Араб мемлекеті туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Араб мемлекетінің құрылуы ... ... ... ... 10
ІІ тарау. Арабтардың Орта Аияны жаулап алуы ... ... . 18
ІІІ тарау. Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізген
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ...35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... 38

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бергі уақыт әлемінің жекелеген халықтары мен өркениеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “Ұлы жаңару кезеңі” (Л.Снайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүниежүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдегі әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, өз ұлттық аймағындағы оқшаулануы (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда, болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл адамзаттың өткен тарихы дәлелдеп берді. Енді ғана табалдырығын аттаған жаңа ХХІ ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланысты болып келеді.
Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда, Орталық Азия, Евразия және бүкіләлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және ол қазіргі таңда іс жүзіне асып та жатыр.1
Қазіргі таңдағы халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі, интеграциялану мен ғаламданудың қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени-тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде, әсіресе мәдениетаралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттерінің эволюциясындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.
Мәдениеттің өзара ықпалдастығы – өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттық мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. “Мәдениет – бұл диалог, пікір алмасу және тәжірибе алмасу, басқа халықтардың құндылықтары мен дәстүрлерін игеру – оқшау жағдайда ол солып, кері кетеді”, – деп атап көрсетілді мәдениет саласындағы саясат жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның Декларациясында.2 Қай халық болмасын басқа халықтардың мәдениетімен қарым-қатынаста болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып отыратыны белгілі.

1. Қартабаева Е.Т. Араб-мұсылман мәдениеті және Орталық Азия халықтары өміріндегі өзгерістер (VІІІ-ХІІІ ғғ.). т.ғ.к.дис. – Алматы, 2002 ж.
2. Қартабаева Е.Т. Араб жаулап алулары мәселесіне жаңа көзқарас // Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. 24-25 мамыр, 2001 ж. – Алматы: Қазақ университеті, 2002 ж.
3. Әли-Хіммет Берки. Осман Кескіоғұ. Соңғы пайғамбар Хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны. – Анкара, 1997 ж.
4. Бальшаков О.Г. История халифата. Спб., М.: Вост. Лит, 2000. Т.2.
5. Мұхаммед пайғамбардың хадистері. Ауд.: Н.Қазыбеков. Ред.: О.Сәрсенбаев, Ә.Сәрсенбаев. – Алматы: Жазушы, 1994 ж.
6. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. 3 томдық. Ауд., алғы сөін жазған А.Қ.Егеубаев. – Алматы: ХАНТ., 1997 ж. Т.1.
7. Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған: Халифа Алтай. Өңдеуші: Дәлелхан Жаналтай. Редакциялаған: Абдұрраһим Алтай. – Құран Шариф басым комбинаты, 1991 ж.
8. Хрестоматия по истории Халифата. Сост. Л.И.Надирадзе. М.: МГУ, 1968 г.
9. Беляев Е.А. Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье. – М.: Наука, 1966 г.
10. Грюнебаум Г.Э. фон. Основные черты арабо-мусульманской культуры. – М.: Наука, 1981 г.
11. Дұға. Құрастырған Қ.Мамашәріпов. – А., 1991 ж.
12. Зайончковский А. Старейшие арабские хадисы о тюрках. VІІІ-ІХ вв. // Тюркологический сборник. – М.: Наука, 1966 г.
13. Идис Шах. Суфизм. – М.: Клышников, Камаров и Ко, 1994 г.
14. Ирмиява Т.Ю. От халифата до блистательной порты. История мусульманского мира. – Пермь: Урал, 2000 г.
15. Нұртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана. – Алматы: Фараб, 2000 г.
16. Назарбаев Н.А. Идея Евразиского союза и перспективы интеграции // Евразиской союз: новые рубежи, проблемы, перспективы. Материалы научно-практической конференции. – М., 1996 г.
17. Кляшторный С.Г. Из истории борьбы народов Средней Азии против арабов. – Л., 1954 г.
18. Крачковский И.Ю. Избранные сочинения в 6-ти томах. – М.-Л.: Изд. Акад. наук СССР., 1957 г.

ЖОСПАР
Кіріспе ––––––––––––––––––––––––––––––––––– 3
І тарау. Араб мемлекетінің құрылуы ––––––––––––––––10
ІІ тарау. Арабтардың Орта Аияны жаулап алуы ––––––––– 18
ІІІ тарау. Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізген
ықпалы ––––––––––––––––––––––––––––––––––– 25
Қорытынды –––––––––––––––––––––––––––––––35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі –––––––––––––––––––– 38
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бергі уақыт әлемінің жекелеген халықтары мен
өркениеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ
бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “Ұлы жаңару
кезеңі” (Л.Снайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын:
дүниежүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және
әлемдегі әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, өз ұлттық аймағындағы
оқшаулануы (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда, болашақ
осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл
адамзаттың өткен тарихы дәлелдеп берді. Енді ғана табалдырығын аттаған жаңа
ХХІ ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде,
өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсының болмасын тағдыры
өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланысты болып келеді.
Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда, Орталық Азия,
Евразия және бүкіләлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың аса қажеттілігі
жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және ол
қазіргі таңда іс жүзіне асып та жатыр.1
Қазіргі таңдағы халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі,
интеграциялану мен ғаламданудың қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени-тарихи
процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн
тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде, әсіресе мәдениетаралық өзара
ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттерінің эволюциясындағы рөлі
туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.
Мәдениеттің өзара ықпалдастығы – өзара қарым-қатынасқа түскен
халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттық мәдени қорының байытылуына ықпал
ететін объективті құбылыс. “Мәдениет – бұл диалог, пікір алмасу және
тәжірибе алмасу, басқа халықтардың құндылықтары мен дәстүрлерін игеру –
оқшау жағдайда ол солып, кері кетеді”, – деп атап көрсетілді мәдениет
саласындағы саясат жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның Декларациясында.2
Қай халық болмасын басқа халықтардың мәдениетімен қарым-қатынаста болып,
бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып отыратыны белгілі.
Бұл турасында өз кезінде атақты шығыстанушы В.В.Бартольд былай деп атап
көрсеткен еді: “Прогрестің басты факторы – халықтар арасындағы өзара тығыз
қарым-қатынастың болуында екені қазір дәлелденіп отыр, халықтардың
өркендеп, дамуы немесе кері кетуі олардың нәсіліне немесе оларды қоршаған
табиғи ортаға да байланысты емес, оның басты себебі – бұл халықтар өз
тарихының әр түрлі кезеңінде халықтар арасындағы байланыс көпірін тұрғыза
алды ма, жоқ па, міне осыған байланысты”.1
Халықтар арасындағы мұндай байланыс орта ғасырларда, негізінен, әр
түрлі елдерді жаулап алу арқылы пайда болған ұлан-ғайыр империялар түрінде
болды. Осындай империяның бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз
дамуының ең бір шарықтау шегіне жеткен кезде “Ескі дүниенің” ширегінен
астамын (Солтүстік Африкадан Үндістанға дейін) алып жатты. Мәселе бұл
мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес, тарих үшін ең
маңыздысы – осы мемлекетте әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып,
жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды. Бұл мәдениеттің тілі – араб тілі,
ал идеологиялық негізі – ислам болды. Сондықтан да бұл мәдениет араб-
мұсылман мәдениеті деген атқа ие болды. Араб-мұсылман мәдениеті жоқ жерден
пайда болды дей алмаймы. Арабтар жаулап алған территорияда бағзы
замандардан бері Тигр мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның,
Алдыңғы және Орта Азияның өркениетті халықтары мекен етті.
Орта ғасырлардағы мұсылман елдеріндегі бұрын-соңғы болып көрмеген аса
зор мәдени өрлеу көптеген шығыстанушылардың бұл дәуірді “Мұсылмандық
Ренессанс” дәуірі деп сипаттауына негіз берді.
Мұсылмандық ренессанс мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін таппаған,
даулы мәселелердің бірі болып табылады. Орта Азия аймағында Мұсылмандық
ренессанстың әрекет ету ықпалына тартылды деп сенімді түрде айта аламыз.
Бұған мұсылман дәуірінде өмір сүрген әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Ибн Сина,
т.б. сынды атақты ғұламалардың шығармашылығы бұлтартпас дәлел бола алады.
Орта Азия топырағынан шыққан ұлы ғұламалар өздерінің теңдессіз туындылары
арқылы өз уақытының интеллектуалдық дәрежесімен салыстырғанда аса жоғары
деңгейге көтерілгені даусыз. Алайда, мұның өзі бұл ғұламалардың өз халқының
бұған дейін жинақтаған мәдени жетістіктерін өз бойына сіңіріп, ары қарай
дамуына сырттан жаңа бір серпін алғанынан деп ұғыну керек.2
Аравия түбегінде VІІ ғасырдың 20-жылдарында діни реформатор Мұхаммед
пайғамбарымыздың қызметінің нәтижесінде пайда болған және пайғамбар қайтыс
болғаннан кейінгі 20 жыл ішінде сол дәуірдегі аса қуатты державаға айналған
Араб халифаты өзінің жаулап алушылық жорықтарымен сол кездегі Иран, Орта
Азия және т.б. Орта ғасырлық мемлекеттер тарихына елеулі әсерін тигізгені
бізге белгілі.
Араб-мұсылман өркениетінің тарихы сияқты, оның таралуына ықпал еткен
факторлардың бірі болып табылатын араб жаулап алуларының тарихы да
бұрмаланушылықпен қарастырылып келді. Европа және әсіресе орыс және кеңес
зерттеушілерінің еңбектерінде арабтар тұрпайы діндерін күшпен енгізіп
отырған ашкөз, фанатик жаулаушылар ретінде көрсетілді. Кеңес тарихнамасы
соғысқа баға беруде әр кез методологиялық әлсіздік танытты.1 Патшалардың,
қолбасшылар мен ақсүйектердің әрекеттеріне объективті баға беруге кедергі
келтіретін “таптық көзқарас” үстем болды. Объективті талдаудың орнына
“Кеңес одағы халықтарының шетжерлік жаулаушыларға қарсы бірігіп күресудегі
тағдырының ортақтығын” дәлелдейтін идеологиялық тапсырысты орындауға
ұмтылыс байқалды. Ғаламдық ауқымдағы оқиғаларға баға беруде, әркез бірдей
орынды бола бермейтін тұрпайы “моральдылыққа” бой ұрылды. Мысалы: араб
жаулап алуларына қатысты, ол кейініректе қандай мәдени және моральдық
нәтижелерге алып келгендігі анағұрлық маңыздырақ. Соғыстар, жаулап алулар
құрбандықтар мен қиратуларсыз болмайды. Тарих тек жасампаз ғана емес, ол
сондай-ақ қиратушы да (соңғы нәтижеде жаңаны жасау мақсатында). Арабтар,
түріктер, монғолдар әлемдік тарихта әрдайым күні өткен мәдениетті
қиратушылар рөлін атқарып отырды. Ерте дүниенің соңына қарай Римнің,
Иранның, Орта Азияның және басқа да аймақтардың өркениеттері құлдырап
кеткен еді. Ескі өркениеттің орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнауға тиіс
болды. Мысалы, күні өткен антика өркениеті көшпелі халық – ғұндардың
батысқа қарай қозғалысымен басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы
нәтижесінде талқандалып, орнына сапалы түрде жаңа өркениет пен қоғамдық
қатынастар қалыптасты.2 Ерте замандардағы жаулауылықтың рөлін дұрыс түсіну
үшін бізге араб-мұсылман мәдениетінің өкілдері көмекке келеді. Атап
айтқанда, ХІV ғ. өмір сүрген атақты араб ойшылы Ибн Холдун мемлекеттер мен
өркениеттердің пайда болу тарихында көшпенділердің рөліне аса зор маңыз
берген.
Оның тарихи циклдар туралы теориясы бойынша баяу климатты елдерде
көшпенділер тарихтың анағұрлым белсенді қозғаушы күші болып табылды. Олар
отырықшы халықтарға қарағанда анағұрлым тез қозғалысқа түседі, шапшаң.
Отырықшы елдердің жерлерін әркез жаулап ала отырып көшпенділер ұлан ғайыр
империялар құрады. Алайда, жүз жиырма жылдай уақыт өткен соң жаулап алушы-
көшпенділердің ұрпақтары, қалалық өмірдің қолайлы жағдайларында өмір сүре
отырып, сол өмірге үйреніп және бірте-бірте өздеріне тән күш-қайрат,
төзімділік, батылдық, тәуекелшілдік, климаттың қолайсыз жағдайларына
шыдамдылық сияқты табиғи қасиеттерін жоғалта бастайды.1 Олар нәзік те
әлсіз, жалқау әрі қорқақ бола бастайды: “ауа райының қолайсыздықтарынан
оларды үйлері, ал жауларынан қамалдардың дуалдары мен жалдамалы әскері
қорғайды және ең бастысы, оларда бірлік жоқ, мүліктік теңсіздіктің
салдарынан олардың арасында алауыздық туындайды”. Қажет жағдайларының бәрі
бар адамдар өмір сүруге қажет қаражат табу үшін еңбектенгісі келмейді,
қоғамда тоқырау басталады. Қалалық өмірдің ықпалымен халықтың құлқы
бұзылады, сөйтіп қоғам бірте-бірте азғындай бастайды. Сол уақытта көрші
далалы аймақтардан көшпенді жаулаушылардың әскері келеді, сөйтіп тарих
қайталанып отырады.2
Ибн Халдунның теориясы кейбір зерттеушілердің көшпенділерді жолында
кездескеннің бәрін қырып-жоюшы, қиратушы күш ретінде көрсеткен
тұжырымдарымен қайшы келеді. Көшпенділердің отырықшы аудандарды жаулап
алуы, араб ойшылының пікірі бойынша, мемлекеттің құрылуына алып келеді.
Осылайша, көшпенділер отырықшы егіншілердің территорияларын өзіне қосып ала
отырып, “мықты экономикалық базаға ие болады, ал өздері қуатты әскери
күшімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді... Мұның өзі экономиканң
тұрақтануына, қолөнердің гүлденуіне, жауланып алынған халықпен ортақ жоғары
рухани мәдениеттің қалыптасуына және ең бастысы, әр түрлі этникалық
бірліктерден құралған біртұтас халықтың қалыптасуына ықпал етіп отырды”.3
Осы тұрғыдан алғанда араб жаулап алуларын (араб әскерінің негізгі
бөлігі көшпенді-бәдәуилер болған еді) күні біткен ежелгі өркениеттердің
орнына жаңа, жас, прогресшіл өркениеттің орнауына ықпал еткен халықтардың
ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Батыс
тарихнамасында, соның ішінде кеңес тарихнамасында да халықтардың ұлы қоныс
аударуы дәуіріндегі Батыс Европадағы герман, кельт және басқа да
тайпалардың қозғалыстары жөнінде өте көп зерттелген. Бүкіл Европа
континентінің қоғамдық-мәдени бет-бейнесін түбегейлі өзгерткен бұл
процестің басталуына Орталық Азиядан шыққан ғұн тайпаларының батысқа қарай
жылжуы ықпал еткен еді. Зерттеуші Қ.Т.Жұмағұловтың пікірі бойынша дәл
осындай құрылысты Шығыс тарихынан да байқауға болады.1 Әлемдік тарих үшін
аса маңызды салдарлары болған арабтардың VІ-VІІІ ғғ. Азия, Африка және
Европадағы қозғалыстары мен жаулаушылықтары осындай қозғалыстар еді.2
Алайда, тарихта елеулі із қалдырмай-ақ жойылып кетіп отырған
германдықтардың, ғұндар мен түріктердің державаларынан өзгеше, араб жаулап
алуларының нәтижесінде пайда болған империя – халифат әлемдік өркениетке
өлшеусіз зор үлес қосты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды
болуында ғана емес, тарих үшін ең маңыздысы – осы империяда әр түрлі
өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған өркениетті
туғызды. Жаңа пайда болған өркениеттің материалдық және рухани жетістіктері
бүкіл әлемді өзіне қаратты. Тұрпайы, дамудың төменгі сатысында тұрған
халықтар тұрмақ, христиандардың өзі исламның, араб мәдениетінің,
мұсылмандық өмір салтының ықпалына түсті, одан қолдан келгенше үйренуге
тырысты.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыс жазудағы алға қойған
мақсатымыз араб жаулап алушылығының тарихи маңызын көрсету болып табылады.
Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Мұхаммед пайғамбар негізін салған ислам дінінің күшімен біріккен
араб мемлекетінің құрылуын анықтау;
- Арабтардың Орта Азияны жаулап алу жолдарын көрсету;
- Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізген ықпалын анықтау;
- Араб-мұсылман мәдениетінің Орта Азия халықтарына рухани,
материалдық, мәдениетіне тигізген ықпалын қарастыру.
Курстық жұмыста негізінен біз VІІ-Х ғғ. кезеңін қамтыдық. Өйткені, дәл
осы кезеңде араб мемлекеті пайда болып, өзінің жаулап алушылық жорықтарын
бастаған еді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Араб мемлекетінің құрылуы
Ұлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км2. Ол шөл дала, құмды жер.
Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VІ ғасырда арабтар көшпелі мал
шаруашылығымен айналысушыларға және отырықшы диқандарға бөлінетін. Оның
ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар
бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсіретін. Шонжар
бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл тұқымды жылқылары болды. Әр
тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті болды. Олар көбінесе
кесіртке мен жбайы құрманы қорек етті. Тайпалар руларға бөлінетін. Рудың
бай қуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. “Қанға –
қан” деген кек алу дәстүрі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы – сайдтар
өз қалауы бойынша басқарды (барлық мәселені өзі шешті).
Қолөнер, егіншілік Аравияның оңтүстік-батысында, Иеменде жақсы дамыды.
Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық рөл атқаруы әсер
етті. Ол Египет пен Палестинаның, Сирияның арасында, ал ІІ ғасырдан бастап
бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды.
Үндістаннан теңіз арқылы әкелінген товарлар Иеменде түсіріліп,
түйелерге артылып Палестина, Сирия арқылы Батыс Европа елдеріне жетіп
жататын.
Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда
үлкен сауда-саттық қаласы Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге
жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің
орталық алаңында куб тәріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті
“қара тас” тұрды, ал айналасында араб тайпаларының құдайларының мүсіндері
қойылған болатын. Әр тайпа өз құдайына құлшылық етті. Бұл арабтар арасында
алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыс-тартысқа, ұрыс-
керістерге тыйым салынды.
V-І ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық құрылыспен қатар, құлдық
қоғам да орын алды. Бірақ құл иеленушілік қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы
қауымдық құрылыс негізінде феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады.
Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес Палестина,
Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда арабтардың Гассанид
патшалығы да құрылған болатын. ІV ғасырға қарай Месопотомия мен Сирия
шекарасында Лахмидтер әулеті басқарған араб патшалығы құрылды. Ол VІІ
ғасырдың басына дейін сасанидтік Иранға вассалдық тәуелділікте болды.
Біздің заманызға дейінгі І ғасырда арабтар Египетке де қоныс аударды.
Мысалы: Копт қаласындағы тұрғындардың жартысына жуығы арабтар болды. Бұл
жағдай кейін араб жаулап алушылығын жеңілдетті.
Шонжар арабтар көршілес бай елдерді – Сирияны, Египетті, Иранды жаулап
алуды аңсайды. Бұл жерлерден бағалы олжа, жер, мал басып алуға болатын еді.
Бұл елдердің байлығына қызықтырып, өз кедей-кепшіктерін жорыққа әкетуге
тырысты. Бірақ соғысты ойдағыдай жүргізу үшін араб тайпаларын біріктіру
керек болды.
Бірігуге араб көпестері де ынталы болды. Өйткені, VІІ ғасырдың басында
Аравияның оңтүстік бөлігі мен Қызыл теңізге шығатын жолды Иран басып алды,
ал Аравияның солтүстігінде Византия үстемдік етті. Бұл Мекке мен Иеменнің
делдалдық саудасына зиян келтірді. Бұрын керуен саудасынан пайда көретін
бедуин тайпасы, енді кедейлене түсті.
1853 жылы К.Маркстің Ф.Энгельске жазған хатында “Могамет уақытында
Европадан Азияға шығатын сауда жолы ерекше өзгерді және араб қалаларының ол
уақытта сауда қатынасы нашарлау болды” делінген.1
Сауда барған сайын нашарлай берді: көпес керуендері Қызыл теңіз
жағасына сирек келетін болды. Сондықтан да бай көпестер бұрынғы сауда
жолдарын қалпына келтіру және жаңа жолдарды басып алу үшін араб халықтарын
біріктіріп, жорыққа аттануға мүдделі болды.
Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу үшін
шонжарлар жаңа дінді – ислам дінін пайдаланды. Ол діннің негізін Мұхаммед
пайғамбар қалады.
Мұхаммед пайғамбар 570 (571) – 632 жылдары өмір сүрген. Ол Меккеде
үстемдік құрған корейшиттердің кедейленген отбасында өмірге келген.
Әкесінің аты – Абдулла, анасының аты – Әмина. Ана құрсағында пайда
болғанына жеті ай толғанда әкесі дүние салады. Мұхаммед пайғамбар туғанда
күн шықпай тұрып-ақ оның жүзінде рисалат нұры құйылған (жамандықты
айырылтушы сәуле). Ешбір заманда нәресте дүниеге келгенде нақ мұндай
құбылыс болмаған және тіпті болмайды екен. Рисалат нұры қараған көздерді
қарықтырады.
Төрт жасына дейін сүтанасы Халиманың бауырында болды. Содан соң өз
үйіне табыс етілді. Алты жасында туған анасы Әмина дүние салды. Енді оны
атасы Абдулмүтәліп қолына алды. Бірақ анасы қайтыс болғаннан кейінгі екі
жылдан соң, сегіз жасқа келгенде атасы да дүниеден өтті. Бұл жолы ол немере
ағасы Әбутәліптің жанында қалды.
Жиырма бес жасында Хұбайлиз қызы Хадиша–Кубра анамызға (Аллаға
сыйынушылар анасы) үйленді. Ол анамыз Мұхаммедтен 15 жас үлкен болған.
Пайғамбарымыз Хадиша анамызбен жиырма бес жыл өмір сүрген. Алла тағала
Мұхаммед пайғамбарымызға Құранды – мұсылмандардың қасиетті кітабын – ол
қырық жасқа келгенде жібере бастады.1
Мұхаммед пайғамбарымызға Алла тағала атынан кәрімнің уағыздарын
біртіндеп төбе періштенің бірі Жебірейіл Ғалайһи уәссалам әкеліп тұрған.
Құран 23 жыл ішінде түсіп болды. Құранда 114 сүре бар. Ол сүрелер меккелік
және мединелік болып екіге бөлінеді. Меккелік сүрелердің саны – 90, ал
мединелік сүрелердің саны – 24. Сүрелер аяттардан тұрады. Аяттар (өлеңді
сөз жолдары) саны әрқайсысында әр түрлі. Мысалы, “Фатиха” деп аталатын
бастаушы сүреде жеті аят болса, ең ұзақ екінші сүре “Бахарада” 286 аят бар.
“Мұхаммед пайғамбарымыздың тірі кезінде Алла тағаланың сөзі қағаз
бетіне түспей, ауызша тараған. Алланың сөздерін жатқа білетін мұсылмандарды
“қари” деп атаған. Алайда, Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін
қасиетті сөздердің жоғалып кету қаупі төнеді. Сондықтан Әбу Бәкір Халиф
Мұхаммед пайғамбардың хатшысы болған Зәйд ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін
жинап, кітап етіп құрастыруды аманаттайды. Үшінші халиф тұсында Зәйд ибн
Сәбит көмекшілерімен бірге құранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. Осман
Халиф бұл төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, Медине, Димашық,
Куфа, Басыра қалаларында сақтауға әмір етеді”.2
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке
(Медине) қоныс аударуға мәжбүр болды. Өйткені, исламға дейінгі діндердің
дінбасылары, ақсүйектер оған дінді еркін таратуға мүмкіншілік бермей,
қарсылық көрсетеді. Осы себептен пайғамбарымыз туып-өскен Мекке қаласынан
Медине қаласына көшеді. Осы жыл – 622 жыл – мұсылмандардың бірінші жылы
болып саналады. Бұл “хиджра”, яғни “көшу” жылы деп аталады. Ясриб сол
жылдан бері Медина – “пайғамбар қаласы” деп аталады.
Айша – Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі. Оған тоғыз жасында
үйленген. Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: Зейнеп, Рұқия (Ұрқия),
Үмму Күлсім, Фатима (Аллаға сыйынушылар сүйіктісі). Үш ұлы болған: Ибраһим,
Қасым, Абдулла. Мұхаммед пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталды. Әл-
Ислам (“Құдайға берілу”, “Құдайға құлшылық ету”) – дүние жүзіне кең тараған
сенімдердің бірі. Ол дінді ұстаушылар мұсылмандар деп аталады.3
Осыдан 4 ғасыр бұрын, яғни VІІ ғасыр басында Мұхаммед пайғамбар
жариялаған жаңа дін – исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең
тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар
Пиреней тауынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда,
көне мәдениеттің жұртында, жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды.1
Бұл жайлы Зубов былай дейді: “Арабтар Мұхаммед пайғамбардың уағызын
қабылдап, бірнеше онжылдық ішінде олардың әкелері мен аталары ойламаған
империя мен мәдениетке жетті...”2
Артта қалған көшпелі және жартылай отырықшы тайпалар ғалымдардың,
философтарды, ақындардың батыр жаулаушы ұлтына айналды. Жаңадан туған
өркениеттің материалдық және рухани жетістіктері бүкіл әлемді өзіне
бағындырды. Христиандардың өздері де мұсылмандардың ықпалына түсіп қалды.
Араб ғылымы, өмір сүру бейнесі әсер етпей қоймады.
Г.Э.Фон Грюнебаумның сөздері бойынша: “Мұсылман діні – өзінің
қайталанбас идеологиялық күш-қуаты бар айбынды да, сәулетті, керемет бір
ғимарат болып табылады”.3
Таяу Шығыстағы елдердің басым бөлігі мұсылмандарға “тез және бейбіт”
түрде жаулап алынды, “жергілікті тұрғындар жаулап алушыларға дос ретінде
қарамаса да, жау ретінде де қабылдамады”4, – дейді Беленицкий.
Гумилевтің көзқарасы бойынша мұсылманға дейінгі Хорезмді “қартайған
және шаршаған” деп атаса, сонымен қатар, мұсылман діні басқа да соғысушы
елдердің экономикалық, саудасының жағдайының жақсаруына көмек етті деп
көрсетеді.5
Ислам діні мұқтаждықтағы адамзатқа нелер әкелгенін және Хазірет
Мұхаммед сыйлаған ислам нұсқауының адамзатқа қандай қызмет көрсеткенін
орынды тілмен жеткізу үшін сол кезеңдегі дүние жағдайына жалпы бір назар
салғанымыз орынды болар. Жаңа эраның VІ ғасырында, әлемде аспанды қара бұлт
торлаған дүниеде адамзаттың бірден-бір тілегі болған алаңсыздық пен
тыныштық, бейғамдық пен қауіпсіздік ғайыптарда болатын. Әлемнің әр шеті
қанды қырғынның қамауында еді.
Испания мен оңтүстік Францияда сұлтандық дау-шардан туған саяси
алқымдасуы мен жанжалдар өрбіп жатса, Францияда вестготтар мен франктер
арасындағы соғыс тарихтың ең қайғылы беттерін жазуда еді. Англо-саксондар
Англия аралын басып алғандықтан, онда да қанды қақтығыс жүріп жатқан.
Бүгінгі таңда мәдениет, көркемөнердің қайнары болған Англия, өз кезеңінде
жыртқыштық пен шексіз зорлық-зомбылық құрсауында еді. Италияда ромалықтар
әуелгі атақ-абыройынан айырылған, сол кездік мығым императорлығының
орталығы болған Рома қаласы, шылғи дін орталығына айналған. Тың бір Рома-
Герман ұлттық қауымын ұйымдастыру, жаңа бір Батыс Рома императорлығын
құруды армандаған Теодорих тілегіне жете алмай өлген; ішкі-сыртқы жасырын
тәсілдермен алысқан кейін құрылған Романдағы бұл Герман-Гот ақырында
егемендікке жеткен. Бұл егемендіктің шекарасы Сижилиядан Тұна қайнарларына
және Далмасиа Алыптарына дейінгі кең алаңға созылып жататын.
Бизанс бұрынғы тарихи даңқынан мақұрым, күңгірт күйде еді. Шығыс Европа
Рен өзенінен бастап шығыста Тұнаға дейінгі ұрыс-қағыспен қым-қуыт болып,
басып алуға енді-енді қарсы келе бастаған. Скандинавиялықтар, норвештер,
данимаркалықтар, готтар мен ғұндарға қарай бет алып, басып алу жолына
ұмтылған. Ұлттар көшкен, елдер құруға бет алған; осы елдерге христиандық
жаңа тараған; көне, алғашқы діндердің ізі жоғала бастаған; Мазхаппен діни
шайқас жүріп жатқан – Европада қысқаша жағдай осындай көрініс беруде еді.
Азияға келсек, ол да Европадан қалыспайтын. Тілдер мен ой-пікірдің
қайнары болған Хинд пен Тибет, саяси және философиялық мәселенің ең
таңданарлығы болды. Қытай ішкі және сыртқы соғыстармен, діни тартыстармен
өзара шырмалуда еді.
Азияның солтүстігі ол кезде белгісіз болатын. Иран болса Бизанспен
үнемі соғыс күйінде еді. Ирак мезхеп соғыстарына сахна болуда еді.
Африкада ромалықтар мен гректер Мысырды тонып, осы байырғы мәдениет
өлкесін сорып жатқан, Африканың солтүстігі де қара бұлттар торлаған,
қорқынышты даул үйіруде болатын. Бүтін дүниеге жайылған осы күйден араша
қалған жалғыз ел болса, ол Арабстан жарты аралы еді.1
Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір ғанав құдайға табынуға өзара жауласуды
тоқтатуға, бірігуге шақырады. 630-жыл шамасында араб тайпаларының көпшілігі
ислам дінін қабылдайды. Мұхаммед өкіметін мойындайды. Мекке мұсылман
дінінің орталығына, бүкіл мұсылмандардың “қасиетті” қаласына айналады.
Мұхаммед мемлекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды. Мұхаммед
өлгеннен кейін (632) көп ұзамай, мұсылмандар бүкіл Аравияны өзіне
бағындырып алды. Араб мемлекетін “халифат” (“пайғамбардың орынбасарлары”)
басқарды.
Арабтардың жаулап алу алғышарты VІ-VІІ ғғ. Араб қоғамындағы әлеуметтік-
экономикалық алға жылжуы болды. VІІ ғ. Басында Аравия жарты аралының
тұрғындарының көп бөлшегі көшпенділер (бедуиндер – “сахарада тұрушы”) еді.
Олар негізінен түйе және ешкі, аздаған қой және жылқы өсірді. Оңтүстік
Аравияда (Иемен, Ходрамаут және Махра), сонымен қатар Аравия оазистерінде
арпа, құрма ағашын, жүзім, аздап бидай және жеміс ағаштарын өсіретін араб
жер иеленушілері болды. Арабтардың үлкен бөлігінде бедуиндерде, сонымен
қатар жер иеленушілерде VІІ ғ. тайпа және руға бөліну сақталды. Бұл
патриархалды-ру қауымы мүліктік және әлеуметтік жіктелу процесін басынан
кешті, тайпа ішінен тайпа ақсүйектері – ірі атар және құлдары бар, көбіне
керуен саудасымен айналысатын байлар ерекшеленді. Таптық қоғам Аравияның
оңтүстік-батыс, Иемен, Жарты арал мен Индия елдерімен керуен-теңіз сауда
жолы жатқан Арабияның экономикалық және мәдени салалары дамыған
облыстарында болды.
Кеңес ғалымдарының ішінде араб қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы
жайлы екі көзқарас қалыптасқан. Кеңес ғалымдарының бір тобы
(А.Ю.Якубовский, С.П.Толстов, Б.Н.Заходер, Е.А.Беляев) арабтардың жаулап
алу жорығына дейін феодализмнің нышаны байқалмайдыдейді. Аравияда
қалыптасқан құл иеленушілік қатынас көрші елдерден жеке жатқанда үстемдік
етуші өндіріс тәсілінде дамыр еді. Бірақ, VІІ-VІІІ ғ. Басында үлкен жаулап
алушылық нәтижесінде Аравия және арабтар Таяу және Орта Шығыста болған
феодалдану процесіне тартылды және арабтарда құл иеленушілік ескі құрылыста
қалды.
Басқа кеңес ғалымдарының ойынша (Н.В.Пигулевская, т.б.) араб қоғамында
жаулап алу жорығына дейін (VІІ ғ.) феодалдық қатынас дамыған. Бұл проблема
әлі де болса жете зерттелмеген.
Бірінші халиф Абу Бәкір Аравияның толқуларын басып, ішкі іспен
айналысса, ал Омар, Осман, Әли кезінде назар Византия облыстарына – Сирия,
Палестина, Египет, сонымен қатар Иран жағына әскери жорыққа аударылды.
Жаулап алушылық жорықтың инициативті рөлі – олжа және эксплуатациялау үшін
жаңа жер алуға ұмтылды.
VІІ ғ. бірінші жартысында араб әскері Византияның, парсылықтардан
ерекшеленді.
Араб әскері жаяу және солтүстік атты әскерден құралды, бірақ арабтарда
алғашқы кезде ат аз болғандықтан, салт аттылардың көбі түйелерді
пайдаланды. Әскер ұйымы ру-тайпалық сипатта болды, яғни рудан және тайпадан
құралды. Ұсақ әскери бірліктерден, ондықтар бір ру мүшелерінен құрылды. Ал
ірі бірлестіктер бір тайпадағылар болды. Көбінесе ұрыста жақсы таныс және
жақын жерлестер, руластар бір-бірімен қатар тұрды, бұл ұрыс алаңында
коллективті ұйымдастырды. Оңтүстік арабтар және солтүстік арабтар тайпалары
арасында жауластық болды. Бұл әсіресе омиядтар династиясы (661) кезінде
күшейді.
Араб әскері өздерінің қарулануы жағынан Византия және парсы әскерінен
әлсіз болды. Византиялықтар мен парсылар секілді арабтарда керекті қылыш,
қаруланған атты әскерлері болмады. Бірақ араб әскері сан жағынан
қарсыластарынан басым болды. Араб әскерлері ұрыс алаңында босаған аттарды
ұстап алып, өздерінің атты әскерін толықтырып отырды. Араб әскеріне тән
ерекшелік олар тез қамданып, қимылауға епті болды. Оларда арбалы керуен
болмағандықтан, шөл дала мен сусыз жоталардан тез өтті, бірақ таулы
жерлерде көп қиыншылықтарға тап болған. Араб әскерлерінің ептілігі олардың
қарсыластары үшін қауіпті болды, өйткені арабтар қарсыласының тылына оңай
кіріп, жойып және олардың арбалы керуенін жаулап, тонап алып, оның
коммуникациясын құртты.
Араб жаулап алушылығын Иран және Византия мемлекеттерінің әскери және
саяси, сонымен қатар осы елдердің сыртқы қайшылықтары да жеңілдетті.
Керісінше, арабтардың әлеуметтік қайшылықтары салыстырмалы түрде терең
болмады.
Араб жаулап алушылығы ол кезде қоршаған дүние жүзіне құлақ естіп, көз
көрмеген дәрежеде жүрді. Негізгі оқиғалар Омар, Осман және Әли халифтер
тұсында болды. 635 жылы арабтар Дамаскіні, 636 жылы Палестинада Ярмук
елінде Византия императоры Ираклидидің әскерін талқанады, 636 жылы
Антиохияны, 640 жылы палестиналық Кесариді, 640 жылы Армения мен Египетке
басып кірді. Нәтижесінде VІІІ ғ. Басында арабтар Византияның 32 бөлігі –
Арменияны, Сирияны, Палестинаны, Египетті және Солтүстік Африканы тартып
алды.
Халифаттағы барлық жер әуелде халифаттың меншігі болып есептелді. Ол
елді наместниктері арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын
мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың
есебінен ол чиновниктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір
бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілік
пен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. “Сусыз жер – өлі жер”
дейді араб мақалы.
Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Олар кен қазу
жұмыстарында істеді: батпақтарды құрғатты, каналдар салды. Құлдар
шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын жасақшы болды, бірақ
еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тәуелді шаруалар еді.
Халиф өз әскер басшылары мен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер
үлестіріп беріп отырды. Ол үлес “ихта” деп аталды. Ихта үшін оның иесі
салық төлейтін болды. Омар халиф (634-644) ол иелікті игеруге міндеттеді.
Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын болды. Бұқара халық үшыр (құшыр),
зекет, харадж (қалан), т.б. салықтар төледі. Ұшыр – жан басынан жиналатын
жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі.
Егер мұсылман болса бұл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол
жинаған өнімнің үштен бірін құрайтын. Зекет – шариғатқа негізделген, мешіт
үшін салынатын мал салығы.
Бастапқыда халифат ішіндегі әрбір ел өз бетінше, бұрынғы қалпымен өмір
сүре берген еді. Жағдай аббасилер (750-1258) әулетінің билікке келуімен
өзгерді. Осы кезде барлық мұсылмандардың құқықтық жағынан теңестірілуіне
байланысты халифаттың барлық аймақтарында ислам діні қарқынды түрде тарап,
қасиетті құран мен пайғамбар хадистерінің тілі – араб тілі кеңінен
енгізілді. Халифаттың батыс бөлігінде – Месопотомия, Сирия, Египет,
Солтүстік Африкада ол бірте-бірте жергілікті халықтың ана тіліне айналды.
Сөйтіп, Аббаси халифатының ыдырауы қарсаңында, яғни ІХ ғасырдың екінші
жартысында оның батыс бөлігі біржолата арабтандырылды. Жаулап алушылардың
аз ғана тобы аса көп жауланып алынған халықтардың арасына сіңісіп кетпегені
былай тұрсын, керісінше, оларды өз этнографиялық ықпалына бағындырды. Оның
үстіне араб тілінің жеңісі араб үкіметі шараларының нәтижесінде емес,
керісінше оның еркіне қарсы іске асты. Жаулап алынған халықтар арасында
ислам дінінің таралуы халифаттың бүкіл қаржы жүйесін бұзды; үкімет мұсылман
емес халықтардың арасында мемлекеттік тілдің тарауын тіпті де қаламаған
еді: христиандарға арабша сөйлеуге және өз балаларын мұсылман мектептерінде
оқытуға тиым салынды.1 Соған қарамастан ислам орасан көп халықтың дініне
айналды және халықтың ислам дінін қабылдамаған бөлігінің өзі араб тілін
қабылдады (мысалы, Ал-Андалустағы мосарабтар).
ІІ тарау. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы
Араб халифатының Аравия түбегінде VІІ ғасырдың 20-жылдарында діни
реформатор Мұхаммед пайғамбардың қызметінің нәтижесінде пайда болған және
пайғамбар қайтыс болғаннан кейінгі 20 жыл ішінде сол дәуірдегі аса қуатты
державалар – сасанилік Иран мен Византия империясының айтарлықтай бөлігін
жаулап алған мемлекеттің – бір қарағанда, орта ғасырлардың басында бірінен
кейін бірі пайда болып, бірақ елеусіз жойылып кетіп отырған көптеген
мемлекеттерден еш айырмашылығы жоқ болып көрінуі мүмкін. Басқа да
мемлекеттер сияқты арабтар өзінен анағұрлым дамыған елдерді өзіне
бағындырды. Алайда, халифат ғұндардың, готтар мен түріктердің ұлан-байтақ
державаларымен салыстырғанда анағұрлым ұзақ өмір сүруі сондай-ақ әлемдік
тарихқа өлшеусіз зор ықпал етті.
Мәселе тек бұл мемлекеттің өмірінің ұзақтығында немесе өзінің көлемі
бойынша өзіне дейін өмір сүрген державалардан әлдеқайда ауқымды (өзінің
шарықтау шегіне жеткен кезде ол Ескі дүниенің ширегінен астамын алып жатты)
болуында ғана емес. Тарих үшін ең маңыздысы мынада – халифатта әр түрлі
өркениеттердің өзара әрекеттесуі жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды.
Бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологиясы – ислам болды, міне, осы
мәдениет араб жаулап алуларының нәтижесінде бүкіл әлемге дерлік тарады.
Мұсылман дәуірінде Шығыс елдерде мәдениет пен ғылымның орасан зор қанат
жаюына тікелей ықпал еткен бірқатар факторлар болды, соның ішінде ең
негізгілері ислам діні және Шығыс пен Батысты біріктірген алып империяның
болуы еді.
Бұл мемлекетте Ұлы македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс
пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді-иран және түркі әлемі
бірікті.
Осындай араб мәдениетінің ықпалына түскен аймақтардың ішінде Иран жерін
айтуға болады. VІІ ғ. басында Иранның қоғамдық-саяси өмірі ішкі
шиеленістерге толы болды. Феодалды жер иеленуші ақсүйектер мен
бостандығынан айырылған шаруалар арасындағы қайшылық шиелене түсті. Сонымен
қатар жер иеленуші тап – жоғарғы әскерилер, абыздар, сонымен қатар
азаматтық бюрократия (жауғыштар тобы) және ұсақ жер иеленушілер (дихандар)
арасындағы қарама-қайшылық та өз ықпалын тигізді.
Араб халқының V ғасырда ислам дінін тарату мақсатында Орта Азия мен
Қазақстан жеріне жасалған әскери қимылдары 633 жылы басталып еді.
Арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңында Орта Азия мен Қазақстан
аумағының көп бөлігі Батыс түрік қағанатының билігінде болған еді. Орта
Азияның көп иеліктерін түрік немесе аралас текті әулеттер басқарды. Иран
тілдес халық пен түрік тілдес халық арасында тығыз жақындаушылық белең
алды. Шаруашылық қарым-қатынас ұлғайып, экономикалық байланыстар өсті. Бұл
факторлар араб жаулап алушылығына бірлесіп тойтарыс беруді ұйымдастыруда
маңызды рөл атқарды.1
Арабтар 705 жылы шапқыншылықтар тактикасынан Әмударияның шығыс
жағындағы аймақ – Мауреннаһрды жаулап алуға көшті. Хорасан билеушісі
Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 жылы Пайкендке (Бұхарға таяу)
қарай беттейді. Түркештер соғдылықтарға көмекке келеді. Түріктер мен
соғдылардың бірікке қолы араб әскерлеріне қатты соққы беріп, оларды қоршап
алды. Хорасан билеушісі Кутейбаның алдап-арбауының арқасында ғана
одақтастарды біріне-бірін айдап салып, қоршаудан шығып кетуге мүмкіндік
туды. 708 жылы Кутейба Рамитанды (Бұхара облысындағы қала) ұрыссыз алды,
бірақ жеңісті баянды ете алмады. 709 жылы Кутейба Мауреннаһрға тағы да
аттанып, Бұхараның маңына таяп келеді. Түрік соғды тобы араб әскерлеріне
елеулі соққы береді. Кутейба тағы да алдап-арбау тактикасын қолданып, соғды
патшасы Тархунды түріктердің көмегінен бас тартуға мәжбүр етті, ал араб
әскері Бұхараны басып алды.
712 жылы Кутейба хорезмшах пен бұхархудат әскерлерімен бірге
Самарқандқа бет алады. Соғдылықтар Шаш патшасынан, түрік қағанынан және
Ферғана ихшидынан көмек сұрады. Одақтастарды түрік қағанының кіші баласы
Инел-қаған басқарды. Соғды патшасы Гуракқа көмекке келе жатқан қолдың жолын
жансыздар арқылы біліп алып арабтар торуыл жасап, ақсүйек жауынгерлерден
құрылған түрік отрядын талқандады. Самарқанд табандатқан бір ай бойы
қорғанғанымен, ақырында Гурак Самарқанд үшін өте ауыр шартқа қол қоюға
мәжбүр болды. Қалада көтеріліс болуынан қауіптеніп Кутейба осында өзінің
отрядын қалдырды.
Соғдылықтар мен түріктердің қарым-қатынасы әрқашан тең болмады. Бұл
қарым-қатынас “күшті мен әлсіз” түрінде болды. Бұған соғды ханы Гуректің
сөзі дәлел: “Мен қағанның құлдарының бірімін” деген. Орта Азиядағы феодалды
диқандар мен көшпелілердің көсемдерінің арасында достық қатынас орнап,
некелік келісім жиі болып тұрған. Кейбір ортаазиялық иеліктерге түрік
немесе аралас династиялар билік еткен. Сондықтан, соғдылар жеріне арабтар
шабуыл жасаған кезде түріктерден көмек сұрағаны осыдан еді.
Ат-Табари еңбегінде түрік қағанының Гурекке айтқан сөзінен үзінді
келтіріледі. Онда: “Мен арабтарды сенің еліңнен қуып шығамын да саған
билігіңді қайтарамын” деп, былай қорытады: “хандар өздері үшін ханға көмек
беруге келіседі емес пе?”2
Түріктердің Мауреннаһр халқымен бірге арабтарға қарсы күреске
қатысуының себептерін тек түріктердің өздеріне төніп кеп қалған араб
жаулаушылығының алдын алудан туындады деп түсіндіруге болмайды. Деректерге
сенсек, Қазақстан жерін жаулап алу арабтардың жоспарында болмаған. Осыған
орай, Мұхаммед пайғамбардың түріктермен соғыспау жөніндегі хадисі
сақталған. Бұл хадистің бірнеше нұсқалары кездеседі, соның бірінде:
“Түріктерге, олар өздері тиіспесе тиіспеңдер” десе, тағы бірінде:
“Түріктердің ашуын шақырмаңдар, өйткені олар аса қауіпті” делінеді.1
Түріктердің Мауреннаһр жерінде арабтарға қарсы күреске қатысуының әр
түрлі себептері болуы мүмкін. Соның ішінде түркілердің өз вассалдары
(соғдылықтар) алдындағы “ағалық” парызы немесе соғыстан түсетін олжа үшін
және сондай-ақ жалдамалы әскер есебінде, т.т. себептерді айтуға болады.2
VІІІ ғ. Орта Азия ұсақ-ұсақ дербес княздіктерден тұрған еді, бұл княздіктер
өздерінің солтүстіктегі көршілері – түркештермен әрдайым ауызбірлікке
ұмтылып отырды. Дала мен Орта Азиялық қалалар өзара тамыры тереңге кеткен
байланыста болғаны мәлім. Соғдылықтар түріктерге соғыстан түскен олжаны
және бағынышты елдерден түсіп отырған алымды өткізуге көмектесіп отырды.3
Соғдылықтар сондай-ақ түрік қағандарының елшілікке байланысты тапсырмаларын
да орындап отырды, олардың арасында дін уағыздады, дала билеушілерімен
келісімге келе отырып, Ұлы Жібек жолы бойында өз колонияларын
(бекіністерін) салды. Көшпелілер мен Мауреннаһр тұрғындарының өзара қарым-
қатынастары әрдайым бірсыдырғы болған жоқ, керісінше, ол барынша қайшылыққа
толы еді: тілдер мен жалпы мәдениеттің өзара ықпалдастығына әкеліп отырған
бейбіт қатар өмір сүру; кейде қарсы тұру кезеңдеріне орын беріп отырды, бұл
кезеңдер көбіне далалықтардың соғды жеріне шапқыншылықтарымен ерекшеленді.
Әдетте соғдылар жеңіліс тауып, түріктер қаупінен сый-сыяпаттар беру арқылы
зорға құтылушы еді.4 Соғдылар мен түріктердің қарым-қатынасы ешқашан тең
болған емес. Бұл көбінесе “патрон-вассал” түріндегі қатынастар еді. Бұған
ат-Табари өз еңбегінде келтіретін соғды патшасы Гуректің “Мен қаған
құлдарының бірі ғанамын ғой”5 деген сөзі немесе Махмұт Қашқари еңбегіндегі
“Татсыз түрік болмас”1 деген мақалы дәлел болады. Мұндағы “тат” –
түркілерге тәуелді отырықшы соғды халқы. Көшпелілер мемлекеттерін кемеңгер,
көреген қағандар басқарған дәуірлерде олар көрші отырықшы елдермен достық
қарым-қатынаста болып, оларға сырттан қауіп төнген жағдайда әрдайым
көмектесіп, қамқор болып отырды. Орта Азия декхандары мен түрік көсемдері
арасындағы достық, туыстық (некелік) қатынастар сирек кездесетін жай емес
еді. Олардың түріктерді көмекке шақыруы, түріктердің өз тарапынан мұндай
көмектен бас тартпауы да таңданарлық жай емес.
Алайда, көп жағдайда түріктердің соғдыларға көмегі ешқашан ақы-пұлсыз
да болмаған. Соғдылықтар көшпелілерге аса тиімді ақы төлеп отырған.
Түргештердің соғдылықтар жағында ақы үшін соғысқаны жөнінде Наршахи
мәліметтері бар.2 Бір жолы соғдылықтар шығыс түркілерден көмек сұрайды,
әскери көмегі үшін соғдылықтар оларға: “сары алтын, ақ күміс, әйелдер мен
қыздарды, қымбат әшекейлер мен басқа да байлықты көп мөлшерде тарту
етеді”.3
Түріктер мен Орта Азиялықтардың арабтармен күресі жөнінде сөз болғанда,
біз түрік жалдамалылары жөнінде айтқанымыз жөн. Ежелден-ақ сасанилік Иран,
Қытай сияқты елдер түріктердің жауынгерлік қасиетін жоғары бағалап, оларды
өз армияларына шақырып отырған еді, кейін мұсылман елдері де осы тәжірибені
пайдаланды.
Арабтарға қарсы күрес жүргізуде Жетісуда Батыс түрік қағандығының
мұрасын иеленуші түргештер (704-756 жж.) бірінші орынға шықты, олардың
билеуші әулетінің атасы Үш-елік қаған (699-706 ж.) болды. Ол Жетісудан
Батыс қағандықтағы билікке таласып отырған. Бөрі – шадты қуып шығып,
Ташкенттен бастап, Турфан мен Бесбалыққа дейін көсіліп жатқан байтақ жерде
өз өкіметін орнатты. Оның Ордасы Шу бойындағы Суябта орналасты.
Алайда, бұл мемлекетте ішкі бірлік болмайды. Түргеш қағандығының ішкі
және сыртқы саяси жағдайы Сұлық қаған (717-738 ж.ж.) билікке келгеннен
кейін біраз оңалады. Әскери-әкімшілік билік ”қара” түркештердің қолына
тиіп, олардың ордасы Таласқа (Тараз) көшіріледі.
Айлакер елші және тамаша қолбасшы Сұлық екі майданда бірдей күрес
жүргізеді. Батыста соғдыларға көмектесіп арабтармен күрессе, шығыста Тан
сарайы Шығыс Түркістанда орнығып алған батыс түрік қағандары әулетінің
таққа таласушы ұрпақтарын қолдап отырды. Елшілік жолмен (неке байланысы)
және жеке шаралар арқылы Сұлық шығыстан келетін қатердің алдын алып,
болдырмай тастады, бұл түркештердің батыста белсенді әрекет етуіне жағдай
туғызды. 723 жылы Ферғана және Шаш тұрғындарымен бірігіп түргештер
арабтарға қатты соққы береді. Түріктердің ішінде арабтарға қарсы күресте
әсіресе көзге түскен осы түргеш қағаны Сұлық еді. Бұл жөнінде араб
деректерінде, атап айтқанда, әл-Балазури еңбегінде мәліметтер бар, онда
арабтардың өздеріне қарсы тынымсыз күрес жүргізгені үшін Сұлықты Әбу-
Музахим (сүзеген) деп атап кеткені жөнінде айтылады.1 Тек 732 жылдың
соңында ғана араб уәлиі түркештерді талқандап, Бұхараға кіреді. 737 ж.
Сұлық арабтарға қарсы жорыққа шығып, Тохарстанға дейін жетеді, бірақ ұзамай
жеңіліп қалады. Суябқа қайтып келгеннен кейін оны өзінің қолбасшыларының
бірі Баға-Тархан өлтіреді.2 Сұлықтың қазасынан кейін “сары” түргештер мен
“қара” түргештер арасында өкімет билігін алу жолындағы ұзақ күрес
басталады.
746 жылы Жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп
қоныстанады. Ішкі күрес тартыстан, сондай-ақ арабтармен болған ұзақ
айқастан түргеш қағандары бұрынғы құдірет-қуатынан айырылып қалған еді, сол
себепті де олар қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы аймақта
белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бұл жағдайды өз пайдасына
асыруға тырысты. Оның Шығыс Түркістанға уәлиі Као Шиен-Чи 748 жылы өз
әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып ойрандайды. Шаштың
иесі дарға тартылады. Оның баласы көмек сұрап арабтарға барады.3 751 жылы
Талас жанындағы Атлах қаласы түбінде аббасилердің әскербасы Зияд ибн Салих
пен Қытай қолбасшысы Гао Сяньжи арасында зор арпалыс болады. Айқас 5 күнге
созылады. Шешуші сәтте қытайлықтардың ту сыртынан қарлұқтар көтеріліс
жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық күйретілді. Тарихшы ибн әл-
Асирдің мәліметтері бойынша: “Талас маңындағы шайқаста қытайлықтар оңбай
жеңіліс тапты: 50 мың адам (100 мыңнан) қаза тауып, 20 мыңы тұтқынға
түсті”.4 Талас алқабындағы шайқастың Орталық Азия халықтарының тағдыр-
талайында үлкен тарихи мәні болды. Ол “Тандық Қытайдың Орта Азия істеріне
қол сұғушылығына шек қойды”5 және түркі халықтарының мәдени бағдары жайлы
мәселесін мұсылман өркениетінің пайдасына шешіп берді. Осы кезде Монғолия
мен Алтайдан Жетісу жеріне келіп, бұл аймақта өз үстемдігін орнатуға
тырысып жатқан қарлұқтардың Талас шайқасында арабтар жағына шығуы, олардың
аймақтағы саяси ақуалды зерттеп біліп, түріктер үшін басты қауіп Қытайдан
төніп тұрғанын дұрыс түсінгендігінен болса керек. Бұл шара сонымен бірге
халықтың Қиыр шығыстық мәдениет емес, араб-ислам мәдениетін таңдауын да
көрсеткен еді. Қытай өркениетімен салыстырғанда Ислам өркениеті
универсализмнің шын мәніндегі үлгісі болды, онда әрбір ұлт, әрбір кіші-
гірім мәдениет өзінің дербестігін сақтады. Құран халықтарды рухани бірлікке
шақырды. Ислам дінін қабылдау арабтануды білдірмегені жалпы жұртқа мәлім.1
Талас шайқасынан кейін еркіндік сүйгіш түріктер (қарлұқтар) өздеріне
қауіп төндіріп тұрған екі империяның ішінде араб халифатының қол астында
(қамқорлығында) болу анағұрлым тиімді екенін түсінді. Сондай-ақ, Талас
шайқасынан кейін, арабтармен жақын араласа бастаған түріктер, олардың
дінімен танысады, өйткені сол кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам
мәдениеті тез қарқынмен тарай бастаған еді. Бұл діннің өздерінің рухани
сұраныстарына жауап беретіндігін ұғынған қарлұқтар оны өз еріктерімен
қабылдаған деген болжамды айтуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz