көңіл бөлінбеуінің салдарынан, қоғам ішінде
сақтандыру ісіне байланысты немғұрайлық байқалады. Сөйткен күннің өзінде,
жоғарыда айтқанымдай бұл салаға Қазақстанның қаржы ұйымдары үлкен бет-бұрыс
жасады, себебі сақтандыру дамыған елдерде дұрыс жолға қойылған және де бұл
нарық үлкен табыстың көзі.
Қазақстанның сақтандыру рыногы қалыптасу стадиясында тұр: экономикалық
Және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық
база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай арта қалып келеді. Дамыған
нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті
500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды. Жеке
басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері
нашар дамыған, Бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне
байланысты.
Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы
сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің
қызметін бизнестің шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және
қаржылық орнықты рыноктық құрылым бола отырып, нарықтық әкономикада тұрақты
жайғасымдарда алып отыр.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір
кеңейді, сақтандыру қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес
акционерлік сақтандыру компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты - мемлекеттің,
азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың
нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық
рыноғын қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі заманғы сақтық рыноғының толыққанды жұмыс істеуі, сонымен
қатар актуариилерлер (сақтық міндеттемелерінің әкономикалық-математикалық
есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар
мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.
Бүгінгі таңда сақтандыру күрделі қоғамдық - өндірістік қатынастарды
сипаттайды. Бұл сақтандыру компанияларының ұсынатын қызметтерінің
көптігімен байланысты. Қазіргі кезде сақтандырудың көптеген түрлері мен
тәсілдері қарастырылады. Егер тәуекел арнайы әдістермен анықталатын
ықтималдылыққа ие болса, онда кез-келген тәуекелден сақтандырылуға болады.
Сақтандыру кәсіпорын қызметімен ғана емес, сондай - ақ барлық қоғамдық
қатынастармен байланысты екендігін ұғыну қажет.
Жаңа әкономикалық қатынастардың дамуымен, қазақстандағы түрлі
кәсіпорындар мен әкономика субъектілерінде өздерінің қызметін қорғауды
қамтамасыз ету қажеттілігі туындады. Өзінің қызметінің процесінде кәсіпорын
тәуекелдің көптеген түрлеріне ұшырайды. Олар (тәуекел) табиғи
құбылыстармен, ұйым персоналының қызметімен, мүдделі тұлғалар қызметімен,
мемлекеттік орган дармен қарым-қатынаспен және т.б. байланысты. Осы
тәуекелдерден мүмкін болатын зиянды қауіпсіздендіру немесе қысқарту үшін
кәсіпорынға арнайы қорларды құруға немесе сақтандыру фирмалары және
ұйымдарының көмегіне жүгінуге тура келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасыңда сақтандыру қызметінің
ережелерін қарастыратын заң қабылданған. Бұл өте маңызды. Заңмен қатар
сақтандыру қорлары және олармен байланысты қатынастарды құру мен бөлудің
түрлі кезеңдері анықталатын көптеген нормативтік актілер бар, сақтандыру
мәселері бойынша нормативтік базаны ары қарай дамыту қажет. Қазақстан
әкономикасы даму мен әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің құрамына енуді
болжайтындықтан, біздің елімізде осы саланы дамытудың үлкен перспективалары
бар. Осыған сәйкес кәсіпкерлік қызметтің көптеген түрінің дамуы түрлі
тәуекелдердің болуымен байланысты, ал бұл біздің мемлекетіміздің
ерекшелігін ескере отырып сақтандыру саласын дамыту қажеттігін тұдырады.
Осы дипломдық жүмыстың мақсаты - Қазақстандағы сақтандыру
компанияларын қайта ұйымдастыру, олардың банкроттығы және сақтандыру ісіне
олардың тиімділігі болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қарастырылады:
• Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны;
• Сақтандыру компанияларын қайта құру және банкроттығы;
• Сақтандыру компанияларын қайта құрудың шетелдік тәжірибесі;
• Сақтандыру компаниясының даму мәселелері мен оны шешу жолдары
• Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жай – күйін талдау
• Алтын полис Сақтандыру компаниясының банкротқа ұшырауы
• Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыруды қайта жетілдіру
• Сақтандыру компаниясының банкроттығы және олардың сақтандыру ісіне
тиімділігінің әсері
Қойылған мақсат мен міндеттерге сәйкес республикадағы сақтандырудың
құрылу кезеңдерін, бүгінгі таңдағы жағдайын және даму қарқынын қарастырдым.
Сондай-ақ сақтандыру ісін жүргізудің халықаралық тәжірибесі мәселесімен
байланысты материалдар зеріттелді. Сақтандыру саласындағы Қазақстан
Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша агенттігінің талдаулық есеп
берулері, республика аймағында сақтық қызметті жүргізетін компаниялар
дайындаған мақалалар қарастырылды.
Ерекше сақтандыру қатынастар, сақтандыру қызметінің рыноғын дамыту,
азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру түрғысындағы қорғау Сақтандыру
қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері
жөніндегі Үкімет қаулыларымен және қаржы рыноғы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау Агенттігінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Дипломдық жұмыс 3 тараудан тұрады.
1 тарау

1. Сақтандыру компанияларын ұйымдастырудың негіздері

Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал – сақтандыру компаниясы.
