Мәди Меркішұлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1МӘДИ МЕРКІШҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ҺӘМ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Мәди Меркішұлының өмірі мен шығармашылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2Ақын мұраларының топтастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2 АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ.ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ақынның саяси.әлеуметтік лирикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 М.Меркішұлының өлеңдерінің бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасыр басындағы әдебиет қоғамдық - саяси өзгерістерге байланысты пайда болған әдеби ағымдар мен сан түрлі көзқарастардан тұрады, әлі де аса ыждаһатты зерттеулер мен сол танымдарды, салыстыра талдауды қажет етеді. Біршама толық зерттелді деп жүргенімен, бұл кезең өкілдерінің шығармашылық қызметінің қыртысты қырлары әлі де бар. Соның бірі - қазақ әдебиеті тарихында осы күнге дейін сөз болмай келе жатқан- қажетгіліктен туған әдебиет.
Қажеттіліктен туған әдеби шығарма - қоғамның саяси өмірге ықпалын қалыптастыруға, тарихи шындық пен қоғамдық өзгерістерді үйлестіруге қызмет етеді. Әрбір күрделі оқиғадан кейін іле-шала жазылатын туындыларды осы бағытта топтасақ керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ұлттық әдеби мұраларымызды қайта сын көзінен өткізіп, рухани байлығымызды қалыптастыру үшін XX ғасыр басындағы ақындар мен жазбагерлер мұралары жаңаша көзқараспен қайта қаралып, дұрыс бағалануы қажеттіліктен туған өлшем. Әсіресе, қаймағы қалың казақтардың қонысы болған бұрынғы Түркістан өлкесіндегі ақындар мұраларын жинау, жариялау, зерттеу, оқу процесіне енгізу жұмыстары әлі де болса бір ізге түспей келеді. Бұл мәселеде қазақ әдебиеті тарихына қатысты атқарылар жұмыстар әлі де ауқымды болмақ. Қазіргі егемендік, тәуелсіздік тұрғысынан талдау жасап, рухани мұраларымызды екшеп алу бағытындағы атқарылып жатқан іс-әрекеттерді сараптай келе, "Қаратау -Қазығұрт етектері мен Сыр бойын мекендеген ел-жұрттың рухани қазынасын тексеріп талдауымыз соңғы жылдары ғана қолға алына бастады" деп жазғанды әдебиетші- ғалым Ә.Оспанұлы. Әрине, танылғанынан зерттелмегені көп, әлі де іздеуді һәм ізденуді, танытуды қажет етер әдеби мұраларымыз туралы жалпылама алғанның өзінде Ә.Оспанұлының айтып отырғанын түсінсек керек. Бұрынғы Түркістан өлкесі ақындары туралы Р.Бердібайдың Молда Мұса туралы монографиялық зерттеуін, Майлықожа, Мәделіқожа, Молда Мұса, Нұралы, Ергөбек ақындардың шығармаларын топтастыра қарастырып, талдау жасаған Ә.Оспанұлы еңбектерін де әдеби орта жылы қабылдағанды. Шәді ақын, Нұралы Нысанбайұлы шығармашылығы мен Молда Мұсаның ақындық қызметіне арналған, Сүйінбайдың, Жамбылдың ақындық жолын зерттеген диссертациялар қорғалды. Ал бірақ, күңгей ақындарының отарлық идеологияға байланысты туған шығармалары арнайы зерттелген емес. Отарлық танымнан өрбитін құлдық психология көріністерінің, халықтық салт-дәстүрді жымысқы саясатты саяси-әлеуметтік лирикада өндіре жырлауда да күңгей ақындарының әдебиеттегі орны бар десек керек.
1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., «Санат», 1995. 139-140, 9, 264, 352-360 66;
2.Мырзахметұлы М.Қазақ қалай орыставдырылды. А., 1993. 16-
17,65 6;
3.Меркішұлы М. Пірі едім жарлының. Ташкент. Езувчи, 2001;
(Кітапты баспаға дайындағавдар: ф.ғ.д., проф.
М.Мырзахметұлы, ф.ғ.к., С.Өмірзақов)
4. П.Меркішұлы М. Республикаға сый. Түркістан, «Мұра», 1995.
(Кітапты баспаға дайыңдаған- ф.ғ.к., проф. М.Мырзахметұлы)
5.Қоңыратбаев О.Т.Рысқүлов. Қоғамдық- саясы, мемлекетгік қызметі. - Алматы: Қазақстан, 1994. 3 б., 65 б., 90 б., 36 б., 137-138 бб;
6.Әуезов М.А, Қүнанбаев (монография). - Алматы. Санат, 1995.
76., 15 6;
7.Ислам энциклопедиясы. - Алматы: Қазақ Энциклопедиясы Бас редакциясы, 1997. 1116;
8.Ысмайылов Е. Ақындар. - Алматы. Ғылым, 1995.76 б;
9. Паноева А. Воспаминания, - Л., 1924. с.114;
10.Бөкейханов Ә. Шығармалары. - Алматы. Қазақстан, 1994. 8, 57,
11.Тынышпаев М. История казахского народа. - Ташкент. 1925. с.
12.Сильченко М. С. Творческая биография Абая. - Алматы. 1982;
13.Гродеков Н. Киргизы, кара киргизы. Спб. -Ташкент. 1889. 25-26
б., 13 6., 118 6.;
14.Әуезов М. Әр жылдар ойлары. -Алматы. 1959. 37 6;
15.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. - Алматы. Санат, 1994. 306,163 6, 73 6,74-76 6., 79 6.;
16.Жәнібеков Ә. Уақыт керуені. - Алматы. 1992. 36 б;
17. Қазақ совет энциклопедиясы. 12 том А. 1970 ж.
18. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық.8 том. Кеңес дәуірі (1941-1956).А., «Қазақпарат».2004.520 б.
19. 40-50 және 60 жылдардағы әдебиет. А., «Ғылым»,1998.-400 б.
20. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы.А., «Мектеп»,1971.-190б.
21. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том, 1 кітап. А., «Ғылым», 1967. -644 б.
22. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том, 2 кітап. А., «Ғылым», 1967. -664 б.
23. Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі. А.,1958. -512 б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1МӘДИ МЕРКІШҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ҺӘМ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Мәди Меркішұлының өмірі мен шығармашылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2Ақын мұраларының топтастырылуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2 АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ақынның саяси-әлеуметтік лирикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 М.Меркішұлының өлеңдерінің бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ
XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасыр басындағы әдебиет қоғамдық - саяси өзгерістерге байланысты пайда болған әдеби ағымдар мен сан түрлі көзқарастардан тұрады, әлі де аса ыждаһатты зерттеулер мен сол танымдарды, салыстыра талдауды қажет етеді. Біршама толық зерттелді деп жүргенімен, бұл кезең өкілдерінің шығармашылық қызметінің қыртысты қырлары әлі де бар. Соның бірі - қазақ әдебиеті тарихында осы күнге дейін сөз болмай келе жатқан- қажетгіліктен туған әдебиет.
Қажеттіліктен туған әдеби шығарма - қоғамның саяси өмірге ықпалын қалыптастыруға, тарихи шындық пен қоғамдық өзгерістерді үйлестіруге қызмет етеді. Әрбір күрделі оқиғадан кейін іле-шала жазылатын туындыларды осы бағытта топтасақ керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ұлттық әдеби мұраларымызды қайта сын көзінен өткізіп, рухани байлығымызды қалыптастыру үшін XX ғасыр басындағы ақындар мен жазбагерлер мұралары жаңаша көзқараспен қайта қаралып, дұрыс бағалануы қажеттіліктен туған өлшем. Әсіресе, қаймағы қалың казақтардың қонысы болған бұрынғы Түркістан өлкесіндегі ақындар мұраларын жинау, жариялау, зерттеу, оқу процесіне енгізу жұмыстары әлі де болса бір ізге түспей келеді. Бұл мәселеде қазақ әдебиеті тарихына қатысты атқарылар жұмыстар әлі де ауқымды болмақ. Қазіргі егемендік, тәуелсіздік тұрғысынан талдау жасап, рухани мұраларымызды екшеп алу бағытындағы атқарылып жатқан іс-әрекеттерді сараптай келе, "Қаратау -Қазығұрт етектері мен Сыр бойын мекендеген ел-жұрттың рухани қазынасын тексеріп талдауымыз соңғы жылдары ғана қолға алына бастады" деп жазғанды әдебиетші- ғалым Ә.Оспанұлы. Әрине, танылғанынан зерттелмегені көп, әлі де іздеуді һәм ізденуді, танытуды қажет етер әдеби мұраларымыз туралы жалпылама алғанның өзінде Ә.Оспанұлының айтып отырғанын түсінсек керек. Бұрынғы Түркістан өлкесі ақындары туралы Р.Бердібайдың Молда Мұса туралы монографиялық зерттеуін, Майлықожа, Мәделіқожа, Молда Мұса, Нұралы, Ергөбек ақындардың шығармаларын топтастыра қарастырып, талдау жасаған Ә.Оспанұлы еңбектерін де әдеби орта жылы қабылдағанды. Шәді ақын, Нұралы Нысанбайұлы шығармашылығы мен Молда Мұсаның ақындық қызметіне арналған, Сүйінбайдың, Жамбылдың ақындық жолын зерттеген диссертациялар қорғалды. Ал бірақ, күңгей ақындарының отарлық идеологияға байланысты туған шығармалары арнайы зерттелген емес. Отарлық танымнан өрбитін құлдық психология көріністерінің, халықтық салт-дәстүрді жымысқы саясатты саяси-әлеуметтік лирикада өндіре жырлауда да күңгей ақындарының әдебиеттегі орны бар десек керек. Жанкісі жыраудан бастау алар саяси-әлеуметтік лириканы тақырып өзегіне айналдырған Мәделіқожа, Сүйінбай, Майлықожа, молда Мұсалардың шығармашылық қызметін зерттеуге назар аударылғанымен, Ресей отарлауының саяси астарлы зардаптарын сынаған сыншылдық қуаты күшті өлеңдері болса да, кейбір ақындар идеология ықпалымен зерттеу объектісіне алынбады. Солардың бірегейі - әлі күнге танылмай келе жатқан молда Мәди Меркішұлының туындылары дер едік.
Қоғамдық жағдайды, тарихи уақиғаларды сын көзімен өткере білген әдебиет өкілдерін ғасыр басындағы аса өткір саяси-әлеуметтік жағдай туғызды. Қазақ даласын жаппай орыстандыру, ішкі рухани мұраларына қол сұға отырып ыдырату, қалыптасқан оқу- ағарту жұмысын бұзу арқылы мәңгүрттендіру, тарихи жадынан айыра отырып шоқындыру, ішкі этникалық қуатынан ажырату негізінде алауыздық отын өршіту, сол арқылы ұлттық қалпынан айыру, тоз - тозын шығару арқылы отарлау болған патшалық саясаттың салқшы, тіпті кешеге дейін созылғаны мәлім. Сондықтан өлеңдерінде кездесетін "орысты сынаған" пікірлері болғандықтан, исламиятты жақтаған, дінді тақырып өзегіне айналдырған ақындар мен сөз зергерлері мұралары архив көмбелеріне сүңгітілді. Бұл туралы Б. Кенжебаев: "Біз қазақтың бұрынғы ақын - жазушыларын саяси- идеялық қатесі жоқ ақын-жазушылар, саяси идеялық қатесі бар ақын- жазушылар деп жіктедік. Сөйтіп ешбір қате, кемшілігі жоқ деген ақын, жазушыларды алдық та, қате кемшілігі бар ақын, жазушыны "жылы жауып" қойдық дегенді.
Курстық жұмыстың мақсаты: М.Меркішұлы шығармашылығы туралы зерттеулердің әдебиеттану ғылымынан алар орны ерекше. М.Мерішұлы жайында әр алуан зерттеулерді саралай, салыстыра отырып М.Меркішұлының өзіндік қырларын танытуды алдымызға мақсат етіп қойдық. Осындай үлкен мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі бір міндеттерді жүзеге асыруды көздедік.
Курстық жұмыстың міндеті: М.Меркішұлы шығармаларының тарихи мәні маңызын, қазақ поэзиясынан алатын ролін айқындай түсу; сонымен қатар жалпы әдебиеттану ғылымындағы ақындық өнер мәселесінің зерттелуіне көңіл бөлу, зерттей түсу.
Курстық жұмыстың нысаны: ретінде М.Меркішұлы шығармалары біздің зерттеу обьектіміздің практикалық мән-маңызын одан әрі айқындап, бекіте түседі. М.Меркішұлының жалпы әдеби шығармашылығын жаңа көзқараспен оқытудың практикалық маңызы зор.
Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген

1 МӘДИ МЕРКІШҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ҺӘМ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

1.1 Мәди Меркішұлының өмірі мен шығармашылық қызметі
М.Мәкішұлының шығармашылық қызметіндегі идеялық бағыты мен әдеби қөзқарастарын сараптай келе, Абайдан кейін туып, Абай дәстүрінен үйрене жырлаған әдебиет өкілдері де білім алуды, тазалықты, адал еңбек пен рухани мұраларды қалыптастыруды, ағарту идеясын насихаттады. Соны сіңірді. Қалыптасқан дүниетанымы халықтың ауыз әдебиеті үлгілері мен Шығыстық ақылақтан нәр алғандықтан іш тазалығына аса мән берілді. Дін тақырыбында жазылған өлеңдері болса, оны Кеңестік жүйе халықтан алыстатып, оқырманнан аулақтатты. Көркем шығармалардың құндылығын адамзаттық мәселелерді көтеру жағынан емес, саяси тұрғыдан бағалап, партиялық өлшеммен кесіп - пішті.
Қажеттіліктен туған әдебиет өкілдері дер кезінде қоғамдағы өзгерістерді саяси-әлеуметтік өткір мәселелерге ден қоя жырлау принципін басшылыққа алғандықтан кешегі Кеңестік жүйеде олардан қалған мұра түгіл аттарын да атауға тыйым салынды.
Кезінде ел арасында атағы жайылып, патшалық өкімет құрылымы мен отарлау идеологиясына барынша қарсы тұрған, кешегі Кеңестік жүйенің ызғарынан әдебиет тарихының көлеңкелі тасасында қалып қойған ақындардың бірі- Мәди Меркішұлы немесе кітаби аты-жөні Камина молла Маһди ибн Меркіш Майлыкенти.
Мәди Меркішұлының аты Б.Кенжебаевтың, Т.Әлімқұловтың еңбектерінде сырттай айтылып келгенімен арнайы зерттелмеген. Тек ақынның тұңғыш кітабы "Тоһфейе жомһурейиәт" (Республикаға сый) табылғаннан кейін ғана оның әдеби мұрасына назар аударыла бастады. Осы күнге дейін ақынның әдебиетке қосқан үлесі әдебиетші- ғалым М.Мырзахметұлының еңбектерінде ғана қысқаша талданғанымен, тұтастай қарастырылып, әдебиетке қосқан үлесі, алар орны сарапталып, ғылыми тұрғыдан зерттелмеді.
Ақын талантын дер мезгілінде бағалау- оның шығармашалық қызметін тануда, танытуда айрықша орны бар. Ақындық мұраның ашылмай қалуы- көзі бітеліп қалған бұлақтың жоғалып кетуі секілді құбылыс десек, бұл тарлан таланттар шығармашылығы үшін де жат емес. Белгілі бір тарихи кезеңде жасаған шығармашылық өкілінің туындыларын іздеу, табу, таныту, талдау жасау- аталған ақынның өзі өмір сүрген кездегі қоғам шындығы тұрғысынан қарап, сол кезендегі тарихи оқиғалар мен дәуір белесіне, қоғамдық сана сатысына байланыстыра, салыстыра тексеруді, талдауды қажет ететіні мәлім.
М.Әуезовтің "ақындардың өмірбаянын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген заманның тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз" [6,15] деген пікірін негізге ала отырып, біз сөз еткелі отырған ақынның туған жерін, туып өскен ортасын, білім алған мектептері мен қоғамдық іс-әрекетін, шығармашылық жолының өсу тенденциясын тағы басқа өміріне қатысты мәселелердің барлығын дәуір ерекшелігімен қабыстыра қарау міндеті туындайды.
Молла Мәди Меркішұлы немесе кітаби аты-жөні Камина Молла Маһди ибн Меркіш Майлыкенти (ел ішінде Молда Медеу) дүниеге келген жер- бұрынғы Сырдария облысы, Черняев уезі, Майлыкент болысының нөмірі 13- ауылы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Түлкібас темір жол бекетінің тубіндегі "Көктерек" АҚ орналасқан Көктерек ауылы). Бұл мәліметті ақынның белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловқа шығарған арнау өлеңінен де кездестіреміз. "...Ауылымыздың нөмірі он үшінші, Өз атым молла Мәди Меркішұлы," [3,49] деп, анық сүйенер деректі қолға ұстатады.
Мәдидің әкесі Меркіш те, атасы Айқожа да әзілкеш, сөзге тапқыр, қу тілді адамдар болғанға ұқсайды. Мыңғырған малы болмаса да, өз шаңырағына жетерлік шағын дәулеті бар аталары Қоқандық езгінің тұсында әбден кедейленеді. Күн көру қамы Айқожа әулетін кірпіш соғу, ағаш ұсталығы, киім тігу, бағбандық секілді кәсіптерге үйретеді. Ақынның інілері де он саусағынан өнері тамған ұста, кәсіпті адамдар болған.
Мәди ақын дүниеге келгенде ата-баба салтымен азан шақырып, атын Мәді (арабща "Әл Маһди - "дұрыс жолға бастаушы", "Алланың жолымен алып жүруші", "Ақыреттің жақындап калғанын хабарлаушы") [7,111] деп қояды. Ескіше сауатты, замана ағымынан хабардар Меркіш Айқожаұлы ұлын отарлық тепкінің торынан құтқарушы, елін дұрыс жолға бастаушы болса екен деген үмітпен қоюы да мүмкін. Өсе келе қағылез, қолқанат баланы әрі тұңғышы болғандықтан әкесі медет тұтар медеуім деп еркелетіп, Медеу атандырады. Ел ішінде ақынды осы күнге дейін Молда Медеу Кейкіүлы деп те атайды. Жазушы, сыншы Т.Әлімқүлов та өзінің зерттеу еңбегінде ("Жұмбақ жан") ақынды молда Медеу деп көрсетеді.
Ат қоюға шебер қазақтың әйелдері ғой. Меркіштің де жеңгелері жас кезінде ақыннның әкесін Кейкі атандырған. Әрі қызық, әрі күлкілі тарихы бар. Ол былай: Меркіштің жас кезінде желкесіне үлкен жара шығып, кейіннен жазылғанда тыртық боп тартыла бітсе керек. Содан иегін көтеріп, жүргеніп корген жеңгелері әзілдеп Кейкі атандырған. Тіпті, қазіргі кезде Меркіштен қалған жалғыз түяқ - інісі Садыбайдың ұлы Жұпарбек отбасы әлі күнге Кейкиев болып жазылып келеді.
Меркіштен үш ұл қалған. Үлкені Мәди (1865-1924), екінші ұлы Медет (1870-1953), кіші ұлы Садыбай (1886-1968). Мәдиден ұрпақ қалмаған. Медеттің де жалғыз қызы Теңгеш 1960 жылы қайтыс болған. Садыбайдың Жұпарбек деген баласы бар. Меркіштің бірнеше жамағайындары, ағайын- туыстары болғанымен, өз кіндігінен тараған? ұлдары қазіргі күнде жоқ. Садыбай палуан, ер көңілді, жау түсіргіш батыл жігіт болса, Медет әзілкеш, "бармағынан бал тамған" атақты ұста, шежірешіл, өзінше бір қос білімді адам болған. Медет- Мәди шығармаларын таратушы, ағарту жолында, медресе ашуда ақынның жанынан табылған көмекші, ақын жанды адам болған. Інілерінен Мәдидің ерекшелігі ірі медреселерде білім алуы және ақындығы.
Ақынның кіндік қаны тамып, балалық дәурені өткен жер-қарлы Алатау сілемдерінің созыла түсіп, түйықтала бітер тұсы. Терістігі Даубаба тауына тіреледі. Жері аса құнарлы, суы мөлдір, шөбі шүйгін. Түлкібас бекетінің батыс жағында атақты Көктерек әулиенің күмбезі бар. Сол күмбездің жоғары жағында тауды тесіп бұлақ су қысы- жазы ағып жатады. Тау бөткейінде малға аса жұғымды көп өседі. Осы жерде ауыл балалары секілді Мәди де қой жайып, қозы қайырған. Бұл туралы ақынның өзі:
"Атамыз еді шаруа,
Баққызды қозы жетіде,"
дейді. Мәдидің ақындық, ғылым жолына түсуіне байланысты балалық кезінен бастау алатын, шындыққа бергісіз аңыз-әңгімер әлі де көп айтылады. Соның бірі мынадай: Көктерек әулие күмбезінің жоғарғы жағында терең бір жыра бар. Басқа ауыл балаларымен бірге Мәди де осында қозы баққан. Ауыл балаларының қозылары тауға өрмелеп бір орында тұрмаса, ал Мәдидің қозылары әлгі жырадан шықпай, айналма жасап жайылып жүреді. Әрі қойды болыпты. Бұған таңданған ауыл адамдары осының сырын білуге Иса деген кісіні жұмсапты. (Исаны сопылық жолында жүргендіктен ел ішінде Сопы деп атап кеткен. Тасболат деген жалғыз баласы ұлы Отан соғысынан оралмаған). Иса келсе, Мәди жыраның бір шетінде шалқасынан түсіп ұйықтап жатыпты. Ұйқыда болса да, құран оқып жатқан деседі. Иса көрген- білгенін жеткізіп, ел адамдары Меркіштен "Балаңа ілім қонды" деп сүйінші сұраған екен. Өзі де ескіше сауатты Меркіш ел ақсақалдарын жинап, мал сойып, батасын алған екен. Бұл шындық па, әдде халықтың ойынан туған аңыз ба- ол белгісіз. Десек те мұндай қасиет суырып салу дәстүрінен бастау алған ақындар шығармашылығының бәріне тән қасиет қой дейміз. Ақындар бойында кездесетін мұндай құбылысқа "Ақындар" монографиясында профессор Е.Ысмайылов та тоқталса, А.Кольцов туралы естелігінде А.Паноева да мынадай пікір айтады: "Ақындық- адамның жан дүниесіне байланысты құбылыс..., ұйқылы ояу, өң мен түс арасында ол өлең айтып ән салып жүреді. Осындай халде жүргенде ескі сенімдегі жасқа ақындық қону, ұялу, бата, жәрдем жайында сан-алуан жақсы түстер кездеседі.Соның озі ептеп демеу болады да, әрі бұған дейін жаттап үйренгені бар, әрі осы қиналып жүргенде ышғарғаны бар, ол енді өзін сенімді ақын санап, біртіндеп жырлап кетеді. Түсінде ақындыққа баулу, өлең шығарьш жүру- халық ақындары түгіл, белгілі жазба ақындардың өмірінде де болған [9, 114].Бұл- халық қиялынан туған аңыз десек те, бір нәрсе анық. Ол -Мәди бойындағы ақындық талант пен білімге құштарлықтың ерте қалыптасқандығы.
Мәди Меркішұлы туылғанда жарты ғасырдан астам уақыт Қоқандық езгіде тапталған күнгей қазақтары енді патшалы Ресей империясының отарлаудың үшінші - әскери отарлау (С.Асфендияров) кезеңін аяқтап, Жетісу мен ежелгі Сыр бойы түгелімен құлдықтың "қайыс қамытын" киген кезі болатын. Мұны "Тоһфейе жомһурейиәт" кітабында "Түркістан халқының ахуалаты" өлеңінде ақын жалаң сипаттамай, мұсылмандық тұтастық тұрғысынан жырлайды. Кіріспе іспетті, бар-жоғы үш шұмақтан тұратын өлеңінде:
"Уалият халқына мәшһур бұл Түркістан,
Болып өткен бу халыққа неше бір хан.
Кейінгі Құдияр хан заманында,
Көп болып ұрыс, жанжал, өлім, талан.
Айтылып жалпы өсиет етсе хабар,
Мұсылман мұсылманға берсе азар.
Үстіндегі патшалық дәулет кетіп,
Басқа дәулет үстіне қарар табар," [4, 3] дегенде, шолу тұрғысында айтылған ой бар.
Патша өкіметінің Түркістан өлкесін бірден тарпа бас салып, шекара бойына жағалай шеп құрып, қазақ отрядтарының тізбегін құрай, жаулап алуының өзіндік себебі бар еді. Өйткені Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс пен одан кейінгі Орта Азия хандықтарының қазақ жеріне енбекші болған әрекеттері қатты қобалжытқандықтан да ұлы даланы Сырдария бойымен шептік өскери қамалдармен бекітіп тастамақ болды.Бұл әдіс- қазақтың солтүстігі, батысы мен шығысында іске асырылып, тәжірибеден өткен отарлаудың жапырақ әдісі болатын.(М.Мырзахметұлы) 1847 жылы генерал Обручев Райым бекінісінің іргесін қалады. Арада бес жылға жетер- жетпес Қоқандықтар үстемдік етіп отырған Ақмешіт шабуылмен алынды да, Перовск форты болып өзгертілді. 1864 жылы орыс әскерлері қазақ ұлтының рухани ордасы- Түркістанды басып алды. Бір жыл өтер- өтпес Шымкент те, Әулиеата да, Ташкент те орыс империясының отарына айналды. Айналасы төрт-бес жылдың ішінде Орта Азия түгел Ресей бодандығына түсті. Мұның түпкі себебін Мәди Түркістан халқының ахуалаты өлеңінде үш шумақпен түйіндеп көрсетсе, Руссияның Түркістанды алғаны өлеңінде Ресейдің қазақ даласы мен Орта Азияны отарлауының түпкі негіздерін тарихи дәйектемелер келтіру арқылы суреттеп, Түркістан өлкесін бес облысқа бөлудің мақсатын, болыстық ел басқару жүйесін де ашық сынайды. Орта Азия мен Кавказ, қала берді Оңтүстік өлкесі тұрғындарына, әлеуметтік мәселелерде өзгеріс әкелген-ді. Ол өзгерістер алдымен қазақ ұлтын ішкі этникалық қуатынан айыруды көздеді. Мәди Меркішұлы бұл өзгерістерді көз алдынан өткізді. Патшалық өкімет қазақ даласын отарлағанда әріден ойластырылған саясатты іске асырып-ақ бақты. М.Сперанский "(Сібір қырғыздары туралы Уставты" жазғаннан кейін 1822 жылы Орта жүзде хандық билік жойылса, 1824 жылы іле-шала Кіші жүзде хандық жүйе күйретілді. 1865 жылы Түркістан облысы құрылып, Орынбор генерал- губернаторлығына бағындырылды. 1867-жылғы үшінші "Низам" ережесі бойынша Түркістан генерал Губернаторлығы құрылып, оның құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары кіргізілді әрі әскери министрлік құзырына берілді. Дала халқын біржолата бағындыруды көздеген патша әкімшілігі қазақтардың округтар бойынша бөлінуін асықпай жоя отырып, облысқа бөлу жуйесі арқылы тікелей басқаруға кешкен кез болатын.
Ел аузындағы дерек көздері бойынша Мәди Меркішұлының туылған кезі- 1868 жыл деп шамалайтын. Кейінгі іздестіру нәтижесінде ҚР ҰҒА сирек қолжазбалар қорынан табылған өлеңдер топтамасынан аса құнды деректер алынып, ақынның туылған жылын анықтайтын мәліметтерге қол жетіп отыр. Ақынның бұл топтама өлеңдерін 2001 жылы Ташкенттегі "Жазушы" баспасынан " Пірі едім жарлының" деген атпен 5,5 б.т. көлемінде жеке кітап етіп бастырып шығардық [3, 45]. Бұл кітапта ақынның өмір жолы туралы деректер ғана емес, атқарған қызметі, саяси-әлеуметтік тақырыптағы өлеңдерімен бірге қазақтың біртуар ұлы Т.Рысқүловқа арнауы, тұңғыш рет жарияланып отырған толғаулары мен экспромт өлеңдері де жарияланды. Ақын Өзім туралы" деген өлеңінде:
"Хандардың өңі солғанда,
Орыс келіп толғанда.
Тарих 1282 жыл болғанда,
Тудым кіріп анадан.
Болдым бір қазақ баладан,
Түркістан, Сыр басында,
Бала боп өстім далада.
Шымкенттің Майлыкентінде,
Күншығыс жақта шетінде"-
деп өзі туылған кезде жырға қосады.

1.2Ақын мұраларының топтастырылуы
XX ғасырдың бас кезі- қазақ ұлтының жаңа сапалық биіктерге қол жеткізген, қоғамдық ой- санадағы жаңыру, жаңару кезеңі. Қазақ халқының ояну дәуірі боп табылатын уақыт кезеңіне қозғау болған бірнеше алғы шарттар болды. Әдебиеттегі тақырыптық ерекшеліктерге сәйкес жанрлық түрлер де туа бастады. Оның бірнеше өзіндік себептері болды. Әуелі Қазақстанның Ресей империясының боданына айналғаннан кейін там- тұмдап болса да еуропалық мәдениет пен білімнің, азаттықты аңсаған идеялардың сәулелері келе бастады. Салыстырмалы талдаудан туған ой-кемістері түрлі пікірлердің, көзқарастардың тууына да алғышарт болды. Қазақтың күңгей аймағында яки бұрынғы Түркістан өлкесінде де қоғамдық- саяси, рухани сілкіністерге жол ашылды. Оңтүстік ақындарының діни наным- сенімдеріне, географиялық-мәдени ерекшелігіне байланысты әдебиетте де түрліше көзқарас қалыптасты. Алдымен Қоқандық, кейіннен Ресей отарлауьшың құрсауында тұншыққан халықтық пікір күші әдебиетте көрінді.
Атап көрсетер мәселе, Оңтүстік өлкесіндегі жасаған ақындардың барлығы дерлік Шығыстың әдеби мұраларынан нәр алғандықтан, XX ғасырдың басында сол мұраларға қайта үңілу, азаттық идеясын ту қылып көтерген әдеби шығармаларды жаңадан ой елегінен өткізу және пайдалану күн тәртібінде тұрды. Ерлікке, тұтастыққа шақырған мұраларды қайта көтеру, жаңарта жырлау етек алды. Екіншіден, қоғамдық пікір көшін жетелеуде саяси-әлеуметтік лирикада жырлау да соны ерекшелігі бар (қажеттіліктен туған) бағыт алды. Соның айқын мысалы- молда Мәди Меркішұлы шығармашылығы.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін тарих дөңгелегін кері айналдырып, қазақтың сауаттылық дәрежесі екі пайыз болған, сауатсыз да қараңғы, көш басшысы жоқ халықтың болашақ бағдары да жоқ деген түсінік етек алған- ды. Бүгінгі жаңа зерттеулер, жаңаша пайымдауларда кертартпа ойдың кесапатты сырлары ашылып, дұрыс баға берілуде. Кейінгі зертеулерде 1917 жылға дейін Ресейдегі сауаттылық дәрежесі 21% құраса, Түркістан өлкесінде 19,5% екендігі кейінгі тарихи зерттеулерде ашылып отыр.
XX ғасырдың басындағы мәдени- әлеуметтік дамудың тағы бір көрінісі - қазақша кітаптардың көптеп басылуы, ел арасында таралуы да рухани өрлеудің нақты көрінісі болды. Оның жарқын мысалын қазақ тіліндегі кітаптардың сапалық, сандық жағынан өсуінен де, ол туралы арнайы зертеулерден де мәлім. Мектеп ашу, кітап бастыру ісінің қарқынды дамуы алдымен Ресей отарлауына қарсылық бағытта болғандығын ескерсек, Түркістан өлкесінде де зиялы қауым өкілдерінің қаулап өсуіне, соны таным- түсініктің, ағартушылық көзқарастың қалыптасуына, діни-ағартушылық идеясының көтерілуіне де айтарлықтай ықпал еті. Қазақ зиялыларының ағартушылық - демократтық бағыттарының қалыптасуына Ресейдегі 1905- 1907 жылдары өткен төңкерістің зор ықпалы болғандығы сөзсіз. Жалпы қоғам дамуындағы алдыңғы қатарлы ой- сана баспасөзде көрінсе, зиялы қауым өкілдері өзінің қоғамдық ой- пікірлерін халыққа танытуға әрекет етті. Түрлі жанрдағы әдеби шығармалар, көсемсөз стиліндегі мақалалар халық көкейіне ой тастауға ұмтылды, көптеген сұрақтарға жауап іздеді. Соның бірі- ағартушылық бағыты еді. Мәди Меркішүлы да оқу-ағарту, тәуелсіздік, азаттыққа жету, тендік, еркіндік идеясы тақырыбына шығармаларын арнады. Жаңаша, жәдидше білім беруге атсалысты. Шығармашылық қызметінің дінгегі болған оқу-ағарту ісінің кедергілерін терең түсінген ақынның Ресей отарлауының отаршылдық идеялогиясы алдымен оқу ісіне, білім ошақтарын талқандауға бағытталғанын терең түсінді әрі осы тақырыпта шығармалар тудырды. "Бірінші, ілімге жол бермегенін" қадай айтып, ағарту ісін алдыңғы кезекте жырлауы- саяси мәселелерді терең түсінгендігінен дейміз. "Екінші, сайлау қылып аздыруға" негіз болған территориялық принципке негізделген болыстық сайлау жүйесіндегі ұлтты іштей ыдыратуға, этникалық қуатынан айыруға негізделген жымысқы саясатты да батыл сынай білді. "Үшінші, қазақ жерін алғандығын" жер отарлаудағы патшалық құрылымның небір қитүрқы, сатымсақ іс- әрекеттерінің кейбір қырлары, атап айтқанда, жерді сатып алу, жалға беру әдістерін қолдана отырып сулы, егістікке ыңғайлы жерлерді отарлау саясатын толыққанды ашып көрсеткен де Мәди Меркішұлы екендігін айтамыз. Бұл тақырып бұрын-соңды қазақ әдебиетінде айтылмай келгендігін ескерсек, ақынның саяси-әлеуметтік тақырыптағы қуаты оңай- ақ аңғарылады.

2 АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Ақынның саяси-әлеуметтік лирикасы
Іштен ыдырату тәсілін мықтап игерген Ресей отарлаушылары аумағы кең Түркістан өлкесін қазақ отрядтарының тізбектеле, шеп қүра орналасуын қамтамасыз ете отырып отарлап еді. Мұның себебін Түкістан өлкесінің алғашқы генерал-губернаторы К.фон Кауфман есебінде де атап көрсетіпті [12,140]. Саналы өмірі ағарту саласында көрінген, патшалық әкімшіліктің отарлық идеологиясынан терең хабардар ақынның "бірінші, ілімге жол бермегенін", "мұсылман ілімдерін термегенін", "мұсылманішіндегі данышпандар", "ілім үйрен десе оған ермегенін" қандай айтып, терең талдауының өзіндік себебі бар.
Империялық өкімет жер отарлаудың сенімді кілті-территориялық принципке негізделген "бөліп ал да, билей бер" тәсіліне негізделген басқару жүйесін іске асырады. Ұлтгық мүддені табанға отарлық бұғау шынжыры - ел билеу жүйесінде жатқанды. Ұлт тұтастығын іштен ыдыратып, этникалық қуатынан айырудың амалдарын іздеп баққан обыр өкімет сайлау жүйесін енгізді. Ұлт тұтастығын түрген болыстық сайлау, ел билеу жүйесін әлеуметтік астармен сынау "зар заман" ақындарынан басталса, Абайдан бастап, Абай үлгісінде жырлаған ақындар шығармашылығында өткір жырланып, анық реалистік сипатта көрінді. Мәселен, Асан Бермембекұлы жырлары, кейбір кітаби аталып жүрген ақындар шығармашылығы "Зар заман" ағымындағы ақындармен үйлессе, М.Байзақұлы, М.Меркішұлы өлеңдері Абай үрдісімен жалғасып жатады. Молда Мұса "Сайлау деген елге бір бүлік болды" өлеңінде қазақ қауымына қатты қырсық боп жабысқан сайлаудың залалды жақтарын ашып көрсетіп, атадан баланы, ағадан ініні бездірген, алауыздықты өршіткен сайлау зардаптарын дұрыс түсінеді, реалистік тұрғыдан жырға қосады.
"Сайлау деген елге бір бүлік болды,
Параланып әкімдер пұлға толды.
...Сайлау елді бүлдірді бүлік етіп,
Атадан- бала, ағадан- іні кетіп"- деп, ел ынтымағын ыдыратқан, адамгершілік қадір-қасиетгі бұзған бүлік басы- сайлауды құстаналайды. Ал Мәди Меркішұлы көп сатылы сайлаудың саяси-әлеуметтік астарлы сырларына қарсы батыл үн көтереді.
"Және бір сайлау деген шығарып заң,
Түркістанның еліне салды ылаң.
Жұлын тастап, ит таластырғандай қып,
Жүргенге қалушы еді, ақылымыз таң"- деп, қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне енген кеселді дертті дер кезінде білді.
Кең даланы кеулеп бара жатқан берекесіздікті, рулық тартыс пен алауыздықты өршіткен сайлау науқаны билік үшін тартысқа, дауға түсер таласқа айналғанын, сайлау кесапатының бар болмысын ашып көрсете білді.
"Сайлау деген болды заң,
Үш жылда қып бір жол шаң.
Өзді өзіне ала қып,
Мұсылманға салды ылаң.
Залымға сайлау бақ болды,
Бұзыққа- бұзық жақ болды.
Жарлы, мұңлы бейшара,
Өртеніп жанып дақ болды
Сайлау келсе пұл шашты,
Малы көбі мал шапты.
Бола алмаса амалдар,
Ұрыны жинап жұмсасты"-
деп, отаршыл өкімет пен сатымсақ амалдарлардың екі жақты езгісінде тапталған халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұндайды, осы жолдағы өзінің ақындық Темірқазығы- әділет туының бағытын айқын көрсетіп те отырады.
XX ғасыр басында сайлау науқанының асқынғаны сондай, билікке бекіту- тартысқа, тартыс- додаға айналып кете барды. Патшалық өкімет сайлау додасын бүркемелемей, ашықтан ашық жүргізіп отырды. Олар Түркістанның жергілікті халқының табиғи өмір салтымен, дәстүрлі мәдениетімен есептеспей, тек отарлық қанаудың объектісі ретінде ғана қарап, оларды шоқындыруға, тілінен және ұлттық санасы мен тарихи жадынан айыруға, мәңгірттендіруге жанын салды. Миссионерлер Остроумов, Лютш, Лыкошиндер Түркістандықтарды шоқындырьш, орыстандыруға бар ғұмырын сарп етті. Келімсектерді жергілікті ұлттан жоғары қойып, "мұсылман христианнан үйрену керек" деген астамшыл пиғылмен ұлттық өшпенділікті қоздырып отырды. Әкімшіліктің биік тұғырында тек орыстар отырды. Жергілікті халық өкілдерінің жеткен биігі болыстық, старшындық, қазылық болды. Бұл әкімшілікбуындарының бар сатысында парақорлық пен алдауарбаудың, қызмет бабын жеке бас қамына пайдалану секілді жағымсыз, әлеуметтік дерттің асқынуына әкеп тіреп еді. Асқынған дертті Мәди :
"Туралық жол байланды,
Теріске заман айланды.
Мейлі қазы, мейлі би,
Параменен сайланды.
Аямай шашып теңгені,
Білді қойдай белгені.
Амалдар болмағандары,
Тірідей-ақ өлгені.
Арасында материалдық жағынан тәуелсіз адамдар өте аз, мұнын, өзі оларды, бір жағынан күшті және бай қырғыздардың, ықпалына түсіреді, ал екінші жағынан қырдағы құдіреті күшті болыс басқарушысының қолына матап береді".
Отар елге айналған ұлттағы тартыс- халықты азғырар, елдікке тұсау салар, шешілмес шідер. Елдің елдігі, құты, ынтымағы кетті, рулық өшпенділік оты қозды. Халықтың халі нашарлады. Билік-байлық көзіне айналды. Ұлттық іштей ұшырауы басталды. Қараңғы "көп шуылдақ"(Абай) отаршылдық шырмауында ширатылды. Тұтас, ірі болыстық емес, бес жүз үйден асқан ауьш дербес болысқа айналып шыға келді. Жеміт өкіметтің алыстан көздегені да сол. Осы отаршылдық психология көрінісін ақын былайша суреттепкөрсетеді:
"Майлы тон, кертік жаға, сасық ырыс,
Тапқан мал борсық қүсап қылмай дыбыс.
Болыс болып, би больш шыға келді,
Қолынан келмесе де жақсы бір іс." [4,7]
Болыстық жүйенің қыртыс қатпарлары сайлау кезінде дағдыға айналғандығын академик М.С.Сильченко Абайдың сатирасы туралы пікірінде былай суреттеген еді. "Абайдың суреггеуінде болыс царизмнің сощы қолшоқпары ...байлардың қолындағы ойыншығы... Ол бір мезгілде әрі бейшара, әрі мазақ... өз роліне неғүрлыменген сайын оның ойыны да солғұрлым күлкілі, ақыры соншама қайғылы бола береді" [15,99] деп көрсетсе, бұл дерт XX ғасырдың басында онан әрі өрісін жайды. Ел тұтастығынын, көбесі сөгілді, рулық түйсік болыстық танымнан аспады. Мұның түпкі сырын отарлаушы үкімет тұтқасы-шенеуніктердің еңбектерінен табамыз. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болған Н.Гродеков жоғарыда аталған еңбегінде: "1867 жылдың Заңы- қазақ руларын ыдыратып, әлсірету мақсатымен көшпенді халықты болыс-болысқа, ауыл-ауылға бөлуді өте қажет деп қарады. Өйткені көптеген қазақ руларын тұтастырып, бір үлкен ру басына билету саяси жағынан барынша зиянды нәрсе деп табылды. Осы мақсат негізінде 1867 жылы болыстар құрылып, оларды мүмкіндігінше әр түрлі рулармен мидай араластырып жіберу көзделді. Көшпенділерге бір болыстан екінші болысқа ауыса беруге ерік берілуі қазақтардың рулық негізін әлсіретуді көздеп отырған үкімет мақсатының іске асуына толық мүмкіндік берді"[13,13] деп, "бөліп ал да, билей бер" деген империялық саясаттың негізгі мақсатын ашып беріп отыр. Тіпті, территориялық принципке негізделген "Жаңа Низам" Ережесінің Мәди Меркішұлы өмір сүрген Майлыкент болысында қалай іске асырғандарына нақты мысал да келтіріпті. Майлыкент болысында шымыр руын ыдыратьш, болыстық тартысты қоздыру үшін болыстық құрамына әр түрлі руларды (Қули, Шілмембет, Қаңлы, Жаныс, Шанышқылы, Ботпай, Сәлік т.б. ) кіріктіріп араластырып жібергенін ашық жазады. Ал Қарамұрт болысында рулардың құрамын мейлінше көбейтіп жібергенін, атап айтқанда шапырашты, албан, арғын, қанды, ысты, ботпай, ошақты, қарақырғыз, сіргелі т.б. ұсақ руларды кіргізгенін жазады, яғни болыс құрамында ұсақ рулар неғұрлым көбейген сайын алауыздықтық оты өршіп, партиягершілік таластың аса қызу жүретіндігі белгілі. XX ғасырдың бас кезінде болыстық жүйенің билігіне май құюдың бір ғана қырын Н.Гродеков еңбегінен келтіріп отырмыз. Болыстық дау-дамайдан кейін өрши түсетін барымташылық, ұрлық-қарлық, кек қайтару, домалақ арыз жазу т.б. жағымсыз іс-әрекеттердің қанат жаюы- халықтың әлеуметтік тұрмысының мейлінше нашарлап, туралауына, мінез-құлықтағы жағымсыз психологиялық өзгерістерге алып келіп еді. 1905- 1907 жылдары өткен Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық төқкерісінен кейін руханият саласында қуатты сілкініс алған қазақтың алдынғы қатарлы зиялыларын аталған жәйт қабағат қатты ойландырған мәселе болды. Мұның жиынтық үлгісін Мәди Меркішұлы:
" Тынымсыз қып шаһар, дала, дария, шөлді,
Берекесін кетіріп елді бөлді..."- [4,6] деп, тайға таңба басқандай етіп көрсетіп те берді.
Сыннан өткен әккі саясат орындалды. Сайлау науқаны әдейі арандату, алдап соғу мақсатын көздеді. Осыдан барып парақорлық, жағымпаздық етек жайды. Отарлық жүйе сатқындық пен екіжүзділік, арызқойлық секілді жағымсыз қасиеттердің қолтығына су бүркіп отырды. Бай адамдар болыс басқарушысы болуға ұмтылып "сыйлық беру, сатып алу жолымен өзін жақтаушылар партиясын жинап алды, олардың кейбіреулерінің бұған жұмсайтын шығыны кейде он бес мың сомға дейін жетті"[55,421]. Бұл туралы М.Әуезов "...болыстық, старшындық билік үшін ел кырқысса, соны патшалық ұлықтары әдейі қоздыра түсетін" [56,37] дейді. Осыдан кейін-ақ партиягершілік қазаны қайнай берді. Тасу мен төплу әлеуметтік қайшылыққа әкелетінін, сайлау төркіні қайдабарып тірелерін білген зиялы қауым жарғақ құлағы жастыққатимей әрекет етті. Бұл дерт тек қазақ ұлтына ғана емес, бүкіл түркімұсылмандарының ұлтгық негізіне бағытталған шабуыл екендігін терең пайымдаған, "түркілік тұтастық" идеясын батыл көтерген ақын мұсылмандар атынан үн қатып, сайлау жүйесінің түпкі сырынәшкерелейді.
"Таластырды сайлауда,
Мұсылманды шайнауға"- [3,27] деп, партиягершілік таласының мақсатын:
"Білім білсе мұсылман,
Жүрмейді деп айдауға"- [3,27] екендігін тап басып, көрсетіп, батыл қарсылық та білдірсе, "Тоһфейе жомһурейиәт" (Республикаға сый) кітабында сор боп жабысқан сайлау кесепатын шарықтау шегіне жеткізе жырға қосты.
"Мұсылмандар адасып жүрер жолын,
Сайлауға қойды дайым зейін, қолын.
Адвокат, залымдарға пара беріп,
Әр итке сарып қылды тапқан пұлын." [4,6].
Сайлау науқаны біткен соң, кеткен шығынның орнын толтыру керек. Оның кілті алым-салықты көбейту. Отаршыл өкімет түтін салығын көбейтсе, амалдарлар қазақ кедейін кіріптарлыққа түсіріп отырды. Екі жақты езгіге түскен халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс-күйі де ақын қаламынан сырт қалмай, жыр өзегіне айналып отырды. "Россияның Түркістанды алғаны" атты ұзақ өлеңінде бұл мәселе ашыла жырланды. Патшалық екімет елден жияр салық түрін тырп еткізбей, заң күшімен бекітіп те отыруды ұмытпады. Мәселен, 1844 жылғы "Ереже" бойынша әр түтіннен 1 сом 50 тиын салық алынса, 1891 жылғы "Далалық Ереже" бойынша салық 4 сомға жетті[9,242]. Империялық жүйе қазақтың өз қолымен от көсеп, экономикалық қыспақ, саяси дағдарысқа әкеп тіреп еді. Көсеу биліктің аяр саясатын, сайлау жүйесінің түп-төркінін көп ақындар аңғара алмай калуы заңды да еді. "Пәле басы болыс" деген түсінік шеңберінен шыға алмай, болыстарды сынаумен шектелді, бұл жүйенің қайнар көздерін таратып, талдап бере алмай қалды. Мәди Меркішұлы шығармашылығының бір қыры - сайлау жүйесінің түп негізін, осыдан туындап отырған саяси-әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсінеді. "Сөздің ерес сарасы өлеңінде: "Сөздің ерес сарасы, Романовтың баласы,
Мұсылман бейшараларға,
Қулықтарын қарашы.
Туралық жол байланды,
Теріскезаман айналды.
Мейлі қазы, мейлі би,
Параменен сайланды-
Бұзықтығы аз емес,
Туральққа саз емес.
Пұл шайылған амалдар,
Әділ би емес, қазы емес. ...
Әр үш жылда ескі орыс,
Сайлапқазы, би, болыс. ...
Аямай шашып тенгені,
Елді қайдай бөлгені"-
деп 1867 жылғы үшішіі "Низамның" бар мазмұнын ашып көрсетіп, "Пірі едім жолының" деген атпен басылған екінші топтама өлеңдер жинағында да кайта айналып соғып, сын семсеріне алатыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың ақындық кітапханасы
Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер
Ислам сопылығы және оның қайнар көздері
Қарқаралының марқасқасы –Мәди
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ MARINO MADI БРЕНДІНДЕГІ БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Туристік кәсіпорындардың маркетингтік жарнама негіздері
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
ДІНИ ДАСТАНДАР ТАҒЛЫМЫ
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Пәндер