Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі


Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУ АРНАЛАРЫ . . . 7
1. 1 Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияның дамуы . . . 7
1. 2 Ұлы Отан соғысы кезіндегі прозалық шығармалар . . . 16
2 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ . . . 21
2. 1 Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби сынның пайда болуы . . . 21
2. 2 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиеттің даму бағыты және драмалық шығармалар . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29
КІРІСПЕ
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму арналары, Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзия, Ұлы Отан соғысы кезіндегі прозалық шығармалар, Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби сын, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиеттің даму бағыты және драмалық шығармаларды, жалпы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркем әдебиетті зерттеу. Соғыс жылдары қазақ әдебиеттануында өткеннің мәдени мұраларына назар көбірек бөлінді. Жауды жеңу үшін советтік патриотизм туралы жылтыр сөздердің аздық ететіні байқалып, халықтың рухын көтеретін ұлы күш - ұлт батырларының ел қорғаудағы ерліктерін үлгі ету қолға алынды. Бұрындары жабық болып келген ұлттық батырлар, батырлық эпостар қолға алынып, зерттеліне бастады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Зерттеу жұмысында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму бағыты қарастырылады.
Бұл жылдары қазақ әдебиеті жыраулар поэзиясынан, Махамбет жырларынан басталатын патриоттық тақырыпқа қайта оралды. Ж. Жабаев, Н. Байғанин, И. Байзақов, К. Әзірбаев, Д. Әбілов, Н. Ахметбеков т. б. ақындар өздерінің отаншылдық рухта суарылған шығармаларымен халық поэзиясын жаңа белеске көтерді. Қ. Аманжолов, Қ. Әбдіқадыров, Д. Әбілов, Ж. Саин, Ә. Сәрсенбаев, А. Жұмағалиев сияқты ақындар қолдарына қарумен бірге қалам ұстап майданға аттанды. Х. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, С. Сейітов т. б. қаламгерлер жаумен шайқаса жүріп, танымал ақындар қатарына қосылды. Тылдағы ақындар С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ғ. Орманов, М. Хакімжанова патриоттық жаңа жырлар жазды. Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), Ә. Сәрсенбаев «Шие ағашы» (1943), Т. Жароков «Зоя туралы жыр» (1944) поэмалары соғыс жылдарында елеулі туындылар болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Курстық жұмыста Ұлы Отан соғысы жылдарындағы прозаның, поэзияның, драманың, әдеби сынның даму мәселелерін жан-жақты қарастыру курстық жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсаттарға орай жұмыс алдына нақты міндеттерді қояды.
Курстық жұмыстың міндеті: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму арналарын білу; Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияның дамуы; Ұлы Отан соғысы кезіндегі прозалық шығармалар; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркем әдебиет мәселесін білу; Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби сынның дамуын білу; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиеттің даму бағыты және драмалық шығармаларды білу;
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Ұлы Отан соғысы кезінде туындаған прозалық, поэзиялық, драмалық шығармалар алынды, сонымен қатар сыни еңбектер де талдау негізіне алынды. Әдеби сын - көркем шығармаларды талдап, баға берiп, олардың идеялық-көркемдiк мәнiн, әдеби процестегi алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негiзгi бiр саласы. Сын - әдебиттiнiң тарихымен және теориясымен тығыз байланысты. Әдебиет тарихы мен әдеби сынының тарихы бiр-бiрiмен жалғас, бiрiн-бiрi толықтырып тұрады. Әдебиет теориясы әдеби процестiң заңдылықтарын, шығармалардың идеялық, жанрлық, стильдiк ерекшелiктерi тұрғысынан талдау принциптерiн анықтау болса, әдеби сынның негiзгi мiндетi шығарманы нақты тексерiп, жетiстiк-кемшiлiктерiн саралап, эстетикалық баға беру. Әдеби сын сөз өнерiнiң бүгiнгi таңдағы даму жолдарын анықтауға ат салысады. Әдеби шығармаларға пайымдаулар жасап, түйiндi пiкiрлер айтады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУ АРНАЛАРЫ
1. 1 Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияның дамуы
Бұл жылдары қазақ әдебиеті жыраулар поэзиясынан, Махамбет жырларынан басталатын патриоттық тақырыпқа қайта оралды. Ж. Жабаев, Н. Байғанин, И. Байзақов, К. Әзірбаев, Д. Әбілов, Н. Ахметбеков т. б. ақындар өздерінің отаншылдық рухта суарылған шығармаларымен халық поэзиясын жаңа белеске көтерді. Қ. Аманжолов, Қ. Әбдіқадыров, Д. Әбілов, Ж. Саин, Ә. Сәрсенбаев, А. Жұмағалиев сияқты ақындар қолдарына қарумен бірге қалам ұстап майданға аттанды. Х. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, С. Сейітов т. б. қаламгерлер жаумен шайқаса жүріп, танымал ақындар қатарына қосылды. Тылдағы ақындар С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ғ. Орманов, М. Хакімжанова патриоттық жаңа жырлар жазды. Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»(1943), Ә. Сәрсенбаев «Шие ағашы» (1943), Т. Жароков «Зоя туралы жыр»(1944) поэмалары соғыс жылдарында елеулі туындылар болды [1, 12 б] .
Жамбыл - өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Халықтар достығы Жамбыл поэзиясының өзекті тақырыптары. «Отан әмірі», «Ленинградтық өренім», «Алынбас қамал», «Москваға», «Қамал бұзған қаһарман» жырларында ол өз отандастарының патриоттық ой-сезімдерін бейнелейді.
Ақын Ленинградты қорғау үшін күрестің нағыз ауыр күндерінде шығарылған «Ленинградтық өренім» кезінде ең әйгілі шығармалардың бірі болды. Өлең тексі Ленинград қаласының көшелеріне ілініп, радиодан қайта-қайта оқылды. Өлең халықты рухтандырды [2, 45 б] .
С. Мұқановтың «Біздің күш», «Фашизмнің ажалы», А. Тоқмағамбетовтың «Кавказ», «Мұнай бер», Ә. Тәжібаевтың «Біз жеңеміз», Т. Жароковтың «Вулканы от шашқан ба?», Ғ. Ормановтың «Жан қаһары», Қ. Бекхожиннің «Кек дабылы» т. б. ақындарымыздың өлеңдері соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының патриоттық рухын, саяси өресін танытатын жылдар болып табылады. С. Мұқановтың «Гвардеец бауырларға» атты өлеңін соғыс кезіндегі жауынгерлерді мадақтауға арналған алғашқы шығармалардың қатарында еді. Ж. Саин поэзиясының үлкен бір белесі - оның жауынгерлік жырлары. Оның Ұлы Отан соғысының отты жылдарына арнап жазған «Жорық жырлары» (1944ж) атты жинағы шықты. Халықтың шешендік толғау үлгілерін шеберлікпен пайдалана білуімен ерекшеленетін «Түн қатады партизан», «Жаралы партизан», «Ұрыстан кейін», «Айтылмай келген аманат» жырларында ержүрек жауынгерлердің қаһармаңдық ерлігі, жауға деген ыза-кегі, туған жерге, Отанға, досқа деген сұлу саз, әдемі лирикамен айшықталады [3, 89б] .
1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Совет халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, СССР халықтарының мызғымас достығын жыр етті.
1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді [4, 70б] .
Ақын Қасым Рахымжанұқын Қасым Аманжолүлы Аманжолов қазақ әдебиетіне 30 жылдары келген ірі тұлға. Ақынның Отанына, туған халқына шексіз берілген сыры бүкіл шығармашылығынан айқын көрінеді. Оның шығармашылығы өзінің азаматтық өмірбаянымен қабысып жатады. Халықтың ертегі, аңыздарын, батырлық жырларды, ғашықтық аңыздарды жастайынан көп естіп, жаттап өскен Қ. Аманжолов өлең шығрумен әуестенеді. 1931 жылдан бастап өлеңдері облыстық, республикалық газет-журналдарда жариялана бастады. Тұңғышы 1939жылы «Өмір сыры» деген атпен жарық көрді. Дәстүрлі толғау, терме түрінде жазылған «тілге жеңіл, жүрекке жылы» өлеңдері қалың оқырмандар мен әдебиетші қауымның назарын өзіне аудара бастады. Алғашқы жинақтың өзі талапкер ақынның халық поэзиясынан мол сусындаумен қатар Абай дәстүрін меңгере бастағанын, классикалық әлем әдебиеті поэзияларынан да хабардар екенін аңғарта келді. Оның сол жылдары туған «Оралым», «Байкал», «Мартбек», «Елге хат», «Ғалияға жауап», «Қан майданда», «Үстімдегі сұр шинелім» т. б. көптеген өлендері қазақ халқының патриоттық поэзиясының алтын қорынан орын алатын шығармалар болды. Ал «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасы сол кездегі көп ұлтты кеңестік поэзиямыздың таңдаулы туындылары қатарына қосылды. Әнін де, сөзін де өзі жазған «Дариға сол қыз» шығармасы оқырман қауымға сол дәуірдегі қазақ жастарының махаббат гимніндей әсер еткені құпия емес. Ақын Аманжоловтың тағы бір ерекшелігі бұл дәуірдегі өлең, поэмалары үлкен патриоттық сезім үстінде жазылған ғажайып оптимизмен, шебер реализммен ерекшеленеді. Ұлы майданнан жаралы оралған ақын ауыр дертпен алыса жүріп өндіре жұмыс істейді. Қиын күндерде өз отанын қарумен де, қаламмен де қорғаған ақын бейбіт құрылысқа да адал қызмет етті. Ол өз халқының майдандағы ерлігі мен тылдағы жасампаз еңбегін, халықтар достығын шабыттана жырлады. Қарапайым еңбек адамдарының даңқын көтеріп, абыройын асырды. Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығы, жомартығы, мархабаттылығы мол табылады. Оның поэзиясының тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында Қасымның мейлінше жалынды, лепті, күйлі, сыршыл поэзиясы-әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия. Қазақ поэзиясында өзіндік айбарлы үн қалдырған талант иесі Қ. Аманжолов өткен жол 30 жылдар мен соғыс жылдары, соғыстан кейінгі 7-8 жылдар шамасы. Ақын айырықша талант, дарынымен ерте көрінді, бүкіл саналы өмірін поэзия өнеріне жұмсады. Қазақ поэзиясын көркемдік, өткірлік, тапқырлық, идеялық терендік, мазмұндылық жағынан ілгері бастырды. Қазақ мәдениетінің белесті асуында өз алдына бір төбе мол мұрасын кейінгі қауымға мирас. 1941 жылдан қызу майданда болған ақын елін, халқын, жарын, сүйген ыстық махаббатын, жалынды лирикалық өлеңдерін жазды. Осы жылдардағы «Ұлы Отан соғысы туралы жыр» (1943ж), «Елге хат» (1944ж), «Үстімде сұр шинелім» (1944ж) деген және басқа да көптеген өлең жырларында ақын елге төнген қауіпті, неміс басқыншыларының айуандық әркеттерін әшкерелейді.
Өлім деген арсыз сөз
Қайдан болдың маған кез.
Өлім - жауым, өмір - дос,
Неге өлейін бостан-бос, - деп жазды.
1945 жылы жазылған «Жеңіс даусы», «Алматы» атты өлеңдерінде ұлы жеңісті жырлайды. Жеңіс даусы саңқылдап, тебірентіп, махаббатты аңсаған, тыныштықты көксеген жандардың қуанышын Мәскеуге, елге сәлем етіп жолдайды.
Қ. Аманжоловтың соғыстан кейінгі өлең-жырларында Отан келбеті, Бейбіт өмірдің тыныштығы, еңбекші халықтың тіршілік, тұрмыс сипаты, жарқын болашақ үшін күрес, бес жылдықтар табысы негізгі тақырып болды. Жеңіске жеткен елдің қаһарман ұлы:
Сен фашиссің, мен қазақпын,
Өзің айтқан «азиатпын»
Таң қаларсың «философым»,
Ғажабына табиғаттың, - деп
бүкіл халық, ел атынан жауға деген өшпенділігін сықақпен, күшті сатирамен жеткізеді. Адамды сүю, оның ісіне қуану, қауымға пайда келтіру - парыз деген рухта жазылған лирикалық өлеңдері аса көркем, тартымды сұлу. 1950ж жазған «Сыйса егер өмір сыры бар жаныңа» деген өлеңінде адамгершілікті, кішіпейілділікті айтады:
Жерде тудық, қадірін сен біле біл.
Аспанға ұшсақ, сонда да жерге үңіл.
Туған жерде тік бассаң аяғыңды,
Сен мықтысың еркіндеп ойна да күл.
Өмірінің соңғы кездерінде Қ. Аманжолов Отан алдындағы, халқы, досы, семьясы алдындағы ақындық борышы туралы көп жазды. Бұл сәттегі өлеңдері елін сүйген, нағыз патриоттық жырлар еді. Әсіресе, ауру дендеп, мазасын алған шақтарда да ол сары уайымға салынбай, айнала жарқын жазды, өмірге, дос көңіліне қарап жадырайды:
Риза етіп ата-анамдай мен елімді,
Өмірге берем кетіп берерімді, - дейді ақын. Басқа да көптеген лирикаларында Қ. Аманжолов қарызды өтеу, борыштан құтылу мотивін көп атады. «Поэзия асыл жар», «Тек өзіңе тең болсам», «Көкіректегі күйіңдей, жырыңды жаз ерінбей», «Бәрін де беріп ел-жұртқа, қарыздар болмай өлейік», «Көп борыш мойнымызда өтелмеген, Ойым жоқ қарыздар боп кетем деген» сияқты өлең жолдары көп нәрсені аңғартқанцай. Ақын лирикалық өлендермен қатар көптеген поэмалар жазды. Олардың тақырып, мазмұңдары әр түрлі. «Құпия кыз», «Бикеш», «Ақын өлімі туралы аңыз» және басқа да поэмалары ақынның сюжетті (оқиғалы) ұзақ шығармалар жазудағы шеберлігін байқатады. Өресі кең, үлкен талантты ақын оқушы жұртшылықта «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасымен айрықша әсер етті. Қазақ әдебиетінде, әсіресе поэзияда, соғыс кезеңінде тап осылай жоғары баға алып, көп айтылған шығарма аса көп емес, Өйткені халық басына соғыс әкелген трагедиясы мұншалықты жеткізіп, жан тебірентерлік етіп айтқан ақын кемде-кем.
Поэма майданда қаза тапқан талантты жас ақын Абдолла Жұмағалиевке арналған. (1915-1942ж) Қ. Аманжолов осы қазадан ел кайғысын, майданда азап шеккен жандардың ерлік, қаһармандық бейнесін көреді. Автор жүрегін бомба етіп атуға даяр халықтан жау қалтырамай тұра алмайды деген мотивті уағыздайды) .
Поэманы үш бөлімге жіктеп қарауға болады. Бірінші бөлімде ақын толғауы берілген. Бұл - аса күшті жүрек отымен жазылған жолдар. Майдан суреті, кекті жан ашуы, шиыршық атқан, оттай жарқылдап ұшқындаған сөздермен сипатталған. Өмір мен өлім айқасы өлең сөздерінің тізбегінен, буын ырғағынан сезіліп тұрады:
Жекпе-жек кеп өмір өлім
Соққыласып жатқан жоқ па?
Бұл кіріспе сияқты бөлімде ақын аз сөзбен отты кектің, өзі оқ боп атылғандай жас ұланның жан күйін суреттейді.
Екінші бөлімде лирикалық қаһарманның ой-тілегі тікелей өз сөзімен айтылады. Мұнан нағыз батырдың, тайсалмас ер жүректі жауынгердің намыс пен кекке булыққан айбатты бейнесінен көрсетіледі.
Қасиеті күшті ұлы Отанның,
Қанатын бер қыран құстың.
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың !
Күллі әлемнің ашу-кегі,
Орна менің кеудеме кеп.
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек!
Үшінші бөлімде ақын қаза тауып, жср дүние күңіренгсндсй қаралы күйде:
Ұшты құстар шартарапқа
Хабарлауға ер өлімін.
Аспан да, дауыл да әділетсіздікті көтере алмайды жас құрбан жайын дүниеге жаймақ болып:
Бұлтын жиып көкірегіне,
Күрсінді бір аспан ауыр.
Қос қанатын соғып жерге,
Ызаланып жетті дауыл, - дейді.
Поэманың аяғы апофсозбен бітеді. Мұнан ер өліміне қайғырумен бірге, ата жауымен алысып, кегін ала кеткен батырға деген ризашылық, сүйіспеншілік сезіледі. Трагедияның алдан үміт күттірер оптимистік сипаты көрінеді. Қаһарман батыр өзі де артында қалғандарға:
Туған халқым, туған жұртым,
Алшы жаудан, алшы кекті, -дейді.
Қ. Аманжолов поэмасында екі түрлі философиялық ойды аңғартады: ерлік өлмек емес, өлең өлмек емес. Поэманың қаһарманы - қыршын батыр, ер, сонымен бірге ел намысын жақтайтын, ел кегін бойына жинаған ақын. Шығарманың өзекті ойы осында: өмір мен өлең жайында.
Отты жылдардағы өнер адамының тағдырын суреттейтін «Ақын өлімі туралы аңыз»- аса көркем тілмен, жоғары идеялық мазмұнды жазылған поэма. Ол сонысымен қымбат мұра болып келеді [5, 80б] .
«Өзім туралы» өлеңіңде ақын «Өртке тиген дауылдай өлеңімді, Қасымның өзі емес деп кім айтарсың» дегеніндей Қ. Аманжолов творчествосы қазақ поэзиясының жарқын беттері болып тарихтан орын алды. Өз үні, өз стильі өзіне лайық, отты, дауылды жылдардың дауылпаз ақыны қазіргі әдсбиетімізбсн бірге жасасып келеді. 1940 жылы жазылған «Дауыл» өлеңінде-ақ:
Көк дауылдай кеуделі
Жігіт болдың, ер жеттім
Мен дауылдың ұлымын,
Тұра алмаймын дауылсыз,
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз, - дейтін Қасым Аманжолов әдсбиет тарихында осындай дауылпаз ақын бейнесінде қала береді [6, 101 б] .
Ұлы Отан соғысы қазақ халқына талай қиындықтар әкелді деуге болады. Сол отты жылдары көптеген шығармалар дүниеге келді. Майдан тақырыбына жазылған шығармалар әр алуан. Олар еш уақытта бірін-бірі қайталамайды. Бәрі де сондай қызықты, бәрі де сондай оқиғалы. Бәрінде де қайсарлық уыттары көрініп отырады. Майдан тақырыбына жазылған шығармалардың бірқатары атқыштар, пулеметчиктер болса, енді бірқатары партизандар өмірін қамтиды. Бірқатары зеңбірекшілер мен танкистердің ерлік істерін сипаттаса, енді біреулері ұшқыштардың аспандағы шайқастарын суреттейді. Тіпті, қапылыста фашистер қолына түскен тұтқындардың қайсарлылығын сипаттау қандай әсерлі десеңізші! Осының бәрі де жас буынНың жігерін шыңдап, өздеріне шамадан тыс үлкен рух беретін, нағыз патриот етіп тәбиелейтін шығармалар деп есептелінеді. Сонымен қатар, Отан соғысына жазылған шығармалардың қайсы бірін алсаңыз да ондағы зор ерекшелік жас өспірімді тәрбиелеуге баулиды. Отан үшін алысқан қазақ азаматтарының бейбіт өмір сүруді аңсаған ұлы идеясы әңгіме етіледі. Қазақтың қайсар қызы Мәншүк Мәметова туралы ерлік эпосын жазған суреткерлердің бірі Мариям Хакімжанова еді.
Ол 1906 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Шербаков совхозының Сатай бөлімшесінде, Мезгіл атты қыстауда дүниеге келген. Қалың мал заманында еріксіз ұзатылып, есіл өмірі қор болып кете жаздап, қазақ ауылында бостандық, яғни, әйел теңдігі атты ғасырлар арманы жүзеге асқанда сол теңдікті ең алдымен пайдаланған, ол өзінің сүйген жігітіне қосылып, алдағы жарқын болашаққа бір жолата белін буып, аттанған тұңғыш қазақ қыздарының бірі еді. Шолпан Иманбаева екеуі тұңғыш қазақ әйелдері атынан әдебиет, өнер аспанына қанат қақты. Мәриям өлең өнерін өте ерте бастаған. Төңірегі толы айыр көмей, жез таңдай ақындар ауылы болған, білім шаңырағын ерте көтерген, қазақ халқының өнер білім шамын далада тұңғыш маздатқан Ыбырай Алтынсариннің ауылында туған оның тым жас кезінен өнер бастауы табиғи заңдылық болатын. Ыбырайдың атасы атақты Балқожа биден Алтынсары мен Қошан бірге туады. Алтынсарыдан Ыбырай, ал Қошаннан туған көп баланың бірі - Хакімжаннан Мариям. Мұны айтудың екі бірдей маңызы бар - бұл тарихты осы күнгі көп адам біле бермейді біріншіден, екіншіден, Мариям апа азаматтық, шығармашылық өмірбаяны жағдайымен тікелей байланысты. Байланысты болатыны ол Ыбырайдың ақындық, жазушылық өнерінің жалғасы болуымен қатар, атасының мұрагері, оның тарихын зерттеушілердің бірі, өмір-тұрмыс жолын толықтырушы, әдеби ғана емес, заттай, мүліктей мұрасын жинап, көздің қарасындай сақтап, жылдар бойы шашау шығармай, осы күнгі Қостанай, Арқалық музейлеріне қолымен тапсырған адам.
Мариям өлеңдері ең алдымен, өзінің қысқалығымен, ойлылығымен, сезімге толы сиқырлығымен, қарапайым айқындылығымен қымбат.
Соғыс жылдарындағы Мариям творчествосының ең үлкен арқауының өзі, демек, бірі - жар адалдығы, тазалық. От иесінің рухани байлығы жайында болатын. Ол тақырып осы күнге дейін созылып келеді. Осы тақырыпта ақынның бар кітабында, талай аумақты томдарда жарқын-жарқын жырлар бар. Оның ең алғашқыларының бірі, соғыс жылдарында ауыздан түспей, ән болып кеткен «Азбай күткен жар алтын» өлеңі болатын.
Ақын Мариям Хакімжанова өзінің балаға деген аналық сүйіспеншілігін ортаға сала отырып, барлық ақындық өнерімен, үлкен патриоттық сезімімен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы адам жанын тебірентетін поэма жазды. «Мәншүк» поэмасы оның творчествосының сол кездегі де, осы кезге дейінгі де ең биік бір шыңы тәріздес. Қазақ халқының ерлік тарихының ерекше жаңа бір бетіндей, оның бүкіл Отан соғысының сол бір айырықша мақтанышы болған - Мәншүк Мәметова жайында сол кезде де, осы кезде де жазылған шығармалары көп. Бірақ, ең алғаш бұл тақырыпты қозғаған да, кейін ұзақ жыл дербес зерттеген де М. Хакімжанова.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz