Әдеби бастаулардың түрлері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Әдеби бастаулардың түрлері

Жоспар:

1. Әдебиеттердің қайнар көзі және оқытылуы.

2. Ақпаратты өңдеу, систематизациялау және сақтау.

3. Ғылыми тіл.

4. Педагогикалық зерттеудегі негізгі ұғымды талдау.

1. Ғылыми зерттеу іс-әрекетінің жетістікке жетуі үшін міндетті түрде студент ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасап үйренуі керек. Бұл жұмыс зерттелетін мәселенің күйінің талдануы деп аталады. Ақпарат көзін дұрыс таңдау және оны оқытуда мақсаттылық зерттеушінің кәсіби білігінің негізі болады. Студенттердің ғылыми шығармашылығында негізгі жолы мен әдебиеттердің көзі мынандай: монография, жинақтар, журналдық мақала, кітапша, рецензия, оқу әдістемелік нұсқау, сонымен қатар диссертация, диссертацияның авторефераттары.

Монография-бұл ғылыми жұмыс бір немесе бірнеше көзқарастардан тұратын авторлардың жан-жақты қамтылған георатикалық зерттеудің тақырыптық мәселеге берген пікірі.

Ғылыми мақаланың жинағы-тапсырма бойынша бір немесе бірнеше автордың көзқарастары жазылған ғылыми мәселе.

Журналдық мақала-шағын мөлшердегі ғылыми шығармашылық мәселе актуалдығы дәлелденіп теоретикалық мағнасы методика баяндауы бойынша және өткізілген зерттеудің шешімдері қарастырылады.

Брошюра немесе кітапша-шағын көлемдегі терілген ғылыми танылған мінездеме.

Рецензия-критикалық талдау бір немесе бірнеше ғылыми шығармаға ұсынылған. Зерттеудің актуалдығының маңыздылығы талқыланады, шығарманың сапасы бағаланады, мамандардың пікірі жазылады.

Оқу әдістемелік нұсқау-педагогикалық мақсатқа бекітілген баспа. Сол немесе басқа оқу курсының ғылыми негізде орындалған практикалық тапсырмаға рекомендация беріледі.

Диссертация-ғылыми шығармашылық қолжазба формасында орындалған ғылыми баяндама. Басылған монографиялар және кітаптар ғылыми дәрежеге ізденісте біліктілік сапасын көтеруде қызмет атқарады.

Диссертацияның авторефераттары-кітапша түріндегі баспа, реферат құралы автордың өткізген зерттеуінен тұратын.

2. Түрлі әдебиетгермен жұмыс жасап жүрген зеттеуші түрлі ақпаратгармен таныса отырып өзінің зерттейтін тақырыбын толықтай тақылай алады. Алайда әр адам мұндай үлкен материалды толығымен есіне сақтай алмайды. Сондықтан зерттеуші ғылыми ақпараттарды дұрыс есте сақтау үшін мынандай әдістерді қолдануы қажеттер жерден түртіп жазып отыру, әртүрлі жазба түрінде жазып алу (конспект, жоспар, аннотациялар, керекті жерлерді теріп жазып алу) және схемалар сызу.

Аннотация-кітаптың, қолжазбанын, статьяның қысқаша сипаттамасы. Кітаптың немесе қолжазба мен статьяның мазмұнын және идеялық бағытын ашады.

Тезистер-баяндама, лекция және т. б. негізгі жерлерін қысқаша есте қаларлықтай етіп жазып алу. Әдістің бұл түрі зерттелетін материалдың мағнасынасына қысқаша түсініктеме береді, кітаптың, статьяның және баяндаманың мазмұнын ашуға көмектеседі.

Рецензия-критикалық талдау бір немесе бірнеше ғылыми шығармаға ұсынылған. Зерттеудің актуалдығының маңыздылығы талқыланады? шығарманың сапасы бағаланады, мамандардың пікірі жазылады.

3. Ғылыми тіл. Ғылыми зерттеу жұмыстарын бастамас бұрын ең алдымен ғылыми тілді меңгеру шарт, яғни зерттеушілер бір-бірімен ғылыми тілде сөйлеседі. Ғылыми тіл пайда болады және дамиды тек ғылыммен бірге, әр ғылымның ерекшелігіне байланысты болады. Ғылым объектісі болып әртүрлі жақтары объективті дүние құбылыстары болып табылады. Ол ғылым тіліне ықпал жасайды. Тілдің ғылыми спецификасын көрсете отырып екі жағдайды ескеру керек. Біріншіден, ғылыми деректенуіне шынайы сөйлейтін әсер етеді. Екіншіден, әр маманға ғылыми тіл тиімді, ыңғайлы, бірақ зерттеудің соңында тіл күнделікті қолданыстағы сөзге аударылады. Себебі, адамның қажеттіліктеріне ғылыми зерттеушілер шешімі түсініксіз мәлімет ретінде болмауы үшін тілдің спецификасы арқылы сол аумақтағы таным, яғни ғылымның пәні анықталады.

Педагогика бұл әлеуметтік қоғамдық ғылым. Оның пәні ретінде тәрбиелеу процесі және адамдардың дамуы қарастырылады. Сол аумақтық пән педагогика ғылымының мазмұнын және ғылыми тіл; танымдарының ерекшеліктерінің мазмұндану қолданысын анықтайды, бұл арқылы түсіндіріледі, педагогика тілінің физика, биология т. б. ғылымдардың тілінен айырмашылығы: ғылыми тілде түсініктер яғни ұғымдар, терминдер өте көп, тіл терминалогиялық негізін сөз және сөз тіркестері құрайды.

Идея- теория желісіндегі көзқарастардың дәресін анықтайды.

Концепция (тұжырымдама) - көзқарастар жүйесі, негізгі ой зерттеу тапсырмасындағы мақсатты анықтайды оның кіріспесіне жол көрсетеді.

Кілттік сөздер -сөз және сөз тіркестерін ғылыми құжат мазмұнын спецификалық сипаттайды.

Ғылыми теория -түсініктер және бекітушілердің абстрактілі жүйесі идеялогияның шынайылығын бейнелеуі.

Ғылыми баяндама-ғылыми құжат, ғылыми зерттеулер немесе тәжірбие құрастыру жұмыстары, ақпараттарда жарияланған, аудиторияларда оқытылған.

Принцип - қағида, теориядан, ілімнен, ғылымнан алынған негізгі тұжырымдама.

Теория - оқу, идея принциптер жүйесі ғылымды немесе бөлімдерін қорту.

Тезаурусы - сөздіктен сөз қарағанда яғни мағынасын көрсететін болуы керек, мұндай сөздіктер ақпараттарда тезаурусы, грекшеден аударғанда құндылықтар деп аударылады. Бұл сөздікте ұғымдарды топтастырып, байланыстырып көрсетеді. Мәтіндерді шынайы тілден арнайы терминдік сөзге аударуда тезаурустар қолданылады.

4. Педагогикалық зерттеудегі негізгі ұғымды талдау.

Ғылымның негізгі жетістіктері соның ішінде педагогика кристализацияланады деген ғылыми ұғым бекітіледі.

Ұғым - ғылымның қалпы және прогрестің негізгі көрсеткіші. Ғылым терминалогиясы үнемі нақтылануда (дәлелденуде), дамуда анықталып ұғымдар тереңдетіледі. Философиялық-энциклопедиялық сөздікте ұғымға былай түсініктеме береді: ой бейнеленуі жалпы заттар мен құбылыстардың шынайылылығы мен арасындағы байланыс. Ұғымның негізгі функциясы әр зерттеушінің қызығушылығы болуы керек. Тез арада нақты мәліметтер оның зерттелетін тақырыбы жөнінде ала алатындай мәселенің жағдайын шұғыл талдауда тиімді жол негізгі ұғымдарды жан жақты қарау, яғни педагогика ғылымында қорытындыланған мәліметтерді. Зерттеуші негізгі ұғымдарға өз тақырыбына бар күш жігерімен тоқталуы керек Жалпы педагогиканың эрудицияларын игеру үшін тақырыптық мақсатқа бағытталып шешілуі үшін және ғылыми жұмыста алынған тақырыпқа байланысты теоретикалық шешімін бағдарлап болжау үшін.

"ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ" ПӘНІНІҢ

МЕТОДОЛОГИЯСЫ (ӘДІСНАМАСЫ)

:
Әдіснама негіздері: Әдіснама негіздері
Теориялық мәні: Теориялық мәні
:
Әдіснама негіздері: Ұлттық тәжірибелер
Теориялық мәні: "Біз тәрбиеде халық тәрбиесіне сүйенеміз" (Аристотель) . "Халықтың тәрбиесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ" (К. Д. Ушинский) .
:
Әдіснама негіздері: Ұлттық әдебиет
Теориялық мәні: Ұлттық әдебиет (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) - тәрбие негізі, этнопедагогика әдіснамасының ғылыми тірегі.
:
Әдіснама негіздері: Ұлттық салт-дәстүрлер
Теориялық мәні: Ұлттың өмір заңдылықтарына сәйкес қалыптасқан тәрбие негіздері. этнопедагогиканың ғылыми-әдіснамалық алтын арқауы.
:
Әдіснама негіздері: Ұлы адамдардың этнопедагогикалық ойлары
Теориялық мәні: Ұлы идеялар - Қазақ этнопедагогик-асының әдіснамалық тірегі, ғылыми деңгейі, теориялық негіздері.
:
Әдіснама негіздері: Ұлттық мәдениет
Теориялық мәні: Этнопедагогика - мәдени мұра. Ұлттық мәдениет этнопедагогика методологиясы-ның (әдіснамасының) өзекті сабағы.
:
Әдіснама негіздері: Тарихи ұлы бейнелер
Теориялық мәні: Ұлттың ұлттық бейнесін айқындайтын дала данышпандары мен қаһармандары-ның тарихи-әлеуметтік орны, олардың ұлттың ұлттық деңгейіне әсері.
:
Әдіснама негіздері: Ұлттық тіл, діл, болмыс
Теориялық мәні: Ұлттың ұлттық деңгейін көрсететін мәдени, әлеуметтік құндылықтар, тәуелсіздіктің тәуір белгілері, ұлттық қасиеттерді айқындайтын үрдістер.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Әдістің түрі: Әдістің түрі
Әдістің мазмұны: Әдістің мазмұны
Әдістің түрі: Әңгіме әдісі
Әдістің мазмұны:

Сұрақ-жауап (әңгімелесу) арқылы

тыңдаушының білімін толықтыру.

пікірлесу, тұжырымдар.

Әдістің түрі: Әңгіме-лекция әдісі
Әдістің мазмұны:

Әрбір сұрақ-жауапты толықтырып

отыру, соңында ой-қорыту тұжырым-нұсқау беру.

Әдістің түрі: Салыстырмалы әдіс
Әдістің мазмұны: Этнопедагогиканы басқа пәндермен, хронологиямен, өмірмен, жағдаймен салыстыра баяндау.
Әдістің түрі:

Қолданылмалы

(визуалдық, аудиовизуалдық) әдіс

Әдістің мазмұны: Сөз қолданысты зат қолданыспен үйлестіру, қолданылмалы-визуалдық, аудиовизуалдық-әсерлендіру (сездіру) әдістері. Түрлі айтыстар, әр алуан пікірталас тәсілдері. Мысал келтіре білуге үйрету.
Әдістің түрі: Сахналау әдістері
Әдістің мазмұны: Сценка, инсценировка, сценарий пьеса, интермедия, көркемдеп (сахнада) оқу, диалогтарды орындауға үйрету тәсілдерінің әдістік үлгілері.
Әдістің түрі:

Аудиториядан

(сабақтан) тыс

жұмыстар әдістемесі

Әдістің мазмұны: Этнопедагогика пәні бойынша ұйымдастырылатын алуан түрлі үйірмелер, кештер, жарыстар, конкурстар, конференциялар, олимпиадаларды ұйымдастыру әдістемелері.
Әдістің түрі:

Жаңа іс-әрекеттік

тетік

(технологиялық)

әдістері

Әдістің мазмұны: Тақырытық (іс-әрекеттік) ойындар, тыңдаушылардың өзін-өзі басқаруы. Компьютерді, теледидарды. ЭВМ-ді, робототехниканы пайдалану. Түрлі шығармашылық қызық әдіс-тәсілдері, техникалық құралдарды жаңаша тәсілмен әсерлі пайдалану жолдары.

Ғылыми білімнің мәні, ерекшеліктері

Ғылым - жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық іс-әрекет. Оның нәтижесінде біртұтас жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы пайда болады.

Ғылым болмысының негізгі қырлары - біріншіден, жаңа білім алудың күрделі де, қиын процесі, екіншіден, бұл процестің нәтижесі біртұтас дамитын ілімдердің белгілі жүйесі.

Ғылыми білімнің ерекшеліктері немесе ғылымилықтың негізгі өлшемдері мынадай:

1. Ғылыми білімнің ең бастапқы міндеті - шындықтың, яғни табиғаттың, әлеуметтік болмыстың, танымның, ойлаудың объективті заңдарын ашуы. Сондықтан да зерттеу, ең алдымен, заттар мен құбылыстардың жалпы қажетті, ұдайы қайталанатын қасиеттерін іздестіруге бағытталған. Мұндай сараптау болмаса, ғылым да жоқ, өйткені ғылымилық заттар мен құбылыстардың тереңіне бойлай отырып, оның заңдылықтарын ашуды білдіреді. Бұл оның ең іргелі белгісі мен ерекшелігі;

2. Зерттелетін нысандардың дамуы мен әрекет етуінің белгілі заңдылықтары мен қасиеттеріне сүйене отырып, ғалым болашаққа болжау жасайды, яғни шындықты практикалық игерудің жолын көрсетеді;

3. Ғылыми танымның маңызды белгісі - оның жүйелігі, яғни белгілі теориялық принциптерге негіздеп, білімдердің жиынтығын топтау, талдау, сараптау. Бірімен бірі байланыспаған әртүрлі шашыраңқы білімдер ғылым бола алмайды. Білімдер бір жүйеге келтіріліп, ұғымдар жүйесіне еніп, теорияның құрамына кірсе ғана ғылыми білімге айнала алады;

4. Ғылымға ұдайы методологиялық рефлексия тән. Нысандарды зерттеу, оның ерекшелігін анықтау ұдайы оны іздестіруге, сараптауға жол ашатын методтар, тәсілдерді түсініп, біліп отыруды қажет етеді. Ғылым өзінің мәні жағының әруақытта рационалды болғанына қарамастан, оны зерттеу процесінде иррационалды факторлар да жиі қолданылады. Өйткені, ғылымды ғалым дүниеге келтіреді, ол кез келген адам сияқты пенделік мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады, яғни ізденістерде реніш те, қуаныш та, ақыл да, қиял да кеңінен қолданылады;

5. Ғылыми танымның тікелей және ең жоғарғы құндылығы объективті ақиқат. Объективтілік - ғылыми танымның ең негізгі өлшемі;

6. Ғылыми таным теориялардың, гипотезалардың және басқа идеалды ұғымдардың белгілі бір жүйесін жасайтын ерекше, танымдық іс-әрекет. Әрбір ғылым өзінің концептуалды мүмкіндіктерін дамытып отыруға күш салады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық ұйымдардың тұлға құқықтарын қорғаудағы орны
Ежелгі діндердің ортақ мінездемесі
1970-80 жж. ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ НЕОРОМАНТИКАЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯ
Азаматтық құқықтың ұғымы
Абай шығармаларындағы назирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Алтын Орда әдебиеті
Шәкәрім рух туралы
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы туралы
ТҮЗЕТУ, БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИГУМАНИСТІК БАҒЫТЫ, АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ЖЕТЕКШІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz