Салықтардың экономикалық мәні және қызметі



2005 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындыларына келетін болсақ, ішкі жалпы µнім 9,4 пайызға өскен.(жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр). Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы 34,1 пайызды, жүк тасымалдау көлемінің артуы 4,8 пайызды құрады. Байланыс қызметінің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өссе, ұялы байланыс қызметі 65,3 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына 241 миллиард теңге инвестиция бөлінген. Бұл оның алдындағы жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есе көп. 2005 жылы инфляция орта есеппен 7,6 пайызды құраған. Халықтың нақты ақшалай табысы бағалау бойынша 11,6 пайызға өскен. Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 33,8 мың теңге болған.
Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарлама бойынша ІЖӨ-нің орташа жылдық өсімі 8,5 пайыз болуы тиіс. Бұл экономиканың жалпы өсімін осы үш жылда 27,7 пайызға арттырады. Орташа жылдық инфляция 5-7,3 пайыз шегінде қалып, еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3-7,0 пайызға өсіру көзделген. Негізгі капиталға инвестиция салу 14-15 пайызға өсетін болады. Сөйтіп, ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі 2008 жылы 5450 АҚШ долларына жетпек, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есе артық.
Осы мақсаттарға жету жолындағы негізгі бағыттар:
- Қазақстан экономикасын жедел жаңарту және оның серпінділігі;
- Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді
қамтамасыз ету;
- Єлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын
осы заманғы әлеуметтік саясат.
Әрине, осындай маңызды міндеттерді шешу жолында басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпаратармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік жүйесінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуының маңызы зор.
1. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар сметасын орындаудың есебінен №30 бұйрықпен бекітілген нұсқаулық.
2. Ел басының 19 ақпан 2005 жылғы Жолдауы
3. Дюсембаев Н.Ж. «Аудит и инализ финансовой отчетности». Учебное пособье. Алматы 1998г.
4. Новолева О.В. «Бухгалтерский учет и аудит отчетности предприятия». Ростов на – Дону. Феникс 2000г.
5. Андреев В.Д. «Внутренний аудит». Москва 2003г.
6. Крупченко Е.А. «Аудит» Москва 2002г.
7. Польский В.И. «Аудит», Москва 2002г.
8. Шеремет А.Д. Суид В.П. «Аудит». Москва 1996г.
9. Шишкин А.К. «Учет и анализ предприятия». Москва 1996
10. Журнал «Бухгалтерский учет и аудит». №01 2000 г.
11. Бухгалтер билютені №38 2003ж.
12. Журнал «Труд в Казахстане» №7 2004 г.
13. °ëåóìåòòiê ñàëûº // Áóõãàëòåð áþëëåòåíi.- 2001.-N6-7.
14. Äåéñòâèÿ Ïðàâèòåëüñòâà è ýêîíîìè÷åñêèèé ðîñò â 2000-2001 ãã // Ñàÿñàò.-2002.-N2.
15. Áåêòàåâ Ì. ²àçàºøà-îðûñøà ñ¼çäiê: Ò¾ðêiñòàí ºàëàñû: 1995.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

2005 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуының алдын ала
қорытындыларына келетін болсақ, ішкі жалпы µнім 9,4 пайызға
өскен.(жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр). Құрылыс
жұмыстары көлемінің артуы 34,1 пайызды, жүк тасымалдау көлемінің
артуы 4,8 пайызды құрады. Байланыс қызметінің көлемі 2004 жылмен
салыстырғанда 27,7 пайызға өссе, ұялы байланыс қызметі 65,3 пайызға
артқан. Тұрғын үй құрылысына 241 миллиард теңге инвестиция
бөлінген. Бұл оның алдындағы жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есе көп.
2005 жылы инфляция орта есеппен 7,6 пайызды құраған. Халықтың
нақты ақшалай табысы бағалау бойынша 11,6 пайызға өскен. Бір
жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 33,8 мың теңге болған.
Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарлама бойынша ІЖӨ-
нің орташа жылдық өсімі 8,5 пайыз болуы тиіс. Бұл экономиканың жалпы
өсімін осы үш жылда 27,7 пайызға арттырады. Орташа жылдық инфляция 5-7,3
пайыз шегінде қалып, еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3-7,0 пайызға өсіру
көзделген. Негізгі капиталға инвестиция салу 14-15 пайызға өсетін болады.
Сөйтіп, ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі 2008 жылы 5450 АҚШ долларына
жетпек, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есе артық.
Осы мақсаттарға жету жолындағы негізгі бағыттар:
- Қазақстан экономикасын жедел жаңарту және оның серпінділігі;
- Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді

қамтамасыз ету;
- Єлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын
осы заманғы әлеуметтік саясат.
Әрине, осындай маңызды міндеттерді шешу жолында басқарудың барлық
жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпаратармен қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін мемлекеттік жүйесінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуының
маңызы зор.
Дипломдық жұмыста мемлекеттік кєсіпорындардыњ бухгалтерлік есебін
±йымдастырудыњ µзекті мєселелері ќарастырылѓан. Ж±мыс Шардара ауданы
бойынша салыќ комитетініњ негізінде жазылѓан.
Дипломдыќ ж±мыстыњ маќсаты- Шардара ауданы бойынша салыќ комитетініњ
бухгалтерлік есебін ±йымдастыру.

Шардара ауданы бойынша салыќ комитетініњ тарихы.

Қазақ Советтік Социалисттік Республика Министрлер кеңесінің
16.03.1990 жылғы 112 Мемлекеттік салық инспекциясының құру туралы
Қаулысы және Қазақстан Республикасының президентінің 09.07.1991 жылғы 380
Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік салық инспекциясының құру
туралы Жарлығына байланысты Қазақстан Республикасы салық органы құрылды.
Шардара ауданынының салық қызметі органы заңды тұлға болып табылады, ол
республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
Салық қызметі органы орталық және жергілікті атқарушы өкімет
органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы
органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау
шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемлекеттік
Өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен
республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы
заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында,
салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органына
жәрдемдесіп отырады.
Отанымыздың қалыптасуында, эконимикалық, әлеуметтік саяси дамуында
Шардара ауданы бойынша салық комитетінің үлесі аз емес. Егер 1995 жылды
негізге алып, бюджетке түсіп отырған төлемді 2000 жылмен салыстырсақ, салық
түсімі 415,0 % өсіп отыр. 1995 жылы бағдарламадағы 65,5 млн теңгенің орнына
бюджет кірісіне 91,7 млн теңге түсіп, 140,0% орындалса, 2000 жылы
бюджеткірісіне 272,0 млн теңге түсті, немесе 1995 жылдан 180,3 млн теңге
артық түсіп отыр. Ал үстіміздегі 2004 жылдың алты айлық жоспары 109,0
пайызға орындалды, яғни бағдарламадағы 112,12 млн теңгенің қаржы жинауда
қарқынды қимыл жасап отырған салық қызметкерлерінің ерен еңбек нәтижесінде
бюджет кірісіне 122,3 млн теңген түсіріліп қазына қоржынына 10,1 млн теңге
артық түсірілді. Тексеру қорытындысымен 9,7 млн теңге қосымша есептелініп,
оның 9,4 млн теңгесі бюджетке енгізілді.

І. Шардара ауданы бойынша салық комитетініњ бухгалтерлік есебін
±йымдастыру.
1.1. Салықтардың экономикалық мәні және ќызметі.

Салық дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын,
қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың
экономикалық мәні мынада: Салықтар шаруашылық жүргізуші субектілер мен
халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін
білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субектілер мен халық табысының
белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық
қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттік
өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы
көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар:
- реттеушілік
- фискальді
- қайта бөлу.
Жоѓарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың
ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы
салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттреу
жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына
ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу
әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің
дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар, ақша және баға саясаты,
шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту
жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет
атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланысты
болуы эқажет. Салықтық реттеуде салықтық ставкалары мен салық
жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі, ғылыми негізделмеген, шектен
тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп,
өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар
салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және
мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық
жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы тағы бар. Дамыған елдердің тарихынан
салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
а) егер төленетін салық мөлері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып
кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында
болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б) егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында
болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл
қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып,
салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік
бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы
бақа да шараардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі
мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекеттінің көлемі ішкі жалпы
өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы
мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың
үлес салмағы 40 пайыздан көбірек болып отыр. Бұл эконоимкасы дамыған басқа
елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздері
орталықтандырудың бір айғағы осы.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын)
пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтады. Салық меанизмінің
қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала
отырып, салық саясатын анықтайды.
Салық салу обьектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып
жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке
салынады .
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін оператцияларға салынатын салық;
- жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
- көлік құралдарына салынатын салық және т.б.
Жанама салықтар – тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет құны
арқылы алынады.
- қосылған құнға салынатын салық
- акциздер
- баж салық.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді.
Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілмегендіктен, іс
жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай
салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатта
жұмсалады.
Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын-ала белгіленген міндеттер
бойынша нақтылай шараларға жұмсалады. Мысалы, көлік құралдарына салынатын
салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмасалады.
Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне
қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мына салықтар жатады:
1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық;
3) акциздер;
4) бағалы қағаздармен жасалынатын операцияланға салынатын салық;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

