Шыңғыс хан мемлекетінің нығаюына түрік тайпаларының ықпалы



Сонымен аталған мемлекеттік құрылымдардың бәрін ығыстырған және солардың тікелей мұрагері болып табылатын Монғол феодал-дық мемлекеті өмірге келген болатын. Аталған мемлекеттің негізін салушы Шыңғыс хан екенін тарих растайды . Түрік – монғол тайпаларын бір орталыққа , ауқымды империяға бағындырған ол, XIII – XIV ғасырларда қазіргі Монғолия жерінде тұрақты мемлекет орнатады. Осы мемлекеттің этно – саяси құрылымы да өте күрделі еді [ 66 , 29 б. ] . Монғол империясының солтүстік шығысындағы үлкен тайпа бұрынғысынша Жалайырлар бола берді. Олардан батыс-қа қарай Онон өзенінің бойында Тайчиуттар , олардан төменде Онон және Керулен аралығында Монғолдар , олардан оңтүстікте Татарлар ( 1202 ж. дейін өмір сүрген тайпалық бірлестік ) және оңтүстік шығыста Қоңыраттар (Хонгираттар) , олардан оңтүстік батыста Оңғұттар , ал Қарақорым атты империя астанасының айналасында Керейттер ( 1203 – 1204 ж. дейін өмір сүрген мемлекеттік бірлестік ) , олардан солтүстікте Байырғулар және шығыста Гурвандар мен Меркіттер ( 1185 ж. дейін өмір сүрген тайпалық бірлестік ) , ал Монғолдардың батысында Хамагтар жайлап жатты. Сондай- ақ , Монғол мемлекетінің Байкал көлінен батысқа қарайғы солтүстігін Ойраттар , олардан батыста Алтай жотасының бойын Наймандар мекендеді. Осыдан XIII – XIV ғасырлардағы Монғол мемлекетінің этникалық құрылымын көруге болады. Ал оның сол кездегі көршілеріне келсек, Байкал көлінің шығысында Булгачиндар , батысында Енисей қырғыздары және Дубалар , Ертіс –тен оңтүстік батысқа қарай Қарақидандар , олардан төменде Шығыс Түркістанда Ұйғырлар ( 847 – 1218 жж. өмір сүрген ) орналасқан еді. Монғол мемлекетінің оңтүстігін Таңғұт хандығы иемденіп жатты. Бұл 1031 – 1227 жж. аралығындағы мемлекеттік бірлестік болатын.
Сөйтіп , Алтай – Саян және қазіргі Монғолия территориясында көптеген Түркі және Монғол тайпалық бірлестіктері өмір сүрген еді. Бірақта , Шыңғыс ханның батысқа жаққа жылжуы Түркі тайпалары-ның орналасу аймақтарын сапалы түрде мүлде өзгертіп жібереді. Осыған орай шолу жасасақ , Монғолдарға көрші Түркі тайпалары Меркіттер тайпалық бірлестік ретінде көп кешікпей – ақ жойылып кеткен еді. Олардың қалдығы 1216 ж. қазіргі Қазақстандағы Торғай өзенінің бойында Шыңғыс ханның баласы Жошы әскерлерінің қанды қырғынына ұшырап, бытыраңқы түрде осы маңда қалып қойған болатын. Ал Монғол мемлекетінің солтүстік шығысында Керулен мен Онон өзенінің орта ағыстарын мекендеген Жалайыр-лар болса көптеген тарихи шырғалаңдардан кейін ақырында Жетісу жеріндегі кейініректе қазақты құраған Түркі тайпаларының құрамы-на келіп орныққан еді.
Бұрын тарихи деректерде Отыз татарлар деген атпен әйгілі болған Керуленнің оңтүстігіндегі ұлы даланы мекендеген Татарлар 1202 ж. Шыңғыс хан ұйымдастырған қырғыннан кейін тоз – тоз болып ыдырап , Монғолдарға қосылып кеткен еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шыңғыс хан мемлекетінің нығаюына түрік тайпаларының ықпалы
Сонымен аталған мемлекеттік құрылымдардың бәрін ығыстырған және солардың тікелей мұрагері болып табылатын Монғол феодал-дық мемлекеті өмірге келген болатын. Аталған мемлекеттің негізін салушы Шыңғыс хан екенін тарих растайды . Түрік - монғол тайпаларын бір орталыққа , ауқымды империяға бағындырған ол, XIII - XIV ғасырларда қазіргі Монғолия жерінде тұрақты мемлекет орнатады. Осы мемлекеттің этно - саяси құрылымы да өте күрделі еді [ 66 , 29 б. ] . Монғол империясының солтүстік шығысындағы үлкен тайпа бұрынғысынша Жалайырлар бола берді. Олардан батыс-қа қарай Онон өзенінің бойында Тайчиуттар , олардан төменде Онон және Керулен аралығында Монғолдар , олардан оңтүстікте Татарлар ( 1202 ж. дейін өмір сүрген тайпалық бірлестік ) және оңтүстік шығыста Қоңыраттар (Хонгираттар) , олардан оңтүстік батыста Оңғұттар , ал Қарақорым атты империя астанасының айналасында Керейттер ( 1203 - 1204 ж. дейін өмір сүрген мемлекеттік бірлестік ) , олардан солтүстікте Байырғулар және шығыста Гурвандар мен Меркіттер ( 1185 ж. дейін өмір сүрген тайпалық бірлестік ) , ал Монғолдардың батысында Хамагтар жайлап жатты. Сондай- ақ , Монғол мемлекетінің Байкал көлінен батысқа қарайғы солтүстігін Ойраттар , олардан батыста Алтай жотасының бойын Наймандар мекендеді. Осыдан XIII - XIV ғасырлардағы Монғол мемлекетінің этникалық құрылымын көруге болады. Ал оның сол кездегі көршілеріне келсек, Байкал көлінің шығысында Булгачиндар , батысында Енисей қырғыздары және Дубалар , Ертіс - тен оңтүстік батысқа қарай Қарақидандар , олардан төменде Шығыс Түркістанда Ұйғырлар ( 847 - 1218 жж. өмір сүрген ) орналасқан еді. Монғол мемлекетінің оңтүстігін Таңғұт хандығы иемденіп жатты. Бұл 1031 - 1227 жж. аралығындағы мемлекеттік бірлестік болатын.
Сөйтіп , Алтай - Саян және қазіргі Монғолия территориясында көптеген Түркі және Монғол тайпалық бірлестіктері өмір сүрген еді. Бірақта , Шыңғыс ханның батысқа жаққа жылжуы Түркі тайпалары-ның орналасу аймақтарын сапалы түрде мүлде өзгертіп жібереді. Осыған орай шолу жасасақ , Монғолдарға көрші Түркі тайпалары Меркіттер тайпалық бірлестік ретінде көп кешікпей - ақ жойылып кеткен еді. Олардың қалдығы 1216 ж. қазіргі Қазақстандағы Торғай өзенінің бойында Шыңғыс ханның баласы Жошы әскерлерінің қанды қырғынына ұшырап, бытыраңқы түрде осы маңда қалып қойған болатын. Ал Монғол мемлекетінің солтүстік шығысында Керулен мен Онон өзенінің орта ағыстарын мекендеген Жалайыр-лар болса көптеген тарихи шырғалаңдардан кейін ақырында Жетісу жеріндегі кейініректе қазақты құраған Түркі тайпаларының құрамы-на келіп орныққан еді.
Бұрын тарихи деректерде Отыз татарлар деген атпен әйгілі болған Керуленнің оңтүстігіндегі ұлы даланы мекендеген Татарлар 1202 ж. Шыңғыс хан ұйымдастырған қырғыннан кейін тоз - тоз болып ыдырап , Монғолдарға қосылып кеткен еді.
Деректерде Хонгират ( Қоңырат ) деген атпен мәлім болған Монғол мемлекетінің оңтүстік шығысын жайлаған , Үлкен Хинган тау жоталары бойындағы тайпалық бірлестік батысқа қоныс аударып, кейініректе қазақтың Орта жүзін құраған іргелі тайпаға ұласты.
Сондай - ақ, тағы бір тайпа бірлестігі ол деректерде Оңғұттар деген атпен мәлім болған Монғол мемлекетінің оңтүстік шығысын мекендеген Хонгираттарға көрші тайпалар да дүрбелең барысында батысқа жылжып, қазақ жеріндегі Уақ деп аталатын іргелі тайпаның негізін қалаған еді. Монғол мемлекетінің бел ортасында орналасқан кезінде , 1203 - 1204 жж. дейін Орхон өзенінің бастауларын жайла-ған Керейттердің тағдыры аса күрделі бола түскен. Монғол жаула-уының барысында олар да батысқа қоныс аударып , екіге бөлініп кетуге мәжбүр болған . Қазіргі қазақтың Жетіру тайпалық құрылы-мындағы Керейттер және Орта жүздегі Керейлер осы тайпалық бір-лестіктен бастау алғанын ғалымдар дәлелдеп жүр [ 72 , 24 -25 бб. ].
Үлкен қуғын - сүргінге ұшыраған мемлекеттік бірлестік Найман хандығы болды. Олардың қалдығы Күчліктің бастауымен Шыңғыс ханның қуғын - сүргінінен Орта Азия жеріне дейін қашып барған болатын.
Монғол жаулауы Енисей қырғыздарының да Тянь - Шань бойына түпкілікті қоныстауына себепкер болыпты. Осыған ұқсас жорықтар Жетісудағы Қарақидандар мемлекетінің тайпалық бірлестіктерін ыдыратып жіберген болатын. Бұлар Қарақытайлар деген атпен қазақтардың ғана емес, башқұрттардың және Орта Азия түркілерінің құрамына шашырап кеткен екен. Қуғын - сүргін Ұйғырларды да батысқа жылжытқан еді [ 72 , 26 б. ].
Монғолдардың 1189 жылы өз ішінен хан сайлап , саяси сахнаға шыға бастауы кімнің кім екенін айқындап берді . Осы кезден бастап үстірттегі монғол және түрік бөліктерінің ара -жігі айқын бола бастады. Сөзіміз нанымды бол үшін екі дерек келтірелік , - деп басталатын зерттеушінің мақаласындағы мәліметті айта кетуге болады. Дерек мәліметі де зерттеушінің пікірімен былай жазылады : 1179 - 1206 жылдар аралығында Шыңғыс ханның басшылығында жүргізілген 30 шайқастың көпшілігі Монғол және Түрік тайпа бірліктерінің арасында болды. Шыңғыс хан осынау 25 жыл ішінде татарлармен - 3 , Меркіттермен 5 дүркін, Наймандармен - 4, Керейт-термен 2 мәрте шайқасты. Шыңғыс ханның інісі Хасар Қоңыраттар-ды шапты. Монғолдың хан тағынан үміткер Жамуха түрік бөлімде-рін Шыңғыс ханға қарсы айдап салып отырды. Монғол және Түрік топтарының арасында болған Алақай бұлақ, Жижгэр Өндөр, Ұлан Хус , Наху Хон шайқасы осынау арандатушылықтан туындады. Монғолдар Татар, Найман, Меркіттерді ешқашан бауырына тартқан емес, оларды жат жаланың жауы санады. Мұны айқындайтын жеткі-лікті деректер бар. Тіптен , басқасын айтпағанда, Жижгэр Өндөр шайқасы алдында өзінің өкіл әкесі санап келген Керейттің Ван ханына Шыңғыс ханның айтқан төмендегі сөзін келтірсек те жеткі-лікті . Онда Шыңғыс хан Ван хан Тогорылға : Монғолға қолға түсіп келген құлдың ұрпағы сен кімнің , елін билемек үшін кімдер-ге жағынып жүрсің ?! Менің елімді мен емесау , қазір сенің өзіңе одақтас болып жүрген Алтан , Хучардың өзі саған бере қоймас , -деп оның жат жұрттығын бетіне басып айтып салғаны бар. Тарих-шылардың есептеріне жүгінсек , монғол - түрікаралық қақтығыстар басталар алдында ( 1179 ж.) үстіртті мекендеген жан саны 1.475.000 болған. Ал , монғолдармен болған тайталастарда жеңіліске ұшыраған түрік топтары ( татар , меркіт, найман, керейт қатарлы ) батысты бетке алып, түрік кіндігіне қарай ауып кетуіне байланысты үстіртте қалған адам саны екі есе азайып, 1206 жылы Монғол мемлекеті құрылған кезде Монғол билігінде 695 мың адам қалған . Бұлардың дені монғолдар болды , - [ 78 , 5 б. ] деп өз ойын келтіреді .
1206 жылы Шыңғыс хан монғол даласындағы және қазақ даласының шығысындағы ағаш уықты, киіз туырлықты көшпелі монғолдар мен түркі тайпаларын бағындырып Шыңғыс хан атанды. Бірақ түркі тайпалары оған толық бағынбаған еді. Наймандардың бір бөлегі оларға қарағанымен , бір бөлегі өздерінің атамекенін тастап , Алакөл, Балқаш, Жетісу, Есіл, Сырдария бойына және Ұлытау алқаптарына ауған [ 72 , 165 б. ].
Түркі тайпаларының ауа көшуін наймандар бастаса, артынан ілесе керейлер кеткен болатын. Онан соң меркіт , қоңырат , жалайырлар да ауып кетеді. Бұлардан қалған аздаған ауыл бөлектенген монғол әулелерін біржола сіңіріп, олардың құрамын толықтырады. Мұндай тайпалардың көшуін тоқтатуға Монғол империясының күші жетпеген еді . Себебі жеңілсе де бағынбаған наймандар Таян хан өлгенмен , оның тағына отыратын мұрагер ұлы Күшлікке ілесті .
Шыңғыс ханның тегеурініне шыдамаған Күшлік өзіне ілескен түркі тайпаларымен қарақытайлар жеріне қоныс аударады және жаңа жағдайда ол беделді тұлғаға айналған.
Өйткені керей ханы Тұғырылды, найман хандары Таян мен Бұйрықты, меркіт ханы Тоқтабекті , жалайыр ханы Жамуханы Шыңғыс хан әскері бі-рінен соң бірін жеңіп және өлтірген. Тұғырылдың ұлы Сенгүн құтылып Тибетке барған болса да, олардың ұстап беруінен қорқып Хотанға кеткен болатын. Хотан әкімі қалаш тұқымынан Қылыш қара атты кісі болатын. Ол Сенгүнді ұстап өлтірді де, оның басын, қатын - баласымен қоса Шыңғыс ханға жіберді .
Күшлік қазіргі қазақ даласына және қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Шыңғыс хан туралы
Моңғол шапқыншылығы дәуірінде Қазақстанда мемлекет пен құқық
Әмір Темірдің дүниеге келуі
Шыңғыс хан (Тэмуджин, Темучин)
Монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдегі мемлекеттер (кесте түрінде)
Қазақ хандығының нығаюы
Әмір Темірді соңғы жорыққа жібермеу
Қазақ халқының қалыптасуы туралы мәлімет
Пәндер