І. Жансүгіров лирикасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ЖӘНЕ СӨЗ ӨНЕРІ
1.1Ілияс Жансүгіров кеңес дәуіріндегі сөз өнерінің барлық жанрына мол үлес қосқан ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Ілияс Жансүгіровтің поэмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ЛИРИКАСЫ
2.1 Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің негізгі тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Ілияс Жансүгіровтің жаңа заман жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Ілияс Жансүгіровтің әлемге арналған ақындық үні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.4 Ілияс Жансүгіров лирикасының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Ілияс Жансүгіров –қазақ әдебиетінің қайнар көзі болған қазақтың дәстүрлі әдебиетінің, яғни халық шығармасының бай-мұрасын зерттеп,оны творчестволық жолмен игеру керектігін де үнемі қадағалап,ол жөнінде пікір айтып оған қамқоршы болған әдебиетші. Халық шығармасын, ескі заман күйін шертер аңыз-әңгіме жырларына ерекше назар аударып,оны өзінің творчествосына пайдалануда да Ілияс Жансүгіров басқаларға үлгі көрсеткен ақындардың бірі болды. Ілияс өзі араласқан әдебиет майданында халқының асыл қазынасын зерттеді. Кейінгі ұрпаққа мирас болған осынау мол дүниені (фольклорды)жинау туралы пікірлер айтты. «Тілінің көркемдігі, сөз образдарының оргиналдығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады»,-деп жазады Қ.Жұмалиев. І.Жансүгіров поэзиясы қазақ әдебиетін түр жағынан байытқанын айта келіп, Т.Нұртазин де: «І.Жансүгіровтің поэтикалық жаңалықтары арнайы зерттеуге тұрарлық дүние»,- дейді. Ілияс сол мағынасын сақтап, сөздің тіркестерін де бұзбай пайдаланады.
Курс жұмысында І.Жансүгіров лирикасының қырлары арнайы түрде қарастырылып отыр. Курс жұмысында қазақ әдебиетіндегі Ілияс арнасы да сөз болып ондағы ақын поэзиясының орны, әдеби бағыттың дамуына қосқан үлесі, өзіндік жаңашылдығы айқындалады. Әрі суреткердің негізгі бейнелеу тәсілі мен реализм, сентиментализм, символизм сынды көркемдік әдістерінің өзара байланысы, сабақтастығы сөз болады.
Курс жұмысының өзектілігі: І.Жансүгіровтің әдеби мұрасы соңғы жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлі қырынан зерттелініп, қарастырып келеді. Алайда оның арналы ерекшеліктерінің бірі болып табылатын бейнелеу тәсілдері жөніндегі мәселеге қажетті деңгейде назар аударылмай жүр. Соның нәтижесінде, ақын поэзиясының ең негізгі бейнелеу тәсілі – романтикалық тәсілдің идеялық-көркемдік мазмұны да арнайы зерттеу нысанасына айналды.
Курс жұмысының мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің көркем шығармаларындағы, жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ақын лирикасының табиғатын, маңызы мен орнын айқындау. Аса көрнекті суреткердің лирикасы мен поэмасының туу, қалыптасу себептерін ашып, қоғамдық жағдайлармен байланыстыра отырып, олардың идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін қарастыру.
1. Ілияс Жансүгіров, Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. – Алматы, «Жазушы» 1986 жыл.
2. Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар, «Эко», 2000жыл.
3. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002 жыл.
4. Ілияс Жансүгіров, «Құлагер», плэмалар мен өлеңдер. – Алматы, «Жазушы», 1974 жыл.
5. Мухамеджан Қаратаев, Т. Нүртазин, С. Қирабаев. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, «Мектеп», 1987 жыл. 249-283-беттер.
6. Ілияс Жансүгіров, «Құқ», - Алматы, 1989 жыл.
7. «Қазақ әдебиеті» газеті, 2008жыл, № 3-5.
8. Жанғара Дәдебаев, Қазіргі қазақ әдебиеті. Лекциялар курсы. – Алматы, «Қазақ университеті», 2002 жыл.
9. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, «Ғылым», 1957 жыл.
10. Ғаламтор. www.abai.kz., www.vigipedia.kz. www.google.kz.
11. «Егемен Қазақстан» газеті, 2011 жыл, № 5-9.
12. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, «Күлтегін», 2002 жыл.
13. «Қазақстан мектебі» журналы, 2010-2012 жылдар, №1-9.
14. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1997 жыл.
15. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы, «Жазушы», 1977 жыл.
16. Историко-литературный процесс. Проблемы и методы научения. Под ред. А.С.Бушмина. Л., «Наука», 1977, с 295.
17. Неупокоева И.Г. Революционно-романтическая поэма первый половины ХІХ в. Опыт типологии жанра. М., 1977, с 50.
18. Тілешов Е. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы романтизм 10.01.08 -әдебиет теориясы 10.01.02.-қазақ әдебиеті. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. - Алматы 1997ж. 30 б
19. Жұмабаев М. Шығармалары - Алматы, "Жазушы", 1992. 477б
20. Құнанбаев А Шығармалары - Алматы 2004
21. Кәрібаева Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналар ы Астана «Елорда». 2001-312 б.
22. Кемелбаева А. Мағжан романтизмі // Қазақ әдебиеті 2007
23. Қанарбаева Б . Мағжан поэзиясындағы фольклорлық сарын -А.2001
24. Қанарбаева Б. Мағжан символист -Алматы .,2007 -529 б

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
І. Жансүгіров лирикасы

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ЖӘНЕ СӨЗ ӨНЕРІ
1.1Ілияс Жансүгіров кеңес дәуіріндегі сөз өнерінің барлық жанрына мол үлес
қосқан
ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Ілияс Жансүгіровтің
поэмалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..11

2 ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ЛИРИКАСЫ
2.1 Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің негізгі
тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Ілияс Жансүгіровтің жаңа заман жырлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Ілияс Жансүгіровтің әлемге арналған ақындық
үні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.4 Ілияс Жансүгіров лирикасының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 33

КІРІСПЕ

Ілияс Жансүгіров –қазақ әдебиетінің қайнар көзі болған қазақтың
дәстүрлі әдебиетінің, яғни халық шығармасының бай-мұрасын зерттеп,оны
творчестволық жолмен игеру керектігін де үнемі қадағалап,ол жөнінде пікір
айтып оған қамқоршы болған әдебиетші. Халық шығармасын, ескі заман күйін
шертер аңыз-әңгіме жырларына ерекше назар аударып,оны өзінің творчествосына
пайдалануда да Ілияс Жансүгіров басқаларға үлгі көрсеткен ақындардың бірі
болды. Ілияс өзі араласқан әдебиет майданында халқының асыл қазынасын
зерттеді. Кейінгі ұрпаққа мирас болған осынау мол дүниені (фольклорды)жинау
туралы пікірлер айтты. Тілінің көркемдігі, сөз образдарының оргиналдығы
жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады,-деп жазады Қ.Жұмалиев.
І.Жансүгіров поэзиясы қазақ әдебиетін түр жағынан байытқанын айта келіп,
Т.Нұртазин де: І.Жансүгіровтің поэтикалық жаңалықтары арнайы зерттеуге
тұрарлық дүние,- дейді. Ілияс сол мағынасын сақтап, сөздің тіркестерін де
бұзбай пайдаланады.
Курс жұмысында І.Жансүгіров лирикасының қырлары арнайы түрде
қарастырылып отыр. Курс жұмысында қазақ әдебиетіндегі Ілияс арнасы да сөз
болып ондағы ақын поэзиясының орны, әдеби бағыттың дамуына қосқан үлесі,
өзіндік жаңашылдығы айқындалады. Әрі суреткердің негізгі бейнелеу тәсілі
мен реализм, сентиментализм, символизм сынды көркемдік әдістерінің өзара
байланысы, сабақтастығы сөз болады.
Курс жұмысының өзектілігі: І.Жансүгіровтің әдеби мұрасы соңғы
жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлі қырынан зерттелініп,
қарастырып келеді. Алайда оның арналы ерекшеліктерінің бірі болып табылатын
бейнелеу тәсілдері жөніндегі мәселеге қажетті деңгейде назар аударылмай
жүр. Соның нәтижесінде, ақын поэзиясының ең негізгі бейнелеу тәсілі –
романтикалық тәсілдің идеялық-көркемдік мазмұны да арнайы зерттеу
нысанасына айналды.
Курс жұмысының мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің көркем шығармаларындағы,
жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ақын лирикасының табиғатын, маңызы мен
орнын айқындау. Аса көрнекті суреткердің лирикасы мен поэмасының туу,
қалыптасу себептерін ашып, қоғамдық жағдайлармен байланыстыра отырып,
олардың идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін қарастыру.
Курс жұмысының міндеті: Ақын лирикасының тарихи-әлеуметтік, әдеби-
эстетикалық және философиялық негіздерін көрсетіп, оның ұлттық табиғатына
ерекше мән беру; Қаламгер лирикасындағы романтизмді тақырыптық, әрі
хронологиялық жағынан қарастыра отырып, оның ішкі ағымдарының идеялық-
көркемдік мазмұнына сипаттама жасау, олардың даму процесін ашу;
Романтикалық поэма саласындағы ақындық ерекшелігі мен көркемдік
жетістіктеріне көңіл бөлу; Ақынның негізгі бейнелеу әдісінің сыр-сипатын
толымды ашу мақсатында, оның шығармаларындағы өзге де көркемдік әдістер
ерекшелігін баяндап, олардың табиғи бірлігін айқындау.
Зерттеу жұмысының нысаны: Ақынның лирикасын мазмұнына қарай жүйелеп,
олардың әртүрлі ағымдарына қарай топтастырылуы. Қаламгердің романтикалық
поэмаларының табиғатын ашып көрсету. І.Жансүгіров шығармаларының көркемдік
бейнелеу тәсілдерін таныту, жалпы ұлттық сөз өнері тарихындағы маңызды
әдеби- көркем құбылыстың қыр-сырын анықтау.
Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

1 ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ЖӘНЕ СӨЗ ӨНЕРІ

1.1 Ілияс Жансүгіров кеңес дәуіріндегі сөз өнерінің барлық жанрына мол
үлес қосқан ақын
Қазақ әдебиетінің дарынды тұлғаларының бірі – Ілияс Жансүгіров кеңес
дәуіріндегі сөз өнерінің барлық жанрына мол үлес қосты. Ұлттық әдебиетке
ақындық қуатпен де, кең тынысты проза мен мол арналы драма арқылы да рухани
олжалар әкеліп, адам мен оның іс-әрекеттерін, халық өнерпаздарының таланты
мен тағдырын, т.б. реалистік үлгіде бейнеледі. Сондай-ақ, революция
туғызған уақыт шындықтары, халық өміріндегі өзгеріс-құбылыс пен әлеуметтік-
рухани талаптар ақынның Арыным өлеңінде:
...Тапсыз, тату, мерекелі өнерлі,
Ел жасаймыз, еңбегіне қуанған, - деп айқын да бедерлі берілген.
І.Жансүгіров халық поэзиясының озат үлгілерімен сусындады да, кейін
дүниежүзілік әдебиеттің өнегелерін пайдаланып, талантын кең дамытты. Оның
творчествосында халықтың шешен, төкпе жырларының жаңа заман талабына сай
жаңартылған нұсқалары мол. Ол лирикалық-философиялық поэма үлгісін туғызды.
Сюжетті поэмаларының өзін өмір шындығының қат-қабат, шытырман күйлерін
тереңдей барлайтын ойшылдыққа құрды. Дала поэмасы – Ілияс жаңашылдығының
тамаша көрінісі болды. Қазақ халқының әр кезде бастан кешкен тарихи
жырларының жаңаша жасалған жиынтығы еді ол. Егер халық өмірінің ертедегі
ауыр күйлерін бейнелейтін жырлар шағын, нақты бір дәуір үлгісінің эпизодтық
бейнесін көрсетсе, Ілияс поэмасында тарих дамуы әр дәуір шындықтарымен
ауыстырылып, тұтаса келе үлкен эпикалық тыныс танытады. Осының негізінде
ақын бүкіл даланың өзгерісін бейнелейді, оның тарихтық-философиялық образын
жасайды. Ақын мұрасының ең қымбат үлгілері – оның өнер тақырыбына жазған
поэмалары болса, бұларда да ол жаңашыл ақын есебінде қазақ поэзиясын өзгеше
үлгілермен байытты. Күйші поэмасы қазақ ақынының өлеңмен жазылған роман
деуге боларлық шытырман характерлерді терең берілген сезім күйлерімен ашқан
осы еңбегінде ұлылықтың да, шындықтың да тамаша сипаты бар. Күй
поэмасындағы Молықбай күйінің рухани күшінен де, Құлагердегі өз заманының
ауыртпалығын арқалап, дүние пендешілгінен биік тұрған Ақан тұлғасынан да
Ілияс ұлылықтың сипаттарын таниды. І.Жансүгіров қаламынан туған халықтық
күй сарындарының эпикалық суреті қазақ поэзиясындағы тың үлгілердің
қатарына жатады. Ақын бұларда күй тудырған оқиғалар мен соларды баяндаған
кездегі домбыра ырғағын, сарынын поэзия тілінде шебер суреттейді. Оның бұл
саладағы суреткерлік еңбектері біздің ұлттық поэзиямызда өз алдына мектеп
дерлік. Ілияс эпикада да, лирикада да терең ойдың, үлкен сезімнің, ұшқыр
қиялдың ақыны болды. Оның поэзиясы әрқашан жүректен жарып шыққан сезімнің
шыншыл күйін бейнеледі [3, 25].
Тұнғыш кітабы шыққаннан жазықсыз жазаға ұшырағанға дейінгі 10
жылға жетер-жетпес аралықта Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетін "Жолдастар"
атты пьесаларымен байытады, әсіресе, поэзияда көптеген әсерлі өлеңдері мен
"Жетісу суреттері", "Гималай" атты керемет көркем жыр-толғауларына қоса,
артынан "Дала", "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық поэмалар
беріп, ақындық шыңына көтерілді. Көзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанған
Ілияс Жансүгіров 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырады.