1.2. Салық салу механизмі.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының
негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру
және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске
асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден
тұратын күрделі модель.
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары
және осы қатынасты анықтайтын салықтар : салық механизмі, яғни салық салу
әдістері мен жолдары: нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар: салық салуды
басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен
жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру,
салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизіміне жатады.
Салық жүйесінің жақсы да тиімді қызмет істеуіне салық салу механизімінің
тигізер ықпалы өте зор.
Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек
тоқталайық.
Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер
болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық
элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері мыналар:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық
оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық
төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың
төлеуін бақылау, салықтың жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.
- Салық субъектісі (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу
міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
- Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету,
ақшамен жасалынатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды
пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
- Салық көзі – салық салынатын табыс.
- Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
- Ставкалар тұрақты немесе пайызбен белгіленеді.
- Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлжшеріне
байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен тағайындалады.
- Пайыздық ставкалар үш түрге бөлінеді; үдемелі немесе прогрессивті,
регрессивті және пропорционалды.
Үдемелі немесе прогрессивті ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне
сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың
төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.
Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісіне мөлшеріне
байланыссыз, тұрақты бір пайызбен тағайындалады.
- Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен
төлейтін салық сомасы.
- Салық жеңілдіктері дегеніміз – заңға сәйкес салық төлеушіні
біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне
салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық
ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімімен ұзарту жатады.
- Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
- Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзіиде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде
белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де, мынадай
тәртіппен іске асырылады:
а) бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді, содан соң

акциздер және баж салығы;
ә) екінші кезеңде жерлікті салықтар мен алымдар;
б) үшінші кезеңде басқа салықтар мен алымдар.
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері
салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан
Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығы Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Ресупбликасы
Үкіметінің актілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің
нормативтік актілері.
Салыққа қатысты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелерді
енгізуге тыйым салынған.

1.3. Шардара ауданы бойынша салық қызметінің құрылымы мен мәртебесі және
есеп беруі мен талдауы.

Шардара ауданынының салық қызметі органы заңды тұлға болып табылады,
ол республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық қызметі органы
орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы
және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап
отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара
ақпарат алмасады. Мемлекеттік Өкімет органдары Қазақстан Республикасының
салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да
төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді
атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі
органына жәрдемдесіп отырады.
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері:
1) салық төлеушілерді құқықтары мен мемлекет мүдделерін сақтау
және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен уақтылы
төленуіне бақылау жасау;
2) салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің, есебін
уақтылы алу;
3) салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның және
басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;
4) салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақтылы төлемеушілерге,
салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды
және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану;
5) салық төлеуден жалтарып жүрген заңды және жеке тұлғаларды
салық полициясының бөлімшелеріне бірігіп іздестіруді жүзеге
асыру;
6) мәліметтер құпиясын сақтау.
Салық қызметі органдарының мынадай құқықтары бар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар
негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын,
бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай
қаражатын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп
айырмаларын, декларация мен бюджетке салық пен басқа төлемдерді есептеу
мен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;
2) ұйымдардың лауазымды адамдарына салық жөнінде тексерулер барысында
пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша
түсініктеме алуға;
3) салық полицясы бөлімшелерімен бірлесе отырып салық тергеулерін
жүргізуге;
4) өз өкілеттігін жүргізген кезде қорлданылып жүрген заңдарға сәйкес,
ұйымдар мен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе тұрған жеріне
қарамастан, салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты
пайдаланылатын кез-келген өндірістік, қойма, сауда, және басқа үй
жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық
қызметі органдарының лауазымды адамдарын аталған үй жайларын тексеруге
жіберуден бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектілердің
салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар
негізінде анықтауға құқы бар;
5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және
азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салуға;
6) салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімде төленбеген кезде,
салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша валюта
қаражатының тізімдемесін жасауға;
7) Қазақстан Ресупбликасы Ұлттық Банкі мен оның бөлімшелерінде
заңдарымене белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданы
бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуге;
8) қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден,
биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың
кәсіпкерлік қызметі, операциялары және шотындағы ақша қаражатының жай-
күйі туралы мәліметтерді алуға.
9) Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше
сенім білідіру болып табылады және мемлеттік қызметшілердің
адамгершілігіне және моральдық – этикалық бейнесіне жоғары талаптар
қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш – жігерін, білімі мен
тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны -
Қазақстан Респулбликасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім
білідіреді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-
намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері)
(бұдан әрі – кодекс) Мемлекттік қызмет туралы 1999 жылғы 23 шірдедегі
Қазақстан Республикасының заңына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы
қабылданған моральдық – этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілері мінез – құлқының негізгі стандарттарын
белгілейді.
- Мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің
қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол үшін өзінің
жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;
- Жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш жігерін жұмсауға, қойылған
міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолдануға, меніп
тапсырылған мемлекеттік мүліктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрі тиімді
пайдалануға;
- Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
- Мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекетті
болдырмауға, мемлкеттік қызметшінің жеке мүдделерін қозғайтын мәселелер
жөнінде шешім қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметіне араласпауға;
- Кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық
субъектілерінң мүдделерін сүйемелдеуге жол бермеуге;
- Қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға
пайдалануға жол бермеуге;
- Қызметі жоғары немесе төмен тұрған не өзімен қызмет немесе жұмыс
бойынша өзге де тәуелділіктегі адамдармен ақшалай немесе өзге мүліктік
сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;
- Мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды
тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметін пайдалану фактілеріне жол
бермеуге;
- Заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, Қазақстандық немесе шет
елдік жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілік және шетелдік
туристтік, емдеу – сауықтандыру және өзге де сапарларға шаруалардан бас
тартуға;
- Өзінің іске көз қарасымен және жеке мінез – құлқымен ұжымда орнықты
және жағымды моральдық психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге.
(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар – намыс кодексі
және этикасы 2005 жылғы 3-ші мамырдағы Жарлық.)
Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару барысында
оларды заң қорғайды және республикалық бюджет қаржы есебінен міндетті
түрде жеке сақтандырылуға тиіс.
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге
сәйкес қызмет ету керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты
және тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып
келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық,
әділеттілік, салыстыру принциптері.
Қарапайымдылық принципі. Бюджеттің кіріс көзін құраудағы, салықтар
мен төлемдердің тиімді түсуінің ең басты кепілі болып саналады.
Салық жүйесі қарапайым да айқын болуы қажет, салық төлеушінің
түсінуіне жеңіл болуы керек. Бұл үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс:
- салықтардың түрлері аса көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;
- белгілі бір салықтың түріне біріңғай салық ставкасын белгілеу
қажет;
- салық салу объектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды
анықтау әдісі мейілінше жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және
түсінікті болғаны дұрыс;
- салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екені
дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейілінше азайғаны керк;
- салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден
төлеген ықтимал.
Әділеттілік принципі. Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей
және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
Тікелей әділеттілік принципі дегеніміз, салық ставкасы, салық
мөлшері, төлеушінің табысына тікелей байланысты болып, соның негізінде
белхгілегуі қажеттігін қарастырады. Салық савкасының шегі аса жоғары
болғаны жөн, себебі мұндай жағдайда салық төлеушінің табыс табуға ынтасы
төмендеп, табыс аззайуы мүмкін, ал бұдан салық та сөзсіз азайады.
Көлденең әділеттілік принципі дегеніміз, тиісті жағдайда біріңғай
салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылу керектігін қарастырады.
Салық төлеушілер белгілі бір табыс немесе қызмет түрінен, мүлкінен бірдей
ставкамен салық төлеу тиіс.
Салыстыру принципі. Бұл принцип бойынша, салық ставкаларын бекіткен
кезде ол ставкалар мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрен ставкалармен
салыстырылып, солардың деңгейінде белгіленуі тиімді. Себебі, шектен тыс
жоғары ставкалар өндірісті дамытуға емес, керісінше оны тоқтатуға әсер
етеді, шетелдік инвесторлардың ынтасын төмендетіп, олардың республика
экономикасына қаржыларын салуына кедергі болуы мүмкін. Ал, салық
ставкаларының басқа елдерде қолданылып жүрген ставкалардан едәуір төмен
болуы, алдымен, мемлекет бюджеттінің кіріс көзінің құралуына теріс ықпал
жасауы ықтимал. Қорыта айтқанда, салық төлеуші салықты міндетті түрде
табыс мөлшеріне қарай төлеуі тиіс.
- салық төлеу мерзімі, әдісі, салық мөлшері салық төлеушіге айқын да,
дәлелді болуы керек;
- салық төлеу мерзімі, салықты есептеу әдісі, төлеу тәртібі салық
төлеушіге барынша ыңғайлы болғаны болғаны қолайлы.
Салық алудың үш түрлі тәсәлі бар: кадастрлық, салық төлеушінің
декларациясы бойынша, табыс табу көзінен. Кадастрлық тәсіл бойынша салық
салу объектісінің тіркеу арқылы, одан түсетін табыстың нақты мөлшеріне
байланыссыз алынады. Мысалы: жер салығы, мүлік салығы.
Декларация бойынша салық, салық төлеушінің декларацияда көрсеткен
табыс көлемінде байланысты және онда көрсетілген шегерістер мен
жеңілдіктерді ескере отырып анықталады.
Үшінші тәсіл, яғни табыс көзі бойынша салық, салық төлеуші қызмет
ететін жұмыс орнындағы бухгалтерия қызметкерлерінің есептеуімен анықталып
төленеді. Бұл үш тәсіл де, салық механизмі құрамына енеді.
Аудан экономикасының нығайып дамуына белгіленген бюджет жоспарының
орындалынуына қосымша салық көздері айқындалып бүгінгі күнге артып отыр.
1995 жылы шаруашылықтар саны небәрі 218 болса, 2001 жылдың бірінші
шілдесіне 3989, ал жеке кәсіпкерлер саны 1995 жылы 64 болса, бүгінгі күнде
184 болып артып отыр.
Салық комитеті автоматизациялануда : компьютер, факс, ксерокс және
кіші есептеу құралдарымен жабдықталған. 2000 жылдың сәуір айынан бері
Интернет жүйесіне қосылып, байланыс жұмысын едәуір жақсартып алды.

Кесте 1 - Шардара ауданы бойынша бюджет төлемдерінің
2003-2004 жылдарға салыстырмалы талдауы.

КБК Салықтардың аталуы Орын-далОрын-далАйыр %-тік Айырма
код-тары ғаны ғаны ма орындасебебі
2004 2003 л-ғаны
101101 Резидент заңды 44420 66198 -2174867 Шардара
тұлғалардан ГЭС-і АА
алынатын
корпоративтік табыс
салығы
103101 Әлеуметтік салық 174917 149075 25842 117 Аудан
мекемелер
104101 Заңды тұлғалардың 25020 23488 1532 115 Шардара
және жеке маќта
кәсіпкертелдің
мүлкіне салынатын
салық
104102 Жеке тұлғалардың 1691 1466 225 88 Жеке
мүлкіне салынатын тұлғалар
салық дан
толығымен
өндірілді
104302 Елдімекендердің 1421 1615 -194 143 Жеке кәсіп
жерлеріне салынатын алынды
жер салығы
104308 Жер салығы 2517 1765 752 72 Жер салығы
бойынша
104401 Заңды тұлғалардың 1501 2084 -583 116 Кейбір
көлікқұралдарына аудан
салынатын салық мекемелер
104401 Жеке тұлғалардың 4068 3493 575 57 Аудан
көлік құралдарына көлік
салынатын салық автотранспо
рты
105101 Қосымша құн салығы 52864 92062 -3919839 Шардара
ГЭС АҚ
104501 Біріңғай жер салығы3346 8558 -5212 332 маќта
бағасының
төмендеуі
105316 Табиғатты қорғау 16585 4995 11590 38 Шардара
қоры ГЭС АҚ
108115 Баж салығы 5 13 -8 38,5 Әртүрлі
құжаттар-ды
ң
рәсімде-луі
не
байланыс-ты
ТС басқа салықтар мен 55947 71970 -1602377
төлемдер
Барлығы 384302 426782 -4248090

Әлеуметтік салық аудан мекемелерінің қарызы өтеліп, аванстық төлемдері
117%-ға орындалды. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне
салынатын салық 107%-ға орындалған, оған Шардара маќта Оңтүстік су
шаруашылығына 700 мың теңге артық төлеген. Жеке тұлғалардың мүлке
салынатын салық жеке тұлалардан толығымен өндіріліп 115%-ға орындалды.
Елдімекендердің жерлеріне салынатын жер салығы жеке кәсіпкерлердің алынған
жер салығы 104308 салық кодына өндірілуіне байланысты 88%-ға орындалды. Жер
салығы жеке кәсіпкерлердің 2003-2004 жылдардағы мақта бағасының қымбаттауы
мен 143%-ға жер салығы төленіп отыр. Біріңғай жер салығы мақта заводтары
мақтаның ақшасын баяу есеп айырысуын жүргізгендіктен 39%-ға орындалып отыр.
Табиғат қорғау қоры Шардара ГЭС және Нимекс корпорациясы ақша аударуына
байланысты 332 пайызға жетіп отыр. Баж салығы әртүрлі құжаттарды рәсімеуші
мекемелердің жұмысына байланысты 38,5 %-ға орындалды.

