Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Концепт терминінің қазақ тіл біліміндегі орны
1.2 Концепт және ұғым туралы ғалымдардың көзқарастары
2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ТУҒАН ЖЕР» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК СИПАТЫ
21 «Туған жер» лексемасының когнитивтік ерекшелігі, концептілік өріс құру сипаты
22 «Туған жер» концептісінің когнитивтік құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

Тілдің когнитивтік құрылымында концептілердің алатын орны ерекше. Себебі семантикалық және ассоциациялық өріс құруы концептілер жүйесі арқылы көрініс табады. Ал концепт пен мағына арақатынасы семантикалық талдау мен концептуалдық талдау арқылы айқындалады. Ұғым (мағына) белгілі бір тілде сөйлейтіндерге таныс болу мүмкін, бірақ концепт белгілі бір мәдениетті ұстанатын ортаға ғана таныс бола алады. Өйткені «аялық білімнің» [1, 59б.] болуын қажет етеді.
«Туған жер» концептісі кез келген ұлттың дүниетанымында негізгі рөл атқаратыны белгілі. Себебі адам баласы үшін туылған, өсіп-өнген, ұрпақ жайған, атақоныс ақ мекенінен, ағайын-туыс, бауырларымен бірге тұрақтаған жерінен артық жер болмайды. Қазақ халқы үшін «туған жер» ұғымының қанша қадірлі, ыстық екенін поэтикалық туындылардан көруімізге болады. Осы ұғымды танытуда оның ядролық концептісін және оны толықтырып тұрушы, мазмұнын байытатын «толықтырушы» [1, 107б.] концептілерді ақын-жырауларымыздың шығармашылығынан кездестіреміз.
Диплом жұмысының өзектілігі. Әрбір халқтың менталды ерекшелігі, рухани танымы, ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан ұлттық құндылықтары тіл мен мәдениеттегі концепт арқылы көрініс табады. Концепт болу үшін белгілі бір оқиға, тек сол ұлтқа тән құбылыс аясында шектеулі лексикалық бірліктер пайда болады. Бұл сол елдің, сол жердің тарихымен тамырлас келеді. Концептілер болмыстың, тарихтың жеткізушісі болып табылады. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне тән тарихы, болмыс-бітімі бар және оны жеткізуші концептілері бар. Сондықтан да концептінің мәдениеттанымдық аспектісіне мән бере отырып «туған жер» тіркесіне лингвокогнитивті түсіндірме жасау керек. Қазіргі заман ұлттық болмысымызды, рухани байлығымызды танытудың, әсіресе, тіліміздің байлығын, сөзіміздің қасиеттілігін дәріптеудің нағыз кезеңі.
Тілдің когнитивті құрылымын: концепт, концептосфера, дүние модулі, фреймдерді нақты тіл деректері арқылы түсіндіру, талдау қазіргі қазақ тіл білімінде нысанға алынып отыр. Тіл мен таным, тіл мен мәдениет сабақтастығын зерттеу, сонымен қатар әдебиет, философия, теология, мәдениеттану, т.б. ғылым салаларымен байланысын қарастыру өзекті мәселелрдің бірі болып саналады.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі «туған жер» концептісі.
Зерттеу пәні. Когнитивтік лингвистика.
Диплом жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі: Бітіру жұмысында қазақ тіл білімінде Б. Нұрдаулетова, Н. Уәли, А. Ислам, Б. Тілеубердиев, М. Күштаева және орыс тіл білімінде Д. Лихачев, В. Маслова, З. Данилова, И. Абрамович еңбектеріндегі тұжырымдар басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі концепт терминін қарастыру, қазақ тіліндегі «туған жер» концептісіне шолу жасау, оның қолдану өрісін зерттеу, халқымыздың рухани мәдениетін, ұлттық болмысын анықтап көрсету.

1. Б. Нұрдаулетова. Когнитивтік лингвистика. – Алматы: Дәуір, 2011. - 312б.
2. Н. Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. – Алматы: 2007. -
3. http://zinki.ru/book/kognitivnaya-lingvistika/
4. Молчанова Г.Г. Английский как неродной: текст, стиль, культура, коммуникация. – М.: Олма Медиа Групп, 2007. - 381 с.
5. Джусупов Н. Проблема концепта в современной лингвистике.// Преподавание языка и литературы. Научно-методический журнал. 2004. – №4
6. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. – Минск: Тетра Системс, 2004. - 256 с.
7. Степанов Ю.С. Константы. Словарь русской культуры. Опыт исследования. – М.: Шк. «Языки русской культуры», 1997. – 49 с
8. Демьянков В.З. Понятие и концепт в художественной литературе и в научном языке. // Вопросы филологии. – М.: 2001. – №1
9. Попова З.Д. Когнитивная лингвистика. – М.: АСТ: Восток – Запад, 2007. - 314 с.
10. Воркачев С.Г. Концепт как «зонтиковый термин» // Язык, сознание, коммуникация. – М., 2003. – №24
11. Маслова В.А. Homolingualis в культуре: Монография. – М.: Гнозис, 2007. - 320 с.
12. Ислам А. Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті. – Алматы, 2004. - 229 б.
13. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. – Алматы: Арыс, 2007. - 280 б.
14. Б. Нұрдаулетова. Когнитивтік лингвистика. – Алматы: Дәуір, 2011. - 312б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді _________
қазақ тіл білімі кафедрасының
меңгерушісі, доцент__________ С.Ш. Ақымбек
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: қазақ тіліндегі туған жер концептісі
Орындаған 4-курс студенті _____________ Кеңес Н.А.
Ғылыми жетекшi
ф.ғ.к., доцент ______________ Саткенова Ж.Б.
Норма бақылаушы
ф.ғ.к., доцент ______________ Әміров Ә.Ж.
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 қазақ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.1 Концепт терминінің қазақ тіл біліміндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Концепт және ұғым туралы ғалымдардың көзқарастары ... ... ... ... ... ...
2 қазақ тіліндегі туған жер концептісінің лингвокогнитивтік сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Туған жер лексемасының когнитивтік ерекшелігі, концептілік өріс құру сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Туған жер концептісінің когнитивтік құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ тіліндегі туған жер концептісі
Диплом жұмысының көлемі:
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі концепт терминін қарастыру, қазақ тіліндегі туған жер концептісіне шолу жасау, оның қолдану өрісін зерттеу, халқымыздың рухани мәдениетін, ұлттық болмысын анықтап көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттерді шешу көзделді.
- концепт терминіне тоқталу;
туған жер концептісінің мән-мағынасын ашу;
туған жер тіркесінің концептілік өріс құру аймағын анықтау, оны нақты деректер арқылы дәлелдеу;
Тірек сөздер: когнитивтік лингивстика, концепт, ұғым (мағына), концептілік өріс, туған жер.
ГЛОССАРИЙ
Ассоциациялық өріс -
Когнитивтік лингвистика -
Концепт -
Перцевтивті модус (сезімдік- заттық образ) -
Концептілік өріс -
Семантикалық өріс -
Туған жер -
Ұғым (мағына) -
Эйдетикалық белгі -
КІРІСПЕ
Тілдің когнитивтік құрылымында концептілердің алатын орны ерекше. Себебі семантикалық және ассоциациялық өріс құруы концептілер жүйесі арқылы көрініс табады. Ал концепт пен мағына арақатынасы семантикалық талдау мен концептуалдық талдау арқылы айқындалады. Ұғым (мағына) белгілі бір тілде сөйлейтіндерге таныс болу мүмкін, бірақ концепт белгілі бір мәдениетті ұстанатын ортаға ғана таныс бола алады. Өйткені аялық білімнің [1, 59б.] болуын қажет етеді.
Туған жер концептісі кез келген ұлттың дүниетанымында негізгі рөл атқаратыны белгілі. Себебі адам баласы үшін туылған, өсіп-өнген, ұрпақ жайған, атақоныс ақ мекенінен, ағайын-туыс, бауырларымен бірге тұрақтаған жерінен артық жер болмайды. Қазақ халқы үшін туған жер ұғымының қанша қадірлі, ыстық екенін поэтикалық туындылардан көруімізге болады. Осы ұғымды танытуда оның ядролық концептісін және оны толықтырып тұрушы, мазмұнын байытатын толықтырушы [1, 107б.] концептілерді ақын-жырауларымыздың шығармашылығынан кездестіреміз.
Диплом жұмысының өзектілігі. Әрбір халқтың менталды ерекшелігі, рухани танымы, ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан ұлттық құндылықтары тіл мен мәдениеттегі концепт арқылы көрініс табады. Концепт болу үшін белгілі бір оқиға, тек сол ұлтқа тән құбылыс аясында шектеулі лексикалық бірліктер пайда болады. Бұл сол елдің, сол жердің тарихымен тамырлас келеді. Концептілер болмыстың, тарихтың жеткізушісі болып табылады. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне тән тарихы, болмыс-бітімі бар және оны жеткізуші концептілері бар. Сондықтан да концептінің мәдениеттанымдық аспектісіне мән бере отырып туған жер тіркесіне лингвокогнитивті түсіндірме жасау керек. Қазіргі заман ұлттық болмысымызды, рухани байлығымызды танытудың, әсіресе, тіліміздің байлығын, сөзіміздің қасиеттілігін дәріптеудің нағыз кезеңі.
Тілдің когнитивті құрылымын: концепт, концептосфера, дүние модулі, фреймдерді нақты тіл деректері арқылы түсіндіру, талдау қазіргі қазақ тіл білімінде нысанға алынып отыр. Тіл мен таным, тіл мен мәдениет сабақтастығын зерттеу, сонымен қатар әдебиет, философия, теология, мәдениеттану, т.б. ғылым салаларымен байланысын қарастыру өзекті мәселелрдің бірі болып саналады.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі туған жер концептісі.
Зерттеу пәні. Когнитивтік лингвистика.
Диплом жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі: Бітіру жұмысында қазақ тіл білімінде Б. Нұрдаулетова, Н. Уәли, А. Ислам, Б. Тілеубердиев, М. Күштаева және орыс тіл білімінде Д. Лихачев, В. Маслова, З. Данилова, И. Абрамович еңбектеріндегі тұжырымдар басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі концепт терминін қарастыру, қазақ тіліндегі туған жер концептісіне шолу жасау, оның қолдану өрісін зерттеу, халқымыздың рухани мәдениетін, ұлттық болмысын анықтап көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттерді шешу көзделді.
- концепт терминіне тоқталу;
туған жер концептісінің мән-мағынасын ашу;
туған жер тіркесінің концептілік өріс құру аймағын анықтау, оны нақты деректер арқылы дәлелдеу;
Диплом жұмысының әдістері: Салыстыру, талдау
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 қазақ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері
1.1 Концепт терминінің қазақ тіл біліміндегі орны
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал [2, 16].
Концепт белгілі бір ретпен, тәртіппен туындайды. Заттық-образдық ядросы нақты болса, образдар жүйесі сол ядродан алшақтаған сайын абстрактілене береді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы, кіндік қаны тамған жер, тай-құнандай тебісіп өскен жер (туған жер) дегенге кіндік қаны, тай-құнан деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған образдар негіз болып тұр.
Қазіргі заман білімінің қорына "концепт" деген сөзді ең алғаш енгізушілердің бірі орыс ойшылы С.А. Аскольдов (1870-1945) еді. Сондай-ақ қазіргі заман ғалымдары концептіні - квант знания, единицу ментальности данной культуры т.б. деп анықтап келеді. Ғаламның тілдік бейнесі жөнінде айтқан Аристотельдің ойын қазіргі күні әркім әр саққа жүгіртіп, түрліше түсініп жүргені рас. Болмыс пен тілдің сабақтастығын көпшілік мойындайды. Осындай сабақтастықтың санадағы бейнесі лингвистика ғылымында концепт я болмаса эйдетикалық белгі деп түсініліп жүр. Тіл мен ойлау мәселесі ресейлік тіл білімінде біршама зерттелген. Негізінен бұл салада Е.Ф.Карский, А.А.Шахматов, А.А.Потебня, А.Н.Афанасьев, В.Н.Телия, А.Н.Соболевский, Д.С.Лихачев, В.В.Воробьев, В.А.Маслова, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.Айрапетян, В.В.Колесов, А.Я.Гуревич, А.Вежбицкая, М.Минский, т.б. ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырыла келіп, концепт терминінің теориялық негізі қаланды. Концептілік мәнге ие доминант сөздердің (концепт терминінің баламасы) терминдік мағынасы әр ғылым саласында әртүрлі кездеседі. Жалпы концепт - лингвокогнитология ғылымының категориясы болуымен қатар лингво-логика-философиялық категория. Адамзат баласы қарапайым өмірде жан мен тән, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, ар мен ұят, т.б. сөздерді күнделікті тұрмыста жиі қолданса да, олардың мән-мағынасын алуан түрлі түсінеді, ал кейде жете көңіл бөле бермейді. Ол сөздердің беретін мазмұнын, ұғым-түсінігінің ішкі астарын ашу адамның тілді білу деңгейі мен өмірлік тәжірибесіне, біліміне қарай түрліше болады. Концепт мәселесімен кешенді түрде зерттеу жүргізген ғалымдар Д.С.Лихачев, А.Вежбицкая, В.В.Колесовтың еңбектерінде концепт термині негізінен мынадай екі аспектінің шеңберінде қарастырылады. Біріншіден, концепт рухани мәдениеттегі тірек сөздер деп танылса, екіншіден, ол психоментальды құбылыс, алғашқы түсінік деген тұжырымдамаларды қамтиды. Ю.С.Степановтың еңбегінде концепт адам баласының санасында нақты ұғымдар түрінде емес, сөз тудыратын ассоциациялар мен таным түсініктердің жиынтығы ретінде көрсетіле келе, Концепт не только мыслится, они переживаются. Они - предмет эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений деген анықтамаға ие болады. А.А.Залевская: Концепт тіл білімінде сөздің қолданылуы мен мағынасын байланыстырушы когнитивтік негіз ретінде танылады - дей келе, концепт терминін когнитивтік лингвистика ғылымының нысаны екендігін анықтай түседі. Концепт термині өзінің күрделілігіне қарай көптеген ғалымдар назарын аударуда. Концепт мәселесіне келгенде ғалымдардың пікірі әртүрлі десе де болады. Бұл мәселе жалпы және жеке тіл білімінде де тән үрдіс. А.Я.Гуревич мәдени концептілерді: кеңістік, мәдени универсалды деп аталатын философиялық элементтер және мәдени категориялар деп аталатын екі топқа бөлсе, В.А.Маслова бұлардан үшінші бір топты ұлттық мәдени категорияларды бөліп шығарады. С.Р.Воркачевтың түсіндіруінше: концепт - бұл мәдени белгіленген вербальдық мағына, сөйлеушілердің өзіне тән тілдік қолданыстарын айту үшін жеке концептіні тілдік тұрғыдан түсінуге, соған сәйкес лексика- семантикалық парадигма жасалады, - десе, академик Д.С.Лихачев: концепт қатарына кіретін лексемалардың (өмір, махаббат, ес, бақыт, іс- әрекет, т.б.) мағынасы ұлттық тілдік сана мен ұжым тілінің қарапайым әлем бейнесін жасайды. Мұндай концепттердің жиынтығынан тілде концептілік қабат құралады - деп, тұжырым жасайды. Лингвистика ғылымында концепт термині кей жағдайда ұғым және грамматикалық немесе семантикалық категория мағынасында түсіндіріліп жүр. Жалпы концепт мәселесі - лингвистика мен философияның бір-біріне деген өзара ықпалының күшеюінің негізінде туындаған тілдік құбылыс. Оның лингвистикалық мазмұнға ие бола бастағанын тілдің мағыналық жағын талдауда көптеген құнды ескі де жаңа танымдық ақпараттардың пайда болуымен тікелей байланысты. Е.Абақан: Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Бірақ ол жалпылаудың (абстракцияның) ең жоғарғы деңгейін білдіретін ұғым - концепт емес - оқиға процесс дерек туралы ұғым. Сондықтан концептуальды талдауда сөздің немесе сөйлемнің контекске, яғни нақтылы мағынаға қатысты анықталуы тиіс - деп, лингвистикадағы концепт пен логикадағы ұғым терминдерінің ара жігін ажыратып береді.
Қазақ тіл білімінде концепт мәселесі когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистикалық бағыттарда жазылған зерттеулердің ғылыми апаратына толықтай енді. Концепттінің беретін мән-мағынасын дәйектеу, бұл термин арқалаған лингвистикалық ұғымды теориялық тұрғыдан тиянақтау әлі де толыққанды қолға алынбай келеді. Бүгінгі таңда қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік парадигманың зерттелуі Г.Смағұлова, Ж.Манкеева, Н.Уәлиұлы, Э.Сүлейменова, А.Алдашева, С.Сәтенова, Ф.Оразбаева, Г.Сағидолда, Б.Момынова, Г.Қосымова, А.Салқынбай, Б.Қасым, А.Ислам, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде тілдік тұлға, ақиқат болмыстың тілдегі бейнесі, танымдық әрекет, тілдік сана, тілдік және типтік модельдер, тілдік қатынастың маңызы, тіл мен мәдениеттің сабақтастығы, ұлттық дүниетанымның тілдегі көрінісі, мәдени лексиканың табиғаты, ғалам бейнесіндегі тілдің орны, эстетикалық талғам мен тіл біртұтастығы деген мәселелерге байланысты қарастырылған. Антропоцентристік бағыттағы нысандарға нақты зерттеу жүргізген Қ.Жаманбаева, Б.Ақбердиева, Г.Снасапова, А.Сейілхан, А.Сейсенова, С.Жапақов, М.Күштаева, А.Сыбанбаева, Ш.Елемесова, Ә.Алмауытова, Ж.Акимишева, К.Күркебаев, Б.Тілеубердиев, Э.Оразалиева, Қ.Қайырбаева, А.Әмірбекова,т.б.еңбектерінде рухани және материалдық мәдениеттің тілдегі көрінісі сөз болады. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистиканың қалыптасуын Э.Оразалиеваның бес парадигмаға жіктеп қарастыруы көптеген ғалымдар мойындаған концепциялардың бірінен саналады. М.Күштаева зерттеу еңбегінде концепт теориясының ғылыми тұжырымдамасын жасайды. Онда концепт және ұғым терминдері, бір жағынан сөздің мазмұн межесінің үрлі даму кезеңін бейнелесе, екінші жағынан, оның түрлі қызметін көрсетеді. Концепт және ұғым тек қана сөздің таяныш боларлық ментальды түсінігімен қатар, әмбебап мәдени түсінік ретінде де ажыратылады - деп, концепт пен ұғым арасында біршама айырмашылық барын көрсетеді. Концепт дегеніміз индивидтің, тілдік ұжымның, лингвистикалық қоғамдастықтың ақиқат туралы білім жүйесі болып табылады. Концепт дегеніміз - тиісті лексика-семантикалық парадигманы құрайтын тілдік іске асырылымдардың тұтас бір қатарын білдіретін вербалды мағына, тілдік мәнерге ие және этномәдени ерекшелікпен белгіленген ұжымдық бірлік. Қазақ тіл білімінің антропоцентристік бағыттағы зерттеулеріне өзіндік үлгі боларлық пікірлері мен ғылыми потенциалы күшті ғалым Н.Уәлиұлының пікірше: концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік- заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.
Ұғым мен концептінің мәні тең дәрежеде емес. Ұғым белгілі бір заттың танылған мағыналы белгілерінің жиынтығы болса, концепт - мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, т.б.) жиынтығы болып табылатын, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.
Ұғымнан концептінің айырмасы, түптеп келгенде, мынау: концепт - денотат туралы бастапқы түсінік (представление). Денотат туралы осы түсінік жалпыланған образ түрінде болады да, ол сөздің тууына түрткі, ұйтқы болады. Бұл - заттық-бейнелік концепт. Тілдік санада концепт форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті пайда болуы мүмкін. Заттық-бейнелік концептіде (перцептивті модуста) этномәдени сипат бола қоймайды. Бірақ заттық-бейнелік концептісінің ономосологиялық құрылымы мәдени этностық санада әрі қарай өңдеуден өтеді де, басқа бір таңбаланушының таңбасына айналады. Мұндай концептілер (инферентті модус түріндегілер) этномәдениеттің тірек элементі болып, концепт-кеңістікке енеді.
Концепт адамзат баласының ақыл-ойы, таным-түсінігі, рухани және материалды лексикасының өмір сүруі, дамуы арқылы дүниеге келетін тілдік белгі. Ол халықтың түп-тамыры тарихи оқиғалар, қоғамдық-саяси әрекеттер барысында жеке және жалпы ойлау нәтижесінде ретімен пайда болады. Сонымен қатар гештальт-концепт ұғымын осы арада айта кетсек болады. Гештальт - санадағы көріністің әр түрлі қырын реттеп отыратын комплексті, функционалды ойлау құрылымы. Гештальт объектің немесе көріністің аспектерін байланыстырып, элементтерін біріктіріп біртұтас бейне қалыптастырады. Гештальт-концепт - бұл белгілі бір жағдаймен ассоциация құратын когнитивті жүйе.
Қазіргі таңда концепт когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымы болып табылады. Концепт - ойлау категорясы болғандықтан, оның түсініктері де үлкен кеңістікті қамтиды. Концепт категориясы лингвистика өкілдерінен басқа философтарды, психологтарды, мәдентиеттанушыларды да бей-жай қалдырып отырған жоқ.
Концепт - абстрактілі, ассоциативті-толық, эмоциональды-бағалауыштық белгілердің жиынтығы. Ол әлемнің көрінісін тілдік бейнелер арқылы сипаттайды. Когнитивтік кеңістік пен когнитивтік негіз когнитивті құрылымның біртұтастылық қасиетін алға тартады. Концепт бастапқы негізгі бірлік бола отырып, ол бөлінбейді және бөлшектенбейді. Өйткені біздің тарихымызды, мәдениетімізді көрсететін де, танытатын да когнитивті құрылым. Концептке байланысты барлық анықтамаларда ұқсастық бар - концеп дискретті, ұғым кеңістігі көлемді, әр халықтың мәдениетін танытатын тілдік бірлік. Орыс ғалымы М. В. Пименованың концептке берген түсінігі де осыны дәлелдейді: Концепт - это некое представление о фрагменте мира или части такого фрагмента, имеющее сложную структуру, выраженную разными группами признаков, реализуемых разнообразными языковыми способами и средствами. Концептуальный признак объективируется в закрепленной и свободной формах сочетаний соответствующих языковых единиц - репрезентантов концепта. Концепт отражает категориальные и ценностные характеристики знаний о некоторых фрагментах мира. В структуре концепта отображаются признаки, функционально значимые для соответствующей культуры. Полное описание того или иного концепта, значимого для определенной культуры, возможно только при исследовании наиболее полного набора средств его выражения [3].
Тіл біліміндегі әр түрлі бағыттағы зерттеушілер бұл ұғымды әр алуан мәнде қолданылады. Аталмыш термин, әсіресе, тілді логикалық талдау, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика салалары бойынша жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Санамаланған ғылым салаларында бұл терминнің түрліше түсіндірілуі, ең алдымен оған негіз болған латын сөзінің (conceptus) көп мағыналылығына байланысты. Оның жалпы мағынасы "көптеген формалардың мазмұнын қамтитын, оның бастауы болатын, жинақтаушы" дегенді білдіреді.
Кең мағынасында алғанда, концепт ғалам туралы білімдер жүйесінің (ғаламның концептуалды бейнесінің) бір үзіндісі ретінде түсініледі де, индивидтің қоршаған ортадағы, ақиқат болмыстағы бар заттар мен құбылыстар, алуан түрлі объектілер туралы білетінінің, ойларының қиялындағы көріністернің бәрін қамтиды.
Қазіргі тіл ғылымында аталмыш термин түрліше түсіндірілетінін жоғарыда айттық. Осы мәселеге орай, В.С.Ли сол ұғымға берілген анықтамалардың бәрін жинақтап, мазмұны жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылатын екі топқа бөлуге болады дейді:
1) концепт - рухани мәдениеттің кілт сөзі;
2) концепт дегеніміз - сөз туындауына түрткі болатын психоменталдық құбылыс ретінде танылатын бастапқы түсінік.
"Ұғымдар деп заттардың ойша түсірілген суреттері аталады. Олар сезімдер мен түйсінулер, бір заттардың қасиет-белгілерін дерексіздендіру арқылы екінші біреулеріне телу негізінде пайда болады. Ұғым мазмұны дегеніміз - заттардың сол ұғымда ойша бейнеленетін қасиеттері мен байланыстары, олар сол заттың белгілері ретінде танылады. Ұғым көлемі дегеніміз - заттар тобы, ол заттардың әрбіріне осы ұғымның мазмұнын құрайтын барлық белгілер тән болады".
Лингвисттердің басым бөлігі концептердің жасалу жайында мынадай тұжырымдар келтіреді: 1) дайын лексема және фразеологизмдар; 2) еркін сөз тіркестері; 3) синтаксистік тұтастықтар; 4) мәтін және мәтіндер жиыны арқылы.
Осымен байланысты концепт, ұғым, сөз терминдерінің арақатынасын проблемасы бой көтереді (актуалданады). Алдымен аталмыш терминдерге қазіргі ғылымда беріліп жүрген анықтамаларға тоқталайық.
1.2 Концепт және ұғым туралы ғалымдардың көзқарастары
Қазіргі таңда концепт ұғымы ғылыми айналымға белсенді түрде енді. Ол когнитивтік лингвистика мен лингвомәдениеттанудың басты терминдерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан концепт көптеген зерттеушілердің: лингвист, филолог, когнитолог мамандардың зерттеу нысанына айналып отыр. Ең алдымен, концепт дегеніміз не?, концепт пен ұғым екеуі бір ме? деген мәселе төңірегінде біраз зерттеулер болғандығын айтуымыз керек. Сондықтан да тіл білімінде концепт терминіне берілген анықтамалар өте көп.
Ю.С. Степанов ұғым мен концептің айырмашылығы туралы айтқанда, біріншісін логика мен философиямен байланыстырып, екіншісін математикалық логикаға жатқызса, кейінгі уақытта концепті мәдениеттің ұйытқысы ретінде анықтап мәдениеттанумен де байланыстыруда. Ғалымның пікіріне сүйенетін болсақ, концепт адамның менталды дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы,ол біріншіден, ұғымның мазмұнын қамтиды және оны мәдени факт ететін - этимология, нақты бір концептінің қысқаша тарихы, заманауи ассоциациялар, бағалар, тәжірибе және т.б. қамтиды [4, 71 б.].
С. Аскольдов концепті ойлау барысында адамға бір-біріне жақын көптеген заттардың орнын алмастыратын ойлау құрылымы деп анықтаған [5, 12 б.].
В.А. Маслова концептке келесі анықтаманы береді: Концепт окружен эмоциональным, экспрессивным, оценочным ореолом; это тот, пучок представлений, понятий, знаний, ассоциаций, переживаний, который сопроваждает слово и выражаемое им понятие. Концепты - предмет эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений различных мнений. Ғалым В.А. Маслова концепт табиғатын түсіну жайында ойын былайша өрбітеді: Любая попытка постичь природу концепта приводит к осознанию факта существования целого ряда смежных понятий и терминов. Прежде всего, это концепт, понятие и значение. Демек концепт, ұғым және мағына концепт жүйесін құратын бір-бірімен тығыз байланысты, ажырамас ұғымдар болып табылады. Ғалым әрі қарай ұғым мен концепті былайша ажыратады: Если понятие - это совокупность познанных существенных признаков объекта, то концепт - ментальное национально-специфическое образование, планом содержания которого является вся совокупность языковых средств (лексических, фразеологических, паремиологических и др.) [6, 26-28 б.].
Ю.С. Степанов концептке келесі анықтаманы береді: Концепт - это как бы сгусток культуры в сознании человека; то, в виде чего культура входит в ментальный мир человека. И, с другой стороны, концепт - это то, посредством чего человек - рядовой, обычный человек, не творец культурных ценностей - сам входит в культуру, а в некоторых случаях и влияет на нее [7, 40 б.].
В.З. Демьянков концепт ұғымы қазіргі орыс тілі қолданысы аясында интелектуалды, ғылыми дискурсқа тиесілі деген көзқарасқа тоқталады: Употребляют этот термин, когда хотят подчеркнуть самость некоторого понятия, его априорность, чтобы сказать: обсуждая данное понятие, давайте попытаемся, не ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz