Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс



Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс
2. Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ныcандары.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қайта құру мен тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс
Егеменді елімізде республикамыздың толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге еркіндік алуы мәдени салада жіберілген ағаттыктарды түзетуге мүмкіндік туғызды. Мәдениет пен өнер, әдебиет идеологиялық тыйым салу азабынан арыла бастады. Кеңестік жүйенің күйреуі мен нарықтық қатынастарға өту мәдениет пен спорттың дамуына зор ықпал етті.
Қайта құру жылдарында бюджеттен қаржыландыру едәуір қысқарды, көптеген ғылыми зертханалар мен спорт мектептері, клубтар, демалыс орындары жабылды немесе жеке меншікке берілді.
Қалыптасқан жаңа жағдайда нарықтық қатынастарға икемделе алған ұйымдар ғана өз жұмыстарын жалғастыра алды.
Қазақстан ғылымы дамуының жаңа кезеңі ғылым мен жаңа технологиялар министрлігі құрылған 1992 жылдан басталды. 1993 жылы бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар жаппай сынақтан өткізілді. Мұндай тәсіл ғылымның болашағы зор салаларын анықтауға, маңызы ғылыми орталыктарға нақты көмек беруге мүмкіндік жасады. Университеттерде қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра алатын жаңа мамандықтар ашылды. Нақты айтқанда, ғылымға жаңа - әлеуметтанушы, саясаттанушы, мәдениеттанушы кадрлар келді, компьютерлік техника, ақпараттык технологиялар, бизнес пен экономика саласы бойынша мамандар дайындала бастады. Жоғары Аттестациялық комиссия қайта құрылып, ғылыми дәреже беру шарттары кайта қаралды.
Республика ғалымдары Қазақстанның өткен кезеңін, ата тарихын зерттеуге елеулі үлес қосты. Ол, әсіресе, мынадай өзекті тақырыптар бойынша атқарылды: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, Сталинизмнің орнығуы мен нығаюы, КСРО ыдырауының себептері (М. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Т.Омарбеков, А. Сакта). Өте көкейтесті мәселелер конференциялар мен «дөңгелек үстелдерде» ашық талқыланатын болды. Ғалым- құқықтанушылар Ғ. Сапарғалиев, Е Нұрпеисов, А. Котов республикамыздың конституциялық
дамуы кезеңдерін зерттеді . Әлеуметтану ( М. Тәжин, Қ Бикенов), геосаясат (К. Сыроежкин, Ж. Жүнісова), демография (М. Тәтімов, Ә. Ғали), философия (Ғ. Есім, Ғ. Тұрсынов) бойынша жаңа еңбектер жазылды. Академик Ә. X. Марғұланның ғылыми мұралары жарық көре бастады.
ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы республикада кеңінен атап өтілді. 1999 жылы сәуірде Парижде осы оқиғаға арналған халықаралык ғылыми симпозиум өтті. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында «Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Йассауи» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерден 200-ден аса ғалым мен мамандар қатысты. 2001 жылы 12 шілдеде «Ғылым туралы» Заң қабылданды. 2003 жылы қазанда Ғылым академиясы жаңа заман талабына сәйкес кайта құрылды.
Ғаламдық өзгеріс рухани салада да орын алды: діни сенім мен қасиетті орындарға зиярат етуге еркіндік берілді. Сәулеттік әсемділігімен ерекшеленетін мұсылман мешіттері Алматыда, Павлодарда, Таразда, Көкшетауда, Шымкентте жөнделді және жаңадан салынды. 2005 жылы сәуірде астана тұрғындары араб елдері көмегімен салынған Астанадағы Орталық мешіттің ашылуының куәсі болды.
Алматы, Петропавл қалаларына православие мен католик шіркеулері бой түзеп, Алматыда жаңа синагога салынды. Дінге сенушілер санасынан діни сенімі үшін мемлекет пен жазалаушы органдар алдындағы қоркыныш жойылды. Ұзак, жылдарғы тыйым салудан кейін дінге сенетіндер қасиетті орындарға еркін баратын, қажылық парызын өтей алатын болды. Жыл сайын мыңдаған мұсылмандар діни парызын атқаруға Мекке мен Мәдинеге аттанды. Діни орталықтар жанынан арнаулы медреселер ашыла бастады, мыңдаған жас қазақстандықтар ірі теологиялық орталықтарда оқуға мүмкіндік алды. Республиканың мәдени өміріндегі елеулі окиға - қасиетті Құранның қазақ (аударғандар - Халифа Алтай, Рәтбек Нысанбайұлы), орыс (аударған - Валерия Порохова) тілдерінде басылып шыққаны болды.
Театрлар және казақтың дәстүрлі өнері шығармашылық жаңа серпін мен еркіндікке қол жеткізді.
Сонымен қатар өкімет тарапынан қамкорлық пен бакылауға әбден қалыптасып калған бірқатар мәдениет кайраткерлерінің өмірдің жаңа жағдайына дайын еместігі де байқалады. Олар «кеңестік алтын ғасыр туралы» сағыныштан өзге жұртшылыкка ештеңе ұсына алмады.
Кино өнеріне, монументті кескіндеме жасауда өзіндік көркемдік ойы және идеялык принциптері бар жаңа ұрпак келіп қосылды. Қазак режиссерлерінің көптеген фильмдері өлемдегі ірі фестивальдердің лауреаттары атанды. 1996 жылы Алматыда Тәуелсідік монументі жәнеАстанада Кенесары Қасымов, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Алматыда Ж.Жабаев ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.
2003-2005 жылдарда қазақ-американ кинематографистері (Голливуд, Қазақфильм) «Көшпенділер» кинофильмін түсірді. Бұл маңызды алғашқы халықаралық жоба еді.
Республикамыз төуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды. Қазакстан спортшылары ірі-ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетті. XI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан қазақстандыктар жалпы командалык есепте 4-орын иеленді, 77 медаль (25 алтын) жеңіп алды. Дәулет Тұрлыханов, Сергей Филимонов, Наталья Торшина, Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде танытты. Қыскы олимпиада ойындарында көкшетаулық В.Смирнов, XXVI жазғы олимпиада ойындарында Ю.Мель-ниченко (грек-рим күресі), А. Парыгин (бессайыс), В. Жиров (бокс) чемпиондар атанды. XXVII Олимпиада ойындарында (2000) Ольга Шишигина, Ермақан Ибрайымов, Бекзат Саттарханов чемпион болды. 2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 1-жаздық спартакиада өткізілді, оған еліміздің 1 млн-нан астам тұрғындары қатысты.
XXVIII Олимпиада ойындарында (Афины) Бақтияр Артаев чемпион атанды": Ол олимпиаданың үздік боксшысы деп танылып, ең үздік спортшы ретінде оған Вэл Баркер кубогы табыс етілді. Штангашы С.Филимонов, боксшы Г.Головкин, палуандар Г.Цурцумия мен Г.Лалиев күміс медальдарды иеленді.
Республикада ұлттық спорт түрлері: бәйге, жорға жарыс, тоғызқұмалак кең тарады. Спорттың осы түрлері бойынша федерациялар құрылып, ресми түрде жарыстар өткізіле бастады.
Футбол, волейбол, бильярд секілді спорт түрлерімен халық кеңінен айналыса бастады. 2003 жылдан Қазақстан футболшылары Еуропа кубогы үшін жарыстарға катысады, шағын футболдан жарыс тұрақты өткізіліп тұрады.
Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет пен спорттың дамуы барысында өмір барынша қызғылықты және мәнді бола түсті. Қаржы жетіспеушілігіне қарамастан, мәдениет пен өнер, спорт дамуға жаңа серпін алды. Ғылым мен мәдениеттің дамуында жаңа бағыттар байқалды, өзге елдердің жетістіктері жакын бола түсті. Мүмкін, ең үлкен кемістіктің бірі әкрандар мен газет беттерін батыстың бұқаралық мәдениетінің басып кетуі, зорлык пен қатігездікті насихаттаудың жасырын түрі болуы да шығар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Ч. Мусин: «Қазақстан тарихы», Алматы, 2005.