Кесте 2- Қазақстан Республикасы бюджеттінің кіріс бөлігі құрылымы.

2003 2004 Ауытқу %
Заңды тұлғалардан алынатын17,0 18,6 1,6 109,0
табыс салығы
Жеке тұлғалардан алынатын 12,0 12,3 0,3 102,5
табыс салығы
ҚҚС 31,0 29,1 -1,9 93,8
Акцизді салық 4,0 4,0 - -
Кеден баждары 2,5 2,6 0,1 104,0
Басқа да салықтар (мүлікке24,5 24,4 -0,1 99,6
салынатын салық, жер
салығы)
Салықтық емес түсімдер 9 8 -1 88
Барлығы 100 100

2004 жылы мемлекеттік бюджетке салықтың барлық түрлерінен 492661,2 мың
теңге түсті, ал бекітіген жоспар 481412,0 мың теңге түседі деп болжанып,
жоспардан 11249,0 мың теңге артық салық түсті.
Кіріс көздеріне талдау жасағаны мызда 2003 жылмен салыстырғанда 2004
жылы түскен түсім жеңгейі 98133,0 мың теңге артық болып отыр. (2003 жылғы
салық - 394528 мың теңге, 2004 жылы – 492661 мың теңге). Мұның себебі
бюджеттік мекемелердегі қызметкерлердің айлық жалақыларының 25 пайызға
көбейгендігін 2003 жылға қарағанда 2004 жылы табыс және әлеуметтік
салықтардың артығырақ түсуіне және төмендегідей бірнеше мекемелердің 2003
жылмен салыстырғанда 2004 жылы көп салық төленгендігі болып отыр.
Кесте 3- Шардара ауданы бойынша бюджеттінің кіріс бөлігі.
Мекемелердің аты 2003 жылы 2004 жылы Айырмасы
Шардара ГЭС-і АҚ 144270,5 173623,0 29352,5
Шардара маќта АҚ 19106,5 24870,7 5764,2
Корп. Нимекс ЖШС 11351,0 18797,0 7446,0
Жер – су – Жол - Сервис ЖШС 2496,2 8550,2 6054,0
Оңтүстік Сушар 2782,1 15351,5 12569,4
Барлығы: 180006,3 241192,4 61186,1

Жергілікті бюджетке келсек, жалпы жыл бойында жоспар 10 рет нақтыланып,
жан-жақты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде контингент 360000 мың теңге,
жергілікті яғни аудандық бюдет 24500,0 мың теңгеге көбейтілді. Мемлекеттік
ортақ қазынаны әркез толықтырып отыруда ааудандық буындағы алым-салық жинау
қызметкерлерінің өздеріне жүктелген зор жауапкершілікті жақсы түсіне отырып
еткен қажырлы еңбектерінің арқасында аудандық бюджетке 2003 жылмен
салыстырғанда 2004 жылы 26119,0 мың теңге артық түсті (2003 жылы контингент
– 261861, жергілікті бюджет – 163782 м.т., 2004 жылы контингент – 298852,
жергілікті бюджет – 189901 м.т.).
2004 жылдың қорытындысы бойынша 3 салық түрінен жоспар орындалмады:
Жеке тұлғалардың төлем көзінен ұсталынатын табыс салығы мен әлекметтік
салықтан орындалмаған себебі:
Салықтардың бұл түрінен 293 – заңды тұлғалар төлеуі керек деп
тіркелген, оның ішінде 83 бюджеттік мекеме есептелінген салық сомасын
желтоқсан айына дейін толық аударып отырмағандықтан және желтоқсан айында
бұл салық түрлерінен ешқандай сома аударылмаған. Жалпы осы себептерге
байланысты әлеуметтік салықтан 2005 жылдың 1-ші қаңтарына бюджеттік
мекемелердің қарызы 17485,7 мың теңге болды.
Осы сомаға қарыз бюджеттіңк мекемелердің тізімі аудандық әкімшілік пен
аудандық қаржы бөліміне беріліп, бүгінгі таңда әлеуметтік салықтың қарызын
төлеу мақсатында ақша бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Ал жеке тұлғалардан төлем көзінен ұсталынатын табыс салығы негізінен
жылдық жоспар артық жоспарланған, себебі жалпы 2005 жылдың 1-ші қаңтарына
аудандағы мекемелердің бюджет алдындағы қарызы 1587,0 мың теңгеге, ал
жоспар 3793,0 мың теңгеге кем орындалып отыр.
Аукциондық сатудан алынатын алымнан – 38,0 мың теңге түседі деп
жоспарланған, бірақ аудан көлемінде аукцион өткізілмегендіктен жоспар
орындалмады.
Өткен 2003 жылмен салыстырғанда кейбір төмендегі салық түрлері кем
өндірілді.
Атап айтқанда:
Жеке кәсіпкерлерден ұсталынатын – 189,0 мың теңге кем өндірілген себебі
кейбір шаруа қожалықтарының 2002 жылғы патент кезінде есептелген табыс
салығынан қалған қарыз сомалары 2003 жылы өндірілген, яғни сол себепті 2004
жылға қарағанда артық түсіп отыр.
Жеке тұлғалардан ұсталынатын мүлік салығының 201,0 мың теңге кем
өндірілген себебі 2003 жылы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың
мүлік салығы 104102 салық кодына түскен болса, 2004 жылы 1047101 салық
кодына түсті. Сол себепті де заңды тұлғалардан ұсталынатын мүлік салығы
өткен жылға қарағанда 9220,0 мың теңге артық өндірілді.
Біріңғай жер салығы 1158,0 мың теңге кем өндірілген себебі 2003 жылы
игерілген жердің орташа бағасы гектарына 246 теңге болса, 2004 жылы 160
теңге болғандықтан салық мөлшері кем өндіріліп отыр.
Лицензиялық алым бойынша 386,0 мың теңге кем өндірілді, себебі
лицензияландырылған алым – саттықпен айналысатын салық төлеушілер саны көп
болмағандықтан және лицензия мерзімсіз уақытқа берілетін болғандықтан кем
өндірілді.
Мерзімді төленбеген салықтар.
Жеке кәсіпкерлерден ұсталынатын табыс салығы бойынша салық
төлеушілердің 2003 жылы бюджет алдында қарызы болмаған, 2004 жылдың соңында
552,0 мың ютеңге қарыз болған себебі жыл соңында бірнеше рет салық
төлеушілердің бет есептерін тексергенімізге қарамастан компьютерленген
салық жүйесіне 2004 жылы ауысқандықтан кейбір соммалар екі рет
есептелінген.
Жеке тұлғалардан ұсталынатын үй іргелік мүлік, жер салықтарынан қарыз
болған себебі жұмыс барысында төленген соммаларды бет есептеріне түсірген
кезде бір фамилиядағы СТТН бойынша түсіргендіктен есептелінген кейбір
салықтар жабылмай қалды, яғни үй әкесінің атына тіркелсе, баласы өз атынан
салық төлегендіктен әкесінің атына есептелінген салық сомасы қарыз болып
баласының атында артық төленіп тұр.
Біріңғай жер салығы бойынша 25,8,0 мың теңге қарыз юолған себебі
біріңғай шаруа қожалықтарына есептелінген соманың жарты төлемінің мерзімі
2005 жылдың 15 жаурызы. Жұмыс барысында есептелінген салықтарды компьютерге
енгізген кезде төлеу мерзімі дұрыс көрсетілмеген. Бүгінгі таңда жоғарғы
көрсетілген кемшіліктер бойынша толық жою жұмыстары жүргізілуде.
Қорыта келгенде, 2004 жыл аудан өмірі үшін толағай табыстарға толы
ерекше сәті кезең болды. Ауданның экономикасы өркендеп, бюджет жоспары
ойдағыдай орындалып, зейнетақы, жалақы сияқты әлеуметтік төлемдер бұрын
проблема болып келген мәселелер шешім тапты.

ІІ. Шардара ауданы бойынша шаруашылық субъектілердің салық есебін
±йымдастыру.
2.1 Корпоративтік табыс салығының есебі.

Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 631
Төленуге жататын ағымдағы табыс салығы деген пассивтік шотында жүреді.
Кесте 4- Корпоративтік табыс салығының ќ±рылымы.

Корпоративтік табыс Салық салынатын Салық Салықтық кезең
салығын төлеушілер объектілер мөлшерлемесі
Заңды тұлға, ҚР Салық салынатын 30% Календарлық жыл
резидент- табыс
тері (бұларға Ұлттық
банкі
мен мемлекеттік ұйым-
дар кірмейді)
Төлем кезінде 15%
алынатын табысқа
салынатын
салықтар
Заңды тұлға, ҚР Салық салынатын 10% Календарлық жыл
резиденттері, олар табыс
үшін жер өндіретін
негізгі құралы болып
табылады
ҚР тұрақты ұйымдар Салық салынатын 30% Календарлық жыл
арқылы қызметін табыс
жүзеге асыратын
резиденттер емес
заңды тұлғалар
Таза табыс 15%
ҚР-да төлем кезінде Төлем кезінде 15% - марапаттау
табыс алатын алынатын табысқа мен қатысу
резиденттер емес салынатын үлесінен алынған
заңды тұлғалар салықтар табыстар,
дивиденттер

Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық
салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен
шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент
еместерді қоспағанда) арасындағы айырма арқылы анықталады:
Салық салынатын табыс = Жылдық табыс жиынтығы – Шегерімдер
Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар,
көрсетілген қызметтер және де басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің
алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқалай қаражаттар, өзара есеп
айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде
шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден
түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін
кірістер; ғимараттарды, қондыжрғыларды сату кезінде құнының өсуінен,
сондай – ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты
олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа
жда сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс;
дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді
жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды
тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның
қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен
кірістер және тағы басқалар жатады.
Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығыынан мыналарды шығарып
тастау керек:
- дивиденттер, ҚР заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем
көзінен ұсталынатындарды;
- кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық
құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және
меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;
- әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда,
гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар
арналымы бойынша пайдаланылса;
- мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі
құралдардың құны;
- зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған
инвестициондық табыстары.
Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты
барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы
бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік
әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай – ақ Қазақстан
Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
және арнайы қорларға салынған шығындар.
Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни
жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім
жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен
шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.
Жылдық табыс жиынтығынан келесідей шегерімдер жасалынады.
Қызмет бабымен іс-сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары
Қазақстан Ресупбликасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:
- іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты
шығындары (билеттің құны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары
жатады;
- шетелдік іс-сапарда жүрген кезінде тәулік шығындары Қазақстан
Республикасының Үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.
Алынған сыыйақы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады:
Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен
депозиттер жатады.
- несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да,
депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе
орналастырылса), онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі
бекіткен қайта қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі
бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел
валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол
Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі
(ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.
- Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы
да шегерімге жатады:

Заңды тұлға- Төлем көзінен ұсталатын
резиденттеріне төлеу көзінен табыс салығының
төлейтін, марапаттау = ұсталынған х мөлшерлемесі
(15%)
және шегерімге марапаттау Корпоративтік салығының
жатқызуға болатын сомасы мөлшерлемесі (30%)
сомасы

Келісім – шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу
кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның)
нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.
Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де
бұрындары күмәнді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе,
онда оның сол төлеген деңгейінде шегерім жасалуға рұқсат етіледі.
Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса
және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз
талабы – негізінен Қазақстан Республикасының заң тұлғалары және жеке
кәсіпкерлері көрсетілген қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының
нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Респубикасында тұрақты
ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға – резидент
еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде,
немесе Қазақстан ресмпубликасының заңына сәйкес салық төлеуші -
дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.
Резервтік (провизиялық) қорларға аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз
қызметін заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын
жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру
зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған
аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай құқықтар
банктерге де, ұйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері,
несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда) дебиторлық қарыздары,
аккредетивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді
категориясына жатқыру тәртібін және жағдайын Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісі осы жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың
келісімі бойынша анықтайды.
Ғылыми – зерттеу, жобалық және тәжірибе – конструкторлық жұмыстарына
жасалған шығындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал – жабдықтарды
алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтардың экономикалық мазмұны және мәні
Қазақстанның салық жүйесі жайлы
САЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
Салық жүйесін ұйымдастыру және оның принциптері
Салықтар және олардың атқаратын функциялары
Жанама және тікелей салыққа сипаттама
Салықтар қызметтері
Салық мәні,мазмұны және элементтер. Қазақстанның салық жүйесі
Жанама салықтарды есептеу және төлеу механизміжәне олардың бюджеттегі орнын талдау (Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық Комитетінің мәліметтері негізінде)
Салықтың мәні мен түрлері
Пәндер