Қазақстан сақтандыру нарығының рөлі



Кеңес үкіметінің құлдырауымен қоғамда орын алған баға либерализациясы, гиперинфляция сияқты құбылыстар айтарлықтай дәрежеде халықтың ақша бірліктеріне деген сенімін жоғалтуына, елдің қалыптасып қалған шаруашылықтық өмірінің бұзылуына, оның ішінде мемлекеттік құрылымның монополиясында болған сақтандыру саласы да деморализация мен қайта құруылуға ұшырады.
Енді ғана тәуелсіздік алған жас мемлекет өз тарапынан қазіргі заман талаптарына сай келетін және нарықтық экономика инфрақұрылымында аса маңызды орындардың бірін алатын ұлттық сақтандыру жүйесін қалыптастыру жолында бірқатар іс шаралар жасады.
Мемлекетіміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңі нарықтық түрлендірілулердің жауапты кезеңіне өтумен сипатталады. Аталған түрлендірулер өндіріс құлдырауын тоқтатып, экономикаға әсер етудің қаржылық әдістерін пайдалану арқылы оның тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған. Ал бұл, өз кезегінде, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары мен стратегиясында көрініс табады. Тұрақты әрі үнемі өсіп отыратын экономикалық дамуға дұрыс қызмет атқаратын ақша-кредиттік жүйе мен қаржылық сфераның сәйкес механизмінсіз қолжеткізу мүмкін емес. Ал аталған ақша-кредиттік жүйе және қаржылық сфера сақтандыру ісінде маңызды орынға ие.
Ұлттық Банк 1998-жылдың 30- маусымындағы Қазақстан Республикасының нұсқауына сәйкес сақтандыру нарығын реттеуші және сақтандыру іс қызметін бақылаушы өкілетті органның қызметтері мен құзіреттерін жүзеге асырып келеді.Бағдарлама 1999-жылы Қазақстан қаржыгерлерінің екінші конгрессіндегі сөз сөйлеу кезінде берген ел басының тапсырмасымен Ұлттық Банк тарапынан жасалған болатын.
Қазақстанда сақтандыру іс қызметінің заңнамалық базасы қалыптасқан. Сақтандыру мәселесіне Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 40- бөлімі толығымен арналған. 2000- жылдың желтоқсан айында мемлекет басшысы сақтандырудың халықаралық тәжірибесінде қалыптасып үлгерген стандарттарды ескере отырып жасалған Қазақстан Республикасының жаңа «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына қол қойды. [8.54]
Қазақстан Республикасының 2000-2002 –ж.ж. арналған сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеніне бірнеші жыл болды, ол негізінен азаматтар мен шаруашылық субъектілерініңсенімді сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік саясаттың концептуалды мақсатына жетуге; ішкі резервтердің, атап айтқанда ел экономикасына ұзақ мерзімді негізде тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын құру есебінен нарықтық қайта құруларды тездетуге бағытталған болатын. Заң сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің міндеттерін, сақтандыру іс қызметін бақылау принциптерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) компания- ларын лицензиялау, реттеу, олардың іс қызметін тоқтату ерекшеліктерін және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының қызмет ету шарттарын айқындайды.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан сақтандыру нарығының рөлі
Кеңес үкіметінің құлдырауымен қоғамда орын алған баға либерализациясы, гиперинфляция сияқты құбылыстар айтарлықтай дәрежеде халықтың ақша бірліктеріне деген сенімін жоғалтуына, елдің қалыптасып қалған шаруашылықтық өмірінің бұзылуына, оның ішінде мемлекеттік құрылымның монополиясында болған сақтандыру саласы да деморализация мен қайта құруылуға ұшырады.
Енді ғана тәуелсіздік алған жас мемлекет өз тарапынан қазіргі заман талаптарына сай келетін және нарықтық экономика инфрақұрылымында аса маңызды орындардың бірін алатын ұлттық сақтандыру жүйесін қалыптастыру жолында бірқатар іс шаралар жасады.
Мемлекетіміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңі нарықтық түрлендірілулердің жауапты кезеңіне өтумен сипатталады. Аталған түрлендірулер өндіріс құлдырауын тоқтатып, экономикаға әсер етудің қаржылық әдістерін пайдалану арқылы оның тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталған. Ал бұл, өз кезегінде, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары мен стратегиясында көрініс табады. Тұрақты әрі үнемі өсіп отыратын экономикалық дамуға дұрыс қызмет атқаратын ақша-кредиттік жүйе мен қаржылық сфераның сәйкес механизмінсіз қолжеткізу мүмкін емес. Ал аталған ақша-кредиттік жүйе және қаржылық сфера сақтандыру ісінде маңызды орынға ие.
Ұлттық Банк 1998-жылдың 30- маусымындағы Қазақстан Республикасының нұсқауына сәйкес сақтандыру нарығын реттеуші және сақтандыру іс қызметін бақылаушы өкілетті органның қызметтері мен құзіреттерін жүзеге асырып келеді.Бағдарлама 1999-жылы Қазақстан қаржыгерлерінің екінші конгрессіндегі сөз сөйлеу кезінде берген ел басының тапсырмасымен Ұлттық Банк тарапынан жасалған болатын.
Қазақстанда сақтандыру іс қызметінің заңнамалық базасы қалыптасқан. Сақтандыру мәселесіне Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 40- бөлімі толығымен арналған. 2000- жылдың желтоқсан айында мемлекет басшысы сақтандырудың халықаралық тәжірибесінде қалыптасып үлгерген стандарттарды ескере отырып жасалған Қазақстан Республикасының жаңа Сақтандыру қызметі туралы Заңына қол қойды. [8.54]
Қазақстан Республикасының 2000-2002 - ж.ж. арналған сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеніне бірнеші жыл болды, ол негізінен азаматтар мен шаруашылық субъектілерініңсенімді сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік саясаттың концептуалды мақсатына жетуге; ішкі резервтердің, атап айтқанда ел экономикасына ұзақ мерзімді негізде тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын құру есебінен нарықтық қайта құруларды тездетуге бағытталған болатын. Заң сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің міндеттерін, сақтандыру іс қызметін бақылау принциптерін, сақт андыру (қайта сақтандыру) компания- ларын лицензиялау, реттеу, олардың іс қызметін тоқтату ерекшеліктерін және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының қызмет ету шарттарын айқындайды.
Сақтандырудың түбегейлі жаңа түрі - аннауитеттік сақтандыру енгізілді. Бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде анықталғанындай, және кейіннен зейнет жасының, жұмыссыздықтың немесе келісімшартта көрсетілген басқадай да жағдайларың туындауына байланысты алдын ала келісілген мөлшерде жүйелі түрде сақтандырушыдан алып тұру мақсатында анықталған соммаға дейін төленетін бірыңғай уақыттық жарна немесе белгілі бір уақыт аралығында төленіп тұрылатын төлем.
Мемлекеттік өкілетті органның сақтандыру іс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру және дамыту бағытындағы өз жұмыстарын жалғастыруда.
Отандық сақтандыру қызметтері нарығына тән жағдай мемлекеттің жекеленген аймақтарына тән сипат болып табылады.Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы бар 27 сақтандыру ұйымы бар немесе басқаша айтқанда бүкіл ел аумағындағы осы кәсіпкерлік саласында қызмет көрсетуші ұйымдардың 67,5% -і. Ағымдағы жылдың 29-науырызында 14сақтандыру компаниясы Ұлттық банктен жаңа нысандағы лицензиялар алды.
Өткен жылдың бас кезімен салыстырғанда сақтандыру ұйымдарыныі санының қысқаруы байқалып отыр.Аймақтағы тіркеуден өткен сақтандыру ұйымдар саны ағымдағы жылдың басында 30 %-ті құраған. Ал дәл осы көрсеткіш 2006-жылдың бас кезеңінде 45%-ті құраған. [19.154]
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы сақтандыру ұйымдарының басым көпшілігі акционерлік негізде қызмет жасайды, жалпы санының ішінде 16 ұйым жабық акционерлік қоғам нысанында, 10- ашық акционерлік қоғам ретінде және біреуі республикалық мемлекеттік кәсіпорын ретіде жұмыс істейді.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда, сақтандыру ұйымдарының іс қызметі көлемі айтарлықтай өскен. Активтер көлемі 3%-ке, бағалы қағаздармен жұмыс операцияларының көлемі 6,5 есеге өскен. Аймақ бойынша жиналған сақтандыру сыйақылары екі есеге өсіп, ал төленген сақтандыру төлемдеріне 15% жұмсалған. Мемлекеттік өкілетті органның сақтандыру қызметін жүзеге асырушы сақтандыру ұйымдарының жарғылық және өзіндік капиталының минималды мөлшеріне қатысты талаптарын қаталдатуы нәтижесінде аймақтағы сақтандыру компанияларының алдыңғы жылмен салыстырғанда өзіндік капиталы 85%-ке және жарғылық капиталы 81%-ке өсуі байқалды.
Сақтандыру компанияларының жағымды өсу қарқынына қарамастан, кейбір статистикалық мәліметтер сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын, сақтандыру түрлерін кеңеейту мен аталмыш саладағы қызмет көрсетудің сапасын арттыру жолында жасалынып жатқан іс шаралардың әлі де болса жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр.
Сақтандыру қызметін көрсету нарығының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы жайлы сақтандыру түрлері мен сақтандырудың сәйкес түрімен айналысатын ұйымдардың саны туралы мәліметтер куәландырады (ағымдағы жылдың 25- науырызындағы мәліметтер бойынша)

Сурет-2. Сақтандырудың түрлері

Өмірді сақтандыру сияқты сала жеткіліксіз дамуда, тіпті әлсіз деуге боларлық жағдайда. Бұл кәсіпкерлік түрімен тек бір ғана компания айналысады. Осыған ұқсас жағдай соттар мен олардың мүліктерінің міндетті сақтандырылуы саласында да орын алып отыр, мұндай қызметті тек екі ғана сақтандыру компаниясы жүзеге асырады.
Сақтандырудың міндетті түрлерінде автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жаупкершілігіндегі міндетті сақтандыру түрі басым болып келеді, атап айтар болсақ 90%-ті құрайды. Бұрынғысынша сақтандыру сыйақыларының көп бөлігі шет ел сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыру мақсатында бағытталуда.
Сақтандыру қызметін көрсетудің ұлттық нарығының жеткілікті дәрежеде дамымауы жалпы қоғамдағы жағымды өзгерістердің әлсіденуіне өз салдарын тигізіп отыр.Бұған әсер етіп отырған фкаторлар қатарына отандық экономиканың дамуының қазіргі кезеңінімен байланыстылығын, мемлекетттік қайта сақтандыру ұйымдарының жоқтығын атай отырып, алдыңғы орында теңгеге деген және жалпы сақтандыру институтына деген сенімнің жоқтығын айтуға болады деп санаймыз. Мысалы Еуропада сақтандырудың 500-ден аса түрі бар, ал АҚШ-та 3000. Көршілес Ресей Федерациясының өзінде сақтандырудың 100-ге жуық түрі бар. [9.54].
Бұқаралық сананы қалыптастыру әрі ұзаұ, әрі қиын үрдіс жіне бұл тек қана мемлекеттік өкілетті органның міндеті болып табылмайды.Көп жағдайда бұл сақтандыру ұйымдарының өз іс қызметіне байланысты.Бүгінгі таңда сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандырушылық қызметі жайлы анықтамалық, сараптамалық, сатистикалық және өзге де мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі бұрынғысынша шектеулі, жеткіліксіз күйінде қалып отыр.
Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі жайлы жаңа Заңына сәйкес енді сақтандыру ұйымдары әр жылы жалпы акционерлік қоғам жиыны бекіткен және аудитпен расталған жылдық есепті баспада жариялауы қажет.
Халықтың сақтандыру саласындағы төмен белсенділігін сақтандыру компанияларының өз іс қызметінің нәтижелері туралы халықтың ақпараттануы, оларды бұрыннан бар және жаңа сақтандыру түрлері жайлы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, сапалы және мазмұнды жарнама жасау мәселелеріне мән бермеуі деп айтуға болады. Сақтандыру қызметтеріне деген тұтынушылық сұранысты қалыптастыру, сақтандыру қызметін тұтынушылардың негізгі құқықтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең түсіндіру де жеткіліксіз дәрежеде зерттеледі және жасалынатын жұмыстар да сондай жағдайда.
Кез келген өркениетті қоғамда тәуекелділіктерді бөлудің маңызды тәсілі бола отырып, сақтандыру күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіе айналған, ал дамыған сақтандыру қызметін көрсету нарығы нарықтық экономиканың сәттілігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Мысалы, жылдап қалыптасқан бұқаралық сақтандыру санасының қалыптасуы нәтижесінде, қатардағы еуропалық азамат үшін бірқатар стереотиптер қалыптасқан, ол бойынша мүлік (үй, көлік), денсаулық, өмір сақтандырылмауы мүмкін емес.
Әлемдік тәжірибеде сақтандырк ұйымдары бірлесе отырып аз немесе көп мөлшерде төлемдер жинау арқылы арнайы резервтік сақтандыру қорларын құрады. Ол әртүрлі қолайсыз, бақытсыз жағдайларда болған шығындар мен жоғалтулардың орнын толтыруға, экономикадағы өздеріне тиімсіз ортаны болдырмау мақсатына жұмсалады. Сақтандыру ұйымдарының қызмет көрсетуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ұғымдар
Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
Қаржы нарығының теориялық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
Қаржының Қазақстан Республикасындағы ролі
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Сақтандыру нарығының құрылымы
Қазақстанда сақтандыру нарығының қазіргі жағдайын қарастыру
Пәндер