Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы саясаты



Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасы және сыртқы
саясаты.

Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда
Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген
Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында
біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян
Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен
жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы
декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі
елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік
қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық
қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар
қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға
еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің
көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық
ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың
қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып
қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным
тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің
мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен
сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі
бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған
кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы
осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7
Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың
дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді.
Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында ұлттық
экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету, инвестициялар тарту, елдің
экспортын ұлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды
дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса қазір де аталған
бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгі күннің талаптарына
сай халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға әлемдегі экономикалық қатынастарды
жетілдіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге
үлес қосу басты мақсат болып табылады.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы
он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы бағыты да,
географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді
бізбен ынтымақтасуға ынталастырады.
Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-
қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері
мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының шет
елдерде 47 елшілігі мен миссиялары және консулдық өкілдіктері тіркелген.
Еліміз мүше болып кіретін халықаралық ұйымдардың саны – 68.
Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді Қауіпсіздік белдеуін
жасай алады.
Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бұл жөнінде
елеулі ілгерілеу бар. 1998ж. Шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойылған 11
ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация екі
ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий
теңізінің құқықтық проблемасы шешілді. Келісім хаттамасына 2002-2003
жылдары қол қойылды. Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастық 10
жылға арналған шарт жасалды, қаржы мәселелерін реттеу туралы ірі келісімге
қол қойылды.
Біз үшін бірінші дәрежелі маңызы бар келісім, дүние жүзілік ірі
проблемалардың бірі-Каспий теңізінің мәртебесін айқындау. Ел президенті
алғашқы кезден бастап принципті бағыт ұстады, өз айқындамамызды қорғап
қалды. Қазір ол айқындама Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-
жігін белгілеу жөнінде Ресеймен ортақ желі принципі бойынша жасалған
келісімнен өз көрінісін тауып отыр.
Осы келісімнің іске аса бастауы үшін Сыртқы істер министрлігі белсенді
түрде жұмыс істеді. Каспий теңізінің түбіндегі ұлттық секторлар
координаттарын айқындайтын хаттаманы қысқа мерзім ішінде даярлады. Сыртқы
істер министрлігі Каспий теңізінің заңдық мәребесі жөніндегі екіжақты және
көпжақты келіссөздерді жалғастырып келеді. Каспий проблематикасының
Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне тікелей қатысты мейлінше күшті екенін
ұдайы есте сақтауда.
Қазақстан 1997 ж. Маусым айында Мәскеуде қол қойылған тәжіқаралық
бейбіт келісімдердің кепілі ретінде Тәжікстанда берік азаматтық татулық
орнатуды ұдайы жақтап келеді. Бұл бүкіл Тәжікстан аумағына бақылау орнатуды
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия елдері ТМД-ның
оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстеризмге, халықаралық терроризмге,
ұиымдасқан қылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару - жарақ
контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл
жүгізілуге тиіс деп есептейміз.
Қазір елеулі іркілістерсіз жұмыс істей бастаған Орталық Азия
экономикалық қоғамдастығының түпкілікті қалыптасқаны қуантарлық жәйт.
Мемлекетаралық интиграция қазіргі аймақтық дамудың басты бағыты болып
табылады. Батыс Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік-Шығыс
Азияда орталық экономикалық және геосаяси мүдделер байланыстырып отырған
қуатты блоктар мен аймақтық бірлестіктер жұмыс істейді. Осыдан
ынтымақтастықтан бас тартудың ешқандай мәнісі жоқ. Орталық Азиядағы және
тұтастай алғанда ТМД-дағы серіктестіктерімізбен бірге Қазақстанда да
осындай бағыттарды өмірге енгізбекші.
Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің көпшілігі әлемдік энергия көздері
рыногындағы ынтымақтастыққа, сауда, көлік және коммуникация салаларынан
өзара тиімді түрде дамытуға объективті тұрғыдан бейімділік танытып отыр.
Ұлы Жібек жолын қайта түрлетуге де көптеген мемлекет мүдделік білдіруде.
1996ж. қол қойылған Беларус, Қазақстан, Қырғыстан және Ресей елдері
арасындағы экономикалық және гуманитарлық интеграцияны тереңдету мәселесі
туралы шарт 28 баптан тұрады. Мемлекеттердің өз халықтарының игілігі үшін
ерікті түрде кірігу процесі осы құжаттың негізгі арқауы болып отыр.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы 1992ж. 3-ші қаңтарынан, яғни
дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бастап оң бағытта және ырғақты
дамып келеді. Он жылға созылған екі жақты байланыстар көрсеткішінің
қорытындысы іспетті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2002ж. 23-ші желтоқсанындағы
ҚХР-ға мемлекеттік сапары барысында 1993-1999 жылдардағы біріккен
декларациялар негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы Тату көршілік,
достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Қазақстан Ақтөбе облысында мұнай мен газ өндірісін арттыруға қол
жеткізген Қытай ұлттық мұнай-газ коорпорациясының қызметін жоғары
бағалайды. Аталған коорпорация Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын іске қосуда да
белсенділік танытты. Қытайлық әріптестер инвистициялық міндеттемелерін
орындап қана қоймай, түскен табысты өндіріске қайта салып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі
Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Қазақстанның саясаты
1980 ж. Соңындаңы КСРО дамуындағы жаңа реформалар
Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Ұлттық банк және оның мақсаты
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Пәндер