2. Аяған Б. Ғ., М. Ж. Шәймерденова: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», Алматы, 2005.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс
2. Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ныcандары.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қайта құру мен тәуелсіздік жылдарындағы мәдени құрылыс
Егеменді елімізде республикамыздың толғағы жеткен мәселелерді өзі
шешуге еркіндік алуы мәдени салада жіберілген ағаттыктарды түзетуге
мүмкіндік туғызды. Мәдениет пен өнер, әдебиет идеологиялық тыйым салу
азабынан арыла бастады. Кеңестік жүйенің күйреуі мен нарықтық қатынастарға
өту мәдениет пен спорттың дамуына зор ықпал етті.
Қайта құру жылдарында бюджеттен қаржыландыру едәуір қысқарды, көптеген
ғылыми зертханалар мен спорт мектептері, клубтар, демалыс орындары жабылды
немесе жеке меншікке берілді.
Қалыптасқан жаңа жағдайда нарықтық қатынастарға икемделе алған ұйымдар
ғана өз жұмыстарын жалғастыра алды.
Қазақстан ғылымы дамуының жаңа кезеңі ғылым мен жаңа технологиялар
министрлігі құрылған 1992 жылдан басталды. 1993 жылы бюджеттен
қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар жаппай сынақтан
өткізілді. Мұндай тәсіл ғылымның болашағы зор салаларын анықтауға, маңызы
ғылыми орталыктарға нақты көмек беруге мүмкіндік жасады. Университеттерде
қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра алатын жаңа мамандықтар ашылды.
Нақты айтқанда, ғылымға жаңа - әлеуметтанушы, саясаттанушы, мәдениеттанушы
кадрлар келді, компьютерлік техника, ақпараттык технологиялар, бизнес пен
экономика саласы бойынша мамандар дайындала бастады. Жоғары Аттестациялық
комиссия қайта құрылып, ғылыми дәреже беру шарттары кайта қаралды.
Республика ғалымдары Қазақстанның өткен кезеңін, ата тарихын зерттеуге
елеулі үлес қосты. Ол, әсіресе, мынадай өзекті тақырыптар бойынша
атқарылды: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, Сталинизмнің орнығуы мен
нығаюы, КСРО ыдырауының себептері (М. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Т.Омарбеков,
А. Сакта). Өте көкейтесті мәселелер конференциялар мен дөңгелек
үстелдерде ашық талқыланатын болды. Ғалым- құқықтанушылар Ғ. Сапарғалиев,
Е Нұрпеисов, А. Котов республикамыздың конституциялықолды. ). Өта
дамуы кезеңдерін зерттеді . Әлеуметтану ( М. Тәжин, Қ Бикенов),
геосаясат (К. Сыроежкин, Ж. Жүнісова), демография (М. Тәтімов, Ә. Ғали),
философия (Ғ. Есім, Ғ. Тұрсынов) бойынша жаңа еңбектер жазылды. Академик Ә.
X. Марғұланның ғылыми мұралары жарық көре бастады.
ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы
республикада кеңінен атап өтілді. 1999 жылы сәуірде Парижде осы оқиғаға
арналған халықаралык ғылыми симпозиум өтті. Түркістанның 1500 жылдық
мерейтойында Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан
және Қожа Ахмет Йассауи тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық
конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерден
200-ден аса ғалым мен мамандар қатысты. 2001 жылы 12 шілдеде Ғылым туралы
Заң қабылданды. 2003 жылы қазанда Ғылым академиясы жаңа заман талабына
сәйкес кайта құрылды.
Ғаламдық өзгеріс рухани салада да орын алды: діни сенім мен қасиетті
орындарға зиярат етуге еркіндік берілді. Сәулеттік әсемділігімен
ерекшеленетін мұсылман мешіттері Алматыда, Павлодарда, Таразда, Көкшетауда,
Шымкентте жөнделді және жаңадан салынды. 2005 жылы сәуірде астана
тұрғындары араб елдері көмегімен салынған Астанадағы Орталық мешіттің
ашылуының куәсі болды.
Алматы, Петропавл қалаларына православие мен католик шіркеулері бой
түзеп, Алматыда жаңа синагога салынды. Дінге сенушілер санасынан діни
сенімі үшін мемлекет пен жазалаушы органдар алдындағы қоркыныш жойылды.
Ұзак, жылдарғы тыйым салудан кейін дінге сенетіндер қасиетті орындарға
еркін баратын, қажылық парызын өтей алатын болды. Жыл сайын мыңдаған
мұсылмандар діни парызын атқаруға Мекке мен Мәдинеге аттанды. Діни
орталықтар жанынан арнаулы медреселер ашыла бастады, мыңдаған жас
қазақстандықтар ірі теологиялық орталықтарда оқуға мүмкіндік алды.
Республиканың мәдени өміріндегі елеулі окиға - қасиетті Құранның қазақ
(аударғандар - Халифа Алтай, Рәтбек Нысанбайұлы), орыс (аударған - Валерия
Порохова) тілдерінде басылып шыққаны болды.
Театрлар және казақтың дәстүрлі өнері шығармашылық жаңа серпін мен
еркіндікке қол жеткізді.
Сонымен қатар өкімет тарапынан қамкорлық пен бакылауға әбден қалыптасып
калған бірқатар мәдениет кайраткерлерінің өмірдің жаңа жағдайына дайын
еместігі де байқалады. Олар кеңестік алтын ғасыр туралы сағыныштан өзге
жұртшылыкка ештеңе ұсына алмады.
Кино өнеріне, монументті кескіндеме жасауда өзіндік көркемдік ойы және
идеялык принциптері бар жаңа ұрпак келіп қосылды. Қазак режиссерлерінің
көптеген фильмдері өлемдегі ірі фестивальдердің лауреаттары атанды. 1996
жылы Алматыда Тәуелсідік монументі жәнеАстанада Кенесары Қасымов, Абылай
хан, Төле би, Қазыбек би, Алматыда Ж.Жабаев ескерткіштері салтанатты түрде
ашылды.
2003-2005 жылдарда қазақ-американ кинематографистері (Голливуд,
Қазақфильм) Көшпенділер кинофильмін түсірді. Бұл маңызды алғашқы
халықаралық жоба еді.
Республикамыз төуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Ұлттық
олимпиадалық комитет құрылды. Қазакстан спортшылары ірі-ірі халықаралық
жарыстарда табысты өнер көрсетті. XI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан
қазақстандыктар жалпы командалык есепте 4-орын иеленді, 77 медаль (25
алтын) жеңіп алды. Дәулет Тұрлыханов, Сергей Филимонов, Наталья Торшина,
Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде
танытты. Қыскы олимпиада ойындарында көкшетаулық В.Смирнов, XXVI жазғы
олимпиада ойындарында Ю.Мель-ниченко (грек-рим күресі), А. Парыгин
(бессайыс), В. Жиров (бокс) чемпиондар атанды. XXVII Олимпиада ойындарында
(2000) Ольга Шишигина, Ермақан Ибрайымов, Бекзат Саттарханов чемпион болды.
2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 1-жаздық
спартакиада өткізілді, оған еліміздің 1 млн-нан астам тұрғындары қатысты.
XXVIII Олимпиада ойындарында (Афины) Бақтияр Артаев чемпион атанды": Ол
олимпиаданың үздік боксшысы деп танылып, ең үздік спортшы ретінде оған Вэл
Баркер кубогы табыс етілді. Штангашы С.Филимонов, боксшы Г.Головкин,
палуандар Г.Цурцумия мен Г.Лалиев күміс медальдарды иеленді.
Республикада ұлттық спорт түрлері: бәйге, жорға жарыс, тоғызқұмалак кең
тарады. Спорттың осы түрлері бойынша федерациялар құрылып, ресми түрде
жарыстар өткізіле бастады.
Футбол, волейбол, бильярд секілді спорт түрлерімен халық кеңінен
айналыса бастады. 2003 жылдан Қазақстан футболшылары Еуропа кубогы үшін
жарыстарға катысады, шағын футболдан жарыс тұрақты өткізіліп тұрады.
Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет пен спорттың дамуы барысында өмір
барынша қызғылықты және мәнді бола түсті. Қаржы жетіспеушілігіне
қарамастан, мәдениет пен өнер, спорт дамуға жаңа серпін алды. Ғылым мен
мәдениеттің дамуында жаңа бағыттар байқалды, өзге елдердің жетістіктері
жакын бола түсті. Мүмкін, ең үлкен кемістіктің бірі әкрандар мен газет
беттерін батыстың бұқаралық мәдениетінің басып кетуі, зорлык пен
қатігездікті насихаттаудың жасырын түрі болуы да шығар.

2. Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер.
Қазақстан егемендік алуымеп байланысты қазақ халқының рухани омірінде
мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен
мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі
партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Сондықтан өтпелі кезеңнің қиыншылығына қарамастан, егемендік алған
кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесіидс көптеген оң өзгерістер орып
алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың
жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-
күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық
кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, халыққа
білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткені айтылды. Бірыңғай
орта мектептердің орнына мектепте болашақ ұрпаққа білім беруде плюрализм
орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық
мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар
үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін
Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ
халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.
Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық
базасын нығайтуда, әсіресе 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға
тұрарлық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1996 жылы білім беру саласына
65 миллиард теңге, немесе мемлекеттік бюджеттің 23,4 пайызы, 1997 жылы 73,3
миллиард теңге, яғни мемлекеттік барлық бюджетгің 21,4 пайызы бөлінді.
Алайда, одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және
кейбір кезек күттірмейтін мәселелердің ше-шілуін желеу етіп, мемлекеттік
бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Тек 1999-2001 жылдары білім беру
саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлініп отырған. Мұның озі
білім беру саласындағы кейбір келеңсіздіктерге алып келді. Балабақшалардың
82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылып қалды.
Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында
келеңсіз жағдайлар қалыптасты. 20012002 оқу жылында республика бойынша
педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3,5 мыңнан
астам мұғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеді, мсктсптерден
жалақыны азсынып, 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кетті.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің дерсктері бойынша
20002001 оқу жылында елде жалпы білім беретіп мектептердің саны 8109
болған. Олардың 3545-і (44,2 %) қазақ, 2356-сы (29,4 %) орыс, 13-і ұйғыр,
81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин, ал 2008 мектеп аралас, қазақ-орыс тілдерінде
сабақ жүргізген. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе соңғы жылдары
республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы
олар барлық мектеп оқушыларының 54,4 пайызын қамтыған.
Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларын енгізуде де оң қадамдар оріс алды. 2001 жылы елде орта
білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды,
нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. "Ин-тернет мектепте"
бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат
желісіне қосылған.
Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық
деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлексттік жүйесін жетілдіру, оқу-
әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің
санын арттыру көзделді. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен
қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да
басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер
мен колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құрал-дарын әзірлеу
жайы да жан-жақты қарастырылды.
20032004 оқу жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны-
8260, онда 3026,2 мың оқушы білім алды. Мектептердің 3687 (44,6 %) қазақ
тілінде оқытатын, 2069 (26,1 %) қазақ және орыс тілдерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің айтулы жетістіктері
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар. Театр мен кино. Спорт
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Пәндер