1941-45 жылдардағы қанды майдан



1. Кіріспе
2. Өзегіміз талып жүріп, өзгені жарылқадық
3. Республиканың еңбек және материалдық ресурстарын майдан мұқтажына жұмылдыру
4. Теміржол транспорты
5. Колхоз шаруаларының еңбектегі ерлігі
6. Майдан мен тылдың бірлігі. Елдің қорғанысына қаражат жинау
7. Республиканың халық шаруашылығы соғыстың соңғы кезеңінде(1944.1945). Өнеркәсіптегі табыстар
8. Азат етілген аудандарға көмек
9. Қорытынды
10.Қолданған әдебиеттері
1941-45 жылдардағы қанды майдан...Ол Қазақстан жерінен қашық болса да бізге соншалық жақын болды. Украина,Белоруссия республикаларында, Фин-Балтық жағалауында қанды майдан жүріп жатқанда Қазақстанның әрбір облысында, қаласында, өндіріс орындары мен ауылшаруашылығында, ауылы мен қыстауында, бригада, звено, цехтарында тылдағы майдан жүріп жатты. Себебі коммунистік жүйе мен фашистік тәртіптің өзара текетірес соғысы басталған күннен бастап Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның Орталық Комитеті, Қорғаныс комитеті алдын-ала жасалған жоспар жасап, Қазақстанды бірден майдан арсеналына айналдырып жіберді. Өйткені, олар Қазақстанның жерінің кеңдігін, табиғи ресурстары мол екенін ескерді. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК(б)П Орталық Комитетінің 1941 жылғы 16 тамыздағы қаулысы бойынша республиканың барлық шаруашылығы, өндіріс, құрылыс орындары мен экономикасы соғыс мүддесіне бағындырылды.
1. Т.Балақаев, Қ.Алдажұманов. “Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде”, ІІ тарау (60-165 бет). Қазақ ССР-інің “Ғылым” баспасы. Алматы 1985 жыл
2. “Ана тілі” газеті, 8-ші номері(8-9 бет), ақпанның 24-і, 2005 жыл.
3. “Тағзым” газеті, 2-ші номері(2 бет), 5 мамыр, 2002 жыл.. К.С.Әбжанов,
доцент, тарих ғылымдарының кандидаты.
4. Ә.Бектемісов “Жау жағадан алғанда”, ІІ-тарау, І-бөлім. Алматы-1997.
5. Д.Жамбылов. “Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс”, ІІІ-тарау, ІІ-бөлім (1940-1980 жыдардағы Қазақстан ), 126-130 беттер. Алматы “Жеті Жарғы” 2001 жыл.
6. Ә.Әбдікімұлы. “Қазақстан тарихы”, 16-шы бөлім, 212-227 беттер.
7. “Қазақ ССР тарихы”, V-том, ІІІ-ші, ІV-ші тарау, 112-227 беттер. Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институты.
8. Бас редакциялық коллегия: С.Б.Бәйішев, С.Б.Бейсембаев, Г.Ф.Дахшлейгер (бас редактордың орынбасары), І.К.Кеңесбаев, Ә.Х.Марғұлан, Ғ.М.Мүсірепов, А.Н.Мүсіпбеков (бас редактор), Б.С.Сүлейменов, Б.А.Төлепов

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Өзегіміз талып жүріп, өзгені жарылқадық
3. Республиканың еңбек және материалдық ресурстарын майдан
мұқтажына жұмылдыру
4. Теміржол транспорты
5. Колхоз шаруаларының еңбектегі ерлігі
6. Майдан мен тылдың бірлігі. Елдің қорғанысына қаражат жинау
7. Республиканың халық шаруашылығы соғыстың соңғы кезеңінде(1944-1945).
Өнеркәсіптегі табыстар
8. Азат етілген аудандарға көмек
9. Қорытынды
10.Қолданған әдебиеттері

Кіріспе
1941-45 жылдардағы қанды майдан...Ол Қазақстан жерінен қашық болса да
бізге соншалық жақын болды. Украина,Белоруссия республикаларында, Фин-
Балтық жағалауында қанды майдан жүріп жатқанда Қазақстанның әрбір
облысында, қаласында, өндіріс орындары мен ауылшаруашылығында, ауылы мен
қыстауында, бригада, звено, цехтарында тылдағы майдан жүріп жатты. Себебі
коммунистік жүйе мен фашистік тәртіптің өзара текетірес соғысы басталған
күннен бастап Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның Орталық Комитеті,
Қорғаныс комитеті алдын-ала жасалған жоспар жасап, Қазақстанды бірден
майдан арсеналына айналдырып жіберді. Өйткені, олар Қазақстанның жерінің
кеңдігін, табиғи ресурстары мол екенін ескерді. КСРО Халық Комиссарлары
Кеңесі мен БК(б)П Орталық Комитетінің 1941 жылғы 16 тамыздағы қаулысы
бойынша республиканың барлық шаруашылығы, өндіріс, құрылыс орындары мен
экономикасы соғыс мүддесіне бағындырылды.
2. Өзегіміз талып жүріп, өзгені жарылқадық
Халқымыз ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы аштық нәубетінің, байларды тап
ретінде жоюдың, қуғын-сүргін қасіретінен болған жарасынан толық жазылмаса
да, Коммунистік идеологияның күшімен майданға қажетті қару-жарақ, оқ-дәрі
даярлады, азық-түлік өндірді. Соғыс мүддесі үшін ақшалай, заттай көмек
көрсетті. Ең соңғы қимас заттарын – алтын, күмістен, қымбат металдар мен
асыл тастардан істелген әшекей бұйымдарына дейін Қорғаныс қорына тапсырды.
1941-1945 соғыс жылдары арасында республика еңбекшілерінен майдан қажетіне
қомақты сома – төрт миллиард 700 мың сом ақша жиналған, соғыс жылдарында
шығарылған үш миллиард 184 миллион 395000 сомның заемдарын еріксіз сатып
алып, Қорғаныс қорын молайтқан. Бұл – халықтың табан ет, маңдай терімен
өнген 8 миллиард сом деген қомақты қаржы. Ол заманда аз қаржы емес. Бұл
жерде “еріксіз” сөзін босқа қолданып отырған жоқпын. Сол кездегі осндай
келеңсіздіктерді көзімен көргендер бүгін де бар. Мысалы, мен танк
колонналары мен авиация эскадрилияларын жасау қорына ұжымдағы бастауыш
комсомол ұйымының хатшысы ретінде ақша жинаушының бірі болдым. Заемдарды
сатып аларлық қаржы таппағандарға еңбеккүн есебінен ұстауға ведомстволарға
қолдарын қойғызған есеп қызметкерінің куәгері ретінде қатыстым. Бұл бір
ғана ауылдағы жағдай емес, республика көлемінде қолданылған ақша өндірудің
бірден-бір тәсілі болған әрекет. Міне, осындай тәсілмен жиналған ақша, жылы
киім, азық-түліктерді майдандағы жауынгерлердің жаңа жылы мен Қызыл
әскердің туған күніне , 1 мамыр, Қазан төңкерісі секілді мерекелеріне вагон-
вагон сыйлықтар жіберуді дағдылы іске айналдырды. Бұл жөнінде деректер
мұрағат құжаттарында жеткілікті. Соның бір дерегі ретінде соғыс жылдары
майдандағы жауынгерлерге 3 миллион дана жылы киім, 1600 вагон сыйлық
жіберілгендігін айтсам да жеткілікті болар.
Соғыс жылдарында Қорғаныс қорына, майдангерлерге жіберілетін
жоғарыда айтылғандай сыйлықтар, жылы киімдер, азық-түліктер,
майдангерлердің отбасына, Қазақстанға көшірілген халықтарға көрсетілетін
жәрдемдер есебі адам жаңылдыратын есепсіз көп салықтардан тыс жиналды.
Ол да оңайлықпен жиналған жоқ. Ұраншылдықпен, күшпен жүзеге
асырылды. Көзі тірі куәлердің айтуынша, мысалы, 1941-1945 соғыс жылдарында
әр отбасы үйінде тышқақ лағы жоқ болса да 50 келі ет, 3 келі сарымай,
тауығы жоқ болса да 30 жұмыртқа тауып беруге міндетті болды. Олар
табылмаған күнде орнын ақшамен өтеуге тиіссің. Ол кезде ақша табу
қасқалдақтың қанын табумен бірдей еді. Тапқан азық-түлігіңді, мүлкіңді
салық үшін сата қоятын жақын жерде базар да жоқ. Салықтан құтылмаса ол
жерде тұруға қақысы жоқтығына көзі жеткендер өтетін нәрселерін арқалап, 100-
200 шақырым жердегі базарға жаяу шұбыратын. Не қалт-құлт етіп отырған
еңбекші отбасы бала-шағасының аузынан жырып астығын, асқатығын беріп
құтылады.Ауылшаруашылығында еңбек еткен әйелдер құл орнында жүрді.
Шаруаның тозағы мұнымен де бітпейді. Олардың әрқайсысы екі пұт
тұқымды арамшөп дәндерінен, күрішті күрмегінен тазартып беруге міндетті.Ол
да бір өзінше ауыр жұмыс. Қойма меңгерушісі таза тұқымнан айыған арам шөп
дәндері мен күрмегін өлшеп, кемін мойнына жазады.Кейін еңбекақыңнан ұстап
қалады. Міне, осындай сан-сапалық жұмыстың арасында жүріп әйелдер
майдандағы жауынгерлерге көйлек, орамал, кеудеше, тон тігіп, шұлық тоқып
беру тапсырмасын сөзсіз орындауы керек.Ол үшін дайын жүн таппағандар ескі
көрпелерін сөгіп, оны түтіп, иіріп, белгіленген күні комиссияға тапсырады.
Ол орындалмаса майданға қарсылық жасаған жан болып шыға келеді.
Өзі талып жүріп, өзгені жарылқады.
Әділдігін айтқанда, бұл кезде Қазақстан еңбекшілері, әсіресе,
қазақтар өздері ішер асқа, киер киімге жарымады. Тіпті ауылдарда қауақтан
қасық, ожау, тостаған, жыңғыл тамырынан қасық жасап күн көрді.
Маңғыстаулықтар балшықтан сабын жасап пайдаланды. Қазақстанның көптеген
жерлерінде жыңғыл, қоян сүйек, жиде, тал, т.б. ағаштардың тамыры мен
қабығын қайнатып бояу алып көндерін бояп, аяқ киім жасап киді. Бірақ,
жатжұртқа, майданға бар тәуірімізді бердік.
Жасыратын несі бар, мұндай қайырымдылық Қызыл империяның Қысымымен
істелді. Өйткені, осындай қамқорлық жасалып жатқан кезде Қазақстанның
бірқатар облыстарында 1932 жылғыдай адам жеу фактілері болмағанымен, өзегі
талып өлмес үшін қоғаның түбіртегі мен қамыстың борығына дейін жеп
күнелткен жандар болды. Өзімізді өзекке теуіп, өзгені жарылқаудың
салдарынан еңбекке жарамсыз қарттар мен әйелдер, балалар қайыршылық етті.
Бір уыс бидай алғаны үшін ұры атанып, халық жауы болғандар қаншама?! Амал
не, бұл келеңсіздіктер күні бүгінге дейін темір қақпақпен жабылып,
кілттеулі жатыр.
Қазақстан еңбекшілерінің, әсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау
облыстары еңбекшілерінің соғыс жүріп жатқан аудандардан кезінде айдалып
келген малдарды екі жылдан астам уақыт бағып, күтіп, өсімімен 1943 жылы 5
қыркүйекте өздеріне кері қайтарып бергенін айтпасқа болмайды. Себебі, бұл
да қамқорлықтың, қайырымдылықтың, кең пейіл, адал жүректің бір белгісі
екендігіне ешкім дау айта қоймас. Өйткені, бұл бір-екі бас мал емес, 82000
бас мал. Оның ішінде 18000 бас мүйізді ірі қара, 49300 бас қой, көптеген
түйе мен жылқы бар. Бұл малдардан Ростов облысына 20000, Сталинград
облысына 21000, Қалмақ АКСР-на 32800 бас мал айдалды. Қазақстандықтар- дың
өзегі талып жүріп жасаған жомарт жүрегінің жылуы мұнымен де шектелмейді.
1941-1945 соғыс жылдарында да мұндай азапты жұмыстарды тылдағы майдан
ерлері – қарттар мен әйелдер, кәмелетке толмаған жастар істеді. Олар
өлмешінің күнін көрсе де, ерлікпен еңбек етті. Майдандағы жауынгерлерді
соғыс техникалары мен азық-түлікпен, жылы киіммен қамтамасыз етті.
3. Республиканың еңбек және материалдық ресурстарын майдан мұқтажына
жұмылдыру
Жұмысшы табы: Қарағандының шахтерлері, Балқаш металлургтері,
Жезқазғанның мыс қорытушылары, Шымкенттің қорғасыншылары, Ембі мұнайшылары,
Түркістан-Сібір және Қарағанды темір жолдарыныңтеміржолшылары жоғары
патриотизм мен ұйымшылдық көрсете отырып, тыл еңбеккерлерінің күрделі
әскери-шаруашылық міндеттерді шешкен кезде алдыңғы сапында болды.
Соғыс жағдайына сай жұмыс істей отырып республиканың металлургтері
1941 жылғы июльде айлық тапсырмаларын асыра орындады. Ертіс мыс
балқытушылары “өздерін қорғаныс жұмысына мобилизацияланған” деп жариялады.
Қаншама күш –жігер жұмсау керек болса да,-деп жазды олар,-біз елімізге және
Қызыл Армияға фашистік басқыншылардың желкесін үзуге қанша керек болса,
сонша металл береміз”.
Соғыс жағдайындағы еңбек вахтасында тұрғанЛениногорск руднигінің
бұрғылаушысы коммунист Г.Хайдин 1941 жылғы 19 қыркүйекте сменалық
тапсырмасын 1230 процент орындады. Онымен жарысқа түскен кенші Н.Добродеев
25 қыркүйекте оның рекордынан асып түті. Республиканың жүздеген алдыңғы
қатарлы кеншілері олардан үлгі алды. Олар жан аямай еңбек етті.
Майдан маңдай алды ұрыс техникасын, оқ-дәрі мен азық-түлікті ғана
емес, сонымен бірге киім-кешекті, жабдықты талап етті. Сан миллиондық
совет армиясын киіндіру, оны киім-кешекпен, жабдықпен қамтамасыз ету соғыс
жағдайында оңай шаруа болған жоқ. Республикалық жеңіл және тоқыма
өнеркәсібінің қызметкерлері де соғыс заказын орындау үшін өз жұмысын қайта
құрды. Өнеркәсіптің бұл салалардың бұрыннан бар кәсіпорындары да, сондай-ақ
жаңадан келгендері де ең алдымен шинель, гимнастерка, пима, аяқкиім,
жылы сырт киім т.б шығаруға көшті. 1941 жылдың екінші жарты жылдығында
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп орындары 116 мыңдай шинель, 329 мың
гимнастерка, 322,5 мың жазғы шалбар, 160,6 мың жылы сырт киім, 170 мың пима
және т.б. шығарды. Көптеген кәсіпорындар соғыс жағдайына сай жұмыс істеп,
өнім шығару жоспарын асыра орындады. Жергілікті өнеркәсіп халық
комиссариатының жоспардан тыс өндірген өнімінің құны ғана 30 миллион сомнан
асты.
Қазақстанның теміржолшылары да аса зор жұмыс атқарды. 1941-1942 жылдары
теміржол бойымен Қазақстанға бір миллионға жуық эвакуацияланған халық,
өнеркәсіп орындары жабдықтарының аса зор көлемі көшіріліп әкелінді.
Теміржол транспорты майданды не қажеттің бәрімен жабдықтап қоймай, сонымен
бірге қорғаныс заводтарына қажетті стратегиялық шикізат жеткізіп отырды.
Поездардың жүрісі айрықша әскери графикке көшірілді.
Қарағанды-Магнитогорск теміржолының жүк өткізу қабілетін арттыру
үшін Ақмола-Қарталы линиясы қатарға қосылды.Түркістан-сібір жолының

1941 жылғы 29 желтоқсанда СССР қатынас жолдары халық комиссариатына
жолдаған мына телеграммасы Қазакстан теміржолшыларының іркілсіз жұмысын
сипаттайды: “Түрксіб жылдық жоспары 251 850 вагон болған жағдайда 28
желтоқсанда 254 623 вагон тиеді. Жылдық жоспар мерзімнен бұрын орындалды.
Жылдық жоспардан тыс 8200 вагон құрылыс жүгі тиелді.”
Соғысқа дейінгі уақытта республикада кең өріс алған жақсы-жайлы
жолдар салу жолындағы халықтық қозғалыс соғыс жылдарында да жалғаса
берді.1942 жылы Алматы облысының сегіз ауданы колхозшыларының инициативасы
бойынша ұзындығы 76 километр Лепсі станциясы - Андреевка жолының құрылысы
жеделдетілген әдіспен басталды. Егін орағы жұмыстары басталуы қарсаңында
71,5 километр жол төселді. Жамбыл облысы колхозшыларының күшімен 134,3
километр жол төселді. Ағадыр- Ақшатау, Састөбе-Келтемашат жолдары қатарға
қосылды.
Жұрт қажып-шаршау дегенді білмей еңбек етті. 1941 жылғы егін орағы
егіншілер үшін ғана емес, сонымен бірге тылдың барлық еңбеккерлері үшін де
ауыр сын болды. Астық жолындағы күрес күндіз-түні бір толастаған емес.
1941 жылы республика бойынша негізінен алғанда колхоздар есебінен
100 271,1 мың пұт астық дайындалып, Отан қоймасына құйылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Созақ, Шаян және Түркістан
аудандарының мақташылары шитті мақта өткізу жоспарын 23-57 процент асыра
орындады. Арыс ауданындағы “полезный труд” колхозы 440 гектар
жердің әр гектарынан 31,5 центнердан мақта жинады.1941 жылы Қазақстанда
мақта егу тарихында тұңғыш рет егіннен мол өнім алынды. Республикада мақта
дайындаудың жылдық жоспары 111,8 процент орыдалды.
Қазақстанның егінжай еңбеккерлері 1941 жылы сондай-ақ мемлекетке
қант қызылшасы мен темекі өткізуде де ерекше көзге түсті. Қант қызылшасының
жалпы түсімі 4433,9 мың центнер болды, ал 1940 жылы 3846
мың центнер болған еді. Темекі өткізу жоспары асыра орындалды.
4. Теміржол транспорты
Қазақстанның теміржол транспорты майдан мен тыл қажеттерін
қамтамасыз етуде маңызды роль атқарды. Совет-герман майданында әскери-
стратегиялық жағдайдың өзгеруімен байланысты қорғаныс және халық
шаруашылығы жүктерінің тасымалдану бағыты да өзгерді. Қазақстанға
эвакуацияланған кәсіпорындар мен жаңа өнеркәсіп объектілерінің пайдалануға
берілуіне орай жүк тоғысатын жаңа тораптар мен темір жол линиялары пайда
болды.
Өндіргіш күштерді орналастырумен жүк тасқынының өзгеруіне орай
жолдардың өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмыс жүргізілді, екінші
жолдар, қосымша разъездер, станция жолдары, жөндеу-өндірістік базалары
салынды. Республика теміржол транспортының материалдық-техникалық базасы
анағұрлым нығайды.
Коммуникациялардың өткізу қабілетін барынша арттыра отырып,
Қазақстанның теміржолшылары, жоғарыда атап көрсетілгендей, сонымен бір
мезгілде жаңа линиялар төседі. Теміржол линияларының ұзақтығы 1940
жылғы 6581 километрден соғыстың аяғына таман 8,2 мың километрге дейін
артты. Теміржолшылар республиканың болат магистралі бойымен жүктерді
толассыз тасымалдауды қамтамасыз етті. Руда мен мұнай өнімдерін жеткізу
төрт есе, көмір мен қара металл жеткізу екі есе өсті.
Совет территориясын окупанттардан азат етудің барысында Қазақстанның
мыңдаған теміржолшылары РСФСР-дің батыс облыстары мен Украинаның
теміржолдарын қалпына келтіруге қатысты.
Транспортта отынға жеке локомативтерді жөндеуге арналған қаржыларды
үнемдеу жолындағы күрес өріс алды. Түркістан – Сібір жолында локомативтерді
күтіп ұстаудың озық әдістерін қолдану 1944 жылы төрт мың тоннадан астам
отын мен локомативтерді жөндеуде 210 мың сом ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-45 жылдардағы қанды майдан туралы
9 мамыр
Кешегі немесе бүгінгі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізу
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті туралы еңбектері мен сын мақалалары
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Қазақстан соғыс жылдарында
Пәндер