«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы


Кіріспе
І Тарау. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
1. 1. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының
«Егемен Қазақстан» газетіндегі қоғамдық-саяси көрінісі
1. 2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы даму мәселелері
ІІ Тарау. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы және қоғам дамуы
- «Егемен Қазақстан» газетінде «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» басымдығы орындалуының көрінісі
2. 2 «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасына 11-жыл .
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қаншама жыл бодандықты бастан кешіріп келген біз - қазақ елі 1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. «Ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің» кең байтақ жеріне қызығушылық танытқан қалмақ-жоңғарлардың шайқасын, Ресей патшалығының бодандығына өтуін, ғасырға жуық уақыт ішінде көптеген қанды көтерілісті, ашаршылықты, арыстай азаматтарының «халық жауы» атанып, жазықсыз оққа ұшуын, Ұлы Отан үшін қан майданда қасық қаны қалғанша соғысуын, өз ұлтымызға өз басшымызды сұраған жастардың еш кінәсіз айып тағылып, қудалануын бастан кешіріп барып егемендікке қол жеткіздік. Әбілхайыр, Абылай сияқты хандар хандық құрып, Райымбек, Қабанбай секілді батырлар шайқасып, Абай, Ыбырай, Ахметтер ағартушылықты бастап қазақ елін біртұтас ұлы мемлекетке айналдыруды аңсағаны тек қана ХХ ғасырдың аяқ шетіне қарай орындалды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. 1995 жылы Ата Заңы - Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Осы баптың екінші тармағында елімізде, негізгі қоғамда орын алатын принциптері нақты айқындалып берілген: «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу» [1] . Қоғамда орын алып отырған әрбір мәселе Заң жолымен шашілетіндігі және қоғамдағы атқарылар іс-әрекеттер халық игілігі үшін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін жасалынатындығы ашық көрсетілген.
Көпұлтты Қазақстан Республикасындағы халықтардың бейбіт өмірі, тыныштығы, ұлт ретінде сақталуы, әрине, басты мақсатта. Бұрынғы Кеңес Одағында бесжылдық жоспарлар арнайы дайындалатын еді. Халықтың орындауы керек деген басты мәселелер қабылданатын. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін даму жоспарын дайындаған емес, халықтың ертеңгі күні не істейтіндігі де тұманды болған еді. Алайда сайлау өткізіп, Заң қабылдап, даму реформаларын дайындап, дамыған және дамушы елдердің өткені мен бүгінін саралай келе өз даму бағытымызды айқындадық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Бұл Жолдау - Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының жоспары. Мұндай стратегиялық бағдарлама ТМД мемлекеттерінде де қолға алынбаған шаруа еді. «Қазақстан-2030» стратегиясы бізге не үшін қажет болды? Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Нарықтың бас кезінде жоспар атаулыға жоламай кеткеніміз бар болатын. Енді ойлап отырсақ, мәселе жалпы жоспарлауда емес, нені, қалай жоспарлауда екен. Соңғы жылдарда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді шектеумен ғана жүре беруге болмайтындығына көзіміз анық жетті. Бұған елдегі экономикалық жағдайдың біршама тұрақтанғандығы жағдай жасады. Сонан барып стратегия дүниеге келді. Стратегия - біздің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінетіндігіміздің көрінісі» [2], - деп жауап берді. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Стратегияда көзделген мақсат - ұлттық бiрлiкке, әлеуметтік әдiлеттiлiкке, бүкiл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткiзу үшiн тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетiн орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзiмдi негiзгi бағыттар бөлiп көрсетiлдi:
- Ұлттық қауiпсiздiк: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, елiмiздiң тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуы. Мемлекеттiң тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететiн барлық қажеттiлiктер шеңберiндегi бастапқы шарт - ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiлiктiң сақталуы. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi көрсеткiшi ретiнде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегi мен жәрдемiн пайдалану қажеттiгi атап көрсетiлдi. Мұның өзi халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi, Қазақстан азаматтарының өз елiне деген сүйiспеншiлiк сезiмiн арттырады. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсiз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршiлерiмен және дүние жүзiнiң жетекшi елдерiмен өзара тиiмдi қатынастар қалыптастыруға саяды.
- Iшкi саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бiрлiк - қоғам мен мемлекеттiң одан әрi дамуының кепiлi. Бұл салада барша азаматтар үшiн тең мүмкiндiктiң және барлық этникалық топтар үшiн тең құқықтың болуына кепiлдiк беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеуметтік мәселелердi шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзiмге қамтамасыз ететiн дәулеттi Қазақстан мемлекетiн орнату мiндетi қойылды.
- Шетелдiк инвестициялар мен iшкi жинақ қаражаттың деңгейi жоғары болатын ашық нарықтық экономика негiзiнде экономикалық өрлеу. Негiзгi қағидалары: мемлекеттiң белсендi рөлiн сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күштi әлеуметтік саясат жүргiзу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркiн сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндiрудi одан әрi жалғастыру, шетелдiк инвестицияларды қорғау.
- Қазақстандықтардың денсаулығы, бiлiм алуы және игiлiгi: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейiн көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерiн сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесiне қарсы күресу, маскүнемдiк пен темекi шегудi қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерiн қамтиды.
- Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшiн мұнай мен газ өндiрудiң және оларды шетке шығарудың көлемiн жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиiмдi пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшiн басты халықарлық мұнай компанияларымен ұзақ мерзiмдi серiктестiк орнату, мұнай мен газ экспорты үшiн құбырлар желiсiнiң жүйесiн жасау, отын қорын пайдалану қызметiнде дүниежүзілік қоғамдастықтағы iрi елдердiң Қазақстанға және оның әлемдiк отын берушiлiк рөлiне ынтасын ояту бағытын ұстау, iшкi энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзiн-өзi қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсiз болу мәселелерiн шешу мәселелерiн қамтиды. Инфрақұрылым (көлiк және байланыс) : ұлттық қауiпсiздiктi, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеудi күшейту. Отандық көлiк-коммуникациялық кешеннiң әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетiн сауда ағынын ұлғайту мiндетi қойылған.
Қазақстан осы стратегиялық мiндеттердi орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердiң деңгейiне жетуге, дүние жүзiнiң ең дамыған елу елiнiң қатарына қосылуды көздейдi. Реформалар стратегиясында эконимикалық және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерiлген. Бәсекелестiк қабiлетi қалыптасқан қоғам орнату одан әрi демократияландыру арқылы өтедi, ол сайлауды әдiл өткiзуге, саяси партиялардың, парламенттiң рөлiн, үкiметтiң мүмкiндiгiн күшейтуге, сот жүйесiн реформалауға, БАҚ-қа еркiндiк беруге, әйелдердiң қоғамдағы рөлiн күшейтуге саяды. Аталған Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті Н:Ә. Назарбаев: «Егер біз өз стратегиямызды айқын орындай отырып, тыным таппай жұмыс істейтін болсақ, онда шын мәніндегі тұңғыш «Орталық Азия барысы» атанамыз. Өзге дамушы елдер үшін үлгі боламыз» [3], - деп атап көрсетеді.
Кең ауқымды уақытты қамтыған бағдарлама алыс-жақын шет мемлекеттерді, барша қазақстандықтарды елең еткізді. Осы бағдарламаның талқылануы, бағдарлама негізінде жыл сайын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдаулары жасалынуы Қазақстан хылқының өмірінде маңызы зор.
1997 жылы қабылданып, отыз үш жылды бағдарлаған осы стратегияның қоғамда насихатталуы, талқылануы және осы бағдарлама аясында жоспарланған және атқарылған жұмыстар туралы еліміздің түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, жазылғандығы айқын. Қоғамдық пікір қалыптастыруға қазақ, орыс тілдерінде тәуелсіз газеттер басылып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда тұтастай алғанда 1824 бұқаралық ақпарат құралы, оның ішінде 1202 газет, 483 журнал, 124 теле-радио және 15 ақпарат агенттігі жұмыс істейді. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының 85 пайызы үкіметтік емес болып табылады. 159 бұқаралық ақпарат құралдарының иесі қоғамдық қауымдастықтар болса, 11 басылым саяси партиялар мен қозғалыстарға және 10 басылым діни ұйымдарға жатады [4] . Әрбір Қазақстан азаматының өз елінің игілігі үшін, өз туған жерінің тыныштығы үшін, болашақтағы дамуы үшін үлесін қосуы азаматтық борышы болып есептелетіні сөзсіз. Кезінде Ахмет Байтұрсынұлының «Газет - халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтатпайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады» [5] деп жазуының өзінде үлкен мән жатыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы, дамуы үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің атқарар рөлі зор. Алаш азаматы, қазақ халқының дамуы үшін ерен еңбек атқарған ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген екен. Халық игілігі мақсатында қолға алынған шаралардың атқарылу барысын, кем-кетігін ашып айтатын, мәселе етіп көтеретін де бұқаралық ақпарат құралдары.
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы барша қазақстандықтарды ойлантқан үлкен стратегиялық бағдарлама екендігі де анық. Халық арасында түрлі пікірлер туды. Қазақстандықтар ғана емес алыс-жақын шет мемлекеттердің де арасында таң қалғандықтары байқалды. Басылым бетінде: «Қазақстан-2030 даму стратегиялық бағдарламасы осы жылдар ішінде өзінің өміршеңдігін көрсетіп, елімізде қолға алынып жатқан барлық істердің бастауы бола білді» [6] деген бағаға ие болған бағдарламаның орыналуында қоғамдағы қажетті, маңызды салалардың барлығын қамтыған. Қоғамдық пікір қалыптастыруда, дамушы елдер қатарынан дамыған елдер қатарына қосылуға ынталандыруда баспасөз өкілдері - журналистердің атқарар қызметі маңызды.
Диплом жұмысымда осындай бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде мерзімді баспасөз өкілі - республикалық қоғамдық-саяси «Егемен Қазақстан» басылымында жарияланған мақалалар негінде зерттеу жүргіздім. 1919 жылдан жарық көріп келе жатқан бұл басылымның қоғамдық пікір қалыптастыруда алар орны ерекше. Ауыл, ел, көші-қон мәселелерін көптен көтерген. «Егемен Қазақстан» газетінде 1997 жылы жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауының насихатталуы, орындалуы жан-жақты талқыланды. Республика көлеміне тарайтын бұл басылым беттерінің 1997 жылғы жарияланған сандарында елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысы «Қазақстан-2030» айдарымен басылған мақалаларда жалпы халыққа жеткізілді. Жарияланған мақалаларды оқи отырып, диплом жұмысымда алыс-жақын шет мемлекеттермен саяси-экономикалық байланыс, ішкі тұрақтылық, Қазақстан халқының бейбіт өмірі және әлеуметтік жағдайы жан-жақты талқыланған материалдарды қабілетім жеткенше зерттедім.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан тарихында маңызы бар бағдарламаның аясында жарияланған мақалалардың журналистика тұрғысында зерттелуі.
Диплом жұмысының өзектілігі . «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасының басылым бетіндегі көрінісін зерттеу.
Диплом жұмысының мақсаты - қоғам үшін маңызды қадам жасалған кезеңіндегі қазақ баспасөзінің атқарған жұмысын сараптау. Басылымда жарияланған мақалалардың берілу формасы, жанры және басылымдағы жаңалығы мен өзгешілігін қарастыру. Диплом жұмысының міндеті. Мемлекеттік бағдарламаның орындалуының баспасөздегі көрінісінде мәселені жан-жақты қарап, сараптауды, біржақты пікір қалыптастырмау керектігін көрсету.
Диплом жұмысының зерттелуі. Осы уақытқа дейін стратегияның орындалу көрінісі зерттелмеген. Бітіру жұмысында басылым мақалалары мен елбасының халыққа жолдаған Жолдаулары қарастырылған. Диплом жұмысының деректері. Қазақстан Республикасының Коституциясы, «Егемен Қазақстан» басылымында бұдан он-он бір жыл бұрын «Қазақстан-2030» айдарымен жарияланған мақалалар, Президенттің Қазақстан халқына жолдаған Жолдаулары, Т. Қожакеевтің кітаптары пайдаланылған.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан, қорытынды және сілтемелерден тұрады тұрады. Бірінші тарау ««Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы» деп аталады. Ол өз кезегінде екі тараушадан тұрады: біріншісі - «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының ««Егемен Қазақстан» газетіндегі қоғамдық-саяси көрінісі», ал екінші тараушасы - «Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы даму мәселелері». Бұл тараушада басылым бетінде осы аталған салалар бойынша жарияланған мақалалар жеке-жеке талданған. Құрылысы, жанры жағынан зерттелген. Екінші тарау ««Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы және қоғам дамуы» деп аталады. Бұл тарау да екі тараушадан тұрады. Екінші тараудың бірінші тараушасында стратегияда көрсетілген «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, әл-ауқатын арттыру» басымдығын орындау барысында жарияланған мақалалар талданған, ал екінші тараушасында «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының қабылдануына он жыл толғаннан кейінгі басылым бетіндегі талқылану мәселелері жайында жазылған.
І Тарау. «Қазақстан-2030» стратегиялық
бағдарламасының орындалуы
1. 1. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының
«Егемен Қазақстан» газетіндегі қоғамдық-саяси көрінісі
Қоғамдағы келелі мәселелерді көтеріп, ұлтқа ұйытқы болып отырған «Егемен Қазақстан» республикалық қоғамдық-саяси басылымында «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жайындағы түрлі саланы қамтыған мақалалар «Қазақстан-2030» айдарымен кең көлемде жарияланды. Осы айдар астында түрлі саладағы мамандар, қоғам қайраткерлері, оқытушы-профессорлар, тағы басқа да Алаш азаматтары қоғамдағы туындап отырған түрлі мәселелерді көтерді. Қазақстан Республикасының болашақта дамуын «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспары бойынша орындаудың бағыттарын ұсынып отырған. Қазіргі уақытта қоғамда атқарылып жатқан келелі істер 1997 жылы қолға алынған стратегиялық жоспардың негізінде жасалып жатыр десек қателеспейміз. Ал осы атқарылып жатқан шаруалар бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде «Егемен Қазақстан» басылымында кең көлемде жарық көргеніне көз жеткіземіз.
«Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты - біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған стратегия айналасында топтасуы» [7], - деп жарқын болашақтағы басты мақсатымызды көрсетті. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында ашық азаматтық қоғам орнату және оның проблемалары хақында көптеген мақалалар жарияланды. Соның бірі ретінде Ә. Нысанбаевтың «Адам және ашық қоғам» [8] деп аталатын мақаласын атауға болады. Автор мақаласы жанры жағынан - проблемалық мақала. «Мақала қоғамдық, әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп жазылады. мақсатына қарай проблемалық, публицистикалық, насихаттық және бас мақала деп бөлінеді [9] Бағдарламаның қабылданған сәтінен-ақ қоғамда орын алып отырған түрлі өзекті мәселелерді: қоғам орнатудағы демократиялылық, қоғамдағы ұлттық қауіпсіздік, ұлттық мәдениет, дін, тіл, діл мәселелерін атап-атап көрсеткен. Қоғамның өзекті мәселелерін ашып көрсеткенімен, ғылыми және публицистикалық стильде жазылған материал өте ұзақ, оқырманды шаршатады. Тағы бір назар аударарлық жайт, «Егемен Қазақстан» газетінің бірнеше сандарында жарияланған. Бір тақырып аясында газеттің бірнеше санында қоғамдағы өзекті мәселелерін стратегиялық бағдарламаның аясында орындаудың ұсыныстарын жасаған. Автор бұл мақалада: «Ел президентінің Қазақстан халқының санының аздығына қарамастан, Еуразия құрлығының дәл ортасындағы әлемдік мүдделер мен коммуникациялар желісінің болашақ торабына айналуға тиіс маңызды да кең байтақ геосаяси аймақты алып жатқан үлкен елдің ұлан-асыр даму көшінің бастауы» [10] деп баға берді. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдаған стратегиялық жоспарында барлық қазақстандықтарды жаңаша тәрбиелеу арқылы қоғамды жетілдіруді негіз етіп алған. Жаңа азаматтық қоғам құрудамыз, баршамыз жаңа технологиямен өмір сүре бастадық, қоғам орнатуда жаңаша, азаматтық қоғам құру жоспарға алынды. Осы тұстары автор 1990-95 жылдары Қазақстан халықының әл-ауқатының төмендегенін нақты деректер арқылы белгілеп береді. «Қазақстан халқының 1990-1995 жылдар аралығында өмір сүруінің орта жасы 4, 7 жылға қысқарғанын, білім алушылар саны 33 пайызға азайғанын, жалпы өнім өндіру көлемі 7 пайызға төмендегенін атап көрсеткен» [11] . Автор мақаласында Қазақстанның дамуындағы өзекті мәселелерді атап көрсетіп, оны статистикалық нақты мәліметтермен дәлелдей түскендігін көреміз.
Батыстағы да, шығыстағы да халықтың жағдайын, әл-ауқатын жақсартқан жол біреу ғана болған. Әлемдік қаржы көздері мен озат технологиялардың еркін ағылып келуіне жеке адамдар мен жекеменшік кәсіпорындар мүддесінің жүзеге асуына мүмкіндік беретін ашық қоғам орнату; өнімнің, қызметтің бағасы мен сапасын, мөлшері мен бағытын өзін-өзі реттеп отыратын, барша өндірісті үнемі жетілуге, ілгері жылжуға мәжбүр ететін нарық заңдарына көшу; барлық адамдарға бірдей құқық беретін, олардың ашық бәсекелесе алуына жағдай туғызатын саяси-әлеуметтік мәселелердің бейбіт жолмен қамтамасыз ететін демократия принциптерін қабылау екендігіне қазіргі таңда әрбір қазақстандық қарсы шықпас. Қазақстанның дамуында алғаш тәуелсіздік алған жылдары көптеген салалардың құлдырағандығы да белгілі. Ауыл шаруашылығында, статистикалық мәліметтерге жүгінсек, кәсіпорындар жекешелендірілгені 1991 жылы 2183 болса, 1997 жылы 77-ге дейін азайған. Ауыл халқы қалаға қарай қоныс аударғанынан урбанизация (қала халқының қарқынды түрде көбеюі) болып, ауылда жұмыс көздері жоққа айналды. Ауыл халқы 1996 жылы 46 пайызды құраса, 1997 жылы 35 пайызға дейін кеміді [12] . Дей келе автор мемлекетте ашық дамыған қоғам орнату үшін ауыл шаруашылығын жоғалтпауды ұсынып отыр.
Елбасы Жолдауында Ұлттық қауіпсіздік мәселесі ұзақ мерзімді басымдық ретінде көрсетілген. «Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Әрине, болашақты бағамдаудың қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек» [13] . Ұлттық қауіпсіздік ұғымы саяси қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, рухани адамгершілік қауіпсіздік болып бөлінгенімен, бұлардың тоғысар нүктесі - Адам. Болашақ отандасымыздың адамзат өркениетінің алдыңғы легінде жүретіндей, өзге жұрт өкілдерімен терезесі тең тұрып, бәсекелесе алатындай, ұлттың қадір-қасиетін жоғалтпайтындай орнықты дамуы бүгінгі таңдағы басты міндетке айналды. Осы міндет оң шешімін тапса, саяси-экономикалық қауіпсізікті қамтамасыз ете аламыз [14] . Адам тағдыры, Қазақстан халқының мәселесі «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында түбегейлі көрсетілгендігін дәлелдейтін М. Құлдыбаевтың мақаласы «Стратегияның түп қазығы, басты арқауы ― адам тағдыры» [15] деп аталады. Мақала жарияланған стратегиялық жоспарды халыққа түсіндіру, үгіт-насихат түрінде жазылған деп айтуға әбден болады, яғни мақала эпистолярлық жанрда. «Эпистола» сөзі грек тілінде жолдау деген мағынаны білдіреді, яғни қадың көпшілікке, белгілі бір адресатқа арналған проблеманы көтерген баяндау тілімен жазылатын материал [16] . Оған автордың мына бір жолдары дәлел: «Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму жолдарын, негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын және келешекке жол сілтейтін тарихи құжат деп бағалауға болады. Түсіне білген адамға Қазақстан халқына Жолдау кездейсоқ құбылыс емес, әлемдік өркениетті елдер мен қазақ халқының сан ғасырлық өсіп-өркендеу тәжірибесіне сүйене отырып жасалған айқын бағдарлама» [17] . Стратегиялық бағдарламаның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуда атқарар шаруасы, алға қойған мақсаты жоғары болғандығы ― адам тағдырының қауіпсіздігі үшін. Бұл мақсатта, әрине, «Егемен Қазақстан» газетінде көптеген материалдар жарияланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz