Иса Байзақов



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. ИСА БАЙЗАҚОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫ

1.1 Иса Байзақовтың өмірі мен қоғамдық қызметі
1.2 Иса шығармаларының көркемдік ерекшелігі

ІІ. ДАУЫЛДЫ ДҮЛДҮЛ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

2.1 Абай және Иса поэзиясындағы сабақтастық
2.2 Ақын жайлы естеліктердегі Иса бейнесі

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :
Байзақов Иса (1900-1946) - қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.
Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туған. Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан ол «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады. Революцияға дейін байлардың қозысын бағады, қойын жаяды, шахтада жұмысшы болады. Оқып жүрген кезінде суырып салма ақындығы, әншілігі, домбырашылығымен ерекше кезге түседі. Өлеңдері баспасөзде бірінші рет 1924 жылы жарияланған. 1926 жылы Қызылордада Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда Әміре Қашаубаев, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, тағы басқа актерлармен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Жас театр қойған алғашқы пьесаларда - Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнаған. Ал өзі инсценировка жасаған «Біржан-Сара» қойылымында Біржан болып ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндіреді. Театрда спектакль соңынан үнемі қойылатын концерттерге де белсене ат салысқан. Әншілік, артистік, домбырашылық өнерінің үстіне, серіктес артистері Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, тағы басқалардың айтатын халық әндеріне жаңа мазмұнды мәтіндерін жазып берген. Мысалы: «Заулатшы-ай», «Қалқа», «Ісмет», «Назқоңыр», тағы басқалардың сөзін Иса Байзақов қайтадан жазған. Халыққа кең тарап кеткен мұндай ән мәтіндерінің саны қырықтан асады. Қазақтың халық әндерін тұңғыш жинап бастырушы Александр Затаевич Иса Байзақовтың аузынан бірнеше халық әндері «Кәкен», «Бике», «Жар-жар», тағы басқаларын жазып алып, нотаға түсірген. Иса Байзақов орындайтын бірсыпыра халық әндері «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын» операларының музыкасына енген. Ал атақты «Гәкку» әні Иса Байзақовтың орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз Жібек» операсына көшті. Театрға жиналған жұрттың қалаған тақырыбына іркілместен суырып салып, өлең шығаруымен «ақын-артист» атанған Иса Байзақовтың ақындық дарыны да шарықтап өсе берді. Күн сайын театрда суырып салып айтатын жаңа жырлары, газеттерде жарияланып жататын ұсақ өлеңдерінен басқа, оның этникалық шығармалары да жиі-жиі жарық көріп отырды
«Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі», «Алтай аясында», «Кавказ», «Қырмызы-Жанай» (аяқталмаған), «Ақбөпе» поэмаларында Иса Байзақов адамгершілікті, адал махаббатты жыр етеді. Өткен өмірдің өкінішті, қайғылы кезеңдерін көз алдыңа елестетіп, қазақ пен қалмақтың ірі бай-феодалдарының зұлымдығын әшкерелейді, тап қайшылығын көрсетеді. Иса Байзақов өмір шындығына «Неге Алатау шаттанды?», «Ұлы құрылыс», «Он бір күн, он бір түн» поэмаларын арнаған. Соңғы поэмасында ол Кеңес Одағының Батыры Марина Раскованың бейнесін жасады.
1.Байзақов И. 2томдық таңдамалы шығармалары, Алматы, 1982.
2. Жансүгіров І. Шығармалары, 5 томдық, Алматы, 1988.
3. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. –Алматы: Санат, 1975.
4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. –Алматы: Санат, 1997
5.Ақын Иса. Павлодар қаласы. 2000 жыл. «ЭКО» ҒӨФ,160 бет.
6.Елизавета Малиновская. Ғалым Қаржасов. - Алматы:Комплекс,2005.-60 с.:ил
7.Павлодардың суретшілері.Альбом Павлодар 2003
8.Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың жеке аудио-кассетасы
9. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
10. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, 11.Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
12. Қазақ энциклопедиясы, 2 том;
13. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 2 том,
14. «Тарихи тұлғалар»кітабы.
15. Қабдолов. З. Жебе. Әдеби толғаныстар мен талдаулар. – Алматы: 1977. –380 б.
16. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 350 б.
17. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2002.
18. Әшімбаев С. Парасатқа құш тарлық. Алматы, 1991.
19. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.
20. Дәдебаев Ж. Өмір шынды ғы және көркемдік шешім. Алматы, 1991.
21. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Лекциялар курсы. Алматы, 2002.
22. Дәстүр мен жаңашылдық. Алматы, 1980.
23. Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы, 1985

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І. ИСА БАЙЗАҚОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫ

1.1 Иса Байзақовтың өмірі мен қоғамдық қызметі
1.2 Иса шығармаларының көркемдік ерекшелігі

ІІ. ДАУЫЛДЫ ДҮЛДҮЛ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

2.1 Абай және Иса поэзиясындағы сабақтастық
2.2 Ақын жайлы естеліктердегі Иса бейнесі

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :

КІРІСПЕ

І. ИСА БАЙЗАҚОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫ

1.1 Иса Байзақовтың өмірі мен қоғамдық қызметі
Байзақов Иса (1900-1946) - қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.
Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туған. Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан ол Домбырашы бала, Әнші Иса атанады. Революцияға дейін байлардың қозысын бағады, қойын жаяды, шахтада жұмысшы болады. Оқып жүрген кезінде суырып салма ақындығы, әншілігі, домбырашылығымен ерекше кезге түседі. Өлеңдері баспасөзде бірінші рет 1924 жылы жарияланған. 1926 жылы Қызылордада Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда Әміре Қашаубаев, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, тағы басқа актерлармен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Жас театр қойған алғашқы пьесаларда - Мұхтар Әуезовтің Еңлік-Кебегі мен Бәйбіше-тоқалында басты рөлдерде ойнаған. Ал өзі инсценировка жасаған Біржан-Сара қойылымында Біржан болып ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндіреді. Театрда спектакль соңынан үнемі қойылатын концерттерге де белсене ат салысқан. Әншілік, артистік, домбырашылық өнерінің үстіне, серіктес артистері Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, тағы басқалардың айтатын халық әндеріне жаңа мазмұнды мәтіндерін жазып берген. Мысалы: Заулатшы-ай, Қалқа, Ісмет, Назқоңыр, тағы басқалардың сөзін Иса Байзақов қайтадан жазған. Халыққа кең тарап кеткен мұндай ән мәтіндерінің саны қырықтан асады. Қазақтың халық әндерін тұңғыш жинап бастырушы Александр Затаевич Иса Байзақовтың аузынан бірнеше халық әндері Кәкен, Бике, Жар-жар, тағы басқаларын жазып алып, нотаға түсірген. Иса Байзақов орындайтын бірсыпыра халық әндері Айман-Шолпан, Ер Тарғын операларының музыкасына енген. Ал атақты Гәкку әні Иса Байзақовтың орындауымен ешбір өңдеусіз Қыз Жібек операсына көшті. Театрға жиналған жұрттың қалаған тақырыбына іркілместен суырып салып, өлең шығаруымен ақын-артист атанған Иса Байзақовтың ақындық дарыны да шарықтап өсе берді. Күн сайын театрда суырып салып айтатын жаңа жырлары, газеттерде жарияланып жататын ұсақ өлеңдерінен басқа, оның этникалық шығармалары да жиі-жиі жарық көріп отырды
Құралай сұлу, Қойшының ертегісі, Алтай аясында, Кавказ, Қырмызы-Жанай (аяқталмаған), Ақбөпе поэмаларында Иса Байзақов адамгершілікті, адал махаббатты жыр етеді. Өткен өмірдің өкінішті, қайғылы кезеңдерін көз алдыңа елестетіп, қазақ пен қалмақтың ірі бай-феодалдарының зұлымдығын әшкерелейді, тап қайшылығын көрсетеді. Иса Байзақов өмір шындығына Неге Алатау шаттанды?, Ұлы құрылыс, Он бір күн, он бір түн поэмаларын арнаған. Соңғы поэмасында ол Кеңес Одағының Батыры Марина Раскованың бейнесін жасады.
1932-1940 жылдар аралығында Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызметтер атқарған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрып, ел аралап, үгітшілік қызмет атқарды. Халықты жауын жеңуге шақырды. Бұл кездерде оның композиторлық дарыны да кең өрістеді. Оның атақты Желдірмелері (бес желдірме) халықтың жан-жүрегін тербеді. Иса Байзақовтың өмірі мен шығармаларын Есмағанбет Ысмайылов, Мәди Хасенов, Рахманқұл Бердібаев, тағы басқалар зерттеген. Жазушы Николай Ановтың Ән қанаты романында, осы аттас кинофильмде әнші-ақынның көркем бейнесі жасалған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Әнші-ақынның есімі Павлодар облысы Ертіс ауданыдағы ауылдық округке, Үлгілі ауылындағы орта мектепке берілген.

1.2 Иса шығармаларының көркемдік ерекшелігі

Сұрасаң атым Иса,әкем Байзақ,
Бұлбұлдай халық үшін жүрмін сайрап,
Көңілін малшылардың көтеруге
Келіппін ортаңызға дәм-тұз айдап

Сайраған Отанымның бұлбұлымын,
Жүйріктің шаң ілеспес дүлділімін.
Белгілі Иса атым кәрі-жасқа,
Оларға нарық берген үлгілімін.

Жолдаспын өлеңмененен,өмір-серік,
Айтуға кезім келді бәрін теріп.
Жырлауға халық сүйген адал ерді
Көсемім ақынына берді ерік.
Деп көз ілеспес шапшаңдықпен бір ауыз өлеңді суырып салып ортаға тастай берген еді дейді тума талант Исаны көзі көрген Мүсілім Нұрпейісов өзінің Соғыс жылдарында деген естелігінде [1, 92]. Шынында суырып салмалылық өнер қазақ даласына кеңінен тараған. Қазақтың қазақтығын, қазақтың азаттығын,еркіндігін,елдігін танытатын, тек қазақ халқына ғана тән ұлан-ғайыр қазақ даласының еркіндігін танытатын өнер символы - ол суырып салмалылық. Алайда қаншама көне көз тарихтың куәсі болған қазіргі қазақ даласында суырып салмалылық өнердің тек жұқанасы ғана қалған. Мүлдем құрып кетпей, сирек болса да,аз болса да бар екендігі көңілге қуаныш ұялатады.Міне сондай ерекше өнердің иесі Иса Байзақов туралы бірнеше сағатқа созылатын әңгімелер айтуға болар еді.Бірақ біз Исаның халық жадында сақтаған поэма, дастандарына тоқталуды жөн көрдік.
Қазақ сөзінің қуатын Абайдан терең игерген жан жоқ десе де болады. Абайдан үлгі алып, сөзді Абайша түрлендіре түскендер бар.Иса - сөз түрлендіру, тіл ұстарту жағынан осы қатарға жататын ерек тұлға.
Иса қолданған сөздер табиғатқа, жан-жануарларға,қоршаған ортаға тіл бітіріп, сөйлетіп жатады. Оның тіл қолданыс тәсілі бөлек. Жаңаша мағына жетелеп, жандана түскен жеке сөздер Иса қолданысында елтітіп,еліктіріп,тіл құдіретіне деген сүйіспеншілікті арттыра түседі. Қараңыз:
Ер тауып, жоқ елді бар қыла алмайды.
Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды.
Тұсында әр заманның бір сұрқылтай,
Ұқсаңдар ата сөзі жай қалмайды.
(Құралай сұлу поэмасынан)
Мағынасы терең, ойландырмай, толғандырмай кетпейтін мұндай аталы сөздер ешқашан ұмытылмақ емес. Басқа туындыларына шашырамай-ақ, тек осы Құралай сұлу поэмасын сүзіп шыққанның өзінде-ақ өлі сөзге жан бітіре сөйлету мен тілдің өзін тірі тіршілікпен астастыра, ұластыра жырлаудың асқан үлгілерін көреміз. Ел жайлап отырған Шу өзенінің екі жақ алабы мен көл маңының көркін айна-қатесіз көз алдыңызға келтіріп, сөзбен сурет салады.
Өзеннің екі жағы қамысты көл,
Жайылып екі тарап болады сел.
Шашты қыз,тарақты алсын,шөп өседі,
Ат шаптырым алабында жайлаған ел.

Шаңқанда шағалалы құстар үшып,
Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.
Қызғыш-қызық,шәуілдек жағын безеп,
Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.
Ғажап емес пе, тіпті ешқандай талдама, түсініктемесіз-ақ әрі қарай оқи бергің келеді. Оқыған сайын қазақтың қаймағы бұзылмаған мынадай мамыражай жай тіршілігіне, табиғаттың тамылжыған кейпіне, дала көркі - төскей толы мал мен сұңқылдай ұшқан құс әлеміне, айнадай жарқыраған көліне, жағалай біткен қамыс құрағына деген сағыныш сезімің оянып, о, жалған дүние-ай, мұндай да болған екен-ау деп арманды ойдың жетегінде кете барасың. Осындағы суға қонып,шуылдаған сұқсыр, жағын безеген шәуілдектер, сұңқылдаған аққу, қазадарға тіл бітіріп, сөйлетіп отырған ақын шеберлігіне тәнті боласың. Бұл тек Исаға ғана тән қолданыс. Ол тіпті жерді аспанға, аспанды жерге телміртіп, ойландырып қояды да, күн батар шақты былайша толғайды:
От шашып,қызыл жібек маңайына,
Нұр төгіп көкжиектің маңдайына.
Түсіріп шымылдығын бір заманда
Күн сұлу кіріп кетті сарайына.
Мына суретттеуде жер мен аспан әлемінен тұратын ғалам ақынның асқақ ойының қауызына сыйып кетіп тұр. Мұны сыйғызып тұрған ақынның шеберлікпен шендескен шешендігінде, ал шешендік пен шеберлікті шыңдап тұрған тіл байлығы. И.Байзақов портрет жасауда да қазақ сөзінің қаймағын тергіштеп қана қоймай, оны әсемдік пен әдемілік әлемінің жиһаздарындай етіп құлпыртып, құбылтып жібереді. Құралайдың сұлулығын Жерде туып, көкте күнге нұрын қосқан ғажайып құбылыс іспетті толғайды.
Екі бет уылжып тұр қаны тамып,
Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып,
Жас баланың аузындай кішкене аузын,
Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.

Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,
Ақылдан орнатқандай өлшеу алып.
Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай,
Сұлулық есі кетіп тұр, таң қалып.
Осында тек Иса әлемін, яғни ақынның сөз қолданыс әлеміне тән өзіндік оралымдар бар [1.57]. Иса ақын туралы көптеген деректер келтіріп айта беруге болады,себебі сол кездің өзінде-ақ Иса ақынның дастандарын, жырларын жатқа оқыған,әндерін орындаған өнер сүюші адамдардың ішінде қазірде Қазақстанға танымал павлодарлық суретші Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың туған әкесі де бар еді [3.40].

ІІ. ДАУЫЛДЫ ДҮЛДҮЛ

2.1 Абай және Иса поэзиясындағы сабақтастық
Дәстүрлі қазақ поэзиясында сюжеттік оқи - ға - ларды арқау етіп, тарихи кезеңдердің шындығын биік көркемдік деңгейде, тартымды суреткерлік шеберлік аясында жинақтап көрсете алған эпи - калық шығармалар молынан кездеседі. Поэзия - мыздағы осынау арналы көркемдік ізденістердің арғы бастауларына назар аударатын болсақ, бірінші кезекте Абай поэзиясының көркемдік тағылымы, шеберлік мектебі ойға оралады. Абай Құнанбаевтың халық басынан өткен бел - гілі тарихи кезеңдерді және осы кезеңдерде тағ - дыр кешкен немесе ел өміріндегі ірі-ірі оқиғаларға ұйытқы болған тарихи тұлғалардың өмірінен алын - ған сюжеттік желілерді арқау ете отырып, терең гуманистік, адамгершілік, азаматтық идеяларды көтеретін туындылары кейінгі қазақ поэзиясына да өзінің игі ықпалын тигізді. Абай жырлаған бұл тақырыптардың ішінде қазақ поэзиясының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан алтын арқауы - адамзаттық гуманистік құн - дылықтар, биік адамгершілік қасиеттер, мәң - гі - лік махаббат, жастар арасындағы сүйіспеншілік, Отанды қорғау, туған жер үшін күресті бейнелеу идеялары да алдыңғы қатарға шығады. Айталық, ұлы ақынның "Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгі - ме - сі" ат - ты поэмалары осынау өзекті тақырып - тарды бей - нелеудің қазақ әдебиетіндегі озық үлгілері болып табылады. Ескендір поэмасы ақындық шегіністен басталады. Ұлы ақын алдымен Ескендір патшаның кім екендігін, қандай іс-әрекеттерге барғандығын, өз заманында қандай билік жүргізгендігін шолып айтуды мақсат етеді. Ізгілік пен қатыгездікті, жақсылық пен жаман - дықты бірден ажыратып, ақындық позициясын бірден анықтап, айшықтап жеткізген ақын Абай Ес - кендір патшаға, оның тұлғасына, тарихи орнына деген өз көзқарасын бірден ажыратып алады.
Оқырман да ақын дүниетанымына тән, авторлық мақсатқа сай ақын Абай қандай гуманистік құн - ды - лықтарды, адамгершілік қасиеттерді алдыңғы қатарға шығарғысы келгендігін бірден аңғарады. Сондықтан поэманың басталуындағы алғашқы шумақтардың өзімен-ақ Абай өз дүниетанымын, адамзат тарихында орын алған заманауи оқиға - лар - ға қатысты өз бағасын бүркемелемей, астарламай, ақ пен қараны бөліп тастағандай етіп, оқыр - ман - ға ашық, тайға таңба басқандай түсінікті, әрі поэтикалық аяда шашыратып алмай, түйіндеп, жинақтап жеткізеді. Поэманың:

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?

Македония шаһары оған мекен.

Филипп патша баласы, ер көңілді,

Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен, -

деген жолдармен басталуында осындай үлкен ав - тор - лық мақсат жатқандығын байқамау мүмкін емес. Ақын және заман, ақындық дүниетаным және тарихи тұлға болмысы категорияларын Абай саналы түрде жіктеп, жіліктеп көрсеткісі келмегенімен, осынау поэма шумақтарының мазмұнынан, поэ - ти - калық астарынан қазақ оқырманы ақын меңзегелі отырған гуманистік, қала берді адамзат - тық құндылықтарды жан-жүрегімен қабылдайды.
Ең бастысы, ақын дүниетанымындағы рухани құндылықтардың бір адамның, яғни белгілі тарихи тұлғаның өмірбаянына қатысты, сол кезеңдегі өт - кен тарихи оқиғалар арқылы қалайша жарқырап көрініс табатынына куә боламыз. Поэманың астары қалың сюжетке құрылуы, ішкі динамикасының ширақ, жинақы болып келуі, өте тартымды, жатық тілі, ең бастысы, шығарманың көркемдік сапасынан, поэтикалық жүйесінен Абай қолтаңбасының айшықты көрінуі поэманың ең басты құндылығы ретінде бағалануы тиіс. Ақынның көркемдік қабылдауында Ескендір сияқты тарихи тұлғаның жеке тағдырынан бастау алатын сюжеттік желі өрби келе, поэманың көр - кем - дік шешіміне орай айырықша әсерлі, айырықша тар - тымды, тағылымдық, тәрбиелік маңызға ие бо - лады. Яғни жеке тұлғаның өмірінен алынған тарихи оқиғалар шоғыры көркемдік дүниетаным, фило - софиялық ой-толғамдар арнасында ақын үшін бүкіл адамзаттық идеяларды көтеруге мол мүмкіндіктер ашты. Поэманың сюжеттік желісінде ашкөз, қанқұмар патша Ескендірге қарама-қарсы бейне ретінде ғұлама ғалым, данышпан, дана қария Аристотель бейнеленеді. Поэманың көркемдік шешімі ретінде ақын Абай өз шығармасында арнайы Аристотель сөзіне кезек береді. Дүниені жаулап, ашу мен қатыгездікке ерік бер - ген, тоқтау, қанағат, рахым дегенді білмеген қанқұмар патшаға Аристотельдің сөзі ой салады. Қатыгез патшаны райынан қайтарады. Адам баласының көзі тірісінде дүниеге тоймайтынын, барға қанағат етпейтінін меңзей отырып, поэма кейіпкері Аристотель:

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен, -

деп, терең астарлы өсиет сөзін айтады. Поэманың аяқталар тұсындағы осынау шумақтар шығар - маның күллі көркемдік шешіміне сыйып тұрған тақы - рып - тық, әрі философиялық ойды, автордың кон - цеп - туал - ды көзқарасын, терең дүниетанымын аңғар - тады. Поэманың идеялық, көркемдік жаңалығы да алдымен осынау авторлық шешімдегі ақынның өзіндік толғаныстарынан нәр алады. Демек, Абай сомдаған көркем бейнелер тарихи кезеңдер шындығын авторлық идеяға сәйкес қайтара жаң - ғыртып, қайтара құбылтып, мүлдем жаңаша маз - мұндық аяда оқырманға ұсынуға болатындығын көркемдік тұрғыдан дәлелдеді. Қазақ поэзиясында көркем бейне сомдау, осы мақсатта ақындық шеберлік шыңына көтерілу мәселелеріне арналған еңбектер аз емес. Әдебиет - тану ғылымындағы осынау мәселені - құнарлы, дәстүрімізді байытқан тақырып десек те болады. Алдымен Абай дәстүрінде көркем бейне сомдау - дың саңлақ үлгілерін қалдырған қалам қайрат - керлері еске түседі. Классик қаламгерлеріміз Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқановтан бастап, кейінгі толқын қабыр - ға - лы ақын-жазушыларымызға дейінгі үлкен шоғыр - дың арасынан осынау дәстүрлі арнаға із салып, қалам тартпаған шығармашылық тұлғалар кемде-кем екен. Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян", "Қор - қыт", "Қойлыбайдың қобызы", Сәкен Сейфуллин - нің "Көкшетау", Ілияс Жансүгіровтің "Күй", "Күй - ші", "Құла - гер", Сәбит Мұқановтың "Сұлушаш", алпысын - шы жылдары дүниеге келген Қалижан Бекхожиннің "Ақсақ құлан", Хамит Ерғалиевтің "Құрманғазы", Жұбан Молдағалиевтің "Кісен ашқан", т.б. поэзия - лық шығармаларымыз әде - бие - тіміздегі тарихи тақырыпты, тарихи тұлғалар тағдырын бейнелеуді жаңа белеске көтерді. Осынау шығармалардағы тарихи тақырыпты меңгеру ерекшеліктері, сюжет құрудағы пішіндік ізденістер, тарихи тұлғаны дара - лаудағы көркемдік әдіс-тәсілдер Абай дәстүріндегі суреткерлік арналармен әр қырынан келіп сабақтасады. Бұл туындылар ішкі көркемдік қуаты, халықтық сипаты жағынан да ұлы ақын шығармаларынан үлгі-өнеге алғанын, қазақ поэзиясында бұрыннан бар бай дәстүрлерді жаңа көркемдік сапалық деңгейде қайтара жаңғыртқанын таныта келді. Қа - зір - гі қазақ поэзиясында да бұл өнер көші, құ - нар - - лы дәстүр тоқтап, толастаған жоқ. Ал енді, поэзиямыздағы сондай көркемдік үлгілерді тудырған, қазақ әдебиетіндегі ақындық жаратылысы бөлек, тума дарын Иса Байзақов шығармашылығы да дара көрінеді. Аса дарынды өнер иесінің басқа бір, өзі қатарлас өнер иесі туралы сөз толғауы, образ сомдауы, сол арқылы кие - - лі қазақ өнерінің тұлғаларын әдебиетімізге көр - кем бейне ретінде қайтадан алып келуі - әрқашан да оқырман ықыласына бөленіп отырған. Иса Байзақов қаламынан әр жылдары, әр кезеңде туған өнер туындылары да өз оқырманын оқшау көркемдік бояуымен, сирек кездесетін ұтымды теңеулерімен, сюжет тартымдылығымен оқырман назарын аударды. Иса Байзақовтың әдебиетіміздің алтын қоры - на қосылған "Құралай сұлу" мен "Алтай аясында" атты поэмалары тарихи оқиғаларды көркемдік тұрғыдан жинақтаудың жаңа үлгілерін танытты. Бұл шығар - ма - ла - рына арынды ақын алдымен қазақ тағды - рын - дағы айрықша орны бар ірі-ірі тарихи оқиғаларды ар - қау етеді. Халықтың бостандық, тәуелсіздік жолын - дағы мақсатты күресі алдыңғы қатарға шы - ғады да, осынау оқиғалардың ел өмі - рін - дегі, жекелеген адамдар тағдырындағы әлеу - меттік-рухани салмағына назар аударылады. Ақынның дүниетаным тереңдігі, тарихи көзқарасы, поэти - ка - лық, көркемдік жинақтау әдіс-тәсілдері өзінің кең ауқым - дылығымен, шынайылығымен оқырманын баурайды. Қазақ жүрегінде "Есім ханның ескі жолы" деген аңызға бергісіз қанатты сөз қалдырған, ел бірлігі, ұлттық мұрат жолында баға жеткісіз тарихи еңбек жасаған әйгілі Есім ханның заманында тағдыр кешкен, елінің жоғын жоқтаған, әділдігімен, тура - шыл - дығымен көпке жаққан Монтай бидің тұлғасы да поэманың құнарлы тұсы десек, қателеспейміз. "Құралай сұлу" поэмасында туған жерді қасық қаны қалғанша қорғай білетін батырлық болмыс пен адал махаббаттың жолында басын бәйгеге тігетін азамат тағдырының арасындағы рухани сабақтастық, жүрек қуаты қылаусыз поэзия тілінде сөйлейді. Автор осынау адам бойындағы ізгі қас - иет - терді нақты көркем тұлғалар арқылы, олардың жан дүниесіндегі сезім толқындарын жарқырата аша отырып, оқырманына терең тебіреніспен жеткізеді. "Алтай аясында" атты поэмасы да ақынның осынау ұлы идеясын басқа қырынан алып, оны ары қарай тереңдете түсетін туындысы. Бұл шығарма - ның да алтын арқауы - тәуелсіздік, бостандық, яғни еркін өмір жолындағы ержүрек жандардың бойындағы күрес рухын, қажыр-қайратын құдіретті поэзия тілінде кестелеу болып табылады. Адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік жолында басын бәйгеге тігетін, биік мақсат-мұратты армандайтын, осы жолда қандай да қауіп-қатерден тайсалмайтын қазақ жастарының тұлғасы типтік көркем бейнелер деңгейіне көтеріледі. Поэманың орталық кейіпкерлері Балағаз бен Еркежанды өмірдің қиын өткелдеріне салатын автор сол кезеңдегі дала өмірінің сан қатпарлы тарихи-әлеуметтік шындығын жалаң алмайды. Керісінше, кейіпкерлер тағдыры арқылы сан қат - парлы тарихи шындық көрініс табады. Оқиға желі - сінде әрқилы әлеуметтік топтар өз әрекетімен, өз мінез-құлқымен шынайы танылады. Тарихи оқиға - ларды қамтып көрсету, тұлғаның көркемдік қуатын аша түсетін іс-әрекеттерді бір желінің бойында шебер қиюластыру, табиғат суреттері, психология - лық иірімдер - барлығы түптеп келгенде, ақынның суреткерлік шеберлігінің терең құнарынан бастау алып жатады. Оны қазақтың ең бір сүйікті, ардақты ақынына айналдырған дүниелері де осы мәңгі тозбас құдіретті поэзияның арқасы еді. Солардың ішінде, тағы да қайталап айтсақ Абай үлгісімен, Абай бастаған дәстүрде тарихи тақырыпты, әлеу - мет - тік-рухани мәселелерді арқау еткен туындылары алыстан менмұндалап, айшықты көрінеді. Осылардың қатарында "Құралай сұлу", "Алтай аясында", "Ақбөпе" сынды поэмалары көркемдік талаптарының ең биік шыңына көтерілген туындылардың қатарына енді. Ақын талантының тағы да бір қайталанбас қыры "Ақбөпе" поэмасындағы Ақбөпе тұлғасының көркемдік қуатымен сабақтас көрінеді.

Кім көрді көктің жерге құлағанын,

Кім көрді күннің жарық сұрағанын,

Кім көрді Ақбөпедей қыршын жастың,

Шомылып қанды азапқа жылағанын, -

деп басталатын дастанның тұтастай сюжетті желісі, ішкі композициялық құрылымы, кейіпкерлер жүйесі, барлығы жиналып келгенде бір идеяға тоғысады, бір мақсатқа қызмет етеді. Ол идея - мәңгілік махаббат идеясы.
Сүйіспеншіліктің биік тұғырынан бір елі шегін - бейтін қазақ жастарының қайсар мінезін асқақтата жырлау мақсатын көздеген автор суреткерлік тал - ғам мен көркемдік талаптың биік деңгейіне көте - ріле - ді. Яғни адамгершіліктің, кісіліктің, азамат - тықтың айнымас өлшемі - адал махаббатқа деген тұрақтылық екендігін ақын барлық шығармала - рында өмір бойы жырлап өтті.
Абай поэзиясының тереңіне үңіле білген, содан нәр алған, ең бастысы, Батыс-Шығыс құнды - лықтарын поэзия тілімен сөйлете білген ұлы Абайға қазақтың бір топ нәзирашыл ақындары да терең көңіл қойды. Рухани ұстазымыз Абай деп санап, осы бағыттағы ізденістерінде де олар Абайға арқа сүйеді. Абайдың поэтикалық суреткерлігінен, тіл шеберлігінен үлгі алды.
Дастандық жыр дәстүріне ат басын бұрған ақын-жыраулардың барлығы да Абайдан ең алдымен гуманистік идеяны алдыңғы қатарға шығару - ды, адамгершілік, азаматтық құндылықтарды ас - қақ - - та - та жырлауды үйренді. Ұлы гуманистік идея - лары мен азаматтық сарындағы ой-аңсарла - рын поэзия тілімен қалың оқырманға жеткізе білді. Жаратушының болмысы, Алла-тағалаға құлшы - лық ету, күллі ғажайыптар бір ғана Жаратушының қолын - да тұрғандығын кеңінен насихаттайтын дастандар легі қазақ поэзиясынан орын таба бастады. Бұл туындыларда (дастандарда, толғауларда) ең баста Абай негізін қалап кеткен орнықты диа - пазон - ның, ой ауқымын арыдан салып, алыс көкжиектерді қамтып айтуға мол мүмкіндіктер ашатын әдіс-тәсілдер бой көрсетті. Бір кезде өз тұсында Абай көтерген елдік, отан - дық тақырып тар шеңберден шығып, адамзаттық ауқымдағы маңызға ие болып, әлемдік маңызы бар мәселелерге қарай бет бұрды, сөйтіп, елдік шеңберден шығып, енді космогониялық, филосо - фия - лық феноменге ие бола бастады. Абай жырла - ған отандық тақырып, әсіресе, шығыстық сарын - дағы сюжеттер, діни астардағы қиял-ғажайып оқиғалар - ға толы мазмұндық сюжеттер өзара жинала келіп, әрекет ете отырып, оқырмандарға қиялға жетелей - тіндей ой тастады. Әсіресе, шығыс - тық сарындағы сюжеттер, діни- мистикалық астары қалың идеялар адам сенбейтін таңғажайып оқиғаларға табан тірей отырып, әрекет ететін, қиялға жетелейтін, пері-періштелер бас кейіпкерге айналатын жаңа сю - жеттік желілер қазақ дастандарынан орын алды. Құрғақ дидактиканың орнын тірі поэтикалық сөз ауыстырды. Философиялық ой-аңсарларға құлаш ұра алатын ақындық қуат алдыңғы қатарға шықты. Автор өз туындыларына арқау еткен бұл әсерлердің, ізденістердің тамыры ең алдымен Абайға барып тіреледі. Тарихи тұлғалардан бөлек енді қиял-ғажайып оқиғаларды бастан кешетін, бірақ халық жадында сан ғасырлар бойында жатталып қалған, ел арасында аңыз, әфсана болып кең жайылған ертегілік қаһармандар да әдеби кейіпкерлер ретінде шығарма сюжетіне еніп, үлкен идеялық жүк көтеріп тұратын деңгейге көтеріле бастады. Бұл туындыларда да (мейлі тарихи тұлға бола ма, мейлі қиял-ғажайып кейіпкер бола ма) олар бәрібір оқырман санасын сырт итерген жоқ, өз болмысына адам санасы жақын болған соң оқырмандар да оларды табиғи қабылдады. Әсіресе, ислам дінінің асқан мейірімі мен шапағатын, асыл қасиеттерін көрсететін, сол қасиетті дүниелерді аңызға бергісіз етіп суреттейтін сюжеттік желілер қазақ оқырмандарына бірден жат көрінген жоқ. Бұл қасиетті дүниелер, биік, асыл, таза рухани күштер қазақ жанына жақын болғандықтан қалың оқырман оларды бірден жүрегімен қабылдады. Туған әдебиетіміздегі осынау Абайдың теңіздей терең рухани қайнарынан бастау алатын әдеби-эстетикалық, тақырыптық-сюжеттік, композиция - лық, философиялық, қала берді тілдік - стильдік ізде - ніс - тердің барлығы жиылып келгенде әдебиеті - міз - дегі ұлы дәстүрлердің тамыры әлі де терең және сан ғасырлардың қатпарынан көктеп еніп, бізге еркін жетіп отырғанын дәлелдейді. Абай дәстүрі дас - тан жанрындағы осы ұлы сілемдердің бізге жа - қын - дау жатқан ұлы арналарының бірі, әрі бірегейі ғана.

2.2 Ақын жайлы естеліктердегі Иса бейнесі
Егер шынайы поэзия мен шын асыл өнер саласында қазақ халқының таланттылығын бір-ақ мысалмен дәлелдеу қажет болса, мен Иса есімін атап, бесаспап өнерпаздығын алға жаяр едім. Сонда кез- келген шет елдік тосын көз де тоғыз жасынан талант бәйгесіне түскен жыр дүлдүлі,желдірмелерін желдей естірген шабытты әнші, дарынды композитор,қазақ театрының қара шаңырағын көтеріскен айтулы артист, халық фольклорын жинаушы, әдебиет насихатшысы, артына өшпес үлкен мұра қалдырған Иса творчествосына илана ұйыр еді.Иса ақын есімі аталғанда ұлы да, кіші де бір елең етпей қалмайды.
Бұнда жай таңсық сезім емес, шын сүйсіну бар? Иә, солай! Себебі, аты аңызға айналған ақын жөнінде айтылатын алуан әңгіменің ақиқаты мен қоспасын ажыратып алудың өзі қиынға соғар мәселе.Керекуде 5-6 жасар кезімде шала-пұла бір көрген ақынымды мен 1941 жылы жазда ұшыраттым. Соғыс бұрқ еткен алғашқы күндерде Семей қаласында ел ақындарының облыс аралық жиналысы болды. Аты бүкіл қазақ сахарасына аян Естайға, әнші Балабекке ілесе кеп, бала болсам да мен де сол жиналысқа қатыстым.
oo Иса аға осында екен! Жиналысқа келетін шығар,- деді барқыт тақиялы
бала ақын Нұтфолла Шәкенұлы. Ол Абралы ауданынан келген екен. Бірақ жиналыста Иса ағаны көре алмай,санымызды соқтық. Ертесіне Абай музейінің сол кездегі жатаған үйіне апарды делегаттарды. Күн ысып кеткен соң, кілем төселген салқындау бірінші қабатқа кірдік. Төрде Сапарғали, Төлеу, Нұрлыбектер... Бір сәтте ашық есіктен дабырлап сөйлескен бір-екі адам даусы естілді. Шапаты, шымыр денелі, қаршыға бітімді, өткір көздісі табалдырықтан аттай бере, қалт тұрып қалды. Іздегенін іле-шала ілердей үңіле еңкейе берді де, төрдегілердің біріне шүйіле кетті.
- Ә, сен өзің осында отырмысың?
Мен екем ғой оп-оңай шоқыр құсың...Төменірек отырған бір жыраудың домбырасын жұлып алды да, құлақ күйін шапшаң келтірді. Қаршыға қара тағы сілтеді:
- Қараңдар домбыраның еркесіне,
Ақынның шығып алды желкесіне...
Тоғайдың жаман-жұман шәлдірігі
Даланың тең түсем дейд еркесіне.
Ол өлеңін топан суындай қаптатар ма еді,қайтер еді, ақсақал ақын Әлімбетов Сапарғали:
- Исажан, ақылың бар еді ғой, кел, қасыма отыршы, сабаңа түсші, алқынның сөзін айтпашы,Нұрлыбекке базынаң болса, кейін айт!- демесе.
- Сапаш ағам айтты ғой, Сапаш ағам! -деп, Иса әуелі үлкендерге сәлемдесті де, бұрыла бере әйтпесе сені ме?!-деп, Нұрлыбекті қапсыра құшақтап алды. Әлдебіреу екеуін шағыстырған ба, ертеден араларында бір сыз бар ма, біз қапелімде түсіне алмадық...
Бұл эпизодтан біз Исаның өр намысты, тәкаппар ақын болғанын, бірақ үлкен аға алдында інілік ізетінен жаңылмас кішілігін аңғарғандаймыз.Ақын Исаның бойындағы тағы бір асыл қасиетті сипаттайтын эпизодты мен Мұхтар Әуезовтың өз аузынан естіген едім:
- Бір кеште қағаз қарап отырғанымда, біреу қоңырау шылдыратты. Есік ашқалы бара жатып сағатқа көз тастап едім, 11-ден асып кеткен екен.Түнделетіп жүрген бұл кім болды екен? десем,кәдімгі Иса Байзақов!
Ақындардың өр, ерке, шалдуарлау келетін әдеті ғой, ондай мінез Исада да бар. Алғыр ақындығын, айыз қандырар жүйріктігін ардақ тұтсам да, бір қылығын ішімнен жаратпайтынымды өзі де сезетін сияқты еді. Мына келісі оқыс. Өңіне қарап, оғаштық аңғармадым бірақ.
- Иә, жоғары шық!
Биязы адымдап, бір түрлі ұстамдылық байыппен Иса жазу столының басына келіп отырды.Үсті-басы тап-тұйнақты, тап-таза. Костюм-шалбары қыры сынбақ түгіл, ине-жіптен жаңа шыққандай. Қыз айттырғалы бара жатқан бозайдай, қырғыздар бозбаланың ересектеуін осылай деуші еді, содан аузыма түсіп жатыр,- деп Мұхаң бізге қарады.
- Ал содан соң?- деп біз үзілген әңгімеге ынтығамыз.
- Содан сонымен сынамақ боп мен буфетке қарай беттеген сыңай білдіріп едім, Исам шыр ете түсті.
- Мұха, әуре болмаңыз, ештеңенің қажеті жоқ. Бір нәрсе сұрап алайын деп келдім.
- Иә, сұра.
- Жуырда халық ақындарының республикалық айтысы болады екен, соны сен ашасың деп жатыр. Аспанда галактика деген бір нәрсе бар көрінеді. Соны қысқа сөзбен түсіндіріп беріңізші,біреу-міреу ертең тақырып етіп ұсына қалса, шоңқиып отырып қалмайын дегенім ғой. Сізден артық ешкім де соны маған жақсылап ұқтыра алмайды.
- Әуезовтан астроном жасайын деген екенсің деп күліп алдым да, өз білгенімше Исаға аспан әлемі жөнінде түсіндіріп бердім. Қалт етпей тыңдап, тәңірі жарылғасынын айтып кете барды.
Сұңғыла ойлы Иса құйма құлақ алғыр еді.Ал біздің жастарымыздың қайсыбірі қазір осындай білім құштарлық таныта ма! Жалғанда ой жалқаулығынан жаман нәрсе жоқ!- деп Мұхаң енді Жәкең жөнінде бір хикаяға ойысты...
Даналардың кемеңгерлігіне шөп-шалам сияқты іліге жүретін балалық мінездері де болады.Сырын білмес сырт көзге олары аса ерсі көрінуі де ықтимал. Түптеп келсек сол балалықта да даналық бары дау тудыра қоймайды. Сондай бір әңгімені Әуезов Мұхтар Жазушылар одағында Иса Байзақовты еске алған бір жиында айтқан екен. Енді соны келтірейік.
- Бір күні Исаға тұтқиылдан қасақана тиісіп, шүйілмесім бар ма! Осы сен өркөкіректеніп,өзеуреп, мен!, мен!, деп неге кеуде кересің?Heгe бұлданасың, бәлденесің? Кәне мықты болсаң, көрейін сені! Айталық, мен дүние салған екенмін. Сол турасында жоқтау айтшы, кәне, қолма-қол осы арада. Айтарыңның сөзі де, сазы да жаңа, соны болсын!-дедім. Қаршыға бітімді Иса шапшаңдыққа басты. Шиыршық атып, алабұртты. Мойны келтелеу, жылдар ізінен қарақоңырланып жылтырланған кәрі серік домбырасы шанағының бет тақтайын ортан қолмен тарс-тұрс қатты-қатты соғып-соғып жіберіп, шырқап кетті дейсің! Иманым қасым болды, қара жер теңселіп, тұңғиық аспан төңкеріліп бара жатқандай. Жер үстінің наз-наласы соның ғана көкірегін кергендей, қарс айырғалы кернегендей.Азалы әуен, қара жамылған қам келіншектердей тірі сөздер! Төбе құйқам шымырлап кетті. Әттең,әсем әні де, әдемі жыры да сол жерде қалды. Ол кезде қазіргідегідей магнитофон, диктофон бар ма еді?- деп, ұлы жазушы мінбеде кілт кідіріпті. Әлгі эпизодты сөз еткенде, мынандай ой түйгеніміз жөн бе дейміз.Қысылшаң қапияда мұрсатана мұрша іздеп қиналмаған Иса тәріздес дүлдүлдерге табан аудармай тұрып өлеңмен тіл қату, керек десеңіз күні бойы жыр сапыру тыныс - дем алғанға барабар болғандай. Heгe дейсіз ғой. Негесі: біліктіліктің, парасаттылықтың, кейде аттестатпен не дипломмен өлшенбейтіні ақиқат. Бағы замандарда халқының мұңын мұңдап, намысын жоқтаған қазтуған, Асан қайғылардан бастап, кешегі абызымыз Жамбылдар - бәрі-бәрі де өз тұсының өресі биік ойшылдары болған. Әр құбылыс, әр зат хақында, таныс-бейтаныс жандар жайында, өткен-кеткен жайында, өз заманы турасында, жалпы болмыс, қоғам қауым тірлігі жөнінде ішке түйген мол тұжырымдары, мәнді пайымдаулары, философиялық топшылаулары оларды замандастарының алдыңғы қатарларының сапына қосқан.Міне содан да сөз сайысына, өнер жарысына түскенде немесе қапелімде өлеңмен сөйлерде ел ақындары ойына келгенді, аузына түскенді айта салмайды. Ұзақ жылдарда бойына жинаған білім қорынан алып, оқыс сәтте, ұрымтал орайда ұтымдал өткір құрал етеді. Мәселен жоғарыда баяндаған жоқтауды қолма-қол ағыта салуы халықтың қасиетін жанмен ұққан деп өзі жайында Иса өзі айтқандай Мұхтар секілді бірегейлердің тарихтағы алар және қалар орнын ақын саралап, салмақтап жүрген ғой. Керек сәтінде сол пікірін өлең мен ән кестесіне қолма-қол түсіре қойған емес пе?!
Мәселен, Орынборға оқуға жаңа ғана барған 24 жасар ауыл жігітінің пролетариаттың көсемі В. И. Ленин ұлылығын пайымдауы бүгін де оқырманды сүйсіндірерліктей:
Ленин өлді, пікірі оның өлген жоқ,
Ленин - өлді, жолын ешкім жеңген жоқ,
Ленин - бүкіл коммунистер жүрегі,
Жүрек оны өлді деп те сенген жоқ.
Бұл да Иса ақынның зерек алғырлығын, парасаттылығын, іздегіштігін, жазба әдебиеттен жақсы ғибрат ала бастаған кезін танытады. Мінсіз образдардың ауыз әдебиетінде жасал-ғаны жөнінде Максим Горький қағидасы баршаға мәлім. Өйткені ол шығармалардың басты авторы ақындардың ақыны - халық, оның қосалқы авторы - екшегіш уақыт. Екі мықтының қолында әлсін-әлсін көркем өңдеуден өткен дүние,әрине, ақаусыз болады да! Асқан шебер халыңтан қапысыз үйрену ел ақындарының ежелгі дәстүрі десек, Иса творчествосы да әлгі қағиданың әсем иллюстрациясы болар еді.
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім?!
...Арада қыл өтпейтін тату едік,
Біздерді араз қылған қай антұрған?! (Назқоңыр әнінің бірінші түрі).
Немесе:
Төбелеп төре төтен жабылса да,
Келмейді Сырдың суы жұлығымнан. (Қанапия әнінен).
Тағы да бір мысал:
Сүйгенін, сүйенгенін есіне алып,
Жай таппас әнге салса кімнің жаны?! (Қалқа әнінен).
Еркін көсілісі, ынтық-іңкәрлігі, көркемдегіш құралдардың тым қазақылығы, яғни халықтығы - толайым фольклор туындысынан айнытпай тұр бұл өлеңдерді. Шынын айтсақ, әлеумет (әдебиетшілер қауымы болмаса) әлгі сөздерді халық өлеңі, сөзі деп ойлайды. Иса ақын жыры екенін біле бермейді. Ғасырлар сүзгісінен өткен өлең-жырлар нәрін бойына қаршадайынан қана сіңірген ақын ғана осындай шеберлікке жете алса керек! Таңдаулы дастандары мен өлең-жырларында әр ақын халықтың айшық-бедерлерді тыңнан жаңғырта қат-қатымен үстей тудырған. Бірде ол халық поэзиясының қалыбын алады да, көркемдегіш құралдарды өзінше табады. Мәселен Құралай сұлудағы мына бір жол: Өмірдің алды - жарық, соңы - қара. Ертеден ел құлағында бар: Дүниенің алды - сайран, арты -ойран дейтін өлеңнің төркіндесі. Сөйтіп жас талапкер бардың өзін басқаша бедерлеу керектігін тым ерте ұғынғанға ұқсайды-ау, сірә!Осы арада бір алайда ыхтиярсыз көлденең тартылады. Қара түнек заман қаңтар қалпында қалса, Иса сияқтылар қаншама талантты болғанымен мұншама кең өрісті, биік қияны тұғыр ете алмас еді!
Социалистік заман оның азаматтық бағын ғана ашқан жоқ, ақындық бағын да ашты.
Қалың көпір, шаршы топ кезіксе, табанда ағылған ақпалықпен өлеңді қарша боратып, әсіресе оңаша стол басында қағазға төну - Иса пешенесіне бұйырған өнер сыбағасы кім-кімді де қызықтырарлықтай.Ол бірыңғай ауыз әдебиетінің ғана үздік жүйрігі болған жоқ. Байзақов Иса творчествосы халық поэзиясы дәстүрі мен жазба әдебиет мәдениетінің классикалық тоғысуы. Ел ананың ежелгі фольклорынан халықты бойына дарытса жазба әдебиетте партиялық принципке баулынды ол.Міне содан да Иса өзіне дейінгі халық ақындарының орақ тілді, от ауыздысының бір де бірі айтпаған құнды сөзді көпке сыйлады.Ер-азаматтың елге, әлеуметке аты жайылуы бар да, шын мәртебе-мерейге ие болуы бар. Кейде әлдебіреулер бұларды шатастырып алып жүреді.Екеуі екі басқа ұғым. Ал Иса болса, алғашқы дастаны Құралай сұлу жарық көрісімен-ақ (1925 жылы) бүкіл қазақ елі махаббатына бөленген тәкаппар талант, ерке дарын. Құралай сұлудың бірден баршаға ұнауының себебі неде? Бұл елдік жайында, еңіреген ер жайында, кіршіксіз махаббат жайындағы дастан. Көзсіз батыр Келден, ерге ер, серіге сері Құралай қыз, ел ағасы Монтай - кесек те сүйкімді тұлғалар. Романтикалық сарында туған поэма жаңа заман адамдарының революцияшыл рухына үйлес, үндес келгем де ғой!Біздің бұл сипаттағанымыз шығарманың идеялық құндылығы болса, ол көркемдік сапасы да жоғары туынды. Ол үшін дастанның көріктеу құралдарына көз жүгіртелік.
Күрсініп дертті леппен демін үрлеп.Дертті леп. Қандай соны, оқыс анықтауыш (эпитет). Абайдағы күлкінің ерні іспеттес.Жас ойда жасырынып жанның сыры,
Шығарды сұлу жүзден суық терді. Жас ой Лермонтовтың жас бұлтын еске түсіргендей!Аттың шабысын суреттегенде Жалындай жалтарады жел үрлеген деуі ше? Желден жығылған жалын тілінің жер бауырлап қайта оңалуын бұлай сипаттау атымен жаңа теңеу.Атамзаманнан сайыпкер, еңбегі халықтың құлағына бірден жағар сөз!
Өмірдің алды - жарық, арты - қара -деген тармақтағы ауыстыру (метафора) көріктеу құралының дәлдігі сонша, тіпті түс-бояуға дейін көзге елестетпей ме?! Ақындық сөзде алуан бояу түсі болатынын Иса анық дәлелдейді. Алмастырудың (метонимияның) да соныларын кездестіреміз. Көлден өзінің қыршын өмірін сөз қылғанда Балдырған жас үмітке қауіп жетті дейді.Табиғатқа жан бітірген мына тұрпаттас кейіптеу тәсілі де дастан жазылған сонау 1924 жыл үшін ғана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исаны тани алдық па?
Иса Байзақов өмір өрнектері
Мектеп оқушыларындағы оқу іс - әрекеті құрылысының теориялық сипаты
1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы
Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы
«Арқалық батыр» жырының нұсқалары
1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері
Баланың күлкісі-көркі сәні әлемнің
Ереуілтөбе – ұрпақтар тағдыры тоғысқан өңір
Әміре Қашаубаев. Әміре - ұлы әнші, азамат
Пәндер