Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің валюталық операциялары және олардың дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
Ибатаев Елдос Куандыкович
«Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің валюталық операциялары және олардың дамуы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық: 522530 - Қаржы
Астана 2007
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
С. Е. Керімқұловпен
қорғауға жіберілді
«___»2007ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің
валюталық операциялары және олардың дамуы»
Мамандық: 522530 - Қаржы
4 курс студенті: Ибатаев Е. К.
Ғылыми жетекші:
э. ғ. к., доцент Мерғалиев Б. Қ.
Астана 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7
1 Валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
1. 1 Валюта қатынастарының ұғымы . . . 8
1. 2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері . . . 11
1. 3 Валюта қатынастарын реттеу және валюталық операцияларды
құқықтық қамтамасыз ету . . . 171. 4 Валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекелдердің түрі . . . 28
2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ-ның валюталық
операциялар қызметін ұйымдастыру жолдары
2. 1 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының
жалпы сипаттамасы . . . 312. 2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ валюталық қатынастарды ұйымдастыру және оларды құқықтық қамтамасыз ету . . . 37
2. 3 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының валюталық операцияларының құрылымы мен динамикасын талдау . . . 39
3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
3. 1 Валюталық тәуекелдерді басқару жғне оларды сақтандыру әдістемесі . . . 44
3. 2 Коммерциялық банктердің валюта нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру . . . 51
3. 3 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ клиенттері үшін шетелдік валютада банк қызметтерінің даму перспективалары . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
Қосымша
КІРІСПЕ
Еліміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық", - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді. /1/
2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.
Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"
Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл - біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Президентіміздің өткен жылғы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: "Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді. /2/
Елдің сыртқы экономикалық қызметін қайта құру комерциялық банктердің жұмыстарында, олардың сыртқы және ішкі байланыстарының барлық қырларында тиісті өзгерістерді талап етеді. Халықаралық мәмілелерді жүзеге асырған кезде оған банктік қатысу түрі ретінде валюталық операциялар туралы мәселе тұрады. Халықаралық сауда және халықаралық масштабтағы ақшалар мен капитал қозғалысы шетел валютасындағы мәмілелердің негізі болып табылады.
Банктер шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасындағы шынайы делдалы болып табылады. Банктің валюта білімінің негізгі міндеті оның клиенттерін бір валютадағы активтер мен капиталдарды басқа валютаға конверттеу мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады. Банктер өз қызметтерін валюта рыногында валюта операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Валюта операциялары мерзімдеріне байланысты шетел валютасымен қолма-қол және шұғыл операциялар болып бөлінеді, шұғыл операцияларды конверсиялық, сақтандыру және алып-сатарлық деп бөлу де қабылданған, дегенмен мұндай бөлу шартты түрде ғана. Қолма-қол операцияларының ішінде «спот» (spot) операциясын, сондай-ақ банктер ағымдағы валюталық ұстанымдарды басқару үшін қолданатын «овернайт» (overnight), «туморроу нексті» ( tomorrow next ) және «дэй - то - дэй своп» ( day - to - day swap ) сияқты операциялары ерекшеленеді. Шұғыл операцияларға «форвард» (forward), «опцион» ( option ), «своп» (swap) жатады.
Халықаралық сауда коммерциялық операция жасаған кезде валюталық тәуекелден (валюта курсының өзгеру тәуекелінен) сақтандыру қажеттілігі туындайтындықтан шетел валютасымен шұғыл мәмілелердің пайда болуын және дамуын қажет етеді. Сондықтан «форвард», «опцион», «своп» сияқты валюта операциялары хеджирлеу (валюталық тәуекелден сақтандыру) мақсатында кеңінен пайдаланылады. Пайдаланылатын валюталық операциялардың түрлеріне байланысты шұғыл валюта мәмілесін жүргізу нәтижесінде валюталық тәуекелден сақтандыру құны мен оны жабу толықтығы ерекшеленеді. Тиесінше, сақтандыру құны мен тиімділігін есептеу, сондай-ақ валюталық тәуекелді жабуын бағалау қажеттілігі туындайды. Шұғыл мәмілелер алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін ыңғайлы құрал болып табылады, мұндай операциялар қандай да бір өтімді құралдардың болуын қажет етпейді, және шебер қолданылған жағдайда олар банкке елеулі пайда әкелуі мүмкін.
Алайда валюта рыногы капиталдарының рыногы, бағалы қағаздар рыногы мен тауарлар мен қызметтердің әлемдік рыноктары сияқты басқа да рыноктармен тығыз байланыста өмір сүреді және дамиды. Осылайша, валюта рыногының қатысушылары валюталық тәуекелге ғана емес, ішінде несиелік тәуекел және проценттік ставкасының өзгеруі тәуекелі немесе проценттік тәуекел сияқты басқа да тәуекел түрлеріне ұшырайды.
Бұл салада банк қызметі барлық әлемдік қаржы орталықтарында валюта бәсекелестігіне біркелкі диапазонда баға белгілеу үрдісінен құтыла алмайды. Егер қандай да сәтте бір қаржы орталығында нарықтық ставка орташадан тым қатты ауытқитын болса, тепе-теңдік әр жердегі баға айырмашылықтарынан пайда түсіру процесін білдіретін төрелік арқылы қалпына келтіріледі. Осылайша валюталық бизнес ақша жүйесінде аса маңызды реттеуші ретінде әрекет етеді.
Әдетте жалпы ұлттық маңызы бар ірі банктердің, сондай-ақ жергілікті бизнестің халықаралық есеп айырысу қызметтерін көрсететін жергілікті банктердің бір қатарының білікті дилерлер жұмыс істейтін валюта бөлімдері болады. Өз клиенттерінің нұсқаулықтарын ғана орындайтын және өзінің жеке шоты үшін бизнеспен айналыспайтын банктер валюта маманының қызметін қажет етпейді. Бұл жағдайда оның рөлі клиенттер мен басқа банктердің арасындағы делдалдыққа жғне клиенттің нұсқаулығын кәсіби деңгейде орындауға келетіндіктен оларға осы істе жалпы білімі бар қызметкері болса жеткілікті.
Халықаралық сауданың өсуімен және алпысыншы және жетпісінші жылдың басындағы капиталды көшіруді ырықтандыру шараларымен валюта бизнесі анағұрлым дамыды. Ставкалардың күрт флуктациялары кезінде бағамдардың еркін тербелісі жағдайларында шетел валютасымен мәміле жасау көлемі анағұрлым өсті, бірақ рынокта алып-сатарлықта шектен тыс қаптап кетті, ол жетпісінші жылдарда бірнеше банктің құрып кетуіне әкеп соқтырды. Сол уақыттан бастап қаржы органдарының бірқатар елдерге шектеу қоюының арқасында, сондай-ақ банк ішілік ережелердің қатаңдығын күшейту арқасында валютаның халықаралық саудасы анағұрлым реттелді. Алайда ол үшін халықаралық валюта жүйесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар талап етілді (бүгінде талап етілуде) .
Біздің елімізде валюта операцияларын және оның жүргізілу техникаларын үйренуге байланысты мәселелердің теориялық және практикалық маңызы зор. Бұл еліміздің сыртқы экономикалық қызметін одан әрі дамыту қажеттілігіне, теңгенің конверттелуіне, еліміздегі банктік жүйелердің күрт дамуына және валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензия алған және еліміздің ішінде құрылып жатқан валюта рыногын және халықаралық валюта рыногын игеруге алғаш қадам жасаған жаңа банктердің пайда болуына байланысты, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың барлық бағамдарына байланысты. Рынокта валюта операцияларын жүргізу техникасын білу банктерге және сыртқы сауда мәмілелеріне қатысушыларға валюталық тәуекелдерден сақтануға, шетел валютасының негізсіз шығынын болдырмауға, алып-сатарлық ойын мен бағамдар айырмашылықтарында қосымша пайда табуға мүмкіндік береді. Бұл барлығы Қазақстан Республикасының банктеріне халықаралық валюта рыногын игеруге көмек ретінде алынды.
Осы диплом жұмысының мақсаты валюта операцияларын талдау және олардың дамуы. Алға қойылған мақсатқа байланысты мынадай міндеттерді атап өту қажет:
- валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
- «Альфа-банк» ЕБ ААҚ валюталық операцияларын талдау 2004-2006 жж. үшін банктің қаржы крсеткіштерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
Осы диплом жұмысының зерттеу объектісі “Альфа-банк” ДБ ААҚ, оның валюталық операцияларды қаржылық-экономикалық талдауға құрылған қаржылық есептілігінің негізінде болатын.
1 ВАЛЮТА ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР: ҰҒЫМЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Бұл бөлімде валюта қатынастарының ұғымы, валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері, валюта қатынастарын реттеу жғне валюталық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету, валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекелдердің түрі қарастырылады.
1. 1 Валюта қатынастарының ұғымы
Валюта қатынастары - бұл экономикалық қатынастардың құрамдық элементі, демек, олардың дамуы соңғысының ерекшелігін ескеруі тиіс. Бұл дегеніміз, валюта қатынастарына қолданылатын экономикалық құбылыстар арасындағы елеулі себеп-салдарлық байланыстарды көрсететін экономикалық заңдардың қолданысы туралы айтуымыз қажет. Кез келген экономиканы, оның ішінде Қазақстан экономикасын қарастырған кезде валюта қатынастарын ақша айналымына, тауарлардың сұранысы мен ұсынысына байланыстыру қажет. Валюта қатынастарын дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау орынды. Мемлекет ол үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуі тиіс. Экономикалық, оның ішінде валюта қатынастары неғұрлым сәтті, тимді дамитын болса, соғұрлым экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатының деңгейі жоғары болады.
Валюта қатынастары - бұл валютаның халықаралық айналымда жұмыс істеуі кезінде туындайтын қатынастар.
Валюта қатынастарының қажеттілігі еңбектің халықаралық бөлінуімен, оның әлемдік сауда арқылы мамандандырылуымен және одан кейінгі кооперациясымен негізделген.
Мемлекеттің ішіндегі валюта қатынастарының субъектілеріне мыналарды жатқызу қабылданған:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі.
3. Уәкілетті банктер - банктер мен валюталық операцияларды жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алған өзге де кредиттік ұйымдар.
4. Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар.
5. Валюта биржалары.
6. Инвестициялық және зейнетақы қорлары.
7. Валюталық және брокерлік фирмалар.
8. Жеке тұлғалар.
Валюта қатынастарының объектісіне валютамен жасалған операциялар жатады.
Валюта қатынастары субъектілерінің санының көптігі олардың экономикалық мүдделерін есепке алу қажеттілігін негіздейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қазақстан Республикасының өкіметінің экономикалық мүдделері мемлекет мүддесіне бағынысты болуы тиіс, атап айтқанда экономикалық өсім мен жоғары өмірлік станддарттарға жету.
Алайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюта қатынастарының негізгі реттеуші рөлін атқарып келеді. Бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тұрақты сыртқы тепе-теңдікті қолдау, еліміздің алтын-валюта резервтерін және шетел валютасында номиналданған мемлекеттік борышты реттеу қажеттілігін негіздейді. Уәкілетті коммерциялық банктердің экономикалық мүдделері валюталық операцияларын жүргізуден түскен түсімді арттырумен байланысты. Уәкілетті коммерциялық банктер өздері қызмет көрсететін экспорттық-импорттық операциялардан, айырбас орындарынан және әр түрлі басқа валюта операцияларынан түскен кірісті алады. Сайып келгенде, коммерциялық банктер сыртқы сауда операциялары көлемінің ұлғаюына мүдделі болады.
Ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы коммерциялық банктің валюта бөлімінің пайдасын арттырады, алайда банктің қалған бөлімдерінің жұмыстарына жағымсыз ықпал етеді. Коммерциялық банктер тұрақты үдемелі дамып келе жатқан экономикаға ынталы.
Валюта қатынастары халықаралық тауарлармен сауда жасаумен және капитал қозғалыстарымен байланысты. Валюта рыноктарында бір жағынан ішкі субъектілердің мүдделері, екінші жағынан олардың сыртқы әріптестерінің мүдделерімен қақтығысады. Валюта қатынастарының сыртқы субъектілеріне:
- Шетел мемлекеттерінің үкіметтері ;
- Халықаралық валюталық-қаржы ұйымдары (ХВҚ, Әлемдік банк) ;
- Шетелдік зады және жеке тұлғалар жатады.
Валюта қатынастарының сыртқы субъектілерінің өздерінің жеке мүдделері бар: экономикалық, саяси және т. б. Валюта қатынастарының арқылы субъектілерінің экономикалық күресі туындайды. Мемлекет экономикалық өсуге жеткізуге бағытталған әрекетті қолдай отырып, елдің көпшілік тұрғындарының мүддесін қорғауы тиіс. Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ұлттық банкі валюта қатынастарын дамытуға көмектесетін осындай валюталық жүйенің қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс.
Валюталық жүйе - валюта қатынастары ұйымдасқан нысан.
Валюталық жүйе экономика жүйесінің түрімен тікелей байланысты. Валюталық жүйе валюта қатынастарының дамуына көмектесуі тиіс. Осы оның негізгі мақсаты болып табылады.
Валюталық жүйе өндіріске қатысты екінші болып табылады, бірақ ол сонымен қатар салыстырмалы дербестікке ие және оған кері ықпал көрсетеді.
Ұлттық, аймақтық және әлемдік валюталық жүйелері ерекшеленеді. Ұлттық валюталық жүйе бір жағынан, ұлттық ақша жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, басқа жағынан, ол басқа ұлттық валюталық жүйелермен өзара әрекетте болады.
Ұлттық валюталық жүйеге мыналарды жатқызады:
- Валюта қатынастарының субъектілері - валюта қатынастарының қатысушылары;
- Валюта қатынастарының объектісі - валюта және валюталық операциялар;
- Валюта қатынастары - халықаралық айналымда валюталардың жұмыс істеуі кезінде туындайтын қатынастар;
- Валютамен операциялар жүргізілуін талқылайтын институттар - валюталық рыноктар мен алтын рыноктары;
- Ұлттық реттеуші органдар - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының өкіметі;
- Ұлттық валюта бағамының режимі: тіркелген валюта бағамының режимі, шектеулі-солқылдақ валюта бағамының режимі, қалқымалы валюта бағамының режимі.
- Валюталық шектеулер мен бақылаудың болуы немесе жоқтығы - ұлттық валютаның конверттелуінің шарттары.
- Елдің халықаралық есеп-қисаптарының регламентациясы - сол немесе басқа халықаралық есептерді заңнамалық бекіту.
Елдің халықаралық өтімділігін, яғни жеке бір елдің өз міндеттемелерін уақтылы өтеу қабілеттілігін реттеу; елдің ресми алтын-валюталық резервтері, ҰВҚ-да елдің резервтік ұстанымы (мүше елдің оның квотасынан 25% шегінде шетел валютасында автоматты түрде несие алуға құқығы) және елдің халықаралық валютадағы шоты халықаралық валютаның өтімділік компоненттері болып табылады.
Аймақтық валюталық жүйе аймақтық жұйелердің кіші жүйелері ретінде көрінетін ұлттық жүйелер қатарының тұтас бірлігінің жиынтығын білдіреді. Аймақтық валюталық жүйенің қалыптасып келе жатқан айқын үлгісі ретінде Европалық валюта жүйесін айтуға болады. Ұлттық және аймақтық валюталық жүйелердің байланысы мен айырмашылықтары олардың элементтерінде көрінеді.
Аймақтық валюталық жүйе ұлттық валюталық жүйеге қарағанда анағұрлым тұрақты болып келеді. Валюта қатынастарын зерттеу белгілі бір тұжырымға келуге мүмкіндік береді:
- Валюта қатынастары - бұл экономикалық қатынастардың құрамдық элементі.
- Валюта қатынастарының ерекшелігі - олар халықаралық айналымда валюталардың жұмыс істеуі кезінде туындайды.
- Мемлекет валюта қатынастарын дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы тиіс.
- Валюта қатынастарын дамыту қажеттілігі халықаралық еңбек бөлісімен, оның әлемдік сауда арқылы мамандандырылуы мен кейінгі кооперациялануымен негізделген.
- ҚР өкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі міндеті валюта қатынастарының субъектілерінің әр түрлі бағыттағы экономикалық мүдделерін келісу болып табылады.
- Ұлттық валюталық жүйе валюта қатынастарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
- Аймақтық валюталық жүйе ұлттық валюталық жүйеге қарағанда анағұрлым тұрақты, сыртқы факторларға тәуелділік азырақ, ал тұрақтылығы жоғарырақ.
- Халықаралық валюталық жүйе қатаң мағынада қазір жоқ.
- Әлемде валюта қатынастарының дамуы толассыз жүруде. Дүниежүзілік қауымдастық неғұрлым оңтайлы әлемдік валюталық жүйені үздіксіз іздеу үстінде.
Ұзақ мерзімді макроэканомикалық бағдарламаға сәйкес валюта қатынастарының даму стратегиясы мынадай мақсаттардың арасындағы дұрыс теңгермесін табу болуға тиіс: алдын ала болжанатындығын қамтамасыз етеін инфляцияның тұрақты төмендету, экономикалық белсенділікті арттыру, өсудің алғышарттарын жасау; айырбас бағамының қалқымалы және алдын ала болжанатын үдемелілігімен қамтамасыз ету, төмен айырбас бағамының есебінен тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу, сыртқы теріс шоктарға қарсы әрекет ету үшін валюталық резервтерді жинау; шынайы проценттік ставкаларды төмендету, ол қаражаттардың жиналуы мен инветициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға себеп болады.
1. 2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері
Валюталық реттеу саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттар қазақстандық заңды тұлғалар (резиденттер) мен шетел фирмаларының (резидент еместердің), сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағындағы қазақстандық кәсіпорындардың арасында шетел валютасында операциялардың жасалу ережелерін белгілейді, сыртқы экономикалық қызметті бақылау нысандары мен әдістерін, сондай-ақ валюта заңнамаларын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын айқындайды.
“Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кез келген валюталық құндылықтармен жасалған операциялар валюталық болып табылатындығын ескеру керек, атап айтқанда:
- меншік құқықтарының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға көшуіне байланысты операциялар, оның ішінде төлем қаражаты ретінде шетел валютасы және шетел валютасындағы төлем құжаттары пайдаланылған операциялар;
- кез келген тәсілмен валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;
- халықаралық ақша аударуларды жүзеге асыру.
“Валюталық операциялар” ұғымының мәні мен мазмұнын ашу үшін осы тақырыптың негігі дәйекті терминдеріне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл - шетел валютасы .
Шетел валютасына:
- айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алып қойылған немесе алынатын, бірақ ақша белгілеріне айырбасталуы тиіс банкнот түріндегі ақша белгілері, қазынашылық билеттері, монеталар;
- ақша немесе есеп айырысу бірліктердегі шоттардағы қаражаттар жатады. . Валюталық құндылықтарға жататындар:
- Шетел валютасы;
- шетел валютасындағы құнды қағаздар - төлем құжаттары (чектер, векселдер, аккредетивтер және т. б. ), қорлық құндылықтар (акциялар, облигациялар) және шетел валютасындағы басқа да борыштық бағалы міндеттемелер;
- бағалы металдар - зергерлік және басқа да тұрмыстық бұйымдарды қоспағанда, қандай түрде және күйде болсын алтын, күміс, платина және платина тобына жататын металдар;
- Табиғи бағалы тастар [1] .
Валюта - бұл айналыстағы, сондай-ақ айналыстан алып тасталған және алып қойылатын, бірақ айырбасталуға жататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноты түріндегі теңге және монета;
- Қазақстан Республикасының банктеріндегі және өзге де кредиттік мекемелердегі шоттардағы теңгедегі қаражаттар;
- Қазақстан Республикасының өкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел мемлекетінің тиісті органымен жасасқан сол мемелекеттің аумағында Қазақстан Республикасының валютасын заңды төлем қаражаты ретінде пайдалану туралы келісімнің, келісім-шарттың негізінде Қазақстан Республикасынан тыс банктердегі және өзге де кредиттік мекемелердегі шоттардағы теңгедегі қаражаттар; Қазақстан Республикасының валютасындағы құнды қағаздар - төлем құжаттары (чектер, векселдер және т. б. ), қорлық құндылықтар (акциялар, облигациялар) және басқа да теңгедегі борыштық міндеттемелер [2] .
“Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шетел валютасымен және шетел валютасындағы құнды қағаздармен операциялар ағымдағы валюталық операциялар және капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар болып бөлінеді.
Ағымдағы валюталық операцияларға мыналар жатады:
- тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспорты мен импорты бойынша төлемдердің мерзімін өткізбей есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ 180 күннен аспайтын мерзiмге экспорттық-импорттық несиелеумен байланысты есеп-қисапты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына және одан шетел валютасындағы ақша аударымдары;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz