Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару



КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
1.2 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан Республикасының тәжірибелері
1.3 Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендік алған соң, тәуелсіз мемлекет қалыптасты. Республикада саяси және экономикалық тұрақтылық, азаматтық және ұлтаралық келісім қалыптасты, ел экономикасы шетелдік инвесторлар үшін тартымды сипат алды.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы казақстандық кластерлер жүйесінін дамуына жол аштъгқ.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздін колымызда нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикальтқ қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудын жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.[1]
"Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады [2].
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделерінің нақты, өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі. Осы тұрғыда ақырғы тұтыну өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға салмақ салынады. Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарына киім, тоқыма, мата, кілем тауарларын шығару барысында түсетін жауапкершілікте елдің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудын басты бағыттарының бірі болып саналады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендік алған
соң, тәуелсіз мемлекет қалыптасты. Республикада саяси және экономикалық
тұрақтылық, азаматтық және ұлтаралық келісім қалыптасты, ел экономикасы
шетелдік инвесторлар үшін тартымды сипат алды.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып,
бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы
казақстандық кластерлер жүйесінін дамуына жол аштъгқ.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздін колымызда нарықтық туризм, мұнай-
газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикальтқ
қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда
кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудын жоспары болуы керек деп санаймын.
Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын,
міне, солар айқындайтын болады.[1]
"Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым
мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық
сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын
дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі
жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген
экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде
республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық
прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке
қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады [2].
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделерінің
нақты, өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас
бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке
кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы
басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару
импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні
белгілі. Осы тұрғыда ақырғы тұтыну өнімдерін шығаратын отандық
кәсіпорындарға салмақ салынады. Тоқыма және кілем өнеркәсібі
кәсіпорындарына киім, тоқыма, мата, кілем тауарларын шығару барысында
түсетін жауапкершілікте елдің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудын
басты бағыттарының бірі болып саналады.
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуы өз басынан
әртүрлі кезеңдерді өткізді. Кеңестік байланыстардың үзілуі,
негізгі капиталдың тозуы, өндірістік бағдарламалардың нарық талаптарына сай
келмеуі, саладан білікті мамандардың сауда саласына кетуі, заманға сай жаңа
өнім түрлерінің шығарылмауы салада экономикалық қатер туғызды. Оның үстіне,
сапасы нашар, ал бағасы арзан шетелдік импорттың нарықты толтырғанын
ескерсек, сала кәсіпорындарының дағдарыстық жағдайға қалай тап болғанын
түсінуге болады. Елде импортты алмастыру бағдарламасының, басқа да саланы
қолдау құжаттарының қабылдануының және халықтың отандық өнімдерге назар
аудара бастауының нәтижесінде ғана, соңғы кезде тоқыма және кілем
өнеркәсібі саласында жандану байқалады. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде осы
жандану үрдісін жоғалтып алмай, жаңа нарықтарды игеруге, бәсеке қабілетті
өнім шығару арқылы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды шешу күткен
сұрақтардың бірі.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесі дағдарысқа
қарсы басқарудың озық тәжірибелерін, экономикалық дағдарысқа қарсы шарттар
мен параметрлерін, ғаламдану жағдайындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің
маңызын, дайындауды қажет етеді.
Тоқыма және кілем кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету
мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық
қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы
қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және
ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Осы мәселе бойынша түрлі көзқарастарды
теориялық және әдіснамалық тұрғыдан көптеген ғалымдар өз еңбектерінде
қарастырған. Қоғамдық жүйелердің циклдық дамуының теориялық сұрақтары
А.Смит, К.Маркс, Дж.М.Кейнс, Й.Шумпетер, Н.Д.Кондратьев, П.Самуэльсон
еңбектерінде өз көрінісін тапты.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бойынша ғылыми көзқарастарды
теориялық және әдіснамалық түрғыда ресейлік ғалымдар: В.К.Сенчагов,
Э.М.Коротков, А.Г.Грязнова, Э.А.Уткин, А.П.Градов, Р.С.Сайфуллин,
Е.С.Стоянова, А.Д.Шеремет, Л.Абалкин, М.А.Бендиков, С.Афонцев және
басқалары өз еңбектерінде қарастырған.
Қазақстанда ұлттық экономиканың құрылымдық ерекшелігін ескере отырып,
кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы қамтамасыз етудің теориялық және
әдіснамалық тәсілдері қалыптасып келе жатыр. Осы ретте, экономикалық
қауіпсіздік сұрақтарын зерттеп, қамтамасыз ету жолдарын ұсынып жүрген
ғалым-экономистер А.Алимбаев, К.Кажымурат, М.У.Спанов, К.Арыстанбеков,
Н.Қ.Мамыров, Қ.О.Оқаев, М.Б.Кенжегузин, А.М.Сейтқазиева, С.Б.Ахметжанова
және басқаларының еңбектерін атап айту керек.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын зерттеу өрісі
әлі көптеген сұрақтар бойынша кең болып қалып отыр. Тоқыма және тігін
кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз етудің бағалау көрсеткіштері,
дағдарысқа қарсы басқаруды экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
негізі ретінде қарастыру, мемлекет тарапынан дағдарысқа қарсы реттеудің
экономикалық қауіпсіздікке тигізетін әсері, ғаламдану жағдайындағы саланың
дамуын қамтамасыз ету бағыттары, тоқыма және кілем өнеркәсібі
кәсіпорындарының маңызы, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия
өнеркәсіптерімен өзара тығыз байланыстарын назарға ала отырып, тиімді даму
тізбегін құру мәселелері жан-жақты сараптауды талап етеді. Үдемелі
қарқынмен дамып отырған технологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық
факторлар және нарық сұранысының өзгермелілігі тұтынушылар зердесінен
шығатын тауарлар өндіру қажеттілігін анықтайды. Кәсіпорынның экономикалық
дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету теориялық және әдіснамалық тұрғыдан саралау
қажеттілігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға
негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты
тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметтерін жан-жақты зерттей
отырып, олардың экономикалық дағдарысқа қарсы дағдарысқа қарсы басқару және
оларды қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау.
Белгіленген мақсатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттері
анықталды:
▪ дағдарысқа қарсы қатысты анықтамаларды зерттеу және
олардың мазмұнын ашу;
• дағдарысқа қарсы басқарудың экономикалық тигізетін әсерін
анықтау;
• жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік нарығының даму беталысын бағамдау;
• Қазақстан Республикасы тоқыма және кілем өнеркәсібінің және сала
кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды салыстырмалы
түрде талдау;
▪ ғаламдану жағдайындағы тоқыма және кілем өнеркәсібі
кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқару
бағдарларын негіздеу.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем
өнеркәсібі кәсіпорындары Алматы кілем АҚ-ы, Алматы Мақта ЖШС жатады.
Зерттеу тақырыбына экономикалық дағдарысқа қарсы басқарумен байланысты
ұйымдастырушылық – экономикалық қатынастар жиынтығы кіреді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік
ғалым-экономистердің экономикалық дағдарысты қамтамасыз ету аясындағы ақыл-
ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. Қазақстан Республикасының
отандык экономиканы реттеуге, импортты алмастыруға, отандық тауар
өндірушілерді қолдауға арналған заңдары, заңдылықтары, нормативті-құқықтық
құжаттары зерттеледі және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде
Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігінің, Алматы қалалық
статистика Басқармасының, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Ассоциациясының,
кедендік декларациялардың, тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының
есептік мәліметтері, қолданылды. Диссертациялық жұмыста мәліметерді өңдеу
барысында салыстырмалық талдау, статистикалық топтау, шаруашылық қызметті
кешенді бағалау, экономикалық зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зеріттеуде алынған нәтижелердің ғылыми жаналығы болып келесілер
саналады :
- зеріттелген кәсіпорындарда экономикалық дағдарысқа қарсы
басқаруды қамтамасыз ету үшін реинжиниринг бағыттары анықталды ;
- ғалам даму жағдайындағы өнімнің сапалық қасиеттерін жетілдіруде
ғылыми - техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізудің,
өнімнің жаңа түрлерін шығарудың қажеттілігі негізделді және
нақтыұсыныстар жасалды;
Зерттеудің тәжірибелік маңызы тоқыма және кілем өнеркәсібі
кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету
бойынша нақты тетіктерді ұсыну мен оларды қолдану тиімділігін негіздеумен
сипатталады. Зерттеу нәтижелері тоқыма және кілем кәсіпорындарының
экономикалық дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын дайындауға негіз бола
алады.
Зерттеу тәжірибелерінің қолдау табуы. Зерттеудің негізгі бағыттары мен
нәтижелері келесі халқаралық ғылыми – тәжрибелік конференцияларда баяндалды
және талқыланды: Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы токыма –
тігін өнеркәсібінің дамуы (Алматы, ҚазЭУ, 2005),
Диссертациялық жұмыстың нәтижелері "Алматы кілем", "Алматы мақта" ЖШС
өндірістік кызметінде пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы.
Диссертациялық тақырып бойынша ғылыми зерттеу нәтижелері жалпы көлемі
0,9 б.т. тұратын ғылыми мақалаларда жарияланды.
Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 38 кестені
қамтиды.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан
көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің
шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен,
елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты.
Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды
басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары
жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз
зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы
басқарудың қаматамасыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға
кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас
және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты
өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін
ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының
мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы
шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.
Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың
қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты
экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері
өз көкейкестілігін жоймайды.
Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық дағдарыстын
сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты
қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына,
ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені
болдырмауға бағыттайды.
Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлуетінің (өндірістік, технологиялық,
ғылыми-техникалық және кадрлық ) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Бұл
ретте, ұдайы өндіріске мүмкіндік болмай қалады. Кәсіпорында
инвестициялардың басты көздері - амортизациялық аударылымдар, таза табыс
және қарыз қаражаттары болғандықтан, дағдарыс жағдайында, айтылып кеткен
инвестиция көздерінің тартылып қалуы мүмкін. Кәсіпорын әлуетін біртіндеп
жаңалау (инновацияларды игеру, тұтыну сапасы артық тауарлар шығару) алдыңғы
қатарлы ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық және инвестициялық
құралдарды игеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Ұдайы өндірісте осы
құралдарды ұзақ уақыт бойы қолданбау кәсіпорынның дамуын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының егемендік алған кезеңінен бастап,
экономикалық дағдарыс термині елдің құқықтық - нормативті құжаттарынан
берік орын алды. Осындай нормативті құжаттардың қатарына ҚР-ның "ҚР-ның
Ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы, ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігінің
Мемлекеттік стратегиясы жатады. Ұлттық заңдылықта экономикалық дағдарыс
талаптары мен түсінігі, біздің ойымыз бойынша, анық көрсетілмегендіктен,
біз экономикалық дағдарыс түсінігін жан -жақты қарастыруды үйғардық.
Үлкен заңгерлік сөздікте экономикалық дағдарыс келесідей түсінік
беріледі: ...мемлекеттің үдемелі дамуы мен әлеуметтік, саяси және
қорғану қабілетін дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ететін
экономиканың жағдайы [5].
ҚР-ның ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңында экономикалық
қауіпсіздік ҚР-ның ұлттық экономикасының тұрақты дамуына және экономикалық
тәуелсіздігіне кері әсер ететін үрдістер мен факторлардан, ішкі және сыртқы
жағдайлардан қорғалған жағдайы деп көрсетілген [2].
Біз жоғарыда тоқталып өткен экономикалық дағдарысқа қарсы басқару
түсінігіне берілген екі анықтамада да кәсіпорынның экономикалық дағдарысы
қарастырылмаған, экономикалық дағдарыс түсінігі мемлекет деңгейінде ғана
қарастырылған деп тұжырымдап, анықтамаларды зерттеуімізді ары қарай
жалғастырдық.
Отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстарында кәсіпорынның
экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көзқарастар
көрсетілген. Соларға шолу жасау арқылы, өз ойымызды білдірмекпіз.
Бір авторлардың пікірінше, кәсіпорынның (фирманың, ұйымның)
экономикалық қауіпсіздігі ғылыми - техникалық, технологиялық, өндірістік
және кадрлық әлуеттің сыртқы және ішкі экономикалық қатерлерден қорғалған
жағдайы және оның барлық ресурстарын тиімді қолдану арқылы ұдайы өндіріске
қабілеттілігі [6].
Келесі авторлар кәсіпорынның (шаруашылық субъектісінің) экономикалық
дағдарысқа қарсы басқаруды оның ғылыми - техникалық, технологиялық,
өндірістік және кадрлық әлуетінің тікелей (белсенді) және жанама (енжар)
экономикалық дағдарыс, мысалы, мемлекеттің тиімді емес ғылыми - өндірістік
саясатымен немесе қолайсыз сыртқы ортаның қалыптасуымен байланысты
дағдарыс, қорғалуы және ұдайы өндіріске қабілеті [7].
Басқа авторлардың пікірінше, экономикалық дағдарысқа қарсы басқару
дегеніміз - жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға мүмкін болатын экономикалық
қатерлердің қарсы шаралар жүйесіне немесе басқа сөзбен айтқанда,
кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне тең болуы [8].
Кейбір авторлар экономикалық дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорын
қызметіне дағдарысты алдын алу үшін корпоративті ресурстарды неғұрлым
тиімді пайдалану және қазіргі кезде, болашақта кәсіпорынның тұрақты қызмет
етуін қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді [9].
Осы пікірлерде кәсіпорынның экономикалық дағдарыспен байланыстыруға
талап болмағаны байқалады, дегенмен дағдарыстын алдын-алу туралы мәселе
қозғалған. Экономикалық дағдарыс ұштаса отырып, дағдарысқа әкелуі мүмкін
болғандықтан, айтылып кеткен көзқарастарды біз дағдарыстың алдын-алу
шараларымен байланыстыра көрсеткіміз келді. Біздің ойымызша, кәсіпорынның
экономикалық дағдарыспен мәнін келесідей түсінік толығымен ашар еді:
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын кәсіпорындағы барлық
ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық,
қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу
және ұдайы даму шаралары жүйесінің тиімді қызмет ету жағдайы. Осы ретте,
бұл түсінікте ресурстарды толығымен пайдалану, дағдарыстардың алдын-алу,
ұдайы дамуды қамтитын жүйе толығымен қамтылып, кәсіпорынның экономикалық
дағдарысқа қарсы басқару түсінігі толығымен ашылады деген ойдамыз.
Нарықтық экономика кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық
стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде интеллектуалдық
меншікті және экономикалық дағдарыстан қорғаудың арнайы бағдарламаларын
қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек. Кәсіпорындағы осы қызметке
жауапты бөлімшенің, дағдарыс ережелерін сақтауды бақылайтын және қорғау
жоспарын, құралдарын анықтайтын, бұзу әрекеті мен фактілерін анықтау және
нейтралдау жұмыстары бірінші жолға қойылады. Кәсіпорын инфрақұрылымының кез-
келген элементінің қызметінің босаңсуы экономикалық дағдарысқа қарсы
басқару тікелей әсер ететін болғандықтан, кәсіпорынды басқару үрдісі
экономикалық қауіпсіздік сұрақтарымен тікелей байланысты.
Кәсіпорындағы экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету
үшін меншікті корпоративті ресурстар пайдаланылады:
1. Капитал ресурсы;
2. Персонал ресурсы;
3. Ақпараттар және технологиялар ресурстары;
4. Техника және жабдықтар ресурстары;
5. Құқық ре сурстары: патенттер, лицензиялар, экспорттық квоталар және
[10].
Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық
мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік
иелерінің және жалдамалы қызметкерлердін экономикалық мүдделерінің бар
екенін айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі
таза табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін
факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша
біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе
жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін экономикалық дағдарысқа қарсы басқару
бағалау өте маңызды. Себебі, қызметтегі белсенді әлует дағдарысқа қарсы
дамуды анықтайтын, экономикалық өсудің кепілі және елдің экономикалық
тәуелсіздігін, дағдарысқа қарсы басқару дағдарыстан сақтайтын тұрақты
фактор болып табылады. Оның босаңсуы кәсіпорынның, мемлекеттің болжауға
мүмкін болмайтын зардаптарға ұшырауына әкелуі мүмкін.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару ең алдымен
менеджерлердің мүмкін қатерлерді көре білу және алдын-алу, пайда бола
бастаған қиындықтарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге асыруымен
байланысты.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруда төнетін
қатерлерді келесі түрде жіктейді:
1. Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз қызметімен
байланысты, қатерлер. Мысалы: төмен бәсеке қабілеттілік әсерінен өнімнің
нарықта өтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.
2. Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер. Мысалы:
инфляция деңгейі, табиғат апаттары.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару функционалдық
тұрғыдан келесі элементтерден тұрады:
1. Технико-технологиялық;
2. Интеллектуалдық және кадрлық;
3. Қаржылық;
4. Саяси-құқықтық;
5. Ақпараттық;
6. Экологиялық [11].
Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.
Технико-технологиялық элемент. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды
қамтамасыз етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология, құрал-жабдықтар
әлемдік стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын
кәсіпорындарда қандай технология пайдаланатынын, қолданыстағы технологияны
ішкі резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми
ізденістерді байқауы керек.
Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық жағдайларда
экономикалық дағдарысқа қарсы басқару деңгейі көп жағдайда мамандардың
біліктілігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу,
оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның
үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық дағдарысқа қарсы
басқару жағдайын үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып
қалмайтындай болуы керек.
Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты
болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің
өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және
басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін
кәсіпорынның қаржылық - экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды
жоспарлау және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық
міндеттерді анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз
шығындармен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті
деңгейін қамтамасыз ету.
Саяси - құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге
болады:
1. кері әсерлерді анықтау;
2. қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
3. осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.
Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында
ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы
бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап,
ары қарай дамуы үшін колдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын
шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мөлшерлерді бұзудан болатын
айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және ұлттық
экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.
Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі шаралар алгоритмі тиімді
болар еді:
1. Мүмкін болатын экономикалық қатерлерді талдау;
2. Қарсы шараларды жоспарлау;
3. Қабылданған шаралардың орындалуын бақылау;
4. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау.
Кейде экономикалық қауіпсіздікті заңдылықтағы, нарықтағы, экономикалық
тәуекелдерді есептеуде кеткен қателермен байланыстырып жатады. Осы
қателердің бәрі кәсіпорынның таза табысына кері әсер ететінін айта отырып,
біз мемлекетті, тұтынушыларды, табиғат факторларын экономикалық қатер
төндірушілер ретінде өрсетуден аулақпыз. Кәсіпорындағы экономикалық
дағдарысқа қарсы басқару менеджерінің басты қызметі - заңгердің,
экономисттің, жоспарлау бөлімінің алдына экономикалық дағдарысқа қарсы
басқаруды қамтамасыз ететін арнайы міндеттерді қоюда болып табылады.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету
үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде
кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері
анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі
іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың орындалуы бақылауға алынса,
төртінші кезенде тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы
басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады,
қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек
болады. Осы айтылған кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару
қамтамасыз ету циклын біз тереңірек талдайтын тоқыма-кілем кәсіпорындарына
да кеңінен қолдануға болады.
Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы
басқаруды қамтамасыз етудің екінші кезеңінде дағдарысқа қарсы басқаруды
қамтамасыз етуді дәл қазіргі жағдайы бағаланады. Осы ретте, кәсіпорынға
төнетін қатер және осы қатерден мүмкін болатын зиян толығынан талданады.
Әрбір кәсіпорында жоғарыда айтылғандай қатерлердің алдын-алу шараларынан
барынша оң әсер алатын ақпараттарды жинау, талдау және бағалаудың бірегей
жүйесі болуы тиіс. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің қазіргі жағдайын анықтау бірнеше басты бағыттарда жүргізілуі мүмкін.
Біріншіден, кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметі бағаланады. Есептік
мәліметтер негізінде кәсіпорын капиталының құрылымы мен серпіні, қарыз
қаражаттарынан тәуелсіздігі мен автономдығы, айналым қаржыларының ағымдағы
кезеңдегі және болашаққа өтімділігі мен төлем қабілеті талданады.
Осы тәріздес талдауға негізгі және айналым капиталының пайдалануы,
еңбек өнімділігі, кұрал - жабдықтың пайдалануы мен тозуы да ұшырайды.
Кәсіпорынның еңбек ресурстары мен еңбек ақы қорына ерекше назар аударылады.
Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының шығындары кұрылымын талдау
ресурстар үнемінің жасырын жолдарын, дамудың интенсивті, жоғары
технологиялық жолдарын анықтауға жол береді.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің ағымдағы
жағдайын бағалауда тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорнының өз өнімін өткізу
көлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты көрсеткіш болып,
сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы анықталады. Маркетингтік
тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы орнын, бәсекелестерінің
артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау кәсіпорынның нарықтағы үлесін,
баға-сапа қатынасын, баға саясатын, бәсекелік стратегиясын анықтауға-
мүмкіндік береді.
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды камтамасыз етуді бағалауды
аяқтай отырып, кәсіпорынның табыстылығы мен рентабельділігін талдау жөн
болады. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің келесі
кезеңінде тоқыма- кілем өнеркәсібі кәсіпорнының кысқа және ұзақ мерзімге
даму бағдарын жасау жатады. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету экономикалық қатерлердің алдын алу шараларын өткізу арқылы
жұргізіледі. Егер қатер құшағын жайып тұрса, мысалы: кәсіпорыннан құрылтай
құжаттарын тартып алғандай қылып алса, фирманың бұрынғы қызметкерінен сотқа
арыз түссе, әріптестер қарыздарын қайтармай жатса, бәсекелестер
кәсіпорынның тауар белгісін рүқсатсыз пайдаланып жатса,
кәсіпорынның арғы экономикалық өмірін қалай анықтап, жоспарлаймыз
.Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық, өндірістік,
қаржылық қызметін талдау бізге дағдарысқа қарсы басқару кәсіпорынның
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болуы мүмкін деген ой
салды. Біздің елімізде кәсіпкерлер үшін нақты экономикалық еркіндікті қажет
ететін нарық аяғына тұрды. Мұндай қадам үшін нарыққа сай еңбек өнімділігін,
тиімділікті, тұтынушылар мен жабдықтаушылардың алуан түрлі талаптарына
икемделетін өндірісті қамтамасыз ететін фирма мәдениеті мен басқару жүйесі
керек-ақ. Дағдарысқа қарсы басқаруда, фирманың экономикалық ең тиімді
басқару құралы ретінде, осындай әлует бар.
Ешкім және ешқашан дағдарыстан қорғап қалуға кепілдік бермейді. Әдетте,
дағдарыстық жағдай аяқ астынан болады. Дағдарыс кәсіпорындарды қызмет
саласына, қызметкерлер санына, өнім сапасына және басқа жағдайларға қарамай-
ақ таңдайды. Дағдарыстық жағдайда менеджменттің әдеттегі, бәрімізге белгілі
шеңберінен тыс тұратын әдістері қолданылуы тиіс. Олардың кейбірі арнайы,
тек дағдарыс жағдайларында қолданылатын болса, кейбір әдеттегі әдістері
бизнестегі тиімді шараларға қол жеткізу құралдары сапасында қолданылады.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесінде макро -
микродеңгейлерге дағдарысқа қарсы шаралардың бай қоржыны бар [14].
Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, "көктен түскендей"
тосын жай ретінде қабылданады да, оған, көп жағдайда, кәсіпорын персоналы
дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың
дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ, қазір жекелеген елдерді ғана емес,
тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да етіміз үйреніп
келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс
ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын
үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады. Дағдарысқа қарсы
басқару кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз
етуге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау үшін, зерттеу жұмысымыздың
келесі бөлімін соған арнадық.

2. Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан
Республикасының тәжірибелері
Мемлекет нарықтық экономиканың сыртқы жүйесі емес, оның құрамдас бөлігі
болып табылғандықтан, ұдайы өндіріс үрдірісінің әр түрлі сфераларына өз
әсерін тигізеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу-мемлекеттің
макроэкономикалық тұрғыдан жасалатын қызметі, мемлекеттік құқылы
мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерді
өзгеретін жағдайларға сәйкес, әртүрлі және өзара байланысты экономикалық
реттегіштерді қолдана отырып, зандылық, атқарушы және бақылау сипатындағы
жүргізетін типтік шаралардың жүйесі

[15].

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің бірі болып,
кәсіпорын қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардан өтуге жағдайлар жасау
табылады. Бұл міндет дағдарысты мемлекеттік реттеу шараларын жасау мен
өткізу арқылы шешіледі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-мемлекеттің
кәсіпорынды дағдарыстық жағдайлардан, банкроттықтың алдын - алудан қорғау
немесе оның арғы қызметін тоқтату үшін пайда болатын ұйымдастырушылық-
экономикалық және кұқықтық қатынастарын көрсететін макроэкономикалық
категория. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-нормативті құбылыс. Ол қызметті
талдаудан және нақты, ашық мақсаттарды қоюдан, мүмкіндігінше дағдарыстық
жағдайларды оң түрде өзгертетін құралдардан тұрады [16].
Дағдарысқа қарсы басқару үрдістерін мемлекеттік реттеудің дамыған
елдердегі тәжірибесін талдай отырып, қолданылатын тәсілдердің ортақтығына
қарамастан әр мемлекеттің заңдылығы ұлттық экономиканың ерекшеліктерін,
қалыптасқан менталитетті, этикалық дәстүрлерді ескеретінін айта кету
орынды сияқты [17.18.19].
Біз осы зерттеу жұмысымызда нарықтық экономикалы, транзитты
экономикалы елдердің және Қазақстан Республикасының дағдарысты мемлекеттік
реттеу тәжірибелерін қарастыра отырып, кәсіпорын үшін оңтайлы, ұтымды
жақтарын анықтауға, жалпы дағдарысқа қарсы заңдылықтарды қандай да бір
белгілері арқылы жіктеуге тырыстық.
Осы жерде мынадай орынды сұрақ туады - кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі қандай белгілермен бағаланады және қандай көрсеткіштер
бойынша дәрменсіздікті алдын-ала болжауға болады ?
Жалпы түрде, кәсіпорынның банкроттығының ресми белгілері борышкердің
ақшалай міндеттемелерін және өзге де сипаттағы талаптарды орындауға
қабілетсіздігі-яғни төлем қабілетсіздігі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу
үрдісін бастау үшін төлем қабілетсіздік белгісі Германияда- кәсіпорынның
өзінің тез өтімді қаражаттарынан көп соманы 1 ай ішінде төлемеуі, Францияда
несиегер куәлаган төлемді тоқтату фактісі, Англияда шаруашылық жүргізуші
субъект бір немесе бірнеше қарыздар бойынша ең кемі 750 фунт стерлинг, АҚШ
- та 5 мың доллар борышы болу керек. Бұрынғы социалистік елдерде
банкроттықтың ресми белгілерін-дәрменсіздікті белгілеуде негізгі назар
уақыт аспектісіне жасалады. Мысалы, Болгарияда, дәрменсіз болып, 60 күн
бойы өз міндеттемелерін банк шоттарында ақша қаржылары болмағандықтан
орындамаған фирма - төлем қабілетсіз деп жарияланады. Венгрияда дәрменсіз
болып, мойындаған қарызын 60 күн ішінде немесе талап қойғаннан кейін 30 күн
ішінде төлеуге кедергі болған себептерді кредиторға үсынбаған борышкер
табылады. Румынияда бұл мерзім 30 күнтізбелік күнмен шектеледі. Басқа
бұрынғы социалистік елдермен салыстарғанда дәрменсіздік институты ұзағырақ
қызмет ететін Чехия мен Польшада банкроттықтың ресми белгілері-кәсіпорынның
бірнеше кредитор алдында өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі болып
табылады. Ресей мемлекетінде, Қазақстан Республикасында үш ай мерзімде өз
міндеттемелері бойынша төлем төлемеуі саналады.
Банкроттықтың ресми белгілерімен қатар, мүмкін банкроттықты
білдіретін ресми емес белгілері бар.
Дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибесін нарықтық экономикалы
елдердің бірі - Германия мысалынан бастадық. Ел экономикасының маңызды
ерекшеліктерінің бірі болып, өнеркәсіп шоғырлануының жоғары деңгейі
табылады. Басқа көптеген Еуропалық елдермен қатар, Германияны жеткілікті
деңгейде дамыған экономикалық инфрақұрылым және оның элементтерінің-
жылжымайтын мүлік, ақпараттар, технологиялар, қаржылар және бағалы қағаздар
нарықтарының бүтіндігі сипаттайды. Бұл бизнестің
жоғары деңгейін, және оның салдары ретінде жоғарғы ұйымдастыру
шығындарын анықтайды. Осындай макроэкономикалық тенденциялар
төлем қабілетсіз кәсіпорындарды басқару механизмдерінің типологиясын
қалыптастырады. Кәсіпорындар санациясын тікелей мемлекеттік қаржыландыру,
әдетте, аймақтық маңызы бар өте ірі зауыттарға ғана қолданылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде банктік несиелер
бойынша кепілдік беру қолданылады. Кәсіпорындар санациясы, кредиторлар өз
капиталдарын қайтарып алатынына анық сенімді болған жағдайда жүргізіледі.
Санацияның міндетті шарттары болып кредиторлық борышты жартылай (кем
дегенде 35 % - ке) жабу және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын
оңтайландыру үшін менеджерлік құрамды ауыстыру саналады.
Германияда, банкроттық механизм жетік әзірленген. Арбитрлық соттың
конкурстық өндірісті ашуына негіз болып кредиторлардың немесе борышкердің
өз арызы табылады. Кәсіпорын басшылығының арызды өз уақытында бермеуі
қылмыс ретінде қабылданады-мемлекет төлем қабілетсіз элементтердің
экономикадан кетуін қатаң бақылайды. Барлық сұрақтар кредиторлар
жиналысының бақылауымен қызмет ететін конкурстық басқарушының құдіретіне
жатады.
Заң жүзінде несие қарызын жабудың келесі кезектілігі белгіленген:
1. мемлекетке салық борыштарын өтеу;
2. әлеуметтік төлемдер, оның ішінде еңбек ақы (Германияда азаматтарға
әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесі әрекет етеді, жұмысшыларға еңбек
ақы қарыздарын төлеуге кәсіпорында қаражат жетпеген жағдайда мемлекет
төлейді);
3. басқа да несиегерлер.
Дегенмен, коммерциялық банктермен несиелеу, әдетте, жылжымайтын
мүлікті кепілге алу арқылы жүргізілетіндіктен, конкурстық өндірісті ашқан
кезде кепілден бос мүлік аз қалады. Сондықтан, кредиторлар шешімінің кең
таралған түрі болып кәсіпорын санациясын жүргізу табылады.
Неміс заңдылығы конкурстық өндірісті екі талап орындалған жағдайда
қарастырады: банкпен несиелеу тоқтатылғанда және активтерден пассивтер
артып кеткен жағдайда. Елдің жоғары сотының шешіміне сәйкес, кәсіпорынды,
егер оның активтері қарыздарын өтемесе немесе өз дамуына негізделген
дәйекті бизнес-жоспары болмаса банкрот деп табады.
Әрине, кәсіпорынның дәрменсіздігін анықтаудың мұндай критерийлері
өте қатал. Сондықтан, кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын
анықтау бірнеше бағыттарды қамтитын оның дағдарысының себептерін талдау
жолымен жүргізіледі:
кәсіпорынның қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау оның ұйымдық -
құқықтық нысанын, фирма қызметінің заңды кеңістігін қалыптастыратын
құрылтай құжаттарын қарастыруды ескереді;
кәсіпорын филиалдарының орналасуын, өндірістік бағдарламасын талдау
өндіріс жағдайларының және өткізу оңтайлылығын бағалауға бағытталған;
кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау
барысында шикізат пен өнім қорының бар-жоғы, тауар айналым қарқыны, щикізат
жеткізудің келісім-шарттарының орындалуы, шикізат сапасы мен құны
анықталады;
кәсіпорынға қаржы ресурстарының қажеттілігін талдау және қаржылық
жоспарлау кәсіпорын активтерін бағалауға, олардың өтімділігін,
нарықтық құнын, меншікті және қарыз капиталының үлесін, қаржылык саясаттың
стратегиясын бағалауға және бизнес - бағдарламаны қаржыландырудың ең
тиімді көздерін анықтауға бағыттылған;
ұйымдастырушылық жағдайларды талдау кәсіпорынды басқару тиімділігін,
менеджмент құрылымының ұтымдылығын, басқарушы құрамның біліктілік
деңгейін, акпараттық тасқындардың оңтайлығын бағалауды ескереді;
кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалаудың да маңызы зор -
салалық қимадағы жағдай, өндірілетін тауарлар тобы бойынша бәсеке деңгейі,
бәсекелестердің стратегиясы мен қуаты, аймақтағы саяси және әлеуметтік
тұрақтылық, тұрғын халықтың төлем қабілеттілігі, экологиялық шектеулердің
әсері.
Осы аталған факторлардың және заңдылықтың ресми мөлшерлерінің
жиынтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды және оның құрылымын
кайта құру нысандары жайлы шешімдерді қабылдауға негіз болады.
Италияның банкроттылық туралы заңдылығы бірнеше құқықтық нормаларды
бөліп көрсетеді: банкроттық; банкроттық қаупі жағдайында кредиторлармен
келісу; банкроттық қаупі төнген жағдайдағы бақыланатын басқару; басқару
органдарын күштеп жою.
Германия тәжірибесінде белгіленгендей кәсіпорынды қаржылық сауықтыру
нысандарына ұқсас, бұл нормалар дәрменсіз фирмалардың құрылымын қайта
құрудың қатаң шараларын реттейді. Банкроттық- басқару және бақылау
функцияларын меншік иесінен тартып алуды, сондай-ақ оның мүлкін тікелей
сатуды қарастыратын ең өктемді шара болып табылады. Оның үстіне,
Италия банкроттығының еркіндік саясын және банкроттық құқық қабілеттілігін
шектейтін дербес салдары бар.
Кредиторлармен келісім, төлемдердің мерзімін борышкер бірқатар
шарттарды орындаған соң кейінге қалдыруды, оның ішінде мүліктік немесе
басқа заңмен белгіленген кепілдікті ұсыну да бар, ескеретін ымыралы шешім
болып табылады. Ең қолайлы нысаны болып, кәсіпорын санациясының дәйекті
жоспарын ұсынған кәсіпкерге, сот бақылауымен мүлікті және кәсіпорынды
басқаруды сақтап, екі жылға дейін төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін
бақыланатын басқару болып табылады.
Басқару органдарын күштеп тарату ерекшелігі - стратегиялық маңызы бар
бірқатар кәсіпорындар мемлекеттік басқару органдардың бақылауында
болғанымен анықталады. Осындай кәсіпорындардың каржылық дағдарысы
жағдайында олардың мүлкін тарату жүргізіледі. Бұл әкімшілік тәртіппен
мемлекеттік басқарудың тоқтатылғанын көрсетеді.
Банкроттық туралы Италияның заңдылығы үнемі жетілдіріліп отырғанын
айта кету керек және осы үрдіс мақсаттарының бірі болып, кәсіпорын
банкроттықка ұшыраған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының
кешенін енгізу табылады. Егер Германияда мемлекет банкрот болған
кәсіпорынның жұмысшыларына қарыздарын тікелей өтеуге қатысса, Италияда
экономикалық-әлеуметтік реттеудің басқа, икемді нысандары карастырылған. Ол
мемлекеттің қаржылық қиыншылықтары бар жеке компаниялардың жарғылық.
капиталына мемлекеттік басқаруды енгізу мақсатында үлеспен кіру және осы
шеңберде мемлекеттік үлесті қайтып берумен байланысты санациялық іс-
шараларды қаржыландыру. Осы шараны нақты қаржылық дағдарысты басынан
кешіріп отырған кәсіпорындарға ғана қатысты қолдануға болады. Сол себепті
олардың дағдарыс алдындағы диагностикасы мақсатында және оларды қайта құру
жайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның төлемқабілеттілігін
анықтаудың негізделген көрсеткіштері қажет.
Италияда дәрменсіздік жағдайды келесі көрсеткіштермен анықтайды:
10. өмірді сақтандырумен айналысатын кәсіпорындарға міндетті
резервтер кепілдігі есебіне ұсынылатын активтердің жеткіліксіздігі;
11. егер банктер немесе кооперативтік типті несие мекемелері үшін жарғылық
капиталдың 13 - і жоғалса;
12. басқа типтегі несие мекемелер үшін, егер қалған жартысы қарыз
міндеттемелерін жабуға жеткілікті болғанына қарамастан, мүлкінің
жартысы жоғалса.
Чехия Республикасында өтпелі кезең экономикасының күрделігіне
қарамастан, кәсіпорындар қызметін дағдарыс кезінде реттеу-өркениетті бәсеке
және экономиканы мемлекеттік реттеудің айрылмас элементі болып табылды.
Банкроттық жағдайында конкурстық өндірістің басталғаны жайлы шешімді
конкурс соты қабылдайды. Конкурстық өндіріс үрдісі оңалту мерзімін (әдетте
3 ай) қамтиды, ол мерзім ішінде несиегерлер талаптары уақытша тоқтайды және
кәсіпорын өз қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады. Кредиторлар
комитеті осы мерзім ішінде кәсіпорын жұмысын бақылаудың бір нысаны жайлы
шешім қабылдауы мүмкін. Егер кәсіпорын төлем қабілеттілігін қалпына
келтірмесе, төлемдер конкурс массасына енгізілген борышкер мүлкін сатудан
түскен қаражаттар есебінен өтеледі. Бұл жерде талаптарды қанағаттандыру
тәртібі, ең алдымен еңбек талаптарымен қатар конкурстық басқарушының еңбек
ақысы қосылғандығымен ерекшеленеді. Банкроттылық туралы Чехия заңдылығының
тағы бірқатар ерекшеліктері бар:
13. егер конкурстық өндіріс барысында қарыздарды бөліп өтеу
туралы шешім қабылданбаған болса, онда банкроттың өзі сотқа күштеп өтеу
жүргізуді ұсынуға құқылы, бұл кредиторлардың ¾ бөлігі келіскен жағдайда
мүмкін болады;
14. мемлекеттік кәсіпорындарды банкрот деп танудың ерекше тәртібі
белгіленген: банкроттық туралы шешім қабылдау үшін халықтық мүлік және
жекешелендіру істері жөнінде Министрліктің шешімі қажет, қорғау мерзімі
борышкер кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайында және оны жекешелендіру
мерзімі шеңберінде беріледі;
15. банкроттылық туралы зандылық мемлекет қарыздары бойынша субсидиарлық
жауаптылықты өз мойнына алатын кәсіпорындарға қолданылмайды.
Чехия заңдылығында банкротты ажыратудың басқа елдерден ерекшелігі
жоқтың қасы-дәрменсіздік белгісі болып, кредиторлық қарыздардың
кәсіпорынның таза активтерінен жоғары болуы табылады.
Экономиканы дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің аспектілері әр елде
әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та бұл, жұмысбастылық саласында заңдылықты жетілдіру,
әсіресе, жастарға жұмыс орындарын көбейту, аймақтық күрылымдық
бағдарламалар жасаудан көрінеді. АҚШ-тың заңдар жинағында үкіметтің тиімді
іс-шаралары жеке аймақтардағы жұпемыссыздықтың жоғары деңгейін төмендету
жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның бизнесін бағалау
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау
Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруы
Туристік фирмадағы дағдарыс және оны шешу жолдары
Кәсіпорынның төлемдер сомасы
Пәндер