Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясының динамикасы мен себептері және оның елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:
АННОТАЦИЯ
Жұмыстың жалпы сипаты. Магистрлік диссертация Қазақстандағы еңбек миграциясын және оны бақылау мен реттеудің маңыздылығына, сонымен қатар, оның еңбек нарығын қалыптастырудағы рөлі мен еңбек мигранттарының қоғамға тигізетін тиімділігі мен кері әсерін зерттеуге арналған.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні.
Зерттеу жұмысының объектісі ретінде елдегі еңбек миграциясының сипаты мен бағыты, пәні - оған әсер етіп отырған саяси, әлеуметтік-экономикалық факторлар және еңбек миграциясының еңбек нарығын қалыптастырудағы рөлі олардың әлеуметтік жағдайы қарастырылып отыр.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы еңбек мен себептерін анықтаужәне оның елдің әлеуметтік-экономикалықжағдайына әсерін әлеуметтанулық тұрғыдан талдау мақсаты қойылды.
Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін мынандай міндеттер атқарылуы қажет:
- еңбек миграциясының себептерін анықтау;
- еңбек миграциясының еліміздің ішкі және сыртқы саясатына әсерін анықтау;
- миграция деңгейін зерттеу және бағалау;
- қазіргі жүргізілген зерттеу қорытындыларына салыстырмалы түрде сараптама жүргізу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары. Ғылыми жұмыста еңбек миграциясы процесінің сипаты мен бағыты, оған әсер етіп отырған факторлар, миграцияның елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсерімәселесі жан-жақты социологиялық тұрғыдан талданып, зерттеу жұмысы бойынша төмендегі негізгі жаңалықтар ұсынылады:
- жалпы еңбек миграциясына ықпал ететін себептерін анықталды;
- еңбек миграциясының еліміздің ішкі және сыртқы саясатына әсері анықталды (жағымды және жағымсыз) ;
- еңбек миграциясының қазіргі кездегі деңгейі зерттелді және бағаланды;
- ғылыми жұмыс барысында жүргізілген зерттеу қорытындыларына бұрынғы жүргізілген зерттеу нәтижелерімен салыстырмалы түрде сараптама жасалып, жаңа қорытындылар дәлелденді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, (әрбір тарау тараушаларға бөлінген), қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Жалпы көлемі 89 бет құралған
АННОТАЦИЯ
Актуальность темы исследования. В магистерской диссертации рассматривается трудовая миграция в РК и значимость ее регулирования и контроля, а также ее роль в формировании рынка труда, позитивное и негативное влияние трудовых мигрантов на структуру казахстанского общества.
Объект и предмет исследования. Объектом исследования является характер и направление трудовых мигрантов в стране, а также влияния политических, социально-экономических факторов и ее роль в формировании рынка труда.
Предметом исследования выступают специфические особенности миграционной политики, осуществляемой РК, а также закономерности формирования миграционной политики страны, направленной на социальную стабилизацию общества и создание предпосылок для его устойчивого развития.
Цель и задачи исследования. Целью исследования является динамика и определение причины трудовой миграции в РК и социологический анализ влияния на социально-экономическое состояние общества.
Для достижения данной цели установлены следующие задачи:
-рассмотреть теоретико-методологические особенности миграционной политики и определить причины трудовой миграции;
- охарактеризовать влияние трудовой миграции на внутреннею и внешнею политику государства иособенности формирования и развития миграционной политики;
- описать структуру современных миграционных потоков и их место в структуре казахстанского общества;
- на основе эмпирических данных проделать сравнительный анализ.
Научная новизна исследования. В магистерской диссертации проделан факторный анализ миграционных процессов и влияния на социально-экономическое состояние общества. Научная новизнаработы определяется следующими основными моментами:
- проделан теоретико-методологический анализ миграционной политики;
- определены направления влияния различных групп мигрантов на социально-экономические процессы казахстанского общества;
- выявлены внутренние и внешние условия, способствующие и препятствующие трудовой миграции в современном обществе;
- на основе социологических методов исследования, эмпирических данных реализован комплексный подход к анализу трудовой миграции, проделан сравнительный анализ;
Структура работы. Представленная состоит из введения, двух глав, объединяющих три параграфа, заключения, списка использованной литературы и приложений. Общийобъем - 89 страниц
The ANNOTATION
The relevance of the research theme. The thesis deals with the labour migration in the Republic of Kazakhstan and the significance of its regulation and supervision, as well as its role in the formation of the labour market, the positive and the negative effects of labour migrants to the structure of the Kazakhstan society.
The object and purpose of the study. The object of study is the nature and direction of the labour migrants in the country, as well as the influence of political, socio-economic factors and its role in the formation of the labour market.
Under study are special characteristics of the migration policy of the Republic of Kazakhstan, as well as the rales of migration policy, the social stabilization of society and creating conditions for sustainable development.
The goal and objectives of the study.
To achieve this goal, the following objectives: to examine theoretical and methodological features of migration policies and determine the causes of migration;
-describe the impact of labour migration on a core and vnešneû policies of the State and characteristics of formation and development of migration policies;
-describe the structure of current flows of migrants and of their place in the structure of the Kazakhstan society;
-on the basis of empirical data do comparative analysis.
Scientific newness of the research. The master thesis done by factor analysis of migration and its impact on the socio-economic condition of society.
Scientific novelty of work is determined by the following main points:-carried out a theoretical-methodological analysis of migration policies;
-the way the impact of different groups of migrants to the social and economic developments of the Kazakhstani society;
-on the basis of sociological research methods, empirical data implemented an integrated approach to the analysis of the labour migration, carried out a comparative analysis;
-suggested methodological approaches to the study of the processes of labour migration in modern Kazakhstan society.
Structure of the work. The thesis consists of introduction, two chapters with three paragraphs, sentences, a list of references and applications.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Қазақстан Республикасы «Халықтың көші қоны туралы» ҚР Заңы 25 Шілде, 2011 жыл
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы 28 қаңтар 2012 жыл
3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес 2005-2007 арналған Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамту бағдарламасы
4. «Халық миграциясы» ҚР Заңы 13 желтоқсан 1997 жыл
5. ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы 26 маусым 1998 жыл
6. 2004-2010 жж. ҚР ауылдық аймақтарын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
7. 2009-2011 жж. ҚР ауылшаруашылық Министрлігінің Стратегиялық жоспары
8. «Дипломмен ауылға» ҚР Мемлекеттік бағдарламасы
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Миграция - халықтың көшіп-қонуы, ір елден келесі елге немесе бір елдің ішінде көшіп қонуы.
Еңбек миграциясы - адамдардың жұмыс жасау мақсатында мемлекет ішілік, мемлекет аралық көшіп-қонуға қатысуы.
Иммиграция - адамдардың жұмысқа немесе басқа да себептермен ұзақ уақытқа басқа елге келуі, яғни жұмысшыларды импорттау.
Эмиграция - жұмысшы күші экспорты, яғни басқа елдерден жұмыс орнын табу мақсатында елден кетуі.
Реэмиграция - эмигранттардың өз отанына, тұрғылықты мекеніне қайтып келуі.
Ақыл-ойдың сытылуы - жоғарғы білікті мамандардың халықаралық миграциясы.
Миграциялық сальдо - елге келген және елден кеткен мигранттардың ара қатынасы.
Заңсыз миграция - белгілі бір мемлекетке азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдіктердің қоныстанушы мемлекеттің заңнамаларын бұза отырып шекараны кесіп өтуі.
Сыртқы миграция:
- қайтарымсыз- тұрғылықты мекен етуге бағытталған миграция;
- мерзімдік- уақытша немесе мерзімдік мигранттар елге ақылы жұмыс орнын табуға бір жылдан кем мерзімге келетін адамдар;
- маятниктік миграция. Мұндай мигранттарды «фронтальерлер» деп те атайды. Жұмысшы-фронтальерлер көрші мемлекетке жұмыс істеу үшін шекарадан күнде өтетін мигранттар;
- мәжбүрлі миграция- экономикалық емес себептерге байланысты болады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Магистрлік диссертация Қазақстандағы еңбек миграциясын және оны бақылау мен реттеудің маңыздылығына, сонымен қатар, оның еңбек нарығын қалыптастырудағы рөлі мен еңбек мигранттарының қоғамға тигізетін тиімділігі мен кері әсерінзерттеуге арналған.
Ғылыми әдебиеттерді, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді талдау, сондай-ақ проблеманың іс-жүзіндегі жағдайын зерттеу бізге Қазақстандағы миграциялық процестердің жай-күйінің нақты бейнесін, оның еңбек нарығында алатын орны, жұмыссыздыққа, қоғам тәртібі мен мемлекеттің әлеуметтік проблемаларын шешудегі рөлін көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Мыңдаған жылдардан астам бізге белгiлi құбылыс бұл еңбек миграциясы. Демек, ол қоғамдық құрылымның өзгеруіне байланысты тоқтаусыз жүріп отырады және де бақылау мен басқаруды қажет ететін процесс. Қазіргі күні бұл - iс жүзiнде әрбiр елдiң өмiрiндегi маңызды орын алып отырған маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі.
Миграцияға деген қызығушылық тек жиырмасыншы ғасырда ғылыми түрде зерттеле бастағанымен, миграцияның тарихы адамзаттың пайда болуымен басталады. Миграцияның негізгі себептері ретінде табиғи апаттардан қашу, өмір сүруге ыңғайсыз климаттық жағдайлардың болуы, өмір сүру территориясына өзге қарсы топтардың қысымынан болатын көшулер, жауланған құлдарды еріксіз өзге жерге эксплуатациялау секілді миграцияға түрткі факторларды атауға болады. Әлем тарихындағы миграция басым жағдайда мәжбүрлі түрде немесе империялардың «саяси амбициясы» әсерінен жүрген. Оның дәлелі, ХІХ-XX ғасырлардағы Еуропалық империялардың колониялды саясатын айтуға болады. Соның ішінде қазақтардың арғы тегі Ғұндардың (Қыпшақтардың) Еуропаға қоныс аударғандығы, Аттиланың Еуропаны жаулаған сәтте өзге еуропалық халықтардың қазіргі Ресей мен Шығыс Еуропа жеріне миграция жасағандығы тарих беттерінде жазылған. Бұл көш - «Ұлы көш» деген атпен белгілі [1, 14б. ] .
Миграциялық үдерістердің даму динамикасында бірнеше кезеңдерді көрсетуге болады: алғашқы қоғамдық дәуірдегі миграция, жаңа мыңжылдықтағы миграция, орта ғасырлардағы миграция, жаңа заманғы миграция, бірінші дүниежүзілік соғыстан бұрын және кейін болған миграциялар, екінші дүниежүзілік соғыс кезіңдегі және соғыстан кейінгі миграциялар және қазіргі заманғы миграция. Қарап тұрсақ, әр заманның миграциялық үдерістерінде өзіңдік ерекшеліктері болған. Сондықтан, әлеуметтік жағынан қарағанда миграцияның типтері қалыптасты деуге толық негіз бар. Миграцияның типологиясын социологиялық тұрғыдан Т. Н. Юдиннің «Миграция социологиясы» кітабында толықтай көрсетілген.
Миграция - қазіргі жаһандану процесі мен әлемдік саясаттың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Миграциялық процесс кеңістіктен кейінгі кезеңде бұрынғы социалистік жүйедегі елдерде аса қарқын алғаны белгілі. Сонау тарихи кезеңдердегі Жібек жолы салған сара жолмен тараптанған қазақ жерінің геосаяси орналасуы да, жалпы миграциялық үрдістен бұл аумақтың ешқашан тыс қалмайтынына тағы бір дәлел болады. Үкімет жанынан жұмыс істейтін миграциялық комитеті және миграциялық полиция қызметі де бүгінгі күні ішкі және сыртқы миграция процестерін реттеуге міндеттелген, соған сәйкес олардың жұмыстары да солай үйлестірілу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, соңғы кезеңде қоғамда миграциялық ауытқулар айқын көрініс беруде. Әсіресе, оралмандардың тарихи отанға келгеннен кейінгі елді мекендерге орналасуына, Орталық Азия елдерінен келетін заңсыз еңбек мигранттарының елде жүріп-тұруына қатысты қарама-қайшылықтар олардың тікелей міндеттеріне айтылар сын болып табылады. Оралмандардың елге орналасуы мен олардың жақындық-жершілдік мүддесіне сай тұрақтануы және мамандығына сай жұмысқа орналасуына қатысты кедергілер ішкі миграцияның кейбір мәселелерін тудыруда.
Гастарбайтерлер деп аталатын (немісшеден аударғанда Gastarbeiter-қонақтаушы жұмысшы), Орталық Азия елдерінен жұмысшыларсыз біздің қазақстандық экономиканы да, қоғамды да елестету қиын болып бара жатыр. Еңбек мигранттары қатарындағы гастарбайтерлер елдегі ірі құрылыстармен қатар, тұрғын үйлерді жөндеу және базарларда сауда жасау секілді салаларда еңбек етіп жатыр. Қазақстандағы еңбек миграциясы аса күрделіпатқа ие. Мұндай еңбек мигранттары елдегі заңды және заңсыз миграцияның орын алуына да жол ашты. Атап айтар болса, заңсыз миграцияның салдары өте көп. Олардың еңбегінің белгілі елдегі салық заңдарымен реттеуге бейімсіздігі де, ел бюджетіне түсуі тиісті қаржының сыртқа кетуіне де жол ашады. Орталық Азия елдеріндегі саяси-экономикалық даму үрдісі демографиялық, экологиялық, әлеуметтік дағдарыстар жағдайына мәжбүрлеуде. Батыс сарапшыларының пікірінше, оның ішінде канадалық Хоумер-Диксон, болашақтағы соғыстар мен азаматтық қақтығыстар судың жетіспеушілігінен, егіндік жерлердің тозуынан, орман, балық қорларының азаюынан болатынын айтады. Өкінішке қарай, бұл шынайы қауіп бүгінгі уақытта көлемді резонанс ала алмай отыр. Бұл жағдайда Орталық Азия аймағы да бөлініп қалмайды. Қазіргі уақытта орын алып отырған этно-территориялық дау-дамайы бар, тұрғындардың өте тығыз орналасуы мен туу жоғары болашақта салмақты мәселелер тудыруы мүмкін Ферғана жазығы жағдайын айтқанның өзі жеткілікті. Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанды қамтитын Ферғана жазығының тұрғындары үшін, қоршаған орта жағдайы бүгіндері бос сөз емес. Осы жоспарда Орталық азия аймақтың бұл бөлігінде мүмкін болуы ғажайып емес қақтығыстардың алдын-алу амалдарын күшейтіп, нақты шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туып отыр. Осы тұрғыда қазақстандықтар үшін де аса қиындық тудыратын сырттан келетіндер еңбегі мен олардың қоғамда жүріп-тұруының өзі үлкен мәселеге айналып отыр. Ол мәселе, ұлтшылдық отын тұтандырып жіберуі де мүмкін. Жалпы, Қазақстандағы миграциялық үрдістің кезек күттірмейтін мәселе екендігі, оның үкімет саясатын үйлестіруде үнемі назарда болуын ескеру қажет.
«Қазақстанға заңсыз келген шетел азаматтарын шығару мен оларға қатысты қатаң шара қолданудың тетігі жасалуы тиіс. Біздің азаматтарымыздың мүдделері алғашқы орында тұрады. Әлемнің көптеген елдері заңсыз көші-қонға қатысты қатаң шараларды қолға алуда, солардан үйрену керек», - деген қағиданы ұстанғанымыз абзал болар еді. Сонымен қатар, ҚР Президенті миграция полициясының алдында үлкен міндеттер тұрғанын, әсіресе ішкі миграция мәселесін де естен шығармауды еске салды. Бұл мәселе өзінен-өзі туындап отырған жоқ. Бүгінде Қазақстанға сырттан жұмыс істеуге келетін көрші елдердің азаматтары көбейіп кеткені салдарынан орын алып отыр. Сонымен бірге, ауылдан қалаға ағылып көшіп келіп жатқан ағайынның саны артты. Олардың жұмыс табу, баспаналы болуы өз алдына тез арада шешімді қажет ететін күрделі мәселе.
Миграция ерекше әлеуметтік феномен ретінде әлеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісіне айналып отыр. Ендігі кезекте миграция теорияларының негізгі көзқарастарына, миграцияның екершеліктеріне қысқаша тоқтала өтсе.
Экономиканың неокласикалық теориясына сәйкес халықаралық миграция мемлекеттер арасындағы экономикалық теңсіздік пен дамудың және жалақының әртүрлі болуымен бағалайды. Еңбек нарығы дегенімізжалақысы аз мемлекеттен жалақысы жоғары мемлекетке еңбек күші ағылып келе бастауын білдіреді. Еңбек күшін шығарушы мемлекеттің экономикасының өсуі жалақының диференциясының айырмасының төмендеуіне алып келеді. Яғни, экспортер мемлекет ендігі кезде импортер мемлекетке айналуы мүмкіндігі де жоққа шығарылмайтын факт. Неокласикалық теорияның тұжырымдауы бойынша еңбек күшін шығарушы мемлекетпен еңбек күшін қабылдаушы мемлекеттің де жағдайы бір-бірімен тығыз байланысты екендігін айқындап көрсетеді.
Адам капиталының теориясы зерттеулі тұрғысына сай микроэкономикалық бағыт алады. Адам ресурсының дамуы өзіндік тұрғыда инвестиция екендігін түсіндіреді. Білім, ғылым мемлекетті алға жылжытушы күш екендігі белгілі. Сондықтан, теоретиктер сыртқы мемлекетке кететін адамды тек материалдық тұрғыдан ұтуды ғана қарастырмайды. Адамның өзге мемлекеттерге көшуі, оның психологиялық тұрғыдан өзгеретінін дәлелдейді. Яғни, мигранттардың туған-туыстарынан кетуі, жора-жолдастарынан алыстауы, климаттық жағдайдың өзгеруі т. б. секілді факторлар адам психологиясына кері әсер ететіндігін тұжырымдайды.
Жаңа экономикалық теориялар өзінің аясында микро және макро экономикалық аспектілерін синтездеуге тырысады. Себебі, эмиграция жеке адамның шешімі ғана емес, сонымен қатар отбасының мәселесі, белгілі бір топпен ақылдаса отырып шешетін мәселе деп қарастырады. Бұл мәселеге мемлекеттегі экономикалық жағдай да үлкен ықпалы етеді. Себебі, миграция отбасылық жағдайды жақсартатын болса, онда миграцияға деген стимул күшейеді. Егер мемлекеттің экономикалық әлеуеті жоғары болса онда эмиграция азаяды. Мұндай жағдайда мемлекеттің ішкі нарығына инвестицияның көбейу мүмкіндігі жоғары болып саналады.
Қоғамдық капитал теориясының жақтаушылар басты назарды бұрынғы реиммигрантарға аударады. Олардың жергілікті еңбек нарығына әсері қандай екендігін анықтайды. «Қоғамдық капитал» ретінде түрлі мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық институттар бола алады. Яғни, олар мигранттар арасында «делдал» болуы шарт. Ол әр түрлі бағыттағы жұмыс беруші, тапсырысты орындаушы институт болуы мүмкін. Осы іс-әрекеттің барлығы потенциалды мигранттарға жағдай жасау болып табылады.
Сегментелген еңбек нарығының теориясы (екі жақты) индустриялдық және постиндустриялдық мемлекеттердегі халықаралық еңбек миграциясын қалыпты жағдай деп түсіндіреді де, еңбек нарығының екі еселенуі де осы дамыған елдерде жүретіндігін тұжырымдайды. Мысалы, мемлекеттің азаматтары жалақы жоғары бірінші салалы еңбек нарығында жұмыс жасайды. Жалақысы төмен екінші деңгейлі еңбек нарығында шетелдік еңбек мигранты жұмыс істейді. Мұндай процестер әлемдік деңгейдегі мегаполистерге барлығына тән құбылыс десек болады. Сауд-Арабия, БАӘ, Малазия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада және т. б. мемлекеттер сапалы және екінші деңгейлі жұмыс күшін белсенді пайдаланатын мемлекеттердің бірі болып саналады.
Технологиялық даму теориясын жақтаушылардың тұжырымдауы бойынша экономика мен демографияның дамуына мигранттардың қосатын үлесі маңызды екендігін айтады. Келген иммигрант жергілікті халықпен бәсекеге түсіп бәсекелестікті күшейтеді, жалпы нарықтық бір бөлігі болады, мемлекеттің қойған салығын төлеп, мемлекеттегі көптеген нарық тұтынушыларының біріне айналатындығын ескертеді.
Pull-Push теориясының (тарту және итеру) өкілдері әр потенциалды мигрантты мемлекеттен итеріп тұратын күш болатынын және дамыған мемлекеттердің өзінің мигрантқа жасалынған жағдайымен мигрантты тартып тұратынын зерттейді (миграцияға мемлекеттің экономикалық даму деңгейі, халықтың өмір сүру сапасы, таланттарға жасалынған жағдайдың болу-болмауы т. б. секілді факторлар әсер етеді) . Жаратылыстан берілген бостандық, еркіндік деген құндылықтарды мигранттардың пайдалана алатындығын, олардың қайда және қалай жұмыс істейтіндігін жеке адамның өзі анықтайтынын теория өкілдері мойындайды [2, 18-22бб. ] .
Осылайша, қазіргі қатынастарда миграция процестері адам және азаматтар өмірі үшін өте маңызды мәселе болып табылады. Бұл түсінікке отандық және шетелдік әлеуметтік ғылымдарда баса назар аудара отырып, халықаралық саяси және қоғамдық мәселерде орнын анықтап-ажырата білу қажет. Мигранттар мәселесі қоғамды тұтасымен өзгерте алатын жағдай болғандықтан оған мемлекетті басқару, мемлекеттік реттеу, қоғамды дамыту істерінде басты назарда ұстаған жөн.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz