С.Садуақасұлы шығармашылығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 С.САДУАҚАСҰЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 С.Садуақасовтың өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 С.Садуақасов әдебиет сыншысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 С.САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ ЖАЗУШЫЛЫҚ ҚОЛТАҢБАСЫ ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 «Сәрсенбек» романының көркемдік ерешелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 «Сәрсенбек» романында суреттелген қоғамдық.әлеуметтік жағдай ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Зерттеу жұмысында қазақ прозасындағы С.Садуақасовтың прозалық шығармаларының ерекшеліктері, жазушының суреткерлік шеберлігі, прозалық шығармаларының тақырыбы мен авторлық идеясы қарастырылады. Курстық жұмыста С.Садуақасовтың шығармашылық өмірбаяны, шеберлігі, ақынның заман рухына сай болмыс-бітімі, шығармаларының көркемдік ерекшеліктері, стильдік ізденістері қарастырылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: С.Садуақасовтың шығармашылығындағы шеберлік мәселесін, прозалық шығармаларының ерекшеліктерін, тақырыбы мен идеясын қарастыру жұмыстың өзектілігі болып табылады. С.Садуақасов – өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан суреткер. Проза жанрындағы шеберлігін жүйелі түрде жан-жақты қарастыру, зерттеп-зерделеу, С.Садуақасовтың шығармаларының көркемдік ерекшелігін таным елегінен өткізу өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: С.Садуақасовтың өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру. С.Садуақасов прозасының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Прозасын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық көркемдегіш тілінің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, шолу жасау.
Курстық жұмыстың міндеті: С.Садуақасовтың қазақ әдебиетінің дара тұлғасы екендігін дәлелдеу; С.Садуақасовтың шығармашылық өмірбаянын анықтау; С.Садуақасовтың прозалық шығармаларына талдау жасау; «Сәрсенбек» романындағы тарихи шындық және көркемдік шешім арақатынасын білу; Жазушының суреткерлік қолтаңбасын анықтау; прозасындағы кейіпкер даралығы және көркемдік шешім мәселесін білу; С.Садуақасов прозалық шығармаларының көркемдік ерекшелігін білу.
Ізденіс барысында теориялық талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау, салыстырмалы талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нысаны: С.Садуақасовтың «Сәрсенбек» романының қазақ әдебиетіндегі алар орны мен көркемдік ерекшелігі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысы кіріспе, негізгі екі тарау мен қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Садуақасұлы С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том. Алматы, 2003ж
2. Бердiбаев Р. Тарихи роман. Алматы, 1997.
3. Жұртбай Т.«Талқы» 1997 ж. «Жер талқысы» 10 бет.
4. Ахметов Қ. «Қазақ мәдениетінің қилы тағдыры» 2002 ж, 15 бет.
5. Сұлтанов Қ. //Егемен Қазақстан, 4 қазан, 2002 жыл.
6. Нұржекеұлы Б. Ағалықтан даналыққа барар жолда. // Халық кеңесі, 8 қыркүйек, 1992 жыл.
7. Ахметов З. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, Ана тілі, 1998.
8. Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. – Алматы: Санат, 2000-240 бет.
9. Тоқбергенов Т. Қос қағыс. Алматы, Жазушы, 1981.
10. Ергөбек Қ. Жазушы шеберханасы. Алматы: ҚАЗақпарат, 2002
11. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы – Алматы: 2002
12. Қирабаев С. Сирек кездесетін қалам еңбекшісі. // Қазақ әдебиеті. – 2010, 16 сәуір, 1-7б.
13. Оспан Бердалы. Сұлу сөздің сардары. // Оңтүстік Қазақстан. – 2010, 24
сәуір №59, 13б.
14. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. А., Жазушы, 1993. 250-бет.
15. Бердібай Р. Тарихи роман. А., Санат, 1997.386-бет.
16. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., Санат, 1996. 286-бет.
17. Піралиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. А., 2003, -132-бет.
18. Жарылқапов Ж. 70-80 жылдар қазақ прозасындағы адам концепциясы. Ф.ғ.к., дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. А., 2000.356-бет.
19. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Әдеби сын. А., Жазушы, 1977. –300 б
20. Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. А., 1986. 345-бет.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
С.Садуақасұлы шығармашылығы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 С.САДУАҚАСҰЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 С.Садуақасовтың өмірі мен
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 6
1.2 С.Садуақасов әдебиет
сыншысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0
2 С.САДУАҚАСҰЛЫНЫҢ ЖАЗУШЫЛЫҚ ҚОЛТАҢБАСЫ ... ... ... ... ... ... . ...18
2.1 Сәрсенбек романының көркемдік
ерешелігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...18
2.2 Сәрсенбек романында суреттелген қоғамдық-әлеуметтік
жағдай ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысында қазақ прозасындағы С.Садуақасовтың прозалық
шығармаларының ерекшеліктері, жазушының суреткерлік шеберлігі, прозалық
шығармаларының тақырыбы мен авторлық идеясы қарастырылады. Курстық жұмыста
С.Садуақасовтың шығармашылық өмірбаяны, шеберлігі, ақынның заман рухына
сай болмыс-бітімі, шығармаларының көркемдік ерекшеліктері, стильдік
ізденістері қарастырылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: С.Садуақасовтың шығармашылығындағы
шеберлік мәселесін, прозалық шығармаларының ерекшеліктерін, тақырыбы мен
идеясын қарастыру жұмыстың өзектілігі болып табылады. С.Садуақасов –
өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан суреткер. Проза жанрындағы шеберлігін
жүйелі түрде жан-жақты қарастыру, зерттеп-зерделеу, С.Садуақасовтың
шығармаларының көркемдік ерекшелігін таным елегінен өткізу өзекті
мәселелерінің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: С.Садуақасовтың өмірі мен шығармашылығына
жалпы сипат беру. С.Садуақасов прозасының ерекшеліктеріне тоқталып,
тақырыпты толық ашу. Прозасын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық
көркемдегіш тілінің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық,
адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа,
әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді
сынап, шолу жасау. 
Курстық жұмыстың міндеті: С.Садуақасовтың қазақ әдебиетінің дара тұлғасы
екендігін дәлелдеу; С.Садуақасовтың шығармашылық өмірбаянын анықтау;
С.Садуақасовтың прозалық шығармаларына талдау жасау; Сәрсенбек
романындағы тарихи шындық және көркемдік шешім арақатынасын білу;
Жазушының суреткерлік қолтаңбасын анықтау; прозасындағы кейіпкер даралығы
және көркемдік шешім мәселесін білу; С.Садуақасов прозалық шығармаларының
көркемдік ерекшелігін білу.
Ізденіс барысында теориялық талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау,
салыстырмалы талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нысаны: С.Садуақасовтың Сәрсенбек романының қазақ
әдебиетіндегі алар орны мен көркемдік ерекшелігі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысы кіріспе, негізгі екі тарау мен
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 С.САДУАҚАСҰЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫСЫ

1.1 С.Садуақасовтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеттану ғылымы кеңестік билік тұсында өз нысанасын
негізінен саяси идеология өлшемімен қарады. Кез келген мұра таптық қалыпқа
салынып, социалистік мұраттарға қатысы барлығы, әлде жоқтығы жағынан
қарастырылады. Сөйтіп, әдебиетімізде ақтаңдақтар кеңістігі ұлғая берді.
Білім-ілім тұрғысынан келгенде бұл қазақ ғылымының әлем мойындайтын іргелі
ғылым болуына бөгет жасады. Алайда осылай, әділетсіздіктің даңғыл жолмен
кете бермесі ақиқат еді.
Рухани өмірімізде ақиқат, шындық, иман түпкілікті әділқазы болып
орныққан соңғы жылдардың ішінде жүріп өткен жолымыз ақыл таразысына
салынды. Коммунистік партияның билігі тұсындағы бар олқылық-кемшілігіміз,
қателігіміз кеңінен сөз етіле бастады. Әдебиет пен мәдениет тарихынан
әдейілеп аты өшірілген Ә.Бөкейхан, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш,
А.Байтұрсынұлы, М.Шоқай, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы,
Х.Досмұхамедұлы, С.Қожанұлы, Қ.Кемеңгерұлы сынды ұлт қайраткерлерінің есімі
қайта аталынып, олардың шығармашылығы ғылым нысанасына ілінді.
Кеңестік ресми тарих елемей келген, аты сөз етіле қалса, бірыңғай
мансұқталған алаш арыстарының бірі – ірі саясат қайраткері, әдебиетші,
көсемсөзші Смағұл Сәдуақасұлы. 1900 жылы туып, 1933 жылы қыршынынан қиылған
оның қайраткерлік еңбегі, шығармашылығы кеңес дәуірінде қалыптасқан таным
кесірінен арнайы зерттелінген емес.
Қайраткер С.Сәдуақасұлының есімі 20-жылдары қарастырған ғылыми
әдебиеттерде тым үстірт айтылды. Алайда қазақ жастарының тұңғыш ұйымы
Бірілік пен оның бағытын дәйекті түрде жалғастырған Жас азаматтағы,
Алаш Орданың облыстық комитетін құрудағы еңбегін кеңес қоғамының мүддесіне
байланысты ескермегенннің өзінде, Сібір төңкеріс комитетіндегі (1920),
Кеңестік Күншығыс ұлттары жастарының орталық бюросындағы (1920), Қазақ
автономиялы республикасының Жастар одағындағы (1920), Қазақ ОАК-і
президиумындағы (1920-1921), Семей гүбернелік төңкеріс комитетіндегі
(1921), Қазақ ОАК-нің Түркістан автономиялы республикасы өкілдігіндегі
(1922), Қазақ автономиялы республикасы Жоспарлау комиссиясындағы (1923-
1924), Халық ағарту комиссариатындағы (1925-1927) жауапты һәм жетекші
қызметін елемеу, құнттамау ақылға сыймайтын еді [1, 6б].
5 томдық Қазақ ССР тарихында 20-жылдары Қазақстан өкіметінде ірі қоғам
қайраткері дәрежесіне көтерілген Смағұл жөнінде бір-ақ ауыз ғана сөз
жазылды. Бұл оның атын қаралаған сөз болатын.
Нәтижесінде А.Байтұрсынұлы сыншы, жазушы ретінде бағалаған Смағұл
Сәдуақасұлының есімі 20-жылдардағы әдеби процесті сипаттаған еңбектерде де
жадағай аталынды.
Өткенге сындарлы көзбен қарау мүмкіндігі туған қазіргі шақта осы
ғасырдың бірінші ширегіндегі ұлт әдебиеті жанрларын қалыптастыруға
атсалысқан әдебиетші, жазушы, көсемсөзші С.Сәдуақасұлын ұмыт қалдыру
қисынсыз. Сондай-ақ 20-жылдары рухани өмірдегі тоқыраудың алдын алмақ
болған Алқа шығармашылық қауымдастығын ұйымдастыруға белсене араласқан,
тұңғыш мемлекеттік ұлт театрының іргетасын қалаған, қазақтың ән-күйін
хаттаушыларға жәрдемдескен, Абай мен Сұлтанмахмұттың жазғандарын тірнектеп
жинауға мамандарды жұмылдырған қайраткердің мәдениет, әдебиет тарихындағы
тұлғалық орнын ескермеу де қиянат.
Осы тұрғыдан келгенде Смағұл Сәдуақасұлының ғұмырбаянын, әдеби мұрасын
зерттеудің, жазған еңбектерін қайта тасқа басып, халыққа жеткізудің
көкейтестілігі айқын байқалады [2, 17б].
Смағұл Садуақасұлы 1900 жылы сол шақтағы территориялық айырым бойынша
Ақмола облысы, Шарлақ үйезі, Қараой болысы, Жарқын ауылында (қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысы, Ұялы – Жарқын ауылы) туған. Әкесі Садуақас
Тұрабайұлы (1872-1937) хақ жолын ұстанған, қоңыр дәулетті молда болған. Ол
Смағұлдай ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін қанқасап 37-жылы нақақтан атылған.
Анасы Мәжікен (1879-1938) перзенті Смағұлдың қайғылы қазасы мен күйеуінің
жазықсыз айдалғанын көтере алмай құсадан дүние салған. Смағұлдың жалғыз
бауыры – қарындасы Орынбасар да (1916-1990) өмірден өгейлік, тағдырдан
тәлкек көріп, өкіметтен бір тиын да зейнетақы алмай көз жұмған.
Смағұл Садуақасұлы ұшқан ұяның қайғылы халі, міне, осындай. Бұл –
тарих. Исі алаштың құрықпен ұсталып, қорада тұсалған тұсындағы шынайы
тарихының бір ұшқыны...
1912 жылы ауылындағы Әбіл молда Қуанышұлының Шығыс пен Батыс білімін
қатар негіз етіп алған мектебін тәмамдаған Смағұл өмірінде түрлі дәрежедегі
бірсыпыра оқу ордасының табалдырығын аттайды. 1912-1915 жылдары 2-класты
Полтовка орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде, 1916-1918 жылдары Омбы
ауылшаруашылығы училищесінде, 1918 жылы Омбы политехникалық институты
жанындағы кооперация курсында, осы қалада жеке-дара ашылған кооперация
курсында, Омбы ауылшаруашылығы институтының кооперация факультетінде оқиды.
Кейінірек, саясаттан мүлде шеттетілген жылдары, дәлірек айтсақ, 1928-1932
жылдар аралығында Мәскеу теміржол құрылысы инженерлері институтын жасанды
құрылыс (искусственное сооружение) мамандығы бойынша оқып бітіреді.
С.Садуақасұлы еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастаған 15 жасында
Шарлақ үйезі, Сиыршы ауылындағы орыс-қырғыз (қазақ) мектебінде ұстаздық
еткен. 1918 жылы Ақмола облыстық жергілікті Жер басқармасы жанындағы 2
айлық қазақ оқытушыларын даярлайтын курста коперация қисыны мен
табиғатанудан, 2 жылдық қазақ курсында жаратылыстану һәм физикадан сабақ
берген. Сол жылдың соңында аталған басқармадағы қазақ бөлімінің оқу ісі
меңгерушісі болған. 1918 жылы желтоқсан айында Омбыдағы Центросибирь
аталынатын Батыс Сібір коперативтер бірлестігі одағының саудадан тыс істер
бөліміне нұсқаушы қызметіне алынып, онда бір жарым жылдай жұмыс жасаған.
С.Садуақасұлы 1920 жылдан бастап сегіз жыл ғұмырын Қазақ автономиялы
республикасының қалыптасуы мен нығаюына жұмсайды.
Смағұл Сәдуақасұлының қайраткерлік тұсауы 1916 жылы Омбыдағы қазақ
жастарының Бірлік ұйымына кіргенде-ақ кесілді. 1918 жылы ол саяси қарымын
екі мәселеде анық көрсетті. Бірінші: 17-жылғы төңкерістің әсерінен қазақ
жастары екіге, тіпті үшке жарыла бастағанда Смағұл бастаған бір топ жас
қайраткер қатарластарының басым бөлігін Алаш Орданың мұратын қолдаған Жас
Азамат ұйымына топтастыра алды. Екіншісі: оқу мен қызметі қатар алып
жүрген жас Смағұл қат уақытын қиып, алаш Орда үкіметінің ақмола облыстық
комитетін құруға белсене атсалысты [3, 10б].
1920 жылы 6 мамырда С.Сәдуақасұлы қазақ елінде коперация құру
мәселесіндегі көзқараста Центросибирь әкімшілігімен ымыраға келе
алмайтындығын айтып және бұл істі әрі қарай жалғастыруды ұлтының келешегі
үшін негізсіз деп тауып, өз еркімен жұмыстан босайды. Араға ұзақ
уақытсалмай, ол көздеген арман-мұратын кеңес қызметінде жүріп орындауға
болатынын бағамдайды. Сол жылы замандастары Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов т.б.
секілді коммунистік партия қатарына өтеді. Бұл қадам – қым-қиғаш,
аласапыран шақта тығырықтан өзін ғана емес, көпті алып шығудың жолы еді.
Жоғарыда аз-кем айтып кеткеніміздей, С.Садуақасұлы Сібір төңкеріс
комитеті (Омбы) қырғыз (қазақ)-татар секциясы нұсқаушысынан Қазақ
автономиялы республикасы Халық ағарту комисары (қазіргіше айтсақ, министр)
дәрежесіне дейін өзінің қайраткерлігінің, әділдігінің, білімді-
біліктілігінің арқасында өсті. Егер ақиқат пен иман кеңес өкіметінің
темірқазығы болса, С.Садуақасұлы үлкен саясаттан ел басшылығында жүрер еді.
Бірақ амал бар ма?.. Қалай десек те, әйгілі жазушы Джек Лондоннан Жүсіпбек
Аймауытұлы аударған мына жолдардың кері келді: (Ғажап іс: әр кез әр адам
оянып, ілгері қадам басайын десе, өңкей жалқа ондай адамды кері кетіргелі
жүр, өлтіру керек деп, ду ете түседі. Кедейлер ондай адамды тас атып
өлтіріп, ақырында өздері ақымақ болып қалады.
Смағұл Садуақасұлы 1916 жылы Омбыда қайраткерлік мектеппен бірге
қаламгерлік мектептің де табалдырығын аттады. Ол қаламын Бірліктің
Балапан атты қолжазба журналында ұштады. Смағұл көсемсөздік пен жазушылық
өнерді тынымсыз қайраткерлік қызметінің барысында меңгерді. Жас қаламгер
1918-1919 жылы Алаш Ордаға таныс болған Жас Азамат газетін, 1920 жылы
атын Қазақстан етіп, затын халықтық қылып өзгертпекке бел буған Ұшқын
газетін, 1922 жылы Еуропа өркениетін уағыздаған Өртең газетін, 1923 жылы
қазақ жастарын зиялылыққа үгіттеген Жас қазақ журналын шығаруға
атсалысты. Мұнан бөлек ол 1920 жылы Еңбекшіл жастар (Омбы), Кедей сөзі
(Омбы), Еңбек туы, 1925-1926 жылы Еңбекшіл қазақ - Еңбекші қазақ
газетері мен Қызыл Қазақстан журналының (1924-1925) жауапты шығарушысы
(редакторы) болды.
С.Садуақасұлы шығармашылығының хронологиялық ауқымы 1916-1918 жылдардан
1928-1929 жылдар аралығын қамтиды. Дерек көздерінің ділгірлігінен һәм мұра
сақтау ісінің жүргізілмегендігінен біз қайраткер-қаламгердің 1929-1933
жылдар арасында не жазғандығын біле алмай келеміз. Алайда бұл тараптағы
іздестіру жұмыстарын тоқтатпауға тиіспіз.
Бізге қаламгер Смағұлдың көзі тірісінде жарық көрген алты кітапшасы
белгілі. Олар: Жастарға жаңа жол (Орынбор, 1921), (Коперация һәм қазақ
шаруасы (Орынбор,1924), Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?
(Орынбор, 1924), Жастармен әңгіме (Орынбор, 1925), Ұлт театры туралы
(Қызылорда,1926), Қазақстанда халық ағарту мәселелері (Қызылорда, 1927).
Осылардың ішінде Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды? атты
туынды ғана көркем шығарма да (повесть), қалғандары – танымдық, ғылыми-
зерттеу еңбектер. Мұның сыртында С.Садуақасұлы мерзімді басылымдарда
бірнеше повесть, әңгіме, ондаған зерттеу очеркін, жүздеген түрлі
тақырыптағы публицистикалық мақала, бір романнан үзінді жариялады. Бұған
оның тұсында хатталған (стенограмма) әр дәрежедегі мінбелерден сөйлеген
сөздерін қосыңыз. Смағұлдан қалған рухани аманат-мұра – осылары [4, 15б].
С.Сәдуақасұлы 1933 жылы қапыда қаза болғаннан кейін оның еңбектерін
бастырту керектігін айтқан бірді-екілі пікірлер болды. Айталық, көп
мәселеде Смағұлмен келісе қоймаған Ғаббас Тоғжанұлы 1936 жылы Қазақстан
көркем әдебиет баспасының жоспарына С.Садуақасұлының кітабын даярлауды
ендіргені мәлім. Бірақ жоспарланған кітап белгілі себептерден басылмады.
Және осындай талпыныс арада 21 жыл өткеннен соң байқалды. 1957 жылы
С.Садуақасұлының жазғандарын кітап етіп бастыруды көтерген ғалым Бейсенбай
Кенжебайұлы еді. Мұнан кейін 70-жылдары Смағұлға театр тарихына қатыстырып
зерттеуші Бағыбек Құндақбайұлы әділ баға берді. Жоғарыдағыдай сипатта
негізі қалана бастаған смағұлтануға 80-жылдардың аяғында Бейбіт Қойшыбай,
90-жылдардың басында Батырхан Дәрімбет, Мәмбет Қойгелді, Нұрым Сансызбайұлы
және осы жолдардың авторы жазған зертеулерімен үлес қосты. Б.Дәрімбет пен
қолдарыңыздағы кітапты құрастырушы С.Садуақасұлының бірқатар шығармаларын
жүйелі дәйектемемен баспасөзде жариялады. 193 жылы Б.Дәрімбет
С.Садуақасұлының бірсыпыра еңбегін кітап етіп құрастырды. 1994 жылы бұл
Смағұл жинағы шағын көлемде орыс тіліне аударылды.
Біздіңше, Смағұл Садуақасұлының жазған еңбегі жоғарыда аталған жинақпен
және осы ұсынылып отырған кітаппен шектелмейді. Келешекте оның толық
академиялық жинағын бастыру қажет деп ойлаймыз.
Әдебиетті дәуірлеу және белгілі бір қалам қайраткерінің сол дәуірдің
өкілі екенін дәлелдеу оп-оңай нәрсе емес. С.Садуақасұлының Қазақ газетінен
басталатын ұлтшылдық дәуір немесе тұтастай алғанда ағартушылық кезең өкілі
екенін көрсететін бірден-бір айғақ – соңында қалған аманат-мұрасы.
Біздіңше, қазақ әдебиетінде ағартушылық-ұлтшылдық дәуір 20-жылдардың
соңына дейін созылған. Әрине, 1917-1919 жылдарғы саяси сапырылыстардан
кейін әдебиет бірыңғай бұрынғы ұлтшылдық бағытпен дамыды деу дұрыс емес.
Бірақ әділ мұрат қашанда өлмейді. Оның үстіне ол мұратты ешкім шеттен әкеп
таңған жоқ. Ұлтшылдықты нақты жағдайға байланысты қазақ ой-санасы тудырды.
Және ол не ерте, не кеш емес, толғағы жетіп, өз мезгілінде дүниеге келді.
Сондықтан төңкерістен кейін билікке қолы жеткен пролетариат диктатурасының
идеологиясымен түрлі амал-тәсілді пайдаланып, текетіресуі заңды еді.
Қазақ газетінің мұратын саналы түрде қабылдаған Смағұлдың азаматтық
пайымы, эстетикалық таным-түйсігі 1918-1919 жылдар аралығында белгілі бір
дәрежеде қалыптасты деуге негіз бар. Дүниедегі өзгерістің сырына, әдебиет
пен мәдениеттің адам өміріндегі, қоғамдағы орнына үңілген сайын ол еңселі
ел боламын деген ұлт рухани ұстын мен тірек-тиянақсыз азаттыққа қарай аттап
баса алмайтынына көз жеткізді.
Алаш Орданың саясаттағы мақсаты – келешекте азат қазақ мемлекетін құру
болса, руханияттағы мақсаты – қазақтың өз ойын, өз сезімін, өз қиялын, өз
ұғымын жырлау...бағытта емес, рухта өзіндік қасиетті сақтау еді.
С.Садуақасұлы саясат пен руханиятта осы мақсатты берік ұстады.

1.2 С.Садуақасов әдебиет сыншысы
С.Садуақасұлының қазірше бізге белгілі болып отырған алғашқы
Киргизская литература (Қазақ әдебиеті) атты әдеби-сын еңбегі 1918 жылы
Омбыда шығып тұрған Трудовая Сибирь журналының 1-санында жарияланды.
Жанрын автор тарихи-сыни әліптеме (историко-критический очерк) деп
белгілеген бұл еңбек – хронологиялық тұрғыдан қарағанда, әдебиетімізге
мейлінше толық талдау жасаған орыс тіліндегі мақалалардың бірі. Оның
мазмұнын шартты түрде былайша жіктеуге болады: 1) әдебиеттің қазақ
өміріндегі орны; 2) суырыпсалма өнерінің (ауыз әдебиеті) болмыс-бітімі; 3)
жазба әдебиетінің қалыптасуы; 4) қазіргі (18-жылдардағы) әдебиет; 5)
қосымша: сол кездегі қазақ баспасөзі туралы ақпар-дерек.
Қаламгер қазақ әдебиетін ұлттық тұрмыс-тіршілігімен байланыста қарайды.
Смағұл сал-серілерді сипаттау арқылы ауызша таралатын әдебиеттің қазақ
өміріндегі орнын көрсетуге талап қылған. Тұтастай алғанда ақындық-жыршылық
дәстүр мен суырыпсалма өнерін жазба әдебиетіне шығар баспалдақ деп
тұжырымдаған. С.Садуақасұлының айтуынша, қазақ әдебиетінің жазбаша дәуірі
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Оның негізін қалаушылардың
қатарында ол бірінші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын, сонан соң Абайды атайды.
Мұндай пікірді, әрине, жас әдебиетші қолындағы материалдың аздығынан айтуы
мүмкін. Өйткені, кейінгі еңбектерінде ол көшбасшы Абай деп жазады. Әйтсе де
сыншы осы еңбегінің өзінде Абай өлеңдерінің мән-мазмұнына кеңірек тоқталып,
ақының қазақ поэзиясын биік деңгейге қалайша шығарғандығын әуезе етеді.
Әліптеме иесі: Қазақ - қазақ әдебиетінің мақтанышы деп тұжырымдап,
оның төңірегіне топтасқан ақын-жазушылардың, көсемсөзшілердің еңбектеріне,
олардың әрқайсысының ерекшеліктеріне тоқталады.
Смағұл 18-жылдардағы әдебиетті сөз еткенде енді қалыптасып келе жатқан
жанрлардың зәруліктерін нақтылай айтады. Әліптеме соңында қаламгер ұлт
деңгейін көтеру үшін күресіп жүрген басылымдар жөнінде қысқа да нұсқа ақпар
береді.
С.Садуақасұлының бұл еңбегі қазақ әдебиетін тұңғыш рет осындай кең
ауқымда, жанр-жанрға жіктеп, саралауымен бағалы [5, 29б].
С.Садуақасұлының әдеби-сын еңбектерінің көбісі кеңес дәуірінде дүниеге
келді. Олардың өн-бойынан сыншының сол қасаң тұжырымдармен, тұрпайы
таныммен күрескені байқалады. Смағұл алаш оқығандарының өкімет басындағы
бірден-бір тірегі болғандықтан, Алқа мұратын жетілдірудің басы-қасында
жүрді. Мұны 1929 жылы НКВД тергеушісіне берген Жәкен Сәрсенбіұлының жауабы
толық дәлелдейді.
Алқа - ХХ ғасыр басындағы ұлтжанды қазақ қаламгерлерінің басын
біріктіру бағытын ұстанған, халықтың дәстүрлі салт- санасына сүйенген,
қадым заманнан жеткен әдебиеттегі терең елдік сарынды жоғалтпау ниетімен
құрылмақшы болған ұйым еді. Оның бағдарламасын қазақ зиялылары бірігіп
жасағанын архив деректері растап отыр.
Өкінішке орай, Орталық Комитеттің қазақ баспасөзін екі мәрте қыспаққа
алған кезі Алқа бағдарламасына тосқауыл қойды. Осылайша зиялылар ойласқан
ұйым ресми жасақталмаса да, Алқа идеясы бейресми түрде тарап, пролетариат
әдебиетінің қапталында оған оппозиция ретінде өмір сүре берді. Оны 1928
жылға дейін қолтығынан демеп, қаржыландырған өкімет басындағы бірден-бір
адам С.Садуақасұлы еді. Сондай-ақ оның 20-жылдардағы әдеби-сын еңбектерінде
Алқа идеяларын негіздеу, оларды ел арасында кеңінен тарату басты желіні
құрайды.
Қаламгердің осы бағытағы туындыларының бірі Бейімбеттің өлеңдері деп
аталады. Ол 1925 жылы Б.Майлыұлының жинағына дәйектеме ретінде де және
баспасөзде де басылған.
Мақалада сыншы Бейімбеттің ақындық қыр-сырын, ерекшелігін ашуды
көздеген. Бейімбет – қазақ ауылының суреткері деген тезисті тереңдете
талдап, ақынның ел өміріне жақын болуының себебін зерделеген. Әдебиетшінің
Сыншылардың көбі кейде ақындарымыздың затын сынамай, атын сынап жүр деген
пікірі - әдебиеттанудағы солақайлыққа берілген баға. Смағұл ақынның таныс
емес нәрсеге ұмтылмайтындығын, жоқтан бар қып, күшеніп, қызармайтындығын
ерекше қасиетіне бағалаған.
Қазақстанда баспасөздің міндеті атты мақаласында С.Садуақасұлы әдеби
сынның дұрыс басқан адымы өлеңшілердің ішінен ақынды тауып алғандығы деп
білсе, қате басқан адымы сауатсыздыққа, қарабайырлыққа ұрынғаны деп
тұжырымдайды. Ақындық ауызға салып берер алма емес, өнермен, еңбекпен
табылатын нәрсе деген тұрғыдан келіп, Мағжан ақынды қорғайды [6,68б].
Әдебиеттерді қалай сынау керек? деген еңбегінде жергілікті жерде
үйірме сынының қажеттігі сөз болған. Мұны қаламгердің ел-елдегі оқығандарды
орталықта шығып жатқан кітаптарға сын көзбен қарауға шақырғаны деп ұғамыз.
Ол әдебиет атқамінердің қолбаласы емес, көптің, қауымның үні мен мұңы
екенін айтқысы келген.
С.Садуақасұлы 1925 жылдың соңынан бастап мемлекеттік ұлт театрын ашу
ісіне мұрындық болып, сахна өнері туралы әр түрлі мақала жариялады.
Солардың бірқатары – сахналық қойылымдарға арналған сындар. Оның Алтын
сақина ойыны туралы атты мақаласының әдеби процестегі орны мемлекеттік
театрдың тұңғыш қойылымынан мағлұмат берер бірден-бір сын және дерек болып
қалғанымен айрықшаланады. Бәйбіше,тоқал пьесасына жазған сынында
С.Садуақасұлы шығарманың жалпы мазмұнына шолу жасайды да, аталған
қойылымның авторлық кемшіліктеріне сахналық олқылықтарына жеке-жеке
тоқталады. Қарагөз қойылымына арналған сынында сахна шикілігінің алдын
алу қажеттігін ескертеді.
С.Садуақасұлының 20-жылдардағы әдеби процесті білімді сыншы ретінде
танытқан еңбегі – Әдебиет әңгімелері. Бұл сыны жетілмеген әдебиеттің
ауруын жасырмай айтқан туынды. Сынның күш-қуаты неде? Ескі мұра тек
масұқталуға тиіс пе? Ақын-жазушының жазушылығы немен өлшенеді? Әдебиеттің
ұлттық бет-бедері оның кемшілігі ме? Мақалада автор осы сұрақтарға жауап
іздейді, ілгерідегі туындыларындағы ойын өрбітеді.
Қаламгер өмірдің өз ырғағы секілді әдебиеттің де табиғи дамуын,
жетілуін жақтайды. Сонымен бірге өткеннен үлгі алуды, әсіресе Абай, Мағжан
сынды таланттардан үйренуді қолдайды. Сыншыларға әдебиетті көркемөнер
өлшемімен қабат ұлттық өлшеммен де қарау қажеттігін ескертеді.
С.Садуақасұлының әдеби-сын еңбектерінің қатарында орыс тілінде 1927
жылы жарық көрген Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры мен 1928 жылы жарияланған
Жас Қазақстан жинағына жазған алғысөздері де кіреді. Жырдың тәржімасына
жазылған алғысөз ғылыми нақтылығымен, әдеби-танымдылығымен көзге түседі.
Жәдігерліктің оқырман қолына тиіп отырған тұңғыш орысша нұсқасы
болғандықтан, Смағұл жырдың тарихын жеткізумен бірге текстегі аудармашы
түпнұсқасын сақтап жазған түсіндірмелер берген [7,87б].
Жас Қазақстан жинағына М.Әуезұлының Қорғансыздың күні,
Ж.Аймауытұлының Бәтіш (Қартқожа романынан – Д.Қ.), Мұқаш
(Ақбілектен - Д.Қ.), Б.Майлыұлының Кермезі, Күлпаш әңгімелері енген.
Смағұл алғысөзде қазақ әдебиетінің тек-тамырын, кешегісін тұтас шолу арқылы
қазіргі қалпына талдау жасаған. Бұл жағынан ол 1919 жылы жарық көрген
Қазақ әдебиеті әліптемесімен үндес. Сыншының көрегенділігі – көркемсөздің
үш хас шеберін тауып ала алғандығында.
1929 жылы І томы шыққан Әдебиет энциклопедиясында авторы кейде
көрсетілген. (А.Аршаруни, А.Саади), кейде көрсетілмеген Абай, Ақмола,
А.Байтұрсынұлы, М.Әуезұлы, Ж.Аймауытұлы, Б.Майлыұлы (соңғы үшеуінің авторы
көрсетілмеген) туралы мақалалар С.Садуақасұлы жолдаған материалдар
негізінде жазылғаны ҰХҚ архиві құжаттарынан белгілі болып отыр.
Сыншы Смағұлдың әдеби-сын мақалаларының басқа тарихи, танымдық
кітаптарынынң мазмұны мен сапасын бағамдаған Қазақ тарихынан?!..
(Қ.Кемеңгерұлының осы аттас кітабына сын), Керекті кітап
(Ж.Сұлтанбекұлының Бұрынғы һәм қазіргі жер саясаты зерттеуіне талдау)
атты еңбектері бар. Осы білік-білімін Т.Шонанұлы тәржімалаған Крупскаяның
Ауыл арасындағы саяси-ағарту жұмысы (Қызылорда, 1925), Каменскийдің
Ауылдағы кооперация туралы (Қызылорда, 1925) кітапшаларына жазған
алғысөздерінен де байқауға болады. Жалпы Смағұл тәрізді қаламгерлердің 20-
жылдары көркем шығармаға сын жазумен қатар саяси-бұқаралық, танымдық
кітаптарға талдау жасауы – бір жағынан азаматтықтан туындайтын талап болса,
екінші жағынан уақыттың өзі жүктеген іс. Біріншісі түсінікті, екіншісіне
мән бере қарасақ, мәселе бейберекеттіліктің, қателесудің алдын алуға
тіреледі [8, 240б].
М.Жұмабайұлының 1916 жылы жазған Балапан қанат қақты атты
аллегориялық туындысы Балапан журналымен бірге қазақта жаңа сападағы
әдебиеттің туғандығын, оның бағыты қандай болатынын аңғартады. Жас Смағұл
проза әлеміне осы Балапанмен бірге қанат қақты.
Қаламгер мұрасының мұқият сақталынбауына байланысты 1922 жылы баспа
жүзін көрген Аптономиа әңгімесін бұл жанрдағы тұңғыш туындысы деп
есептемейміз.
Шығармаға 20-жылдардағы қоғамдық-саяси шындық арқау болған. Онда 1920
жылы автономияға қол жеткізген қазақ халқының бұл өзгерісті қалайша
қабылдағаны көркем тілмен жеткізіледі.
Аптономиа әңгімесінің негізгі идеясы – елдің мұраты. Шығармадағы
бейнелер жүйесі осы идеяны ашуға қызмет етеді. Сондай-ақ бояуы қанық осы
бейнелер жүйесі арқылы оқушы сол кездегі қазақ қоғамында болған бүтін
тарихи шындық болмысын бажайлайды.
С.Садуақасұлының ғылыми айналымға әлі түспеген Өртең атты шығармасы –
лирикалық әңгіме. Онда сюжет немесе оқиға желісі жоқ. Әңгімеге жазушының
отаны туралы тебіренісі, жерімен, елімен іштей сырласуы, мұңдасуы айна-
қатесіз түскен. Біздіңше, Өртең әңгімесінің тууы Өртең газетінің жарық
көруімен, жаңа заманға еріксіз тап болған алаш зиялыларының тынысы – Жас
азамат мүшелерінің соны қауымдастық идеясы төңірегіне топтасуымен
байланысты. Жастардың мақсаты санадағы шірік қауды өртеп, өртең шығару еді.
Өртеңде сюжет болмағанымен, қазақтың кешесін, бүгінін, ертеңін ой
таразысымен бағамдаған, ұлттың ұтқаны мен ұтылғанын, озық қасиеті мен
мінезіндегі кемшілігін табиғат бейнесімен астастырып, көркемдікпен
көмкерген ерекше мазмұн бар [9,129б].
С.Садуақасұлының Салмақбай, Мақамбет атты әңгімесінде төңкерістен
кеінгі қазақ оқығандары, олардың екі айырылған көзқарастары сөз болады.
Әңгіме кейіпкері екі-ақ жан. олар – Салмақбай мен Мақамбет. Уақыт – қым-
қуыт төңкерістен кейінгі кез. Кеңістік – оқығандардың басын қосқан саяси
сапырылыстарға толы қала. Әңгімеде атыс та, шабыс та жоқ. Бірақ тартыс бар.
Ол – көзқарас, дүниетаным арасындағы тартыс. Тартыс жай көр-жер туралы
емес, руханияттың қасиетті мәселесі – ұлт тағдыры хақында. Мақамбет жер
жүзінің төңкерісі үшін қазақты құрбан қылуға бар, ал Салмақбай дүниенің
жұмағы болса, қазақ та барсын, неміс те барсын деген пікірде. Жазушы
оқушыға Әне – ұлт мәселесі туралы екі көзқарас. Таласты көзқарас.
Қайсысынікі жөн? дегендей, әңгіме аяғын екі оқығанның тіл қатпай,
уһілеуімен бітіреді.
С.Садуақасұлы – 20-жылдары көлемді прозалық шығармалар жазып, бағын
сынаған жазушы. Хронологиялық жағынан жазушы повестен бұрын роман жазуға
кіріскен. Мұны М.Әуезов мұражайынан табылып отырған Сәрсенбек романының
қолжазбасы дәлелдейді. Автор шығарманы жазуды бастаған уақытын 1922жыл, 21
қараша деп көрсетіпті.
Сәрсенбек - 1916 жыл оқиғасын арқау еткен қазақ әдебиетіндегі алғашқы
тарихи-көркем романның бірі. Аталған туындының неліктен роман жанрына
жататынын үш дәлелмен анықтай аламыз. Біріншіден, Сәрсенбек - қазақ
әдебиетінде роман жанрының енді дүниеге келген кезінде туған күрделі
шығарма. Екіншіден, роман талабына сай Сәрсенбекте үш желі қатар тартылып
отырады. Олар: 1) көтерілісшілердің күрес барысы; 2) қаладағы оқығандар
тіршілігі; 3) Күлпашқа қатысты оқиғалар, яғни қала мен ауыл арасындағы
бөгет-бөгесіндердің қалпы. Үшіншіден, А.Байтұрсынұлы ескерткен тұрмыс
сарынын түптеп, терең әңгімелеу бар. Ғалым Р.Бердібаев: Тарихи оқиғаларды
тізе беру де, тарихты ұмытып, қиял күшіне ғана сүйенушілік те шығарманы
біржақты етпек, - дейді. Осы тұрғыдан қарағанда С.Садуақасұлы тізгінді тең
ұстағаны аңғарылады [10, 79].
Көтерілістің болғаны рас, оған Амантай сынды азаматтардың жетекшілік
еткені, толқынға Жұпар секілді қыз баласының қатысқаны, оқыған зиялы
қауымның (романдағы Асқар,, Бұқарбай, Қоңырбай т.б.) көтеріліске қарсы
болғаны шындық. Ал Сәрсенбек – автор қиялынан туған қаһарман. Біздіңше,
жазушыны Алаш Орданың жеңіске жете алмағандығы, ұлтқа тәуелсіздік
бұйырмағандығы қатты толғандырған. Смағұл енді: Бәлкім, қазақ оқығандары
16-жыл оқиғасына белсене араласып, күресті басқарып, жүйелеу керек пе еді?
Сонда мүмкін алаш жұрты бір ту астына жиналып, саяси сапырылыстар тұсында
тәуелсіздікке қол жеткізер ме еді? деген пікірге келген тәрізді. Сонымен
кейіпкер Сәрсенбек – жазушының осы идеясын жеткізу үшін өмірге келген
бейне. Шығармада Сәрсенбектің ойынан кетпейтін, оған қуат дарытатын
Абылайхан, Кенесары елестері де жазушы көздеген идеядан туындайды.
Жанрын А.Байтұрсынұлы Ұзақ әңгіме (повесть) деп анықтаған
С.Садуақасұлының Салмақбай, Сағындық атты шығармасы кезінде жрналға да
басылған, кітап болып та шыққан.
Повесте жазушы исі қазақ тұрмысына жаңа ене бастаған шаруашылық түрінің
адамдардың қалыптасып қалған ой-түсінігіне жасаған әсер-ықпалын суреттей
отырып, ауылға келген тосын жаңалықты кім қалай қабылдады? деген сұрақ
төңірегінде кейіпкерлер психологиясындағы жаңа дәуір тудырған өзгрістерді
жеткізбек болған. Шығармада Тап тартысы жоқ, дүниетанымдағы текетірес
бар. Повесте эпизодтық кейіпкерлерді санамағанда Сағындық, Салмақбай,
Жаңбырбай, Қақсалбай, Мақамбет бейнелері арқылы жазушы сол кездегі қазақ
ауылының жай-күйін, адамдардың наным-түсінігін, қаланың далаға, даланың
қалаға деген көзқарасын шебер жеткізе алған. Рас Салмақбай, Сағындық
повесі туған кезде қазақ әдебиетінің проза жанры көркемдік талапқа толық
жауап бере алмады. Әйтсе де, көркемдікт, шеберлікті меңгеруге деген
талпыныс байқалады. Айталық, аталған шығармадағы жазушының кейіпкер
бейнесін сомадаудағы ізденістері, фәлсафалфқ ой-толғамдар айтуы,
көркемдегіш құралдарды туынды мұратына сай жұмсай алғандығы, туындының
бітімін біршама дұрыс орайластырғаны – ескеруге тұрарлық жайттар [11,
252б].
С.Садуақасұлының 1927 жылы жазған енді бір повесі – Күміс қоңырау 20-
жылдардағы әдебиетке құбылыс болып енді. Күміс қоңырау әлеуметтік-
психологиялық повесть. Қоғам тап-тапқа, жік-жікке бөлінген дәуірде
дүниетанымда қарама-қарсылық молынан туындады.Жазушы С.Садуақасұлы осы
қылаңдаған құбылыстың сырына үңілді. Оны зерделеу үстінде тұтас бір буынның
тағдырын барлап, өз тарапынан адам мен қоғамның сәйкестікте жетілуінің
жолдарын қарастырды.
Шығарма Қошқарбай, Сейілбек, Сәлима, Нағима сынды замандас жастардың
бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Он хат арқылы осы төрт кейіпкердің тек
өзара сезімі ғана емес, қоршаған орта, қоғам, қазақ қалпы туралы көзқарасы,
толғанысы көрінеді.
Күміс қоңырау – арбаға жегілген аттың қамытынан тағатын әшекей. Ол –
жалтырақ нәрсе. Көлік қоңырау болмаса да жүреді. Повесте жазушы оқыған
азамат қоғамның жалтырауық әшекейі болмай, қозғаушы күші болу керек дегенді
айтады.
С.Садуақасұлының көсемсөздік мұрасы алуан тақырыпты қамтиды. Біз оны
шартты түрде төрт топқа бөле аламыз. Бірінші – қоғамдық-саяси мақалалар,
екінші – оқу-ағарту, білім туралы мақалалар, үшінші – театр өнері хақындағы
мақалалар, төртінші – танымдық еңбектері мен ғылыми зерттеулері.
Қаламгер Смағұл жазған еңбектерінің көбісіне дерлік Смағұл
Садуақасұлы деп қол қойған. Орыша авторлығын Смагул Савокасов деп
көрсеткен. Сондай-ақ ол орыс тіліндегі мақалаларында Ысмағұл С., С,
Біреу, Сауықшы атты бүркеншік есімдерді пайдаланған. С.С.-овь-тың
С.Садуақасұлы екенін Трудовая Сибирь журналының қаламақы есебінен білдік.
Ал қаламгердің қазақша псевдонимдерін айтып кеткен жан – профессор
Б.Кенжебайұлы. Біз өз тарапымыздан Ысмағұл, Ысмағұл.С., С бүркеншік
аттарын аңғардық (С-тың онікі екенін мақаласының екінші бөлігінде,
яғнижалғасында толық аты-жөнін жазғанынан білдік).
С.Садуақасұлы Өмір үшін күресу (1918), Көтеріл, жастар (1920),
Өткен күндер, қазіргі хал һәм болашақ (1922), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Смағұл Сәдуақасұлының шығармашылығы
Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы
Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары
Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы
Жастарға жаңа жол
Смағұл садуақасұлының өмірбаяны мен атқарған кәсіби қызметі
Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында
Әжемнің құрақ көрпесі
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Пәндер