Әкімшілік жауаптылықтың арнайы субъектілері



1. Әкімшілік жауаптылықтың арнайы субъектілері

2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілерінің ерекшеліктері

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстан айырмашылығы

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі

5. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісінің түрлері

Қорытынды
1. Заңда бекітілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығы құқық бұзушының әкімшілік жауаптылығына жалғыз ғана негіз болып табылатын күрделі заңдық құрамын құрайды. Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығы және нақты құқыққа қарсы қол сұғудың заңдық құрамы – ұқсас құбылыстар емес. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің көмегімен қандай да болмасын бір әрекеттің жалпы-әлеуметтік психологиялық және заңдық сипаттамасын білеміз. Заңдық құрам іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті құқықтық бағалаумен және бұзушыны жауаптылыққа тартумен байланысты міндетті шешеді. Оның міндеті – осы жауаптылықтың негізі болу, өйткені егер негізі болмаса, онда жауаптылық та жоқ.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін бекіту бұл әрекеттің заңдық құрамының бар екендігіне өзінен-өзі келтірмейді. Мысалы, 16-жасқа толмаған адаманың жасаған құқыққа қарсы қол сұғуы әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілерімен сипатталуы мүмкін. Бірақ ол әкімшілік жауаптылық тудырмайды, өйткені әкімшілік теріс қылықтың субъектісі тек 16-жасқа толған адам ғана болатын болғандықтанонда қүұқық бұзушылықтың заңдық құрамы жоқ.
Құрамның субъективтік элементтеріне әкімшілік құқық бұзушылық субъектісін сипаттайтын белгілер жатады (жас, жауаптылыққа қабілеттілік, әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері – азамат , лауазымды адам, заңдық тұлға), қасақана және абайсыздық нысанындағы кінә, әкімшілік құқық бұзушылықтың себебі мен мақсаты.
Сонымен әкімшілік құқық бұзушылықтың төрт элементпен (белгімен) сипатталады: объективті, объективтік жағы, субъекті, субъективті жағы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұлардан басқа, арнайы субъектілер – лауазымды тұлғалар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары бөлінеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл-есі дұрыс, 16-жасқа толған адам әкімшілік жауаптылықта болады. 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар ӘҚБтК-тің 9-тарауының күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған мұндай адамдарға нақты мән-жайларды және жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
1. А.А. Таранов Административное право Республики Казахстан (учебник) – Алматы «ЖЕТІ ЖАРҒЫ», 1996
2. Е. Баянов Әкімшілік құқық – Алматы, 2003
3. Е. Баянов Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамалары – Алматы, 2002
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-ның Кодексі 2001
5. Б. Жетписбаев Административная ответственность (учебное пособие) – Алматы «ДАНЕКЕР», 2000

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

АЛМАТЫ, 2008

ЖОСПАР:

1. Әкімшілік жауаптылықтың арнайы субъектілері

2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілерінің ерекшеліктері

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстан айырмашылығы

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі

5. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісінің түрлері

Қорытынды

1. Заңда бекітілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығы
құқық бұзушының әкімшілік жауаптылығына жалғыз ғана негіз болып табылатын
күрделі заңдық құрамын құрайды. Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық
белгілерінің жиынтығы және нақты құқыққа қарсы қол сұғудың заңдық құрамы –
ұқсас құбылыстар емес. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің көмегімен
қандай да болмасын бір әрекеттің жалпы-әлеуметтік психологиялық және заңдық
сипаттамасын білеміз. Заңдық құрам іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті
құқықтық бағалаумен және бұзушыны жауаптылыққа тартумен байланысты міндетті
шешеді. Оның міндеті – осы жауаптылықтың негізі болу, өйткені егер негізі
болмаса, онда жауаптылық та жоқ.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін бекіту бұл әрекеттің заңдық
құрамының бар екендігіне өзінен-өзі келтірмейді. Мысалы, 16-жасқа толмаған
адаманың жасаған құқыққа қарсы қол сұғуы әкімшілік құқық бұзушылықтың
барлық белгілерімен сипатталуы мүмкін. Бірақ ол әкімшілік жауаптылық
тудырмайды, өйткені әкімшілік теріс қылықтың субъектісі тек 16-жасқа толған
адам ғана болатын болғандықтанонда қүұқық бұзушылықтың заңдық құрамы жоқ.
Құрамның субъективтік элементтеріне әкімшілік құқық бұзушылық
субъектісін сипаттайтын белгілер жатады (жас, жауаптылыққа қабілеттілік,
әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері – азамат , лауазымды адам,
заңдық тұлға), қасақана және абайсыздық нысанындағы кінә, әкімшілік құқық
бұзушылықтың себебі мен мақсаты.
Сонымен әкімшілік құқық бұзушылықтың төрт элементпен (белгімен)
сипатталады: объективті, объективтік жағы, субъекті, субъективті жағы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар
болып табылады. Бұлардан басқа, арнайы субъектілер – лауазымды тұлғалар,
әскери қызметшілер, шетел азаматтары бөлінеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл-есі дұрыс, 16-жасқа
толған адам әкімшілік жауаптылықта болады. 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа
толмаған адамдар ӘҚБтК-тің 9-тарауының күші қолданылатын кәмелетке
толмағандар деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған мұндай
адамдарға нақты мән-жайларды және жеке басының ерекшеліктерін ескере
отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу
шаралары қолданылуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе олардың орнындағы
адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді
себептерсіз орындамауы және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз
орындамауы және олардың кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары
үшін әкімшілік жауаптылықта болады.
Қазіргі кезде жеке тұлғалар қатарына жеке кәсіпкерлер де (дара
кәсіпкерлер) жатқызылады.
Заңды тұлғалар – бұлар мемлекеттік емес, коммерциялық және
коммерциялық емес ұйымдар. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану заңды тұлғаны
осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты
заңды тұлғаның әкімшілік жауапқа тартылуы да кінәлі жеке адамды осы құқық
бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды деп белгіленген. Бұл
жерде осы заңды тұлғаның өзінің жауаптылығынан басқа осы ұйымның кінәлі
басшысына не өзге қызметкеріне де ол туындауы мүмкін. ӘҚБтК-те заңды
тұлғаларының жасайтын құқық бұзушылықтарының құрамы ретінде олардың құқыққа
қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі қаралған. ӘҚБтК-тің Ерекше бөлімінде
көзделген жағдайларда заңды тұлғаның жауапты болатын бірнеше құрамдары
бөліп жазылған. Мысалы, жер учаскесін өз бетімен иелену; кәсіпкерлік
қызметтің тиым салынған түрлерімен айналысу; салық төлеушінің салық салу
объектілерін жасыру; қоршаған ортаны қорғау жөнінде белгіленген
стандарттарды, нормаларды өзге де экологиялық талаптарды бұзу; электр
байланыс желіліерне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) арнайы рұқсатсыз
қосу, т.б.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері ретінде лауазымды адамдар
айтарлықтай ерекшеліктермен сипатталады. Олар қызметтік міндеттерін
орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Басқаша
айтқанда лаузымды адамдар басқарудың белгіленген тәртібін, мемлекеттік
және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғаудың, т.б.
жөніндегі белгіленген ережелерін сақтаумен байланысты әкімшілік құқық
бұзушылық жасағаны үшін, егер бұл сияқты ережелерді орындауды қамтамасыз
ету олардың қызметтік міндеттерне жататын болса, жауапты болады. Мұндай мән-
жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі
лауазымды адам жалпы ненгіздерде жауаптылықта болуы тиіс.
Арнайы субъектілер ретінде лауазымды адамдар ӘҚБтК-тің тиісті
баптарында көрсетілген. Олар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтың, мысалы,
мынадай арнайы құрамдары қаралған: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді
бұзу (323-б.); техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға шығару
(474-б.); сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінднгі мемлекеттік органдар
басшыларының шара қолданбауы (537-б.), т.б.
ӘҚБтК-те тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік
өкілінің функцияларын жүзеге асыратын (яғни оларға қызмет жағынан тәуелді
емес адамдарға қатысты заңда белгіленгентәртіппен мемлекет атынан немесе
оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе
билік ету өкілеттігі берілген не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-
өзі басқару органдарында, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерінде, басқа
әскерлері мен әскери құрамдарында ұйымдық билік ету немесе әкімшілік
шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп аталады.
Ұйымдастырушылық – билік етуге немесе әкімшілік-шаруашылық
міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған дара
кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі
басқару органдары болып табылмайтын ұйымдардың басшылары, басқару
функцияларын орындайтын басқа қызметкерлері жауаптылықта болады.
Мемлекеттік тіркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлікті
жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке нотариус, адвокат, сол сияқты дара
кәсіпкердің және заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретінде
әкімшілік жауаптылықта болады.
Әскери қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (мысалы, ішкі
істер, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері) әкімшілік
құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар және қызмет өткеру тәртібін
регламенттейтін басқа актілер бойынша жауаптылықта болады. Бірақ олар ҚР-сы
Мемлекеттік шекарасы режимін, Кеден шекарасы арқылы өткізу бекеттернідегі
талаптарын, жолда жүру ережелерін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен
қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер
бойынша әкімшілік жауаптылықта болуы мүмкін. Басқа сияқты жағдайларда да
белгілі бір шектеулер қаралған.
Шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар және азаматығы жоқ адамдар
Қазақстан аумағында әкімшілік құқық бұзушылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығы қатынастар
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
Құқықбұзушылық, онымен күрес
Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік-қуқықтық қатынастар
Қылмыстық құқық міндеттері
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің ережелері, түрлері
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Пәндер