Сақтандыру компаниясы – қоғамның экономикалық қатынастарының
айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы
адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық
жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен
адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін
жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-
ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке
өндірушілердің олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде)
натуралдық заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай-ақ ақша
ресурстарында кіріктіретін қажетті қаражаттары да болуы тиіс. Мұндай ақша-
қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, сақтандырудың қазіргі формасы сонау
құл-иеленушілік дәуірінде пайда болған дейді. Ерте Римде коллегиялар
құрылды, ол ұйымға әртүрлі маман иелері мүше болды; бұл коллегияға кіру
үшін алғашқы 100 сестериций және ай сайын 5 ас төлем төлеп отыру керек
болды, осы коллегияның мүшесі қайтыс болған жағдайда оның жанұясына 300
сестериций көлемінде төлем төленді. Ал әскери коллегияларда қаза тапқан
жауынгерлердің жанұясына 500 денарий төленген екен. Қазіргі күнге дейін
сақталған мәліметтерге сүйенсек коллегиялар біздің эрамыздың 2-3
ғасырларына дейін өмір сүрген.
Орта ғасырларда, жойылып кеткен коллегияларды саудагерлер мен
қолөнершілер қайта жандандырды. Олар тек қайтыс болғанның жанұясына
көмектесіп қана қоймады, сонымен қатар кемемен жүзу және теңіз саудасынның
тәуекелділігін өз мойындарына алды. Ғасырдың ортасында Ломбардия мен
Францияда теңіз тасымалын сақтандыру кең қанат жайды. Сақтандырудың қазіргі
заман элементтері бар ең ерте келісім-шарт сонау 1347 жылы 23 қазанда
Генуяда жазылған. Бұл келісім-шарт қарыз хаттамасы түрінде 107 күміс фунтқа
бағаланып, егер 6 ай көлемінде Санта-Клара кемесі Генуядан Майоркаға
жетпесе, қарыз алушы көрсетілген сомманы өз мойынына алған. Ал Руанада,
Франция, 1761 жылы шыққан теңіз саудасы жайлы жинақ жарық көрген және де
осы жинақтың формасы сол уақытта Англияда қолданылып жүрген жинақтың
мәтініне сәкес келген, ал ол өз алдына сонау XIV ғасырда Италияда
қолданылған тәртіпке ұқсаған.
Бертін келе теңіз сақтандыруы Ллойд(с атымен байланысты, бұл
сақтандыру саласындағы көне ұйымдардың бірі. Олар күніне (бізге дейін
жеткен мәліметтер бойынша 1688 жылы) Лондон кафелерінің бірінде бірнеше
теңіз тасымалына байланысты келісім-шарттар жасаған. Осы шаралар қазіргі
заман сақтандыруының алғашқы қадамдары болды, және ол операциялар қазіргі
британ сақтандыру операцияларының негізі болып есептеледі.
Ал АҚШ-та сақтандырушылар жеке заңды тұлға ретінде 1720 жылдары
құрыла бастады. АҚШ-та сақтандыруды игеру сол кездегі бір күндік
компаниялардың пайда болуымен тікелей байланысты. Олар құрылған бетте
банкротқа ұшырап жатты, ал ол өз алдына тұтынушылар арасында алаңдаушылық
тудырды. Сол себепті парламент сақтандыру саласын екі компанияның
құзіретіне берді, олар: The London Assurance Corporation және The Royal
Exchange Assurance Corporation. Бұл компаниялар АҚШ сақтандыру нарығында
осы күнге дейін жұмыс істейді. Бірақ сол кезде, солтүстік америка
континентінде сақтандыру ісімен негізінен Ұлы Британия сақтандыру
компанияларының филиалдары жұмыс істеген. Алайда ұлттық экономиканың
қарқынды дамуы, олардың өз ұлттық сақтандыру компанияларын құруды талап
етті. 1752 жылы Б. Франклин тұңғыш оттан сақтандыратын компанияның (The
Philadeiphia Contributionship) құрылтайшысы болып, сақтандыру ісінің
дамуына ықпал етеді.[1;
Сақтандыру нарында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі
жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болады, жеке, топтық және
ұжымдық қызығушылықтар туады.
Сақтандыру компаниясы – сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи
анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикаға өту, оның
рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын
анықтайды. Ол елдің шаруашылық өмірінің толық құқылы субъектісіне айналады.

Сақтандыру компаниясы – коммерциалық ұйым. Ол өзінің қызметін
лицензия негізінде сақтандыру келісім шарттарын жасау және орындау бойынша
жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен
акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент
және резидент емес тұлғаоары болып табылатын акционерлік қоғам формасында
құрылады. Сақтандыру ұйымдарының құрылтайшысы мемлекетте бола алады, бірақ
ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен
қатар, жарғылық капиталының 50%–ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар
құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды. Сақтандыру компаниясының
жарғылық капиталы тек қана ұлттық валюта төленеді. Сонымен қатар мұнда
тартылған акция мен қарыздық қаражаттарды қолдануға тиым салынады. Оның
құрылуына рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі мынадай қажетті
құжаттарды ұсынғаннан кейін береді:
• Сақтандыру ұйымдарын қайта құруға рұқсат алу үшін өтініш;
• Құрылтайшылық құжаттар;
• Сақтандыру ұйымын құру туралы шешім;
• Құрылтайшылар туралы мәліметтер және тағы басқалар.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін Агенттікке
мынадай құжаттарды ұсыныу қажет;

• Лицензия беру туралы өтініш;
• Мемлекеттік тіркеу және статистикалық карта туралы
куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
• Құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған
көшірмелері;
• Жарғылық капитлдың минималды көлемін толық төлегенін растау
және меншік капиталы көлемі бойынша минималды талаптарды
орындауы туралы құжаттар;
• Басқарыу қызметіндегі жұмысшылар туралы мәліметтер;
• Сақтандыру ережелері;
• Ішкі аудит қызметі турал ереже.
Сақтандыру ұйымдары өз ресурстарын сақтандыру жарналары есебінен
қалыптастырады және жинақтаған қаражаттарды инвестициялық салымдарды
жүзеге асыруға бағыттайды.Қазақстанда сақтандыру компанияларынын
инвестициялық портфелінің әртараптандыруын шектеу бойынша нақты
талаптар бар. Онда бағалы қағаздардын қандай түрлерінде салымдарға
лимиттер бар екендігі көрсетіледі.
Сақтандыру компанияларына тән ерекеліктердін бірі – қаражаттарды
тартудың ерекше формасы- сақтандыру полисін сату. Олар алынатын табысты
біріншіден, басқа компаниялардың облигациялары мен акцияларына және
мемілекеттік бағалы қағаздарына салады. Сонымен қатар олар
мемілекетпен кәсіп орындарға ұзақ мерзімді несиелер береді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы сақтандыру ұйымдары өмірді
сақтандыру және жалпы сақтандыру салалары бойынша литсензия
негізінде жұмыс істейді. Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет өмірді
сақтандыру саласындағы қызметпен бірлесе және кездейсоқ жағдайлар
мен ауруларды, медитциналық сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы
сақтандыру формасында жүргізе алмайды.
Сақтандыру ұйымдары негізгі қызметтен өзге мынандай қызметтеді
атқарады:
• Инвестициялық қызмет
• Жинақтаушы сақтандыру келісімшартына сәйкес қарастырылған
• Сома шегінде өзінің сақтануыларына займдар беру;
• Сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін
• Ерекше бағдарламалық қамтамасыз етуді сақтау;
• Сақтандыру бойынша арнайы әдебиеттерді сату;
• өзінің қжеттіліктері үшін алдын ала сатып алынған немесе
сақтандыру келісімшартының қортындысына байланысты өзінің
иелігіне түскен мүлікті жалға беру немесе сату;
• сақтандыру бойынша консалтинг;
• cақтандыру немесе қайта сақтандыру салаларында біліктілікті
жоғарылату мақсатында оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;
• сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы;
Сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалауды Қазақстан
Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі агенттігі осы ұйымдар үшін төлем қабілеттігі
мен қаржылық тұрақтылық нормативтерінен тұрақты перпенцалды
нормативтерді бекіту жолымен жүзеге асырады. Сақтандыру
ұйымдарының жеке келісімшарттары бойынша максималды міндеттемелер
көлемі қызмет етуші сақтандыру келісімшарттары бойынша өз
міндеттемелерін орындаумен байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру үшін ғана берілген меншікті капитал мен сақтандыру резервтері
сомасының 10 -ынан аспауы керек.
Сақтандыру ұйымдары сақтандырушылар одақтары мен қауымдастықтарына
біріктірілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының әдістемелік және
ұйымдастыру апараттарын беру, сақтандыру бойынша нормативтік және
заңды актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру
қызметкерлерінің біліктіліктерін жоғарлатуға арналған семинарлар мен
курстар ұйымдастыру, сақтандырушыларды қаржылық тұраұтылығын нығайту
туралы ұсыныстарын құрастыру жане т.б. үшін Сақтандырушы одағы
құрылған. Қазіргі уақытта Ресейде көптеген компанияларды біріктіретін
50 кәсіби салалық одақтар мен қауымдастар қызмет еткенде,
Қазақстанда тек сақтандыру ұйымдарының бір ғана кәсіби одағы қызмет етеді.
Олардың кәсібі мамандырылған, мысалы медициналық сала сақтандырушыларын
ғана біріктіреді. Ел аумағында сақтандырушылардың мүдделерін қорғайтын
негізгі ұйым құрамында 350 сақтандыру компаниясы бар Бүкілресейлік
сақтандырушылар одағы болып табылады. Қазақстанның сақтандыру ұйымдары
филиалдар, өкілдіктер және еншілес компаниялар құруы мүмкін.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамассыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез-келген ауқымда –
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясы мен қаржы категориясымен ортақ өзгеше
белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің
субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды
бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті,
бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның
қайта бөлу процестерін жүзеге асаратын арнаулы қаржы-кредит институты
ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және
заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды
төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта
бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категороияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: Бұл функцияның өзгешелегі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамассыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бір қатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары
1992 жылы ҚР Сақтандыру туралы Заңы қабылданғаннан кейін, жарғылық
капиталдың аз мөлшері мен салықтық жеңілдіктер, олардың қызметі үшін
жағымды жағдай жасау мен сақтандыру ұйымдарын ашудың жеткілікті
қысқартылған тәртібі – Қазақстанда сақтандыру дүмпуінің пайда болуына
саебепшші болды. Егер 1991 жылдың аяғында бірнеше ғана компания тіркелген
болса, 1991 жылдың сәуір айында олардың саны 500 – ден асты. Заңның
жағымды әсері болғанына қарамастан, оның бір қатар кемшіліктері болды:
• Сақтандыру ұйымдарына төмен деңгейлі талаптар қойылды;
• Негізгі қызметтен тыс кәсіпкерліктің басқа түрлерімен де айналысуға
рұқсат берілді;
• Салықты реттеудегі кемшіліктер.
