Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау



Қылқан жапырақтылар ашық тұқымды өсімдіктер бөліміне жатады. Олардың бірнеше кластары бар. Солардың ішіндегі көбірек таралғанықылқан жапырақтылар класына жататын қарағайлар қатары. Сен олардың негізінен алғанда ағаштар мен бұталар екенін білесің.
Ашық тұқымды өсімдіктер табиғатта және халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Қылқан жапырақтылар оттегін бөліп, көмірқышқыл газды сіңіреді. Сондықтан адам қылқан жапырақты өсімдіктер өскен аумақта жақсы тыныс алып, тынығады. Үй бұйымдары, құрылыс материалдары, отын да солардан алынады. Қылқан жапырақтылардан шайыр, эфир майы, дәрі-дәрмектер дайындалып, медицинада қолданылады.
Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашық тұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Балқарағай, қарағай, кинкго сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізаттар. Олардың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі. Балқарағай – Қазақстанда кездесетін (Алтай, Сауыр Тарбағатай) биіктігі 30 метрге дейін жететін ерекше қылқанды ағаш. Оныңі Сібірлік балқарағай дейтін түрі қыста жұмсақ қылқанын түсіріп тастайды. Мәңгі жасыл, бірүйлі – қосжынысты, жарық сүйгіш өсімдік. Ол ыстыққа, суыққа, түтінге, шаңдаққа, дауылға және ауа ылғалдығына өте төзімді. Балқарағайдың сүрегінен қағаздан басқа медицинада қолданылатын, спирт, скипидар, қабығынан илік зат, бояу алынады. Жасыл бұтақтарынан дәруменді малазық дайындап, үй жануарларына береді. Ал қабығынан шайыр алып, сағыз ретінде пайдаланады. Сәндік өсімдік ретінде де пайдалануға болады. Сүрегі өте берік, қатты, шірімейтін болғандықтан, суасты құрылысына пайдаланылады. Орман өсімдіктері, ғалымдардың есептеуі бойынша, 1га орман жылына 10 тоннаға жуық көмірқышқыл газын сіңіреді.
Тұқымның сыртын жидек тәріздес түзіліс қаптайтын қылша да ашық тұқымды өсімдік. Оның тұқымындағы тұқымындағы қаптайтын түзілісті жеуге болады. Бұл ащық тұқымды өсімдік қос масақшалы қылша деп аталады. Қос масақшалы қылша (двухколосковая эфедра) – ашық тұқымды екі үйлі өсімдік. Оның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық бүрі екіншісі өсімдіктерге орналасады. Сырт көрінісі қырықбуынға ұқсайтын бұл қылшаның биіктігі (ұзындығы) 15-40 см болады.
Қос масақшалы қылша – жапырақтары ұсақ қабыршаққа өзгерген бұта. Қабыршақтары тез түсіп қалатындықтан, фотосинтез процесі бұтақтарында жүреді. Бұтақтарын өң қаптайды. Лептесіктері сабақ ұлпасына тереңірек батып орналасады. Бұтақтарында маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан, медицинада емге қолданылады. Қылшадан алынатын тамырларды тарылтып, ауа – тамырларды кеңейтетін дәрі эфедрин деп аталады. Әсіресе орталық жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесі мен аллергияны емдеуге пайдаланады. Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. «Эрозия» ˗ латынша «эрозио» ˗ жегідей жеу, бүлдіру. Топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуы, жел ұшыруы. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге органикалық зат түзеді. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат – фитонцид (грекше «фитон» өсімдік + латынша «сэдере» - өлтіру) бөлінеді. Шырша, қарағай, балқарағай, самырсынды ормандар ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Бұл – ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.

§46. Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау.
Ашық тұқымды өсімдіктердің өзің тұратын жердегі маңызды түрлерін білесің бе? Қылша туралы не білесің? Орманда өсетін ашық тұқымдылардан пайдалы түрді атай аласың ба? Орман деген не? Орман туралы не білесің? Орманды не үшін қорғайды?
Қылқан жапырақтылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Қылқан жапырақтылар ашық тұқымды өсімдіктер бөліміне жатады. Олардың бірнеше кластары бар. Солардың ішіндегі көбірек таралғанықылқан жапырақтылар класына жататын қарағайлар қатары. Сен олардың негізінен алғанда ағаштар мен бұталар екенін білесің.
Ашық тұқымды өсімдіктер табиғатта және халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Қылқан жапырақтылар оттегін бөліп, көмірқышқыл газды сіңіреді. Сондықтан адам қылқан жапырақты өсімдіктер өскен аумақта жақсы тыныс алып, тынығады. Үй бұйымдары, құрылыс материалдары, отын да солардан алынады. Қылқан жапырақтылардан шайыр, эфир майы, дәрі-дәрмектер дайындалып, медицинада қолданылады.
Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашық тұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Балқарағай, қарағай, кинкго сүрегі - қағаз жасауға қажетті негізгі шикізаттар. Олардың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі. Балқарағай - Қазақстанда кездесетін (Алтай, Сауыр Тарбағатай) биіктігі 30 метрге дейін жететін ерекше қылқанды ағаш. Оныңі Сібірлік балқарағай дейтін түрі қыста жұмсақ қылқанын түсіріп тастайды. Мәңгі жасыл, бірүйлі - қосжынысты, жарық сүйгіш өсімдік. Ол ыстыққа, суыққа, түтінге, шаңдаққа, дауылға және ауа ылғалдығына өте төзімді. Балқарағайдың сүрегінен қағаздан басқа медицинада қолданылатын, спирт, скипидар, қабығынан илік зат, бояу алынады. Жасыл бұтақтарынан дәруменді малазық дайындап, үй жануарларына береді. Ал қабығынан шайыр алып, сағыз ретінде пайдаланады. Сәндік өсімдік ретінде де пайдалануға болады. Сүрегі өте берік, қатты, шірімейтін болғандықтан, суасты құрылысына пайдаланылады. Орман өсімдіктері, ғалымдардың есептеуі бойынша, 1га орман жылына 10 тоннаға жуық көмірқышқыл газын сіңіреді.
Тұқымның сыртын жидек тәріздес түзіліс қаптайтын қылша да ашық тұқымды өсімдік. Оның тұқымындағы тұқымындағы қаптайтын түзілісті жеуге болады. Бұл ащық тұқымды өсімдік қос масақшалы қылша деп аталады. Қос масақшалы қылша (двухколосковая эфедра) - ашық тұқымды екі үйлі өсімдік. Оның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық бүрі екіншісі өсімдіктерге орналасады. Сырт көрінісі қырықбуынға ұқсайтын бұл қылшаның биіктігі (ұзындығы) 15-40 см болады.
Қос масақшалы қылша - жапырақтары ұсақ қабыршаққа өзгерген бұта. Қабыршақтары тез түсіп қалатындықтан, фотосинтез процесі бұтақтарында жүреді. Бұтақтарын өң қаптайды. Лептесіктері сабақ ұлпасына тереңірек батып орналасады. Бұтақтарында маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан, медицинада емге қолданылады. Қылшадан алынатын тамырларды тарылтып, ауа - тамырларды кеңейтетін дәрі эфедрин деп аталады. Әсіресе орталық жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесі мен аллергияны емдеуге пайдаланады. Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. Эрозия ˗ латынша эрозио ˗ жегідей жеу, бүлдіру. Топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуы, жел ұшыруы. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге органикалық зат түзеді. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат - фитонцид (грекше фитон өсімдік + латынша сэдере - өлтіру) бөлінеді. Шырша, қарағай, балқарағай, самырсынды ормандар ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Бұл - ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.
Ашық тұқымды өсімдіктердің тұқымы - құстар мен жануарлардың жемі. Қылқан жапырақты өсімдіктер жер келбетін қалыптастырады. Фотосинтез процесі нәтижесінде органикалық заттар түзіп, оны өзінің қоректенуіне жаратады. Сөйтіп, жер бетінде органикалық заттардың түзілуіне үлес қосады.
Ашық тұқымдылар бөлімінің қарағайлар класына жататын қылқандылар қатарының өкілдері табиғатта көбірек таралған. Бұлардың табиғатта және халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Ең негізгі маңызы - ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Ғалымдардың есептеуі бойынша, қылқанды өсімдіктер 1 гектарға шаққанда жылына 10 тоннаға жуық көмірқышқыл газын сіңіреді екен. Биіктігі 15-40 см болатын бұта - қылша да қылқанды өсімдік. Оның қос масақшалы қылша деп аталатын түрінен тамырды тарылтып, ауа тамырларды кеңейтетін дәрі эфедрин алынады. Кейбір қылқанды өсімдіктерден (балқарағай, қарағай гинкго сүректерінен) жоғары сапалы қағаз өндіріледі.
Қылқанды өсімдіктер тамыры ұзын, күшті болғандықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. Микориза құбылысының да маңызы зор. Жер келбетін қалыптастырудағы үлесі ерекше. Жер бетінде органикалық заттардың түзілуіне айтарлықтай үлес қосады.

Орман және орман белдеулері. Орман - биологиялық жағынан қарағанда өте күрделі организм. Орман - жер бетіндегі табиғи қорлар ішіндегі өсімдік жамылғысының ең негізгі типі. Онда ағаштар, бұталар, лианалар, шөптектес өсімдіктер, саңырауқұлақтар, мүктер, қыналар өседі. Орман - қатал табиғаттың алмағайып әрекеттеріне қарсы тосқауыл және егін түсімін арттыруы тұрғысынан диқанның сенімді жәрдемшісі. Тиімді пайдалана білсе, ол өз - өзінің қайта қалпына үнемі келе алатын таусылмайтын, табиғи қор. Орман белдеулері үшеу олар: тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулері. Пальмлар, эпифиттер, лианалар тропикте өсетін өсімдіктер. Бұл жерде ағаштардың біразы құрғақшылық маусымда суды буландыру үшін жапырағын тастайды. Тропиктік белдеудің өсімдіктерінің вегетативті кезеңі жыл бойы тоқтамайтын болғандықтан орманда мәңгі жасыл ағаштар өседі. Субтропиктік белдеуде ормандардан аралас орман және мәңгі жасыл ағашты орманның басымырақ өсетіні байқалады. Ал қоңыржай белдеудің ормандары қылқан жапырақты, аралас және жалпақ жапырақты орман ағаштарынан тұрады. Онда өсетін ағаштар: емен, шегіршін, шамшат, жөке үйеңкі. Ұсақ жапырақты орманды қайың түрлері мен көктерек өседі.
Орманның маңызы және орманды қорғау. Жер аумағы үлкен болса да, Қазақстанда орманды жерлер көп емес. Республикамыздағы орман мен бұталардың алып жатқан жер көлемі 21,6 млн га. Бұл Қазақстан жер көлемінің 4,2% - ы ғана. Егер әр адамға шағатын болсақ, онда 0,7 га орман көлемі иесі болады. Бұл Қазақстанды ормнның өндірістің мәнінің шамалылығын көрсетеді. Дегенмен, Қазақстан жағдайында орман ауа райын реттейді, ылғалды сақтайды, су режимін реттейді, топырақты эрозиядан қорғайды. Топырақ зерттеуші академик Василий Робертович Вильямстың сөзімен айтқанда, Орман өз топырағын өзі жасай алады. Орман өздерінің өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар. Онда ағаштар, бұталар, әр түрлі өсімдіктер, аңдар және құстар, насекомдар мен микроорганизмдер тіршілік етеді.
Таулы өңірлерде (Алтай Сауыр, Солтүстік Тәңіртану, Батыс Тәңіртау) қайыңдар және қарағайлы ормандар басым. Мұнда қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі. Солтүстік Тәңіртау өңірінде әсіресе алма, өрік, жаңғақ және қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар басым. Шығыс Қазақстан облысының ормандарында самырсын өседі. Марал тамыры, тіпті женшень сияқты өте сирек кездесетін дәрі-дәрмектік өсімдіктер самырсынды орманда ғана болады. Самырсын сүрегінен музыкалық аспаптар үй жиһаздарымен қарындаш жасалады.
Қазіргі уақытта жалпы ағаш сүрегімен қатар ағаш бұтақтары, жапырағы, қабығы және түбірі пайдаланылады. Бұдан 20-30 жылдар бұрын ағаштан тек қана 5000 шамасында түрлі заттар шығарылған болса, енді ағаш шикізатынан 20 мыңға жуық түрлі-түрлі заттар жасауға мүмкіндік бар.
Орман қорғау - адамдар үшін гигиеналық, эстетикалық және мәдени маңызы бар мәселе. Қазақстан орманы тапшы аймақтарға жатады. Сондықтан республикамыздағы ең басты міндет - ағашты үнемді пайдалану. Ол үшін оны толықтырып, әсіресе өрттен сақтай білу қажет. Сондай-ақ орманды зиянкестерден, әр түрлі аурулардан назар аудару қажет. Ағашты орынсыз кесіп, ысырапқа ұшыратпаған жөн. Әрине ағашты күтімді кесудің маңызы ерекше.Ол ағаштардың құрамын өзгертіп, сапасын жақсартып, өсімдіктерін жануарларын арттыруға бағытталады.
Қазақстанның орман белдеулерін сақтау, оларды қорға, көбейту мәселесімен орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты шұғылданады. Орман көлемін қалпына келтіріп, көбейтудің мынандай 3 тәсілі бар: егу, себу, және табиғи жолмен қалпына келуіне ықпал жасау. Қазақстанда орманды қолдан егу, өсіру анағұрлым нәтижелі екені анықталды.
Орман - күрделі биологиялық организм. Орман дұрыс және тиімді пайдаланылса, өз-өзінен қайта қалпына келеді. Өйткені ормандағы өсімдік құрамы өзгереді, шөптесін өсімдіктер сирейді. Ағаштардан түскен жапырақ, сынған бұтақ қабықтар, өсімдік дәндері қордаға айналады. Өлген насекомдар мен жәндіктер және басқа қалдықтар көбейе келе шіриді. Сөйтіп орман топырағын құнарландырады.
Орманның маңызы ерекше зор. Табиғаттағылардың барлығы бірімен-бірі тығыз байланысты. Орман халық шаруашылығында ағаш, құрылыс материалы ретінде, химиялық шикізат ретінде қызмет атқарады. Ауа райын реттейтін ылғал сақтайды, су режимін реттейді, топырақты эрозиядан қорғап, жер бетін нұрландыра түседі. Орманның маңызы ерекше. Жоғарыда айтылғандармен шектелмейді.
Қазақстанның жер көлемі үлкен болсада, орманға айтарлықтай бай емес.Сондықтан ең негізгі міндет - ағашты үнемді пайдалану. Сондықтан орман алқабын сақтау үшін ағаш өнімдерін халық шаруашылығында пайдалану тиімділігін арттыру керек. Орман үшін ең қауіпті апат - өрт. Орманды өрттен қорғау - мемлекеттік мәні бар жұмыс. Зиянкес насекомдар мен әр түрлі өсімдік ауруларынан қорғау шараларына ерекше назар аудару керек.
Орман өсетін табиғи ескерткіштерді де назардан тыс қалдыруға болмайды. Шарын өзені жағалауындағы сирек кездесетін, реликті өсімдік "ылғал сүйгіш шаған" ағашынан тұратын шағын орманы, Шыңтүрген шыршалары мемлекет тарапынан қорғауға алынған. Қаз ұшқан (Гусиный перелет) деп аталатын табиғи ескерткіш 12-14 миллион жылдар бұрын өмір сүрген жануарлардың (жайлаң, керік, қылыштіс жолбарыс, киік) қалдық сүйектері мол орналасқан орын. Бұл Павлодар қаласының тұсында, Ертіс өзенінің оң жағалауында. Орманды көлемі жағынан қалпына келтірудің, көбейтудің мынандай 3 тәсілі болатынын: егу, себу және табиғи жолымен қалпына келуіне ықпал жасау екенін ұмытуға болмайды.

Лиана экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулер, Василий Робертович Вильямс, гигиеналық, эстетикалық, мәдени, өрт, агроорманмелиорация, егу, себу табиғи жолмен қалпына келуге ықпал жасау. Өсімдіктер бөлімі, қылқандылар класы, қарағайлар қатары, эрозия, эфедрин, гинкго
А 1. Орман деген не? 2. Орманда болдың ба? Егер орманда болсаң, одан қандай әсер алдың? 3. Тұрған жеріңде орман бар ма? Бәлкім, тал орманын көрген боларсың? Ойыңды баянда. Қарағайлар қатарына қай өсімдіктер жатады? 5. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай? 6. Бұлар неге ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады?
В 1. Орманның өз-өзінен қалпына келуін қалай түсінесің? 2. Орман белдеулері туралы не айта аласың? 3. Лиана деген не? Ата-анаңның немесе мұғаліміңнің көмегімен жауап беруге тырыс. 4. Қай ағаштардың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі? 5. Сібірлік балқарағайдан қандай заттар алынады?
С 1. Орманның маңызы туралы не білесің? В.Р. Вильямс деген кім? Ол орман туралы не деген? 2. Ол сөздің мәнісін түсіндің бе, түсінсен баянда. 3. Орман қорғаудағы негізгі міндет не деп ойлайсың? Орман көлемін қалпына келтіріп, көбейтудің қандай тәсілдері бар? Қылша қандай өсімдік? 5. Эфедрин деген не? Ол не үшін пайдаланылады? 6. Эрозия және фитонцит туралы не білесің? Бұларға қылқанды өсімдіктердің қайсысының қатысы бар? 7. Қарағайлар қатары қай класқа жатады? Ашық тұқымдылар қандай өсімдіктер бөліміне жатады?

Өрттің орман үшін келтіретін зияны деген тақырыпта хабарлама жазыңдар. Тұрған жерлеріңде бар болса, тал орманында қандай өсімдіктер өсетінін анықтаңдар. Өсімдік атауларын дәптерге жазыңдар.
Қылқан жапырақты өсімдіктердің пайдасы деген тақырыпта хабарлама жазыңдар. Ормандағы қылқандылар туралы деректермен танысыңдар.

Ашық тұқымдылар бөлімі гинкго тәрізділер класының осы заманғы бірден-бір жаңа түрі екі қалақты гинкго жер бетінде сақталып қалған ағаштардың ең алғашқы түрі болып саналады. Бұл өсімдік бұдан 250 млн жы бұрын пайда болған. Жапонияда гинкго XII ғасырдан бері өсірілуде. Ол Жапонияда күміс өрік деген атаумен белгілі. Қазіргі кезде мәдени гинкгоны ичо-ағаш (дерево-ичо) дейді.

Білмекке құмарлар үшін
Жабық тұқымдылар бөлімінің қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің бірі - орман-тоғай түзетін сексеуіл. Қызылша, көкпек, сораң, алабота, теріскен, бұйырғындар да алабота тұқымдас өсімдіктер.
Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді торғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры реінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда сексеуілден отын дайындалған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты. Алайда жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан, сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қауіпі сексеуілге төніп тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет.
Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл.
Қара сексеуіл Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі. Биіктігі 6 метрге дейін жетеді, тұздығ сортаң топырақта өсетіндіктен, жасыл өркендері түзды болады. Жапырақтары болмайды, діңдері қисық, жиі бұтақталған, тамыры 8-12 м тереңдікке еніп, жерасты тұзды суын сорады. Фотосинтез үдерісі жас өркендерінде жүреді.
Ақ сексеуіл шөлдің құмды жерлерінде өседі. Өркендері майда, қою жасыл шырынды. Жапырақтары жетілмегендіктен, органикалық заттар жас өркендерінде түзіледі. Ерте көктемде өркендерінде майда ашық қоңыр түсті гүлдері дамиды.
Бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр - бұжыр діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді. Өте қатты болғандықтан өңдеуге көнбейді. Сексеуілдің жас бұтақтары мүлде жапырақсыз болады. Өйткені жапырақтары өзгеріп кеткен, жапырақ қызметін жас өркендері атқарады.
Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты - бірүйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады. Гүлсерігі қабыршақтанған 5 жапырақшалардан құралып, жемісінде қанатша түзіледі. Көктемде гүлдейді. Жемісі - қанатты жаңғақша, қыркүйек - қазан айларында пісіп жетіліп, қараша - желтоқсан айларында жерге төгіледі. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендеріненде пісіп жетіледі. Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылуды көп бөледі. Сондықтан отынға көп пайдалынады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады.
Зайсандық сексеуіл Зайсан, Алакөл маңы, Шелек, Шарын өзендерінің бойында, Үстіртте кездеседі. Биіктігі шамамен 2 м. Қабығы қызыл немесе ақшыл - сұр болып келеді.
● Аға Плиний (Ежелгі Рим) жыл санаудан бұрын (ж.с.б) 79 жылы емдік және жемістік қасиеттерінде ерекше назар аударып, 1000-нан астам өсімдіктерді сипаттап жащды.
● Италия ғалымы Лука Гини XVII ғасырдың басында өсімдіктерді кептіріп, ең алғаш гербарий үлгісін жасады.
● Француз ботанигі Ж. П. Турнефор (1656-1708) туыс ұғымын қалыптастырып, 500 ге жуық өсімдік тұқымдастарын сипаттап жазды.
● Швед табиғат зерттеушісі және натуралист Карл Линней 1735 жылы өзінің Табиғатты жүйелеу атты еңбегңн жариялады. Мұнда ол аталықтар құрылысын негізге алып, барлық өсімдік әлемін, 24 класқа бөлді. Линней тұқымды өсімдіктерді айқыннекелілер (явнобрачный) деп атап, 23 класқа біріктірді. Ал қалған өсімдіктердің барлығын, ол жоғары сатыдағыларын да, төменгі сатыдағыларын да құпиянекелілер (тайнобрачный) деп атап, оған 24 класты қамтыды.
● К. Линнейдің Өсімдік түрлері атты еңбегі 1753 жылы жарияланды. Ол онда өсімдіктердің барлығына екі атаудан берді.
● Күрделілір тұқымдасы - түр саны ең көп өсімдіктер. Оның 2500-ға жуық түрі бар деп есептелінеді.
● Түр саны ең аз өсімдіктерге қайың тұқымдастар жатады. Қайың тұқымдастарға өсімдіктердің 130-ға жуық түрі топтастырылған
Кез келген сексеуіл түрінің маңызы зор. Сексеуілдің сүрегі сірке қышқылын, метил спиртін, ацетон және шайыр алуға пайдаланылады. Бұтақшасында 20-25% қымыздық қышқылы, 20-25% күл, 1-3% лимон қышқылы болады.

Күрделігүлділер тұқымдасы

Жалпы сипаттамасы және алуантүрлілігі. Күрделігүлділер тұқымдасына негізінен бір, жылдық көп жылдық шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар, бұталар және аздаған аласа ағаштар жатады. Сонымен бірге өрмелеп өсетін және суккулентті түрлері де бар. Күрделігүлділер қос жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкен тұқымдас. Оған 1150-ден 1300-ге дейін туыс, 20000-нан астам түр жатады. Қазақстан флорасында 139 туыска біріктірілген, 854 өсімдік түрлері кездеседі. Оларды жер бетінің барлық құрлықтарынан, тундрадан экваторға дейінгі, теңіз жағалауынан таулардың Альпа белдеуіндегі қарлы мұздақтарға дейінгі аралықтардан, шіріндісі мол қара топырақтардан және құнарсыз құмды жерлерден де кездестіруге болады. Жоғары деңгейде жетілген тұқымдастың бірі. Көптеген туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар форма түзу сатысында тұр.
Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп, сиректеу қарама - қарсы немесе топтасып орналасады. Кейде олар жертаған түзіп қатты қысқарады. Қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақ тақталарының көлемі, формасы және тілімделуі үлкен көлемде ауытқып отырады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлінетін әр түрлі заттар жиналатын қуыстары - сүт жолдары және шайыр жолдары болады. Клеткаларында инулин жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттері жиналып қалқанша немесе сыпыртқы гүлшоғырын түзеді. Себеттің астын гүласты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді. Себеттің үстіңгі беті жалпақ, ойыс немесе дөңес болуы мүмкін. Себеттің сырты жылтыр, тікенектермен немесе түктермен жабылған.
Гүлдері алуан түрлі, біреулері біршама үлкен және қанық боялған. Ал, екіншілері ұсақ, көріксіз болып келеді. Күлтесі 5 мүшелі, тостағаншасы желайдарға айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған. Бос орналасқан 5 аталығы және түтікшеге біріккен тозаңдығы болады. Аналығы біріккен екі жеміс жапырақшасынан тұрады. Жатыны төменгі, бір ұялы, жемісі тұқымша. Көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары болады. Гүлдері насекомдармен және желмен тозаңданады.
2. Гүлдерінің түрлері: к.лте жапырақшаларының құрылысына қарай күрделігүлділерде гүлдердің мынадай түрлері болады: түтікше гүл, түлше гүл, жалған тілшегүл, воронка тәрізді гүл.
Түтікше гүлде, күлте жапырақшалары төменгі жағынан түтікшеге бірігеді, үстінгі жағынан түтікше қоңырау тәрізді кеңейеді, 5 тісшеге бөлінеді. Бұл қосжынысты, кейде дара жынысты дұрыс гүл. Оны формула түрінде былай беруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы
Орман екпелерінің жағдайын бағалау
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі жайлы
Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы ағашты өсімдіктері қызыл кітапқа енген ағашты өсімдіктердің систематикасының сұрыпталуы, түрлерінің систематикасы
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Қарағайлы орман зиянкестері
Климат және орман
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Пәндер