... Шаттық жыр ағыл-тегіл, жаз қаламым,
Шат өмір шалқуыңа аз ба, жаным.
... Ырысты еркін, азат елім қандай,
Кең байтақ, кең дәулетті жерім қандай...
Қандай шаттыққа, сенімге толы жыр еді! Осындай риясыз қуанышпен жыр-
тұлпарының тізгінін тыймай, еркін ұстаған ақын құдырет-күш тәңірісіндей
сымбатты, еңселі адам болып елестейді. Оның жүзі жарқын, жаны жазирадай
кең, жанары жарқылға толы болса керек-ті.
Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза,
драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем
шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді
қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі.
Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы
нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып
отырады. Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэмалары.
Оның қаламынан туған Күй, Дала, Күйші, Құлагер сияқты он беске жуық
көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады. Ілияс
Жансүгіровтің прозалық шығармасының ішіндегі көлемдісі Жолдастар романы.
Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, азаттықты
көксеген арман-аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін
суреткерлікпен ашып көрсетеді [5, 56].
Ілиястың драма саласындағы Кек, Түрксіб, Исатай-Махамбет сияқты
туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар. Ол әдебиет сыны мен
аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне
қоса, Евгений Онегин романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-
ақ, М.Ю.Лермонтовтың, А.М.Горькийдің, Н.А.Некрасовтың, В.В.Маяковскийдің
көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ілияс Жансүгіров қазақ сөз
өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі.
Оның шығармалары қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бастай
беретін мәңгілік үлгі-өнеге. Бүгінде Жансүгіровтің еліміздегі аса көрнекті
жазушыларының қатарына қосылатынына, қазақ көркем сөз өнерінің асқан
шеберлерінің бірі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмайды. Ақын жырларын
халық қастерлеп, әдебиетіміздің бір асқар Алатауы, немесе жыр Жетісуы. Иә,
ол қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, қала берді әлем әдебиетіндегі сирек,
сара құбылыс. Оған бұл орайда жетіспейтін жалғыз-ақ нәрсе – бес құрылық
халықтары тіліне аударылмай жатқандығы. Бұл жерде баса айтатын бір
ерекшелік - өнердің заңы өмірдің заңынан да өргелек. Бейнебір бақи дүниенің
қағидасы пәни дүниенің қағидасынан басым түсіп жататындай... Мәселен,
әйгілі әлемдік тартылыс заңын кезінде ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон
зерттеп, зерделеп таппаса да кейіннен басқа біреу міндетті түрде табар еді.
Ал, Евгений Онегинді тек А.С.Пушкиннен басқа ешкім қалайша жаза алмаса,
Жетісу суреттерін, Күйші, Рүстем қырғынын, Исатай-Махамбетті,
Құлагерді нақ солайша Ілияс Жансүгірұлынан басқа ешкім жаза алмайды. Осы
ретте біз оқырманымызға қатысты Луи Арагонның мына бір сөздерін алға
тартсақ түк артық емес: Біздің ғасырымыздың маңдайына бірнеше ақындардың
нұрлы есімдері мөр болып басылған. Англияда ол – Киплинг, Францияда –
Апполинер мен Элюар, Германияда – Рильке, Испанияда – Гариса Лорка. Осынау
нұрлы күндердің қайсысы сөнсе де, нақ сол күні әлемді қара түнек басқандай
болатын. Бірақ олардың қай-қайсысының да соңына қалдырған мұрасы көлеңке
емес, жалын, ақ жалын еді. Қазақстанда олар – Мағжан Жұмабайұлы мен Ілияс
Жансүгірұлы дегенді қосқымыз келер еді. Ақын бүгінгі егемен Еліне, ерікті
де еркін қандастарына қарап тіл қатады:
Астана Алатаудан саңқылдасам,
Жетпей ме жер жүзіне жаңғырығым!
Ақын Ілияс Жансүгірұлының үні жер жүзіне таралып жатыр.
Мен өзім тауда туып тасында өстім.
Жас ақынның сұлулық мұраттарының орнығуына, көркемдік талғамының
қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне Абай поэзиясының ықпал жасауы – оның
әдеби тағдырындағы бақыттылық, айта қаларлықтай эстетикалық құбылыс, дәстүр
жалғастығын көрсететін жайт. Ел қазынасы, халық фольклоры өкілдері
тәжірибелерінің сабақтары мен жазба әдебиет үлгілері ақын тәжірибесінде
жаңа келісім тауып, өзіндік арна іздей бастады. Алғашқы өлеңдерден-ақ
болашақ іргелі ақын Ілиястың стиль өрнегі, қаламгерлі дара тұлғасы
айқындалады. Құйылған сөз тасқыны, эпикалық кеңдік, теңеу, метафора эпитет,
градация, эпифора, анафора, байлығы – оның поэзиясының негізгі белгілері
бола бастайды.
Лирикалық, пәлсапалық толғау, ұзақ сюжетті шығармалар қатар
жазылады. Өз бетімен тірнектеп жинаған білімінің аздығын, түртінектеп
оқыған кітаптарының мардымсыздығын қатты сезіне бастаған Ілияс, қайтсе де
жүйелі түрде оқымақ болып 1920 жылы Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер
курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы
қысқа мерзімді курста бес-алты ай оқығаннан кейін, денсаулығының
нашарлауына байланысты ауылына қайтады.
Дауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына
тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде
губерниялық оқу бөлімінде, Тілші газеті редакциясында қызмет істеу,
экспедицияға шығып фольклор үлгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып
шыңдайды. Жас азаматтың қызметтен өзге уақыты түгелдей кітап, газет-журнал
оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы
өлеңдері Тілші, Кедей еркі, Лениншіл жас, газеттерінде Жаңа мектеп,
Әйел теңдігі журналдарында жарияланады. 1927 жылы Беташар атты үгіт
өлеңі, 1928 жылы Сағанақ деген тұңғыш кітабы шығады. Халықтың қалың
ортасынан қайнап шыққан қажырлы талантының мол, өнімді еңбегінің берекелі
жемістеріне таң қаласың.
1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма
салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артынан аса бай әдеби мұра
қалдырады. Оның лирикалық шығармалары, Дала, Күй, Күйші, Құлагер
поэмалары, Жолдастар романы, Кек, Турксиб, Исатай – Махамбет
пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он
жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы
ғажап.
Тиянақты білімсіз ешнәрсе өндіре алмасына әбден көзі жеткен
Ілиястың Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсуі лекцияларды
былай қойғанда, тарихтан, пәлсападан, әдебиеттен, ғылымның басқа да
салаларынан жан-жақты білім алу үшін өз бетімен дамылсыз іздену, талмай
еңбектену Ілиясы тез марқайтады. Орыс, Еуропа классиктерінің шығармаларын
зерттей оқу, тексере үйрену тәжірибесі ақын талантының жарқырап ашылуына
мүмкіндік береді. Қала өмірі, шаһар тіршілігінің ырғағы, зиялы ортаның
мінез-әрекет қалыбы сезімтал жүрекке орасан зор ықпал етеді.
1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс
Жансүгіров Еңбекші қазақ газеті редакциясына қызмет істеп, қазақ
баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет
қайраткері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдары Қазақстан көркем әдебиет
баспасында поэзия бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының І съезінде сөз
сөйлейді, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М.
Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен
достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған. Көзі тірісінде қазақ
поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров
кесапат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.
Ілияс Жансүгіров Қысқаша өмірбаяным деген 1928 жылы жазған
еңбегінде: Хат білген соң өлең кітап оқығыш болдым. Қыз Жібек қиссаларын
мен оқығанда талай жан жылайтын. Кейін аймағымыздың, ауыл бозбаласының
өлеңшісі болдым. Жарып той бастап, таңдап әріптес алып айтысып, құтырған
күндер өтті. Түнгі тойды таңға тарқатпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан
күндер өтті деп жазды. Бұл сөздерде ақын өнерінің бастау-қайнар түп
төркінін терең ұғуға мүмкіндік беретін кілт бар. Табиғатынан аса дарынды
туған, бір естіген әнді, тартылған күйді, бір жырланған дастанды қолма-қол
қағып алып, әсте ұмытпайтын көкірегі сезімді, тілі орамды, құйма құлақ,
зерек Ілияс ең алдымен халық әдебиетінің бай қазынасын бойына сіңіріп, өзі
де сал, сері болып, айт пен той, қыз ұзату мен тамашаның көл-дария қызығына
батып, келіннің бетін ашып, өлгенге жоқтау шығарып беріп, ел ішінде
Жансүгірдің ақын ұлы атанды [1, 25 ].
Қысқасы, Ілиястың кейінгі мол арналы, терең ағысты поэзиясындағы
туырылып жатқан көркемдік кестелер, таудан түскен селдей жөңкілген
ырғақтар, бедері тозып, бояуы кетпеген, алтын-күмістей сылдыраған сөз
айшықтары, інжу-маржан, лағыл-гауһарша жарқыраған теңеуі, метафора, эпитет
байлығы, асыққа құйылған қорғасындай дәлдік, шапқан аттың, соққан желдің
екпініндей жігерлі жыр, терме, толғаулар ғасырлар бойы халық таланттарының
небір өрен жүйріктері жасаған асыл байлықтар қазынасынан, фольклордың
мұхиттай мол да құнарлы қазынасынан келген болатын. Мұның үстіне қазақ
тілінде шыққан газет-журналдарды, ағартушы-демократтық бағыттағы кітаптарды
құныға оқу – жас ақынның жазба әдебиет дәстүрлерін үйренуіне, ой өрісінің
кеңейіп, білімінің артуына, саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына
ықпал жасаған факторлар.
Абайдың ақындық мектебінен шыққан көптеген қиссалардың авторы,
дарынды сазгер, асқан әнші, сегіз қырлы, бір сырлы ақын Әсет Найманбаевтың
(1856-1923) бес өрлетіп, қырық қарпып, тоқсан толғап салған әнін естиді,
сөзі – жаңбыр , дауысы – дауыл Әсетпен алғаш қалай ұшырасқанын, оның
өнерінен, әнінен алған әсерінен Ілияс Тұңғыш тоғысу (1923) өлеңінде жан-
жақты суреттейді. Ғаламат өнерін көреді. Кейін Ілияс күй, ән әсерін
бейнелегенде осы Әсеттен алған, үйренген, өзі де дамытқан әрекетті, тірі
қозғалысты көрсететін шалқыту, дамылдату, сауылдату, мамырлату, қалқу,
жүзу, толқыту, өрлеу, тербеу, күңіренту, аңырату, жамырату, жауындату,
дауылдату, шаңқылдату, жорғалату, ағындату, қалтырату, жүгірту, шырқату,
шығандату, шапшыту, шүмектету, нөсерлету, талдыру, талықсыту, тамылжыту,
орғыту, орғыту, самғату, саңқылдату, ұрынту, өршеленту, саржелгізу,
серпілу, сумаңдату, қоңырлату, желдету, ойнақтату секілді сөздерді ерекше
шеберлікпен, орынды да дәл қолданатын болады [5, 256 ].
Ескі ақындарша ауызша, қолма-қол айтып тастайтын суырып салма
өнермен қатар, өлеңді жазып шығаруға машықтана бастаған көк қауырсын, жас
қыран – Ілиястың қаламгерлік тағдырында 1916 жылдың ерекше орны бар.
Қысқаша өмірбаянымында өзі көрсеткендей, бұл кезде ол Абайдың 1909 жылы
Петербургте шыққан жинағын қолына түсіреді. Бұрын данышпан ақын
шығармаларын Әсет арқылы ауызша естіп таң қалған, ғажап әсер алған Ілиястың
қолынан енді күндіз-түні түспейтін Абай кітабы болады.

1.2 Ілияс Жансүгіровтің поэмалары
Ілияс Жансүгіров –қазақ әдебиетінің қайнар көзі болған қазақтың
дәстүрлі әдебиетінің, яғни халық шығармасының бай-мұрасын зерттеп,оны
творчестволық жолмен игеру керектігін де үнемі қадағалап,ол жөнінде пікір
айтып оған қамқоршы болған әдебиетші. Халық шығармасын, ескі заман күйін
шертер аңыз-әңгіме жырларына ерекше назар аударып,оны өзінің творчествосына
пайдалануда да Ілияс Жансүгіров басқаларға үлгі көрсеткен ақындардың бірі
болды. Ілияс өзі араласқан әдебиет майданында халқының асыл қазынасын
зерттеді. Кейінгі ұрпаққа мирас болған осынау мол дүниені фольклорды
жинау туралы пікірлер айтты. Тілінің көркемдігі, сөз образдарының
оргиналдығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады,-деп жазады
Қ.Жұмалиев. І.Жансүгіров поэзиясы қазақ әдебиетін түр жағынан байытқанын
айта келіп, Т.Нұртазин де: І.Жансүгіровтің поэтикалық жаңалықтары арнайы
зерттеуге тұрарлық дүние,- дейді. Ілияс сол мағынасын сақтап, сөздің
тіркестерін де бұзбай пайдаланады. Мысалы қаһарлы қыстан малы аман-есен
жұтқа ұшырамай шыққанды: қисаймай шықты қылшығыдеген метафорамен берсе,
бір малы екі болып шаруасы ілгері басқанның:
Шығынсыз шыбыш мақтап

Төлдеген тоқты бір заман,-деп береді.

Құлагерпоэмасындағы екі балуанның күреске шыққан жерінде ақын :
Аттатып атандайын алшаңдатып,
Желкілдеп қара сақал шудадайын
Бұлқынды алып қара бурадайын-
десе,адамның көптігін қаптасты құмырсқадай қырға қазақ, кәрілікті
қуарған аппақ қудай сақал -шашы-деп теңеуі халықтың ауыз әдебиетінде, ы
түскен сағымға, Екі беттің ажары, жазғы түскен сағымдай қыздың жалпы
мүсінін талға, шыбыққа:
Біздің ауыл сұрасаң Белтұрғанда
Биік ағаш солқылдар жел тұрғанда
Қазақтың ай мен күнін не қылайын,
Бұралып тал шыбықтай сен тұрғанда
теңеледі. Осы белгілі теңеуді І.Жансүгіров Исатайатты поэмасында былай
қолданады.
Қыз тұлғасын қарасаң, Қыз ажарын қарасаң деп келетін
қайталаулар да ауыз әдебиетінің үлгісі. Сол дайын теңеулерді ала отырып,
ақын осыған бір ғана жаңалық қосқан.
Ал, қыздың тұлғасын бейнелеуде әйтеуір бір талды алмайды,
Жайықтың боз талындай -деп жердің, мекеннің атын атайды. Қыз ажары
әйтеуір бір атқан таңдай емес, Еділ – Жайық таңындай . Поэмадағы оқиға
Жайық бойында болып кейіпкерлердің өздері де сол Еділ-Жайықты мекендеген
адамдар болғандықтан ақын ауыз әдебиетіндегі белгілі жалпылама теңеулерді,
нақтылыққа ауыстырады...
І.Жансүгіров халықтың ауыз әдебиетінің озық үлгілері мен қазақтың
бұрын соңды сөз шеберлерінің асыл мұраларын жинағанды біріншіден, оларды
халықтың өз қажетіне, өз игілігіне жұмсауды, екіншіден, сол асыл мұралардан
тіл ұстартудың сиқырлы құдіретін үйренуді мақсат еткен. Оның
творчествосын бастан- аяқ қазақтың қалың шығармасы мен тілінен нәр ала
дамыған творчество десек қателеспейміз. Ол өзінің қаламдастарымен бірге
алтын сандықтың аузын кең ашып, ондағы асылды керегінше пайдаланады.
Ақтарып асыл сөздің алтын жезін,
Салатын дүкеніме бар мінезім.
Ақтарар арқа астын инженермін
Ал, жұртым, керегіңе тұрса сөзім-деп ол жай айтпаған [4, 68 ].
Мақпал поэмасының көтерген тақырыбы жағынан да оқиғаны дамыту
жағынан да, болсын халық шығармасындағы бар үлгілерге сүйене отырып
жазылғаны көрінеді... Хиссадағы Ләйлі мен Мәжнүн махаббат отына күйіп,
жанған адал шын ғашықтар, Мақпал мен Шабданбек бірге оқыған, жақсы дос тату-
тәтті құрбы. Осыдан барып араларында махаббат оты тұтанады. Міне, сондықтан
да, Ләйлі- Мәжнүн тағдырына ұқсастық туады. Ілияс Жансүгіров Мақпал
поэмасында хисса, эпостық шығармалар үлгісін пайдаланған. Поэмада ол теңін
таппай, ескі әдеттің шырмауына оралып, сүймеген біреуге еріксіз кетіп бара
жатқан Мақпалдың мынандай жүрек зарын естиміз.
Ілияс Жансүгіров осы бір кішкене лирикалық үзінді арқылы біз
ойды айту үшін бүкіл табиғатты тебірентіп, тау мен тас, өзен мен бұлақ , ай
мен күн, жел мен дауыл, жер мен тоғай, шалғын мен тақыр т.б. баршасын куә
етеді. Қыздың осы бір көңіл-күйініші, жүрек толғанысы поэзияның негізгі
түйінін шешіп тұрғандай. Ендігі қозғалатын мәселе, іс- әрекет айқын сияқты.
Осы бір үзіндінің өзі үлкен эпикалық бастаманың лирикалық сынығы тәрізді.
Ақынның барлық поэмаларында табиғат бейнесі суреттеліп отырады, оған да
міндеттелетін жүк бар. Табиғат өздігінен ешбір әсер бермейді. Оның
сұлулығы,аңқыған қош иісі, сылдыр қаққан бұлағы, қат-қабат сырлары ең
алдымен адам жанына поэма кейіпкерлерінің жан тебіренісі көңіл-күйіне
байланысып отырады
"Күйші" поэмасы
Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және
көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ.
Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл
тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы
туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға
ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті,
екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.
Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті
сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір,
құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы
жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік
білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық
көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін
танытты. Поэманың басты кейіпкерін:
Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы
Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы
Қазақта қобызшының қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, -
деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған шабыттың екпіні
сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні
кеткен" шалыңыз кім десеңіз:

Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан
Боздатып "бозінгенді" күңіренткен.
Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған "Бозінген" күйінің
әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып қалғанын сол күй жайындағы поэмада
суреттелген аңыздан анық байқаймыз.
Міне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің
әйгілі "Күйші" поэмасын жазды. Поэма оқырманды салған жерден тау өзенінің
арынды ағысындай үйіріп әкетеді: оқиға Арқадан ауып Жетісуға келген хан
Кененің ордасынан басталады. Абылайдың арыстан жүректі немересін ардақ
тұтып, сыйлаған халық, Жетісудың ығайы мен сығайы оның құрметіне ту бие
сойып, той жасап, ерулік беріп, тарту-таралғы ұсынып, жік-жапар болуда.
Поэманың қаһарманы Сарыүйсін руынан шыкқан салт атты, сабау қамшылы бір
жігіт сондай той-думанның біріне тап болады. Бар жақыны - жар дегенде
жалғыз шешесі ғана. Ел оны күйші деп қана атайды. Ешкім есімін ауызға
алмайды, сірә білмейтін болса керек. Бірақ сол аты жоқ Сарыүйсініңіз осында
жиналған хан мен қараны тамсандыруда:
Аңқытып ақ орданың бір жағында
Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп,
Құмар қып тартқан күйдің ырғағына.
Оның күйін тыңдаған жұрт:
Жып-жым-жырт тыңдағандар тіл кескендей,
Құрыштап құлақтарын үн кескендей.
Сылдырап кейде қамыс, кейде бұлақ,
Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей.
Оның тартқан алуан түрлі: зарлы, ащы, тәтті күйлері тас бұлақтың
суындай лақылдатып, біресе жүректі шымырлатып, біресе көңіл шымшиды." Асан
Қайғы", "Теріс қақпай", "Сарыөзен", "Бозінген", "Қаражорға", "Қорамсақ"
күйлері Алатау, Алтай, Арқа, Қыр, Сырды шарлатып, Ұлы Дала аумағында өткен
ел тарихын елестетеді. Осыларды автор:
Анқылдап алтын күрек домбырадан
Құйып тұр жазғы жылы жаңбырдай боп, -деп суретті сөзге көшіреді.
Табиғат тып-тыныш бола қалды.
Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп,
Қамыстан жолбарыс та ыңыранды.
Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына,
Бұлт тыңдап, мінбей тұрды тау басына.
Мақұлық жерде, көкте маужырады.
Қараған бір жан болмай шаруасына.
Су ақпай, жатты толқып арнасында,
Қарғалар қалқып қалды жар басында.
Сүйсініп домбыраны тыңдады жұрт,
Тырп етпей тілеулес боп зарласынға.
Осылайша, адам түгіл, жан-жануар, өлі, тірі табиғатты манауратқан
Күйшіні ханның қарындасы - " Ақылы дария, алтын басты, әйелдің ақ сұңқары,
ханзадасы" Қарашаш — ағасынан басы бүтін сұрап алады. Бишара күйші не күйге
ұшырағанын аңғара алмай, ханшаның соңынан сүмірейіп кете барады. Құлағында
хан Кененің:
Үйсіннің ерулігі болар бізге,
Бергенім басы бүтін байлап басын, - деген мұздай сөзі.
Поэмаға өзек болған негізгі идея - қазақ халқының тоқсан тарау,
яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін
ашып көрсету. Бұл Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартыс,
адам сезімдерінің алапат шарпысуы арқылы беріледі.
Ә дегенде Қарашашқа тұтқын, құл болдым деп есеңгіреп қалған Күйші
біртіндеп есін жиып, үй ішінің көріністеріне көзін салады. Небір асыл дүние-
жиһазбен сәндеген ханша отауының гүл-гүл жайнаған ішкі жасауы Күйші сезімін
арбап, көңілін сергітеді. Алғашында айдаһардай әсер еткен ханша енді:
Қара қас, қылан қабақ, кер кұба қыз
Қарашаш, алмас сағақ, құралай көз.
Сырықтай ордадағы сымдай бойы,
Талшыбық қыпша белдің өзі нағыз.
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,
Ақ қоян, бозша, байтал, ақша нар қыз.
Қымыздай балға ашытқан тәтті қыз,-
болып көрінеді. Оңаша тыныш сәнді отауда осылай елестеген сұлу Қарашаш
Күйшінің жүрегінде ғашықтық отын жандырып, құштарлық сезімін лаулатады.
Осыдан кейін үйреншікті күй тілі кенет жаңа, сұрапыл, ыстық тасқын боп
бұрқайды. Оқырман жалынды жаңа саздың туу сәтінің куәгеріне айналады, өнер
психологиясын аңдайды [4, 82].
Күйшінің жан дүниесін баурап алған құштар сезімді бейнелейтін
жаңа шығарма тудырған шабыт құшағындағы кезі былай суреттеледі:
Саусақтар ойнап, орғып, қаздаң қағып,
Суырып ішек тілін, мұңын шағып.
Жүйріктің шын күйі келгенінде
Шығаннан шыға шаппай тұрсың нағып.
Асқақтап, кейде күйді көкке өрлетіп,
Алыстап, шырқап, сілтер, әрі кетіп,
Қайырып, қалықтатып, қайта оралтып,
Бірден-бір ақырын-ақырын төмендетіп.
Ызғытып, өлке өрлетіп, баяулатып,
Соқтырып кейде боран дауылдатып,
Көңілдің асқарынан тұманды айдап,
Артынан нөсерлетіп, жауындатып...
Күй ырғағын, әуен-сазын айнытпай бейнелеп, нөсерлеткен, тасқындай
үдей жөңкілген сөз түйдектері кім-кімді де тырп еткізбей, баурап алады.
Домбыра бебеулетті, безілдетті,
Кернетіп кең даланы кезіп кетті.
Біресе қашағанды қырда қуып,
Ән шырқап қоңыр түнде, қой күзетті, дейді тағы да.
Қазақ күйінің табиғатын қазақ болмысының көрінісі, қимыл-
әрекеттерімен мұншама дәл бейнелеу үшін солардын бәрін керемет сезімтал
жанмен білу және асқан талант қажет екені көрінеді. Сұлу қызға көңілі
кеткен күйші неше алуан сезім толқындарын, күшті психологиялық толқуларды
басынан кешіреді. Сондай сәттерде күйші жігіт біресе түлкі алатын құмай
тазы, аққуға түскен тұйғын құс тұрпатты періге де айналып, ханшаны
Алатаудың үстінен алып ұшып, жеті дариядан аман өтіп, алтын тауға апарып,
кұшып та жатады. Ал қиял қанаты талып, өзінің шын болмыстағы отырған жеріне
оралғанда: ханша - Қарашашты, қарашы Сарыүйсін - өзін көреді. Арадағы
тұңғиық - әлеуметтік теңсіздікті көреді.
Күй құдіреті Қарашашты да балқытып, құштарлық жалынына шарпытып, бір
сәт басқа дүниенің бәрін ұмыттырып жібереді.
Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен?
Күйшім боп өміріне жүрсін бе екен?
Сүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой?
Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен?
Бұл сорлы күйді неге үйренді екен?
Күй ата бұған дарып жүрген бе екен.
Қарашаш мұны қалап алдым десе,
Хан Кене намыстанбай, ти дер ме екен?
дейді бұл сәтте. Бірақ ол да өзі отырған үйдегі шын өмірге оралады.

Жоқ, болмас, ауырдым ба, жындандым ба,
Қараға хан затымды былғармын ба.
Бұл менің басыбайлы бір малайым
Тиюге енді маған құл қалды ма?!
Екеуі де ғашықтық құштар сезімнің құшағында өздерін- өздері
арпалысқа түсірген психологиялық тартыс желісін Сапақ оқиғасы үзіп
жібереді. Күйші мұның қайсысы - өң, қайсысы - түс екенін ажыратудан қалған.
Қарашаштың төсегіне барған мен шығармын, біткен жерім осы болар деп, өлі
мен тірінің арасында тұрғанда, Қарашаштың домбырашыға тап берген
қызметшісіне: "Қолыңды қоқаңдатпа' күйшіме!" - деген әмірін құлағы шалып,
жан шақырады.
Қарадан шыққан жігіт Сапақ бізді басынды деп, болған-болмағаны
белгісіз болымсыз бірдеңе үшін күллі елді қынадай қырып тастағалы отырған
ханшаға Кене "қой" демейді, бөлтірікке бөрі ырық береді, арыстан тісі
ақсиып , сырттан барлап отырады. Ақыры амалы құрыған, қалың жұртты босқа
қырғызғанша, жалғыз құрбандықпен құтылмақ болған үйсін пәлекеттен дулат
Сапақты Қарашаштың алдын алып келеді. Қарашаш ақырғы сәтте демін ішіне
алып, күйзеліп тұрған ел мен өлі-тірінің аралық халіндегі Сапақтың әкесі
Әлімкұлга қарап: "Қайтейін қылышымды қандап соған. Көбіңе қидым", - деп.
Сапақты жөніне жібереді. Осы оқиғаның бәрін бастан аяқ көзімен көріп,
Қарашаштың каһарына мініп, қан төкпек болғандағы айдаһар сықылды ұсқыны
күйшінің жан дүниесінде орасан өзгеріс жасайды: кұмарлық сезімін де, одан
от алған жүрек тербетер " жалын күйін де сөндіріп тастайды [6, 38].

Поэмада әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш,
бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет - өнер деген идеяны ақын тамаша
суреттер, поэтикалық көркем образдар арқылы терең толғап жеткізген, сонымен
қатар онда ондаған күйлердің әлеуметтік мәні, тарихи негіздері, эстетикалық
нысанасы ашылып, олардағы образдар, суреттер айқындалған. Соның бәрін
ақынның қалай біле бергені таңдандырады. Және әрбір күйдің өзіндік
сипаттарын ашық, бейнелеген кездегі басқа ешкім айтпаған, тек Ілияс қана
қолданған, тапқан теңеу, образдар қаншама. "Қоғадай салбырасып, хан,
қарасы, намазға ұйығандай отыр тыңдап", "домбыра айналаға, дүбір салды,
адақтап жалғыз шапқан жүйрік аттай", "батыр да, хан да, қыз да, қазаншы да
– бәрі бір домбыраға мінгескендей", "жыланнан сырға салған жолбарыс қыз",
"қалтырап, қырау тұрып жүрегіне", "ыңыранып белі кеткен жолбарыстай",
"толғантып тоқсан түрлі қыз көңілің, жүректің жазы шығып, жаңбыр төкті",
"Таратып тоқсан күйді жібердің деп" бір жақтан керең бір ой күңкіл қақты",
т.б. Ылғи осылай. Бұл теңдесі жоқ ғажайып поэмада: күй - өлеңге, өлең -
күйге айналады. Ілиястың өзі ақын - сазгер мен сазгер-ақын болып кетеді.
Күй мен өлең бір тілде сөйлейді. "Күйші" поэмасы - романтикалық сарында
шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған, қазақ әдебиетінде
теңдесі жоқ үздік туынды.

2 ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ЛИРИКАСЫ

2.1 Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің негізгі тақырыптары
Ақынның алғашқы өлеңдерінде қоғамдық, саяси теңсіздікті көрсету,
оқу-ағарту, біліиге шақыру, өнерге , еңбекке үндеу мәселелері жазылған.
(Арман, Көңілдің жүгірісі, Өзіме, Сәлемдеме, Замандасқа,
Талғамалар, Жаңылғаным т.б.).
Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің бір тобы – заман туғызған жырлар.
Жас жалшыға, Баспаханада қыр қазағы, Кедей тойы, Қойшы ойы,
Егінші өлеңдерінде теңдікке қолы жеткен еңбекші топтың бейнелері
жасалған. Ақынның саяси лирикасындағы Ұлы күнде, Май тойында,
Октябрь күні сияқты өлеңдерінде терме, мадақ жыр үлгісін, аллегориялық
(пернелілік) кейіптеу әдісін қолданған. Осындай құрылымы, жанры жағынан
(формалық, стильдік ерекшелік) туындылар қатарына Некешілдер, Ала
бие, Саудагер тамашасы, Ит-ай, Шошқа т.б. өлеңдерін қосуға болады.
Ілияс Жансүгіров – табиғатты өлеңмен кестелеген ақын. Жетісу
суреттері (1928) Жетісудің тау, тоғайын, өзен-көлін оқырманның көз алдына
әкеледі. Осы жерді мекен ететін аң-құс, өсетін шөптің сипатын беріп қоймай,
табиғатты ұлттық бояумен айрықша суреттейтін ақын оның бүкіл бейнесін ғана
емес, күш-қуатын, ерекше бітімін көрсетеді.
Жетісу суреттері: Жалпы сын, Тау суреттері, Жетісу суреті,
Жетісу жәндігі, Жер түгі деген тараулардан тұрады. Сондай-ақ, Жазғы
салымда (1922), Жазғытұрым, Жазғы шілде, Күз (1923), Қыс (1922),
Мүзгіл суреттері (1923) өлеңдерінде жыл мезгілінің көркем пейзажын
берсе, Желді күн (1924), Бұлақ бойында (1924), Көлге(1924), Ауылдың
алды (1926) өлеңдерінде адам мен табиғатты бірге егіздеу арқылы
суреттейді [1, 137].
Қаламгер өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшелігінің бірі –
ұлттық өнерді, салт-дәстүрді, тұрмысты сол қалпында бейнелі суреттеуі.
Сабын (1925), Ұршық (1927), Саптыаяқ (1925) өлеңдерінде ұлттық таным,
түсінік, мінез, өнер, эстетикалық талғам бар.
Өлеңдерінің ішінде Саясат қошқарлары, Коммуна, Гималай саяси
тақырыпқа жазылған. Саясат қошқарларында ірі капиталистік елдердегі
алауыздық айтылса, Коммунада Париж коммуналарын еске алады. Осы
өлеңдерінің арасында Гималайдың орны ерекше. Сұрау, Жауап
бөлімдерінен тұратын туындыда көкпен таласқан таудың күннен нұр ала алмай
отырған жайын сұрайды да, екінші бөлімінде отарлық езгіден күйзелген,
байлығы тоналған, өз бағы өзіне бұйырмай жатқан Шығыс елдерінің
трагедиялық бейнесі жасалады. Ақын бұдан құтылудың жолы саяси күрес деп
қорытады. Өлеңде тау, мұз, тұман, бұлт, қар, күн, өзен, жел т.б.
көркемсурет жасаушысы бейнелер ретінде қолданылған.
1920 жылға шейін ауылда жүріп жас жігітт жастық шаққа
лайық, балғын, ыстық лепті, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лирика
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығын таныту
Лирикалық шығармалардың түрлері және оның оқытудың мақсаттары
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Қазақ поэзиясының Құлагері
Ілияс Жансүгіров. Абай кітабы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Сәкен Сейфуллин (1894—1938)
Пәндер