1994 жылдың 19 сәуіріндегі Сақтандыру нарығын дамыту және қалыптастыру
бойынша ұйымдастырушылық – құқықтық шаралар туралы Президент Жарлығымен
сақтандыру бизнесін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілген. Соған сәйкес
сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізу құқығын алу үшін
жарғылық капиталының көлемі 2 млн теңгеден кем болмауы керек. Бұдан басқа
сақтандыру компанияларына қосымша қызметпен айналысуға тиым салынды. Осынығ
нәтижесінде 1995 жылдың аяғында 53 – ке дейін кеміді. 2000 жылдың 1
қаңтарында 70 сақтандыру ұйымдарының өз қызметтерін жүргізуге лицензиялары
болды. Бірақ 2000 жылдың аяғында тек 42 ұйым ғана сақтандыру келісімшартын
жасады, қның ішінде, өмірді сақтандыру бойынша 1 сақтандыру ұйымы, 3 шетел
инвесторларының және мемлекеттің  100% – дық қатысуымен 3 компания болды.
Салыстыру үшін алғанда, Ұлыбританияда сақтандыру қызметімен  800 – ден
астам компания, Нидерландыда – 275 – тен аса, Ресейде - 972 ұйым
айналысады. Қазіргі кезде Қазақстанда лицензияланған қызметті жүзеге
асыратын 32 сақтандыру ұйымы бар, оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша –
1, Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушыларымен – 5 ұйым, 6
сақтандыру брокерлері, 28 актуарийлер және 34 аудиторлық ұйымдар бар.
Республикада сақтандыру ұйымдарының 300 – ден астам филиалдары,
өкілеттіктері және тармақталған сақтандыру агенттерінің жүйесі бар. Шығыс
Қазақстан облысында ең көп – 46 филиал ашылды. Мұны Қазцинк акционерлік
қоғамы, титан – магний комбинаты, Үлбі металлургиялық зауыты сиақты
алыптардың қызмет етуімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, олардың
Қарағандыда – 36 филиалы және Ақмола облысында – 35 филиалы бар. Осындай
кәсіпорындардың бар болуы бизнестің жандануына мүмкіндік береді және осыған
орай мүлікті, жауапкершілікті және тағы басқаларды сақтандыруға қажеттілік
пайда болады.

1.1.2 Сақтандыру компанияларын қайта құру және банкроттығы

Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық
бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін қайта құру аса
қажет. Сақтандыру сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп,
материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге
кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты – аса қауіпті кеңейту мен
нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру баланысымен
алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай
сақтандыру мен қайта сақтандыру техникалық, экономикалық және де
әлеументтік прогресттің аса маңызды құралы болып табылады.

Сақтандыру жауапкершілігің көлемін өсіру процесіндегі
сақтандыру ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезңінде де қайта
сақтандыру рөлі ерекше. Осы себепті де ішкі сақтандыру нарығында қайта
сақтандыру жүйесін құру міндеті бізде де барған сайын нарықтық
экономикадағы өте маңызды әрі актуальды мәселе бола түсуде. Осыған
байланысты сақтандыру операцияларының қаржылық бекемдігін қамтамасыз ететін
шалғай шетелдерде кең тараған, бұл тәсілдің рөлі мен мәні барынша жан-жақты
ашып көрсеткімңз келеді.
Қайта сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де,
оның мәні ең алдымен Қазақстан экономикасына да жүріп өту керек болып
тұрған индустриализациямен айырықша байланысты. Сонғы онжылдықтар ішінде
Еуропада, АҚШ пен Жапонияда индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі
қателер мен қауіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда
болып, олар жекелеген сақтандырушының, ал кейбір жағдайларда тіпті
сақтандыру нарықтың қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсіреді.
Экономиканың, ғылым мен техниканың қуатты өркендеуі қатерлер
мен аса қатерлі қаржылық комбинациялардың күрт өсі мен күрделене түсуіне
әкеп соғады.Сөйтіп бұл жай қазіргі экономикалық өмірдің барлық укладтарын
анықтай тұра, сонымен қоса олар әлі де белгісіздік пен сенімсіздік
туғызады.Ал экономиканы тұрақты түрде жетілдіріп, жаңартып әр жаңа күрделі
қаржы үшін батыл тәуекелге бару ғана әлгі етектен тартқан, жұмысты
жүргізбей отырған жағдайларды болдырмайды. Міне бұл сақтандыру мен қайта
сақтандырудың басты міндеті.Клиенттердің қауып-қатерін жауапкершілігін
қабылдай отырып, сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін к лиенттердің қатерден
аман болуын немесе оны клиенттердін мүддесіне орай азайтуға бұруға тиіс.
Қатерді жабу үшін барлық қажеттіліктерді жасауға кепілдік беру
керектігі жұмыстын өзіне сай келетін нысандар мен әдістерді талап етеді.
Қайта сақтандыру қоғамының стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрылым
мен өнімдеріне, болашақтағы жаңа қатысушыларға ыңғайластырылуға бағытталуға
тиіс.

3.1 Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыруды қайта жетілдіру

Қазақстанда сақтандыру жүйесін өзгертудің басты міндеттерінің бірі
мемлекеттік сақтандыру органдарын Қаржы министрлігінің тікелей
бағыныштылығынан шығару болып табылады, оның шешілуіне жұмсалған қажыр-
қайрат табысқа жетіп: 1991 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинеті өзінің Қаулысымен мемлекеттік сақтандыру органдарын
финанстық жүйенін ұйымдық құрылымынан шығарды. Осылайша олар жергілікті
органдарда өздерінің бөлімшелері бар дербес мемлекеттік ұйым болды.Сөйтіп
әкімшілік әрі бюджеттік қысымнан босанып,сақтандыру ісін дамыту мүддесіне
арналған қорды, сондай-ақ өз қаржыларын өздері қалуынша жұмсауға мүмкіндік
алды.
Экономиканы нарыққа қайта бейімдеу, тәуелсіздігін жариялауына
байланычты республиканың саяси және экономикалық дербестігінің артуы, оның
халықаралық байланыстарының дамуы мен өзге де, факторлар сақтандырудың
орнын, рөлін, сипатын жаңаша ойлауға мәжбір етіп әрі оның ұйымдарының
жүйесін одан әрі өзгертуді талап етті.
Нарықтық қатынастың қатал жағдайындағы жұмыс істеуге әзір болу
қажеттілігі пайда болып,сақтандыру ісін енді бұрынғыдан да жоғары қарқынмен
дамытып, коммерциялық саясатты білімділікпен жүзеге асыру қажет.
Тек мемлекеттік сақтандыру жүйесінің жаңартылған, нарықтық қатынастың
артықшылықтарын пайдаланған түрі ғана сақтандыру қорғанысының тиісті
деңгейін қамтамасыз етіп, ақша-финанс процесін реттеуде өзінің абыройлы
рөлін атқара алады.
1991 жылдың 10 сәуіріндегі Қазақстан сақтандыру қызметкерлерінің
құрылтай конференциясы республиканың бұрынғы мемлекеттік сақтандыруы
базасының орнында жергілікті жерлерде фирмалары мен филиалдары бар
Қазақстан республикасы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясын
құру туралы шешім қабылдап, Жарғысы мен компания Кеңесі жөніндегі ережені
бекітіп, оның құрамын сайлады.
1991 жылдың 7 мамырында Қазақстан үкіметі Қазақ ССР мемлекеттік
сақтандыру Басқармасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік коммерциялық
сақтандыру компаниясы етіп қайта құру туралы қаулы қабылдап және оның
Жарғысын бекітті. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті өзінің 1992
ж. 25 ақпандағы № 156 Қаулысымен коммерциялық сақтандыру компаниясының
Жарғысына ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік коммерциялық сақтандыру
компаниясы өзінің активтері мен пассивтері бар, тәжірибелі, білгір
мамандарымен бірге сөз жоқ, әлемдік сақтандыру нарқында өзінің орынын
алуға, әрі Қазақстанның сақтандыру ісін дамытудағы өзінің жетекші рөлін
сақтап қалуға тиісті.
Республика тұрғындары мен кәсіпорындарының мемлекеттік сақтандыру
қызметінде сақтандыру органдарының еріктілігі мен жауапкершілігін арттыру,
нарықтық экономика жағдайындағы қаржылық қызмет нәтижесіне ұмтылысын
барынша толық қанағаттандыру мақсатымен Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинеті 1991 жылдың 7 мамырында Қазақстан республикасы
мемлекеттік сақтандыру басқармасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік
коммерциялық сақтандыру компаниясы етіп қайта құру туралы №289-шы қаулы
қабылданды. Жүйріков 22 бет
Сақтандыруды демонополизациялау ісі әрі мемлекеттік, акционерлік,
кооперативтік және басқа сақтандыру ұйымдары арасында бәсекелестіктің пайда
болуы сақтандырудың көлемін нарықтық экономикасы дамыған елдердің деңгейіне
көтеруде қуатты күш болып отыр. Талдаудың көрсетіп отырғанындай, резервтер
сақтандырудың дәстүрлі түрлерінің саласын кеңейтуде екенің көрсетуде. Бұдан
да көбі- халық шаруашылығы салаларының әртүрлі кәсіпорындарындағы
сақтандырудың коммерциялық қызметі салаларында, олар шаруашылық қатерінің
өсуімен, осыдан келіп мердігерлік-арендалық ұжымдардың, кооперативтердің,
акционерлік және бірлескен кәсіпорындардың сақтандыру қызметіне деген
сұранымының өсуінде, рентабелділігі төмен кәсіпорындардың банкрот болуы
қауіпінің өсуі, оның ішінде конверсия бағдарламасы бойынша азаматтық
өнімдер шығаруға көшкен қорғаныс кешенінде.
Сақтандырудың өңдірістік қатынастар жүйелерімен өзара байланысы
қазіргі жағдайда анық айқындала түсуде: мәселен жекеменшік түрінде, бөлу
механизмі, шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілдерінің пайда болуы сияқты,
мемлекеттік сектордағы экономиканың өзгеруі және т. б. Дамудың обьективті
заңдылығы қолдан жасалған күштеп шешу кедергілерін бұзу арқылы өтуде.
Осыған орай мәні мен тәсілі жағынан сан алуан жүйелерді мемлекеттік
(бюджеттік) ресурстардың есебінен емес, керісінше қоғамдық ұдайы өңдіріске
қатысушылардың өз есебінен құрылатын артықшылығы бар резервтік әрі
сақтандыру қорларын құру қажеттігі туындайды.
Сақтандырудың өңдіргіш күштермен өзара байланысы да қиындай түсуде.
Жаңа техникалар мен технологияларды енгізу, энергияның жаңа көздерін және
көлік құралдарын игеру көбінесе техногендік аппаттың қктеріне соқтырып,
оған айтарлықтай зардабын тигізеді. Мұндай жағдайда сақтандыру қоғамдық
ұдайы өңдірісті тұрақтандырып әрі тұрғындардың мүліктік мүдделеріне
кепілдікті қамтамасыз ететің міндетті фактор болады.
Нарық экономикасының заңы болып сұранымнан ұсынысқа дейін даму болып
табылады.
Сақтандыру нарығы да осындай болып, одан әрі шаруашылық өзіне қажетті
деген кез-келген қатерден қорғайтын өз қызметтерінің сипатынан шығатын
сақтандыруды таба алуы керек. Демек сақтандыру нағыз актуальдылықты
коммерциялық, техникалық, құқық, әрі саяси қатерден таба алады. Бұл
кәсіпорынды кездейсоқ болуы мүмкін зпрдаптардан және осы секілді ұдайы
өңдірістік процестегі обьективті оқиғалардан ғана емес және экономикалық
конъюнктурадағы жағымсыз өзгерістерден өзін-өзі қорғайтын құрал. Бұл
сақтанушының ісіне біліксіздікпен араласудан және қабылданған мәнсіз заң
актілерінің залалынан қорғау. Мұндағы сақтандырудың мүлдем игерілмеген
өрісі - жауапкершілік сақтандыруы.
Біздің қоғамымызда болып жатқан меншікті мемлекет меншігінен алу,
кәсіпкерлік бостандық, өзгеде өзгерістер сақтандыру мүддесінің әр алуан
формаларының пайда болып, сақтандырушыларының көптеген жаңалары мен жаңа
потенциалды топтарын тұрғызуда. Мұны ескерген Қазақстан Республикасы
мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының Басқармасы қысқа кезен
ішінде ерікті сақтандырудың 50 жаңа түрін ойлап шығарып, іске қосты. Бұл
жерде мәселе сақтандыру мүддесін барынша қанағаттандыруға құлшынуда, сөйтіп
көрсетілетін қызметтер ассортиментін ұлғайту. Қазіргі таңда клиентке іс
жүзінде оның талап-тілегіне жауап беретін қызмет көрсетілуде.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, экономиканы нарық
қатынасына қайта бейімдеу, шетел капиталын тарту, ішкі тауар өңдірушілер
мен жұртшылықтың, сондай-ақ шетелдіктердің экономикалық мүдделерін
сақтандыру жағынан қорғауды барынша кеңінен талап етеді. Бұл ақыры шетел
компанияларымен бірлескен сақтандыру ұйымдарын, жетекші шетелдік сақтандыру
және брокер фирмаларының өкілдіктерінің аккредитациясын құру қажеттігіне
әкеп соғады.
Айтпақшы,сақтандыру брокерлері туралы. Болашақта бізде де шетел
фирмаларының үлгісінде брокерлік бөлімше-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы
арасындағы делдалдық құрылуы ықтимал. Мәселен агент бір ғана сақтандыру
ұйымының мүддесі үшін жұмыс істесе, брокер сақтанушының өкілі ретінде
бірнеше сенімді деген сақтандыру ұйымдарына өз қызметін ұсына алады.
Бұл бағыттағы алғашқы қадам бізде жасалды: сақтандыру агенттері
сақтандыру брокері аталып, олардың еңбегіне ақы төлеу жағдайы жетілдіріп,
қазір брокерлердің табысы олар жасаған келісімдердің санына байланысты.
Еңбек тиімділігі артып: шындығында сақтандыру төлемі3,5 есе өсіп, осы
себепті штат қысқартылды. Осының бәрі Республикадағы сақтандыру ісінің одан
әрі дамуы үшін жағдай жасайды.
Бірлескен және де шетел ұйымдарының қызметі финанстық әрі валюталық
мүдделерді ескеруге тиіс, шетел кредиттерін, инвестициясы мен
технологиясына сақтандыру операцияларын жүргізуге бейімделіп, кәсіпорынның
жұмысын тұрақтандыруды, экспорт және импорт жөнінде шетел нарығымен тығыз
байланысты жабдықтармен, өнімдермен, шикізат әрі материалдармен қамтуға
тиіс. Жүйріков 42 бет
Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық
бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру (бірігіп сақтандыру)
жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін
қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық
табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты- аса қауіпті
қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін
кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру
балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған
орай сақтандыру мен қайта сақтандыру техникалық, экономикалық және де
әлеументтік прогрестің аса мңызды құралы болып табылады.
Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру
ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі
ерекше. Осы себепті де ішкі сақтандыру нарығында қайта сақтандыру жүйесін
құру міндеті бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды әрі
актуальды мәселе бола түсуде. Осыған байланысты сақтандыру операцияларының
қаржылық бекемдігін қамтамасыз ететін шалғай шетелдерде кең тараған, бұл
тәсілдің рөлі мен мәнін барынша жан-жақты ашып көрсеткіміз келеді.
Қайта сақтандьырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де, оның мәні
ең алдымен Қазақстан экономикасына да жүріп өту керек болып тұрған
индустриализациямен айрықша байланысты. Соңғы оңжылдықтар ішінде Еуропада,
АҚШ пен Жапонияда индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі қатерлер
мен қауіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда болып, олар,
жекелеген сақтандырушының, ал кейбір жағдайларда тіпті сақтандыру нарқының
қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсірді.
Экономиканың , ғылым мен техниканың қуатты өркендеуі қатерлер мен
аса қатерлі қаржылық комбинациялардың күрт өсуі мен күрделене түсуіне әкеп
соғуда. Сөйтіп бұл жай қазіргі экономикалық өмірдің барлық укладтарын
аңықтай тұра, сонымен қоса олар әлі де белгісіздік пен сенімсіздік
туғызуда. Ал, экономиканы тұрақты түрде жетілдіріп, жаңартып әрі жаңа
күрделі қаржы үшін батыл тәуекелге бару ғана әлгі етектен тартқан,

3.3 Сақтандыру компаниясының даму мәселелері (кезеңдері) мен оны шешу
жолдары

Отандық сақтандыру ісінің тарихы сонау жиырмасыншы жылдары кеңестік
дәуірде монополиялық түрде құрылған мемлекеттік сақтандыру ұйымымен
байланысты. Оның негізгі функциясы сол кезде мемлекеттік сақтандыруды
жетілдіру, сонымен қатар осы саланың өндіріс пен шаруашылыққа әсері болды.
Нарықтық қатынас жағдайында, яғни барлық қаржылық механизм түбегейлі
түрде өзгерген сәтте, халық шаруашылығы кешенін қаржы жағынан сауықтырудың,
тұрғындардың бұдан кейінгі сұранымдарын да барынша қанағаттандырудың
ықпалды жолын табу керек, мұндай жағдайда сақтандыру белгілі түрде біздің
Қазақстанның тағдырын анықтайтын осы және өзге де маңызды міндеттерді
шешуден сырт қалмауға тиіс еді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары біздің ел экономикалық әрі саяси
күрделі жағдайда болды. Сөз жоқ, сақтандыру ұйымдары да сол аталмыш
қиындықтарды бастан кешіп, құбылмалы жағдайға икемделе түсті. Сонымен бірге
сақтандыру ұйымдары сол қиыншылықтарға төтеп берді. Осыған орай отандық
сақтандыру нарығы демонополизациялауға ұшырады, сөйтіп айтарлықтай
жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады.
Нарықтық экономика жағдайында, шаруашылықты жүргізудің әкімшілікдік-
әміршілдік тәсілдерін айырбастап, бұрынғы Кеңес одағының орнына тәуелсіз
демократиялық мемлекеттердің құрылуы жеке меншікке деген көзқарасты
түбегейлі жаңадан қалыптастырды. Осыған байланысты жеке меншік жөніндегі
көзқарас түбегейлі өзгерген жаңа қоғам пайда болып, сондықтан бүкіл
қаржылық механизм кешеніне тигізер ықпалы күшейді, сөйтіп сақтандыру ісі
айтарлықтай өзгеріске ұшарап, халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі
нығайту көзделді.
Нарықтық қатынас кезінде сақтандыру саласы Қазақстан экономикасында
алдыңғы жетекші орындарды иеленуге тырысты. Сөйтіп сақтандыру ұйымдары мен
олардың қызметінің рөлі, орны, сипаты мен функциясы принципті түрде
өзгерді. Өндірістің жаңа құрылымдары (акционерлік қоғамдар, шағын
кәсіпорындар, компаниялар, кооперативтер) өздерінің қатерін сақтандыру
тарапынан қорғауды қажет етті.
Экономиканы дамытудың ең маңызды шарты ретінде кемелденген сақтандыру
нарығын құрудың объективті қажеттілігі туды. Осыған орай Қазақстанда жаңа
сақтандыру мекемелерін жаппай құру мен одан әрі жүргізу жалғастырылып,
құрылтайшылары ретінде, мәселен автомобиль және темір жол, авиация, құрылыс
концеріндері мен ауылшаруашылық кәсіпорындары тағы басқа халық
шаруашылығының ірі салалары ынта танытты.
Сақтандыру мен тиімділікпен жұмыс істейтін нарықтық экономика өзара
байланысқан әрі бөлінбейтін категория, қай жерде өзінің объективті заңымен
әрекет етсе, қатер де солай қимылды жасайды, немесе керісінше, қай жерде
қатер болса сол жерде сақтандыру болуға тиіс. Нарықтық шаруашылықта қатер
деген ұғым бір орталықтан басқарылатын экономика жағдайындағыдан мүлдем
басқаша.
Жалпы алғанда Қазақсанның сақтандыру саласын реформалау бірнеше
кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұл кезеңді нарықтық экономикаға өтер алды кезең деп
атауға болады (80-ші жылдардың соңы, 90-шы жылдардың басы). Бұл кезеңді
жоспарлы экономикадағы, нарықтық қатынастардың алғашқы элементтерінің
қалыптасқан кезеңі деуге болады. Осы уақыт кеңестік мемлекеттердің бәріне
өте ауыр уақыт болды, 1991 жылдағы 2000%-дық инфляция көрсеткіші,
экономиканы едәуір әлсіретті.
Сол жылдары Қазақстандағы сақтандыру жүйесін өзгертудің басты
міндеттерінің бірі мемлекеттік сақтандыру органдарын Қаржы министірлігінің
тікелей бағыныштылығынан шығару болды. Және оның шешілуіне жұмсалған қажыр-
қайрат табысқа жетіп: 1991 жылдың 22 қаңтарында ҚР-ның Министрлер Кабинеті
өзінің Қаулысымен мемлекеттік сақтандыру органдарын қаржылық жүйенің
ұйымдық құрылымынан шығарды. Осылайша олар жергілікті орындарда өздерінің
бөлімшелері бар дербес мемлекеттік ұйым болды. Сөйтіп әкімшілік әрі
бюджеттік қысымнан босанып, сақтандыру ісін дамыту мүддесіне арналған
қорды, сондай-ақ өз қаржыларын өздерінің қалаулары бойынша жұмсауға
мүмкіндік алды.[2;
Экономиканы нарыққа қайта бейімдеу, тәуелсіздігін жариялауына
байланысты республиканың саяси және экономикалық дербестігінің артуы, оның
халықаралық байланыстарының дамуы мен өзге де факторлар, сақтандырудың
орнын, рөлін, сипатын жаңаша ойлауға мәжбүр етіп әрі оның ұйымдарының
жүйесін одан әрі өзгертуді талап етті.
Нарықтық қатынастың қатал жағдайындағы жұмыс істеуге әзір болу
қажеттілігі пайда болып, сақтандыру ісін енді бұрынғыдан да жоғары
қарқынмен дамытып, коммерциялық саясатты білімділікпен жүзеге асыру қажет
болды.
Тек мемлекеттік сақтандыру жүйесінің жаңартылған, нарықтық қатынастың
артықшылықтарын пайдаланған түрі ғана қорғанысының тиісті деңгейін
қамтамассыз етіп, ақша-қаржы процесін реттеуде өзінің абыройлы рөлін атқара
алады.
1991 жылдың 10 сәуірінедегі Қазақстан сақтандыру қызметкерлерінің
құрылтай конференциясы республиканың бұрынғы мемлекеттік сақтандыру
базасының орнында жергілікті жерлерде фирмалары мен филиалдары бар
Қазақстан Республикасы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясын құру
туралы шешім қабылдап, Жарғысы мен компания Кеңесі жөніндегі ережені
бекітіп, оның құрамын сайлады.
1991 жылдың 7 мамырында Қазақстан үкіметі ҚазКСР мемлекеттік
сақтандыру Басқармасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік коммерциялық
сақтандыру компаниясы етіп қайта құру туралы қаулы қабылдап және оның
Жарғысын бекітті. 1992 жылы 25 ақпандағы № 156 Қаулысымен сақтандыру
компаниясының Жарғысына ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.[2;
Екінші кезең, (1992-1994 жылдар аралығы) осы кезеңнің сақтандыру
нарығын қалыптастырудағы ең қиын кезең деуге болады. Дәл осы кезде
Қазақстанда сақтандыру компаниялары құрыла бастады.
ҚР-сы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниялары өзінің
активтері мен пассивтері бар, тәжірибелі, білгір мамандарымен бірге сөз
жоқ, сақтандыру нарығында өзінің орнын алуға, әрі Қазақстанның сақтандыру
ісін дамытуға өзінің жетекші рөлдерін сақтап қалуы тиіс еді.
Сөйтіп, ҚР-ның сақтандыру туралы алғашқы заңы 1992 жылдың 3 шілде
айында қабылданып, 1 қыркүйектен бастап іске асырыла бастады. Алайда бұл
заң біраз шикі болды. Бұл заңның басты кемшілігі – онда сақтандыру
ұйымдарын тіркеу, лицензиялау және мемлекеттің тарапынан бақылау туралы
мәселелер көрсетілмеген. Сол себепті сақтандыру ұйымдары арасында әділ
бәсекелестік болмай, соның салдарынан клиенттер зардап шекті.
Бертін келе бұл заңдағы қателіктер 1994 жылы 16 сәуір айындағы № 1658
ҚР-ның Президентінің Жарлығымен түзетілді.
Осы түзетулерге сәйкес Қаржы министрлігінің жанынан бақылаушы
департамент құрылды.[2;
Үшінші кезең, (1995-1996) бұл кезең сақтандыру нарығындағы сұраныс
пен ұсыныстың сәйкес келмеуімен байланысты. Алайда елдегі макроэкономикалық
жағдайдың өзгеруі, сол жылдары сақтандыру қорларын құруды қажет етеді.
1995 жылы 3 қазанда ҚР-ның Президентінің Жарлығымен қабылданған
Сақтандыру туралы заң осы саладағы дұрыс қаланған фундаменттердің бірі
болды. Бұл заң сақтандыру ісін дамытуға зор ықпал жасады.
Төртінші кезең, (1997-1999 ж.) экономиканың тұрақтануымен байланысты,
сонымен қатар макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуімен, және де сақтандыру
саласының динамикалық түрде қалыптасуымен байланысты. Бұл уақытта
сақтандыру нарығын реттейтін негізгі құжат, ол 1996-1998 жылдар
аралығындағы Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы негізгі даму
бағыттары атты құжат болды. Осыған сәйкес бұл кезде жүйелі сақтандыру
нарығы қалыптаса бастады, және де сақтандырудағы сақтандыру қызметтер аясы
кеңейе түсті. Осы салаға байланысты қарым- қатынастың өзгеруіне байланысты,
көптеген тәуекелділік түрлерін сақтандыру мүмкіндігі туды. Алайда
сақтандыру компанияларының әлі де болса капиталының аздығының себебінен,
олар ірі тәуекелділік түрлерін сақтандыруға мүмкіншіліктері болмады. Егер
олар тіпті орта деңгейдегі тәуекелділіктерді өз мойындарына алатын болса,
оның өзі шетелдік қайта сақтандыру компаниялары арқылы. 1999 жылғы ұлттық
валютаның девальвацияға ұшырауы, белгілі дәрежеде сақтандыру
компанияларының активтерінің құнсыздануына әкеп соқтырды. Осының салдарынан
сақтандыру нарығы біраз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру, оның мәні,ролі және маңызы
Сақтандыру нарығының құрылымы
Лизингтік қызмет көрсетудің теория-әдістемелік негіздері
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Акционерлік сақтандыру компаниялары
Сақтандыру жүйесі
ҚР-ғы сақтандыру саласы
Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі және жеке кәсіпкерлікті бақылау
Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты залал келтірушінің экономикалық мүддесін сақтандыру арқылы қорғау
Аудит және бизнесті категориалдық талдау
Пәндер