М. Жұмабаев



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РОМАНТИКАЛЫҚ САРЫН ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 М.Жұмабаев поэзиясының тақырыптық ауқымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Лирикалық каһарман . ақын бейнесінің айнасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 М.ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.1 Ақын шығармашылығындағы ерлік рухының бейнеленуі ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Мағжан поэзиясының поэтикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Курс жұмысында М.Жұмабаев поэзиясындағы романтизм қырлары арнайы түрде қарастырылып отыр. Романтизм проблемалары Мағжан шығармашылығына ғана байланысты емес, жалпы қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми танымнан өткізуде де өзіндік орны бар теориялық мәселе. Курс жұмысында қазақ әдебиетіндегі романтизм арнасы да сөз болып ондағы ақын поэзиясының орны, аталған іргелі әдеби бағыттың дамуына қосқан үлесі, өзіндік жаңашылдығы айқындалады. Әрі суреткердің негізгі бейнелеу тәсілі мен реализм, сентиментализм, символизм сынды көркемдік әдістерінің өзара байланысы, сабақтастығы сөз болады. Сөйтіп, романтизмге ерекше мән беріліп, жалпы бейнелеу тәсілдерінің эволюциялық тенденциялары мен диалектикалық бірлігіне талдау жасалынады.
Курс жұмысының өзектілігі: М.Жұмабаевтың әдеби мұрасы соңғы жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлі қырынан зерттелініп, қарастырып келеді. Алайда оның арналы ерекшеліктерінің бірі болып табылатын бейнелеу тәсілдері жөніндегі мәселеге қажетті деңгейде назар аударылмай жүр. Соның нәтижесінде, ақын поэзиясының ең негізгі бейнелеу тәсілі – романтикалық тәсілдің идеялық-көркемдік мазмұны да арнайы зерттеу нысанасына айналды.
Курс жұмысының мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың көркем шығармаларындағы, жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ақын романтизмінің табиғатын, маңызы мен орнын айқындау. Аса көрнекті суреткердің лирикасы мен поэмасындағы романтизмнің туу,қалыптасу себептерін ашып, қоғамдық жағдайлармен байланыстыра отырып, олардың идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін қарастыру.
Курс жұмысының міндеті: Ақын романтизмінің тарихи-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық және философиялық негіздерін көрсетіп, оның ұлттық табиғатына ерекше мән беру; Қаламгер лирикасындағы романтизмді тақырыптық, әрі хронологиялық жағынан қарастыра отырып, оның ішкі ағымдарының идеялық-көркемдік мазмұнына сипаттама жасау, олардың даму процесін ашу; Романтикалық поэма саласындағы ақындық ерекшелігі мен көркемдік жетістіктеріне көңіл бөлу; Суреткер поэзиясындағы романтзмді қазақ әдебиеті тарихындағы романтизм бағытының ірі көрінісі екендігін таныту; Романтикалық бейнелеу әдісі арқылы келген ақынның жаңалықтарына тиісті бағасын беру; М.Жұмабаев романтизмін әлем әдебиетіндегі кейбір романтиктермен өзіндік ерекшеліктер және ұқсас қырлары тұрғысынан бағалау; Ақынның негізгі бейнелеу әдісінің сыр-сипатын толымды ашу мақсатында, оның шығармаларындағы өзге де көркемдік әдістер ерекшелігін баяндап, олардың табиғи бірлігін айқындау.
Зерттеу жұмысының нысаны: Ақынның романтикалық лирикасын мазмұнына қарай жүйелеп, олардың романтизмнің әртүрлі ағымдарына қарай топтастырылуы. Қаламгердің романтикалық поэмаларының табиғатын ашып көрсету. М.Жұмабаев шығармаларының көркемдік бейнелеу тәсілдерін таныту, жалпы ұлттық сөз өнері тарихындағы маңызды әдеби- көркем құбылыстың қыр-сырын анықтау.
Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.
1. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы. Жинақта: Бес арыс. Алматы, 1992, 278б
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969ж. 205 б
3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994,189 б
4. История всемирной литературы. В 9-ти томах т.М.,1989 12-13б
5. Бердібаев Р. Ақын тағдыры .Жинақта: Бес арыс. Алматы, 1992, 336
6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991, 231-232 б
7. Поспелов Г.Н. Проблемы исторического развития литературы. М., 1972. 105б.
8. Гуляев Н.А. «Социально-эстетическая сущность романтизма» . Жинақта: Русский романтизм. М. 1974, 7 с.
9. Аймауытов Ж Мағжанның ақындығы туралы .Жинақта:Бес арыс.Алматы.1992, 290 б
10. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992, 344 б.
11. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1995, 253 б.
12. Елеукенов Ш. Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі. Алматы, 1995, 199 б.
13. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994, 228б.
14. Нұрғалиев Р. Телағыс. Алматы, 1988, 209 б.
15. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы, 1995, 137б.
16. Историко-литературный процесс. Проблемы и методы научения. Под ред. А.С.Бушмина. Л., «Наука», 1977, с 295.
17. Неупокоева И.Г. Революционно-романтическая поэма первый половины ХІХ в. Опыт типологии жанра. М., 1977, с 50.
18. Тілешов Е. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы романтизм 10.01.08 -әдебиет теориясы 10.01.02.-қазақ әдебиеті. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. - Алматы 1997ж. 30 б
19. Жұмабаев М. Шығармалары - Алматы, "Жазушы", 1992. 477б
20. Құнанбаев А Шығармалары - Алматы 2004
21. Кәрібаева Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналар ы Астана «Елорда». 2001-312 б.
22. Кемелбаева А. Мағжан романтизмі // Қазақ әдебиеті 2007
23. Қанарбаева Б . Мағжан поэзиясындағы фольклорлық сарын -А.2001
24. Қанарбаева Б. Мағжан символист -Алматы .,2007 -529 б

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
М.ЖҰМАБАЕВ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РОМАНТИКАЛЫҚ САРЫН ... ... ... ... ... ... ... .. .7
1.1 М.Жұмабаев поэзиясының тақырыптық ауқымдылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Лирикалық каһарман – ақын бейнесінің айнасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 М.ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАСЫНЫҢ
ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 Ақын шығармашылығындағы ерлік рухының
бейнеленуі ... ... ... ... ... ... . ... .20
2.2 Мағжан поэзиясының
поэтикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 31

КІРІСПЕ
Курс жұмысында М.Жұмабаев поэзиясындағы романтизм қырлары арнайы түрде
қарастырылып отыр. Романтизм проблемалары Мағжан шығармашылығына ғана
байланысты емес, жалпы қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми танымнан өткізуде
де өзіндік орны бар теориялық мәселе. Курс жұмысында қазақ әдебиетіндегі
романтизм арнасы да сөз болып ондағы ақын поэзиясының орны, аталған іргелі
әдеби бағыттың дамуына қосқан үлесі, өзіндік жаңашылдығы айқындалады. Әрі
суреткердің негізгі бейнелеу тәсілі мен реализм, сентиментализм, символизм
сынды көркемдік әдістерінің өзара байланысы, сабақтастығы сөз болады.
Сөйтіп, романтизмге ерекше мән беріліп, жалпы бейнелеу тәсілдерінің
эволюциялық тенденциялары мен диалектикалық бірлігіне талдау жасалынады.
Курс жұмысының өзектілігі: М.Жұмабаевтың әдеби мұрасы соңғы жылдардағы
қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлі қырынан зерттелініп, қарастырып
келеді. Алайда оның арналы ерекшеліктерінің бірі болып табылатын бейнелеу
тәсілдері жөніндегі мәселеге қажетті деңгейде назар аударылмай жүр. Соның
нәтижесінде, ақын поэзиясының ең негізгі бейнелеу тәсілі – романтикалық
тәсілдің идеялық-көркемдік мазмұны да арнайы зерттеу нысанасына айналды.
Курс жұмысының мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың көркем шығармаларындағы,
жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ақын романтизмінің табиғатын, маңызы мен
орнын айқындау. Аса көрнекті суреткердің лирикасы мен поэмасындағы
романтизмнің туу,қалыптасу себептерін ашып, қоғамдық жағдайлармен
байланыстыра отырып, олардың идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін қарастыру.
Курс жұмысының міндеті: Ақын романтизмінің тарихи-әлеуметтік, әдеби-
эстетикалық және философиялық негіздерін көрсетіп, оның ұлттық табиғатына
ерекше мән беру; Қаламгер лирикасындағы романтизмді тақырыптық, әрі
хронологиялық жағынан қарастыра отырып, оның ішкі ағымдарының идеялық-
көркемдік мазмұнына сипаттама жасау, олардың даму процесін ашу;
Романтикалық поэма саласындағы ақындық ерекшелігі мен көркемдік
жетістіктеріне көңіл бөлу; Суреткер поэзиясындағы романтзмді қазақ әдебиеті
тарихындағы романтизм бағытының ірі көрінісі екендігін таныту; Романтикалық
бейнелеу әдісі арқылы келген ақынның жаңалықтарына тиісті бағасын беру;
М.Жұмабаев романтизмін әлем әдебиетіндегі кейбір романтиктермен өзіндік
ерекшеліктер және ұқсас қырлары тұрғысынан бағалау; Ақынның негізгі
бейнелеу әдісінің сыр-сипатын толымды ашу мақсатында, оның шығармаларындағы
өзге де көркемдік әдістер ерекшелігін баяндап, олардың табиғи бірлігін
айқындау.
Зерттеу жұмысының нысаны: Ақынның романтикалық лирикасын мазмұнына
қарай жүйелеп, олардың романтизмнің әртүрлі ағымдарына қарай топтастырылуы.
Қаламгердің романтикалық поэмаларының табиғатын ашып көрсету. М.Жұмабаев
шығармаларының көркемдік бейнелеу тәсілдерін таныту, жалпы ұлттық сөз өнері
тарихындағы маңызды әдеби- көркем құбылыстың қыр-сырын анықтау.
Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

1 АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РОМАНТИКАЛЫҚ САРЫН

1.1 М.Жұмабаев поэзиясының тақырыптық ауқымдылығы
М.Жұмабаев поэзиясындағы романтизмінің тарихи- әлеуметтік, әдеби-
эстетикалық жән философиялық негіздері қарастырылады. Олардың әрқайсысы
жеке-жеке бөлімдерге бөлінген. Қандай да болмасын әдеби бағыт, ағым,
көркемдік әдіс белгілі бір тарихи жағдайлардың, әлеуметтік құбылыстардың
жемісі екендігі мәлім. Романтикалық бейнелеу тәсілінің де сондай тарихи –
қоғамдық негіздері болды. Ж.Аймауытов оның тууын ауыспалы, көшпелі
дәуірмен байланыстырса [1, 2б], Қ.Жұмалиев оны феодалдық формация орнына
өзге қоғамдық қатынастардың қанатын кең жая бастауынан көреді [2, 205б].
Романтизмнің ауыспалы кезеңде өркен жаятынын әлем әдебиетіндегі осы
бағыт өкілдерінің шығармашылдығы да көрсетіп отыр. Бұған қазақ
әдебиетіндегі романтизм тәжірибелері де қажетті мысал бола алды. XIX
ғасырдың орта шенінде қазақ даласына буржуазиялық қарым- қатынастардың
дендеп ене бастауы, соның нәтижесінде, қоғамдық-әлеуметтік жаңа
тәртіптердің халық тұрмысына, салт-дәстүріне, сана-сезіміне кері ықпалы
Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы т.б. өлең-толғауларында романтизмді дүниеге
әкелді. Капитализм орнықтыра бастаған қоғамдық институттарды, әрі оның
отарлау саясатымен бірге келуін романтикалық тұрғыдан сынау, бейнелеу XX
ғасыр басындағы ақындардың да шығармаларынан көрініс тапты. Белгілі ғалым
Ә.Қоңыратбаев бұл жөнінде: ...Дулат пен Шортанбай сол заманның алғашқы
сыншылары болып оны романтизм мұнарасынан сынады. Ол сарынды кейін
Әбубәкір, Мұрат, Нұржан, Жүсіп, Базарлар жаңа жағдайда жаңғырта жырлайды-
деп жазады [3, 12б]. Романтизмнің қандай түрі болса да, негізінен,
бостандық, тәуелсіздік, азаттық идеяларымен сабақтаса көрінеді. Тарихи
дәуіріне, ұлттық ерекшелігіне қарай ол әртүрлі мазмұнда болып келеді. Әлем
әдебиетінің сан ғасырлық тәжірибесін жинақтап,күрделі ғылыми танымнан
өткізген Дүние жүзі әдебиеті тарихының романтизм дәуіріне арналған
томында жалпы әлемдік әдебиеттегі романтизмнің туып қалыптасуы—екі іргелі
тарихи – әлеуметтік себеп арқылы көрсетіледі. Оның біріншісі- Буржуазиялық
қоғамның қарама- қайшылықтары шиеленіскен елдердің әдебиетіне, екіншісі-
бөтен елдердің ұзақ уақыттық билігінен тәуелсіздігін жеңіп алу жолындағы
халықтардың әдебиетіне тән болып келеді [4, 336б]. Осы әлем халықтары
әдебиетінің даму ерекшеліктерінен тұжырымдалған орайлы ғылыми тұжырымды
елесек, онда қазақ сөз өнері тарихындағы романтимнің туып қалыптасуын
жоғарыда аталған екінші себептен ізденісіміз дұрыс болады. Капиталистік
қарама-қайшылықтары шиеленіскен Франция, Англия, Германия т.б. Еуропа
әдебиеттеріндегі романтизмнің тууына XYIII ғасыр аяғындағы Ұлы француз
революциясы әсер етіп, оларда негізінен, буржуазиялық қоғамға сай жеке адам
бостандығы, еркі алдыңғы қатарға шықса, отаршылдық саясатқа деген
қарсылықтан туған қазақ романтизміне-жалпы ұлттың тәуелсіздігі мен
азаттығын көтеру, өзге елдің езгісінен туып жатқан шаруашылық, тұрмыстық
өзгерістерді қабылдамау, олардың халықтық салт-санаға әсерін сынау етене
жақын. М.Жұмабаев поэзиясындағы романтизмге осындай себептер ортақ болады.
Сонымен бірге, зерттеуде үстіміздегі ғасыр басындағы ұлт- азаттық
қозғалысы, ояну дәуірінің және кейініректегі кеңес саясатының ықпалы да
ақынның бұл бейнелеу тәсілінің тарихи-әлеуметтік негіздері ретінде
көрсетіледі.
Кеңес өкіметінің орнауы, оның әміршіл-әскери саясаты Мағжанның
бірқатар шығармаларының романтикалық пафосын дүниеге әкелді. Большевиктік
тәртіптерге көңілі толмаған ақын өз заманының шындығына, өткен дәуірлердегі
қазақтың еркін дәуренін қарсы қоя суреттейді.Мұндай қарсылық реализмдегідей
әлеуметтік саралауға құрылған сын болмай, романтикалық дүниетану ерекшелігі
тудырған наразылық болып отырады. М.Жұмабаевтың мұндай шығармаларында
бірінші қатарға қоғамның объективті заңдылығы емес, осылай болса деген
сенімі мен идеалы шыққан. Бұл романтизм еді [5, 336б]. Мағжанның мұндай
шығармаларының қатарына бірнеше өлеңдерімен бірге Ертегі, Оқжетпестің
қиясында, Қорқыт, Батыр Баян поэмаларын жатқызамыз.
Мағжан романтизміне, сөз жоқ, өз дәуірінің азаттық аңсаған әдебиетінің
де ықпалы болды. Мұндағы мәселені әдеби әдістің тікелей әдеби әдіске әсері
төңірегімен шектемей, ұлттық сананы оятуға арналған идеялардың бейнелеу
тәсіліне әсерімен түсіндірген абзал. А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б.
қайраткерлер қаламгерлердің шығармалары Мағжан романтизміне әсер етуші
факторлардың бірі. Сондай-ақ, Қазақ, Айқап сынды ұлттық басылымдардың
мазмұны да романтик болып қалыптасатын қалам иесінің идеялық мақсатына
соқпай өткен жоқ. Қазақ газетінің ғасыр басындағы әдебиеттегі айрықша
орнын кезінде М.Әуезов аса жоғары бағалаған еді [6, 231б].
Бұл әдеби бағыттың теориясы мен тарихына арналған еңбектерде оның
әдеби-эстетикалық қайнар көздері ретінде ауыз әдебиеті мен сентиментализм
жиі аталады. Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты абсолютті идеяларды көтеруі,
суреттеудегі универсализм мен шарттылығы образдарының рухани жағынан
күштілігі романтизм эстетикасының бірқатар негізгі белгілерінің іргетасын
қалады. Мағжанның аңыздық, ертегілік сюжеттерге құрылған шығармаларынан
осыны аңғарамыз.Өзінің туу тарихында романтизм сентиментализм қазақ
әдебиеттану ғылымында еленбей келеді.Тағдыр мен тұрмыс тауқыметіне ұшыраған
жандарға аяушылық білдіретін сентиментализм қазақ әдебиетінде қазақ қызы
мен кедейдің ауыр өміріне байланысты көрінді.
Мағжанның Зарлы сұлу , Шын сорлы , Тілегім , Алданған сұлу
өлеңдерінде сентименталистік сезімшілдік пен аяушылық басым.
Сентименталистер романтизмді субьективтілік, сезімшілдік жағынан даярлады
да оның алғашқы сатысы болды.
Әдеби бағыт, көркемдік әдіс тарихи-әдеби категория болумен бірге, оның
негізінде белгілі бір дүниетану ерекшелігі де жатады. Орыс ғалымы
А.Н.Гуляеев дүниетаным сипатын романтизмдегі ең шешуші мәселе деп санайды
[7, 105б]. Материалдық дүниеден гөрі адамның рухын бірінші кезекке қоятын
романтиктер болмыстан да, идеяны ілгері оздырып жіберетін идеалистер еді.
Сондықтан да, романтизмнің философиялық негізінде-идеализм жатады. Өмірдің
қоғамның обьективті дамуынан да өзінің идеалды арманы мен қиялын биік
қойып, оларға елітетін, содан барып ішкі әлеміндегі субьективті пікірлерге
бейім тұратын, баршасын романтикалық идеалға түсіріп, абсолютті, шартты
бейнелеулерге баратын, тарихтың өзін субьективті менімен өткізіп, соған
телулі етіп суреттейтін суреткерді материалист еді дей қоймасақ керек-ті.
Ақынды материализмге әкелудің де қажеті шамалы. Мағжанның идеалист
қаламгер екендігін кезінде Ж.Аймауытов та жазған [1].
Мағжанның алғашқы әдеби тәжірибелерден шығандап шырқап қаламының дара
қолтаңбасын таба бастауы-ұлт-азаттық қозғалыстың қарқынды кезеңімен тұспа
-тұс келеді.Азаттық күніні аңсаған қайраткер азаматтардың саяси-мәдени іс-
шаралары, Қазақ, Айқап сынды басылымдардың ояну дәуіріндегі ерен
еңбектері табиғаты әсершіл жас дарынды жігерлі де, сенімді поэтикалық
ойларға бастады. Соның негізінде шамамен 1914-15 жылдар шегінде М.Жұмабаев
лирикасына өршіл пафос ене бастайды.Бұл өлеңдер идеясы жағынан төңкерісшіл
романтизм үлгілері еді. Есімде... тек таң атсын, Жер жүзіне ,Тез барам
өлеңдерінен басталатын төңкерісшілдік рух Бостандық, Мен кім?,
Пайғамбар өлеңдерінде жалғасын табады. Болмысқа деген үзілді-кесілді
қарсылық, оны өзгертуге деген күмәнсіз сенім, абсолютті идея, көтеріңкі-
эмоциональды стиль-ақынның төңкерісшіл романтизміінң басты қасиеттері.
Осыдан барып романтиктің мұндай өлеңдерінде орын, уақыт нақтылана бермейді,
мұнда субьективті тілек өзінің қалауына орай обьективті болмысты ретке
келтіруші, өзінің идеалды мақсатын орындаушы бейнесінде көрінеді.Ол ірі
қоғамдық мүддеден туған орасан мақсат. Романтик мұндай лирикалық
туындыларында осы қасиетті істі қалпына келтіруші болады. Ақынның
төңкерісшілдік романтизмі тереңдей келе, ұлттық идея жалпы түркілік,
шығыстық идеяға негізделеді. От циклына енетін Күншығыс, Пайғамбар,
От өлеңдері осындай мазмұнға құрылған. Циклды әсіресе, романтизмге тән
уақыт, әрекет, жағдай шарттылығы анық байқалады.Сондай-ақ бұл өлеңдердің
идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос бар [8, 344б].
От циклі мазмұны жағынан да, пішіні жағынан да жаңашыл туындылар болды.
Ақынның төңкерісшілдік романтизмінде ұлт азаттығы едеуір үстем екендігі
айтылды . Сондай-ақ, романтик лирикасына жеке адамның бостандығы мен еркі
категориялары да еш жат болмайды. Оның сыры-романтизм өкілдерінің
тәуелділіктің қандай да болмасын түрлеріне наразылық білдіруінде
М.Жұмабаев та жеке адамның бостандығына, оның өмірдегі шешуші маңызына
бірқатар өлеңдерін арнаған. Тіршіліктің көркі ерік, Мешіт Һәм абақты,
Жел лирикалық шығармаларында адам бостандығы романтикалық жолмен
бейнеленген.
Қазақ поэзиясының табиғатына аса дари қоймаған, сонысымен жаңалық
болатын символизмге ұлт ақынының келуіне бірнеше себеп болды. Біріншісі,
қоғамдық фактор. Белгілі мағжантанушы Ш.Елеукенов оны социализм саясатының
қаталдығынан көрді [10, 199б]. Ақынның элегиялық романтизміндегі мұңды
әуеннің қоюлануы соншалық, ол ендігі жерде романтизм шеңберіне сия
бермейді, сол себепті де жаңа мазмұн өзіне жаңа пішінді табады.
М.Жұмабаевтың негізгі шығармашылық әдісі-романтизмді еліктеу асыра салуға
келмейді. Мағжанның Батыс пен Шығыс сөз өнерін игергенін айтамыз деп,оны
орынды-орынсыз, әсіресе, Еуропа, орыс ақындарына шәкірт етіп алатынымыз
бар. Осындай кеңестік кешегіден қалған келеңсіз дағдыдан арылуды көрнекті
ғалым Т.Кәкішев те қатты ескертеді [11, 288б]. Ал, қазақ қаламгерінің
символизміне келгенде орыс поэзиясының Күміс ғасырының әсерін аңғарамыз.
Мағжан мен орыс символизмінің ұқсастығы-қоғамның рухани дағдарысының ортақ
жағдайларынан өріс алған.Өлеңді түрлендірудегі пішіндік ізденістерінде
Блок, Бальмонт, Мережковский тәжірибелерінен тыс кете қоймайды.Романтизм
мен символизмнің ортақ тұстары бола тұрса да,әрине,олар әрқайсысы өзінше
бейнелеу типтері.Осы ерекше жайларды М.Жұмабаев поэзиясынан ұшыратамыз.Ақын
романтизмінде суреткерлік идеал ретінде әлеуметтік мақсат анық байқалса,
символистік өлеңдерінде көңіл-күй, жан-дүние сырлары жетекшілік орынды
иемденеді.Әрі, ол шығарманың сыртқы пішініне бағындырылады да, автор
мақсаты түр жаңалығымен байланысты болады. Дегенмен, кемел пішін арқылы
автор трагедиялы хәлді, ішкі тебіреніс пен табиғат жарасымын беруде
бірқатар табыстарға жетеді (Қысқа жолда, Жазғы жолда, Мені де өлім
әлдиле, Қайың ).Адамның жүрек сырын тың пішінге түсіре отырып қазақ
ақыны Батыс Еуропа, орыс символистеріндей фаталистік көзқарастарға ұрынған
жоқ.
Суреткер романтизмінің ен арналы романтикалық ағымы тағы да бір
аспектіде өріс алады.Рухты, рухани дүниені тірліктің күйбеңіне қарама-қарсы
қою, идеал біріншілігі романтизм көркемөнерінде идеалға не қарсы келсе
соған наразылық білдірді [12, 209б]. Байронның Дон-Жуаны мен Аралы,
А.С.Пушкиннің Оңтүстік поэмаларынан әдеби әдістің осындай көркемдік
принципін аңғара аламыз.Материалдық-шаруашылық басқыншылыққа наразылық
білдіріп, рухани әлемді қорғай жазғандардың ішінде Айда атыңды,
Сәрсенбай, Шойын жол өлеңдерін бөле-жара атауға болады. Өтпелі кезеңнің
ауыспалы сипаты әлеуметтік-шаруашылық өзгерістерге қоса, қалыптасқан әдет-
ғұрыпқа, салт-санаға да сапалы ықпал етіп, адамды бірден қанағаттандыра
қоятын жаңа қоғамдық сананы түзе қоймайды. Міне, романтик осыдан секем
алып, төңкерісшіл, тым жедел жолмен келіп, қысқа мерзім ішінде әдет-
ғұрыптардың ыдыратылуына наразы. Желдей еркін,жер-анадай кең пейілді
әсершіл қаламгер табиғат жарасымын бүлдіре салынған қалаға, қазақтың дархан
мінезін ұсақтаған қала тұрғындарына көңілі толмай қаймағы бұзылмаған
табиғат қойнауындағы ауылға асығады. Кезінде үлкен саяси шу тудырған Шойын
жол өлеңінде қоғамдағы өзгерістерге романтик көзімен қараған. Бұл
романтикалық дүниетаным арнасында туған ақындық идея дала табиғатының
тұтастығын, оның қазақтық бейнесін,ұлттық дәстүрін сақтау мақсатымен
сабақтас [13, 137б].
Кең арналы әдеби бағыттың басты-басты ішкі ағымдарын лирикалық
шығармалары негізінде өткен ұлы суреткер қазақ өлеңіне романтизмнің
бірқатар идеялық-эстетикалық қырларын дарытып орнықтырды.Өзі куә болған
күрделі де, қарама-қайшылықты тарихи дәуірде ұлттық идея, туған елінің
тәуелсіздігі сынды қасиетті мақсатына адал алаш ақыны Мағжан Жұмабаев сол
ауыспалы, алмағайып кезеңнің бейнелеу тәсілі-романтизмнің мүмкіншіліктерін
шеберлікпен қолданып, қазақ лирикасын мазмұн жаңалығымен де, пішін
соңылығымен де байытты.

1.2 Лирикалық каһарман- ақын бейнесінің айнасы
Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек
тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгілерге аманат
етіп қалдырған ақын М.Жұмабаев. Өзі де, өлеңі де қиын-қыстау тауқымет жолын
көп кешті. Ғасыр басындағы шытырман оқиғаның бәріне куә болған ақын -
олардың бәрін ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырған. Мәселен, XX
ғасыр басының қазақ ортасына тән демократиялық, ағартушылық, бостандық
ізденістері М.Жұмабаев үшін Қазан революциясымен бітіп, арманға қол
жеткендей үзіліп қалмайды, одан кейін де ақын өз болжамынан танбай, жалпы
халықтық, адамдық, мұраттық жайлардан қол үзбейді. Тендік, азаттық
жайындағы лепірме ұрандар, толып жатқан жасасындар Мағжанды баурап
әкетпейді.
Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық
орнын ақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен
оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен
қасіретте өмір кешіп, өзі айтатындай соры арылмаған халқының зарлы
перзенті. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының, Ақмола
уезіндегі Полуденов болысыңда, қазіргі Солтүстік Қазақастан обл. Булаев
ауд. қазіргі Мағжан совхозында дүниеге келген. Ол алғаш ауыл мұғалімінен
хат танып, сауатын ашады, ал 1905ж Қызылжардағы (Перопавловск) медресеге
оқуға түседі. Араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып,
дәріс алған Мұхаметжан Бегішов ашқан бұл медресені ақын 1910ж жақсы
үлгеріммен бітіреді. Елдегі оқумен қанағаттанбай болашақ ақын 1910ж күзде
өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұхамбет Серкебаевпен бірге
(Е.Серкебаевтің әкесі) Ғалия медресесіне түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Ол
жерде ұстаз, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, болашақ көрнекті жазушы
Б.Майлинмен танысады.
Ғ.Ибрагимовтің кеңесімен М.Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына
түсіп, сол қалада орын тебеді. 1912ж. Қазан қаласында Шолпан атты
жинағы шыққанда оған Ғ.Ибрагимовтың көп көмегі тиеді.
Семинарияда болашақ революционер ақын С.Сейфуллинмен танысады. Бірінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңында М.Жұмабаев көпшілік қауым мойындаған ірі ақын
болып қалыптасып қалған еді. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді.
1912-1915ж М.Жұмабаев даңқы түркі әлеміне танымал болған А.Байтұрсыновтан,
дарын иесі М.Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына
көтеріледі. Мағжанға европалық білім алуға, орыс тілін үйреніп,
мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізеді. 1916ж М.Жұмабаев семинарияда
оқып жүрген шәкірт кезінде Алаш партиясын қүруға қатысады, кейін Ақмола
губерниялық Бостандық туы газетінде істейді. 1919 жылы ақын екі қасіретке
душар болады. Жары Зейнеп және ұлы Граждан қайтыс болады, ақын Мені
де,өлім, әлдиле өлеңін жазады. 1920 жылдары М.Жұмабаев Ташкенттегі
Шолпан, Сана журналдарында, Ақжол газетінде шығармашылық өнімді еңбек
етіп, біраз өлеңдерін бастырды. Осы кезде атақты поэмасы Батыр Баянды
жарыққа шығарды. 1924-1927 жылдары Москвада Б.Брюсов басқаратын жоғарғы
әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Орыс мәдениет қайраткерлерімен жете
танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. 1929ж М.Жұмабаев
Алқа атты ұйым құрды деген айыптаулармен 10 жылға сотталады. Одан
кейінгі ақын ғұмыры көмескілеу болып келеді. 1936 жылы М.Горький,
Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады, еліне келеді.
Петропавл қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
1937ж. жұмыстан себепсіз, саяси науқанға байланысты босатылып, пана
іздеген ақын Алматыға келеді. Аласапыран тұста ақыры 30
желтоқсанда Мағжан да қайтара тұтқындалып, 1938 жылы мерт болады.
Сұм өмір, сұлу дүние алдадың ба?
Тән арып, тамырда қан жаймадың ба?
Жалған үшін жан қиып, жапа шектім,
Еңбегім екі болып, жанбадың ба? - дейтін
өлеңінде ақын ертеңгі күнінің не болатынын болжап білген екен.
Тұтасымен алғанда Мағжан өлендері – қазақтын сөз өнері үшін жаңа,
соны дүние. Мұндай абстракциялық ой-толғамдарды Мағжаннан бұрынғы поэзиядан
көру қиын. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің
айрықша мол, әрқилы екенін аңғарасың, сондықтан да терең эстетикалық ләззат
табасың. Мағжанның Жел, Толқын, Көктем, т.б. өлендерінің үйлесімі
еріксіз ләззатқа бөлейді. Мысалы:
Мен ақынмын – жел жүйрік,
Гуілдеймін ұшамын.
Мен – ойыншы көбелек.
Көрінген гүлді құшамын. (Жел)
Мағжанның бізге жеткен мұрасы 1912 жылы Қазанда шыққан
Шолпан жинағы, тағы да сол Қазанда Бернияз Күлеевтің алғы сөзімен
1922 жылы шыққан жинақ, сонан соң партия, мемлекет қайраткері С.Қожановтың
алғы сөзімен 1923 жылы Ташкентте шыққан жинағы. 1928 жылы
Мәскеуде басылған Жүсіпхан атты ертегі поэмасы, 1923
жылы Ташкенттегі Шолпан журналында басылған Батыр Баян поэмасы
т.б. газет, журналдарда басылған өлеңдері. Ең соңғы айтарлықтай шығармасы –
Еңбекші қазақ газетіңде 1927 жылы жарияланған Тоқсанның тобы
поэмасы.Жалпы Мағжанның ақындық табиғаты Абайға да, кейінгі ақындарға да
ұқсамайды. Әрине,ол Абайды білген, оның ақындық тәжірбиесіне сүйенген.
Алтын хәкім Абайға (Қазан, 1912.Шолпан) деген өлеңінен Мағжанның Ұлы
ақынға қалай табынатынын анық көруге болады.
Шын хакім сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның ,
Әлемнің құлағынан әні кетпес.
М.Жұмабае келешек буынға, жастарға айырықша көп үміт артты.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға,
Шығарар олар бір танда
Мен жастарға сенемін, - деп бар даусымен жыр төгеді. Мағжан көтерген
проблемалар Совет өкіметі жүргізген саясаттан әлдеқайда биік еді. Ақын тап
көлемімен шектелмей, жалпы адамзатқа, қалса түркі тектес ұлттарға ортақ
ойлар айтады. Түркістан, Орал, Ақсақ темір, Күншығыс, От т.б.
өлеңдерінің ерлік рухы ерекше. Ер түріктің елдік, батырлық дәстүрлерін ол
арғы тарихтан іздейді.
Ерте күнде отты күннен Гун туған.
Отты күннен от боп ойнап мен туғам, - дейді. Ақынның келесі бір өлең
жолдарын да тебіренбей оқып шығу мүмкін емес.
Дариға аяқталмай үзілді жыр,
Сұм жүрек жауын болып қалды ғой құр.
Бұлбұлдың әнін үзген не болды екен?
Мынау не көлдің беті жыбыр-жыбыр, - деген ақынның өлең жолдарын оқып,
бүгін біз өмірі ерте үзілген бұлбұл тағдырынан Мағжанның өз
тағдырын көргендей боламыз, оның әні енді үзілмесе екен дейміз. XX
ғасырдың Ұлы жазушысы, академик М.О.Әуезов М.Жұмабаев туралы былай дейді:
Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған, әшекейін сүйемін. Қазақ
ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық
сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан
– культурасы зор ақын. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек
шықққандай. ...Заманнан басы озық, ілгерілеп кеткен ақын болады. Демек,
Әуезов сүйген ақынымызды, көркем сөз шеберін өз биігінен, өз шыңынан тану
ендігі ұрпақтың ұлы мұраттарының бірі. Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері
ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт
қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның
алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл
кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы
ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін Алтын хакім Абайға
деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет  тұтқаны сезіледі. Өз
өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі  келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік
пен жалқаулықты,  сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге
шақырады. Жазғы таң, Өнер-білім қайтсе табылар, Қазағым, т.б.
өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы
өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады.  Ақын туған
елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
 Кілтін өнер-білім ашып жатыр, - дей  келіп, қазақ арасында мұндай
ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-
болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр.
Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім
берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс- тартыс
көп. Міне, Мағжанның өкініші – осылар.  Дегенмен Мағжанның ойлары мұнымен
шектелмейді. Бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды.
Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда
биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны
бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік
идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді,
жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның Пайғамбар, Күншығыс,
Түркістан, От, т.б. тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде
жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара
бұлтты Шығыстың жарық сәулесі  ғана талқандамақ. Бұл  өлеңдерінде ақынның
туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі,
перзенттік патриотизмі айқын көрінеді.    Күншығыс  өлеңінде:
Қисық көзді  Күншығыс,
Бұл тұруың қай тұрыс?
Серпіл енді, алыбым! – деп, Шығыс елдеріне ұран тастай отырын, өз ойларын
әйгілі "Пайғамбар  өлеңінде былайша жалғайды :
 Күншығыстан таң келеді, мен келем,
 Көк күңіренеді: мен де көктей күңіренем.
 Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
 Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!
 Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры!
 Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.
 Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:
 Мен келемін, мен – пайғамбар, Күн ұлы.
Өлеңде ақын шабытының ғаламат күші қаншалықты сезіліп тұрса, ақынның
Шығысқа, оның ұлдарына деген махаббаты мен мақтанышы да соншалықты жарқырап
көрінеді.   Мағжанның бұл тақырыптағы өлеңдерінде заман шындығы халықтың
басынан өткен тарихи белестерді ойға алу арқылы түсіндіріледі. Ол Шығыстың,
оның ішінде түркі елдерінің кешегі тарихына көз жібереді. Бір кезде
жайлаған мекенін еске алады. Түркістан өлеңі соның айқын айғағы.
...Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой – деп басталатын өлең жолдары
кешегі тарихқа жетелейді. Ертеде Тұран аталған бұл жерді мекендеген ата-
бабаларымыздың өмірінен елес береді Ақын Тұранның жері мен суын, көлі мен
шөлін, өзен-суларын, тауларын, Теңізі мен Аралын, Ыстықкөлін, Жейхун мен
Сейхун дарияларын, Тянь-Шаньдай, Памир мен Алтайдай тауларын ғажайып
көркемдікпен суреттейді. Тұранды мекен еткен ер түріктің билері мен
батырларын, ғұлама ғалымдарын, ел басқарған хандарын еске алады. Міне,
осылайша бірлікте өмір сүріп, іргесін жауға бермеген түрік дүниесі бүгінде
бірнеше елге бөлініп кеткен.
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? – деп, Мағжан қазақты да сол ер
түріктің бір мұрагері санайды. Тұран, Түркістан деген образды бейнелер
арқылы Мағжан осылайша Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете
жырлайды. Оның бүкіл өткен жолына шолу жасай отырып, тарихтың небір ерлікке
толы, бейбіт өмір жайлаған беттерін парақтайды. Оларын өз заманымен
салыстырады. Көп нәрсеге көңілі толмайды. Бір кезде Тұранды мекен еткен ер
түріктің бүгінде бірлігі азайған. Бас-басына ел болған, жеке халықтарға
бөлініп кеткен. Шығысты дәріптейтін өлеңдерінде Мағжан осынау түркі
халықтарын бірлікке шақырады. Сонда ғана Батыстан келген қиянатқа, Ресей
патшасының отаршыл саясатына қарсы туруға болатынын ұқтыруға тырысады.
Бұған дәлел – ақынның "Орал тауы" атты өлеңі. Өлең кейіпкері – Орал тауы.
Мағжанның бейнелеуінде ол – бүкіл түркі  дүниесінің символы. Аспанмен
таласқан көкпеңбек таулар. Қарағай, шыршасы сыңсыған, бауырында не түрлі
аңдары жортқан, қойнауында алтыны мен алмасы тұнған Орал тауы. Тау
табиғатының әсем суретін сала отырып, ақын Мағжан сөзін ары қарай жалғайды:

Бір күнде сенің иең түрік еді,
Орын ғып көшіп-қонып жүріп еді.
Қорықпайтын таудан, тастан батыр түрік
Қойыныңа жайыменен кіріп еді.
Ер түрік ен далаға көрік еді,
Отырса, көшсе, қонса – ерік еді.
Тұрғанда бақыт құсы бастарында,
 Іргесі жел, күн тимей, берік еді.
Мұндағы ақыннын ер түрік деп отырғаны – түркі дүниесі, түрік, қазақ,
қырғыз, ұйғыр, татар, башқұрт, т.б. халықтардын жиынтық бейнесі. Бір кезде
ен даланың көркі болған осынау халықтардың бүгінгі халі қандай? Мағжан
соған үңіледі.
Оралдай ата мекен жерлеріне,
Қасиетті атаның көрлеріне,
Аузы түкті шет елдер ие болып,
Көрсетіп тұр қысымды ерлеріне, – деп, ақын тарихи шындықты баяндайды. "Аузы
түкті шет елдері" – Ресей патшалығы. Соның қысымымен бір кездегі асқақ
Оралдың да жүзіне қаяу түскен. Өлеңнің соңын Мағжан бүкіл түркі жұртын
бірлікке шақырумен аяқтайды:
Анамыз бізді өсірген, қайран Орал,
       Мойның бұр тұңғышыңа, бермен Орал!
       Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал.  Туған халқының, түркі
дүниесінің басындағы ауыр халді, мұңдана баяндаған өлеңдерінің өзін Мағжан
айрықша оптимизммен қорытып отырады. Ақынның лирикалық кейіпкері – аса
батыл, нені болса да кесіп айтатын өткір жан.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
 Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
 Көкте – бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? – деп басталатын "Мен кім?" атты
өлеңінде Мағжан өзінің лирикалық кейіпкернің дәл осындай айбатты да
қайратты, адал да қайсар бейнесін ашьш береді. Ақынның "мені" өзін көктегі
күшке, түпсіз теңізге, кызуы мол жалынға, жүйрік тұлпарға теңейді. Патшадай
қаһарлы, казыдай әділ, бидей шешен де өзі. Олай болса, оған қарсы тұрар күш
бар ма?
Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,
 Сөзім – кұран, бағынамын сөзіме!
 Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
 Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе, деген лирикалық кейіпкер сөзінде алапат
күш-жігер мен шынайы шындық қатар өрілген.
Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы
жастарды да арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты қалыпта көргісі
келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш – жастар. Олай болса,
өмір бойы алаш ұранын көтеріп өткен Мағжан үшін жастардың орны бөлек.
Өзінің Мен жастарға сенемін деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге
үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан кыранның қанатындай күштілікті,
таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты
көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. Мен жастарға сенемін! деп
асқақтай сөйлейді. Мағжан өлеңдеріндегі ең басты тақырып – ел мен жер
тағдыры. О бастан-ақ халқына азаттық өмір тілеген ақын туған елінің өткен
тарихына үнемі көз жіберіп отырады. Сол арқылы тарихи шындықтың бетін
ашады. Атап айтқанда, Өткен күн атты өлеңінде Еділ мен Ертістің арасын
жайлаған қазақтың бір кездегі жайнаған даласы мен көкорай шалғынды
жайлауын, айна көлдері мен алаңсыз күн кешкен тұрмысын, қаһарман батырлары
мен әділ билерін, ел тұрмысының сәні болған ұлттық салт-дәстүрлерін мақтан
ете отырып:
Өткен күнді ойласам,
 Ойға терең бойласам,
Кешегі қайран қазақтың
 Сәулеті мен дәулеті
 Көз алдыма келеді, – деп, бұдан ары қарай осы тіршіліктің шырқы бұзылғанын
баяндайды. Өткенді аңсап емес, колда бар асылынан айырылғанын өкіне
баяндайды.
Оның себебі неде? Бейбіт өмір неге қара түнекке айналды?
Қазақтың қазіргі күйі қандай?
Күшің кеткен баяулап,
Жүрсің атсыз жаяулап,
Ит надандық желкеңде
Шабайын деп аңдып тұр
 Қылышын ұстап таяулап, – деп, ақын сол заманның шындығы арқылы әлгі
сауалдарға жауап береді. Қазақ даласындағы 1917 жылғы төңкерістер тұсындағы
жағдайды жырлауда да ақын дәл осындай шыншылдықтан жаңылмады. "Бостандық'',
Есімде... тек таң атсын т.б. өлеңдерінде ақынның халқының тәуелсіздігі
жолындағы жанын құрбан етер ерекше қайраты сезіледі. "Бостандық" өлеңінде:
...Көк есігі ашылды,
 Жұмақ нұры шашылды.
 Келді ұшып бостандық, –
деп қуанады, бостандықты ізгі періштеге теңейді.     
Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние
алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік
күнінің жақындағанын сезеді. Сол еркіндікке жету жолында абақтының азабын
тартып отырғанын ақын өлең жолдарына түсіреді. Онда мұңнан гөрі жеке
адамның көңіл күйіндегі кейбір толғанысты сәттердің суреті басымырақ. Ақын
жырында болашаққа сенім мол.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! –
деген жолдарда Мағжанның ұлтына, халқына деген шексіз махаббаты сезілсе,
одан кейінгі:
Қалың елім, калың кара ағашым,
 Кайраты мол, айбынды ер, алашым!
Өзі-ақ кұлар, сырың берме, сабыр қыл,
 Ақымақтар байқамаған шамасын, – деген жолдардан оның ертеңгі болашақтан
үміті, қалай болғанда да осы қиындықтың артында азат күндердің келеріне
деген сенімі көрінеді. Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ
әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі - Мағжан
Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде
идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған
қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі
жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді
бастан кешірді. Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа,
жер-анаға ғашықтық туралы ойлар – Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының
бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды.
Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем. Сүйемін атты өлеңін
ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым
жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы,
көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта
салғандай. Одан кейін ақын:
Жүрген ескі заңымен,
 Алдындағы малымен
 Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
 Сол елімді сүйемін.
Сағым сайран кұрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз – сары.
 Орманы жоқ, шуы жоқ,
 Тауы да жоқ, суы жоқ,
 Мәңгі өлік сахарасы,
 Сарыарқа деген жерім бар.
 Неге екенін білмеймін,
 Сол Арқамды сүйемін! –
деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып
салады.
Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы
да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай
шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде
анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты
сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі
– адамды бәрінен жоғары кояды. Бұған дәлел – Сен сұлу өлеңі. Өлеңде
сұлулықтың көркіне көз тоймай, айналасына таңырқай көз салған ақынның
бейнесі бар. Ол айрықша тебіреніс үстінде. Оның көңіліне қуаныш, мактаныш
сезімін ұялататын кең даланы гүлге ораған көктемнің арайлы күні, күміс
табақтай көкте жүзген сұлу Ай, жібектей есіп, жанды жадыратар Жел, асқар
тау, көлде жүзген аққулар, көк аспанда нұрын шашьш тұрған Күн. Ақын осы
көріністің тамаша картинасын жасайды. Табиғаттың әр құбылысынан, туған
жердің әр тынысынан сұлулықтың тамаша белгілерін көреді. Сонда да болса,
дүниедегі ең сұлу жаратылыс Мағжан үшін бұл емес. Сұлудың сұлуы — оның
жүрегі қалаған сүйікті адамы.
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу!  
Мағжанның таза махаббат тақырыбына арналған лирикасы — аса көркем
мұра. Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге
келгенде ғажап шеберлік танытады. Сүй, жан сәулем, Сен сұлу, Жұлдызды
жүзік, Айды алқа қып берейін, Шолпы, т.б. өлеңдерінде Мағжан адамға тән
осынау ұлы сезімді аса биікке көтере жырлайды. Ақынның лирикалык қаһарманы
үнемі ғажайып сезімнің кұшағында жүреді. Шын сүю — Мағжанның ұғымында әрі
ләззатты, әрі азапты күй. Қуанышы да мол, азабы да аз болмайтьш сезім.
Ақынның сезімі кіршіксіз мөлдір. Сонымен бірге ол махаббатқа шексіз адал.
Сүйген жанының бір сәттік қуанышын ол патшаның тағына да, дүниенің малына
да айырбастамайды. Сүйген жары үшін не қиындыкқа да төзуге даяр.
Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін өлеңі дәл осындай кіршіксіз
махаббаттан туған шығарма.
Сүйгеніне қол созған ғашық жан:
Кел, жұлдызым, жылжып кана жібектей,
Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін, – деп, жүрек сырын ақтарады. Оның
ғашығы — сөзі сиқыр, шашы толқын, күлкісі күміс табақтай сыңғырлаған
ғажайып сұлу. Ақын осы сұлулыққа жету жолында бәрін де құрбан етуге даяр
ғашық жанының бар сезімін тамаша суреттермен, бейнелі кестелермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Мағжан Жұмабаевтың еңбектері
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Жанры жағынан Шолпанның күнәсі - психологиялық әңгіме
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы
Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану
Мағжан Жұмабаевтың Мен кім
Пәндер