Қазақстандық педагогиканың өзекті мәселелері


Қазақстандық педагогиканың өзекті мәселелері
Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI - VIII ғасырлардағы Орхон -Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап, түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактаттары, сондай- ақ Алтын Орда дәуірінің даналары: Хорезми, Сараи, дулати, Жалайри, Әбілғазы, т. б. еңбектері - қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар. Ал Асан қайғы, Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа т. б. сол сияқты күміс көмей, жез таңдай ақын- жыраулардың әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тән, тіршілік тынысы туралы терең толғаныстарының, дана өсиеттерінің қазіргі жастардың білімі мен тәрбиесіне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама….
XIX ғасырдың аяқ шені қазақ жерінде саяси- әлеуметтік, мәдени - ағартушылық идеялардың өркен жайып, қоғамдық санаға жаңа ғасырға тән өзгерістер ендіре бастаған екпінді де елеулі жылдар болды. Осыдан жүз жыл бұрынғы ғасырлар тоғысындағы қазақ қоғамында орыстың социал- демократтары ықпалымен және атақты Шоқан, Ыбырай, салған ізбен халықтың мәдени - экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері өз жалғасын таба берді. Осы тұстағы қоғамдық санада көрініс берген ағартушылық қозғалыс туралы «Қазақстандағы педагогикалық ой- пікірлер антологиясы» былай дейді: «Дала өлкесіне әлеуметтік - демократиялық идеялардың жаңа толықыны кіріп, аймақтарда педагогикалық ой- пікірдің жеңіл дами бастаған кезі еді». (Антология пед. Мысли Казахст. А. Рауан, 1995ж, 12 б. )
Бұл қазақ даласындағы араб, татар тілдеріндегі оқулардың, діни білімнің көңіл көншітпей, қазақ жастарының қазақ және орыс тілдеріндегі мектептерге ұмтыла бастаған, жаппай ояну үрдісі белең алған тұс болатын. Осынау мәдениет майданында оқу - ағарту ісінің алатын орны айрықша. Қазақ қоғамының бұдан жүз жыл бұрынғы ұлттық мектепке деген сұранысы ұлттық мектептің жаңа үлгісін жасауда ізденістер жасап жүрген бүгінгі сұранысымыз бен қажеттілігіміз арасындағы ортақ сарынды, ұқсастықты, сабақтастықты байқатады.
Ежелден тағдырлас, көршілес болып келе жатқан Ресей жеріндегі 1905 жылғы саяси оқиғалардан ел ішінде түрлі толқулардың болып тұрғаны тарихтан белгілі жай. Оның ықпалы қазақ еліндегі мәдени қозғалыстарға да тиіп отырған. Патша өкметінің ағарту саласындағы саясаты қарапайым халықты қанағаттандырарлық емес еді. Тарихи деректерге дер салсақ, 1911 жылы Ресей халқының 19-20% сауатты болса, қазақ жеріндегі сауаттылар саны одан да төмен болды. Рессейде жан басына шаққанда білім алуға 56 тиын жұмсалса, қазақ елінде одан 4 есе төмен, яғни жан басына 14 тиын ғана бөлінді. Орта есеппен алғанда 1913 жылы Қазақстанда 157 орыс- қазақ мектебі болса, олардың әрқайсысындағы оқушылар саны 50-ден аспайтын. Әйткенмен, бұл цифрлар қазақ жерінде білім беру ісінің болғандығын дәлелдеп, оның қыры мен сырын тереңірек аша түсуге мүмкіндік береді.
Қазақ топырағындағы алғашқы мектептердің негізін салушы, дала қоңырауы, қазақ шамшырағы атанған Ы. Алтынсарин десек, оның пионерлік ісі Қазақстанның сол кездегі барлық болыс, уездерінде өз жалғасын тауып отырған. Ағартушылық істі ақындық, жазушылық өнермен өрнектеп, журналистік, қайраткерлік, ғалымдық қабілетімен шебер ұштастыра білген.
Адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары XX ғасырдың басында тәлімдік ой- пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мыржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі.
Қазіргі мектеп қандай болу керек ? Бұл өте ауқымды мәселе. Бізге, Адамды - тәрбиелеп, өсіретін қоғамды жөндей алатын, өркениетті демократиялық қоғамның үлкен азаматын қалыптастырып шығаратын мектеп қажет. Ең алдымен, біздің мектептер бойына сіңгенқаыгездік пен бұйрықшыл ниеттерінен айырылып, оқушының жеке қара басына, яғни оқу- тәрбие ісін жекешелеу (диференциялау) ісін жоғары көтеру керек қой деймін. Балаға, оның тағдырына жауапкершілікпен қарау, өзін сыйлау, денсаулығын биологиялық - генетикалық жағдайы, психологиясын білу мұғалім үшін парыз. Бір сөзбен айтқанда, баланың адамгершілік құқығын сыйлау, онымен санасу керек.
Оқу - тәрбие ісінде қоғамдық пайдалы еңбекті дамыту қажет. Ең алдымен еңбек дегенде - оқушының өздік ойлау қабілетін, түйсігін дамыту үшін білімді өз бетінше істеуге, өз бетінше білім алуға дағдылануы қажет. Біздің оқушыларымыздың көпшілігінің ойлау қөабілеттері төмен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz