Азаматтық процесстегі сот дәлелдемелері
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Азаматтық процесстегі сот дәлелдемелері.
1.1. Сот дәлелдемелерінің түсінігі.
1.2. Сот дәлелдемелерін жіктеу.
2. Сот дәлелдеуі.
2.1. Дәлелдеудің жалпы ережелері.
2.2. Дәлелдеу процесі
2.3. Дәлелдеу құралдары.
Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Сот төрелігін жүзеге асырғанда соттын сот талқылау барысында анықталған нақты мән-жайларға заңды қолдауынан тұрады.
Яғни сотқа ұсынылған дәлелдемелер арқылы істі шешу.Сот дәлелдеуі азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес алынуы қажет.
А.Ф.Клейнманның ойы бойынша азаматтық іс жүргізу дәлелдеуі тараптардың қызметі болып табылады, ал К.С.Юдельсонның ойы бойынша азаматтық іс жүргізу дәлелдеуі ол іске қатысушы тұлғалардың қызметі деп есептеген.
Сайысушылық қағидатына сәйкес сот тараптарға дәлелдемені жинау бойынша жәрдемдесуге міндетті болып табылады. Сот дәлелдеуі процессуалдық әректтерден құралады және осы қызметтің субьектісі болып : тарптар, үшінші тұлғалар , іске қатысушылар және өкілдер табылады. Дәлелдеуді іс жүргізуде қолдану логикалық және азаматтық процессуалдық тәртіптегі тығыз байланыста болатын күрделі процесс. Кез келген дәлелдеу сана және ой қызметін білдіреді.Сонымен қатар сотта дәлелдеу тек логика заңдарына сүйенбейді, ол дәлелдеу қызметін барлық процесін регламенттейтін процессуалдық нормамен реттеледі.Осымен бірге сот дәлелдеуімен қатар сот дәлелдемелері іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс көрсететін тек қана шын, нақты деректер болып табылады.Сот дәлелдемелері сотта тек қана заң тәртібімен жүргізіледі, яғни процессуалдық тұрғыда.Нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен , сарапшылардың қортындыларымен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен ,іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Жалпы Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңдары Конституцияға негiзделедi және Қазақстан Республикасының Заңынан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттардан тұрады және реттеледі.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. 30тамыз
2. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999ж. 13 шілде
3. Гражданский процесс 2-е, 3-е издан.
Под редак. В.А Мусина, М.А. Чечина, Д.М.Чечота М. 1999, 2000г.г.
4. Гражданский процесс под редак. М.К. Треушникова
Москва: Новый юрист, 1998
5. ҚР-ның Сот сараптамасы туралы Заңы 1997 жылғы 12 қарашадағы
N 188
6. Гражданское процессуальное право. Краткий курс лекций.
Арсентьев О.В.
7. Гражданский процесс в схемах.

Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Азаматтық процесстегі сот дәлелдемелері.
1.1. Сот дәлелдемелерінің түсінігі.
1.2. Сот дәлелдемелерін жіктеу.
2. Сот дәлелдеуі.
1. Дәлелдеудің жалпы ережелері.
2. Дәлелдеу процесі
3. Дәлелдеу құралдары.
Қорытынды бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Сот төрелігін жүзеге асырғанда соттын сот талқылау барысында
анықталған нақты мән-жайларға заңды қолдауынан тұрады.
Яғни сотқа ұсынылған дәлелдемелер арқылы істі шешу.Сот дәлелдеуі
азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес алынуы қажет.
А.Ф.Клейнманның ойы бойынша азаматтық іс жүргізу дәлелдеуі тараптардың
қызметі болып табылады, ал К.С.Юдельсонның ойы бойынша азаматтық іс жүргізу
дәлелдеуі ол іске қатысушы тұлғалардың қызметі деп есептеген.
Сайысушылық қағидатына сәйкес сот тараптарға дәлелдемені жинау бойынша
жәрдемдесуге міндетті болып табылады. Сот дәлелдеуі процессуалдық
әректтерден құралады және осы қызметтің субьектісі болып : тарптар, үшінші
тұлғалар , іске қатысушылар және өкілдер табылады. Дәлелдеуді іс жүргізуде
қолдану логикалық және азаматтық процессуалдық тәртіптегі тығыз байланыста
болатын күрделі процесс. Кез келген дәлелдеу сана және ой қызметін
білдіреді.Сонымен қатар сотта дәлелдеу тек логика заңдарына сүйенбейді, ол
дәлелдеу қызметін барлық процесін регламенттейтін процессуалдық нормамен
реттеледі.Осымен бірге сот дәлелдеуімен қатар сот дәлелдемелері іс үшін
маңызы бар мән-жайларды дұрыс көрсететін тек қана шын, нақты деректер болып
табылады.Сот дәлелдемелері сотта тек қана заң тәртібімен жүргізіледі, яғни
процессуалдық тұрғыда.Нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың
түсініктемелерімен , сарапшылардың қортындыларымен, куәлардың айғақтарымен,
заттай дәлелдемелермен ,іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге
де құжаттармен анықталады.
Жалпы Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңдары
Конституцияға негiзделедi және Қазақстан Республикасының Заңынан, өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен
тиiстi халықаралық шарттардан тұрады және реттеледі.
1.Азаматтық процесстегі сот дәлелдемелері.
1.1.Сот дәлелдемелерінің түсінігі.
Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын
негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де
маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған
нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың
түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен,
сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен
және өзге де құжаттармен анықталады.
Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде
сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Соттың міндеті дәлелдемелік материалдың қайсысы сот дәлелдемелерінің
белгілеріне ие болатының анықтау . Сот дәлелдемелік материалды олардың
арасынан дәлелдемелі күші бар табу үшін зерттейді және бағалайды. Сот іс
бойынша ұсынылған мәліметтерді дәлелдемелер деп тану үшін оларды арнайы
процессуалдық тәртіп бойынша тексеруден өткізеді.
Дәлелдемелердің мынадай белгілері бар:
1. Заңды тәсілмен алынғандар.
2. Іске қатысты болуы.
3. Заңда көзделген тәсілмен анықталған.
Сот дәлелдемелерді іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс көрсететін
тек қана шын нақты деректер.Сонымен дәлелдемелер бұл кез келген нақты
деректер , яғни объективті шындықтың фактілерінің немесе олар туралы
мәліметтер.Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және
іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде,
материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын
ескере отырып, сот анықтайды. Сот тараптарға іске қатысушы басқада
тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді
құқылы болып табылады. Тараптар мен басқа да іске қатысушы тұлғалар үшін
дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда , сот олардың өтінімі
бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.
Cудья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты
және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл
орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің
күні бұрын белгіленген күші болмайды[1]
1.2. Сот дәлелдемелерін жіктеу.
Сот дәлелдемелерін жіктеу дәлелдеменің жекелеген түрлерінің
ерекшкліктерін ашуға және сол арқылы оларды дәлелдеу процесінде тиімді
түрде мүмкіншілік береді.
Дәлелдемелерді қандайда бір топқа жатқызу тұрғысынан зерттеудің
практикалық және дәлелдемелерді ізделетін фактіні бар жоғын анықтау
мақсатында бағалау кезінде маңызы зор.
Сот дәлелдемелері әртүрлі негіздер бойынша классификациялар
қолданылған :
1. Дәлелдемелерді алудың көзіне байланысты.
2. Дәлелдемелердің құрылу сипатына байланысты.
3. Дәлелдемелермен ізделетін фактінің арасындағы байланыстын нысанына
байланысты.
4. Дәлелдемелерді алу тәсіліне байланысты.
Дәлелдемелерді алудың көзіне байланысты үш түрге бөлінеді:
1.Жеке дәлелдемелер.
Яғни ,бұл алудың көзі жеке тұлға болатын нақты деректер.Олар екі топқа
бөлінеді:
1) Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері.
2) Куәлардың көрсетулері.
2. Заттай дәлелдемелер.
Бұл дүниедегі заттай обьектіден туындайтын нақты
деректер.Мысалы:шарттар, мәмлелер т.б. Осымен бірге заттай дәлелдемелер
екіге бөлінеді:
1)Жазбаша.
Яғни, іс үшін маңызы бар мән-жайлар мәліметтерді қамтитын актілер,
құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып
табылады.
2)Заттай.
Бұл, егер заттар өзінің сыртқы түрімен , қасиеттерімен немесе өзгеде
белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп
ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.
3.Аралас дәлелдемелер.
Яғни, қайнар көзі ретінде жеке тұлға және материалдық шындықтын
обьектілері болып табылатын нақты деректер. Мұндай дәлелдемелерге
сарапшының қортындысын жатқызуға болады.Яғни, сарапшының қортындысы- бұл
сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс
материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана
отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген.
Дәлелдемелердің құрылу сипатына байланысты екі түрі болуы мүмкін:
1. Бастапқы.
Бұл ізделетін фактінің (істің жағдайын) тікелей әсер етуінен алынған
нақты деректер.
Бастапқы дәлелдемелердің алғашқы қайнар көз дәлелдемелер деп атау
қабылданған. Оларға:
- құжаттың түп нұсқасы;
- шарттын мәтіні;
- туу туралы куәлік;
- заттарды сақтауға өткізгендігі туралы квитанция;
- оқиғаға тікелей болған тұлғалардың көрсетулері және тағы басқалар.
Дәлелдеу құралдарының біреуінің рәсімделген фактілер туралы мәліметтер
қандай да бір құбылыстың немесе адам санасында , немесе жансыз заттарда
көрініс табу нәтижесінде құрылады. Бұл дәлелдемелердің бастапқы сатысы.
2.Туынды.
Бұл басқа дәлелдемелерінің көбінесе бастапқы дәлелдеменің мазмұның
көрсететін нақты деректерді айтады.
Заттар немесе тұлғаның санасындаіз қалдырып обьективті шындықтың
фактісін ары қарай туынды сипатқа ие болуы мүмкін.
Нақты фактілер арасындағы байланыстын нысанына байланысты:
1. Тікелей.
2. Жанама.
Жоғарыда айтып кеткендей дәлелдемелер ретінде ең алдымен обьективті
шындықты фактілер болады. Сот анықтаған және әліде анықтауға тиіс фактілер
арасында белгілі бір байланыс болады. Бір жағдайда байланыс бір мағыналы
сипатта болады бұл дәлелдеме тікелей болады.Басқа жағдайда байланыс сипатын
көп мағыналы болады. Сондықтан дәлелдеме жанама деп танылады.
Алудың тәсіліне құралына байланысты барлық дәлелдемелер беске
бөлінеді:
1. Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ;
2. Куәлардың түсініктемелерімен көрсетулері.
3. Жазбаша дәлелдемелер.
4. Сарапшының қортындысы.
5. Заттай дәлелдемелер.[2]
2. Сот дәлелдеуі.
Дәлелдеуді іс жүргізуде қолдану логикалық және азаматтық
процессуалдық тәртіптегі тығыз байланыста болатын күрделі процесс. Кез
келген дәлелдеу сана және ой қызметін білдіреді. Сонымен қатар сотта
дәлелдеу тек логика заңдарына сүйенбейді, ол дәлелдеу қызметін барлық
процессін регламенттейтің процессуалдық нормалармен реттеледі.Заң кім
дәлелдермен айналысу керектігін, нені дәлелдеу және қандай тәсілмен
дәлелдеу керек екендігін реттейді.
Дәлелдеу қызметінің мазмұны сот және іске қатысушы тұлғаның алдында
тұратын бірнеше міедеттерімен анықталады:
1. Дәлелдемелерді табу, жинау , ал қажет болған жағдайда бекітуден тұрады;
2. Дәлелдемелерді зерттеу;
3. Дәлелдемелерді бағалау.
Дәлелдемелерді табумен жинау міндеті негізгі кезекте іске қатысушы
тұлғаларға жүктеледі. Бірақта сотта белгілі бір құқықтарға ие болады. Жалпы
сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз инсиативасымен айғақтар
жинаудан босатылған. Алайда тараптардың дәлелдемелердің өтініші бойынша
оған қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді зерттеу сотпен іске қатысатын тұлғалармен бірге жүзеге
асырады. Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі мен шектерін іске қатысушы
тұлғалардың пікірлерін ескере отырады. Ал дәлелдемелерді бағалау тек қана
соттың құзреті болып табылады. Осылай сот дәлелдеуі деп іс үшін маңызы бар
фактілермен мән-жайларды анықтауға бағытталған дәлелдеуді табуға, жинауға,
зерттеуге және бағалауға байланысты соттын және іске қатысушы тұлғалардың
қызметін айтамыз.[3]
Дәлелдеу субьектілері. Өз кезінде бекітілген дәлелдеудің негізгі
субьектісі болып, сот болып табылады деген.Әрине бұл сол кездегі заңға
сәйкес және дәлелдеу қызметінде сот белсенді қатысуға міндеттелген. Содан
А.І.Ж. кодексіне өзгерістер енгізгеннен кейін айқын болды.Заң шығарушы
былай белгіледі ; дәлелдеудің негізгі сбьектілері тараптар және басқа да
іске қатысушы тұлғалар. Сонымен сотты императивтік міндеттемеден босатты.
Дәлелдеудің негізгі субьектілері іске қатысушы тұлғалар. Әр тарап
өзінің талаптарын және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-
жайларды дәлелдеуі тиіс. Бұл ереже ерекше іс жүргізу істеріне қатысатын
және әкімшілік құқық бұзушылық туындайтын істерге қатысатын тұлғаларға
таралады. Бұл тұлғалардың дәлелдеуді ұсынбауды олар үшін жағымсыз нәтижеге
әкеледі. Прокурор және мемлекеттік басқару органдар дәлелді ұсынуға және
оларды зерттеу процессіне қатыса алады. Өз қортындыларын олар іс бойынша
жиналған барлық дәлелдемелерге анализ беруі керек.
Дәлелдеу пәні.Дәлелдеу пәні іс бойынша нені анықтау қажет қандай
жағдайлар дәлелдемелерге жатады деген сұрақтарға жауап береді. Іс бойынша
дәлелдеменің пәнің анықтау сот процессінің қортындысына оның заңдарына және
шешім шығарылғанына негізділігіне әсер етеді.
Заң тараптардың қарсылықтарын және талаптарын негіздейтін мән-жайлар
және іс үшін маңызы бар басқада мән-жайлар дәлелдемелерге жататындығын
анықтаған. Дәлелдеменің пәні өзіне әр түрлі фактілердің және мән-жайлардың
күрделі жиынтығын қосады. Ең алдымен дәлелдеудің пәні талаптың негізінде не
қарсылықтың негізінде жататын заңды фактілерден анықталады.Дәлелдеменің
пәні талап арыздың және оған тараптардың қарсылықтарының мазмұны мен
анықталады.Әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдеменің пәні ерекше болады.
Талап арыз қойылған істердің дәлелдеу пәні фактілердің бірнеше топтарынан
құралады:
1)Талаптын негізінің фактілері;
2)Талапқа қарсылықтың негізінің фактілері;
3)Қарсы талап негізінің фактілері;
4)Үшінші тұлғаның талаптарының негізгі фактілері.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу бойынша істегі дәлелдеу пәні арыздың
және арызға берілген қарсылықтарының негізділігі фактілер арқылы көрінеді.
Ерекше іс жүргізуде дәлелдеу пәні мәлімдемеушінің арызының және мүдделі
тұлғаның қарсылығының негізінің фактілерін қосады. Бұл фактілерді негізге
ала отырып сот даулы материалдың құқықтық қатнасты жіктейді, материалдық
және процессуалды құқықты қолдану тиісті нормасын анықтайды. Дәлелдеменің
пәнің дұрыс анықтауды істі тез және дұрыс шешу үшін үлкен практикалық
маңызы бар.
Дәлелдеу пәнің құрастыру іс қозғау сатысында басталып, істі дайындау
сатысында жалғасады да сот талқылау барыснда аяқталады.
Дәлелдеменің пәніне кіретін заңи фактірлер мына түрлерге бөлінеді;
1)Әрекет, оқиға, жағдай;
2)Заңды және заңсыз әрекет;
3)Жағымды және жағымсыз фактілер.
Дәлелдеуден босатудың негіздері
1. Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет
етпейді;
2. Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген
шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар
қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді;
3. Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды
қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған
тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот
үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған
сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма
деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және
олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.
4. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі
талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске
шығарылуы мүмкін.
5. Егер тиісті құқықтық рәсімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе,
мына мән-жайлар:
1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы
қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
2)адамның заңды білуі;
3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
4) олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және
арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені
көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы
дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.[4]
2.1. Дәлелдеудің жалпы ережелері.
Дәлелдеу қызметі заңмен нақты анықталып процессуалдық шектерін
белгілеген. Бұл қызмет процесстік жалпы принциптерімен бағытталады және
процесстің барлық стадияларында толтырылуы мүмкін .
Дәлелдеуді жинауға, зерттеуге, бағалауға байланысты соттын және іске
қатысушы тұлғалардың әрбір әрекеті процессуалдық ережелерге бағынады. Бұл
ережелердің қатарына дәлелдеудің жалпы ережелері ерекше орынға иеболады.
Оларға:
1) Дәлелдеудің қатыстылығы.
Яғни, қатыстылық ережесі сотта процесске ұсынған дәлелдемелерді тек
іс үшін маңызы барларын ғана қабылдауға міндеттейді.Сонымен қатар
дәлелдеменің қатыстылығы туралы норма сотқа арналған, өйткені тараптар және
іске қатысушы тұлғалар дәлелдемелерді ұсынған уақытта , іске қатысты екені
туралы қателесуі және соттын ойын обьектіден әдейі бөлуі мүмкін. Сот осымен
бірге міндетті түрде дәлелдің іске қатысы бар ма? жоқ па? екенің реттеу
керек .
2)Дәлелдемелерге жол беру.
Егер дәлелдемелер азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен
алынған болса, сол дәлелдемелерге жол беріледі. Заң бойынша белгілі бір
дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа
дәлелдемелермен расталуға тиіс емес. Заңды бұза отырып алынған
дәлелдемелер заңды күші жоқ деп танылады және сот шешімнің негізінде
жатқызылмайды.
Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы
тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды
ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта
қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:
1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-
әрекеттерді қолдана отырып;
2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің
салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне
қатысты жазылуын пайдалана отырып;
3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ
адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне
қатысуына байланысты;
5) іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді
қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе
немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға
жол беруге болмайды деп тануға тиіс.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде
пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың
мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың
өтінімі бойынша сот белгілейді.
Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады
және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар
кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тәртіп бұзушылықтармен алынған
нақты деректер тиісті тәртіп бұзушылықтардың және оларға жол берген
адамдардың кінәлілігінің дәлелдемесі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3)Дәлелдеу бойынша міндеттемелерді бөлу.
Жалпы ережелерге негізделген дәлелдеу міндетті немесе оған қарсылықты
қозғаған тұлғаға тиісті болады.Егер талапкер оның талаптарын растайтын
дәлелдемелерді ұсына алмаса және соттың бұл бағыттағы инициативасы
нәтижесіз болса,талап қайтарылуы тиіс.
Дәлелелдеу міндеттемесі тек қана тараптарға таралмайды, сонымен қатар
басқа да дәлелдеу субьектілеріне таралады.
Дау бойынша дербес нысанасын мәлімдейтін үшінші тұлғалар барлық
құқықтарымен пайдалана алады және талапкердің барлық міндеттерін орындайды.
Ал дербес нысанасын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар өзінің процесске қатысты
фактілерін дәлелдеу керек. Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарын
негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Талап етілген жазбаша дәлелдемелерді табыс ету немесе оны сот
белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бµұ туралы себептерін
көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.
Сот хабардар етілмеген жағдайда, сондай-ақ соттың жазбаша
дәлелдемелерін табыс ету талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша
орындалмаса, іске ғатысушы тұлғалар - он айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде, ал соттың қайталама және одан кейінгі талаптарын орындамаған
жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.[5]
2.2.Дәлелдеу процессі.
Дәлелдеу процессі келесі үш қызметтен тұрады және бұл қызметтер бір-
бірімен өте тығыз байланыста болып келеді:
1)Дәлелдемелерді жинау, ұсыну;
Дәлелдемелерді табу, жинау және ұсынуды тараптар арыз берушіге және
іске қатысушы басқада тұлғалар жүзеге асыруы тиіс. Дәлелдемелерді ұсыну
және жинау азаматтық істі қозғағаннан бастап бірінші инстанциядағы соттың
шешім шығарғанға дейін жүзеге асырады. Дәлелдемелерді ұсыну:
1. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар
береді.
2. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және

материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере
отырып, сот анықтайды.
3. Сот тараптарға және іскеқғатысушы басқа да тұлғаларға істі
дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
4. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін
дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі

5. Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол
дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар
қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шағырылатыны, дәлелдемені өз
бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге
тиіс.
6. Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені
алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны
тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар
адамның қолына береді.
7. Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген
мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын
алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы
сотқа хабарлауға міндетті.
8. Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың
талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда,
кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құық
бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.
9. Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды
оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған
жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.[6]
10. Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және
оны соттың сұратуы бойынша сынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың
мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп
есептеледі.
Егер жарыс сөздер немесе прокурор қортындысы кезiңде және шешiм шығару
сәтiнде сот жаңа мән-жайларды анықтауды немесе жаңа дәлелдемелердi
зерттеудi қажет деп тапса ол iстiң мәнi бойынша қаруды қайта жаңғыртуды
ұйғарым шығарады. Апеляциялық инстанция сатында дәлелдемелердi ұсынуға
болады.
Дәлелдемелердi жинау тәсiлдерi:
1. Мүдделi тұлғаның өтiнiшi боынша оларды сұратып алуға болады.
2. Дәлелдемелердi сот тапсырмаларының көмегiмен алу.
Яғни, iсті қараушы сот іске қатысушы адамның басқақғалада немесе
ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінімін қанағаттандырған
жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма
береді. Істі қараушы сот іске қатысушы адамдардың Қазақстан Республикасының
құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер
жинау туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда осы келісімнің ережелеріне
сәйкес сот тапсырмасын жібереді. Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда
қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша баяндалады,
анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс
дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті және
ол алынған сәттен он күнге дейінгі мерзімде орындалуға тиіс. Осы сот
тапсырмасын орындау тәртiбiне келетiн болсақ яғни, iске қатысатын тұлғалар
отырыстың өтетін уақыты мен орны туралы құлақтандырылады, алайда оған
келмеу тапсырманы орындауға кедергі болып табылмайды. Хаттамалар мен
тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар дереу істі қарап
жатған сотқа жіберіледі. Ал егер іске қатысатын адамдар немесе тапсырманы
орындаушы сотқа түсініктеме немесе айғақ беруші куәлер істі қарайтын сотқа
келсе, олар жалпы тәртіпте түсініктеме мен айғақ береді.
3. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету.
Яғни,өздері үшін ғажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды
немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар
соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.Дәлелдемелерді
қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу, оқиға болған жерді
қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледіДәлелдемелерді
қамтамасыз ету туралы өтініш арқылы жүргiзiледi.Дәлелдемелерді қамтамасыз
ету туралы өтініш сотқа дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу
әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі.Дәлелдемелерді қамтамасыз
ету туралы өтініште қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін
осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар, өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы
өтініш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ қамтамасыз етілетін
дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуге тиіс. Дәлелдемелерді
қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша сот ұйғарым шығарады.
Мұндай өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше
шағым берілуі мүмкін. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібіне келетiн
болсақ,iстің сотта туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді
заңдармен көзделген тәртіппен сотта нотариустар немесе консулдық
мекемелердің лауазымды адамдары жүргізеді.Өтініш беруші және іске қатысушы
басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы
хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы
өтінішті қарауға кедергі болып табылмайды.Хаттамалар және дәлелдемелерді
қамтамасыз ету тәртібімен жиналған нәрсенің бәрі іске қатысушы тұлғаларға
хабарлана отырып, істі қараушы сотқа беріледі.
2)Дәлелдемелерді зерттеу;
Сот дәлелдемелерiн зерттеу бұл бiр дәлелменi басқа бiр дәлелдеме
арқылы тексеру егер ұсынылған дәлелдеменiң келiспеушiлiгi болса оларды табу
және жою табылады.
3)Дәлелдемелерді бағалау;
Дәлелдемелердi бағалау дәлелдеу процессiнiң соңғы кезеңi.
Дәлелдемелердi бағалау ретiнде iстiң барлық нақты жағдайын анықтауға және
оны дұрыс шешуге мүмкiндiк беретiн дәлелдеменiң қатыстылық ,жол берушiлiк ,
растылығы, жеткiлiктiк белгiлерi қолданылады.Тексеру нәтижесiнде
дәлелдеменiң шындыққа сәйкес анықталса дәлелдеме рас деп танылады. Осымен
қоса Азаматтық iс жүргiзу кодекстегiдей 16-бапқа сәйкес судья iсте бар
дәлелдемелердi олардың жиынтығымен әдiл, жан-жақты және толық қарауға
негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-
ұятты басшылыққа алады.Сот үшiн ешқандай дәлелдеменiң күнi бұрын
белгiленген күшi болмайды.[7]
2.3. Дәлелдеу құралдары.
Дәлелдеу құралдары деп-заңмен қарастырылған дауды шешуге байланысты
таратардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi, куәлардың
айғақтары, жазбаша дәлелдемелер, заттай дәлелдемелер және сарапшының
қортындысын айтуға болады.
Тараптардың және үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi ;
Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне
белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да
дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.Көрсетілген
тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.Тараптың
талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді екінші тараптың мойындауы
ол тарапты осы фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттігінен босатады. Тарап
мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған фактіні
мойындаған тарап қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша өтініште баяндалған
болса, ол іске қосып тігіледі.Ал егер фактілерді тану шындығында болған мән-
жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе
жаңылудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды
қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы
негізде дәлелденуге тиіс.
Түсiнiктеме беру барысында тарап басқа тарап бкiтетiн фактiнi
мойындауы мүмкiн .Мойындау деп-қарсы тараптың белгiлi жағдайды немесе
фактiнiң болғандығын растайтын түсiнiгiн айтамыз. Сотта жасалған мойындау
сот мойындауы деп айтамыз. Сонымен қоса жай және класификациялы мойындау
бар. Жай мойындауда ешқандай ескертпелер жасалмайды. Класификациялық
мойындауда ескертпелер жасалып мойындауды жартылай тоқталады,себебi сот
жасаған мойындауды жасаған тұлға өз ескерпесiн дәлелдеуге мiндеттi болады.
Куәлардың айғақтары;
Іс үшін маңызы бар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz